Ферровит®

МНН: Железа сульфат
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ferrous sulfate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013864
Информация о регистрации в РК: 28.06.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 14.81 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ферровит®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: темірдің (II) сусыз сульфаты – 320.0 мг,

(Fe (II) шаққанда - 100 мг),

аскорбин қышқылы - 60.0 мг,

қосымша заттар: коповидон, натрий кармеллозасы, картоп крахмалы, ацетилфталилцеллюлоза, стеарин қышқылы, кальций стеараты,

қабықтың құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), вазелин майы, триацетин, понсо 4R (Е 124).

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, қызыл түсті қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимасында екі қабаты көрінеді.

Фармакотерапиялық тобы

Темір препараттары басқа препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды B03AЕ10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Екі валентті темір иондары босап шығуының ұзаруы асқазан-ішек жолында темір иондары құрамының жағымсыз артуына кедергі жасайды және олардың шырышты қабықты тітіркендіретін әсерін болдырмайды. Асқазан-ішек жолынан темірдің сіңуі баяу өтеді, өйткені матрицадан оның иондарының босап шығуы (басында кеуекті құрылымды пластик матрицасының беткейлік қабатынан, содан соң – қалғандарында анағұрлым терең қабаттардан) 6 сағат бойы жүреді және асқазан мен ішек ферменттерінің әсері, рН ортаға байланысты болмайды.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген препарат, анемияға қарсы әсері бар. Темір организмнің тіршілік әрекеті үшін қажет: ол гемоглобиннің, миоглобиннің, әртүрлі ферменттердің құрамына кіреді. Оттегіні қайтымды байланыстырады және бірқатар тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады; эритропоэзді көтермелейді.

Темір сульфаты организмдегі темір жеткіліксіздігінің орнын толтырады. Аскорбин қышқылы темірдің асқазан-ішек жолынан сіңуін жақсартады.

Қолданылуы

  • шығу тегі әр түрлі темір тапшылығы анемиясын емдеуде (организмге темірдің тамақпен жеткіліксіз түсуінде, организмнің темірге қажеттілігі жоғары болғанда, созылмалы қан жоғалтуда)

  • темір тапшылығы анемиясының алдын алуда (оның ішінде жүктілік және лактация кезінде, балалар мен жасөспірімдердің қарқынды өсу кезеңінде, балалардың толыққанды тамақтанбауында, күні жетпей туған балаларда, инфекциялық аурулар кезінде, ісіктерде, иммунитеті төмендеген ересектер мен балаларда)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, шайнамай, тамақтанудан 30 мин бұрын 100 мл сұйықтықпен ішеді. Емдеу гемоглобин көрсеткіштері қалыпқа түскеннен соң организмде темір депосы толық қаныққанға дейін 1-3 ай бойы жүргізіледі. Темір тапшылығы анемиясын емдеу үшін ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 1 таблеткадан күніне 2 рет таңертең және кешке тағайындайды. Жағымсыз әсерлерінің дамуы кезінде дозаны күніне 1 рет 1 таблеткаға дейін азайтқан жөн. Темір тапшылығы анемиясының профилактикасы үшін, сондай-ақ жүктіліктің I және II триместріндегі анемия кезінде 1 таблеткадан күніне 1 рет, III триместрде – 1 таблеткадан күніне 2 рет тағайындайды. Лактация кезеңінде 1 таблеткадан күніне 2 рет тағайындайды. Емдеу ұзақтығы плазмадағы гемоглобин мен темір деңгейін бақылай отырып, жекелей анықталады.

Жағымсыз әсерлері

- кекіру, жүрек айнуы, құсу, тәбеттің анорексияға дейін төмендеуі

- дозасын азайтқанда жоғалып кететін іштің қатуы немесе диарея

Сирек

- эпигастрий аймағындағы ауырлықты сезіну, метеоризм

- тістердің қараюы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің біреуіне аса жоғары сезімталдық

  • организмде темірдің жоғары болуы (гемосидероз, гемохроматоз)

  • темір утилизациясының бұзылуы (апластикалық анемия)

  • асқазан резекциясынан кейінгі жағдай, қан кету

  • бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары

  • лейкоз

  • 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ферровит® препараты мен құрамында алюминий, магний, кальций бар антацидтік дәрілерді, сондай-ақ құрамында колестирамин бар препараттарды бір мезгілде қолданғанда темірдің асқазан-ішек жолынан сіңірілуі азаяды.

Препаратты және тетрациклин тобының антибиотиктерін, сондай-ақ Д-пеницилламинді бір мезгілде қолданғанда темірдің де, антибиотиктердің де сіңірілуін азайтатын кешенді қосылыстар түзіледі.

Глюкокортикостероидтармен бір мезгілде қолданғанда препараттың эритропоэзді көтермелеуі күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруында сақтықпен тағайындайды.

Пациенттің тістерінде қайтымды күңгірт өңез пайда болуының профилактикасы үшін препарат тамшыларын сұйылтылмаған күйде қабылдамаған жөн, ас қабылдағаннан кейін тісті мұқият жуу ұсынылады.

Препаратты қабылдағанда нәжістің күңгірт (қара) түске боялуы білінеді, бұның клиникалық маңызы жоқ.

Педиатрияда қолданылуы

12 жасқа дейінгі балаларға қолдану үшін шәрбат түріндегі дәрілік түрі бар.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация (бала емізу) кезінде организмде темір тапшылығы анықталса, препаратты қолдану талапқа сай болып табылады.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті және басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, цианоз, сананың шатасуы, гипервентиляция симптомдары.

Емі: құстыру, натрий бикарбонатының 1% сулы ерітіндісімен асқазанды шаю немесе дефероксамин тағайындау; темір иондарының асқазан-ішек жолында байланысып, әрі қарай олардың шығарылуын қамтамасыз ету үшін шикі жұмыртқа және сүт ішу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі ақпаратты қорапшаға жазуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электрондық пошта infomed@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81,

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электрондық пошта infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

287280191477976754_ru.doc 34.91 кб
150289071477977922_kz.doc 74 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники