Аскорутин-МБФ
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Аскорутин-МБФ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек-қантамыр жүйесі. Вазопротекторлар. Капиллярларды тұрақтандыратын дәрілер. Биофлавоноидтар. Рутозид, біріктірілімдер АТХ коды С05СА 51
Қолданылуы
С және Р гипо- және авитаминоздың профилактикасында және емдеуде
капиллярлардың жоғары өткізгіштігі мен сынғыштығымен қатар жүретін аурулар мен жағдайларда: геморрагиялық диатездер, капилляротоксикоздар, сәулелік ауру, септикалық эндокардит, ревматизм, гломерулонефрит, гипертониялық ауру, арахноидит, инфекциялық аурулар (бөртпе сүзегі, қызылша, скарлатина)
антикоагулянттарды (неодикумарин, фенилин және олардың баламалары), салицилаттарды қолдануға байланысты капиллярлардың зақымдануларында профилактикалық және емдік мақсатта
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
тромбофлебит
қандағы гиперкоагуляциямен және тромбоздарға бейімділікпен қатар жүретін жағдайлар
қант диабеті (құрамында аскорбин қышқылы болғандықтан)
гипероксалурия
жүктіліктің I триместрі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Қант диабеті бар пациенттерге препараттың бір таблеткасында 0,2 г көмірсулар (0,017 НБ) бар екенін ескеру қажет.
Барлық дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
В тобының витаминдерімен және құрамында мыс бар препараттармен қолдану ұсынылмайды.
Ұзақ қолданған жағдайда (4 аптадан астам) рутинді жүрек гликозидтерімен, гипертензияға қарсы дәрілермен немесе стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен бір уақытта тағайындауға болмайды, себебі ол олардың әсерін күшейтуі мүмкін.
Аскорбин қышқылы салицилаттармен үйлескенде олардың сарысудағы концентрациясын жоғарылатады және кристаллурия қаупін арттырады. Кумарин туындыларының антикоагулянтты әсерін төмендетеді. Ішекте пенициллин, темір препараттарының сіңірілуін жақсартады, оральді коагулянттардың сіңірілуін төмендетеді. Оральді контрацептивтерді пайдалану организмдегі С витаминінің деңгейін төмендетеді.
Арнайы сақтандырулар
Препаратты жеміс немесе көкөніс шырындарын қолданумен, сілтілі сусынмен бір уақытта пайдалану С витаминінің сіңірілуін төмендетеді. Сонымен қатар, сіңірілуі энтериттер кезінде бұзылуы мүмкін.
Препараттың жоғары дозаларын қан ұюы жоғары науқастарға тромбофлебиттерде, тромбозға бейімділікте, қант диабетінде (құрамында аскорбин қышқылы болғандықтан) тағайындауға болмайды.
Аскорутин-МБФ жоғары дозаларын қолданған кезде бүйрек қызметін және артериялық қысым деңгейін, сондай-ақ, ұйқы безінің қызметін бақылап отыру қажет. Препарат қандағы билирубин, глюкоза деңгейін, трансаминазалар, лактатдегидрогеназа және басқалардың белсенділігін анықтауға қатысты зертхана тестілерінің нәтижелерін өзгертуі мүмкін.
Жүктілік және лактация
С витаминінің жоғары дозалары эстрогендер синтезінің артуына байланысты жүктілікті тоқтатуды тудыруы мүмкін. Препарат құрамында рутин болғандықтан, оны жүктіліктің алғашқы триместрінде қолдануға болмайды.
Препаратты лактация кезеңінде қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектер мен 18 жастан асқан балаларға күніне 1 таблеткадан қабылдау керек.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке.
Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі
Емдеу үшін ересектерге және 18 жастан асқан балаларға күніне 2-3 рет қабылдауға, тамақтану кезінде немесе одан кейін.
Профилактика мақсатында: ересектер мен 18 жастан асқан балаларға күніне 1 таблеткадан 1-2 рет қабылдауға.
Емдеу ұзақтығы
Курс жекелей дәрігермен анықталады.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іш өту, бас ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы, тромб түзілуі.
Емі: асқазанды шаю, сорбенттер, симптоматикалық ем.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Егер сіз дәрілік препаратты қабылдауды ұмытып қалсаңыз, жіберілген өтем үшін екі еселенген дозаны қабылдамаңыз!
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім
Аскорутин-МБФ дәрілік препаратын емдеуші дәрігермен алдын ала кеңесуінсіз қабылдауды тоқтатпаңыз!
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге консультация алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаса, медициналық қызметкерге немесе Сіздің емдеуші дәрігеріңізге кеңес алу үшін хабарласыңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жиілігі белгісіз
аллергиялық реакциялар
бас ауыруы, жоғары қозғыштық, ұйқының бұзылуы
артериялық қысымның жоғарылауы
тромбоцитоз, лейкоцитоз
жүрек айнуы, құсу, анорексия, эпигастрий аумағының ауыруы, ішек түйілулері, диарея
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: аскорбин қышқылы – 50 мг, рутозид (рутин) – 50 мг,
қосымша заттар: сахароза (қант), картоп крахмалы, кальций стеараты моногидраты (1- сулы кальций стеараты), тальк.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді және жайпақ беткейлі жасыл, қоңыр және ақ түсті ұсақ теңбілдері бар ашық жасылдау-сарғыш түсті таблеткалар
Шығарылу түрі мен қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушы ыдысына арналған картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Өндіруші туралы мәліметтер
«Марбиофарм» ААҚ Ресей Федерациясы,
424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ.,
К.Маркс к-сі, 121.
Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00
e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Марбиофарм» ААҚ Ресей Федерациясы,
424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ.,
К.Маркс к-сі, 121.
Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00
e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, заңды мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
Утегенова Б.А. ЖК
010000, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғылы 18, 50 пәт.
Тел.: + 77017076181
Электронды поштасы: b.utegenova_ip@mail.ru