Бринзопт Плюс (К.О. Ромфарм Компани С.Р.Л.)

МНН: Бринзоламид, Тимолол
Производитель: К.О. Ромфарм Компани С.Р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Тимолол в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024304
Информация о регистрации в РК: 17.09.2019 - 17.09.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Бринзопт Плюс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көзге тамызатын дәрі, суспензия, 10 мг/мл+ 5 мг/мл, 5 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді заттар: бринзоламид 10.00 мг; тимолол малеаты (тимололға баламалы) 6.80 мг (5.00 мг);

қосымша заттар: тилоксапол, карбомер, маннитол, натрий хлориді, динатрий эдетаты, бензалконий хлориді, натрий гидроксидінің 0.5 М ерітіндісі немесе хлорсутек қышқылының 0.5 М ерітіндісі, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік суспензия. Шайқағанда таралатын шөгінді болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Сезім мүшелері. Офтальмологиялық препараттар. Глаукомаға қарсы препараттар және миотиктер. Бета-адреноблокаторлар. Басқа препараттармен біріктірілген тимолол.

АТХ коды S01ED51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Жергілікті қолданғанда бринзоламид және тимолол жүйелі қан ағынына өтеді.

Бринзоламидтің эритроциттердегі ең жоғары концентрациясы (Сmах) 18.4 мкМ жуық. Тепе теңдік жай-күйінде тимололдың плазмадағы орташа Сmах

және тимололдың AUC 0-12сағ. тиісінше 0.824 ± 0.453 нг/мл және 4.71 ± 4.29 нг*сағ./мл, құрады. Тимололдың орташа Сmах 0.79 ±0.45 сағаттан кейін қол жеткізілді.

Таралуы

Бринзоламид плазма ақуыздарымен орташа байланысады (60% жуық) және карбоангидраза II (СА-II) және аз дәрежеде карбоангидраза I (СА-I) таңдап байланысуы нәтижесінде эритроциттерде жинақталады. Сондай-ақ оның белсенді метаболиті N-дезэтилбринзоламид эритроциттерде жинақталады, ол көбіне СА-I байланысады. Бринзоламидтің және оның метаболитінің эритроциттерге және тіндік СА тектес болуына байланысты олардың плазмадағы концентрациясы төмен.

Метаболизмі

Бринзоламид метаболизмі бүйірлік тізбекте N-деалкилдену, О-деалкилдену және N-пропилді тотығу жолымен жүреді. Негізгі метаболит - N-дезэтилбринзоламид бринзоламид қатысуымен СА-I байланысады және сондай-ақ эритроциттерде жинақталады. Зерттеулерде in vitro бринзоламид метаболизмінің ең бастысы CYP3A4 изоферментіне, сондай-ақ CYP2A6, CYP2B6, CYP2C8 және CYP2C9 изоферменттеріне жауап беретінін көрсетеді. Тимолол метаболизмі екі жолмен: тиадиазольді сақинада этаноламинді бүйірлік тізбек түзілумен және азот морфолинде этанольді бүйірлік тізбек және азотпен біріккен карбонильді топпен осыған ұқсас бүйірлік тізбек түзілумен жүреді. Тимолол метаболизмі ең бастысы CYP2D6 изоферментімен жүзеге асырылады.

Шығарылуы

Бринзоламид негізінен бүйрекпен және ішек арқылы тиісінше салыстырмалы мөлшерде 32% және 29% шығарылады. 20% жуығы бүйрекпен метаболиттер түрінде шығарылады. Несепте негізінен бринзоламид және N-дезэтилбринзоламид, сондай-ақ басқа метаболиттердің (<1%) қалдық мөлшері (N-дезметоксипропил және О-дезметил) анықталады. Тимолол мен оның метаболиттері негізінен, бүйрек арқылы шығарылады. 20%-ға жуық тимолол бүйрек арқылы өзгеріссіз күйінде, ал қалған бөлігі – метаболиттер түрінде шығарылады. Тимололды жергілікті қолданғаннан кейін препараттың Т1/2 - 4.8 сағат құрайды.

Фармакодинамикасы

Бринзопт Плюс препараты құрамында әсер етуші екі зат бар: бірінші кезекте, алайда әртүрлі жолдармен көзішілік сұйықтықтың секрециясын азайту есебінен, жоғары көз ішінің қысымын (КІҚ) төмендететін бринзоламид және тимолол малеаты. Әр заттың жеке-дара әсерімен салыстырғанда бринзоламид және тимололдың біріктірілген әсері КІҚ қосымша төмендеуіне әкеледі.

Бринзоламид СА-II тежегіші болып табылады. Бикарбонат иондарының түзілуі баяулауынан, соңынан натрий мен сұйықтық тасымалы деңгейін төмендеуінен болжам бойынша көз алмасының цилиарлық денесінде карбоангидраза тежелуі көзішілік сұйықтық өнімін азайтады.

Тимолол – бета-адренорецепторлардың симпатомиметикалық белсенділігі жоқ, селективті емес блокаторы, миокардқа тікелей депрессиялық әсер бермейді, жарғақшаны тұрақтандыратын белсенділігі жоқ. Бірқатар зерттеулер тимололды жергілікті қолданғанда көзішілік сұйықтық түзілуін азайтатынын және оның ағып шығуын аздап арттыратынын көрсетті.

Қолданылуы

- глаукоманың ашықбұрышты түрі бар пациенттердегі көзішілік қысымның жоғарылауы немесе ересек пациенттерде көзішілік қысымның төмендетілуі үшін монотерапия жеткіліксіз болғанда көзішілік гипертензияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Офтальмологиялық қолдануға арналған.

Құтыны пайдалану алдында шайқау керек.

Бринзопт Плюс зақымданған көзге (көздерге) белгілі бір уақытта конъюнктивалық қапшыққа күніне 2 рет 1 тамшыдан тамызады.

Препаратты тамызғаннан кейін көздің ішкі бұрышындағы көз жасы қапшығының проекциясы аумағына 2 минутқа саусақпен жеңіл басу керек – бұл препараттың жүйелік сіңуін азайтады.

Егер дозасын өткізіліп алса, онда ем кесте бойынша келесі дозасымен жалғастырылуы тиіс. Дозасы көздің (екі көздің) конъюнктивалық қапшығына тәулігіне 2 рет 1 тамшыдан аспауы тиіс.

Глаукомаға қарсы қандай да бір басқа препаратты Бринзопт Плюс препаратымен алмастырған жағдайда, алмастырылатын препаратты қолдануды тоқтату керек және келесі күні Бринзопт Плюс препаратын қолдануды бастап кету қажет.

Егер бір офтальмологиялық дәрілік препараттан артық қолданылып жатса, онда олар ең кемі 5 минут аралықпен жеке-дара қолданылуы тиіс. Көзге арналған жақпамайларды ең соңғы кезекте қолдану керек.

Құты-тамшылатқышты және оның құрамындағы заттың ластануын болдырмау үшін құты-тамшылатқыштың ұшын қандай да бір беткейге тигізіп алуға болмайды. Әр қолданудан кейін құтыны жауып қою керек.

Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі

Көзге тамызатын дәрі бринзоламид және тимололға (бекітілген біріктірілім түрінде) немесе 5 мг/мл тимололға бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттеулер жүргізілмеген. Ауырлығы жеңіл, орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза түзету қажеттігі жоқ.

Балалар

Бринзопт Плюс препаратының 18 жасқа дейінгі пациенттердегі тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты бұл пациенттерде қолдану қарсы көрсетілімде.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар туындау жиілігіне қарай келесі түрде жіктеледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - <1/100 дейін), сирек (≥1/10000 - <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000) және белгісіз

(қолда бар мәліметтер бойынша бағалау мүмкін емес).

Жиі

- дисгевзия

  • бұлыңғыр көру, көздің ауыру сезімі, көздің тітіркенуі

Жиі емес

- ұйқысыздық

- мөлдір қабықтың эрозиясы, нүктелік кератит, жарыққа қарай алмау, көздің құрғауы, көзден шығатын бөліністер, көздің қышуы, көздің алдыңғы камерасына жалқық шығуы, көзде бөгде дене тұрғандай сезіну, көздің қызаруы, көз жасы бөлінуінің күшеюі, қабақ эритемасы

- артериялық қысымның төмендеуі

- жөтел

Белгісіз

- назофарингит, фарингит, синусит, ринит

- аса жоғары сезімталдық, ангионевроздық ісінуді қоса, жүйелі аллергиялық реакциялар; анафилаксиялық реакциялар, шектелген және жайылған бөртпе, есекжем, қышыну

- депрессия, апатия, көңіл-күйдің болмауы, түнгі қорқыныштар, жоғары қозғыштық

- церебральді ишемия, естен тану, бас айналуы, бас ауыруы, миастения белгілері мен  симптомдарының күшеюі, ұйқышылдық, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, амнезия, жады бұзылуы, парестезия, тремор, гипестезия, құлақтағы шуыл

- көру жүйкесі дискісіне экскавация ұлғаюы, сүзгілеу операциясынан кейін тамыр қабықтарының ажырауы, кератит, кератопатия, мөлдір қабық эпителийінің зақымдануы, КІҚ жоғарылауы, мөлдір қабық боялуы, мөлдір қабық ісінуі, конъюнктивит, кератоконъюнктивит, субконъюнктивальді киста, Мейбоми бездерінің қабынуы, диплопия, фотопсия, көру өткірлігінің төмендеуі, птеригиум, көзде жайсыздық сезіну, көз гипестезиясы, склера пигментациясы, қастың немесе кірпіктің түсуі, қабақ ісінуі

- кардиореспираторлық дистресс-синдром, брадикардия, аритмия, кеуденің ауыруы, жүрек қағуының жиілеуі, жүрек жеткіліксіздігі, ісінулер,

атриовентрикулярлық блокада, артериялық гипотензия немесе гипертензия

- бронх түйілуі (көбінесе, осының алдында бронх түйілуі аурулары болған пациенттерде), ентігу, тамақтың тітіркенуі, мұрынның бітелуі, жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі, постназальді ісіну, түшкіру, мұрынның құрғауы, мұрыннан қан кету

- құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, диарея, ауыздың құрғауы, дәм сезбеу, жүрек айнуы, эзофагит, диспепсия, асқазанда жайсыздық сезіну, асқазан-ішек жолы бұзылыстары, метеоризм

- бауыр функциясы көрсеткіштерінің бұзылуы

- алопеция, эритема

- миалгия, бұлшықеттер түйілуі, артралгия, белдің ауыруы, аяқ-қол ауыруы

- бүйрек тұсының ауыруы, поллакиурия

- сексуалдық дисфункция, либидо төмендеуі

- эритроциттер санының төмендеуі

- гипогликемия

- қандағы лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы

- қандағы калий деңгейінің жоғарылауы

- қандағы хлоридтер деңгейінің жоғарылауы.

Жеке-дара жағымсыз реакциялардың сипаттамасы

Дисгевзия (инстилляциядан кейін ауызда болатын өте ащы немесе әдеттен тыс дәм) - клиникалық сынақтар кезінде бринзоламид + тимолол (бекітілген біріктірілім) қолдануға байланысты жиі хабарланатын жүйелік жағымсыз реакция. Ол бринзоламидпен байланысты болуы ықтимал және мұрын-көз жасы өзегі арқылы мұрын-жұтқыншаққа көз тамшылары тусуінен туындаған. Мұрын-көз жасы өзегі окклюзиясы немесе инстилляциядан кейінгі қабақты абайлап жабу бұл әсерді азайтуға көмектеседі.

Бринзопт Плюс препаратының құрамында карбоангидраза тежегіші болып табылатын бринзоламид бар және жүйелік абсорбциясы бар. Асқазан-ішек жолдары, жүйке жүйесі, қан және лимфа жүйесі, бүйрек және несеп шығару жолдары, зат алмасу және тамақтану тарапынан туындайтын әсерлер негізінен карбоангидраза тежегіштерінің жүйелік әсерімен байланысты болды. Карбоангидраза тежегіштерінің пероральді түрлеріне тән осыған ұқсас жағымсыз реакциялар оларды жергілікті қолданғанда бақылануы мүмкін.

Тимололды жергілікті қолданғанда жүйелі қан ағынына өтеді, бұл бета-адреноблокаторларды жүйелі енгізгенде туындайтынға ұқсас жағымсыз реакциялар туындатуы мүмкін. Жағымсыз реакцияларға көзге тамызатын дәрі түріндегі басқа да бета-адреноблокаторларды қолданғанда кездесетін реакциялар жатады. Жергілікті қолданғандағы жағымсыз реакциялардың жүйелік жиілігі жүйелі енгізгенмен салыстырғанда төмен болады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • басқа бета-адреноблокаторларға жоғары сезімталдық

  • сульфонамидтерге жоғары сезімталдық

  • бронх демікпесін қоса, оның ішінде анамнездегі тыныс жолдарының реактивті аурулары

  • ауыр дәрежелі өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА)

  • синустық брадикардия, синустық түйін әлсіздігі синдромы, синоатриальді блокада, II-III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

  • жүректің клиникалық айқын жеткіліксіздігі, кардиогендік шок

  • ауыр дәрежелі аллергиялық ринит

  • гиперхлоремиялық ацидоз

  • ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі

  • жүктілік, лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалық жас

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бринзопт Плюс препараты құрамында карбоангидраза тежегіші бринзоламид бар, оны жергілікті қолданғанда жүйелі сіңеді. Пероральді карбоангидраза тежегіштерін қолдану нәтижесінде қышқыл-сілтілік тепе-теңдік бұзылуының жағдайлары сипатталған. Бұндай бұзылулар мүмкіндігі Бринзопт Плюс препаратын қолданатын пациенттерде болатынын ескеру керек.

Бринзопт Плюс препаратын пероральді карбоангидраза тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені жүйелік жағымсыз реакциялар күшеюінің ықтималдығы бар.

Бринзоламид метаболизміне цитохром Р-450: CYP3A4 (негізінен), CYP2A6, CYP2B6, CYP2C8 және CYP2C9 изоферменттері жауапты.

CYP3A4 изоферментімен бринзоламид метаболизмі тежелуі мүмкіндігіне байланысты кетоконазол, итраконазол, клотримазол, ритонавир және тролеандомицин сияқты CYP3A4 изоферментін тежейтін препараттарды бір мезгілде сақтықпен қолдану керек. Алайда бринзоламид жинақталуының ықтималдығы аз, өйткені ол бүйрекпен шығарылады. Бринзоламид цитохрома Р-450 изоферменті тежегіштері емес.

CYP2D6 тежегіштерін (хинидин, флуоксетин, пароксетин) және тимололды бір мезгілде қолданғанда бета-адреноблокатордың жүйелік әсері күшеюі (жүрек жиырылу жиілігі азаюы, депрессия) дамуы мүмкін.

Анафилаксиялық реакцияларды емдеу үшін қолданылатын бета-адреноблокаторлар эпинефрин (адреналин) әсерін азайтуы мүмкін. Анамнезінде атопиясы немесе анафилаксиясы бар пациенттерде ерекше сақ болу керек.

Бета-адреноблокаторлар гипогликемиялық дәрілердің гипогликемиялық әсерін күшейтуі және гипогликемияның белгілері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Кейде офтальмологиялық бета-адреноблокаторларды және адреналинді (эпинефрин) бір мезгілде қолданумен шартталған қарашықтың кеңеюі анықталған.

Бета-адреноблокаторларды, «баяу» кальций өзекшелерінің блокаторларын, аритмияға қарсы препараттарды (оның ішінде амиодаронмен), жүрек гликозидтерімен, парасимпатомиметиктермен, гуанетидинмен бір мезгілде пероральді қолданумен бета-адреноблокаторлармен жергілікті офтальмологиялық қолданғанда артериялық гипотензияға және/немесе айқын брадикардияға әкелетін аддитивті әсерлердің ықтималдығы бар.

Клонидинмен бір мезгілде қолданғанда сақ болу ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Жүйелі әсерлері

Бринзоламид пен тимолол жүйелі сіңірілуге ұшырайды. Жергілікті қолданғанда тимолол жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі тарапынан жағымсыз әсер, сондай-ақ жүйелік бета-адреноблокаторларға тән басқа жағымсыз реакциялар туындатуы мүмкін.

Сульфонамидтер туындыларының барлығына ортақ аса жоғары сезімталдық реакциялары Бринзопт Плюс препаратын қабылдағанда жүйелі сіңуі әсерінен дамуы мүмкін.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, Принцметал стенокардиясы, жүрек жеткіліксіздігі) және артериялық гипотензиясы бар пациенттерде бета-адреноблокаторлармен ем қатаң бағалануы тиіс және басқа дәрілік заттармен емдеу мүмкіндігі қарастырылуы керек. Жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде аурудың өршуінің белгілерін және жағымсыз реакциялардың пайда болуын мұқият қадағалап отыру қажет.

Қозудың өту уақытына жағымсыз әсер ететіндігіне байланысты, атриовентрикулярлық I дәрежелі блокадасы бар пациенттерде бета-адреноблокаторларды пайдалану сақтықпен қолдану керек.

Қантамыр тарапынан бұзылулар

Шеткері қанайналымның айқын бұзылулары (Рейно ауруы немесе Рейно синдромының ауыр түрлері) бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Гипертиреоз

Бета-адреноблокаторлар гипертиреоз симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Бұлшықет әлсіздігі

Бета-адреноблокаторлар миастения симптомдарына ұқсас (мысалы, птоз, диплопия және жалпы әлсіздік) бұлшықет әлсіздігінің белгілерін күшейтетіні белгілі.

Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар

Бронх түйілуінен болатын өлімді қоса, бронх демікпесі бар пациенттерде бета-адреноблокаторларды жергілікті қолданудан кейін тыныс алу жүйесі тарапынан болатын реакциялар туралы хабарланды.

Бринзопт Плюс препаратын ауырлығы жеңіл және орташа дәрежелі ӨСОА бар пациенттерде сақтықпен және егер тек, ықтимал пайдасы болуы мүмкін қаупінен асып түсетін болса ғана қолдану керек.

Гипогликемия/қант диабеті

Бета-адреноблокаторларды кенеттен гипогликемияның дамуына бейім пациенттерде немесе тұрақсыз диабеті бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені бета-адреноблокаторлар жедел гипогликемияның симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Қышқыл-сілті теңгерімінің бұзылулары

Бринзопт Плюс препаратының құрамында бринзоламид – сульфонамид бар. Карбоангидраза тежегіштерін ішу арқылы қолданғанда қышқыл-сілті теңгерімі бұзылуы дамығаны сипатталған. Метаболизмдік ацидоздың дамуы қаупінің мүмкіндігіне байланысты, препаратты бүйрек жеткіліксіздігінің қаупі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Күрделі жағымсыз реакциялардың немесе аса жоғары сезімталдықтың реакциялары пайда болған жағдайда, препаратты қолдануды тоқтату керек.

Зейін қою

Карбоангидразалар тежегіштерін ішу арқылы қабылдау зейін қоюды және (немесе) қимыл-қозғалыс үйлесімін қажет ететін жұмыстарды атқару қабілетіне әсер етуі мүмкін. Бринзопт Плюс препаратын қолданғанда бұл әсері жергілікті қолданғанда бринзоламид жүйелі қан ағынына өтуіне байланысты бақылануы мүмкін.

Анафилаксиялық реакциялар

Бета-адреноблокаторлар қабылдайтын, анамнезінде атопиясы немесе түрлі аллергендерге ауыр анафилаксиялық реакциясы бар пациенттер осы аллергендердің әсеріне күштірек реакция беруі мүмкін, анафилаксиялық реакцияны емдеуде адреналиннің әдеттегі дозаларына төзімді болуы мүмкін.

Көз тамырлары қабықтарының ажырауы

Сүзгілеу операцияларынан кейін көзішілік сұйықтық түзілуіне кедергі келтіретін дәрілік заттарды (мысалы, тимолол, ацетазоламид) қолданғанда көз тамырлары қабықтарының ажырау жағдайлары сипатталған.

Хирургиялық анестезия

Офтальмологиялық препараттардың құрамындағы бета-адреноблокаторлар

жүйелі бета-агонистердің, мысалы, адреналиннің әсерін бөгеуі мүмкін. Операциялық араласымды жүргізер алдында анестезиологты пациенттің тимололды қолданып жүргендігі туралы хабардар ету керек.

Қатарлас ем

Бринзопт Плюс препаратын осыған дейін жүйелік бета-адреноблокаторларды қолданып жүрген пациенттерде қолданғанда препараттардың бета-адреноблокаторлардың белгілі жүйелік әсеріне қатысты, сондай-ақ КІҚ төмендеуіне қатысты фармакологиялық әсерінің өзара болжамды күшеюін ескеру керек. Бұндай пациенттерді мұқият бақылау керек.

Жергілікті әсер ететін екі бета-адреноблокаторды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Бринзопт Плюс препараты мен пероральді карбоангидраза тежегішін қабылдайтын пациенттерде карбоангидраза тежелуі салдарынан туындайтын жүйелік әсерлердің күшеюінің ықтималдығы бар. Бринзопт Плюс препараты мен пероральді карбоангидраза тежегіштерін бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Көру мүшесі тарапынан әсерлері

Мөлдір қабықтың ақауы бар пациенттерде (әсіресе, эндотелий жасушаларының саны аз пациенттерде) бринзоламидтің мөлдір қабық эндотелийі функциясындағы әсері зерттелмеген. Жанаспалы линзаларды тағатын пациенттерде бринзоламидті қолданғанда мөлдір қабықтың жай-күйіне мұқият бақылау керек, өйткені карбоангидразалар тежегіштері мөлдір қабық гидратациясына әсер етуі мүмкін. Қант диабеті немесе мөлдір қабық дистрофиясы бар пациенттер сияқты мөлдір қабықтарының ақауы бар пациенттерге мұқият бақылау жүргізу ұсынылады

Бензалконий хлориді

Бринзопт Плюс препаратының құрамына кіретін бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзалардың түсін өзгертуі мүмкін. Жұмсақ жанаспалы линзаларға тиюін болдырмау керек. Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларын алып тастауы және препарат қолданғаннан кейін оларды 15 минут өткеннен кейін ғана қайта тағуға болады.

Бензалконий хлориді препаратты жиі немесе ұзақ уақыт қолданғанда нүктелік кератопатияны және/немесе уытты ойық жаралы кератопатия туғызуы мүмкін, пациенттің жай-күйін мұқият бақылау керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бринзопт Плюс препаратын бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы, гиперхлоремиялық ацидоз

Бринзоламид + тимололдың бекітілген біріктірілімі бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин) бар пациенттерде немесе гиперхлоремиялық ацидозы бар пациенттерде зерттелмеген. Бринзоламид және оның негізгі метаболиті көбіне бүйрек арқылы шығарылатындықтан Бринзопт Плюс препараты бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарсы көрсетілімде.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерде бринзоламид және тимололды офтальмологиялық қолдануға қатысты нақты деректер жоқ немесе олар шектеулі.

Жүктілікте Бринзопт Плюс препаратын қолдану қарсы көрсетілімде.

Жергілікті офтальмологиялық қолданғанда бринзоламидтің емшек сүтіне өтетін-өтпейтіні белгісіз. Бринзоламид пероральді қолданылғаннан кейін емшек сүтіне өтеді.

Бета-адреноблокаторлары емшек сүтімен бөлінеді. Алайда нәрестелерде бета-адренорецепторлардың блокадасының клиникалық симптомдары дамуын туындататындай тимололды офтальмологиялық қолданғанда емшек сүтінде жеткілікті мөлшерде болу ықтималдығы аз. Алайда емшектегі сәби үшін қаупін жоққа шығару мүмкін емес. Сәбиді емшекпен емізудің артықшылығы мен анасы үшін емнің пайдасын ескере отырып, емшекпен емізуді тоқтату немесе Бринзопт Плюс препаратын қолдануды тоқтату туралы шешім қабылдау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бринзопт Плюс препараты көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне елеусіз әсер етеді. Карбоангидраза тежегіштері зейін қоюды және/немесе қозғалыс үйлесімділігін талап ететін міндеттерді орындау қабілетін әлсіретуі мүмкін.

Егер пациентте препарат қолданудан кейін көрудің уақытша бұлыңғыр-лануы туындаса, көлік құралдарын басқаруына және ол қалпына келгенге дейін барынша зейін қою және реакция талап ететін қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: препаратты ішке кездейсоқ қабылдаған жағдайда бета-адреноблокатордан артық дозалану симптомдары бақылануы мүмкін: брадикардия, гипотензия, жүрек жеткіліксіздігі және бронх түйілуі.

Бринзоламид әсері нәтижесінде электролиттік теңгерімнің бұзылуы туындауы, ацидоз және орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар дамуы мүмкін.

Емі: препараттың артық мөлшері көзге тигенде көзді жылы судың мол мөлшерімен жуу керек.

Препаратпен артық дозаланғанда – симптоматикалық ем. Қан сарысуындағы электролиттердің концентрациясын (әсіресе, калийдің) бақылау керек және қандағы рН шамасын бақылап отыру қажет.

Гемодиализ тиімсіз - тимолол диализденбейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан тамшылатқыш-тығыны және сақтандырғыш сақиналы қақпағы бар полиэтилен құтыда.

Құтыға заттаңба жапсырылады.

Бір құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада, түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Құтыны ашқаннан кейін қолдану мерзімін 4 аптадан асыруға болмайды.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Ромфарм Компани С.Р.Л.,

Ероилор к-сі, № 1А, Отопень қ., Румыния

тел. +4021 350 46 40, факс: +4021 350 46 41

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Ромфарм Компани Грузия ЖШҚ,

Тбилиси қ., Грузия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«ROMPHARM COMPANY» СРЛ («РОМФАРМ КОМПАНИ» СРЛ) коммерциялық қоғамының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі,

050013, Алматы қ., Бұқар Жырау бульвары, 33 үй, «Жеңіс» БО, кеңсе 41,

телефон: 8 (727) 247-07-85, факс: 8 (727) 376-35-88,

электронды пошта: amangul-62@mail.ru

Прикрепленные файлы

ИМП_Бринзопт_Плюс_111776.docx 0.05 кб
эксп_Бринзопт_плюс__инструкция_каз__19.08_.2019_.doc 0.14 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту