Вазонит® ретард
Инструкция
- русский
- қазақша
Дәрілік заттың медицинада
қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Вазонит® ретард
Саудалық атауы
Вазонит® ретард
Халықаралық патенттелмеген атауы
Пентоксифиллин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 600 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 600 мг пентоксифиллин,
қосымша заттар: гипромеллоза, кросповидон, микрокристалды целлюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний
стеараты,
үлбірлі қабық құрамы: макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е 171), гидромеллоза, полиакрилатты 30 % дисперсия*.
* - 0.986 мг құрғақ зат 3.287 мг дисперсияда.
Сипаттамасы
Ұзынша, екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, таблетканың екі жағында сындыруға арналған сызығы бар.
Фармакотерапиялық тобы
Шеткергі вазодилататорлар. Пуриндер. Пентоксифиллин.
АТХ коды C04AD03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Вазонит ретард таблеткаларын ішке қабылдау белсенді заттың үздіксіз босап шығуын және оның асқазан-ішек жолынан біркелкі сіңуін қамтамасыз етеді.
Препарат бауырда «алғаш өту» кезінде метаболизмге ұшырайды, соның нәтижесінде, бірқатар фармакологиялық белсенді метаболиттер түзіледі. Пентоксифиллин мен оның белсенді метаболиттері қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 3-4 сағаттан соң жетеді және емдік деңгейінде 12 сағатқа жуық сақталады. Препарат көбінесе несеппен метаболиттер түрінде шығарылады.
Ерекше қауым
Бауыр функциясының бұзылуы
Бауыр функциясы бұзылған науқастарда пентоксифиллиннің жартылай шығарылу кезеңі ұзарған, ал абсолютті биожетімділігі жоғарылаған.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясы ауыр бұзылған науқастарда метаболиттердің шығарылуы баяулаған.
Фармакодинамикасы
Вазонит қанның микроциркуляциясы мен реологиялық қасиеттерін жақсартады, тамыр кеңейткіш әсерін көрсетеді. Құрамында белсенді зат ретінде ксантин туындысы - пентоксифиллин бар. Әсер ету механизмі фосфодиэстеразаны тежеумен және тамырлардың тегіс бұлшықеттері жасушаларында, қанның пішінді элементтерінде, басқа тіндер мен ағзаларда цАМФ жиналуымен байланысты. Пентоксифиллин тромбоциттер мен эритроциттер агрегациясын тежейді, олардың созылғыштығын арттырады, қан плазмасындағы фибриноген деңгейін төмендетеді және фибринолизді күшейтеді, бұл қанның тұтқырлығын азайтады және оның реологиялық қасиеттерін жақсартады. Қан айналымы бұзылған аймақтарда, атап айтқанда, аяқ-қолдарда, орталық жүйке жүйесінде және, аз дәрежеде, бүйректе тіндердің оттегімен қамтылуын жақсартады. Коронарлық тамырларды болымсыз кеңейтеді.
Қолданылуы
- шеткергі қан айналымының бұзылулары (облитерациялаушы эндартериит, диабеттік ангиопатия)
- ми қан айналымының ишемиялық типті бұзылулары (ишемиялық церебральді инсульт)
- артериялық немесе көктамырлық микроциркуляцияның бұзылуы салдарынан тіндердің трофикалық өзгерістері (посттромбофлебиттік синдром, көктамырлардың варикозды кеңеюі, трофикалық ойық жаралар, гангрена)
- көз қан айналымының бұзылуы (көз торқабығы немесе тамырлы қабығы қан айналымының жедел, жеделге жуық, созылмалы жеткіліксіздігі)
Қолдану тәсілі және дозалары
Емдеу ұзақтығы мен дозалау режимін, аурудың клиникалық көрінісіне және емдік әсер алуға қарай, дәрігер әркімге жеке белгілейді. Емдеудің орташа ұзақтығы – 2-3 апта.
Вазонит ретард таблеткаларын шайнамастан және мол мөлшерлі сұйықтықпен ішіп, тамақтанудан кейін ішке қабылдау керек.
Препарат, әдетте, тәулігіне 2 рет (таңертең және кешкілік) 1 таблеткадан тағайындалады.
Ең жоғары бір реттік доза - 600 мг. Ең жоғары тәуліктік доза - 1200 мг.
Ерекше қауым
Бауыр функциясының бұзылуы
Бауыр функциясы ауыр бұзылған науқастар жағдайында жеке көтерімділігіне тәуелденетін дозасын азайту қажет.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясы бұзылған науқастарға (креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен), жеке көтерімділігіне қарай, дозаны шамамен 30-50% азайту қажет болуы мүмкін.
Басқалары
Гипотензиясы бар емделушілерге және қан айналысы тұрақсыз емделушілерге, сондай-ақ қан қысымының төмендеуі салдарынан ерекше қауіп төнетін науқастарға (мысалы, жүректің ишемиялық (коронарлық) ауруының ауыр түрі немесе ми тамырларының гемодинамикалық мәнді стеноздары бар науқастар) емдеуді аз дозаларда бастау керек; мұндай жағдайларда дозаны арттыру біртіндеп атқарылуы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
- бас айналу, бас ауыру, асептикалық менингит
- ажитация, ұйқының бұзылуы, құрысулар
- ісінулер, тырнақтардың қатты сынғыштығы
- ксеростомия (ауыз кеберсуі), анорексия
- қышыну, эритема, есекжем
- ысынып кету, қан кету
- аритмия, тахикардия, стенокардия
- асқазан-ішектік бұзылулар, эпигастрий аумағындағы жайсыздық, іш кебу, жүрек айну, құсу, диарея
- холестаз (бауырішілік)
- трансаминазалардың жоғарылауы, артериялық қысымның төмендеуі
- тромбоцитопения
- анафилактикалық реакция, анафилактоидтық реакция, ангионевротикалық ісіну, бронх түйілуі, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- пентоксифиллинге және метилксантиннің басқа туындыларына (кофеин, теофиллин, теобромин) жоғары сезімталдық
- жедел миокард инфарктісі
- жаппай қан кету
- жедел геморрагиялық инсульт
- көз торқабығына қан құйылу
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Пентоксифиллин гипертензияға қарсы дәрілердің және гипотензиялық әсер көрсетуге қабілетті басқа препараттардың, антикоагулянттардың, инсулиннің, ішуге арналған қант төмендететін препараттардың әсерін күшейтеді.
Пентоксифиллинді теофиллинмен бір мезгілде енгізу кейбір науқастарда теофиллин концентрациясын арттыруы мүмкін. Сондықтан, теофиллинге қолайсыз реакциялардың күшеюі және жиілеуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Вазонит айқын артериялық гипотензиясы, ортостатикалық гипотензияға бейімділігі бар емделушілерге, айқын коронаросклероз және артериялық гипотензиямен болатын церебральді атеросклероз кезінде, жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының бұзылулары бар емделушілерге, асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануларында, операциялық араласу жасалған науқастарға (қан кетудің пайда болу қаупі), бүйрек функциясының бұзылуында тағайындалғанда сақ болу керек. Артериялық қысым деңгейін және қан көрінісін ұдайы бақылау ұсынылады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, көлік құралдарын басқару кезінде сақтық шарасын қадағалау қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: жүрек айну, бас айналу, артериялық қысымның төмендеуі, дене температурасының көтерілуі (қалтырау), естен тану, тонустық-клонустық құрысулар болуы мүмкін, «кофе қоюындай» құсу, аритмиялар, арефлексия.
Емі: симптоматикалық ем, асқазанды шаю. Арнайы у қайтарғысы жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«G.L. Pharma GmbH», Австрия, 8502, Ланнах, Industriestraße 1.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Валеант» ЖШҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі Қазақстан, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 17 үй, 4Б блок, 4-4Б-11 орынжай |
Телефон 3 111 516 Факс 3 111 517
Электронды пошта Office.KZ@valeant.com