ГЕКСИЯ (16 мг, Биофарма)

МНН: Хлоргексидин
Производитель: ООО "ФЗ "БИОФАРМА"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и противомикробные препараты для лечения гинекологических заболеваний
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024619
Информация о регистрации в РК: 08.07.2020 - 08.07.2025

Инструкция

Саудалық атауы

ГЕКСИЯ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлоргексидин

Дәрілік түрі, дозалануы

Пессарийлер, 16 мг

Фармакотерапиялық тобы

Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Гинекологиялық инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар. Инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар, кортикостероидтармен біріктірілімдерді қоспағанда. Басқа антисептиктер және микробқа қарсы препараттар.

АТХ коды G01AX

Қолданылуы

- венерологиялық аурулардың (мерез, соз, трихомониаз, хламидиоз, уреаплазмоз)

профилактикасы

- акушерлік пен гинекологиядағы (гинекологиялық ауруларды операциялық емдеу алдында, босану және аборт алдында, жатырішілік спиральді қойғанға дейін және кейін, жатыр мойнын диатермокоагуляциялау алдында және кейін, жатырішілік зерттеулер алдында) инфекциялық-қабынбалы асқынулардың профилактикасы

- бактериялық вагинозды, кольпитті, жатыр мойнының эрозиясын емдеу.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

- жүктілік және лактация кезеңінде сақтықпен қолдану

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препаратты құрамында анион тобы (сапониндер, натрий лаурилсульфаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы) бар детергенттермен, сондай-ақ сабынмен бірге қолдануға болмайды. Сабын хлоргексидинді белсенсіздендіре алады, сондықтан препаратты қолданар алдында сабынның қалдығын мұқият жуу керек. Сыртқы жыныс мүшелерінің туалеті пессарийлердің тиімділігі мен көтерімділігіне әсер етпейді, себебі препарат интравагинальді қолданылады. Йодпен бір уақытта қолдану ұсынылмайды.

Арнайы ескертулер

Құрамында хлоргексидин бар препаратпен бұрын жанасқан тіндерге гипохлориттік ағартатын заттардың түсуі тіндерде қоңыр дақтардың пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Педиатриялық тәжірибеде қолдану тәжірибесі жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қарсы көрсетілмеген. Егер ана үшін болжалды пайда шарана мен бала үшін әлеуетті қауіптен жоғары болса, препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Пессарийді қолданар алдында пішінді ұяшықты қаптамасынан босату керек. Емдеу үшін тәулігіне 2 рет 1 пессарийден қолданады.

Венерологиялық аурулардың профилактикасы үшін жыныстық қатынастан кейін екі сағаттан кешіктірмей 1 пессарийді қолданады.

Енгізу әдісі және жолы

Препарат қынаптық түрде қолданылады.

Қабылдау уақытын көрсетумен қолдану жиілігі

Емдеу үшін тәулігіне 2 рет 1 пессарийден қолданады.

Венерологиялық аурулардың профилактикасы үшін жыныстық қатынастан кейін екі сағаттан кешіктірмей 1 пессарийді қолданады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы аурудың сипатына қарай 7-10 күн. Қажет болғанда емдеу курсын 20 күнге дейін ұзартуға болады.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар

Артық дозалану жағдайлары ұсынылған енгізу жолы (қынаптық) кезінде анықталмаған. Ауыз арқылы кездейсоқ қабылдаған кезде іс жүзінде сіңірілмейді дерлік. Препаратты организмнен шығару үшін қажетті шараларды (асқазанды шаю) қолдану керек. Қажет болғанда симптоматикалық ем жүргізіледі.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Енгізу режимін сақтау ұсынылады. Кезекті қабылдауды жіберіп алған жағдайда, дозасын арттыруға болмайды. Препаратты мүмкіндігінше тезірек әдеттегі дозада енгізу керек.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болғанда)

Өте сирек

- препаратты тоқтатқаннан кейін қайтатын аллергиялық реакциялар, қышыну болуы мүмкін.

- пессарийді енгізу орнында күйдіріп-ашыту және тітіркену болуы мүмкін.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір пессарийдің құрамында

белсенді зат - хлоргексидин диглюконаты 20% ерітіндісі 16 мг хлоргексидин диглюконатына шаққанда.

қосымша заттар: макрогол 400, макрогол 1500.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақтан сарғыш реңді ақ түске дейінгі оқ тәріздес пессарийлер.

Ауа өзекшесінің немесе шұңғыма тәріздес шұңқырдың болуына жол беріледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 пессарийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Қорапшаларды топтық ыдысқа салады және топтық заттаңбаны жабыстырады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 2°С-ден 8°С дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«БИОФАРМА» ФЗ» ЖШҚ

Украина, 09100, Киев облысы, Белая Церковь қ., Киев к-сі, 37.

Телефон нөмірі: +380 044-277-36-10

Электронды пошта: director@biofarma.kiev.ua

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«БИОФАРМА» ФЗ» ЖШҚ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

ҚР-да «БИОФАРМА» ФЗ» ЖШҚ өкілдігі

05000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Назарбаев д-лы, 124, 10-кеңсе.

Телефон нөмірі: +7 (727) 229-70-44

Электронды пошта: bc_pak@mail.ru

Прикрепленные файлы

2._ИМП_фин_.docx 0.04 кб
Гексия_ИМП_каз.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту