БРОНХИПРЕТ (капли)

МНН: жидкий экстракт травы тимьяна+жидкий экстракт из листьев плюща
Производитель: Бионорика СЕ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№009382
Информация о регистрации в РК: 06.09.2017 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 8972/04/09/14/19/19
Информация о регистрации в РБ: 31.12.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Бронхипрет®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ.

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар 50 мл және 100 мл

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар: жебіршөп шөптерінің сұйық экстрактісі (1:2-2.5) – 50 г, шырмауық жапырақтарының сұйық экстрактісі (1:1) – 3 г

қосымша заттар: этил спирті, натрий сахарині, лимон қышқылы моногидраты, тазартылған су, гидроксипропил бетадекс.

Этил спиртінің мөлшері: 24 % көлем/көлем).

Сипаттамасы

Қоңыр түсті, жебіршөптің иісі бар, мөлдір немесе сәл бұлыңғыр сұйықтық. Сақтау кезінде бұлыңғырлануы немесе тұнба түзілуі мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйенің ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тұмау мен жөтел симптомдарын басуға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттардың біріктірілімі.

АТХ коды R05CA10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бронхипрет® препаратының әсері оның компоненттерінің жиынтық әсерінің нәтижесі болып табылады, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Эксперименттік in-vitro және in-vivo зерттеулерден, Бронхипрет® препаратының қақырық түсіретін, жөтелге қарсы, қабынуға қарсы, секретолитикалық, бронхолитикалық, вирусқа қарсы және бактерияға қарсы әсерлер беретіні анықталды.

Жебіршөп шөптерінен (Thymi herba) жасалған экстракт секретолитикалық, қабынуға қарсы және бронхолитикалық әсерлерді береді, бұл құрамында эфир майлары мен флавоноидтардың болуымен негізделген. Вирусқа қарсы және бактерияға қарсы әсерлеріне in vitro зерттеулер жүргізілді.

Кәдімгі шырмауық жапырақтарынан (Hederae helices folia) жасалған экстракт та секретолитикалық қасиеттерге ие. Бұл қасиеттеріне шырмауықта сапониндердің болуы түрткі болады. Бұдан өзге, кәдімгі шырмауық жапырақтары тегіс бұлшықеттерге спазмолитикалық әсер береді және эксперимент кезінде индукцияланған бронхоконстрикцияны айтарлықтай азайтады.

Қолданылуы

Тыныс жолдарының жөтелмен және қақырық түзілуімен жүретін жедел және созылмалы қабыну ауруларын (трахеит, трахеобронхит, бронхит) емдеуде қақырықты түсіретін дәрі ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозасы

Жас шамасы

Бір реттік дозасы

Тәуліктік дозасы

Ересектер мен 18 жастан асқан жасөспірімдер

2,6 мл

7,8 мл

Қолдану тәсілі

Бронхипрет® тамшыларын қоса берілген өлшеуіш стақанның көмегімен, күніне үш рет, жоғарыда келтірілген кестеге сәйкес дозада ішу керек.

Қажет болса, Бронхипрет® тамшыларын азғантай мөлшерде сұйықтықпен (мысалы: бір стақан сумен) ішіп жіберуге болады. Әр қолданар алдында құтыны сілку керек!

Емдеу курсы 10 күн. Емдеу курсын дәрігердің нұсқауымен ұзартуға немесе қайталауға болады.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек:

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, соның ішінде ентігу, тері бөртпесі, есекжем, беттің, ауыздың және/немесе жұтқыншақтың ісінуі

Сирек:

- асқазан-ішек жолының түйілулерін қоса, асқазан-ішек бұзылыстары, жүрек айнуы, құсу, диарея

Атап келтірілген жағымсыз әсерлерінің кез келгені пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату және барынша тезірек дәрігерге қаралу қажет, ол әсердің күрделілігін және ары қарай әрекеттердің қажеттілігін анықтап береді. Аса жоғары сезімталдық реакциясының алғашқы белгісі пайда болса, Бронхипрет® препаратын қабылдауды тоқтату қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- шырмауыққа, жебіршөпке немесе Lamiaceae (ерінгүлділер) және Araliaceae (аралий) тұқымдас басқа өсімдіктерге жоғары сезімталдық.

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- жүктілік және лактация кезеңі

- маскүнемдікке шалдыққан адамдар

- эпилепсия

- бауыр аурулары бар науқастар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі сәтте басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері белгісіз.

Егер пациент аталған препаратпен бір мезгілде басқа дәрілік заттарды қабылдап жүрсе немесе жуырда, Бронхипрет® тағайындалғанға дейін қандай-да бір дәрілерді қолданса, бұл туралы емдеуші дәрігерге айту керек.

Айрықша нұсқаулар

Егер ауру симптомдары бір аптадан астам уақыт ішінде басылмаса немесе тыныстың тарылуы, температура жоғарылауы немесе қақырықтағы ірің немесе қан іздері сияқты симптомдар туындаса, дереу дәрігерге қаралу қажет.

Гастриті немесе асқазанның ойық жарасы бар пациенттерге Бронхипрет® тамшыларын қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Пайдаланған кезде құтыны тігінен ұстау керек.

Ұзақ уақыт сақтағанда Бронхипрет® тамшылары бұлыңғырлануы мүмкін, бұл оның тиімділігіне әсер етпейді.

Бронхипрет® тамшыларының құрамында 24 % (көлем/көлем) этил спирті бар. Бронхипрет® тамшыларының ересектерге үшін ұсынылатын ең жоғарғы бір реттік 2,6 мл дозасының құрамында 0,49 г спирт бар. Осы себепті, препарат маскүнемдіктен, эпилепсиядан зардап шегіп жүрген адамдарға, балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, бауыр аурулары бар науқастарға қарсы көрсетілімді.

Қант диабетімен науқастарда қолданылуы

Бронхипрет тамшыларының құрамында сіңірілетін көмірсулардың болмашы мөлшері бар.

Жүктілік және лактация

Құрамында 24 % (көлем/көлем) этил спиртінің болуына байланысты, препарат жүкті және бала емізетін әйелдерге қарсы көрсетілімді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлікті басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетін төмендетпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: күшті артық дозалануы кезінде асқазан бұзылыстары, құсу және диарея болуы мүмкін. Артық дозаланған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату және дәрігермен кеңесу керек.

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл және 100 мл препарат күңгірт шыныдан жасалған, дозалағыш тамшылатқыш құрылғысы, бірінші ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпағы және өлшеуіш стақаны бар құтыларда. Бір құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге бүктелетін картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Құтысын ашқаннан кейін препаратты 6 ай ішінде пайдалану керек.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Бионорика СЕ, Германия

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Бионорика КАЗ» ЖШС

Алматы қ., «Бас пошта», а/ж №200, тел: 250-93-99

e-mail: info@bionorica.kz

Прикрепленные файлы

8972_04_09_14_19_19_p.pdf 0.22 кб
8972_04_09_14_19_19_s.pdf 0.25 кб
Бронхипрет_капли_КАЗ.doc 0.06 кб
Бронхипрет_капли_рус.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ