Анузол

МНН: Ксероформ, Цинка сульфат, Экстракт Белладонны
Производитель: Монфарм
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты и их комбинации
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023873
Информация о регистрации в РК: 01.11.2018 - 01.11.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Анузол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ректальді суппозиторийлер

Құрамы

1 суппозиторий құрамында

белсенді заттар: ксероформа 0,10 г,

белладонна қою экстрактісі

1,5 % 0,02 г алкалоидтар сомасының құрамына шаққанда,

мырыш сульфаты 0,05 г;

қосымша заттар: қатты май, глицерин.

Сипаттамасы

Қоңырлау немесе жасылдау реңді, ксероформ иісі бар сары түсті суппозиторийлер. Кесігінде ауа стерженінің немесе ұңғыма тәрізді ойық болуы мүмкін. Суппозиторий беткейінде ақ өңездің пайда болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесі. Вазопротекторлар. Геморрой және анальді сызаттарды емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған дәрілер. Геморрой және анальді сызаттарды емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған басқа да дәрілер. Басқа да препараттар және олардың біріктірілімдері.

АТХ коды C05AX03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Суппозиторийді тік ішекке енгізу кезінде препараттың әсері 15-90 минуттан соң білінеді. Алкалоидтардың резорбтивті әсерінің ұзақтығы 2 сағаттан 6 сағатқа дейін ауытқиды.

Фармакодинамикасы

Геморройға қарсы біріктірілген дәрі. Анузол спазмолитикалық, қабынуға қарсы, антисептикалық, ауыруды басатын, жергілікті қабынуға қарсы, тұтқыр және құрғатқыш әсері бар.

Ксероформ (висмут трибромфеноляты) – антисептикалық, қабынуға қарсы, тұтқыр және құрғатқыш дәрі.

Итжидек экстрактісі (белладонна экстрактісі) – М-холин бөгегіш және спазмолитикалық әсер көрсетеді, асқазан-ішек жолы бұлшықетінің тонусын төмендетеді. Мырыш сульфаты – тұтқыр дәрі, антисептик.

Қолданылуы

Ересектердегі геморрой, артқы өтістің сызаттары.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ректальді қолданылады. Тік ішекке енгізеді – күніне 3 рет және әрбір дефекациядан кейін 1 суппозиторийден. Ең жоғарғы тәуліктік доза – 7 суппозиторий. Қолдану ұзақтығы аурудың күрделілігіне және емдік әсердің айқындылығына байланысты.

Жағымсыз әсерлер

- ауыздың құрғауы, шөлдеу, дәм сезудің бұзылуы, дисфагия, тіпті атонияға дейін ішек мотрикасының төмендеуі, өт шығару жолдары мен өт қабы тонусының төмендеуі, іш қату, диарея

- несеп шығарудың қиындауы және кідіруі

- тахикардия, жүрек қағуын сезіну, аритмия, экстрасистолияны қоса, миокард ишемиясы

- беттің қызаруы, қан кернеу

- бас ауыруы, бас айналуы, күйгелектік, ұйқысыздық

- қарашықтың кеңеюі, фотофобия, аккомодация сал ауруы, көзішілік қысымның жоғарылауы, көрудің уақытша нашарлауы

- тұтқыр қақырықты жөтел

- тері бөртпесі, есекжем, эксфолиативті дерматит

- анафилаксиялық реакциялар, анафилаксиялық шок

- тер бөлінудің төмендеуі, терінің құрғауы, дизартрия, артқы өтіс аумағындағы шымылдату.

Қандай да бір жағымсыз құбылыстар пайда болғанда дәрігерге қаралу қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жыпылықтағыш аритмия, тахикардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, ишемиялық жүрек ауруы, митральді стеноз, ауыр артериялық гипертензия

- жедел қан кету

- тиреотоксикоз

- гипертермиялық синдром

- бітелумен қатар жүретін асқазан-ішек жолы ауруы (өңеш ахалазиясы, қақпа стенозы, ішек атониясы)

- жабық бұрышты глаукома

- бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі

- миастения gravis

- декомпенсация сатысындағы қуық асты безі аденомасы, несептің жедел кідіруі

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты моноаминооксидаза тежегіштерімен қолданғанда жүрек аритмиясы туындайды; хинидинмен, новокаинамидпен – холинолитикалық әсер синергизмі байқалады; інжугүл препараттарымен, танинмен физикалық-химиялық әрекеттесу байқалады, бұл әсерлердің өзара басылуына әкеледі. Анузол есірткілік заттар әсерінің ұзақтығын және тереңдігін төмендетеді, апиындардың анальгетикалық әсерін басады. Димедролмен немесе дипразинмен бір уақытта қолданғанда атропиннің әсері күшейеді; нитраттармен, галоперидолмен, жүйелі қолданылатын кортикостероидтармен – көзішілік қысымның жоғарылау ықтималдығы өседі, сертралинмен – екі препараттың депрессиялық әсері күшейеді, спиронолактонмен, миноксидилмен – спиронолактон мен миноксидил әсері төмендейді, пенициллиндермен – екі препараттың әсері күшейеді, низатидинмен – низатидин әсері күшейеді, кетоконазолмен – кетоконазолдың сіңірілуі төмендейді, аскорбин қышқылымен және аттапульгитпен – Анузол әсері төмендейді, пилокарпинмен – глаукоманы емдегенде пилокарпин әсері төмендейді, окспренолонмен – препараттың гипертензияға қарсы әсері төмендейді. Октадиннің әсерімен препараттың гипосекреторлық әсері төмендеуі ықтимал, М-холиномиметиктер мен антихолинэстеразалық дәрілердің әсерін басады. Сульфаниламидтік препараттармен бір уақытта қолданғанда бүйректің зақымдану қаупі өседі, құрамында калий бар препараттармен – ішек ойықжарасы орын алуы мүмкін, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен – асқазан ойықжарасы және қан кетудің пайда болу қаупі өседі. Анузол әсері антимускариндік әсері бар басқа препараттармен бір уақытта қолданғанда күшеюі мүмкін: М-холиноблокатор, паркинсонизмге қарсы препараттар (амантадин), спазмолитиктер, кейбір антигистаминдік дәрілер, бутирофенон тобының препараттары, фенотиазин, диспирамид, хинидин және трициклдық антидепрессанттар, моноаминдерді кері нейрональді қармаудың селективті емес тежегіштері.

Анузол әсерімен перистальтиканың бәсеңдеуі басқа дәрілік заттардың сіңірілуінің өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Несеп шығару жолының обструкциясынсыз қуық асты безінің гипертрофиясы; Даун ауруы; балалардың церебральді сал ауруы; рефлюкс-эзофагит; рефлюкс-эзофагитпен үйлескен диафрагманың өңештік саңылауының жарығы; спецификалық емес ойықжаралы колиті; мегаколон; ксеростомиясы бар пациенттерге; егде жастағы және әлсіреген науқастарға; обструкциясы қайтымсыз созылмалы өкпе ауруында; әсіресе әлсіреген науқастарда бөлінуі күрделі қою қақырықтың аз шығуымен өтетін созылмалы өкпе ауруларында; вегетативті (автономды) нейропатияда сақтықпен қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Бас айналуы, елестеулер, аккомодацияның бұзылуы сияқты жағымсыз реакциялардың пайда болу мүмкіндігін ескеріп, препаратты қолдану кезінде автокөлікті басқарудан немесе басқа механизмдермен жұмыс істеуден бас тарта тұру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз реакциялар көрінісінің күшеюі, жүрек айнуы, құсу, артериялық қысымның төмендеуі, қозу, тремор, құрысу, ұйқысыздық, ұйқышылдық, елестеулер, тітіркенгіштік, гипертермия. Орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, тыныс алу және тамыр қозғалту орталықтарының басылуы, несеп шығарудың кідіруі, гипертермия.

Емі. Асқазанды шаю, холиномиметиктер мен антихолинэстеразалық дәрілерді парантеральді енгізу. Гипертермия кезінде ылғалмен сүрту ыстық түсіретін дәрілер, қозу кезінде – натрий тиопенталын немесе натрий оксибутиратын енгізу, мидриаздажергілікті, фосфакол, физостигмин, пилокарпин көзге тамызатын дәрілері түрінде көрсетілген. Глаукома ұстамасы дамыған жағдайда конъюнктивальді қапқа дереу 1% пилокарпин ерітіндісін сағат сайын 2 тамшыдан және тері астына 1 мл 0,05 % прозерин ерітіндісін тәулігіне 3-4 рет тамызады.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

5 суппозиторийден поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынады.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушы ыдысына арналған картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 15 С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Монфарм» ЖАҚ

Украина, 19100, Черкасск обл., Монастырище қ-сы, Заводская к-сі, 8.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Монфарм» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (ұсыныстар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды поштасы):

«АЛДИМЕД» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, 050051,

Самал-1 ы/а, 1 үй.

Тел/факс (727) 236-27-34; e-mail:aldimed@mail.ru

Прикрепленные файлы

Анузол_суппоз_ректальные_13.06_.doc 0.06 кб
анузол_-каз.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту