Тазепам (Oxazepam)

МНН: Оксазепам
Производитель: Тархоминский фармацевтический завод Польфа Акционерное Общество
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Oxazepam
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011288
Информация о регистрации в РК: 18.05.2018 - 18.05.2023
Номер регистрации в РБ: 1571/95/2000/05/10/15/18/20
Информация о регистрации в РБ: 24.04.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 6.76 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Тазепам

Халықаралық патенттелмеген атауы

Оксазепам

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – оксазепам 10 мг,

қосымша заттар: картоп крахмалы, желатин, полисорбат 80, натрий карбоксиметилкрахмалы, магний стеараты, тальк, лактоза моногидраты,

қабығы: гипромеллоза, макрогол 6000

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған, дөңгелек, екі жақ беті дөңес, дақсыз, ақаусыз және сызатсыз таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Психотроптық препараттар. Анксиолитиктер. Бензодиазепин туындылары. Оксазепам

АТХ коды N05BA04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Оксазепам ас қорыту жолынан жақсы сіңеді. Биожетімділігі 92%-ға жуық. 30 мг оксазепамды ішке қабылдағанда қанда ең жоғары концентрацияға шамамен 3 сағаттан соң жетеді және 450 нг/мл-ге жуықты құрайды.

Оксазепам плазма ақуыздарымен 85%-ға байланысады. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Плацентарлық бөгет арқылы өтеді және ана сүтіне енеді.

Оксазепамның жартылай шығарылу кезеңі 8,2 сағатқа жуықты құрайды. Оксазепамның бауырда биотрансформацияға ұшырау үдерісі жүреді. Глюкурон қышқылымен конъюгациялану нәтижесінде белсенді емес метаболит – оксазепам глюкуронаты түзіледі.

Оксазепам, негізінен, несеппен бірге оксазепам глюкуронаты түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Препарат медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылауда болатын психотроптық заттардың тізіміне кіреді (III тізім).

Оксазепам 1,4-бензодиазепин туындылары тобына жатады. Орталық жүйке жүйесінің көптеген құрылымдарына, әсіресе лимбиялық жүйеге және гипоталамусқа, яғни эмоциялық қызметті реттеуге байланысты құрылымға әсер етеді. Барлық бензодиазепиндер сияқты, ол бас ми қыртысының, гипокамптің, мишықтың, таламустың және гипоталамустың ГАМҚ-ергиялық нейрондарының тежегіш ықпалын күшейтеді. ГАМҚ-А рецепторы мен хлорлы өзекшеден тұратын кешенмен байланысы бар жасушалық жарғақшаның ақуыздық құрылымы болып табылатын бензодиазепиндерге тән байланысу аймақтарының бар екендігі анықталды. Оксазепамның әсері тежегіш эндогендік нейромедиатор болып табылатын гамма-аминмай қышқылындағы (ГАМҚ) рецепторға ұқсастығының артуына әкелетін ГАМҚ-ергиялық рецептор сезімталдығының модуляциясымен байланысты. Бензодиазепинді рецептор немесе ГАМҚ-А белсенділенуінің салдары нейрон ішіндегі хлор иондарының хлорлы өзекше арқылы тасымалдануының ұлғаюы болып табылады, бұл жасушалық жарғақшаның гиперполяризациясына, ал қорытындысында нейрон белсенділігінің тежелуіне әкеледі. Клиникалық тұрғыдан алғанда, бұл анксиолитикалық және әлсіз білінетін седативтік әсермен білінеді. Оксазепам сондай-ақ қаңқа бұлшықеттерінің тонусына босаңсытқыш әсер және құрысуға қарсы әлсіз әсер береді.

Қолданылуы

Шұғыл жағдайларда және қысқа мерзімге:

- күйгелектенумен және басқа да психосоматикалық бұзылулармен қатар үрей тудыратын бұзылыстарда

- ұйқының функциональді бұзылуларында

Жүйкенің ширығу жағдайлары және күнделікті өмірдегі мәселелермен байланысты үрейлену жағдайлары препаратты қолдануға көрсетілім болып табылмайды.

Асқынуға жол бермеу үшін препаратты қатаң түрде дәрігердің бақылауымен қабылдау қажет.

Қолдану тәсілі және дозалары

Тазепам препаратын әрдайым дәрігердің нұсқауымен қолданған жөн.

Күмәнданған жағдайда дәрігерге жүгіну қажет.

Ересектер

- Үрей тудыратын бұзылыстарда: 10 мг-ден 30 мг-ге дейін, тәулігіне 3-4 рет.

- Қосымша зат ретінде және тек негізді жағдайларда ұйқының бұзылуын емдеуге: ұйқыдан бір сағат бұрын 10 мг-ден 30 мг-ге дейін.

Ұйқының бұзылуына байланысты оксазепам қабылдап жүрген емделушілерді препаратты қабылдағаннан кейін үзіліссіз 7-8 сағат ұйықтауы үшін жағдай болуы тиіс екендігінен хабардар ету қажет.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілер орталық жүйке жүйесіне әсер ететін препараттарға өте сезімтал. Тазепам препаратын бұл емделушілерге қолданғанда мүмкіндігінше тиімді аз дозаны тағайындау керек.

Бауыр және (немесе) бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер

Бауыр және (немесе) бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер дәрігерге осы аурулары жөнінде айтуы тиіс. Зақымданған ағза функциясының жеткіліксіздігі дәрежесіне қарай, дәрігер дозаны әрбір емделушіге жекелей таңдайды.

Егер емделу кезінде емделушілерге препараттың әсері тым күшті немесе әлсіз сияқты болса, ол мұны дәрігерге айтуы тиіс.

Емдеу ұзақтығы

Оксазепаммен емдеу ұзақтығын дәрігер ең аз шамаға дейін шектеуі тиіс, ол әдетте бірнеше күннен 2 аптаға дейінді құрайды. Емдеу ұзақтығы, препаратты біртіндеп тоқтату кезеңін қоса, 4 аптадан аспауы тиіс. Препаратты өте ұзақ қолдану төзімділіктің және дәріге тәуелділіктің даму қаупіне байланысты ұсынылмайды.

Жекелеген жағдайларда, емделушінің жағдайына баға бергеннен кейін, дәрігер емдеуді барынша ұзарту жөнінде шешім қабылдауы мүмкін.

Қолдану тәсілдері

Таблетканы ішке судың мол мөлшерімен ішіп қабылдаған жөн.

Дәрігер емдеуді үрейлену немесе ұйқысыздық симптомдарын басу үшін тиімді өте төмен дозалардан бастауы, ал қажет болғанда оларды біртіндеп арттыруы тиіс. Препаратты біртіндеп тоқтату қажет. Бұл әсіресе бензодиазепин туындыларын ұзақ уақыт қабылдап жүрген емделушілерге қатысты. Оксазепамды күрт тоқтату ұйқының және көңіл-күйдің бұзылуын, зейінді жұмылдырудың нашарлауын туындатуы мүмкін. Препаратты біртіндеп тоқтатуды дәрігер әрбір емделуші үшін жекелей белгілеуі тиіс.

Тазепам препаратының дозасын қабылдауды өткізіп алған жағдайда

Егер препарат тағайындалған дәл уақытында қабылданбай қалса, оны мүмкіндігінше тезірек (егер препараттың кезекті қабылдануына әлі де көп уақыт бар болса) қабылдау немесе препаратты жүйелі қабылдауды жалғастыру қажет.

Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі еселенген доза қабылдауға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлердің жиілігі және айқындылығы емделушінің жекелей сезімталдығына және препараттың қолданылатын дозасының шамасына байланысты.

Тазепам препаратын, ауыр жағымсыз әсерлеріне байланысты тоқтату сирек кездеседі.

  • қан және лимфалық жүйе тарапынан: қанның морфологиялық құрамының бұзылуы (лейкопения, агранулоцитоз) сирек,

  • орталық жүйке жүйесі тарапынан: жиі ұйқышылдық, реакцияның баяулауы, бас айналу, сананың шатасуы және бағдардан адасу, бұлшықет әлсіздігі, атаксия; сирек – бас ауыру. Бұл әсерлер көбіне емнің бас кезінде, егде жастағы емделушілерде байқалады және, әдеттегідей, емді әрі қарай жалғастыру барысында жоғалады. Осы реакциялар күшейген жағдайда дәрігерге қаралу қажет. Дозаның тиісінше төмендеуі осы симптомдардың айқындылығын және пайда болу жиілігін азайтады. Сондай-ақ бензодиазепиннің басқа да туындыларын, әсіресе үлкен дозаларда қабылдағаннан кейін сөйлеудің бұзылуы (міңгірлеп сөйлеу және дұрыс айта алмау орын алатын дизартрия), жадының бұзылуы (антеградты амнезия), либидоның бұзылуы дамуы мүмкін,

  • офтальмологиялық бұзылулар: жиі – көздің дұрыс көрмеуі, диплопия,

  • асқазан-ішек жолы тарапынан: жүректің айнуы, диспепсиялық құбылыстар, сирек – ауыздың құрғау сезімі,

  • бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: несептің іркілуі, несепті ұстай алмаушылық,

  • тірек-қимыл жүйесі тарапынан: бұлшықет треморы, бұлшықет әлсіздігі, миалгия,

  • метаболизмнің және тамақтанудың бұзылуы: тәбеттің болмауы,

  • жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: артериялық қысымның аздап төмендеуі,

  • жалпы бұзылулар және препаратты енгізген жерде реакциялар: жалпы әлсіздік, естен тану,

  • иммундық жүйе тарапынан: сирек – ауыр аллергиялық реакциялар (анафилактикалық реакциялар),

  • тері және теріасты тіні тарапынан: аллергиялық тері реакциялары (бөртпе, қышыну, есекжем),

  • бауыр және өт жолдары тарапынан: бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, бауыр функциясының сарғаюмен қатар жүретін бұзылуы,

  • репродукциялық жүйе және сүт бездері тарапынан: етеккір оралымының бұзылуы,

  • психикалық бұзылулар: парадоксальді реакциялар – психоқимыл мазасыздығы, қозу және озбырлық, сананың шатасуы, елестеулер, қорқынышты түстер көру, сандырақтау, психоздар, ашушаңдық, талапқа сай емес мінез таныту.

Парадоксальді реакциялар көбіне алкогольді пайдаланғаннан кейін, егде жастағы емделушілерде және психикалық аурулары бар емделушілерде байқалады.

Физикалық және психикалық тәуелділік оксазепамның емдік дозаларымен емдеген кезде дамуы мүмкін. Емдеуді күрт тоқтату «рикошет» типіндегі ұйқысыздықты және тоқтату синдромын туындатуы мүмкін.

Алкогольді немесе дәрілік препараттарды шамадан тыс пайдаланатын емделушілер тәуелділіктің пайда болуына өте бейім келеді.

Оксазепаммен емдеу кезінде өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігі диагностикаланбаған депрессия пайда болуы мүмкін.

Кейбір емделушілерде Тазепам препаратын қолдану кезінде басқа да жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген немесе осы нұсқаулықта көрсетілмеген басқа да жағымсыз әсерлердің кез келгені пайда болған жағдайда дәрігерге немесе фармацевтке ол жөнінде айту қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- 1,4-бензодиазепин туындыларына немесе препараттың қандай да бір компонентіне жоғары сезімталдық

- тыныс алу функциясының ауыр жеткіліксіздігі

- түнгі апноэ ұстамалары

- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

- бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі

- миастения

- жабысқақ ойлар, фобиялар, созылмалы психоз

- жедел порфирия

- алкогольмен, ұйықтатқыш препараттармен немесе орталық жүйке жүйесінің қызметін бәсеңдететін басқа да препараттармен улану

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Соңғы кезде қабылдап жүрген барлық дәрілік заттар, тіпті рецептісіз босатылатын да дәрілер жөнінде дәрігерді хабардар ету қажет.

Оксазепамның орталық жүйке жүйесін (ОЖЖ) тежейтін әсерін апиындық анальгетиктер, жалпы анестезияға арналған препараттар (анестетиктер), психотроптық препараттар, антидепрессанттар, эпилепсияға қарсы препараттар, антигистаминдік препараттар, орталық әсері бар гипотензивтік препараттар күшейтеді.

Апиындық анальгетиктерді және оксазепамды бір мезгілде қолданған жағдайда эйфория күшеюі мүмкін, бұл психикалық тәуелділіктің пайда болуына әкеледі.

Оксазепаммен емделу кезінде алкогольді қолдану орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін әсерді күшейтеді және психомоторлы қозу, агрессивтік мінез таныту сияқты парадоксальді реакциялардың дамуына әкеп соғуы мүмкін.

Қаңқа бұлшықеттерін босаңсытатын препараттармен (кураре және оның туындылары, қаңқа бұлшықетінің тонусын төмендететін препараттар) бір мезгілде қолданылатын Тазепам олардың әсерін ұзартады және күшейтеді.

Теофиллин және кофеин бензодиазепиндердің (оксазепамды қоса) ұйықтатқыш әсерін бәсеңдетуі мүмкін.

Паркинсонизмді емдеу үшін қолданылатын препараттармен (мысалы, леводопамен) бірге тағайындалатын Тазепам олардың әсерін бәсеңдетуі мүмкін.

Ұрықтануға қарсы құрамында эстроген бар оральді дәрілік заттар оксазепамның метаболизмін жылдамдатуы және жартылай шығарылу кезеңін қысқартуы мүмкін. Фенитоинмен бір мезгілде қолдану қан сарысуында оксазепам деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Емдеуді бастар алдында бұрыннан бар бұзылыстарға мұқият талдау жүргізу қажет. Ұйқысыздықты емдеген жағдайда басқа да ықтимал себептердің (соматогения, психогендік, зиянды әдеттер) бар-жоқтығын анықтау қажет. Егер 7-14 күн емдегеннен кейін емделуші жақсаруды байқамаса немесе симптомдар қайталана бастаса, дәрігерге қаралуы қажет.

Бензодиазепиндермен және ұйықтатқыш басқа да препараттармен емдегенде байқалатын әсерлерге қатысты жалпы ақпаратты Тазепамды қолданған кезде ескерген жөн:

Төзімділік

Бензодиазепиндерді немесе әсері осыған ұқсас препараттарды, соның ішінде Тазепамды бірнеше апта бойы жүйелі қолдану олардың әсер ету тиімділігінің азаюына әкеп соғуы мүмкін.

Дәріге тәуелділік

Тазепамды қолдану, басқа да бензодиазепиндер немесе әсері ұқсас препараттар сияқты, психикалық және физикалық тәуелділіктің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Дәріге тәуелділіктің пайда болу қаупі дозамен және емдеу ұзақтығымен бірге артады, және де алкогольге тәуелді емделушілерде, сондай-ақ сыртартқысында дәрілік препараттарға тәуелділігі бар емделушілерде арта түседі.

Дәріге тәуелділік пайда болған жағдайда препаратты күрт тоқтатқанда, тоқтату синдромының пайда болуына әкелуі мүмкін.

Тоқтату синдромына тән біліністер мыналар болып табылады: бас ауыру, құлақтың шыңылдауы, бұлшықеттің ауыруы, қозу және эмоциональді ширығу, қимыл мазасыздығы, еріксіз қимылдар, сананың шатасу және бағдардан адасу жағдайлары, ашушаңдық, ұйқысыздық. Ауыр жағдайларда дереализация, жеке тұлғалық бұзылыс, тактильді, акустикалық және жарық гиперестезиясы, «құмырсқаның жорғалауы» сезімі және аяқ-қолдың ұюы, елестеулер немесе құрысу ұстамалары, танымдық функциялардың бұзылулары, іштің ауыруы, құсу пайда болуы мүмкін.

Антеградтық амнезия

Тазепам, бензодиазепиндер және соған ұқсас препараттар сияқты, антеградтық амнезияны тудыруы мүмкін. Симптомдар көбіне препаратты қабылдағаннан кейін бірнеше сағаттан соң, әсіресе үлкен дозада пайда болады. Ұйқының бұзылуына байланысты, амнезияның пайда болу қаупін азайту үшін Тазепамды қабылдап жүрген емделушілерде препаратты ұйқыдан бір сағат бұрын қолдану және үзіліссіз 7-8 сағаттық ұйқы үшін тиісті шарттарды қамтамасыз ету керек.

Парадоксальді реакциялар

Тазепам, басқа да бензодиазепиндер және ұқсас препараттар сияқты, қимыл мазасыздығы, қозу, ашушаңдық, озбырлық, өшпенділік, қорқынышты түстер көру, елестеулер, психоздар, сомнамбулизм, жеке тұлғалық бұзылыстар, айқын ұйқысыздық сияқты парадоксальді реакцияларды тудыруы мүмкін. Бұл реакциялар егде жастағы емделушілерде немесе алкогольге тәуелді емделушілерде жиі байқалады.

Мұндай симптомдар пайда болған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.

Емделушілердің арнайы топтары

Егде жастағы емделушілерде, осы жас тобында жағымсыз әсерлерінің күшеюімен, негізінен бағдардан адасу және қимыл үйлесімінің бұзылуымен (құлау, жарақат алуы) байланысты, Тазепам препаратының аз дозасын қолданған жөн. Бензодиазепиндер тыныс алу орталығын басатын болғандықтан, оксазепамды тыныс алу функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар емделушілерге абайлап қолданған жөн. Бензодиазепиндерді және осыған ұқсас препараттарды психозы бар емделушілерге қолдану ұсынылмайды. Препаратты бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерге тағайындағанда сақтық таныту қажет. Энцефалопатияның дамуын жылдамдатуы мүмкін болғандықтан, бензодиазепиндерді және осыған ұқсас препараттарды бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерге қолдану ұсынылмайды.

Депрессияда қолданылуы

Тазепам препаратын қолданар алдында, емделуші дәрігерге барлық психикалық аурулары туралы айтуы тиіс. Эндогендік депрессия немесе депрессиямен байланысты үрейлену симптомдары бар емделушілерге дәрігер бірнеше препаратты бір мезгілде тағайындауы тиіс. Осы емделушілерде суицидке бейімділік пайда болуы мүмкін. Әдейі артық дозалануы мүмкін болғандықтан, мұндай емделушілерге оксазепамды мүмкіндігінше барынша аз дозаларда тағайындаған жөн. Бензодиазепиндер және осыған ұқсас препараттарды депрессияда немесе депрессиямен байланысты үрейленулерде монотерапия ретінде қолдануға болмайды. Депрессиясы бар емделушілерге тек Тазепам препаратын ғана қолдану депрессия симптомдарын, соның ішінде өзіне қол жұмсау ойын күшейтуі мүмкін.

Алкогольге немесе дәріге (соның ішінде есірткілік) тәуелді емделушілер Тазепам препаратын қолданар алдында осындай зиянды әдеттерінің бар екендігі жөнінде дәрігерге мәлімдеуі тиіс. Емделушілердің осы тобында дағдылану және психикалық тәуелділіктің пайда болуы жоғары, сондықтан бұл емделушілер Тазепам дәрілік препаратын дәрігердің қатаң бақылауымен ғана қабылдауы тиіс.

Порфириясы бар емделушілерде Тазепам осы ауру симптомдарының күшеюіне әкелуі мүмкін. Порфириясы бар емделушілер Тазепам препаратымен емделер алдында бұл ауру жөнінде дәрігерді хабардар етуі тиіс.

Глаукомасы, әсіресе жабық бұрышты түрі бар емделушілер Тазепам препаратымен емделер алдында окулист-дәрігерден кеңес алуы тиіс.

Тазепам препаратының кейбір компоненттері жөнінде маңызды ақпарат

Егер емделушіде қандай да бір қантқа жақпаушылық байқалса, онда препаратты қабылдамас бұрын ол жөнінде дәрігерді хабардар етуі тиіс.

Тазепам препаратын тағамдық өнімдермен және сусындармен бірге қолдану

Тазепам препаратымен емделу кезінде және оны аяқтағаннан кейін тағы 3 күн ішінде ешқандай спирт ішімдіктерін пайдалануға болмайды.

Дәрігерден, тіпті жоғарыда айтылған сақтандырулар бұрын байқалған жағдайға қатысты болса да, кеңес алу қажет.

Репродуктивті жастағы әйелдер емдеуді бастар алдында жүктілікті жоспарлап жүрген немесе жүктілігі анықталған жағдайда емдеуді тоқтату мақсатында дәрігерден кеңес алуы керектігі жөнінде хабардар болуы тиіс.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Тазепам препаратымен емделу кезінде және оны аяқтағаннан кейін тағы 3 күн бойы автокөлікті басқармаған және қозғалыстағы механикалық құралдармен қызмет көрсетпеген жөн.

Автокөлікті басқару және механикалық құралдармен қызмет көрсету қабілеті ұйқышылдықтың пайда болуымен, зейінді жұмылдырудың нашарлауымен және зейінді жұмылдыруды төмендететін басқа да жағымсыз әсерлерге байланысты шектелуі мүмкін («Жағымсыз әсерлерін» қараңыз).

Артық дозалануы

Cимптомдары: ұйқышылдық, бағдардан адасушылық жағдайы, міңгірлеп сөйлеу, ал едәуір артық дозаланған жағдайда есінен тану, кома.

Емі: мүмкіндігінше ертерек құстыру қажет (санасы сақталған жағдайда) және дәрігерге қаралу қажет.

Оксазепаммен уланған жағдайда шаралар организмге әлі сіңіп үлгермеген препаратты тезірек шығаруға немесе оның ас қорыту жолынан сіңуін азайтуға бағытталады (асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір қабылдау, құсу – тек есі бар емделушілерде), өмір үшін маңызды функцияларға (тыныс алу, тамырдың соғуы, артериялық қысым) бақылау жасау және, қажет болғанда, тиісті симптоматикалық ем жүргізу керек.

Өзіне тән у қайтарғысы флумазенил болып табылады.

Препаратты ұсынылған дозадан артық қабылдаған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 25 таблеткадан.

2 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы Өндіруші

«Польфа» Тархоминск фармацевтикалық зауыты Акционерлік Қоғамы

А. Флеминг к-сі 2, 03-176 Варшава, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

«Польфа» Тархоминск фармацевтикалық зауыты Акционерлік Қоғамы

Польша

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Adalan» ЖШС

Тимирязев к-сі 42, пав. 23 кеңсе. 202, 050057 Алматы қ.

Тел. + 727 269 54 59; e-mail: reg@adalan.kz

Прикрепленные файлы

646644431477976928_ru.doc 77 кб
160712301477978096_kz.doc 98 кб
1571_95_2000_05_10_15_18_20_p.pdf 0.54 кб
1571_95_2000_05_10_15_18_20_s.pdf 0.6 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ