Энзистал П

МНН: Панкреатин
Производитель: Торрент Фармасьютикалс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Multienzymes (lipase, protease etc.)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019612
Информация о регистрации в РК: 15.01.2019 - 15.01.2024
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Энзистал П

Саудалық атауы

Энзистал П

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: панкреатин-89,36 мг (амилаза 4200 Б, липаза 3500 Б, протеаза 250 Б ең төмен ферменттік белсенділігімен)

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза (РН 102), магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий крахмалы гликоляты (карбоксиметил крахмал натрий А типі), гипромеллоза (Е-15 LV), макрогол 6000, титанның қостотығы (Е171), целлюлоза ацетат фталаты (ЕР 5), диэтилфталат, азорубин (Е122), араның ақ балауызы.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді екі беті дөңес, қызғылт түсті ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорытуға әсер ететін (ферментті препараттарды қоса) препараттар. Ас қорытатын ферментті препараттар.

АТХ коды А09АА02

Фармакологиялық қасиеттері

Энзистал П ас қорыту үдерісін жақсартатын ферментті препарат. Энзистал П ұйқы безінің сыртқы секреторлық жеткіліксіздігін компенсациялайды, асқазан-ішек жолдарының қызметтік жағдайын жақсартады, ас қорыту үдерісін қалпына келтіреді.

Препарат құрамына кіретін панкреатикалық ферменттер – амилаза, липаза және протеаза олардың аш ішектен толық сіңуіне әкеліп, ақуыздар, майлар, көмірсутегінің қорытылуын жеңілдетеді.

Панкреатин құрамында ферменттер: липаза, протеаз, трипсин, химотрипсин және басқалары бар, шошқаның ұйқы безінің ұнтағы.

Липаза 1 және 3 триглицеридтер позициясы бойынша май қышқылдарын ыдыратады. Осы ыдырауда түзілетін бос май қышқылдары өт қышқылдарының қатысуымен негізінен аш ішектің жоғары бөлігінде сіңеді.

Альфа-амилаза эндоамилаза секілді, құрмында глюкоза бар, полисахаридтерді ыдыратады. Амилаза сондай-ақ глюкоза, мальтоза және декстрин түзумен гликогенді гидролиздейді.

Протеаза ақуыздағы аминқышқылдары аралығындағы пептидті байланысты ыдырататын, гидролаз класының ферменті болып табылады.

Панкреатикалық ферменттер дәрілік түрден аш ішектің сілтілі ортасында (өйткені таблетка препарат компонентін асқазан сөлінісінің әсерінен қорғайтын ішекте еритін қабықпен қапталған) босап шығады.

Ең жоғары ферментативтік белсенділігі препаратты ішке қабылдағаннан кейін 30-45 минуттан кейін байқалады.

Қолданылуы

- ұйқы безінің сыртқы секреторлық жеткіліксіздігінде орын басу емінде: созылмалы панкреатит, панкреатэктомия, сәулемен емдеуден кейінгі жағдай, диспепсия, муковисцидоз, метеоризм, шығу тегі жұқпалық емес диарея

- ас қорытылуының бұзылуы (асқазан мен аш ішектің резекциясынан кейінгі жағдай)

- АІЖ қалыпты қызметімен адамдарда тамақтанудың бұзылуында (майлы тағам, тамақтың көп мөлшерін қабылдау, уақытымен тамақтанбау) ас қорытылуын жақсарту үшін және қимыл-қозғалыс шектелуінде, ұзақ уақыт иммобилизацияда шайнау қызметінің бұзылуында

- Ремхельд синдромында (гастрокардиальді синдром)

- іш қуысы мүшелерін рентгенологиялық зерттеуге дайындау және УДЗ (УЗИ)

Қолдану тәсілі және дозалары

Энзистал П таблеткаларын шайнауға болмайды, судың жеткілікті мөлшерімен іше отырып, ас қабылдау кезінде немесе кейін ішке қабылдайды.

Дозасы ас қорытылуының бұзылу дәрежесіне байланысты жекелей анықталады.

Ересектерге препаратты 1-2 таблеткадан күніне 3 рет тағайындайды.

Ең жоғары бір реттік доза 2 таблетка құрайды.

Препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы – 6 таблетка.

Препаратты қабылдау ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және дәрігермен анықталады.

Жағымсыз әсерлері

  • жүрек айнуы, диарея, іш қату, асқазан тұсында жайсыздық сезімі (әйтсе де осы жағымсыз әсерлерінің препарат қабылдаумен себеп-салдарлы байланысы анықталмаған, өйткені аталған реакциялар ұйқы безінің сыртқы секреторлық жеткіліксіздігіне жатады)

  • аллергиялық реакциялар (терінің гиперемиясы, тері бөртпесі, тері қышынуы)

Мүмкін

  • гиперурикозурия, гиперурикемия (препаратты жоғары дозаларда ұзақ уақыт қабылдағанда)

  • муковисцидозда, ұсынылған дозадан асып кеткен жағдайда өрлемелі тоқішектің илеоцекальді бөлімінде стриктураның дамуы (фиброзды колонопатиялар)

  • панкреатинді жоғары дозада қабылдағанда балаларда ауыз қуысының шырышты қабатының тітіркенуі және перианальді тітіркенудің пайда болуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жедел панкреатит

  • созылмалы панкреатиттің асқынуы

  • тұқым қуалаған галактозаны көтере алмаушылық, лактазаның жеткіліксізідігі

  • 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында кальций карбонаты және /немесе магний гидроксиді бар антацидті препараттарды бір уақытта қабылдау, панкреатиннің тиімділігін төмендетеді.

Панкреатинмен бір уақытта қабылдауда темір препараттарының және фолий қышқылының сіңуінің төмендеуі байқалған.

Гистаминді H2-рецепторларының блокаторларын, протонды помпа тежегіштерін немесе антацидті препараттарды бір уақытта қабылдау панкреатиннің тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Муковисцидозда фиброзды колонопатия даму қаупіне байланысты Энзистал П жоғары дозада қабылдау ұсынылмаған. Препарат дозасы қабылданатын астың мөлшері мен сапасын ескере отырып майлардың сіңуі үшін қажетті ферменттер мөлшеріне баламалы болуы керек.

Энзистал П ұзақ уақыт қабылдағанда бір уақытта темір препараттарын тағайындау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде ана үшін күтілген пайдасы мен ұрық үшін әлеуетті қаупін бағалағаннан кейін ғана қолдануға болады. Препаратты лактация кезінде тағайындағанда емшекпен емізуді тоқтату туралы шешім қабылдау керек.

Көлік құралдарын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: гиперурикозурия, гиперурекемия, балаларда– іш қату.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату және белгісіне қарай ем тағайындау керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі рок хранения

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Торрент Фармасьютикалс Лимитед, Үндістан, Бадди-173205, Vill.Bhud& Makhnu Majra.

Тіркеу куәлігінің иесі

Торрент Фармасьютикалс Лимитед, Үндістан, Ахмедабад, 380009, офф.Ашрам Роуд.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «ТОРРЕНТ ФАРМАСЬЮТИКАЛС ЛИМИТЕД», компаниясының өкілі, Алматы қ-сы, 050010, Құрманғазы к-сі, 20 үй, 29 кеңсе.

Телефон нөмірі 8 (727) 261 – 73 – 40

Факс нөмірі 8 (727) 261 – 73 – 40

Электронды поштасы office@torrent.kz

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

931866261477976981_ru.doc 57.5 кб
017586041477978158_kz.doc 66 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники