V – Ципрофлоксацин
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
V-Ципрофлоксацин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ципрофлоксацин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 582,00 мг ципрофлоксацин гидрохлориді моногидраты (500,00 мг ципрофлоксацинге баламалы),
қосымша заттар: сусыз лактоза, натрий крахмал гликол, повидон, натрий стеарил фумараты
үлбірлі қабығының құрамы: Опадри ақ Y 1-7000: гипромеллоза е5 премиум ер, макрогол 400, титанның қостотығы (Е 171)
Сипаттамасы
Капсула пішінді, екі беті дөңес, екі жағында көлденең сызығы бар, үлбірлі қабықпен қапталған, ақ дерлік түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Микробқа қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Ципрофлоксацин.
АТХ коды J01MA02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңірілуі
250 мг, 500 мг және 750 мг бір реттік дозаларын ішу арқылы қабылдағаннан кейін ципрофлоксацин негізінен жіңішке ішектен, жылдам және белсенді сіңіріледі, сарысудағы ең жоғарғы концентрациясына 1-2 сағаттан соң жетеді. 100-750 мг бір реттік дозаларында сарысудағы дозаға тәуелді ең жоғарғы (Cmax) 0.56-3.7 мг/л концентрациясы байқалды. Сарысудағы концентрациялары енгізілген дозасына пропорциональді 1000 мг дозасына дейін жоғарылайды. Препараттың абсолюттік биожетімділігі шамамен 70- 80% құрайды. Плазмадағы «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданын (AUC) түзілуі үшін ішу арқылы, әр 12 сағат сайын қабылданған 500 мг дозасы, ципрофлоксациннің әр 12 сағат сайын 60 минут бойы енгізілетін 400 мг венаішілік дозасына баламалы екендігі көрсетілді.
Таралуы
Ципрофлоксациннің ақуыздармен байланысуы 20-30% құрайды. Ципрофлоксацин плазмада, негізінен, иондалмаған күйінде болады, таралу көлемі үлкен, дене салмағына 2 - 3 л/кг. Ципрофлоксацин жоғары концентрацияларына өкпе сияқты (эпителий секретінде, альвеолярлық макрофагтарда, тіндердің биопсиясында) түрлі тіндерде, синустарда, қабыну ошақтарында (күлбіреуіктің ішіндегісінде) және несеп-жыныс жолында (несеп, қуықасты безі, эндометрий) жетеді, онда қан плазмасында көрсетілген концентрациясынан асатын жалпы концентрацияларына жетеді.
Метаболизмі
Бауырда биоөзгеріске ұшырайды. Қанда ципрофлоксациннің төрт метаболиті: диэтилципрофлоксацин (Ml), сульфоципрофлоксацин (М2), оксоципрофлоксацин (МЗ), формилципрофлоксацин (М4) аздаған концентрацияларда анықталуы мүмкін, олардың үшеуі (М1-МЗ), налидикс қышқылының бактерияға қарсы белсенділігімен салыстырымды бактерияға қарсы in vitro белсенділік танытады. Мөлшері аз М4 метаболитінің бактерияға қарсы in vitro белсенділігі, норфлоксациннің белсенділігіне көбірек сәйкес келеді.
Ципрофлоксацин CYP450 1A2 изоферменттерінің орташа тежегіші болып табылады.
Шығарылуы
Ципрофлоксацин, негізінен, организмнен өзгеріссіз күйде, бүйрекпен де, азғантай мөлшерде нәжіспен де шығарылады. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде сарысудан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 4 - 7 сағатты құрайды.
Пероральді енгізгеннен кейін организмнен шығарылуы (ципрофлоксацин дозасының %-ы): |
||
Пероральді енгізу |
||
Несеп |
Нәжіс |
|
Ципрофлоксацин |
44,7 |
25,0 |
Метаболиттері (M1-M4) |
11,3 |
7,5 |
Бүйректік клиренсі 180-300 мл/кг/сағатты, ал жалпы клиренсі 480-600 мл/кг/сағатты құрайды. Ципрофлоксацин шумақтық сүзіліс пен өзекшелік сөлініске ұшырайды. Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары жартылай шығарылу кезеңінің 12 сағатқа артуына алып келеді.
Ципрофлоксациннің бүйректік емес клиренсі, негізінен, белсенді транс-ішектік секрециясы мен зат алмасудың есебінен жүреді. Дозасының 1%-ы билиарлық жолмен шығарылады. Ципрофлоксацин өтте жоғары концентрацияларда болады.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі
Ципрофлоксацин грамтеріс және грамоң микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты in vitro белсенділікке ие. Ципрофлоксациннің бактерицидтік әсері бактериялық ДНҚ репликациясы, транскрипциясы, репарациясы мен рекомбинациясы үшін қажетті II типті бактериялық топоизомеразаларды (топоизомераза II (ДНҚ-гираза) және топоизомераза IV) тежеуі арқылы жүзеге асады.
Резистенттілік механизмі
Ципрофлоксацинге in vitro резистенттілікті ДНҚ-гиразаның да, топоизомераза IV мутациясының көпсатылы үдерісі арқылы алуға болады. Ципрофлоксацин мен басқа фторхинолондар арасындағы алынған айқаспалы резистенттіліктің дәрежесі тұрақсыз. Бірен-саран мутациялары клиникалық резистенттілікке алып келмеуі мүмкін, алайда, көптеген мутациялары әдетте, бұл кластағы көптеген белсенді заттарға клиникалық резистенттілікке алып келеді.
Бактериялардың жасуша қабырғасының өткізгіштігінің төмендеуі және/немесе микроб жасушасынан шығарылуының белсенділенуінің (эффлюкс) фторхинолондарға сезімталдыққа әсері ауыспалы болуы мүмкін, ол кластағы түрлі белсенді заттардың физикалық-химиялық қасиеттеріне және әр белсенді зат үшін тасымалдау жүйелерінің ұқсастығына тәуелді. In-vitro резистенттіліктің барлық механизмдері, әдетте, клиникалық изоляттарда байқалады. Басқа антибиотиктерді белсенділендіретін, заттың өтуіне қарсы бөгеттер (әдетте, Pseudomonas aeruginosa-да) сияқты кедергі механизмдері және эффлюкс механизмдері ципрофлоксацинге сезімталдыққа әсер етуі мүмкін.
Плазмидтерде орныққан Qnr кодтағыш гені түрткі болған резистенттіліктің дамығаны туралы хабарланды.
Бактерияға қарсы белсенділік ауқымы:
Шектік мәндер сезімтал штамдарды аралық сезімталдыққа ие штамдардан, және соңғыларын төзімді штамдардан ажыратып береді:
Еуропалық комитеттің (EUCAST) антибиотиктерге сезімталдықты анықтау жөніндегі ұсынымдары
Микроорганизмдер |
Сезімтал |
Төзімді |
Enterobacteria |
S ≤ 0.5 мг/л |
R > 1 мг/л |
Pseudomonas |
S ≤ 0.5 мг/л |
R > 1 мг/л |
Acinetobacter |
S ≤ 1 мг/л |
R > 1 мг/л |
Staphylococcus spp.1 |
S ≤ 1 мг/л |
R > 1 мг/л |
Haemophilus influenzae және Moraxella catarrhalis |
S ≤ 0.5 мг/л |
R > 0.5 мг/л |
Neisseria gonorrhoeae |
S ≤ 0.03 мг/л |
R > 0.06 мг/л |
Neisseria meningitidis |
S ≤ 0.03 мг/л |
R > 0.06 мг/л |
Бактерияға қарсы препараттың(-тардың) бактериялардың нақты бір түрімен байланыссыз ең төменгі бәсеңдеткіш концентрацияларының шектік мәндері* |
S ≤ 0.5 мг/л |
R > 1 мг/л |
1. Staphylococcus spp. – ципрофлоксацинге арналған шектік мәндері жоғары дозадағы емдеуге байланысты.
* Бактерияға қарсы препараттың(-тардың) бактериялардың нақты бір түрімен байланыссыз ең төменгі бәсеңдеткіш концентрацияларының шектік мәндері негізінен PK/PD деректердің негізінде анықталды, және нақты түрлерінің MIC таралуына тәуелді. Олар, сезімталдығын тестілеу ұсынылмайтын түрлері үшін емес, спецификалық түрлерінің шектік мәндерін бермеген түрлеріне ғана пайдалануға арналған.
Жүре пайда болған резистенттіліктің таралуы географиялық тұрғыдан, сондай-ақ, уақыт өте келе, жекелеген түрлер үшін ауытқып тұруы мүмкін; әсіресе, ауыр инфекцияларды емдеу кезінде резистенттілік туралы жергілікті ақпараттың жинақталуын қамтамасыз еткен дұрыс. Қажет болған жағдайда, резистенттіліктің жергілікті таралуы, дәрінің, инфекциялардың кем дегенде кейбір түрлеріне пайдалылығы белгісіз болып қалатындай жағдайларда, мамандардың кеңесіне жүгіну керек.
Сәйкесінше түрлердің ципрофлоксацинге сезімталдығы бойынша жіктелуі («Streptococcus түрі үшін айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)
ӘДЕТТЕ СЕЗІМТАЛ ТҮРЛЕР:
Аэробты грамоң микроорганизмдер: Вacillus anthracis.
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер: Aeromonas spp., Brucella spp.,Citrobacter koseri,Francisella tularensis, Haemophilus ducreyi, Haemophilus influenzae*,Legionella spp.,Moraxella catarrhalis*, Neisseria meningitides, Pasteurella spp., Salmonella spp.*Shigella spp.*, Vibrio spp., Yersinia pestis.
Анаэробты микроорганизмдер: Mobiluncus.
Басқа да микроорганизмдер: Chlamydia trachomatis,Chlamydia pneumoniae, Mycoplasma hominis,Mycoplasma pneumoniae
ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН РЕЗИСТЕНТТІЛІК ҚИЫНДЫҚ ТУҒЫЗУЫ МҮМКІН ТҮРЛЕРІ:
Аэробты грамоң микроорганизмдер :
Enterococcus faecalis ,Staphylococcus spp.
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер:
Acinetobacter baumannii+, Burkholderia cepacia+*, Campylobacter spp.+*,Citrobacter freundii*,Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae*,Escherichia coli*,Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae*, Morganella morganii*, Neisseria gonorrhoeae*, Proteus mirabilis*,Proteus vulgaris*, Providencia spp., Pseudomonas aeruginosa*, Pseudomonas fluorescens, Serratia marcescens*.
Анаэробты микроорганизмдер:
Peptostreptococcus spp., Propionibacterium acnes.
БҰРЫННАН ТӨЗІМДІ ОРГАНИЗМДЕР:
Аэробты грамоң микроорганизмдер:
Actinomyces, Enteroccus faecium, Listeria monocytogenes.
Аэробты грамтеріс микроорганизмдер:
Stenotrophomonas maltophilia
Анаэробты микроорганизмдер: Excepted as listed above.
Басқа да микроорганизмдер: Mycoplasma genitalium. Ureaplasma urealitycum
*Клиникалық тиімділігі сезімтал изоляттар үшін бекітілген клиникалық көрсетілімдерде берілген.
+ Резистенттілік көрсеткіші ЕО бір немесе бірнеше елдерінде ≥ 50%
Қолданылуы
- төменгі тыныс жолдарының грамтеріс бактериялардан туындаған инфекцияларында: өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуінде, муковисцидоз немесе бронхоэктазалар кезіндегі бронх-өкпе инфекцияларында, пневмонияда
- созылмалы іріңді ортаңғы отитте, әсіресе, егер грамтеріс бактериялардан туындаған болса, созылмалы синуситтің өршуі (қосалқы қойнауларының)
- несеп шығару жолдарының инфекцияларында
- гонококтық уретритте және цервицитте
- Neisseria gonorrhoeae туғызған жағдайларды қоса, орхоэпидидимисте
- асқазан-ішек жолының инфекцияларында (мысалы: саяхатшылар диареясында)
- интра-абдоминальді инфекцияларда
- тері мен жұмсақ тіндердің егер грамтеріс бактериялардан туындаған инфекцияларында
- қатерлі сыртқы отитте
- сүйектер мен буындардың инфекцияларында
- нейтропениясы бар пациенттердегі инфекцияларды емдеу және профилактикасы үшін
- Neisseria meningitides-тен туындаған инвазивтік инфекциялардың профилактикасы үшін
- сібір ойық жарасының өкпелік түрінде (жанасудан кейінгі профилактикасы және радикальді емі үшін)
Қолдану тәсілі және дозалары
Таблеткаларды тұтастай, шайнамай, сумен ішіп жұту керек. Оларды ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады. Егер аш қарынға қабылдаса, белсенді зат жылдамырақ сіңіріледі. Ципрофлоксацин таблеткаларын сүт өнімдерімен (мысалы, сүтпен, йогуртпен) немесе минералдармен байытылған шырындармен (мысалы, кальциймен байытылған апельсин шырынымен) қабылдамау керек («Дәрілермен өзара әрекетесуі» бөлімін қараңыз). Ауыр жағдайларда немесе егер пациент таблеткаларды жұта алмаса (мысалы, энтеральді тамақтанудағы пациенттер), ципрофлоксацинді пероральді енгізуге мүмкіндік болғанға дейін, емдеуді вена ішіне енгізуден бастау ұсынылады.
Дозасын қолданылу мақсатын, инфекцияның ауырлығы мен орналасуын, патогендік микроорганизмдердің ципрофлоксацинге сезімталдығын, пациенттің бүйрек функциясын, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдерде дене салмағын ескере отырып белгілейді.
Емдеудің ұзақтығы аурудың ауырлығына, сондай-ақ аурудың клиникалық және бактериологиялық ағымына байланысты.
Кейбір бактериялардан (мысалы, Pseudomonasaeruginosa, Acinetobacter немесе Staphylococci) туындаған инфекцияларды емдеуде, ципрофлоксациннің сәйкесінше басқа бактерияға қарсы дәрілерді біріктіріп тағайындаумен брге жоғарырақ дозалары қажет болуы мүмкін.
Кейбір инфекцияларды емдеуде (мысалы, жамбас ағзаларының қабыну ауруларын, интраабдоминальді инфекцияны, нейтропениясы және сүйектер мен буындардың инфекциялары бар науқастардағы инфекцияларды) орын алған патогендік микроорганизмдерге байланысты, сәйкесінше басқа бактерияға қарсы дәрілерді біріктіріп тағайындау қажет болуы мүмкін.
Ересектер
Емдеудің жалпы ұзақтығына ципрофлоксацинмен бастапқы парентеральді ем де кіреді
- Төменгі тыныс жолдарының инфекцияларында
7 күннен 14 күнге дейін күніне екі рет 500 мг-ден күніне екі рет 750 мг дейін
- Жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларыда, созылмалы синуситтің өршуінде 7 күннен 14 күнге дейін күніне екі рет 500 мг-ден күніне екі рет 750 мг дейін
- Созылмалы іріңді ортаңғы отитте
7 күннен 14 күнге дейін күніне екі рет 500 мг-ден күніне екі рет 750 мг дейін
- Қатерлі сыртқы отитте 28 күннен 3 айға дейн күніне екі рет 750 мг
Несеп шығару жолдарының инфекцияларында, асқынбаған циститте
3 күн бойы күніне екі рет 250 мг-ден күніне екі рет 500 мг дейін
- Менопауза алдындағы әйелдерде, бір реттік 500 мг дозасын қолдануға болады
- Асқынған циститте, асқынбаған пиелонефритте
7 күн бойы күніне екі рет 500 мг
- Асқынған пиелонефритте кемінде 10 күн бойы күніне екі рет 500 мг-ден күніне екі рет 750 мг дейін, кейбір нақты жағдайларда (мысалы, абсцестерде) емдеуді 21 күннен астам уақытқа жалғастыруға болады
- Простатитте 2-4 аптадан (өршуі кезінде) 4 - 6 аптаға дейін (созылмалы ауруда) күніне екі рет 500 мг-ден күніне екі рет 750 мг дейін
- Гонококтық уретрит пен цервицитте күніне екі рет 500 мг 1 күн (бір реттік дозасы)
Гениталий инфекцияларында: Орхоэпидидимис және кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруларында кемінде 14 күн бойы күніне екі рет 500 мг-ден күніне екі рет 750 мг дейін
- Асқазан-ішек жолының инфекцияларында және интра-абдоминальді инфекцияларда, бактериялық патогендерден, соның ішінде, 1 типті Shigelladysenteriae қоспағанда, Shigellaspp-тен туындаған диареяда, және саяхатшылардың ауыр диареясының эмпирикалық емінде 1 күн бойы күніне екі рет 500 мг
- 1 типті Shigelladysenteriae туғызған диареяда 5 күн бойы күніне екі рет 500 мг
- Vibriocholerae туғызған диареяда 3 күн бойы күніне екі рет 500 мг
- Іш сүзегінде 7 күн бойы күніне екі рет 500 мг
- Грамтеріс бактериялардан туындаған интраабдоминальді инфекцияларда 5 күннен 14 күнге дейін күніне екі рет 500 мг-ден күніне екі рет 750 мг дейін
- Тері мен жұмсақ тіндердің иинфекцияларында 7 күннен 14 күнге дейін күніне екі рет 500 мг-ден күніне екі рет 750 мг дейін
- Сүйектер мен буындардың инфекцияларында ең көбі 3 ай бойы күніне екі рет 500 мг-ден күніне екі рет 750 мг дейін
Нейтропениясы бар науқастардағы инфекцияларды емдеу немесе инфекциялардың профилактикасы үшін. Ципрофлоксацинді ресми нұсқаулыққа сәйкес, сәйкесінше бактерияға қарсы дәрі(лер)мен бірге енгізу қажет. Күніне екі рет 500 мг-ден күніне екі рет 750 мг дейін. Емдеуді барлық нейтропения кезеңі бойына жалғастыру керек
Neisseriameningitides туғызған инвазивтік инфекциялардың профилактикасы үшін
1 күн бойы күніне 1 рет 500 мг (бір реттік дозасы)
Сібір ойық жарасының өкпелік түрінің жанасудан кейінгі профилактикасы және радикальді емінде ішу арқылы ем қабылдауға қабілетті адамдарда, сәйкесінше клиникалық жағдайларда. Дәрілік затты қолдануды күмәнді немесе расталған жанасудан кейін барынша тезірек бастау керек. Bacillus anthracis жұқтыру көзімен жанасу расталған сәттен бастап 60 күн бойы күніне екі рет 500 мг.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер аурудың ауырлық дәрежесі мен пациенттің креатинин клиренсіне байланысты таңдалған дозасын қабылдауы тиіс.
Бүйрек және бауыр жеткіліксійздігі
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде ұсынылатын бастапқы және демеуші дозалары:
Креатинин клиренсі [мл/мин/1,73м2] |
Сарысу креатинині [µмоль/л] |
Пероральді дозасы [мг] |
> 60 |
< 124 |
«Әдеттегі дозасын» қараңыз |
30-60 |
124 to 168 |
әр 12 сағат сайын 250-500 мг |
< 30 |
> 169 |
әр 24 сағат сайын 250-500 мг |
Гемодиализдегі пациенттер |
> 169 |
әр 24 сағат сайын 250-500 мг (диализден кейін) |
Перитонеальді диализдегі пациенттер |
> 169 |
әр 24 сағат сайын 250-500 мг |
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес.
Жағымсыз әсерлері
Төменде атап келтірілген жағымсыз реакциялар келесідегідей жіктелді: «жиі» (≥1/100 - <1/10 дейін), «жиі емес» (≥1/1000 - <1/100 дейін), «сирек» (≥1/10 000 - <1/1000 дейін), «өте сирек» (≤ 10000), «жиілігі белгісіз».
Төменде ципрофлоксацинді клиникалық зерттеулер мен маркетингтен кейінгі қадағалаудың нәтижесінде алынған жағымсыз реакциялар атап келтірілген, олар жиілік санаттары бойынша сұрыпталды. Жиілігін талдауда ципрофлоксацинді пероральді енгізудің де, вена ішіне енгізудің де деректері ескерілді.
Айрықша нұсқаулар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- ципрофлоксацинге немесе хинолондар класының бактерияға қарсы басқа препараттарына жоғары сезімталдық, сондай-ақ, препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- тизанидинмен, теофиллинмен бір мезгілде қабылдау
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жаөспірімдерге
- жүктілік және лактация кезеңі
- эпилепсия, анамнездегі құрысу ұстамалары, мидың органикалық зақымдануы
- жалғанжарғақшалы колит
- глюкоза- 6- фосфат дегидрогеназа тапшылығы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттардың ципрофлоксацинге әсері:
QT аралығын ұзартатын дәрілік заттар
Ципрофлоксацинді, басқа фторхинолондар сияқты, QT аралығын ұзартатын препараттарды (мысалы, I немесе II класты аритмияға қарсы дәрілер класы, трициклдық антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен тағайындау керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Хелаттық кешендердің түзілуі.
Ципрофлоксацин (пероральді) мен құрамында поливалентті катион, сондай-ақ минералды қоспалар (мысалы, кальций, магний, алюминий, темір) бар дәрілік заттарды, полимерлік фосфат байланыстырғыш заттарды (мысалы, севеламер), сукральфат немесе антацидтерді және, құрамында магний, алюминий немесе кальций бар жоғары буферлі препараттарды (мысалы, диданозин таблеткалары) бірге қолдану ципрофлоксациннің сіңірілуін төмендетеді. Сәйкесінше, ципрофлоксацинді препаратты енгізгенге дейін 1 - 2 сағат бұрын немесе енгізгеннен кейін кемінде 4 сағаттан соң қабылдау керек. Бұл шектеу Н2 рецепторларының блокаторлары класына жататын дәрілік препараттарға қатысты емес.
Тамақ және сүт өнімдері
Тамақтың құрамындағы диеталық кальций препараттың сіңірілуіне елеулі әсер етпейді. Дегенмен, ципрофлоксациннің сүт өнімдерімен немесе минералдармен байытылған сусындармен (мысалы, сүт, йогурт, кальциймен байытылған апельсин шырыны) бір мезгілде қабылдануын болдырмау керек, өйткені ципрофлоксациннің сіңірілуі төмендеуі мүмкін.
Пробенецид
Пробенецид ципрофлоксациннің бүйректік секрециясына кедергі келтіреді. Пробенецид пен ципрофлоксацинді бірге қолдану ципрофлоксациннің сарысудағы концентрациясын жоғарылатады.
Метоклопрамид
Метоклопрамид ципрофлоксациннің (пероральді) сіңірілуін жеделдетеді, бұл ең жоғарғы концентрациясына қысқа уақыт ішінде жетуіне алып келеді. Ципрофлоксациннің биожетімділігіне ешқандай әсері байқалған жоқ.
Омепразол
Ципрофлоксацин мен құрамында омепразол бар дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану, ципрофлоксациннің Cmax және AUC көрсеткіштерінің болар-болмас төмендеуіне алып келеді.
Ципрофлоксациннің басқа дәрілік заттарға әсері:
Тизанидин
Дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеудің нәтижесінде, ципрофлоксацин мен құрамында тизанидин бар препараттарды бір мезгілде қолданғанда, тизанидиннің қан сарысуындағы концентрациясының артқаны анықталды: ең жоғарғы концентрациясының (Сmах) 7 есе артуы (4-тен 21 ретке дейін), AUC көрсеткішінің («концентрация-уақыт» фармакокинетикалық қисығы астындағы ауданы) 10 есе артуы (6-дан 24 ретке дейін). Тизанидиннің қан сарысуындағы концентрациясының артуы артериялық қысымның төмендеуі мен ұйқышылдықты туғызуы мүмкін. Осылайша, ципрофлоксацин мен құрамында тизанидин бар препараттарды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.
Метотрексат
Метотрексаттың ретинальді-тубулярлық тасымалдануы ципрофлоксацинді бірге қолданудың салдарынан бөгелуі мүмкін, бұл метотрексаттың қан плазмасындағы деңгейінің жоғарылауына, сондай-ақ, метотрексатпен астасқан уытты реакциялардың дамуы қаупіне алып келуі ықтимал. Препараттарды бірге қолдану ұсынылмайды («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Теофиллин
Ципрофлоксацин мен теофиллинді бір мезгілде қабылдау теофиллиннің қан сарысуындағы концентрациясының күтілмеген артуына алып келуі мүмкін. Бұл теофиллин-индукциялаған жағымсыз әсерлерге алып келуі мүмкін, олар сирек жағдайларда өмірге қауіпті болуы немесе өлімге соқтыруы мүмкін. Біріктіріп емдеу кезінде, теофиллиннің сарысудағы концентрациясын тексеру, және қажет болған жағдайда, теофиллиннің дозасын төмендету керек («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Ксантиннің басқа туындылары
Ципрофлоксацин мен кофеинді немесе пентоксифиллинді (окспентифиллинді) бір мезгілде қолданғанда, бұл туындыларының сарысудағы концентрациясының артқаны туралы хабарламалар алынды.
Фенитоин
Ципрофлоксацин мен фенитоинді бір мезгілде қабылдау фенитоиннің сарысудағы деңгейлерінің артуына немесе азаюына алып келуі мүмкін, сондықтан дәрілік заттың деңгейлеріне мониторинг жүргізу ұсынылады.
Циклоспорин
Ципрофлоксацин мен циклоспоринді бір мезгілде қабылдағанда, сарысу креатинині концентрациясының уақытша жоғарылағаны байқалды. Сондықтан, бұл науқастарда қан сарысуындағы креатинин концентрациясын аптасына екі рет бақылау қажет.
К дәруменінің антагонистері
Ципрофлоксацин мен К дәруменінің антагонистерін бір мезгілде қабылдау өзінің антикоагулянттық әсерлерін арттыруы мүмкін. Қауіп жасырын инфекцияның болуына, пациенттің жас шамасы мен жалпы жағдайына байланысты өзгеріп тұруы мүмкін, сондықтан ципрофлоксациннің INR (халықаралық қалыпқа түсіру коэффициентін) артуына әсерін бағалау қиын. INR жиірек, ципрофлоксацинді К дәруменінің антагонисімен (мысалы, варфаринмен, аценокумаролмен, фенрокумонмен немесе флуиндионмен) бірге енгізу кезінде, сондай-ақ, енгізгеннен кейін бірден бақылап отыру керек.
Глибенкламид
Жекелеген жағдайларда, ципрофлоксацин мен құрамында глибенкламид бар дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау глибенкламидтің әсерін күшейтуі мүмкін (гипогликемия).
Дулоксетин
Клиникалық зерттеулерден, дулоксетинді флувоксамин сияқты CYP450 1А2 изоферментінің күшті тежегіштерімен қабылдаған пациенттерде, дулоксетиннің AUC және Cmax көрсеткіштерінің артуына алып келуі мүмкін екені көрсетілді. Ципрофлоксацинмен өзара әрекеттесуі мүмкіндігі туралы ешқандай клиникалық деректер болмаса да, препараттарды бір мезгілде қабылдағанда мұндай әсерлерін күтуге болады (4.4 бөлімін қараңыз).
Ропинирол
Клиникалық зерттеулерден, ропинирол мен CYP450 1A2 изоферменттерінің орташа тежегіші ципрофлоксацинді қатарлас қолдану ропиниролдың Cmax және AUC сәйкесінше 60% және 84%-ға артуына алып келетіні көрсетілді. Ропиниролды қабылдаумен байланысты жағымсыз әсерлеріне мониторинг жүргізу және сәйкесінше жағдайларда, ципрофлоксацинмен бірге қабылдау кезінде және одан кейін бірден дозасын түзету ұсынылады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Лидокаин
жағымсыз әсерлері
Клозапин
250 мг ципрофлоксацинді клозапинмен 7 күн бойы бір мезгілде енгізудің салдарынан, қан сарысуындағы клозапин мен N-десметилклозапиннің концентрациялары сәйкесінше 29% және 31%-ға артты. Клиникалық қадағалау және ципрофлоксацинмен бірге енгізу кезінде және одан кейін бірден, клозапиннің дозасын сәйкесінше түзету ұсынылады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Силденафил
Дені сау сыналушыларда 500 мг ципрофлоксацинмен бір мезгілде ішу арқылы қабылданған 50 мг дозасынан кейін, силденафилдің Cmax және AUC көрсеткіштері шамамен екі есе артты. Сондықтан ципрофлоксацинді силденафилмен біріктіріп абайлап тағайындау керек, сонымен қатар пациент үшін пайдасы мен қауіптерін де ескеру керек.
Айрықша нұсқаулар
Ауыр инфекциялар және грамоң және анаэробты патогендермен аралас инфекциялар.
Ципрофлоксацинмен монотерапия ауыр инфекцияларды және грамоң анаэробты патогендік микроорганизмдерден туындауы мүмкін инфекцияларды емдеу үшін жарамсыз. Ондай инфекциялар кезінде ципрофлоксацинді сәйкесінше басқа, бактерияға қарсы дәрілермен бірге енгізу керек.
Streptococcuspneumoniae түрткі болған стрептококк инфекциялары
Ципрофлоксациннің тиімділігі жеткіліксіз болғандықтан, ол стрептококтық инфекцияларды емдеу үшін ұсынылмайды.
Жыныс жолдарының инфекциялары
Орхоэпидидимис және жамбас ағзаларының қабыну аурулары фторхинолон-резистентті Neisseriagonorrhoeae изоляттарынан туындауы мүмкін. Егер тек ципрофлоксацин-резистентті Neisseria gonorrhoeae ғана тыйылмаса, Ципрофлоксацинді тек басқа, бактерияға қарсы қолайлы дәрімен бірге тағайындау керек. Егер 3 күннен соң клиникалық жақсару байқалмаса, емді қайта қарастыру керек.
Интраабдоминальді инфекциялар
Ципрофлоксациннің операциядан кейінгі интраабдоминальді инфекцияларды емдеудегі тиімділігі туралы деректер шектеулі.
Саяхатшылар диареясы
Ципрофлоксацинді таңдағанда, барған еліңізде сәйкесінше патогендердің ципрофлоксацинге резистенттілігі туралы ақпаратты ескеру керек.
Сүйектер мен буындардың инфекциялары
Ципрофлоксацинді микробиологиялық әсері жөніндегі құжаттамалардың нәтижелеріне байланысты, микробқа қарсы басқа дәрілермен біріктіріп пайдалану керек.
Сібір ойық жарасының өкпелік түрі
Адамдарда пайдаланылуы препаратқа in-vitro сезімталдық туралы деректерге, сондай-ақ, адамдарға қатысты шектеулі деректерге негізделеді. Емдеуші дәрігерлер, сібір ойық жарасын емдеуге қатысты келісілген ұлттық және/немесе халқаралық нұсқаулықтарды басшылыққа алуы тиіс.
Балалар мен жасөспірімдер
- Муковисцидоз кезіндегі Pseudomonas aeruginosa-дан туындаған бронх-өкпе инфекциялары
- Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары және пиелонефрит
- Сібір ойық жарасының өкпелік түрі (жанасудан кейінгі профилактика және радикальді емі)
Ципрофлоксацинді қажет деп табылған жағдайларда, балалар мен жасөспірімдердегі ауыр инфекцияларды емдеуде де қолдануға болады.
Емдеуді, балалар мен жасөспірімдердегі муковисцидозды және/немесе ауыр инфекцияларды емдеуде тәжірибесі мол дәрігерлер ғана бастауы тиіс. Буындармен және/немесе оның айналасындағы тіндермен байланысты жағымсыз әсерлерінің болуы мүмкіндігі салдарынан, емдеуді пайда/қауіп арақатынасына мұқият бағалау жүргізгеннен кейін ғана бастау керек.
Муковисцидоз кезіндегі бронх-өкпе инфекциялары
Клиникалық сынақтарға 5-17 жас шамасындағы балалар мен жасөспірімдер кірістірілді. 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды емдеу тәжірибесі анағұрлым шектеулі.
Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары және пиелонефрит
Несеп жолдарының инфекцияларын ципрофлоксацинмен емдеуді басқа емдеу әдістерін пайдалану мүмакін болмаған жағдайларда қарастыру керек, және микробиологиялық әсері жөніндегі құжаттамалардың нәтижелеріне негізделуі тиіс.
Басқа ауыр спецификалық инфекциялар
Ресми нұсқаулықтарға сәйкес, басқа ауыр инфекциялар, немесе емдеудің басқа әдістерін пайдалану мүмкін болмаған жағдайларда, пайдасы мен қаупінің арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін, немесе әдеттегі ем сәтсіз аяқталғаннан кейін және микробиологиялық әсері жөніндегі құжаттамада ципрофлоксациннің қолданылуы расталған жағдайларда.
Ципрофлоксацинді жоғарыда аталғандардан өзге, спецификалық күрделі инфекциялар кезінде қолдану клиникалық сынақтарда бағаланған жоқ және клиникалық тәжірибесі шектеулі. Сәйкесінше, аталған инфекциялары бар науқастарды емдеуде сақтық таныту ұсынылады.
Аса жоғары сезімталдық
Аса жоғары сезімталдық және анафилаксиялық шок пен анафилактоидтық реакцияларды қоса, аллергиялық реакциялар бір рет қабылдағанннан кейін туындауы мүмкін («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз) және өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Ондай реакция туындаған жағдайда, ципрофлоксацинді қолдануды тоқтату керек, және талапқа сай медициналық ем қажет.
Сүйек-бұлшықет жүйесі
Әдетте, ципрофлоксацинді анамнезінде хинолондармен емдеумен байланысты аурулар/бұзылулар бар пациенттерге тағайындамау керек. Дегенмен, өте сирек жағдайларда, патогендік микроорганизмнің микробиологиялық әсері жөніндегі құжаттаманы мұқият зерттеп шыққаннан және пайда/қауіп арақатынасына баға бергеннен кейін, ципрофлоксацинді ондай пациенттерге кейбір ауыр инфекцияларды емдеу үшін, әсіресе стандартты ем тиімсіз болған немесе бактериялық қарсыласу жағдайларында, микробиологиялық зерттеу деректері ципрофлоксацинді қолданудың тиімділігін растайтын жағдайларда тағайындауға болады.
Емдеудің алғашқы 48 сағаты ішінде ципрофлоксацинді қабылдаудың нәтижесінде тендинит пен сіңірлердің (әсіресе, ахилл сіңірінің) кейде екіжақты үзілуі туындауы мүмкін. Қабынулар мен сіңірлердің үзілуі тіпті, ципрофлоксацинмен емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше айдан кейін де туындауы мүмкін. Тендинопатия қаупі егде жастағы пациенттерде немесе кортикостероидтарды бір мезгілде қабылдаған пациенттерде артуы мүмкін («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).
Тендиниттің кез келген белгісі кезінде (мысалы, ауырсынып ісіну, қабыну), ципрофлоксацинмен емдеуді тоқтату керек. Сақтық таныту және зақымданған аяқ-қолдардың тыныштық күйін сақтау керек. Ципрофлоксацинді миастениясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).
Фотосенсибилизация
Зерттеулер, ципрофлоксациннің фотосенсибилизация реакциясын туғызатынын көрсетті. Ципрофлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерге, емдеу кезінде тікелей түсетін күн сәулесінің немесе УК-сәуленің әсерінен аулақ болу ұсынылады (Жағымсыз әсерлері бөлімін қараңыз).
Орталық жүйке жүйесі
V-Ципрофлоксацин препараты басқа фторхинолондар сияқты, құрысуларға түрткі болуы және құрысуға дайындық шегін төмендетуі мүмкін. Эпилепсиясы бар және ОЖЖ ауруларын (мысалы, анамнездегі құрысуға дайындық шегінің төмендеуі, құрысу ұстамалары, ми қанайналымының бұзылулары, мидың органикалық зақымданулары немесе инсульт) бастан өткерген пациенттерге, ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың дамуы қаупіне байланысты, ципрофлоксацинді тек, күтілетін клиникалық әсері препараттың жағымсыз әсерінің даму қаупі мүмкіндігінен асып түсетін жағдайларда ғана қолдану керек.
V-Ципрофлоксацин препаратын қолданғанда эпилепсия статусы дамыған жағдайлар туралы хабарланды («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Құрысулар туындаса, препаратты қолдануды тоқтату керек. Психикалық реакциялар тіпті, V-Ципрофлоксацин препаратын қоса, фторхинолондарды алғаш рет қолданғаннан кейін де туындауы мүмкін. Сирек жағдайларда, депрессия немесе психоздық реакциялар суицидтік ойлар мен суицидпен аяқталған әрекеттерге дейін үдеуі мүмкін («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Егер пациентте аталған реакциялардың біреуі дамыса, V-Ципрофлоксацин препаратын қабылдауды тоқтату және бұл туралы дәрігерге хабарлау керек.
V-Ципрофлоксацин препаратын қоса, фторхинолондарды қабылдап жүрген пациенттерде сенсорлық немесе сенсомоторлық полинейропатия, гипестезия, дизестезия немесе әлсіздік жағдайлары байқалды. Ауыру, ашыту, шаншу, ұю, әлсіздік сияқты симптомдар туындаса, пациенттер препаратты қолдануды жалғастырмас бұрын, дәрігерге хабарлауы керек.
Полинейропатиялар
Ципрофлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерде полинейропатия жағдайлары тіркелді (ауыру, ашыту, сенсорлқ бұзылыстар немесе бұлшықет әлсіздігі сияқты, жекелеген немесе бірігіп келген неврологиялық симптомдардың негізінде). Ауыру, ашыту, шаншу, ұю және/немесе әлсіздікті қоса, невропатия симптомдарын бастан өткеріп жүрген пациенттерде, қайтымсыз жағдайдың дамуын болдырмас үшін, ципрофлоксацинді қабылдауды тоқтату керек («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).
Жүрек тарапынан бұзылулар
QT аралығы ұзаруының белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде, V-Ципрофлоксацинді қоса, фторхинолондарды пайдаланғанда сақтық таныту керек, мысалы:
- туа біткен QT аралығының ұзару синдромы;
- QT аралығын ұзартатыны белгілі препараттарды бір мезгілде қолдану (мысалы, аритмияға қарсы I және III класты дәрілер, трициклдық антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер);
- түзетілмеген электролит теңгерімсіздігі (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия);
- жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QT аралығын ұзартатын препараттарға едәуір сезімтал болуы мүмкін. Сондықтан, халықтың аталған топтарында V-Ципрофлоксацинді қоса, фторхинолондарды тағайындағанда сақтық таныту керек.
Артық дозалануы
Асқазан-ішек жолы
Емдеу кезінде немесе емдеуден кейін (соның ішінде, емдеуден кейінгі бірнеше апта ішінде) ауыр және тұрақты диареяның туындауы антибиотикпен астасқан колиттің (өмірге қауіп төндіретін, өлімге соқтыруы мүмкін) дамуын көрсетуі мүмкін, ол дереу емдеуді қажет етеді («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Ондай жағдайларда ципрофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтату, және сәйкесінше емді бастау керек. Бұл жағдайда анти-перистальтикалық препараттар қарсы көрсетілімді.
Бүйрек және несеп шығару жүйесі
Ципрофлоксацинді қолданумен байланысты кристаллурия дамыған жағдайлар тіркелді («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Ципрофлоксацинді қабылдаған пациенттерде, несеп шығару жүйесі жақсы қызмет атқаруы тиіс және несептің шамадан тыс сілтіленуін болдырмау керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Ципрофлоксацин, негізінен, организмнен бүйрек арқылы өзгеріссіз күйде шығарылатындықтан, бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде, ципрофлоксациннің жинақталуы салдарынан жағымсыз реакцияларының артуын болдырмас үшін, дозасын «Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімінде сипатталғандай түзету қажет.
Гепатобилиарлық жүйе
Ципрофлоксацинді қабылдаудың салдарынан, бауыр некрозы мен өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігі жағдайлары тіркелді («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Бауыр ауруларының қандай-да бір белгілері мен симптомдары туындаған жағдайда (мысалы, анорексия, сарғаю, несептің қараюы, қышыну немесе іштің ауыруы), емдеуді тоқтату керек.
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
Ципрофлоксацинді қабылдаудың салдарынан, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназы тапшылығы бар науқастарда реакциялар тіркелді. Бұл пациенттерге ципрофлоксациннің тағайындалуын, ықтимал пайдасы болуы мүмкін қауіптен асып түсетіні туралы щешім қабылданғанға дейін болдырмау керек. Бұл жағдайда, гемолиздің туындау ықтималдығын бақылау керек.
Резистенттілік
Ципрофлоксацинмен емдеу курсы кезінде немесе одан кейін, ципрофлоксацинге төзімділік танытатын бактериялар, клиникалық тұрғыдан айқын суперинфекция бар немесе жоқ кезде оқшаулануы мүмкін. Емдеу ұзаққа созылған жағдайда және ауруханаішілік инфекцияларды және/немесе Staphylococcus және Pseudominasspecies штамдарынан туындаған инфекцияларды емдеуде, ципрофлоксацин-резистентті бактериялар үшін емдеуді таңдау айрықша қауіпті болуы мүмкін.
P450 цитохромы
Ципрофлоксацин CYP1A2 тежейді, және сол арқылы, бір мезгілде қабылданатын, осы фермент арқылы метаболизденетін заттардың (мысалы, теофиллин, клозапин, ропинирол, тизанидин) сарысудағы концентрациясының артуын туғызуы мүмкін. Ципрофлоксацин мен тизанидинді біріктіріп қолдануға болмайды. Сондықтан, бұл заттарды ципрофлоксацинмен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерді, атап айтқанда, артық дозалануының клиникалық белгілерін мұқият қадағалау керек, сондай-ақ қан сарысуындағы концентрациясын (мысалы, теофиллиннің) анықтау қажет болуы мүмкін («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Метотрексат
Ципрофлоксацин мен метотрексатты бір мезгілде қолдану ұсынылмайды («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Тестілермен өзара әрекеттесуі
Ципрофлоксациннің Mycobacterium tuberculosis қатысты in vitro белсенділігі, ципрофлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерден алынған үлгілерді бактериологиялық зерттеуде жалған теріс нәтижелерді беруі мүмкін.
Көрудің бұзылуы
Егер сіз көруде қандай-да бір өзгерістерді немесе басқа көз ауруларын байқасаңыз, пациентті дереу офтальмологтың кеңесіне жіберу керек.
Бұл препараттың құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактозасы тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге бұл дәрілік затты тағайындамаған дұрыс.
Жүктілік және бала емізу кезеңі
Ципрофлоксацинді жүкті әйелдерде қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Алайда, жануарларға жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жаңа туған нәрестелердің буын шеміршектеріне жағымсыз әсер ету ықтималдығын толығымен жоққа шығаруға болмайды, соған байланысты ципрофлоксацинді жүкті әйелдерге тағайындамау керек. Сонымен қатар, жануарларға жүргізілген зерттеулер барысында тератогендік әсері (мальформациялар) анықталған жоқ.
Ципрофлоксацин емшек сүтіне бөлініп шығады. Жаңа туған нәрестелердің буын шеміршектеріне жағымсыз әсер ету ықтималдығына байланысты, ципрофлоксацинді бала емізетін әйелдерге тағайындамау керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ципрофлоксацинді қоса, фторхинолондар, ОЖЖ әсер ету салдарынан пациенттердің автомобильді басқару және басқа, зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылдану қабілетін бұзуы мүмкін.
Артық дозалануы
Симптомдары: сананың шатасуы, ұйқышылдық, мәңгіру, бағдарсыздық, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу.
Емі: арнайы антидоты жоқ. Артық дозаланған жағдайда, стандартты шараларды (асқазанды шайып, одан кейін белсендірілген көмірді қабылдау, көп мөлшерде сұйықтық енгізу, кристаллурияны болдырмау мақсатында, несептің қышқыл реакциясын қалыптастыру керек) жүргізуден басқа, бүйрек функциясын да қадағалау және құрамында магний- мен кальций бар антацидтерді қабылдау ұсынылады, олар ципрофлоксациннің сіңірілуін азайтады. Гемо- немесе перитонеальді диализдің көмегімен ципрофлоксациннің тек аздаған мөлшері ғана (10 %-дан азы) шығарылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
8 таблеткадан ПВХ/Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада, жабық қаптамада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Софаримекс - Индустрия Кимика э Фармасэутика, С. А.,
Касен, Португалия
Лицензияны ұстаушы
Лабораториос Азеведос - Индустрия Фармасэутика, С.А.,
Амадора, Португалия
Тіркеу куәлігінің иесі
“Vieco Pharmaceuticals FZ CO”, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ)
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсынымдарды) қабылдайтын ұйымның мекенжайы
“Vieco Pharmaceuticals FZ CO” компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
050009, Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 43/1, 303 кеңсе.
Телефон +7(727) 393 77 77
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері
“Vieco Pharmaceuticals FZ CO” компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
050009, Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 43/1, 303 кеңсе.
Телефон +7(727) 393 77 77
e-mail:pharmacovigilance@vieco-pharma.com