Алакс®

МНН: Крушины ольховидной кора
Производитель: Познаньский завод лекарственных трав Гербапол АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация контактных слабительных
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019905
Информация о регистрации в РК: 13.03.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Алакс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 15% алоинға шаққанда құрамында антраноидты қосылыстары бар 42 мг итшомырт қабығының құрғақ сығындысы, 18% алоинға шаққанда құрамында антраноидты қосылыстары бар 35 мг капс сабуры ұнтағы,

қосымша заттар:

таблетканың ядросы: 2% силикагелмен микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, повидон,

қабықтың компоненттері: сахароза, тальк, тозаңданып кептірілген аравия шайыры, кошенильді қызыл (Е 124), ара балауызы мен карнауб балауызының қоспасы.

Сипаттамасы

Сындырғанда қоңыр түсті, дөңгелек, екі жақ беті дөңес, ашық түсті теңбілдері бар қызғылт түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Жанаспалы іш жүргізгіштер. Жанаспалы іш жүргізгіштер біріктірілімі.

АТХ коды – А06АВ20

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың құрамына кіретін антрақосылыстар іш жүргізетін әсер береді. Препараттың құрамында антрагликозидтер, франгулин, гликофрангулин, франгулаэмодин, хризофан қышқылы (антрацен туындыларының мөлшері – кем дегенде 4,5%), сондай-ақ иіткіш заттар, сапониндер, органикалық қышқылдар, эфир майы, қанттар, алкалоидтар және т.б. бар. Негізгі әсер етуші заттар – эмодин және хризофан қышқылы – тоқ ішекте түзіледі және оның интерорецепторларын тітіркендіре отырып, жиырылуын күшейтеді және ішектің босауын жылдамдатады. Іш жүргізетін әсерінің механизмі тоқ ішектің жиырылуының стимуляциясымен (жүйке ұштарының тітіркенуі) және ішекте судың кері сіңуінің тежелуімен түсіндіріледі. Ішті жүргізуге ерекше жұмсақ әсері бар. Мұндайда сұйықтықтың тоқ ішектен сіңуі баяулайды, бұл антрагликозидтердің іш жүргізетін әсеріне ықпалын тигізіп, нәжіс заттарының көлемін ұлғайтумен бірге сұйылтады. Нәтижесінде ішектің пассажы жылдамдай бастайды және жұмсақ консистенциялы нәжіс пайда бола бастайды. Препарат жіңішке ішектің жиырылуына ықпалын тигізбейді. Препараттың іш жүргізуші әсері баяу дамиды және препаратты қабылдағаннан кейін 6–10 сағаттан соң басталады. Алакс® препараты кездейсоқ пайда болатын іш қатуларда қысқа мерзімге қолдануға арналған.

Қолданылуы

- іш қатуды симптоматикалық емдеуге, жедел және созылмалы іш қатуларды емдеуге

Қолдану тәсілі және дозалары

12 жастан асқан балалар, ересектер: ұйқыға жатар алдында 1-2 таблетка немесе күніне 2 рет 1 таблеткадан, стакан сумен ішу керек. Препаратты аптасына 2-3 реттен асырмай қолдану жеткілікті. Тәуліктік дозадан асырмау керек. Егер дәрігер басқаша тағайындамаса, 7-10 күннен артық қабылдауға болмайды. Егер препаратты қолдану кезінде іш қату сақталса, дәрігерден кеңес алу қажет.

Алакс® препаратын бүйрек ауруы қатарласқанда және егде жастағы емделушілерге абайлап қолдану керек. Қолданар алдында дәрігерден ақыл-кеңес алу қажет.

Жағымсыз әсерлері

- жоғары сезімталдық реакциялары байқалуы мүмкін

- ішектің түйіліп ауыруы

- диарея, әсіресе ішектің тітіркену синдромы бар адамдарда

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- ішек бітелісі және ішек саңылауының тарылуы

- ішек атониясы

- аппендицит

- тоқ ішек аурулары (Крон ауруы, ойық жаралы колит)

- этиологиясы белгісіз іш ауыруы

- асқазанның және 12 елі ішектің ойық жара ауруы

- асқазан-ішектік қан кетулер

- организмнің сусызданып, су-электролиттік тапшылықтың туындауы

- 12 жасқа дейінгі балалар

- фруктозаның, лактозаның жақпаушылығы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Іш жүргізетін дәрілерді қабылдау (дұрыс пайдаланбау) жүрек гликозидтерінің әсерін потенциялайды және аритмияға қарсы препараттардың әсеріне ықпалын тигізеді. Калий иондарының жоғалу қаупінің артуына байланысты, препаратты несеп жүргізетін тиазидтік дәрілермен және бүйрекүсті безі қыртысы стероидтарымен, сондай-ақ мия тамырынан жасалған препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Препаратты қолданар алдында дәрігерден ақыл-кеңес алу қажет.

Айрықша нұсқаулар

Алакс®, әсіресе ішектің тітіркену синдромы бар адамдарда, іштің шаншып ауыруын, диареяны туындатуы мүмкін. Бұл симптомдар жоғары дозаларды қабылдағаннан кейін де пайда болуы мүмкін және осындай жағдайда қабылданатын дозаны азайту қажет. Препаратты ұзақ уақыт қолдану су-электролиттік теңгерімнің бұзылуларына әкеп соғуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілмеген, басқа жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда дәрігерге қаралу керек. Препараттың құрамына кіретін бояғыш зат (кошенилді қызыл) аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты қолдану қауіпсіздігін айғақтайтын деректер жоқ болғандықтан, препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану көлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі, іштің ауыруы, кейіннен судың және электролиттердің жоғалуына ұласатын диарея (диарея көбіне калийдің жоғалуын туындатуы мүмкін).

Емдеу: симптоматикалық, электролиттік теңгерімді түзету және қалпына келтіру.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

„Гербапол” Познань дәрілік шөптер зауыты” А.Қ.

Товаров к-сі 47-51, 61-896 Познань, Польша

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

„Гербапол” Познань дәрілік шөптер зауыты” А.Қ.

Товаров к-сі 47-51, 61-896 Познань, Польша

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

„Гербапол” Познань дәрілік шөптер зауыты” А.Қ.

Товаров к-сі 47-51, 61-896 Познань, Польша

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«TV-Pharma» ЖШС, Алматы қ-сы, Жетысу ы/а 3, 1 үй, 7 пәт.

Тел/факс: (727) 376-8082

Электронды поштасы:Valera.tv.pharma@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

906310111477976936_ru.doc 67 кб
458849121477978105_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники