Алвозол

МНН: Летрозол
Производитель: Генефарм С.А
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Letrozole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019968
Информация о регистрации в РК: 16.07.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Алвозол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Летрозол

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 2,5 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 2,5 мг летрозол,

қосымша заттар: лактоза, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, натрий гликоляты крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

қабықтың құрамы: Опадрай 02В38014 сары (гипромеллоза 5сР, титанның қостотығы Е171, полиэтиленгликоль 4000, темірдің сары тотығы E172, темірдің қызыл тотығы E172, тальк).

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі беті дөңес, диаметрі 6.1 ± 0.2 мм және қалыңдығы 3.3 ± 0.3 мм, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы гормональді препараттар. Гормондар антагонистері және олардың аналогтары. Ферменттер тежегіштері. Летрозол

ATХ коды L02BG04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі. Летрозол асқазан-ішек жолынан жылдам және толық сіңеді (биожетімділігінің орташа шамасы 99,9% құрайды). Сіңу жылдамдығын тамақ елеусіз төмендетеді (летрозолдың қандағы ең жоғары концентрациясына жету уақытының орташа мәні /Тсmax/ летрозолды аш қарынға қабылдағанда 1 сағатты және тамақпен бірге қабылдағанда – 2 сағатты құрайды; летрозолдың қандағы ең жоғары концентрациясының орташа мәні /Тсmax/ аш қарынға қабылдағанда 129  20,3 нмоль/л және тамақпен бірге қабылдағанда - 98,7  18,6 нмоль/л құрайды), алайда летрозолдың сіңірілу дәрежесі (“концентрация-уақыт” қисығы астындағы ауданды бағалау бойынша) өзгермейді. Сіңу жылдамдығындағы аздаған өзгерістердің клиникалық елеулі мәні жоқ, сондықтан летрозолды тамақтануға байланыссыз қабылдауға болады.

Таралуы.Летрозолдың қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы шамамен 60% құрайды (негізінен альбуминмен - 55%). Летрозолдың эритроциттердегі концентрациясы оның қан плазмасындағы деңгейінің 80% жуығын құрайды. 2,5 мг 14C-таңбаланған летрозолды қабылдағаннан кейінгі қан плазмасындағы радиоактивтіліктің шамамен 82% -ы өзгермеген белсенді заттың үлесіне қалады. Осыған орай, летрозол метаболиттерінің жүйелік әсері төмен болады. Летрозол тіндерде жылдам әрі кең таралады. Оның болжамды таралу көлемі тепе-тең күйдегі кезеңінде 1,87  0,47 л/кг жуықты құрайды.

Метаболизмі және шығарылуы. Летрозол фармакологиялық белсенді емес карбинолды қосылыс түзе отырып, елеулі түрде метаболизмге ұшырайды. Летрозолдың метаболизмдік клиренсі 2.1 л/сағ құрайды, бұл бауыр қан ағысындағыдан төмен (90 л/сағ жуық). Летрозолдың өзінің метаболитіне өзгеруі P450 цитохромы 3A4 және 2A6 изоферменттерінің әсерінен екендігі анықталған. Басқа аздаған әзірге сәйкестендірілмеген метаболиттерінің түзілуі, сондай-ақ өзгермеген препараттың несеппен және нәжіспен шығарылуының летрозолдың жалпы элиминациясында аздаған рөлі бар. Дені сау еріктілерге постменопауза кезінде 2,5 мг 14C-таңбаланған летрозолды енгізгеннен кейінгі 2 апта ішінде несепте - 88,2  7.6%, нәжісте – 3,8  0,9% радиоактивтілік анықталды. 216 сағатқа дейінгі кезеңде несепте анықталған радиоактивтіліктің 75% (летрозол дозасы шамасының 84,7  7,8%) карбинолды метаболиттің глюкуронидті конъюгаттарына, 9% жуығы - сәйкестендірілмеген екі метаболитке және 6% - өзгермеген летрозолға қатысты.

Қан плазмасынан жартылай шығарудың болжамды соңғы кезеңі 2 тәулікке жуықты құрайды. 2,5 мг препаратты күнделікті қабылдаудан кейін летрозол тепе-теңдік концентрациясына 2 ден 6 аптаға дейінгі аралық шегінде жетеді, мұның өзі осы дозаны бір рет қабылдағаннан шамамен 7 есеге артық. Сонда да тепе-теңдік концентрациясының мәні, бір реттік қабылдаған препарат дозасынан кейінгі тіркелген шамаларды есептеу негізінде алдын ала айтуға болатын тепе-теңдік концентрациясының мәнінен 1,5 - 2 есеге артық. Бұл летрозолды күнделікті 2,5 мг дозада қабылдау, оның фармакокинетикасының дозаға байланысты емес екенін көрсетеді. Летрозолдың тепе-теңдік концентрациясы емдеу барысында ұзақ уақыт сақталатын болғандықтан, летрозолдың жинақталуының ұзаққа созылмайтыны жөнінде тұжырым жасауға болады.

Пациенттердің жеке топтарындағы фармакокинетикасы. Бүйрек функциясының жай-күйі әр түрлі пациенттерде жүргізілген зерттеулерде (24-сағаттық креатинин клиренсі 9- дан 116 мл/мин дейін ауытқыды), 2,5 мг дозада бір рет қабылдаған летрозолдың фармакокинетикасында өзгеріс байқалған жоқ. Осыған ұқсас, бауыр фукциясының жай-күйі әр түрлі пациенттерде жүргізілген зерттеулерде, бауыр функциясының бұзылуы орташа адамдарда «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының (AUC) орташа шамасы сау адамдарға қарағанда 37% жоғары екендігі анықталды, бірақ бауыр функциясы бұзылмаған адамдарда байқалған мәндердің ауқымында қалып отырды. Сонымен бірге, бүйрек функциясы бұзылуларының (креатинин клиренсінің есептік мәні 20 - 50 мл/мин құраған) немесе бауыр функциясы бұзылуларының сүт безі обырының жайылған түрлеріне шалдыққан 359 пациентте плазмадағы летрозол концентрациясына қандай да бір әсерлері байқалмаған.

Летрозолдың фармакокинетикасы жас ерекшелігіне байланысты емес.

Фармакодинамикасы

Летрозол – Алвозол препаратының белсенді заты, ароматаза белсенділігінің жоғары спецификалық тежегіші болып табылады. Ісіктік тіндердің өсуі эстрогендердің қатысуына тәуелді, олармен байланысты стимуляциялаушы әрекеттесулері ісіктің өсуін басуға қажетті шарт болып табылады.

Постменопауза кезінде әйелдерде эстрогендер негізінен ароматаза ферментінің қатысуымен түзіледі, ол бүйрекүсті бездерінде синтезделетін андрогендерді (бірінші кезекте, андростендион мен тестостерон) эстронға және эстрадиолға өзгертеді. Сондықтан ароматаза ферментін спецификалық тежеу арқылы шеткері тіндер мен ісік тіндерінде эстрогендердің биосинтезін басуға болады.

Летрозол ароматазаны осы ферменттің суббірлігі - P450 цитохромы гемімен бәсекелесе байланысу арқылы тежейді, бұл соңында барлық тіндерде эстрогендер биосинтезін төмендетеді.

Постменопауза кезінде дені сау әйелдерде летрозолдың 0,1, 0,5 және 2,5 мг құрайтын бір реттік дозасы, қан сарысуында эстрон мен эстрадиолдың деңгейін (бастапқы деңгеймен салыстырғанда) тиісінше 75-78% және 78%-ға төмендетеді. Ең жоғарғы төмендеуіне 48-78 сағаттан кейін жетеді.

Постменопауза кезінде сүт безі обырының таралған түрі бар әйелдерде летрозолды күнделікті 0,1- ден 5 мг дейінгі дозада қолдану қан плазмасында эстрадиол, эстрон және эстрон сульфаттың бастапқы деңгейінен 75-95% -ға төмендеуіне әкеледі. Препаратты 0,5 мг және одан көп дозада пайдаланғанда, көп жағдайда эстрон мен эстрон сульфаты концентрациясы гормондарды анықтау үшін қолданылатын тәсілдің сезімталдық шегінен төмен болып шығады. Бұл препараттың берілген дозаларының көмегімен эстрогендер синтезін айқынырақ басуға болатынын көрсетеді. Эстрогендер супрессиясы барлық пациент әйелдерде емдеу бойына сақталған.

Постменопауза кезінде летрозолмен емдеу 0,1-5 мг тәуліктік дозада жүргізілген пациент әйелдердің қан плазмасында кортизолдың, альдостеронның, 11-деоксикортизолдың, 17-гидроксипрогестеронның, адренокортикотропты гормонның (АКТГ), сондай-ақ рениннің белсенділігінің клиникалық елеулі өзгерісі анықталған жоқ. Летрозолмен 0,1; 0,25; 0,5; 1; 2,5 және 5 мг тәуліктік дозада емдеуден 6 және 12 апта өткеннен кейін АКТГ-мен стимуляциялау тестін жүргізгенде, альдостерон немесе кортизол синтезінің қандай болсын байқалатын төмендеуі анықталмаған. Сондықтан, глюкокортикоидтар мен минералокортикоидтарды қосудың қажеті жоқ.

Дені сау әйелдерде постменопауза кезінде летрозолды 0,1, 0,5 және 2,5 мг дозада бір рет қолданудан кейін, қан плазмасында андрогендер (андростендион және тестостерон) концентрациясының өзгерісі анықталмаған. Постменопаузада летрозолды 0,1- ден 5 мг дейін тәуліктік дозада қабылдаған пациенттерде қан плазмасында андростендион деңгейінің өзгеруі анықталмаған. Осының бәрі эстрогендер биосинтезі блокадасының эстрогендердің ізашарлары болып табылатын андрогендер жинақталуына әкелмейтінін көрсетеді. Летрозол қабылдаған пациенттерде қан плазмасында лютеиндеуші және фолликулостимуляциялаушы гормондардың концентрацияларының өзгерістері байқалмаған, сондай-ақ тиреотропты гормонның, трийодтирониннің (T3) және тироксиннің (T4) деңгейлері бойынша бағаланатын қалқанша без функциясының өзгеруі де анықталмаған.

Қолданылуы

- постменопауза кезінде әйелдердегі сүт безінің обырын адъювантты емдеуде, сүт безі гормонды-позитивті обырының ерте сатысында

- алдын ала тамоксифенмен стандартты адъювантты емдеу жүргізілген әйелдерде, постменопауза кезінде сүт безі гормонды-позитивті обырының ерте сатысында адъювантты емдеуді жалғастыруда

- алдында антиэстрогендермен ем қабылдаған посменопаузадағы (табиғи немесе жасанды туындатқан) әйелдерге таралған сүт безі обырының түрлерінде

- сүт безінің гормонды-позитивті обыры бар постменопаузадағы әйелдерге бірінші желілі емдеуде

Сүт безінің гормонды-негативті обыры бар пациенттерде тиімділігі

көрсетілмеген.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және егде жастағы пациенттер. Алвозолдың ұсынылған дозасы тәулігіне бір рет, күнделікті 2,5 мг құрайды. Кеңейтілген адъювантты емдеу кезінде Алвозолмен емдеу 5 жыл бойы немесе ауру қайталанғанға дейін жалғасуы тиіс.

Метастаздары бар пациенттерде Алвозолмен емдеуді аурудың өршу белгілері пайда болғанға дейін жалғастырады. Егде жастағы пациенттер үшін Алвозол дозасын түзету қажет емес.

Бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациент әйелдер. Креатинин клиренсі 30 мл/мин асатын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препарат дозасын түзету қажет емес.

Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен болатын бүйрек жеткіліксіздігінде немесе бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттер жағдайындағы деректер жеткіліксіз.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі

- қан тебулер

Жиі

- жүрек айну, құсу, диспепсия, іш қату, диарея

- анорексия, тәбеттің артуы, дене салмағының артуы, гиперхолестеринемия

- бас ауыру, бас айналу

- миалгия, сүйектердің ауыруы, артралгия, артрит

- қатты шаршағыштық, астения, дімкәстік

- шеткері ісінулер

Кейде

- жүрек қағуы, тахикардия, ишемиялық бұзылулар

- депрессия, қобалжу, күйгелектік, ашушаңдық, ұйқышылдық, ұйқысыздық, есте сақтаудың нашарлауы, дәм сезудің бұзылуы, ми қан айналымының жедел бұзылуы, дисентезия, оның ішінде парестезия, гипостезия

- стоматит, ауыздың құрғауы, бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

- несеп жүйесінің инфекциялары, несеп шығару жиілігінің артуы

- қынаптық қан кетулер, бөліністер, қынап құрғақтығы, ісік ошақтарының ауыруы

- лейкопения

- катаракта, көздің тітіркенуі, көрудің бұлыңғырлануы

- беткейлік және терең тромбофлебит

- шаштың түсуі, тер бөлінудің ұлғаюы, бөрту ( оның ішінде эритематозды, дақты-папулезді, псориаз тәрізді және везикулярлы бөртулер)

- қышыну, терінің құрғауы, есекжем

- дене температурасының жоғарылауы, шырышты қабықтың құрғауы, шөлдеу

- дене салмағының азаюы

Сирек

- артериялық гипертензия, өкпе эмболиясы, артериялық тромбоз, инфаркт

- цереброваскулярлық бұзылулар

- ентігу

Өте сирек

- гепатит

- анафилаксиялық реакция, уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- менопауза алдындағы кезеңге тән эндокриндік статус (егер толық менопауза басталуының көрсеткіштері болмаса)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Алвозолды циметидинмен және варфаринмен бір мезгілде тағайындаған кезде клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі байқалмаған.

Қазіргі таңда Алвозолды басқа ісікке қарсы дәрілермен біріктіре қолдануға қатысты клиникалық тәжірибе жоқ.

In vitro, летрозол Р450 цитохромы 2А6 және орташа ретте 2С19 изоферменттерінің белсенділігін басады. Сөйтіп, метаболизмі көбіне осы изоферменттерге байланысты болатын және емдік индексі тар болып табылатын препараттарды бірге қолданғанда сақ болған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Креатинин клиренсі < 10 мл/мин болған пациенттерде Алвозолды қолдану туралы деректер жоқ. Мұндай пациенттерге Алвозолды тағайындар алдында, емнің ықтимал қаупі мен күтілетін әсері арасындағы арақатынасты мұқият таразылап алған жөн. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде летрозолдың жартылай шығарылу мерзімі дені сау адамға қарағанда шамамен екі еседей ұзақ. Мұндай науқастар дәрігердің анағұрлым тиянақты қадағалауын талап етеді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Алвозолды қолданудың пациенттердің автомобиль жүргізу немесе механизмдерді басқару қабілетін бұзу ықтималдығы аз. Алайда, препаратпен емдеу кезінде жалпы әлсіздік және бас айналу байқалғандықтан, пациент әйелдерді автомобиль жүргізу немесе механизмдерді басқару үшін қажет етілетін олардың дене және/немесе психикалық қабілеттіліктерінің бұзылуы мүмкін екендігі жайында ескерткен жөн.

Артық дозалануы

Қазіргі уақытқа дейін Алвозолдың артық дозалануы туралы мәліметтер жоқ.

Симптомдары: артық дозаланған жағдайда препараттың жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ПВДХ/алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Генефарм С.А.

18 км Маратон Авеню, 153 51 Паллини Аттикис, Греция

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Алвоген ИПКо С.ар.Л, Люксембург

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Алвоген Фарма Трейдинг Юроп ЕООД» өкілдігі

050026, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі 241,

«Ордабасы» бизнес орталығы, 507 кеңсе

тел: 378 22 82, факс: 378 21 55

Электронды поштасы: drugsafety.kz@alvogen.com;

сайт: www.alvogen.com

Прикрепленные файлы

145046031477976921_ru.doc 72 кб
017180671477978098_kz.doc 94.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники