Гидрокортизон (мазь 1%, 10г, Нижфарм)

МНН: Гидрокортизон
Производитель: Нижфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Hydrocortisone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011405
Информация о регистрации в РК: 29.12.2017 - 29.12.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 130.8 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Гидрокортизон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гидрокортизон

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 1% жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат - 1,0 г гидрокортизон ацетаты,

қосымша заттар: вазелин, сусыз ланолин, пентаэритритил диолеат (пентол), стеарин қышқылы, метилпарагидроксибензоат (нипагин), пропилпарагидроксибензоат (нипазол), тазартылған су.

Сипаттамасы

Сарғыш реңді ақ түсті немесе ашық-сары түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Белсенділігі әлсіз глюкокортикостероидтар (I тобы). Гидрокортизон.

АТХ коды D07AA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты теріге жаққаннан кейін гидрокортизон эпидермиске, негізінен, түйіршікті қабатқа жиналады. Гидрокортизонның аздаған бөлігі эпидермисте метаболизденеді, үлкен бөлігі тері жабындары арқылы жүйелік қан ағысына сіңеді және негізінен, бауырда метаболизденеді. Метаболиттер және өзгермеген гидрокортизонның аздаған бөлігі несеппен немесе өтпен бірге бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Гидрокортизон жергілікті қолдануға арналған синтетикалық глюкокортикоидты препарат болып табылады. Қабынуға қарсы, ісінуге қарсы, қышынуға қарсы әсер етеді. Цитокиндердің (интерлейкиндер мен интерферонның) лимфоциттер мен макрофагтардан босап шығуын тежейді, қабыну медиаторларының эозинофилдерден босап шығуын бәсеңдетеді, арахидон қышқылының метаболизмін және простагландиндер синтезін төмендетеді. Стероидты рецепторларды көтермелей отырып, ісінуге қарсы белсенділігі бар ақуыздардың ерекше тобы – липокортиндердің түзілуін индукциялайды. Қабынбалы жасушалық инфильтраттарды азайтады, лейкоциттер мен лимфоциттердің қабыну аймағына көшуін төмендетеді. Препаратты ұсынылған дозаларда жергілікті қолдану жағымсыз жүйелік әсерлерді тудырмайды.

Қолданылуы

  • терінің этиологиясы микробтық емес қабыну және аллергиялық ауруларында

  • экземада

  • аллергиялық және жанаспалы дерматитте

  • нейродермитте

  • псориазда

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Жақпамайды терінің зақымданған жеріне жұқа етіп күніне 2-3 рет жағады. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипатына және емдеудің тиімділігіне байланысты, әдетте бұл 6-14 күнді құрайды. Қажет болған кезде емдеу курсы 20 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Шектеулі ошақтарда әсерін күшейту үшін окклюзиялық таңғыштарды пайдалануға болады. Жақпамайды 2 жастан бастап және одан үлкен балаларға қолданған кезде емдеудің жалпы ұзақтығын шектеген және стероидтың резорбциясын (сіңуі) күшейтетін шараларды (қыздыратын, бекітетін және окклюзиялық таңғыштарды) қолданбаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

  • препаратты жаққан аймақтың шегінде пайда болған гиперемиялар, ісіну және қышыну

  • гидрокортизон ацетатының резорбтивті әсер етуінің көрінісі ретінде гиперкортицизмнің дамуы (жақпамайды ұзақ уақыт қолданғанда, әсіресе терінің ауқымды бөлігіне жаққан кезде)

  • терінің екінші қайтара жұқпамен зақымдануының, ондағы атрофиялық өзгерулердің, гипертрихоздың дамуы (ұзақ уақыт қолданған кезде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • гидрокортизонға немесе препараттың басқа да компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

  • жара, ойық жара зақымдары, терінің бактериялық, вирустық және зеңдік аурулары

  • тері туберкулёзі

  • терінің мерезден зақымдануы

  • розацеа, өрескел безеулер, периоральді дерматит

  • тері ісінулері

  • жүктілік, лактация кезеңдері

  • 2 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті кезінде абайлап қолдану керек.

Жақпамайды көзге тигізіп алмаған жөн.

Егер препаратты 7 күн қолданғаннан кейін жақсару болмаса немесе жағдайдың нашарлағаны байқалса, сондай-ақ препаратты тоқтатқаннан кейін бірнеше күннен соң симптомдар қайтадан пайда болса, препаратты қолдануды тоқтатқан және дәрігерден кеңес алған жөн.

Ұзақ уақыт емдеген кезде және/немесе ауқымды жерге жаққан кезде натрий шектелген және K+ мөлшері жоғары диета тағайындау керек; организмге ақуызды қажетті мөлшерде енгізу керек. АҚ, қандағы глюкоза мен кортизол концентрациясын, қанның ұйығыштығын, диурезді, емделушінің дене салмағын, плазмада кортизол деңгейін бақылап отыру қажет.

Жұқпалы зақымданулардан сақтану үшін препаратты антибактериялық және зеңге қарсы дәрілермен үйлестіре тағайындау ұсынылады.

Балаларға қолданылуы

Препаратты балаларға, бет аймағына қолданған жағдайда емдеу курсының ұзақтығын қысқарту қажет. Балаларда бүйрек үсті безі қыртысы қызметінің төмендеуі тезірек дамиды. Бұдан басқа, өсу гормоны экскрециясының төмендегені байқалуы мүмкін. Препаратты ұзақ уақыт қолданған кезде дене салмағын, өсуін, қан плазмасындағы кортизол деңгейін бақылау қажет.

12 жасқа дейінгі балаларға препаратты тек дәрігердің бақылаумен ғана тағайындайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратты ұзақ уақыт үлкен мөлшерде қолданған кезде гиперкортицизм симптомдары білінуі мүмкін.

Емі: препаратты тоқтату.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий сықпаларға 10 г-ден салынған.

Бір сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 20 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88

факс: (831) 430-72-28

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 271-99-68

факс: (727) 255-33-78

e–mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

910383991477976943_ru.doc 49.5 кб
499029411477978120_kz.doc 74.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники