Алувиа (200 мг/50 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Алувиа
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 200 мг лопинавир және 50 мг ритонавир,
қосымша заттар: коповидон, сорбитан лаурат, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы,
таблетканың қабығы: натрий стеарилфумараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, гипромеллоза 2910(6mPa*s), титанның қостотығы (Е171), макрогол 400, гидроксипропилцеллюлоза, гипромеллоза 2910 (15mPa*s), тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, макрогол 3350, темірдің қызыл тотығы (Е172), полисорбат 80.
Сипаттамасы
Бір жағында «АL» және Abbott корпорациясының логотипі басылған, қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған сопақша таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін дәрілер. HIV протеиназа тежегіштері.
АТХ коды J05A E
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Дені сау ересек еріктілер мен АИТВ жұқтырған тұлғалардың фармакокинетикалық параметрлерінде айтарлықтай айырмашылықтар анықталмаған. Лопинавир CYP3A әсерімен іс жүзінде толық ыдырайды. Ритонавир лопинавирдің метаболизмдік ыдырауын тежейді, осылайша, қан плазмасындағы лопинавир концентрациясының ұлғаюына ықпал етеді. Тепе-тең жағдайдағы лопинавирдің орташа концентрациясы, ритонавир концентрациясымен салыстырғанда, 15-20 есе жоғары. Қан плазмасындағы ритонавир концентрациясы ритонавирді 600 мг дозада тәулігіне екі рет енгізгеннен кейін байқалатын концентрацияның 7%-дан аз бөлігін құрайды. Лопинавирдің вирусқа қарсы тиімді концентрациясы EC50 ритонавир концентрациясынан шамамен 10 есе төмен. Алувиа препаратының вирусқа қарсы белсенділігі лопинавирдің қатысуымен жүзеге асады.
Сіңуі: лопинавирдің қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы (Сmax) енгізілгеннен кейін шамамен 4 сағаттан соң 9.6 4.4 мкг/мл құрайды. Таңертеңгі дозасын енгізер алдында тепе-тең жағдайдағы орташа ең төмен концентрациясы 5.5 4.0 мкг/мл құрайды. Лопинавирге тән AUC шамасы енгізілгеннен кейін 12 сағаттан соң 82.8 44.5 мкг/сағ./мл құрайды. Ритонавирмен бірге енгізген кездегі лопинавирдің абсолютті биожетімділік шамасы адамда анықталмаған. Майлы тамақтан кейін (872 Ккал, 56 % майлар) және ашқарынға Алувианы қабылдағанда Сmax және AUCinf көрсеткіштері айтарлықтай өзгерген жоқ.
Таралуы: тепе-тең жағдайда шамамен 98-99% лопинавир плазма ақуыздарымен байланысады.
Метаболизмдік ыдырауы: лопинавир көбінесе тотығу жолымен метаболизденеді. Лопинавир бауырда Р450 цитохромы жүйесінің, атап айтқанда, CYP3A изоферментінің әсер етуімен қарқынды ыдырайды. Ритонавир CYP3A белсенділігін қуатты тежеуші болып табылады, сол арқылы лопинавирдің ыдырауын бөгеп, қан плазмасындағы концентрациясының ұлғаюына жол ашады.
Шығарылуы: лопинавирдің жартылай шығарылу кезеңі препаратты енгізулер арасындағы 12-сағаттық үзіліс бойына, орта есеппен, 5-6 сағат құрайды, ал лопинавир клиренсі сағатына 6-7 л-ге тең.
Балалардағы фармакокинетикасы. Орташа тұрақтанған AUC, Сmax және Сmin деңгейлері невирапинсіз 230мг/57.5мг/м2 дозаларында лопинавир/ритонавирдің ішуге арналған ерітіндісінен кейін, тиісінше, 72.6 31.1 гсағ./мл, 8.2 2.9 г/мл, 3.4 2.1 г/мл және невирапинмен біріктірілген 300мг/75мг/м2 дозаларында лопинавир/ритонавирдің ішуге арналған ерітіндісінен кейін, тиісінше, 85.8 36.9 гсағ./мл, 10.0 3.3 г/мл және 3.6 3.5 г/мл құрады.
Егде жастағы пациенттер. Жас ерекшелігіне немесе тұқым қуалаушылыққа тәуелді ешбір айырмашылық табылған жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі. Лопинавирдің бүйректік клиренсі болымсыз, бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда жалпы клиренстің азаюы күтілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі. Лопинавирдің жалпы концентрациясының шамамен 30% клиникалық мәнсіз шектеулі ұлғаюы байқалады.
Фармакодинамикасы
Лопинавир – АИТВ-1 және АИТВ-2 протеазаларының тежегіші – жетілмеген инфекциялы емес вирус өніміне әкелумен gag-pol-полипротеин ыдырауын болдырмайды.
Ритонавир – ішу арқылы қолдануға арналған АИТВ-1 және АИТВ-2 аспартил протеазаларының пептидомиметикалық тежегіші. АИТВ протеазасының тежелуі бұл ферментті gag pol полипротеинінің ізашарын өңдеуге қабілетсіз етеді, бұл морфологиялық тұрғыда жетілмеген, инфекцияланудың жаңа циклдарын бастамалауға қабілетсіз АИТВ бөлшектерінің түзілуіне әкеледі. Ритонавирдің АИТВ протеазасына іріктелген туыстығы және адамның аспартил-протеазаларына қарсы төмен тежеу белсенділігі бар.
Қолданылуы
- АИТВ жұқтырған пациенттерді басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Алувианы АИТВ инфекциясын емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер тағайындауы тиіс. Таблеткаларды шайнамай, сындырмай және ұсақтамай бүтіндей жұтқан жөн. Таблеткаларды ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.
Ересектер
400/100 мг-ден (2 таблетка 200/50 мг-ден) тәулігіне 2 рет.
800/200 мг-ден (4 таблетка 200/50 мг-ден) тәулігіне 1 рет, 3-тен кем лопинавирмен астасқан мутациялары бар пациенттерде, ас ішуге байланыссыз. Алувианы 3 және одан көп лопинавирмен астасқан мутациялары бар пациенттерде күніне 1 рет қолдану жөнінде деректер жеткіліксіз.
Алувиа тәулігіне бір рет фенобарбиталмен, фенитоинмен, карбамазепинмен біріктіріп қолданылмауы тиіс.
Қатарлас емдеу
Омепразол және ранитидин. Алувианы дозаны реттемей-ақ қышқылдылықты азайтатын препараттармен (омепразол мен ранитидин) біріктіріп қолдануға болады.
Эфавиренз, невирапин, ампренавир, нелфинавир. Бұрын ем алған және лопинавирге сезімталдығының азаюын жорамалдауға болатын пациенттерде эфавиренз, невирапин, ампренавир немесе нелфинавирмен біріктіріп қолданғанда Алувиа дозасын 500/125 мг-ге дейін (2 таблетка 200/50 мг-ден және 1 таблетка 100/25 мг-ден) тәулігіне 2 рет арттыру қажет екенін ескерген жөн (емдеу жөніндегі сыртартқыдағы деректер немесе зертханалық деректер). Алувианы тәулігіне бір рет эфавиренз, невирапин, ампренавир немесе нелфинавирмен біріктіріп қолдануға болмайды.
Балалар
Алувиа препаратын бала жасындағы пациенттерде күніне бір рет қолданбау керек.
Дене салмағы 35 кг (10 жастан асқан) және одан артығырақ немесе дене беткейінің ауданы (ДБА)* 1.4 м2 немесе одан аумақты балаларда тәулігіне 2 рет 400/100 мг ересектік доза қолданылады (эфавиренз, невирапин, нелфинавир немесе ампренавирді қатарлас қолданусыз).
* Дене беткейінің ауданы мына формула бойынша есептелген:
ДБА (м2) = √ (Бойы (см) X дене салмағы (кг) / 3600)
Дене салмағы 35 кг-ден аз немесе ДБА 0.6-дан 1.4 м2 дейін, таблетканы бүтін жұта алатын балаларға арналған дозаны төмендегі кестеден қара.
ДБА 0.6 м2 аз балаларда немесе таблетка жұта алмайтындарда лопинавир/ритонавир (Калетра) ішуге арналған ерітінді түрінде қолданылады.
1 кесте
100/25 мг Алувианың
ДБА қарай дозалануы
(эфавиренз, невирапин, нелфинавир немесе ампренавирді қатарлас қолданусыз)
ДБА (м2) |
100/25 мг таблеткалардың тәулігіне 2 рет ұсынылған саны (эфавиренз, невирапин, нелфинавир немесе ампренавирді қатарлас қолданусыз) |
0.6-дан 0.9-ға дейін |
2 таблетка (200/50 мг) |
0.9-дан 1.4-ке дейін |
3 таблетка (300/75 мг) |
1.4 |
4 таблетка (400/100 мг) |
2 кесте
100/25 мг Алувианың
дене салмағына қарай дозалануы
(эфавиренз, невирапин, нелфинавир немесе ампренавирді қатарлас қолданусыз)
Дене салмағы (кг) |
Алувиа 100/25 мг таблеткаларының тәулігіне 2 рет ұсынылған саны (эфавиренз, невирапин, нелфинавир немесе ампренавирді қатарлас қолданусыз) |
7-ден 15 кг-ге дейін |
Таблеткалар қолдану ұсынылмаған. Ішуге арналған ерітінді қолданылады. |
15-тен 25 кг-ге дейін |
2 таблетка |
> 25-тен 35 кг-ге дейін |
3 таблетка |
> 35 |
4 таблетка (немесе 200/50 мг-ден 2 таблетка) |
Эфавиренз, невирапин, нелфинавир немесе ампренавирді қатарлас қолдану
3 кесте
100/25 мг Алувианың
ДБА қарай дозалануы
(эфавиренз, невирапин, нелфинавир немесе ампренавирді қатарлас қолданғанда)
ДБА (м2) |
Алувиа 100/25 мг таблеткаларының тәулігіне 2 рет ұсынылған саны (эфавиренз, невирапин, нелфинавир немесе ампренавирді қатарлас қолданғанда) |
0.6-дан 0.8-ге дейін |
2 таблетка (200/50 мг) |
0.8-ден 1.2-ге дейін |
3 таблетка (300/75 мг) |
1.2-ден 1.7-ге дейін |
4 таблетка (400/100 мг) |
1.7 |
5 таблетка (500/125 мг) |
4 кесте
100/25 мг Алувианың
дене салмағына қарай дозалануы
(эфавиренз, невирапин, нелфинавир немесе ампренавирді қатарлас қолданғанда)
Дене салмағы (кг) |
Алувиа 100/25 мг таблеткаларының тәулігіне 2 рет ұсынылған саны (эфавиренз, невирапин, нелфинавир немесе ампренавирді қатарлас қолданғанда) |
7-ден 15 кг-ге дейін |
Таблеткалар қолдану ұсынылмаған. Ішуге арналған ерітінді қолданылады. |
15-тен 20 кг-ге дейін |
2 таблетка |
> 20-дан 30 кг-ге дейін |
3 таблетка |
> 30-дан 45 кг-ге дейін |
4 таблетка (немесе 200/50 мг-ден 2 таблетка) |
> 45 кг |
5 таблетка |
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер: бауыр функциясы жеңіл және орташа дәрежеде бұзылған АИТВ жұқтырған пациенттерде қан плазмасындағы лопинавир концентрациясы шамамен 30% артады, оның клиникалық мәні жоқ.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер: дозаны реттеу керек емес. Алувианы бүйрек функциясы ауыр дәрежеде бұзылған пациенттерде қолданғанда сақ болу керек.
Жағымсыз әсерлері
Ересек пациенттердегі жағымсыз реакциялар.
Хабарланған жағымсыз реакциялардың ауырлығы орташадан ауыр дәрежеге дейін, себеп-салдарлы байланысы болжамды немесе ықтималды болды. Төменде келтірілген жағымсыз реакциялар туындау жиілігі бойынша орналасқан: өте жиі (10%-дан аса), жиі (1-10%), жиі емес (0.1- 1%).
Өте жиі
- жүрек айну, диарея
- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары
Жиі
- анемия, лейкопения, лимфоаденопатия, нейтропения
- артериялық гипертензия
- есекжем, Квинке ісінуі
- артралгия, арқаның ауыруы, миалгия, бұлшықет әлсіздігі, түйілулер
- төменгі тыныс жолдарының инфекциялары
- целлюлит, фолликулит, фурункулез
- бас сақинасы, ұйқысыздық, нейропатия, шеткергі неврит, бас айналу
- мазасыздық
- құсу, іштің ауыруы, диспепсия, гастроэнтерит, колит, гастроэзофагеальді рефлюкс, панкреатит, іштің кебуі, ішектің кебуі, геморрой
- бүйрек жеткіліксіздігі
- эректильді дисфункция, аменорея, меноррагия
- бөрту, макуло-папулезді бөртпе, липодистрофия, қышыну, дерматит, экзема, себореялық дерматит, түнде терлеу
- астения
- қан плазмасындағы триглицеридтер, жалпы холестерин деңгейінің жоғарылауы, салмақтың азаюы, тәбеттің төмендеуі, қант диабеті
- глюкоза, амилаза, АЛТ/АСТ, глутаматпируват трансферазалары (ГПТ)/АЛТ деңгейлерінің жоғарылауы, бауыр сынамалары көрсеткіштерінің қалып шегінен ауытқуы
Жиі емес
- иммун жүйесі тарапынан бұзылыстар: иммундық реактивация синдромы
- эндокриндік бұзылыстар: ерлер гипогонадизмі
- зат алмасу, метаболизм бұзылыстары: тәбеттің артуы, лактатацидоз, дене салмағының артуы
- психикалық бұзылыстар: әдеттен тыс түс көрулер, либидоның төмендеуі
- – неврологиялық бұзылыстар: церебральді асқынулар, құрысулар, тремор, дәм сезбей қалу
- көру және есту мүшесі тарапынан бұзылыстар: көру бұзылыстары, бас айналу, құлақтың шыңылдауы
- жүрек-қан тамыр бұзылыстары: атеросклероз, миокард инфарктісі, атриовентрикулярлы блокада, үш жармалы жүрек клапанының жеткіліксіздігі, тромбофлебит
- асқазан-ішек бұзылыстары: іш қату, ауыздың кеберсуі, нәжістің тоқтамауы, гастрит, асқазан ойық жарасы, дуоденит, ауыздың шырышты қабығының ойық жаралануы, стоматит, ректальді қан кетуге ұласатын асқазан-ішектен қан кету
гепатобилиарлық жүйе бұзылыстары: холангит, бауырдың майлы дистрофиясы, гепатомегалия
– тері және тері асты шелмайы тарапынан бұзылыстар: алопеция, капиллярит, васкулит
– тірек-қимыл аппараты және дәнекер тін тарапынан бұзылыстар: остеонекроз, рабдомиолиз
– несеп шығару жүйесі тарапынан бұзылыстар: гематурия, нефрит
– зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі: глюкоза көтерімділігінің төмендеуі, салмақтың көбеюі, салмақтың азаюы, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы, гормональді деңгейдің өзгеруі, зертханалық көрсеткіштердің патологиялық өзгерістері, қан плазмасындағы препараттар деңгейінің жоғарылауы, липаза деңгейлерінің, бүйректік креатинин клиренсінің жоғарылауы
Балалардағы жағымсыз реакциялар.
Балалардағы препараттың жағымсыз реакциялар және көтерімділік бейіні ересек пациенттердегідей болды. Дәм сезудің бұрмалануы, құсу және диарея ең көп жиірек хабарланған.
Жиі
- вирустық инфекция
- дәм сезудің бұрмалануы
- іш қату, құсу, панкреатит
- гепатомегалия
- бөрту, терінің құрғауы
- қызба
- тромбопластиннің ішінара белсенділену уақытының ұзаруы; гемоглобин деңгейінің, тромбоциттер санының азаюы; натрий, калий, кальций деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі; билирубин, АЛТ/АСТ, ГПТ/АЛТ, амилаза, жалпы холестерин, несеп қышқылының артуы; нейтропения.
Іс жүзінде қолдану кезінде (клиникада) туындаған жағымсыз реакциялар
Уытты эпидермалық некролиз, гепатит, сирек түрде – сарғаю; Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема; брадиаритмия, остеонекроз туралы хабарланған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- лопинавирге немесе ритонавирге немесе препараттың қандай да бір белсенді емес компонентіне жоғары сезімталдық
- клиренсі едәуір мөлшерде CYP3A-ға тәуелді және қан плазмасындағы концентрацияларының көтерілуі күрделі және/немесе өмірге қауіпті реакциялардың пайда болуына алып келетін мынадай препараттармен бір мезгілде қолдану: альфузосин, фузидин қышқылы, астемизол, терфенадин, блонансерин, мидазолам, триазолам, цизаприд, ловастатин, симвастатин, сальметерол, пимозид, амиодарон, қастауыш алкалоидтары (эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин мен метилэргоновин) және варденафил, сильденафил (өкпенің гипертензиясын емдеу үшін қолданылғанда),
- құрамында шілтерленген шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік тектес препараттармен бір мезгілде қолдану
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Алувиа құрамында in vitro Р450 цитохромы CYP3A изоферментінің тежегіштері болып табылатын лопинавир мен ритонавир бар. Алувиа препараты мен CYP3A жүйесімен алғаш метаболизденетін дәрілік заттарды бір мезгілде тағайындау олардың емдік әсері мен жағымсыз реакцияларын арттыруы немесе ұзартуы мүмкін. Алувиа клиникада пайдаланылатын концентрациялардағы CYP2D6, CYP2C9, CYP2C19, CYP2E1, CYP2B6 немесе CYP1A2-ні тежемейді.
Алувиа in vivo өзінің метаболизмін индукциялайды және P450 цитохромы ферменттік жүйесінің көмегімен, сондай-ақ глюкурондану арқылы метаболизденетін кейбір дәрілік препараттардың биоөзгерісін арттырады.
Бұл Алувиа препаратымен бір мезгілде тағайындағанда қан плазмасындағы препараттар концентрациясының кемуіне және олардың тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Алувиа мен фентанил бір мезгілде қолданылғанда науқас ахуалын мұқият қадағалау керек.
Кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштері. Алувиа препаратын ставудинмен немесе ламивудинмен біріктіріп тағайындағанда лопинавир фармакокинетикасында өзгерістер байқалмаған.
Диданозинді аш қарынға қабылдау ұсынылады; диданозинді Алувиа таблеткаларымен бірге ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.
Алувиа глюкурондануды индукциялайды, сондықтан зидовудин мен абакавир концентрациясын төмендетеді. Алувианы тенофовир дизопроксилі фумаратымен бірге қолдану тенофовир деңгейінің лопинавир мен ритонавир концентрацияларының өзгерісінсіз шамамен 30% артуына алып келеді, бірақ тенофовирдің жоғары концентрациялары, бүйрек функциясының бұзылуын қоса, астасқан бұзылуларды әлеуеттендіруі мүмкін.
Протеаза тежегіштерін, әсіресе КТНТ-мен біріктіріп қолданғанда креатинфосфокиназа, миалгия деңгейінің жоғарылауы жөнінде, сирек түрде – рабдомиолиз жайында хабарланған.
Кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштері. Қан плазмасындағы лопинавир концентрациясы невирапинмен бірге қолданғанда төмендеген. Алувианы невирапинмен біріктірілген ем кезінде тәулігіне бір рет қолдануға болмайды.
Алувианы эфавирензбен біріктіріп емдеу кезінде тәулігіне бір рет қолдануға болмайды. Алувиа таблеткаларының дозасын эфавирензбен (тәулігіне бір рет 600 мг) бірге қолданғанда тәулігіне екі рет 500 мг/125 мг дейін арттыруға болады. Делавердин лопинавирдің плазмалық концентрациясын ұлғайтуы мүмкін.
АИТВ протеазасының басқа тежегіштерімен бірге қолдану.
Алувиамен біріктіріп тағайындағанда АИТВ протеазасы тежегіштерінің қауіпсіздік пен тиімділік тұрғысынан оңтайлы дозалары анықталмаған. Сондықтан Алувианы АИТВ протеазасы тежегіштерімен бірге қолдану мұқият бақылауды талап етеді.
Алувиа мен ампренавирді бірге қолдану лопинавир концентрациясының азаюына әкеледі. Алувианы ампренавирмен біріктірілген емде тәулігіне бір рет қолдануға болмайды. Алувианың стандартты дозаларын фосампренавирмен бірге қолдану ампренавир концентрациясының едәуір азаюына жол ашады. Бұл дәрілік заттарды бірге қолдану ұсынылмайды. Алувиа мен индинавир біріктірілімі лопинавир концентрациясына әсер етпейді деуге болады. Лопинавир/ритонавир мен нелфинавирді бірге қолдану лопинавир концентрациясының азаюына әкеледі. Лопинавир/ритонавирді нелфинавирмен біріктірілген емде тәулігіне бір рет қолдануға болмайды. Алувиа мен саквинавир біріктірілімі, Алувианың дара қолданылуымен салыстырғанда, лопинавир концентрациясына әсер етпейді деуге болады. Алувианы саквинавирмен біріктірілген емде тәулігіне бір рет қолдану зерттелмеген. Қосымша 100 мг ритонавирді бір мезгілде тәулігіне екі рет қабылдағанда, Алувианы дара қабылдаумен салыстырғанда, AUC пен лопинавирдің ең төменгі концентрациясы (Cmin), тиісінше, 33% және 64% ұлғайды.
HIV-протеаза тежегіштері. Алувиа мен телапревирді бір мезгілде қолдану тепе-тең жағдайдағы телапревир бөлінісін азайтқанымен, дәл сол уақытта лопинавир бөлінісіне ықпал етпейді.
Алувиа мен боцепревирді бір мезгілде қолдану тепе-тең жағдайдағы боцепревир мен лопинавирдің бөлініп шығуын азайтады. Осы дәрілік заттарды бірге қолдану ұсынылмайды.
Бұл дәрілік заттарды бірге қолдану ұсынылмайды.
HIV-CCR5 антагонистері. Алувиа мен маравирокты бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы маравирок мөлшерін арттыруы мүмкін. Маравирок дозасы Алувиамен қолданғанда азайтылуы тиіс. Маравироктың медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты ұстанған дұрыс.
Басқа дәрілік заттар
Анальгетиктер
Фентанил: лопинавир/ритонавир CYP3A4-ті тежейді, соның нәтижесінде фентанилдің плазмалық концентрацияларының жоғарылауын күтуге болады. Алувиа мен фентанил бір мезгілде қолданылғанда, тыныс алудың бәсеңдеуін қоса, емдік және жағымсыз әсерлерін мұқият қадағалау ұсынылады.
Аритмияға қарсы дәрілер: аритмияға қарсы препараттардың (бепридил, лидокаин және хинидин) концентрациялары Алувиамен бір мезгілде тағайындалғанда жоғарылауы мүмкін. Қан плазмасындағы олардың концентрацияларын бақылап, сақтықпен қадағалау керек.
Дигоксин: бірге тағайындау плазмадағы дигоксин деңгейінің артуын туындатады, сондықтан абайлап тағайындалады.
Ісікке қарсы препараттар (дасатиниб, нилотиниб, винбластин, винкристин): бір мезгілде тағайындағанда олардың сарысулық концентрациялары жоғарылайды, бұл астасқан жағымсыз реакциялардың артуын әлеуеттендіреді. Дасатиниб пен нилотиниб бір мезгілде қолданылғанда оларды дозалау үшін осы препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды ұстанған дұрыс.
Антикоагулянттар: Алувиамен бір мезгілде қолданғанда варфарин концентрациялары өзгеруі мүмкін. Қанның ұю жүйесі көрсеткіштерін бақылау ұсынылады.
Алувиамен ривароксабанды бір мезгілде қолдану ривароксабан бөлініп шығуын жоғарылатып, қан кету қаупін арттыруы мүмкін.
Эпилепсияға қарсы препараттар (фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин): CYP3A4-ті көтермелеп, лопинавир концентрацияларын төмендетуі мүмкін.
Ламотриджин және вальпроат: Алувианы осы препараттардың біреуімен бірге қолдану антиконвульсанттар бөлінісінің төмендеуімен қатар жүрді; ламотриджин бөлінісінің 50% азаюы жөнінде хабарламалар болды. Сақтықпен қолдану керек. Алувиамен қолданған кезде осы препараттар дозасын арттыруға болады, әсіресе, дозаларды таңдау кезінде антиконвульсанттардың емдік концентрацияларын бақылау ұсынылады.
Антидепрессанттар:
Бупропион. Егер| лопинавир/ритонавирді бупропионмен бірге қолдану қажет болса|, ол бупропион концентрациясын жіті клиникалық бақылауда ұстаумен ұсынылған дозасынан асырылмауы тиіс.
Тразодон. Ритонавирдің (күніне екі рет 200 мг) аз дозаларын біріккен күйде тразодонның бір реттік дозасымен бірге пайдалану плазмадағы тразодон концентрациясының артуына әкеледі (AUC 2.4 есе ұлғаяды). Біріктірілімді сақтықпен және тразодонның төмен дозасымен пайдалану керек.
Зеңге қарсы дәрілер
Кетоконазол және итраконазол. Алувиа плазмадағы кетоконазол мен итраконазол концентрацияларын арттыруы мүмкін. Кетоконазол мен итраконазолдың жоғары дозалары (> 200 мг/тәулік) ұсынылмайды.
Вориконазол. Егер қолданудың пайдасы қауіптен артық болмаса, Алувианы вориконазолмен бірге қолданудан аулақ болған жөн.
Бедаквилин
Дені сау еріктілерге зерттеу жүргізілгенде 400 мг бедаквилин бір рет және 400/100 мг лопинавир/ритонавир күніне екі рет 24 күн бойы қолданылған, бұл бедаквилин AUC 22%-ға ұлғаюына әкелген. Бедаквилин лопинавирмен/ритонавирмен бірге сақтықпен және бірге қолданудың пайдасы жағымсыз реакциялардың ықтимал қаупінен асып түсетін жағдайда ғана қолданылуы тиіс.
Деламанидпен (CYP3A күшті тежегішімен (лопинавир/ритонавир)) бірге қолдану, әсері QTc аралығының ұзаруымен байланысты деламанид метаболитінің жүйелік әсерін ұлғайтуы мүмкін. Сондықтан, егер лопинавир/ритонавирді деламанидпен бірге қолдану қажетті болып саналса, деламанид қолданатын емдеудің бүкіл кезеңі бойы жиі ЭКГ мониторингі ұсынылады.
Подаграны емдеуге арналған дәрілер: колхицин концентрациялары, күтілгендей, Алувиамен бірге қолданғанда арта түседі. Колхицинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қадағалау ұсынылады.
Алувиа кларитромицин AUC-ын едәуір жоғарылатады. Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарға кларитромицин дозасын азайту қажет.
Рифабутин: Рифабутин дозасын 75% азайту керек (яғни, күнара немесе аптасына 3 рет 150 мг). Рифабутин дозасын әріқарай азайту қажет болуы мүмкін.
Рифампин: лопинавир/ритонавирге немесе протеаза тежегіштерінің немесе вирусқа қарсы бір мезгілде қолданылатын басқа препараттардың барлық класына төзімділіктің дамуы мүмкін екеніне орай, лопинавир/ритонавирдің стандартты дозасымен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Рифампицин: лопинавир концентрациясы қатты төмендеп кететіндіктен рифампицин Алувиамен біріктіріп қолданылмауы тиіс.
Паразиттерге қарсы дәрілер. Алувиа мен атоваквонды бір мезгілде қабылдағанда емдік концентрациясының төмендеуі мүмкін, сондықтан атоваквон дозасын арттыру қажет болады.
Кветиапин: CYP3A изоферментін лопинавир/ритонавирмен тежеу нәтижесінде кветиапин концентрациясы жоғарлап, бұл кветиапинді қолданумен байланысты уыттылық тудыруы мүмкін деп жорамалданады («Айрықша нұсқауларды» қараңыз).
Дексаметазон: CYP3A4-ті индукциялап, қандағы лопинавир концентрациясын төмендетуі мүмкін.
Флутиказон пропионаты: Кушинг синдромы мен бүйрек үсті бездерінің бәсеңдеуін қоса, жүйелі кортикостероидтар әсерінің қаупінен емдеудің әлеуетті пайдасы артық болатын жағдайларды қоспағанда, лопинавир/ритонавирді флутиказонмен немесе будесонид сияқты CYP3A4 жүйесімен метаболизденетін өзге глюкокортикоидтармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Ұзақ уақыт қолданғанда флутиказон пропионатына баламалы дәріні таңдап алған жөн.
Кальций өзектерінің дигидропиридинді бөгегіштері (фелодипин, нифедипин, никардипин): Алувиа олардың қан плазмасындағы концентрацияларын жоғарылатуы мүмкін.
Дисульфирам/метронидазол. Лопинавир/ритонавир, ішу арқылы қолданылатын ерітіндінің құрамында этил спирті бар, ол дисульфираммен немесе дисульфираммен уыттану реакцияларын туғызуға қабілетті басқа препараттармен, мысалы, метронидазолмен бір мезгілде қабылдағанда дәл сондай реакциялар туындатуы мүмкін.
Фосфодиэстераза тежегіштері: лопинавир/ритонавир мен аванафилді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. CYP3A4 метаболизміне тәуелді препараттар тобы, бір мезгілде қолдану фосфодиэстераза тежегіші AUC-ның 2-11 есе ұлғаюына апарады және астасқан жағымсыз реакциялардың өсуіне әкеледі. Лопинавир/ритонавир қолданатын пациенттердің эректильді дисфункциясын емдеу үшін силденафил, тадалафил немесе варденафил абайлап қолданылу керек, өйткені бұл артериялық гипотензия, ұзартылған эрекция сияқты жағымсыз реакциялардың пайда болуына алып келеді.
Силденафил мен лопинавир/ритонавир қолдану өкпесінің артериялық гипертензиясы бар пациенттерде қарсы көрсетілімді.
Аванафил. Лопинавир/ритонавир мен аванафилді бір мезгілде қолдану аванафил әсерінің елеулі жоғарылауына әкеледі және ұсынылмайды.
Тадалафил. Жағымсыз реакциялар дамуын мұқият бақылаумен 10 мг-ден аспайтын азайтылған дозада әр 72 сағат сайын абайлап қолданылады. Лопинавир/ритонавир қабылдайтын пациенттерде тадалафил өкпенің артериялық гипертензиясын емдеуге қолданылған кезде тадалафилдің медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қадағалау ұсынылады. Варденафил. Жағымсыз реакциялар дамуын мұқият бақылаумен 2.5 мг-ден аспайтын азайтылған дозада әр 72 сағат сайын абайлап қолданылады.
Өсімдік препараттары. Алувиа емінде жүрген пациенттерге, протеазалар тежегіштерінің плазмалық концентрацияларының азаю қаупіне орай, құрамында шілтерленген шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік тектес препараттар қолдануға болмайды, бұл өз кезегінде клиникалық тиімділікті төмендетіп, лопинавирге немесе протеазалар тежегіштеріне төзімділіктің дамуын туындатады.
Ловастатин мен симвастатин сияқты CYP3A4 арқылы елеулі дәрежеде метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері Алувиамен бір мезгілде тағайындалғанда плазмада едәуір жоғарылаған концентрацияларда болады. ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерінің жоғарылаған концентрациялары, рабдомиолизді қоса, миопатияны туғызуы ықтимал, бұл дәрілік заттарды Алувиамен біріктіру ұсынылмайды.
Аторвастатин аздаған дәрежеде CYP3A арқылы метаболизденеді. Алувиамен бір мезгілде тағайындалғанда аторвастатиннің ең аз тиімді дозалары пайдаланылуы тиіс. Правастатин мен флувастатин метаболизмі CYP3A4-ке тәуелденбейді, Алувиамен өзара әрекеттесуі де болжанбайды. Егер ГМГ-КоА-редуктаза тежегішімен емделу көрсетілсе, правастатин немесе флувастатин қолдану ұсынылады.
Циклоспорин, сиролимус (рапамицин) және такролимус: Алувианы бір мезгілде қабылдау олардың қандағы концентрацияларын арттыруы мүмкін. Осы препараттардың емдік концентрацияларын олардың плазмадағы тұрақты деңгейі орныққанша жиі анықтап отыру қажет.
Алувиа плазмадағы метадон концентрациясын төмендетеді. Плазмадағы метадон концентрациясының мониторингі керек.
Ішуге арналған ұрықтануға қарсы дәрілер: этинилэстрадиол концентрациясының төмендеуі мүмкін екендіктен, құрамында эстроген бар контрацептивтер мен Алувианы бір мезгілде қабылдағанда, контрацепцияның баламалы немесе қосымша дәрілерін пайдаланған жөн.
Вазодилятаторлар. Бозентан мен Алувианы бір мезгілде қолдану ең жоғары концентрация (Сmax) мен AUC шамасын арттырады. Бозентанның медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты ұстанған дұрыс.
Мидазолам: CYP3A4 арқылы белсенді метаболизденеді, сондықтан бірге қолдану плазмадағы бенздиазепин концентрацияларының ауқымды ұлғаюына әкелуі мүмкін. Егер мидазоламды бір реттен де көп енгізу қажет болса, әркімнің жеке дозаларын реттеу қажет.
Клиникалық зерттеулер Алувиа мен ралтегравир арасындағы клиникалық өзара әрекеттесулердің мәні жоқ екенін көрсетті.
Алувиа мен дизипрамин, ранитидин, омепразол, флувастатин, дапсон, триметоприм/сульфаметоксазол, азитромицин немесе флуконазол арасындағы клиникалық елеулі өзара әрекеттесулер күтілмейді.
Асқазан сөлінің қышқылдылығын төмендететін дәрілер: Алувиа дозасын өзгерту қажет емес.
Айрықша нұсқаулар
Дәрілермен өзара әрекеттесулері
Алувиа құрамында Р450 цитохромы CYP3A изоферментінің тежегіштері болып табылатын лопинавир мен ритонавир бар. Алувиа препаратын және CYP3A жүйесі арқылы алғаш метаболизденетін дәрілік заттарды бір мезгілде тағайындау олардың емдік әсері мен жағымсыз реакцияларын арттыруы немесе ұзартуы мүмкін.
Микробқа қарсы дәрілер
Алувианың стандартты дозалары рифампинмен бір мезгілде қабылданбайды, өйткені лопинавир концентрациясының жылдам азаюы емдік әсерін едәуір төмендетуі мүмкін.
Психозға қарсы дәрілер
Лопинавир/ритонавирді кветиапинмен үйлесімде қолдануда сақ болу керек. Лопинавир/ритонавирмен CYP3A изоферментінің тежелуі салдарынан кветиапин концентрациясы артады деп болжанады, бұл кветиапин қолдануға байланысты уыттылық пайда болуына алып келуі мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесулерін» қараңыз).
Кортикостероидтар
Кушинг синдромы мен бүйрек үсті бездерінің бәсеңдеуін қоса, жүйелі кортикостероидтар әсерінің қаупінен емдеудің әлеуетті пайдасы артық болатын жағдайлардан басқа, Алувианы флутиказонмен немесе будесонид сияқты CYP3A жүйесі арқылы метаболизденетін басқа глюкокортикоидтармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Алувианы флутиказон пропионатымен бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы флутиказон пропионатының концентрациясын едәуір арттырып, қан сарысуындағы кортизол концентрациясын төмендетуі мүмкін. Лопинавир/ритонавир флутиказон пропионатының немесе будесонидтің ингаляциялық немесе интраназальді түрлерімен пайдаланылған кезде, Кушинг синдромы мен бүйрек үсті бездерінің бәсеңдеуін қоса, жүйелі кортикостероидтық әсерлер жөнінде хабарламалар алынды.
Фосфодиэстераза тежегіштері
Алувиа қолданатын пациенттерде эректильді дисфункциясын емдеу үшін силденафил, тадалафил немесе варденафил абайлап қолданылу керек. Бұл дәрілік заттарды Алувиамен бірге қолдану олардың қан плазмасындағы концентрацияларын едәуір арттыруы және артериялық гипотензия, ұзартылған эрекция сияқты жағымсыз реакцияларды туындатуы күтіледі. Силденафил мен Алувианы өкпесінің артериялық гипертензиясы бар пациенттерде қолдану қарсы көрсетілімді.
Өсімдік препараттары. Алувиа емінде жүрген пациенттерге, протеазалар тежегіштерінің плазмалық концентрацияларының азаю қаупіне орай, құрамында шілтерленген шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік тектес препараттарды қолдануға болмайды, бұл өз кезегінде клиникалық тиімділікті төмендетіп, лопинавирге немесе протеазалар тежегіштеріне төзімділіктің дамуын туындатуы мүмкін.
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері. Алувианы ловастатинмен және симвастатинмен бірге қолдану қарсы көрсетілімді.
HIV-протеаза тежегіштері, лопинавир/ритонавирді қоса, росувастатинмен немесе CYP3A4 ферментімен (мысалы, аторвастатин) метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерімен бір мезгілде абайлап қолданылуы тиіс, өйткені бұл рабдомиолизді қоса, миопатия сияқты күрделі жағымсыз реакциялардың дамуына әкелуі мүмкін.
Типранавир
АИТВ жұқтырған ересектерді кешенді емдеуде типранавирді (күніне екі рет 500 мг) ритонавирмен (күніне екі рет 200 мг) және Алувиамен (күніне екі рет 400/100 мг) бірге қолдану лопинавир AUС пен Cmin мәндерінің, тиісінше, 55% және 70% төмендеуіне әкеледі.
Алувиа мен типранавирді ритонавирдің төмен дозасымен бірге қолдану ұсынылмайды.
Гипергликемия
Протеаза тежегіштері тағайындалған пациенттерде алғаш рет: қант диабеті, гипергликемия немесе қант диабетінің өршуі диагностикаланды. Кейбір пациенттерге осындай жай-күйлерін емдеу үшін инициальді ем әлде инсулин немесе ішуге арналған қант төмендететін препараттар дозасын таңдау қажет болды. Кейбір жағдайларда гипергликемия кетоацидозбен қатар жүрді. Протеазалар тежегіштерімен емделуді тоқтатқан пациенттерде кейбір жағдайларда гипергликемия сақталды. Аталған жағдайлар клиникалық тәжірибеде іс жүзінде қолданылған кезде хабарланғандықтан, олардың туындау жиілігін анықтау мүмкін емес, сонымен бірге протеазалар тежегіштерін қабылдау мен гипергликемия арасындағы себеп-салдарлы байланыс та анықтауға келмейді. Лопинавир/ритонавирді қант диабеті бар науқастарға қолданғанда қандағы глюкоза концентрациясын мониторингілеу қажет.
Панкреатит
Гипертриглицеридемия дамыған пациенттерді қоса, Алувиа алып жүрген пациенттердегі панкреатит жағдайлары жөнінде хабарламалар болды. Триглицеридтер деңгейінің айқын жоғарылауы панкреатиттің қауіпті даму факторы болып табылады. Үдемелі АИТВ инфекциясы бар тұлғаларда триглицеридтер концентрациясының ұлғаюы мен панкреатит дамуының қатері арта түседі. Панкреатит диагнозы анықталғанда Алувиамен емдеу тоқтатылуы тиіс.
Бауыр аурулары
Созылмалы B немесе C гепатиті бар пациенттерді біріктірілген антиретровирустық препараттармен емдегенде бауыр жағынан ауыр сипатты және өмірге зор қауіп төндіретін жағымсыз реакциялардың жоғары даму қаупі бар. Мұндай пациенттерге тиянақты бақылау орнатқан дұрыс, бауыр ауруының нашарлау белгілері білінгенде емдеуді үзу немесе тоқтату туралы мәселені қарастыру керек. Басқа антиретровирустық препараттармен үйлестірілген Алувиамен емдеу басталғаннан кейін 7 күннен соң, билирубин деңгейінің артуымен немесе онсыз трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы жөнінде хабарламалар алынды. Кейбір жағдайларда бауыр функциясы бұзылуы ауыр сипатта болды, дегенмен себеп-салдарлы байланысы анықталмаған. Мұндай пациенттерде, әсіресе, Алувиамен емдеудің алғашқы бірнеше айларында АЛС/АЛТ деңгейі ұлғаюы мүмкін.
Бүйрек аурулары.
Лопинавир мен ритонавирдің бүйректік клиренсі мардымсыз, олардың плазмадағы концентрацияларының жоғарылауы бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде күтілмейді. Алувиа плазма ақуыздарымен жоғары дәрежеде байланысады, сондықтан препараттың гемодиализ немесе перитонеальді диализ арқылы шығарылу ықтималдығы аз.
Төзімділігі/Айқаспалы төзімділігі
Протеаза тежегіштерінде айқаспалы төзімділіктің түрлі дәрежесі болады.
Лопинавир/ритонавир емінің әсерін, соның салдары ретіндегі протеаза тежегіштерін қолдану тиімділігін зерттеу әлі аяқталмаған.
Гемофилия.
Протеаза тежегіштерімен емделген А және B типті гемофилиясы бар пациенттерде, өзінен-өзі пайда болатын тері гематомалары мен гемартроздарын қоса, қанағыштық жоғарылауы жөнінде хабарламалар болды. Кейбір пациенттерге қосымша VIII фактор тағайындалды. Аталған жағдайлардың көпшілігінде протеаза тежегіштерімен емдеу, егер ол үзіліп қалған болса, жалғастырылды немесе жаңғыртылды. Әсер ету механизмі түсіндірілмесе де, себеп-салдарлы байланыс болды. Сондықтан гемофилиясы бар пациенттер қанағыштықтың жоғарылауы мүмкін екенін білуі тиіс.
PR аралығының ұзаруы|
Алувиа PR аралығының болымсыз асимптоматикалық ұзаруын туындатады|||. Сыртартқысында жүрек аурулары мен өткізгіштік бұзылуы бар науқастарда; PR| аралығын ұзартатын препараттар (мысалы, верапамил| немесе атазанавир|) алып жүрген пациенттерде Алувианы бір мезгілде қолданғанда 2-ші, 3-ші дәрежедегі атриовентрикулярлық бөгеліс жөнінде сирек хабарламалар болды. Мұндай пациенттерге препаратты сақтықпен қолдану қажет.
Липидтер деңгейінің жоғарылауы
Алувиамен емделу қан плазмасындағы жалпы холестерин мен триглицеридтер концентрацияларының жоғарылауына алып келеді. Сыртартқысында липидтік алмасуының бұзылуы бар және бастапқы мәндері жоғары пациенттерге ерекше назар бөлген жөн.
Иммунитеттің реактивациялық синдромы
Иммундық тапшылығы ауыр АИТВ жұқтырған пациенттерде біріктірілген антиретровирустық емнен (БАРЕ) өткен кезде шартты-патогендік микроорганизмдерге қабыну реакциясы болуы мүмкін. Мұндай реакциялар біріктірілген антиретровирустық ем басталғаннан кейін алғашқы апта/айлар ішінде болуы ықтимал. Бұған цитомегаловирустық ретинит (cytomegalovirus retinitis), жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық инфекциялар, сондай-ақ пневмоцисттік пневмония немесе туберкулез мысал бола алады. Қабынудың барлық белгілерін бағалау, қажет болса - тиісті ем тағайындау қажет.
Аутоиммундық ауруларға (Грейвс ауруы, полимиозит және Гийен-Барре синдромы) қатысты хабарламалар да алынды. Дегенмен де олардың көрініс беру уақыты тым әртүрлі, әрі олар лопинавир/ритонавирмен емдеу басталғаннан кейін көп ай өткен соң пайда болуы мүмкін.
Егде жастағы пациенттерде қолдану. Егде жастағы пациенттерде бауыр, бүйрек, жүрек қызметінің жиірек төмендеуі, сондай-ақ қатарлас аурулар мен басқа қатар жүргізілетін ем ескеріліп, сақтықпен қолдану керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Лопинавир/ритонавирді жүкті әйелдерде қолдану жөнінде деректер жоқ|. Алувианы жүктілік кезеңінде ана үшін күтілімді пайдасы ұрыққа төнетін зор қатерді ақтайтын болғанда ғана қолдануға болады.
Лопинавирдің адамның емшек сүтімен сыртқа шығарылуы белгісіз. Сәбилерде АИТВ берілуі мен күрделі жағымсыз реакциялардың туындау қаупіне орай, АИТВ жұқтырған әйелдер емшекпен қоректендірмеуі тиіс.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты 6 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды. Таблеткалар жұта алмайтын балаларда лопинавир/ритонавир ішуге арналған ерітінді түрінде қолданылады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Алувиамен емдеу кезінде жүрек айну, көру бұзылыстары, бас айналу, ұйқышылдық және басқа жағымсыз реакциялар туындаған жағдайлар байқалған. Көлік және зейін шоғырландыруды қажет ететін басқа механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.
Емі: организмнің өмірлік маңызды функциялары мен науқастың клиникалық жай-күйін бақылау аясындағы жалпы демеуші ем. Арнайы у қайтарғысы жоқ. Көрсетілімдер бойынша асқазанға шаю жүргізіледі, белсендірілген көмір қолданылады. Алувиа плазма ақуыздарымен белсенді байланысатындықтан, диализ жүргізу препараттың организмнен eлеулі шығарылуына әкелмейді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Пропиленнен жасалған құтыда үлбірлі қабықпен қапталған 120 таблеткадан салынған. 1 құтыдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Эббви Дойчленд ГмбХ және Ко. КГ., Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Эббви Биофармасьютикалс ГмбХ Швейцария
Қаптаушы
Эббви Дойчленд ГмбХ және Ко. КГ., Германия
Мекенжайы: Кнолльштрассе, 67061 Людвигсхафен, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
AbbVie Biopharmaceuticals GmbH компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі:
Алматы қ., 050044, Сәтпаев к-сі 30A/1, «Тенгиз Тауэрс» ТК, 97 кеңсе,
тел. +7 727 222 14 18, факс. +7 727 398 94 88,
эл. поштасы: kz_ppd_pv@abbvie.com