Лортанда

МНН: Летрозол
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Letrozole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021442
Информация о регистрации в РК: 14.07.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 157.7 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Лортанда

Халықаралық патенттелмеген атауы

Летрозол

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 2,5 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 2,5 мг летрозол,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, гипромеллоза (2910 типі), микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты (А типі), коллоидты сусыз кремний қостотығы, магний стеараты,

үлбірлі қабық материалы: Opadry 03В82927 сары (құрамы: НРМС 2910/гипромеллоза 6 ср (Е464), титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), макрогол/ПЭГ 400, тальк (Е553b))

Сипаттамасы

Сары үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, екі жағы да тегіс, дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы гормональді препараттар. Гормондар антагонистері және олардың аналогтары. Ферменттердің тежегіштері. Летрозол.

ATХ коды L02BG04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі. Летрозол асқазан-ішек жолынан тез және толық сіңеді (биожетімділігінің орташа шамасы 99,9% құрайды). Тағам сіңу жылдамдығын аз ғана төмендетеді (летрозолдың қанда ең жоғарғы концентрацияға жету уақытының орташа мәні /ТСmax/ летрозолды ашқарынға қабылдағанда 1 сағатты және тамақпен бірге қабылдағанда 2 сағатты құрайды; летрозолдың қандағы ең жоғарғы концентрациясының орташа мәні /Сmax/ ашқарынға қабылдағанда 129  20,3 нмоль/л және тамақпен бірге қабылдағанда 98,7  18,6 нмоль/л құрайды), алайда летрозолдың сіңу дәрежесі (“концентрация-уақыт” қисығы астындағы ауданы бойынша баға бергенде) өзгермейді. Сіңу жылдамдығындағы аздаған өзгерістердің клиникалық елеулі мәні жоқ ретінде бағаланады, сондықтан летрозолды тамақтануға қарамай-ақ қабылдауға болады.

Таралуы. Летрозолдың қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы шамамен 60% құрайды (көбіне альбуминмен - 55%). Летрозолдың эритроциттердегі концентрациясы оның қан плазмасындағы деңгейінің 80%-ға жуығын құрайды. 2,5 мг 14C-таңбаланған летрозолды қабылдағаннан кейінгі қан плазмасындағы радиоактивтіліктің шамамен 82%-ы өзгермеген белсенді заттың үлесіне тиді. Демек, летрозол метаболиттерінің жүйелік әсері үлкен емес. Летрозол тіндерде тез және кең таралады. Тепе-теңдік жағдайы кезеңіндегі оның болжамды таралу көлемі 1,87  0,47 л/кг жуықты құрайды.

Биотрансформациясы және метаболизмі. Летрозол фармакологиялық тұрғыдан белсенді емес карбинолды қосылыс түзе отырып, елеулі дәрежеде метаболизмге ұшырайды. Летрозолдың метаболизмдік клиренсі 2.1 л/сағ. құрайды, бұл бауырлық қан ағысындағы шамадан (90 л/сағ жуық) төмен. Летрозолдың өзінің метаболитіне айналуы P450 цитохромының 3A4 және 2A6 изоферменттерінің әсерімен жүзеге асатыны анықталды. Басқа аздаған сәйкестендірілмеген метаболиттерінің түзілуі, сондай-ақ өзгермеген препараттың несеппен және нәжіспен шығарылуы летрозолдың жалпы элиминациясында аздаған рөл атқарады. Дені сау еріктілерге постменопауза кезінде 2,5 мг 14C-таңбаланған летрозолды енгізгеннен кейін өткен 2 апта ішінде несепте 88,2  7.6%, нәжісте – 3,8  0,9% радиоактивтілік анықталды. Қалай болғанда да, 216 сағатқа дейінгі кезеңде несепте анықталған радиоактивтіліктің 75%-ы (летрозол дозасы шамасының 84,7  7,8%-ы) карбинолды метаболиттің глюкуронидті конъюгаттарына, 9%-ға жуығы - сәйкестендірілмеген басқа екі метаболитке және 6%-ы өзгермеген летрозолға қатысты болды.

Шығарылуы. Қан плазмасынан жартылай шығаралуының болжамды ақырғы кезеңі 2-4 тәулікке жуықты құрайды. 2,5 мг препаратты күнделікті қолданудан кейін летрозол тепе-теңдік концентрациясына 2 ден 6 аптаға дейінгі аралық шегінде жетеді, мұндайда ол осындай дозаны бір рет қабылдағаннан кейінгіге қарағанда шамамен 7 есеге жоғары болады. Сол уақытта тепе-теңдік концентрациясының мәні препараттың бір реттік дозасын қабылдағаннан кейінгі тіркелген шамаларды есептеу негізінде алдын ала айтуға болатын тепе-теңдік концентрациясының мәнінен 1,5 – 2 есеге артық болды. Бұл летрозолды күнделікті 2,5 мг дозада қолдану, оның фармакокинетикасының дозаға байланысты емес екенін көрсетеді. Летрозолдың тепе-теңдік концентрациясы емдеу барысында ұзақ уақыт сақталатын болғандықтан, летрозолдың жинақталуы ұзаққа созылмайтыны жөнінде қорытынды жасауға болады.

Дозаға байланыстылығы/ байланыссыздығы. Летрозолдың фармакокинетикасы 10 мг дейінгі (дозалар ауқымы: 0,01-ден 30 мг дейін) және 1,0 мг дейінгі тәуліктік дозада (дозалар ауқымы: 0,1-ден 5 мг дейін) қабылдағанда препараттың бір реттік дозасына пропорционалды. 30 мг дозада бір реттік пероральді түрде қабылдаудан кейін “концентрация-уақыт” қисығы (AUC) көрсеткіштерінің пропорционалды түрде жоғарылайтыны анықталды. Күнделікті 2,5 және 5 мг дозада AUC мәні, тәулігіне 1,0 мг дозамен салыстырғанда, сәйкесінше, 2,5 және 5 есенің орнына шамамен 3,8 және 12 есе жоғарылады. Препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 2,5 мг құрайды, бұл дозаның пропорционалдығы артуының айқын болатын шегі, ал бұл доза тәулігіне 5 мг болса, пропорционалдығының артуы айқынырақ болады. Тұрақты пропорционалдылық деңгейіне препаратты 1 - 2 ай бойы тәулігіне 01. мг-ден тәулігіне 5 мг-ге дейінгі ауқымда тағайындағанда жетті.

Емделушілердің жекелеген топтарындағы фармакокинетикасы. Бүйрек функциясы әртүрлі жағдайда болатын емделушілерде (24-сағаттық креатинин клиренсі минутына 9-дан 116 мл-ге дейін ауытқыды) летрозолды 2,5 мг дозада бір реттік қабылдаудан кейін оның фармакокинетикасы өзгермейтіні байқалды.

Бауыр функциясының жағдайы әртүрлі емделушілерде, бауыр функциясы орташа айқын бұзылуы бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша В класы) адамдарда “концентрация-уақыт” қисығы астындағы ауданның (AUC) орташа шамасы дені сау адамдардағына қарағанда 37%-ға жоғары болғаны анықталды, бірақ бауыр функциясы бұзылмаған адамдарда байқалған мәндер ауқымы шегінде қалды. Бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін бауыр циррозы және бауыр функциясының ауыр бұзылулары (Чайлд-Пью бойынша С класы) бар емделушілерде AUC деңгейі және жартылай шығарылу кезеңі сәйкесінше 95 және 187%-ға артты. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде сүт безінің обырын емдеу, бауыр функциясының ауыр бұзылулары жоқ емделушілердегіге қарағанда, летрозолдың үлкен деңгейін қажет етеді. Алайда тәулігіне 5 немесе 10 мг доза қабылдап жүрген науқастарда уыттылықтың ұлғаюы байқалғанмағандықтан, бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде дозаны төмендету ақталмады. Сонда да мұндай науқастар қалтқысыз бақылауда болуы тиіс.

Сүт безі обырының кең таралған түрлері бар емделушілерде летрозолдың концентрациясына бүйрек функциясы бұзылуларының (креатинин клиренсінің есептік мәндері 20 - 50 мл/мин құрады) немесе бауыр функциясы бұзылуларының қандай да болсын ықпалы байқалған жоқ.

Летрозолдың фармакокинетикасы жасқа байланысты емес.

Фармакодинамикасы

Летрозол – Лортанда препаратының белсенді заты, ароматаза белсенділігінің жоғары спецификалық стероидты емес тежегіші болып табылады.

Постменопауза кезінде дені сау әйелдерде летрозолдың 0,1, 0,5 және 2,5 мг құрайтын бір реттік дозасы, қан сарысуында эстрон мен эстрадиолдың деңгейін (бастапқы деңгеймен салыстырғанда) сәйкесінше 75-78% және 78%-ға төмендетеді. Ең жоғары төмендеуіне 48-78 сағаттан кейін жетеді.

Постменопауза кезінде сүт безі обырының таралған түрі бар әйелдерде летрозолды күнделікті 0,1-ден 5 мг дейінгі дозада қолдану қан плазмасында эстрадиол, эстрон және эстрон сульфатының бастапқы деңгейінен 75-95%-ға төмендеуіне әкеледі. Препаратты 0,5 мг және одан жоғары дозада пайдаланғанда, көп жағдайда эстрон мен эстрон сульфаты концентрациялары гормондарды анықтау үщін пайдаланылатын тәсілдің сезімталдық шегінен төмен болып шығады. Бұл препараттың осы дозасының жәрдемімен эстрогендердің синтезін айқынырақ басуға болатынын көрсетеді. Эстрогендер супрессиясы барлық емделуші әйелдерде емдеу курсы бойына сақталды.

Летрозол ароматазаны осы ферменттің суббірлігі - P450 цитохромы гемімен бәсекелесе байланыстыру арқылы тежейді, нәтижесінде бұл барлық тіндердегі эстрогендер биосинтезін төмендетеді.

Летрозолмен тәуліктік 0,1-5 мг дозада ем жүргізілген, постменопаузадағы емделуші әйелдердің қан плазмасында кортизолдың, альдостеронның, 11-деоксикортизолдың, 17-гидроксипрогестеронның, адренокортикотропты гормонның (АКТГ) концентрациясының, сондай-ақ рениннің белсенділігінің клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерулері байқалған жоқ. Летрозолмен тәуліктік 0,1; 0,25; 0,5; 1; 2,5 және 5 мг дозада емдеуден 6 және 12 апта өткеннен кейін АКТГ-мен стимуляциялау тестін жүргізгенде альдостерон немесе кортизол синтезінің айтарлықтай төмендеуі байқалған жоқ. Сондықтан глюкокортикоидтар мен минералокортикоидтарды қосудың қажеті жоқ.

Дені сау әйелдерде постменопауза кезінде летрозолды 0,1, 0,5 және 2,5 мг дозада бір реттік қолданудан кейін қан плазмасында андрогендер (андростендион және тестостерон) концентрацияларының ешқандай өзгеруі байқалмады. Летрозолды тәуліктік 0,1-ден 5 мг дейінгі дозада қабылдаған, постменопаузадағы емделуші әйелдерде де қан плазмасында андростендион деңгейінің өзгеруі анықталмады. Мұның бәрі эстрогендер биосинтезінің бөгелуі эстрогендердің ізашарлары болып табылатын андрогендердің жинақталуына әкелмейтінін көрсетеді. Летрозол қабылдаған емделуші әйелдердің қан плазмасында лютеиндеуші және фолликулостимуляциялаушы гормондар концентрациясының өзгеруі байқалмады, сондай-ақ тиреотроптық гормонның, трийодтирониннің (T4) және тироксиннің (T3) деңгейлері бойынша бағаланатын қалқанша без функциясының өзгеруі де байқалған жоқ.

Қолданылуы

  • ерте сатылардағы сүт безінің гормонды-позитивті обыры бар, постменопаузадағы әйелдердегі сүт безінің обырына жүргізілетін адъювантты емде

  • тамоксифенмен 5 жыл бойы алдын ала стандартты адъювантты ем қабылдаған, ерте сатылардағы сүт безінің гормонды-позитивті обыры бар, постменапаузадағы әйелдерде адъювантты емді жалғастыруда

  • сүт безінің гормонды-позитивті обыры бар, постменопаузадағы әйелдерге бірінші қатарлы жүргізілетін емде

  • алдында антиэстрогендермен ем қабылдаған, постменопаузадағы (табиғи немесе жасанды туындатылған) әйелдерде сүт безі обырының кең таралған түрлері қайталанғанда немесе өршігенде

  • сүт безінің гормонды-позитивті, HER-2 жағымсыз обыры бар, постменопаузадағы әйелдердегі химиялық емдеу қолайлы ем болып табылмағанда және дереу операциялық араласым қолданылмаған кезде жүргізілетін неоадъювантты емде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. Препаратты тамақтану кезінде де қабылдауға болады, өйткені тағам препараттың сіңуіне ықпалын тигізбейді. Препараттың тәуліктік 2,5 мг дозасын арттырмау ұсынылады.

Ересектер. Лортанда препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 2,5 мг құрайды. Адъювантты және кеңейтілген адъювантты емде Лортанда препаратымен емдеу 5 жыл бойына немесе қайталану басталған сәтке дейін жалғастырылуы тиіс. Метастаздары бар емделушілерде Лортанда препаратымен емдеуді аурудың өршу белгілері пайда болғанға дейін жалғастырады.

Неоадъювантты (операция алдындағы) емде Лортанда препаратын ісікті тиімді өлшемге жеткізу үшін 4-8 ай бойына тағайындау ұсынылады. Егер осы емдеу тиімсіз болса, препаратты қолдануды тоқтату, операциялық араласымды тағайындау және/немесе емделушімен әрі қарай емделуді талқылау ұсынылады.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер. Бауыр функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А және В класс) емделушілерде препарат дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге қатысты деректер жеткіліксіз, бірақ бауыр функциясының Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класына жататын ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі  10 мл/мин) емделушілерде препараттың дозасын түзету қажет емес. Креатинин клиренсі <10 мл/мин. емделушілерге қатысты деректер жеткіліксіз.

Педиатрияда қолданылуы. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде летрозолдың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Препаратты балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы адамдар. Егде жастағы емделушілерде Лортанда препаратының дозасын түзету қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Әртүрлі жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігін бағалау кезінде мынадай градациялар пайдаланылды: өте жиі (10), жиі (1% <10% дейін), кейде (0,1% <1% дейін), сирек (0,01% <0,1% дейін), өте сирек (<0,01%), жиілігі белгісіз (қолда бар деректермен есептеу мүмкін емес).

Өте жиі

  • гиперхолестеринемия

  • буындардың ауыруы

  • қан кернеулер

  • терлеудің күшеюі

  • қатты қажу (соның ішінде, астения және үрейлену)

Жиі

  • артериялық гипертензия

  • жүректің айнуы, құсу, диспепсия, іш қату, диарея, абдоминальді ауыру

  • анорексия, тәбеттің артуы, дене салмағының артуы

  • бас ауыру, бас айналу

  • алопеция, терінің құрғауы, бөртпелер (соның ішінде, эритематозды, дақты-папулезді, псориаз тәрізді және везикулярлы бөртпелер)

  • миалгия, сүйектердің ауыруы, остеопороз, сүйектердің сынуы

  • депрессия

  • шеткергі ісінулер

  • қынаптық қан кетулер

Кейде

  • лейкопения

  • жүректің қағуы (метастаздары бар емделушілер), тахикардия, жүрек-қантамырлардың ишемиялық асқынулары (соның ішінде, стенокардия ұстамаларының пайда болуы немесе өршуі, хирургиялық араласымды қажет ететін стенокардия, миокард инфарктісі, миокард ишемиясы)

  • тромбофлебит (соның ішінде беткейлік және тереңдегі көктамырлар)

  • ісік ошақтарындағы ауыру (метастаздары бар емделушілер)

  • толқу (соның ішінде күйгелектік), ашушаңдық

  • ұйқышылдық, ұйқысыздық, жадының нашарлауы, дизестезия (соның ішінде парестезия, гипестезия), дәм сезімінің бұзылуы, ми қан айналымының жедел бұзылуы, білезіктік өзек синдромы

  • артриттер

  • ентігу, жөтел

  • стоматит, ауыз ішінің құрғауы

  • бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

  • несеп жүйесінің жұқпалары, несептің жиі шығарылуы

  • қынаптық бөлінділер, қынаптың құрғақтығы, сүт бездерінің ауыруы

  • катаракта, көздің тітіркенуі, көрудің бұлыңғырлануы

  • қышыну, есекжем

  • жайылған ісінулер, температураның жоғарылауы, шырышты қабықтардың құрғауы, шөлдеу

  • дене салмағының азаюы

Сирек

  • өкпелік эмболия, артериялық тромбоз, цереброваскулярлы инфаркт

Өте сирек

  • гепатит

Жиілігі белгісіз

  • анафилактикалық реакциялар

  • ангиоэдема, уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема

  • сыртылдақ саусақ

Летрозол мен тамоксифенді орта есеппен 5 жыл бойы қабылдаған адъювантты емде мыналар: хирургиялық араласымды керек ететін стенокардия (1,0%-бен салыстырғанда 1,0%), жүрек функциясының жеткіліксіздігі (0,6%-бен салыстырғанда 1,1%), артериялық гипертензия (5,7%-бен салыстырғанда 5,6%), ишемиялық инсульт/ми қан айналымының транзиторлы бұзылуы (1,9%-бен салыстырғанда 2,1%) сияқты жағымсыз реакциялар байқалды.

Орта есеппен, 5 жыл бойы және плацебо 3 жыл бойы летрозолмен кеңейтілген адъювантты емде мынадай: хирургиялық араласымды керек ететін стенокардия (0,6%-бен салыстырғанда 0,8%), алғаш диагностикаланған стенокардия немесе оның барысының нашарлауы (1,0%-бен салыстырғанда 1,4%), миокард инфарктісі (0,7%-бен салыстырғанда 1,0%), тромбоэмболиялық бұзылулар (0,3%-бен салыстырғанда 0,9%), ишемиялық инсульт/ ми қан айналымының транзиторлы бұзылуы (0,8%-бен салыстырғанда 1,5%) сияқты жағымсыз реакциялар байқалды.

Летрозолды қабылдаған емделушілерге жүргізілген ауқымды адъювантты емде сүйектердің сыну және остеопороз (сүйектердің сынуы емделушілердің 10,4%-да, остеопороз 12,2%-да), плацебо қабылдаған емделушілерге қарағанда үлкен дәрежеде байқалды (сәйкесінше, 5,8% және 6,4%). Летрозолмен емдеудің орташа ұзақтығы плацебомен 3 жыл емдеумен салыстырғанда 5 жылды құрайды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық

  • пременопауза кезеңіне тән эндокриндік статус (егер толық менопаузаның болу көрсеткіштері жоқ болса)

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Летрозол негізінен бауырда P450 цитохромы ферменттері - CYP3A4 және CYP2A6 әсерімен летрозол метаболитіне метаболизденеді. Сондықтан летрозолдың жүйелік шығарылуы CYP3A4 және CYP2A6 изоферменттеріне ықпал ететін дәрілік препараттарға байланысты болады.

Қан сарысуында летрозол деңгейін ұлғайтатын дәрілік препараттар.

CYP3A4 және CYP2A6 изоферменттерінің тежегіштері летрозол метаболизмінің төмендеуіне әкеледі, сонысымен оның қан плазмасындағы концентрациясын жоғарылатады. Летрозолды изоферменттердің белсенділігін бәсеңдететін препараттармен (CYP3A4-кетоконазол, итраконазол, вориконазол, ритонавир, кларитромицин, телитромицин; CYP2A6- метоксален) бір мезгілде қолдану летрозолдың әсерін күшейтуі мүмкін. Бұл препараттарды летрозолмен бірге тағайындағанда сақ болған жөн.

Қан сарысуында летрозол деңгейін бәсеңдететін дәрілік препараттар.

CYP3A4 изоферментінің индукторлары летрозол метаболизмін күшейтеді, сонысымен оның қан плазмасындағы концентрациясын азайтады. CYP3A4 изоферменттерін белсенді ететін препараттарды (мысалы, фенитоин, рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал және шайқурай) бір мезгілде қолдану летрозолдың фармакологиялық әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Мұны осы препараттарды Лортандамен бірге тағайындағанда ескерген жөн.

CYP2A6 изоферментінің қандай да бір белгілі индукторы туралы деректер жоқ.Тәулігіне 2,5 мг летрозолды 20 мг тамоксифенмен бірге тағайындау қан плазмасында летрозолдың деңгейін орта есеппен 38%-ға төмендетеді. Сүт безі обырын екінші желілі зерттеудің клиникалық тәжірибесі летрозолды тамоксифеннен кейін бірден қолданғанда летрозолдың емдік әсері сол күйінде қалғанын және қандай да болсын жағымсыз реакциялар байқалмағанын көрсетеді. Осы өзара әрекеттесудің механизмі белгісіз.

Летрозол арқылы жүйелік плазмалық концентрациялары өзгеріске ұшырайтын дәрілік препараттар.

In vivo, летрозол Р450 - CYP2A6 және CYP2C19 (соңғысы орташа) цитохромы изоферменттерінің белсенділігін бәсеңдетеді. Мұны летрозолды шығарылуы негізінен CYP2C19 изоферментіне және емдік индексі шектеулі (мысалы, фенитоин, клопидогрел) дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындағанда ескеру қажет. CYP2A6 изоферменті үшін емдік индексі шектеулі дәрілік заттар туралы деректер жоқ.

Летрозолды циметидинмен (CYP2C19 және CYP3A4 белгілі спецификалық емес тежегіштері) және варфаринмен (летрозолдың мақсатты тобында біріктірілген емдеуде кеңінен пайдаланылатын емдік ауқымы тар сезімтал CYP2C9 арналған субстрат) өзара әрекеттесуін клиникалық зерттеулер летрозол препаратын осы дәрілік заттармен бірге қолдану клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесулерге әкелмейтінін көрсетті.

Айрықша нұсқаулар

Креатинин клиренсі минутына < 10 мл емделуші әйелдерге летрозолды қолдану жөнінде деректер жоқ. Мұндай емделуші әйелдерге летрозолды тағайындар алдында потенциальді қаупі мен емдеудің күтілетін әсері арасындағы арақатынасты мұқият таразылап алған жөн. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) емделуші әйелдерде летрозолдың жартылай шығарылу уақыты сау адамға қарағанда шамамен екі есе ұзағырақ. Мұндай науқастар дәрігердің барынша мұқият бақылауын қажет етеді.

Летрозол препаратымен емдеу кезінде сүйек аппараты саулығының жалпы жағдайына мониторинг жүргізу ұсынылады, өйткені остеопороздың туындау және/немесе сүйектің сыну жағдайлары тіркелген.

Менопаузаның жағдайы айқын емес күйінде қалған емделушілерде летрозолмен емді бастар алдында лютеиндеуші гормон (ЛГ), фолликулостимуляциялаушы гормон (ФСГ) және/немесе эстрадиол деңгейін анықтау керек. Летрозол тек постменопаузадағы әйелдерге ғана тағайындалуы мүмкін.

Летрозолды тамоксифенмен немесе басқа да антиэстрогендермен немесе құрамында эстроген бар препараттармен бірге тағайындау ұсынылмайды, өйткені бұл заттар летрозолдың фармакологиялық әсерін әлсіретуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Летрозолды жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Летрозолды жүкті әйелдерге қолданғанда туа біткен даму кемістіктерінің (қоян жырық ерін, гениталийдің дамуындағы патологиялар) жекелеген жағдайлары тіркелді.

Постмаркетингтік есептерде өздігінен болған түсіктер және анасы летрозол қабылдаған жаңа туған нәрестелердегі туа біткен кемістіктер жөнінде мәлімделді.

Дәрігерлер репродуктивті жастағы әйелдермен (предменопауза кезеңіндегі әйелдерді немесе постменопаузалық кезеңге түскен әйелдерді қоса), оларда постменопаузальді статус айғақталғанға дейін тиісті контрацепцияны қолдану қажеттілігін талқылаған жөн.

Фертильділігі

Летрозолдың фармакологиялық әсері ароматазаны тежеу арқылы эстрогеннің өндірілуін төмендету болып табылады. Менопауза алдында эстрогендер синтезінің тежелуі қанда гонадотропиндер (ЛГ, ФСГ) деңгейінің жоғарылауына әкеледі. ФСГ жоғары деңгейі өз кезегінде фолликулдардың өсуін стимуляциялайды, және овуляцияны туындатуы мүмкін.

Препараттың құрамына лактоза кіретіндігін ескеріп, препаратты лактозаның, галактозаның тұқым қуалаған жақпаушылығында, Лапп-лактаза жеткіліксіздігінде және глюкоза/галактоза мальабсорбциясында қолдануға болмайды.

Көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратпен емдеу кезінде жалпы шаршау, әлсіздік, бас айналу, ұйқышылдық байқалғандықтан, көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқарған кезде сақтық танытқан жөн.

Артық дозалануы

Қазірге кезге дейін летрозолдың артық дозалануы жөнінде мәліметтер жоқ.

Симптомдары: артық дозаланған жағдайда препараттың жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 3, 6 және 9 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д., Ново Место, Словения

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19,

1 б корпус, 2-ші қабат, 207 кеңсе

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

 

Прикрепленные файлы

117997621477976418_ru.doc 116.5 кб
264103751477977668_kz.doc 136.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники