Биолектра магнезиум фортиссимум

МНН: Магния карбонат, Магния оксид
Производитель: Гермес Арцнаймиттель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация различных солей магния
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020181
Информация о регистрации в РК: 11.02.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Биолектра магнезиум фортиссимум

BIOLECTRA® magnesium fortissimum

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көпіршитін таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді заттар: 342,0-369,4 мг жеңіл магний оксиді, 670 мг магний карбонаты, баламалы: 365 мг Mg2+ / таблетка ± 5 % (346.75 – 383.25 мг Mg2+ / таблетка);

қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий карбонаты, калий гидрокарбонаты, натрий сахарині, натрий цикламаты, натрий хлориді, лимон хош иістендіргіші «МН» (E 143), лайм хош иістендіргіші «МGK» E (163).

Сипаттамасы

Дөңгелек, жалпақ цилиндр пішінді, беті кедір-бұдырсыз тегіс, биіктігі 7.5-8.3 мм және диаметрі 25.0 мм, бір жағында HERMES бедері бар, лимон иісті ақ түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да минералды қоспалар. Магний тапшылығы дәлелденгенде қолданылатындар.

АТХ коды А12СС30

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ауыз арқылы енгізілген магний организмдегі магнийдің бастапқы құрамына байланысты сіңеді. Магний жеткіліксіздігі кезінде көбірек, мөлшері жеткілікті болса азырақ сіңеді. Сол арқылы сіңу жағдайлары, физиологиялық биологиялық белсенді заттарға тән гомостатикалық жолмен реттелетін дегрессивтік сіңу кинетикасына сәйкес келеді. Магний деңгейі теңдестірілген және бүйрек қызметі бұзылмаған кезде магнийдің енгізілуі жоғары болуына қарамастан, магнийдің стандартты мәндер шегінен асатын жинақталуы орын алмайды. Ішекте сіңуінен кейін магнийдің негізінен бүйрек арқылы бөлініп шығуы жүзеге асады. Сіңірілмеген магний нәжіспен бірге шығып кетеді.

Фармакодинамикасы

Магний зат алмасу реакцияларының көпшілігіне қатысатын, организм үшін маңызды элемент болып табылады.

Көптеген генерациялау немесе энергия жұмсау қызметтері (мысалы, тотықтырғыш фосфорлану немесе иондық сорғы, бұлшықеттердің жиырылуы) магнийге тәуелді және организмнің магниймен қамтылуы бұзылған жағдайда жеткіліксіз дәрежеде жүзеге асады немесе толығымен бұзылады. Магний тапшылығы артериялық гипертензия, тамырлардың түйілуі және несептас ауруы дамуындағы патогенетикалық механизмдердің бірі болып табылады. Стресс жағдайларында иондалған бос магнийдің көп мөлшері шығарылады, соған байланысты магнийдің қосымша мөлшері стреске резистенттіліктің артуына ықпал етеді. Магний кальций иондарының антагонисі бола отырып, жүйке-бұлшықеттің қозу үдерістерінде жетекші рөл атқарады. Дені сау адамдар үшін тамақпен түсетін магнийдің тәуліктік қажеттілігі: ересек ерлерде 350 мг; әйелдерде 300 мг; 15-19 жастағы жасөспірімдерде – 350-400 мг; жүкті әйелдерде-310 мг; бала емізетін әйелдерде 390 мг құрайды. Ересек адамның организміндегі магнийдің жалпы мөлшері 20-30г жуықты құрайды. Осы мөлшерінің шамамен 50 %-ы сүйекте, 45 %-ы жасушаларда болады және жалпы мөлшерінің тек 5 %-ын ғана қан плазмасынан анықтауға болады. Магнийдің жасушаішілік концентрациясы 10-нан 60 ммоль/литрге дейін ауытқып тұрады, магнийдің қан плазмасындағы концентрациясының қалыпты мәндері 0,7-ден 1,1 ммоль/литрге дейінгі шекте болады. Қан плазмасында магний иондарының шамамен 2/3-сі еріген күйде болады және 1/3-іне жуығы протеиндермен байланысады.

Қолданылуы

Организмдегі магний тапшылығын емдеу және алдын алуда:

- бұлшықет қызметі тарапынан болатын бұзылулардың (нейробұлшықеттік бұзылулар, балтыр бұлшықеттерінің құрысулары) себебі болып табылатын магний тапшылығында

Қолдану тәсілі мен дозалары

Биолектра магнезиум фортиссимумның дозасы магний тапшылығының дәрежесіне байланысты болады. Орташа тәуліктік дозасы 1-2 көпіршитін таблетканы құрайды.

Биолектра магнезиум фортиссимум үшін дозалары бойынша төмендегідей ұсынымдар бар:

- 15 жастан асқан жасөспірімдерге және ересектерге: күніне бір рет көпіршитін 1 таблеткадан.

- Ауыр магний тапшылығында Биолектра магнезиум фортиссимумның көпіршитін 2 таблеткасына дейінгі жоғарырақ дозалары электролиттер алмасуын бақылай отырып, дәрігердің бақылауымен тағайындалуы мүмкін.

Көпіршитін 1 таблетка бір стақан суда ерітіледі, алынған ерітіндіні ішу қажет. Емдеу ұзақтығы магний тапшылығы негізіндегі себептеріне байланысты. Магнийді жоғары дозаларда ұзақ уақыт қабылдау дәрігердің қадағалауымен жүргізілуі тиіс.

Жағымсыз әсерлері

- жоғарырақ дозаларында нәжістің жұмсаруы сияқты құбылыс туындауы мүмкін, ол қауіпті болып табылмайды және дозасын төмендеткеннен кейін басылады. Жоғары дозаларында іш жүргізгіш әсері, диарея болуы мүмкін.

- Биолектра магнезиум фортиссимум препаратының жоғары дозаларын ұзақ уақыт қабылдағанда шаршау сезімі дамуы мүмкін. Бұл жағдайда дәрігер клиникалық және химиялық талдау әдістерінің көмегімен, магнийді ары қарай қабылдаудың талапқа сай екендігі жөнінде шешім қабылдауы тиіс.

- препараттың әсер етуші затына немесе қосымша компоненттеріне аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді затына немесе қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бүйрек қызметінің бұзылулары

- жүректе қозғыштықтың өткізілуінің бұзылулары (жоғары дәрежелі AV–блокада), брадикардияға алып келуі мүмкін

- электролит алмасуының бұзылуы (гипермагниемия, гиперкалиемия)

- гравис миастениясы

- эксикоз (сусыздану)

- метаболикалық алкалоз

- несеп шығару жолдарының созылмалы жұқпалары (струвиттік тастардың түзілу қаупі бар)

- кальций-магний-фосфат-аммонийлік диатез

- 15 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Темір, натрий фториді препараттарымен немесе тетрациклинмен бір мезгілде емдегенде темірдің, натрий фторидінің, тетрациклин мен магнийдің сіңірілуі бұзылуы мүмкін.

Бұл жағдайларда Биолектра магнезиум фортиссимум мен ішілетін темір препараттарын немесе тетрациклинді қабылдаулар арасында 3-4 сағаттық аралық сақталуы тиіс. Құрамында алюминий бар препараттарды (мысалы, антацидтік дәрілерді) бір мезгілде қабылдағанда алюминийдің сіңуі жоғары болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Көпіршитін 1 таблетканың құрамында 4,65 ммоль (107 мг) натрий бар. Мұны натрий құрамы төмен емдәм ұстанып жүрген адамдар ескеруі керек.

Көпіршитін 1 таблетканың құрамында 2,51 ммоль (98 мг) калий бар. Мұны бүйрек қызметі бұзылған емделушілер, сондай-ақ калий құрамы төмен емдәм ұстанып жүрген емделушілер ескеруі қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Магний қосылыстарын жүктілік және бала емізу кезінде қолдануға қарсы көрсетілімдер анықталмаған.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Биолектра магнезиум фортиссимум автокөлік басқару және басқа механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.

Үйлесімсіздігі

Анықталмаған.

Артық дозалануы

Магний тұздарын ішке қабылдағанда оның мөлшерінің артық болуы тек бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдарда ғана күтіледі. Мұндай емделушілерге магний тұздарын қабылдау қарсы көрсетілімді.

Симптомдары: магнийдің жоғары концентрациялары қаңқа бұлшықеттерінің босаңсуын туғызады (қан плазмасындағы магний концентрациясы 5,5 ммоль/литрден жоғары). Магний иондарының одан да жоғары концентрациялары (10-20 ммоль/литр) жүректе өткізгіштік кезеңін ұзартады, ал одан да жоғары концентрациясы диастолада жүректің тоқтап қалуына алып келеді.

Емі: аталған иондар арасында антагонизм болғандықтан, дәрігердің тағайындауымен кальцийді көктамыр ішіне енгізу сипатталған симптомдардың бәсеңдеуіне алып келеді.

Шығарылу түрі және қаптамасыПолипропиленнен жасалған 1 немесе 2 тубадан № 10 (полиэтиленнен жасалған десиканты бар тығынмен жабылады) медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Гермес Арцнаймиттель ГмбХ

Георг-Кальб-Штрассе, 5-8

82049 Мюнхен,

Германия

Тіркеу куәлігінің иесі/ Эксклюзивті өкілі

Альпен Фарма АГ

Берн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Альпен Фарма» ЖШС

Алматы қ., Жетісу-2 ықш. ауд., 80 үй, 54 пәтер

Тел./факс + 7 727 2265306

E-mail: info. kazakhstan@alpenpharma.com

Начальник

Прикрепленные файлы

953488881477976841_ru.doc 61 кб
486840441477978002_kz.doc 69 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники