Винпоцетин-СВС
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Винпоцетин - CВС
Халықаралық патенттелмеген атауы
Винпоцетин
Дәрілік түрі
0.005 г таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат –0.005 г винпоцетин,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, магний стеараты немесе кальций стеараты, тальк
Сипаттамасы
Ақ немесе сұрғыш реңді ақ түсті таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Психоаналептиктер.
Психостимуляторлар және ноотроптар.
Басқа да психостимуляторлар және ноотроптар.
Винпоцетин
АТХ коды N06B X18
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Плазмада ең жоғары концентрация препаратты қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң білінеді. Препараттың биожетімділігі 70% құрайды. Винпоцетин қан плазмасы ақуыздарымен 66%-ға байланысады, плаценталық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтінен табылады.
Содан кейін бауырға тасымалданады, мұндайда негізгі метаболит аповинкамин қышқылы болып табылады. Несеппен бірге шығарылады: аздаған бөлігі өзгермеген күйінде, қалған бөлігі метаболиттер түрінде. Жартылай шығарылу кезеңі 4,8 сағатты құрайды.
Фармакодинамикасы
Винпоцетин - CВС – мида метаболизмді жақсартып, ми тіндерінің глюкозаның және оттегінің тұтынуын арттырады. Тіндерге оттегінің және қуатпен қамтамасыз ететін субстраттардың тасымалдануын жеңілдетіп, ми жасушасының гипоксияға төзімділігін артырады (оған ұқсас эритроциттердің азаюы, глюкозаның сіңу мен метаболизмінің күшеюі, оның энергетикалық тұрғыдан өте пайдалы аэробтық бағытқа ауысуы салдарынан).
Ми тіндерінде катехоламиндер мөлшерінің артуына мүмкіндік береді. Фосфодиэстеразаны тежей отырып, норадреналиннің және серотониннің метаболизміне ықпал етеді, тіндерде цАМФ (циклдік аденозинмонофосфат) деңгейін арттырады, антиоксиданттық әсер береді.
Тамырларды арттыратын әсері көбіне мидағы қантамырлардың тегіс бұлшықеттерін тікелей босаңсытуымен байланысты. Винпоцетин "тоналу" феноменін тудырмайды, бәрінен бұрын мидың ишемияланған аймағының қанмен жабдықталуын күшейтеді, мұндайда интактілі аймақтардың қанмен жабдықталуын өзгертпейді. Мида, тромбоциттер агрегациясының азаюы, қан тұтқырлығының төмендеуі, эритроциттер деформациясының артуы есебінен, микроайналымды жақсартады.
Церебральді қан ағысын арттырады; жүйелік қан айналымына елеулі ықпалын тигізбей-ақ, ми қантамырларының төзімділігін төмендетеді.
Қолданылуы
- ми қан айналымының шығу тегі әртүрлі болатын психикалық және неврологиялық бұзылу симптомдарында (инсульттің жедел және төзімді сатылары, транзиторлы ишемиялық шабуыл, қантамырлық деменция, вертебробазилярлы жеткіліксіздік, бас сүйек-ми жарақатының зардаптары, ми қантамырларының атеросклерозы, жарақаттан кейінгі және гипертониялық энцефалопатия)
- көздің торқабығының және/немесе тамырлық қабығының қантамырлық ауруларында: атеросклероздан немесе ангиоспазмнан туындаған сары дақтың дегенеративті өзгерулерінде, салдарлық глаукомада, торқабықтың орталық артериясының немесе көктамырының окклюзиясында
-
кәріліктен болған кереңдікте, Меньер ауруында, шығу тегі қантамырлық немесе уытты (соның ішінде дәрі-дәрмектік) естудің бұзылуларында, шығу тегі лабиринттік бас айналуда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Винпоцетин - СВС ішке тағайындалады, ересектерге – 0,005-0,01 г-нан (1-2 таблетка) күніне 3 рет. Жақсару әдетте 1-2 аптадан кейін басталады. Емдеу курсының ұзақтығы 2 айды құрайды.
Жағымсыз әсерлері
-
артериялық қысымның аздап төмендеуі
-
экстрасистолия
Сирек
- тахикардия, ST депрессиясы, QT аралығының ұзаруы, экстрасистолия
- ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық, қатты ұйқышылдық)
- бас айналу, бас ауыру
- ауыз ішінің құрғауы, жүректің айнуы, қыжыл
- терлеудің күшеюі
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, есекжем)
- тері жабындарының гиперемиясы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың белсенді немесе қосымша заттарына асқын сезімталдық
- жүректің ишемиялық ауруы (барысы ауыр)
- жүрек ырғағының бұзылуы
- геморрагиялық инсульттің жедел сатысы
- бауыр қызметінің жеткіліксіздігі
- жүктілік және лактация кезеңі
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
- тұқым қуалаған фруктозаның жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Винпоцетин-CВС препаратын гепаринмен емдеу аясында қолданғанда геморрагиялық асқынулардың пайда болу қаупі артады.
Метилдопамен бір мезгілде қолданғанда гипотензивтік әсер күшеюі мүмкін (АҚ бақылау қажет).
Өзара әрекеттесу мүмкін екендігін айғақтайтын деректердің жоқтығына қарамастан, орталыққа әсер ететін ДЗ, аритмияға қарсы дәрілермен және антикоагулянттармен, QT аралығын ұзартатын препаратармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.
Айрықша нұсқаулар
Аритмияның ауыр түрлері, стенокардиясы бар емделушілерге абайлап тағайындайды.
Препаратты тоқтатар алдында Винпоцетин - CВС дозасын біртіндеп төмендеткен жөн.
Дәрілік заттың автокөлікті немесе басқа да қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Әдеттегідей емес жағымсыз әсерді, қимылдың қозуын, зейінді жұмылдырудың нашарлауын, бас айналуды сезген емделушілер автокөлікті және басқа да механизмдерді басқаруды тоқтата тұруы тиіс.
Артық дозалануы
Симптомдары: препараттың артық дозалануы жағдайлары жөнінде мәлімделмеген, жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.
Емдеу: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір қабылдау, қажет болғанда симптоматикалық ем жүргізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Поливинилхлоридті үлбірден және/немесе лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
Пішінді ұяшықты 3 қаптама қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсұқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Тіркеу куәлігінің иесі
«СВС - Фармация» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Өндіруші
«СВС - Фармация» ЖШС
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«СВС — Фармация» ЖШС
Заңды мекенжайы: 030012 Қазақстан Республикасы,
Ақтөбе қ-сы, Сәңкібай батыр д-лы, 171 Б.
Орналасқан мекенжайы: 030003 Қазақстан Республикасы
Ақтөбе қ-сы, Авиақалашық, 14, тел +7 7132 227755, info@svspharmacy.kz