Микстард® 30 НМ Пенфилл®

МНН: Инсулин человеческий средней продолжительности действия смешанный в комбинации с инсулином короткого действия
Производитель: Ново Нордиск А/С
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Insulin (human)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019009
Информация о регистрации в РК: 27.07.2017 - 27.07.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 1 165.13 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Микстард® 30 НМ Пенфилл®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Адам инсулині

Дәрілік түрі

Тері астына енгізуге арналған 100 ХБ/мл суспензия

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат 3.50 мг (100 ХБ)1 генді-инженерлік адам инсулині,

қосымша заттар: мырыш (мырыш хлориді түрінде), глицерин, фенол, метакрезол, натрий гидрофосфаты дигидраты, протамин сульфаты, хлорсутек қышқылы 2 М ерітіндісі, натрий гидроксидінің рН 7,3-ке дейінгі 2 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

1Препараттың құрамында 30% еритін адам инсулині және 70% изофан-инсулин бар

Сипаттамасы

Ақ суспензия, тұрғаннан кейін мөлдір түссіз немесе дерлік түссіз тұнбаүстілік сұйықтығына және ақ түсті тұнбаға бөлінеді. Тұнба сәл сілкілеген кезде оңай ресуспензияланады.

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер.

Инсулиндер және оның тез әсер ететін инсулинмен біріктірілген, әсері орташа аналогтары

АТЖ коды A10AD01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Инсулин препараттарының әсер ету ұзақтығы негізінен сіңу жылдамдығымен іске асады, ол бірнеше факторларға (мысалы, инсулиннің дозасына, енгізу тәсіліне және орнына, теріастылық май қабатының қалыңдығына және қант диабетінің типіне) байланысты. Сондықтан инсулиннің фармакокинетикалық параметрлері елеулі интер- және интра-жекелей тербеліске ұшырайды.

Сіңуі

Тері астына енгізгеннен кейін 1,5 – 2,5 сағат ішінде инсулин плазмада ең жоғары концентрацияға (Cmax) жетеді.

Таралуы

Инсулинге антиденелерді (егер олар бар болса) есептемегенде плазма ақуыздарымен айқын байланысуы білінбейді.

Метаболизмі

Адам инсулині инсулинді протеазаның немесе инсулинді ыдырататын ферменттердің әсерімен, сондай-ақ протеин-дисульфид-изомеразаның әсерімен ыдырайды. Адам инсулинінің молекуласында бірнеше ыдырау (гидролиз) аймақтары бар деп болжам жасалады; алайда ыдырау салдарынан түзілетін метаболиттердің бірде-біреуі белсенді емес.

Шығарылуы

Жартылай шығарылу кезеңі (T½) теріастылық тіндерден сіңу жылдамдығы бойынша анықталады. Осылайша, T½ инсулиннің плазмадан шығарылуының өзіндік өлшемі емес, бәрінен бұрын сіңу өлшемі болып табылады (инсулиннің қан ағынынан T½ небары бірнеше минутқа тең). Зерттеулер T½ 5-10 сағатқа жуықты құрайтынын көрсетті.

Фармакодинамикасы

Микстард® 30 НМ Пенфилл® Saccharomyces cerevisiae штамын пайдалана отырып, рекомбинантты ДНҚ биотехнологиясы әдісімен жасалған, қос әсер беретін инсулин болып табылады. Жасушалардың сыртқы цитоплазмалық жарғақшасының спецификалық рецепторымен өзара әрекеттеседі және инсулин-рецепторлы кешен түзеді. ЦАМФ биосинтезін белсенділендіру арқылы (май жасушаларында және бауыр жасушаларында) немесе, жасушаға (бұлшықеттер) тікелей ене отырып, инсулин-рецепторлы кешен жасушаішілік үдерістерді, соның ішінде бірқатар негізгі ферменттердің (гексокиназа, пируваткиназа, гликогенсинтетаза және т.б.) синтезін стимуляциялайды. Қанда глюкоза мөлшерінің төмендеуіне оның жасушаішілік тасымалдануының жоғарылауы, тіндерге сіңуінің күшеюі, липогенездің, гликогеногенездің, ақуыз синтезінің стимуляциясы, бауырдың глюкозаны өндіру жылдамдығының төмендеуі және т.б себепші болады.

Микстард® 30 НМ Пенфилл® препаратының әсері оны енгізгеннен кейін жарты сағат ішінде басталады, ал ең жоғары әсері 2-8 сағат ішінде білінеді, мұндайда жалпы әсер ету ұзақтығы 24 сағатқа жуықты құрайды.

Қолданылуы

- қант диабетін емдеуге

Қолдану тәсілі және дозалары

Инсулиннің біріктірілген препараттары, әдеттегідей, күніне бір немесе, егер тез болатын бастапқы және өте ұзақ әсерлерінің бірігуі қажет болса, екі рет енгізіледі.

Препарат дозасы емделушінің қажет етуіне қарай, әр адамға жекелей іріктеп алынады. Инсулиннің қажеттілігі әдетте тәулігіне 0,3-тен 1 ХБ/кг-ға дейінді құрайды. Инсулиннің тәуліктік қажеттілігі инсулинге төзімді емделушілерде (мысалы, жыныстық пісіп-жетілу кезеңінде, сондай-ақ семіздікке шалдыққан емделушілерде) жоғары болуы және инсулиннің қалдық эндогендік өнімі бар емделушілерде төмен болуы мүмкін.

Егер қант диабеті бар емделушілерде гликемияны тиімді бақылауға қол жеткізілсе, онда оларда диабеттің асқынуы, әдеттегідей, кештеу білінеді. Осыған байланысты, метаболизмдік бақылауды оптимизациялауға, қандағы глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг жүргізуге әрекеттенген жөн.

Препарат ас қабылдаудан немесе құрамында көмірсуы бар жеңіл тамақтан 30 минут бұрын енгізіледі.

Қолдану тәсілдері

Тері астына енгізуге арналған. Инсулин суспензиясын ешқашан көктамыр ішіне енгізуге болмайды. Микстард® 30 НМ Пенфилл® препаратын әдетте тері астына, құрсақ қабырғасының алдыңғы жақ аймағына енгізеді. Егер ыңғайлы болса, онда инъекцияларды сан аймағына, бөксе аймағына немесе иықтың дельта тәрізді бұлшықеті аймағына (тері астына) жасауға болады. Препаратты құрсақ қабырғасының алдыңғы жақ аймағына енгізген кезде, басқа аймаққа енгізген кездегіге қарағанда, өте тез сіңуіне қол жеткізіледі. Тері қатпарына инъекция жасау бұлшықетке түсу қаупін азайтады. Липодистрофияның пайда болу қаупін азайту үшін, инъекция жасалатын жерді анатомиялық аймақ шегінде ұдайы ауыстырып отыру қажет.

Емделушіге берілуі қажет Микстард® 30 НМ Пенфилл® препаратын пайдалану жөніндегі нұсқаулар.

Микстард® 30 НМ Пенфилл® препаратын қолданар алдында мыналар қажет:

  • Инсулиннің дұрыс типі таңдап алынғанына көз жеткізу үшін қаптамасын тексеріп көріңіз

  • Картриджді, резеңке поршеньді қоса есептегенде, әрдайым тексеріңіз. Егер қандай да болсын бүліну байқалса, немесе каучук поршень мен таңбасы бар ақ таспа арасында саңылау табылса, онда мұндай картриджді пайдалануға болмайды. Әрі қарай инсулинді енгізуге арналған жүйені пайдалану жөнінде нұсқаулықта айтылған нұсқауларға жүгініңіз.

  • Жұқпаның жұғуына жол бермеу үшін әрдайым әрбір инъекцияға арналған жаңа инені пайдаланыңыз.

  • Резеңке жарғақшаны мақта тампонмен зарарсыздандырыңыз.

Микстард® 30 НМ Пенфилл® препаратын келесі жағдайларда пайдалануға болмайды:

  • Инсулинді насостарда (помпаларда)

  • Егер картридж немесе енгізуге арналған құрылғы ағып тұрса, немесе олар бүлінсе, немесе майысса, өйткені мұндай жағдайда инсулиннің ағып кету қаупі бар

  • Егер гипогликемия (қандағы қант деңгейінің төмендеуі) басталса

  • Егер инсулин дұрыс сақталмаса, немесе ол мұздатып қатырылған болса

  • Егер ресуспензиялағаннан кейін ол біркелкі ақ немесе лайлы болмаса.

Микстард® 30 НМ Пенфилл® препаратын қолданар алдында:

  • Инсулиннің дұрыс типі таңдап алынғанына көз жеткізу үшін заттаңбасын тексеріп көріңіз.

  • Қорғаныш қақпақшасын алып тастаңыз.

  • Инелер және Микстард® 30 НМ Пенфилл® тек әр адамға жекелей қолдануға арналған.

Микстард® 30 НМ Пенфилл® препаратын қалай пайдалану керек

Микстард® 30 НМ Пенфилл® препараты тері астына енгізуге арналған. Инсулинді ешқашан көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізбеңіз. Инъекция жасалған жерде қатаюдың және жараның пайда болу қаупін азайту үшін, инъекция жасалатын жерді анатомиялық аймақ шегінде ұдайы ауыстырып отырыңыз.

Инъекция жасау үшін ең жақсы жерлер мыналар: бөксе, санның немесе иықтың алдыңғы жағы.

Инъекция техникасы

Инсулинді қалай енгізу жөнінде емделушіге арналған нұсқаулық

Пенфилл® картриджін инсулинді енгізуге арналған жүйеге орналастырар алдында, картридждің ішінде шыны шарик картридждің бір жақ басынан басқа жақ басына кем дегенде 20 рет қозғалуы үшін, суретте көрсетілгендей, оны а және b арасында жоғары-төмен қарай кем дегенде 10 рет көтеріңіз және түсіріңіз. Әрбір инъекцияны жасар алдында кем дегенде осындай 10 қозғалыс жасаған жөн. Осы манипуляцияларды сұйықтық біркелкі ақ немесе лайлы болғанша қайталаған жөн. Инъекцияны бірден жасаңыз.

Картриджде біркелкі араласуын қамтамасыз ету үшін, онда инсулиннің ең кемінде 12 бірлігі қалғанын тексеріп көріңіз. Егер 12 бірліктен аз қалған болса, онда жаңа Микстард® 30 НМ Пенфилл® препаратын пайдаланыңыз.

Инсулинді қалай енгізу керектігін емделушіге түсіндіріңіз

  • Инсулинді тері астына енгізеді. Ол үшін «Инсулинді енгізуге арналған жүйені (еккіш-қалам) қолдану жөніндегі нұсқаулықта» айтылған әдісті қолданады.

  • Ине тері астында кем дегенде 6 секунд қалуы тиіс, ол дозаның түгел енгендігін кепілдендіреді.

  • Әрбір инъекциядан кейін инені еккіш-қаламнан шығарып алу қажет. Керісінше жағдайда сұйық еккіш-қаламның картриджінен ағып кетуі мүмкін, ол препарат концентрациясының өзгеруіне әкеледі.

Пенфилл® картриджі Ново Нордиск инсулинінің дозаторларымен және НовоФайн® мен НовоТвист® инелерімен бірге қолдануға арналған.

Дозаны түзету

Қатар жүретін аурулар, әсіресе жұқпалы және қызбамен қатарласатын аурулар, әдетте организмге инсулиннің қажеттілігін арттырады. Препарат дозасын түзету сондай-ақ емделушіде бүйрек, бауыр аурулары қатарласқан, бүйрекүсті бездерінің, гипофиздің немесе қалқанша бездің қызметтері бұзылған емделушілерде қажет болуы мүмкін. Дозаны түзету қажеттілігі дене жүктемесін немесе емделушінің әдеттегі тамақтану режимін өзгерткен кезде пайда болуы мүмкін. Дозаны түзету емделушінің инсулиннің бір түрінен басқа түріне ауыстырған кезде қажет етілуі мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Микстард® 30 НМ Пенфилл® препаратымен емдеу аясында емделушілерде білінген жағымсыз әсерлер көбіне дозаға байланысты болды және инсулиннің фармакологиялық әсерімен жүзеге асады.

Төменде клиникалық сынама барысында білінген жағымсыз реакциялар жиілігінің мәндері берілген, олар Микстард® 30 НМ Пенфилл® препаратын қолданумен байланысты ретінде бағаланған. Жиілігі былайша белгіленген: жиі емес (≥1/1,000 – <1/100); өте сирек (<1/10,000), бөлек өздігінен болатын жағдайлар

Өте жиі

- гипогликемия

Гипогликемия инсулин дозасы оған қажетті мөлшерден едәуір артық болған жағдайларда пайда болады. Ауыр гипогликемияда есінен тану және/немесе құрысулар білінуі мүмкін, ми қызметінің уақытша немесе тұрақты бұзылғаны білінуі және тіпті өлім-жітім болуы мүмкін.

- иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі емес

- есекжем, бөртпе

- диабеттік ретинопатия

Егер ұзақ уақыт бойы гликемияны талапқа сай бақылау қамтамасыз етілсе, онда диабеттік ретинопатияның үдеу қаупі төмендейді. Алайда, инсулинмен емдеу интенсификациясында гликемияны бақылау күрт жақсарса, диабеттік ретинопатия айқындылығының уақытша күшеюіне әкелуі мүмкін.

- тері және теріастылық тіндер тарапынан бұзылулар

- липодистрофия

Липодистрофия дененің бір аймағының шегінде инъекция жасалатын жерді ұдайы алмастырып отырмаған жағдайда, инъекция жасалған жерде пайда болуы мүмкін.

- инъекция жасалған жерде реакциялар (терінің қызаруы, ісінуі, қышуы, аурушаңдығы, инъекция жасаған жерде гематомалардың түзілуі). Алайда көптеген жағдайларда бұл реакциялар өткінші сипатқа ие және емдеуді жалғастыру барысында жоғалады.

- ісінушілік

Ісінушілік әдетте инсулинмен емдеудің алғашқы сатысында білінеді. Бұл симптомдар әдетте уақытша сипатқа ие.

- шеткергі нейропатия

Егер қанда глюкоза деңгейін бақылаудың жақсаруына тез қол жеткізілсе, «жедел ауыратын нейропатия» деп аталатын жағдай пайда болады, ол әдетте қайтымды.

Өте сирек

- анафилактикалық реакциялар

Денеге таралған асқын сезімталдық симптомдарына денеге таралған тері бөртпесі, қышу, тершеңдік, асқазан-ішек жолындағы ағзалар тарапынан бұзылулар, ангионевротикалық ісіну, ентігу, жүректің лүпілдеуі, артериялық қысымның төмендеуі, талу/есінен тану жатуы мүмкін. Денеге таралған асқын сезімталдық реакциялары өмір үшін қауіп төндіруі мүмкін.

- рефракцияның бұзылуы

Рефракцияның ауытқулары әдетте инсулинмен емдеудің алғашқы сатыларында білінеді. Бұл симптомдар әдетте уақытша болып табылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- гипогликемия

- адам инсулиніне немесе препараттың қандай да бір ингредиентіне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Инсулиннің қажеттілігіне ықпалын тигізетін бірқатар дәрілік заттар бар.

Инсулиннің гипогликемиялық әсерін мыналар күшейтеді: ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық препараттар, моноаминооксидаза тежегіштері, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері, карбоангидраза тежегіштері, селективті емес бета-адренобөгегіштер, бромокриптин, сульфонамидтер, анаболикалық стероидтар, тетрациклиндер, клофибрат, кетоконазол, мебендазол, пиридоксин, теофиллин, циклофосфамид, фенфлурамин, литий препараттары, құрамында этанолы бар препараттар. Инсулиннің гипогликемиялық әсерін әлсіретеді: ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер, глюкокортикостероидтар, тиреоидтық гормондар, тиазидтік диуретиктер, гепарин, үшциклдік антидепрессанттар, симпатомиметиктер, даназол, клонидин, кальций өзекшелерінің бөгегіштері, диазоксид, морфин, фенитоин, никотин.

Резерпиннің және салицилаттардың ықпал етуімен препараттың әсері бәсеңдеуі де, күшеюі де мүмкін.

Бета-адренобөгегіштер гипогликемияның симптомдарын бүркемелеуі және гипогликемияның жойылуын қиындатуы мүмкін.

Октреотид/ланреотид инсулиннің қажеттілігін азайта да, сондай-ақ арттыра да алады.

Алкоголь инсулиннің гипогликемиялық әсерін күшейтуі және ұзартуы мүмкін.

Тиазолидиндиондар тобының препараттарын және инсулин препараттарын бір мезгілде қолдану

Емделушілерді тиазолидиндиондармен және инсулин препараттарымен біріктіріп емдеген кезде, әсіресе осындай науқастарда жүрек қызметінің іркілген жеткіліксіздігінің пайда болу қаупі бар болғанда, жүрек қызметінің іркілген жеткіліксіздігінің пайда болу жағдайлары жөнінде мәлімделген. Емделушілерді тиазолидиндиондармен және инсулин препараттарымен біріктіріп емдеген кезде осы фактіні ескерген жөн. Осындай біріктірілген емді тағайындаған кезде оларда жүрек қызметінің іркілген жеткіліксіздігі белгілері мен симптомдарын, дене салмағының артуын және ісінудің бар-жоқтығын анықтау үшін емделушілерге медициналық тексеру жүргізу қажет. Емделушілерде жүрек қызметінің жеткіліксіздігі симптоматикасы нашарлаған жағдайда тиазолидиндиондармен емдеуді тоқтату қажет.

Үйлесімсіздігі

Инсулин суспензиясын инфузияға арналған ерітінділерге қосуға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Дозалар дұрыс таңдалмаған кезде немесе емдеуді тоқтатқан кезде, әсіресе 1 типті емделушілерде, гипергликемия пайда болуы мүмкін. Гипергликемияның алғашқы симптомдары бірнеше сағаттың немесе күннің ішінде біртіндеп пайда болады. Мұндай симптомдарға жүректің айнуы, құсу, айқын ұйқышылдық, терінің қызаруы, құрғауы, ауыз ішінің құрғауы, несептің көп бөлініп шығуы, шөлдеу, тәбеттің жоғалуы, сондай-ақ ауыздан ацетонның иісінің шығуы жатады.

Егер ем жүргізілмесе, қант диабетінің 1-типінде гипергликемия өмір үшін қауіпті диабеттік кетоацидоздың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Гипогликемиялық бақылау едәуір жақсарған жағдайларда, мысалы, интенсификацияланған инсулин терапиясы есебінен, гипогликемияның дағдылы ізашар-симптомдары да өзгеруі мүмкін, емделушілерге бұл жөнінде ескертілуі тиіс.

Қатар жүретін ауруларда, әсіресе жұқпаларда және қызба жағдайларында емделушілерге инсулиннің қажеттілігі әдетте артады.

Егер емделушіні инсулиннің бір түрінен басқасына ауыстырса, онда гипогликемияның ізашар-симптомдары өзгеруі немесе инсулинді мұның алдында енгізген кезде білінгенге қарағанда, аз білінуі мүмкін.

Емделушілерді инсулиннің басқа типіне немесе дайындаушы басқа компанияның инсулиніне ауыстыру тек медициналық бақылаумен жүзеге асырылуы тиіс. Биологиялық белсенділігі өзгергенде, дайындаушы компанияны, типін, түрін (жануардың, адамның, адам инсулинінің аналогы) және/немесе дайындау әдісін өзгерткенде дозалау режимін де өзгерту қажет етілуі мүмкін.

Егер дозаны түзету қажет болса, мұны алғашқы дозаны енгізген кезде немесе емдеудің алғашқы апталарында немесе айларында жасауға болады.

Ас қабылдауды өткізіп алу немесе жоспарланбаған ауыр дене жүктемесі гипогликемияны тудыруы мүмкін.

Егер емделушінің алдында сағаттар белдеуін басып өтетін саяхат жасау тұрса, онда ол дәрігерден кеңес алғаны жөн, өйткені оған инсулинді енгізу және ас қабылдау уақытын өзгертуге тура келеді.

Инсулинді суспензияларды инсулиндік насостарда қолдануға болмайды.

Микстард® 30 НМ Пенфилл® препаратының құрамына метакрезол кіреді, ол аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде инсулинді қолдануды шектеуге болмайды, өйткені инсулин плацентарлық бөгет арқылы өтпейді. Бәрінен бұрын, егер жүктілі кезінде қант диабетіне ем жүргізілмесе, онда ұрық үшін қауіп төнеді. Сондықтан диабетті емдеуді жүктілік кезінде де жүргізу қажет.

Нақты таңдап алынған ем жеткіліксіз болған жағдайларда пайда болуы мүмкін гипогликемия да, сонымен қатар гипергликемия да ұрықтың дамуында кемістіктердің пайда болуын және ұрықтың жатыр ішінде өлу қаупін арттырады. Диабеті бар жүкті әйелдер жүктіліктің бүкіл кезеңі ішінде бақылауда болуы тиіс, оларда қандағы глюкоза деңгейін күшті бақылауды жүзеге асыру қажет; мұндай нұсқаулар жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге де қатысты.

Инсулинге қажеттілік әдетте жүктіліктің алғашқы триместрінде төмендейді және екінші және үшінші триместрлерде біртіндеп артады.

Босанғаннан кейін инсулинге қажеттілік, әдеттегідей, жүктілікке дейін білінген деңгейіне тез оралады.

Сондай-ақ Микстард® 30 НМ Пенфилл® препаратын емшек емізу кезеңінде қолдану үшін шектеулер болмайды. Бала емізетін аналарға инсулинмен ем жүргізу нәресте үшін қауіп төндірмейді. Алайда аналары Микстард® 30 НМ Пенфилл® препаратын дозалау режимін және/немесе диетаны түзетуді қажет етуі мүмкін.

Дәрілік заттың көлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Емделушілердің зейінді жұмылдыру және реакцияны шапшаңдату қабілеті гипогликемия және гипергликемия кезінде бұзылуы мүмкін, бұл осы қабілеттері аса қажет болатын жағдайларда қауіпті болуы мүмкін (мысалы, автомобильді басқарғанда немесе машиналармен және механизмдермен жұмыс жасағанда). Емделушілер автомобильді жүргізген кезде және механизмдермен жұмыс жасаған кезде гипогликемияның және гипергликемияның пайда болуына жол бермеу шараларын қолдануы қажет. Бұл әсіресе пайда болған гипогликемияның ізашар-симптомдары жоқ немесе айқындылығы төмендеген немесе гипогликемияның жиі көріністерінен қиындық көріп жүрген емделушілер үшін аса маңызды. Мұндай жағдайларда автомобильді басқарудың жөн не жөн еместігін қарастыру керек.

Артық дозалануы

Енгізген кезде инсулиннің артық дозалануы жөнінде айтуға болатын спецификалық дозалар анықталған жоқ, алайда емделушіге өзіне қажетті дозадан өте жоғары доза енгізілген жағдайларда, ауырлығы әртүрлі дәрежелі гипогликемия жағдайы пайда болуы мүмкін:

- Жеңіл гипогликемияны емделушінің глюкозаны немесе құрамында қанты бар тағамды ішке қабылдай отырып, өзі жоя алады. Сондықтан қант диабетімен ауыратын науқастар өзімен бірге ұдайы қант, тәттілер, печенье немесе құрамында қант және глюкоза бар сусындарды алып жүруі керек.

- Ауыр жағдайларда, емделуші есінен танғанда, көктамыр ішіне 40% декстроза (глюкоза) ерітіндісін енгізеді; бұлшықет ішіне, тері астына – глюкагон (0,5 мг - 1 мг). Санасы қалпына келгеннен кейін емделуші, гипогликемияның қайтадан пайда болуына жол бермеу үшін, құрамында көмірсулары мол ас қабылдауы керек.

Ауыр гипогликемия кезінде емделушіні шұғыл түрде госпитализациялау қажет.

Шығарылу түрі

Бір жағы каучук дискімен және екінші жағы каучук поршеньмен тығындалған 1-гидролитикалық класқа жататын шыныдан жасалған картриджде препарат 3 мл-ден. Картриджде суспензияны өте оңай қалпына келтіруге арналған шыны шарик бар.

Әрбір картриджге өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылған.

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 картриджден салынған.

Пішінді бір қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Тоңазытқышта 2º С-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада (мұздатқыш камераға өте жақындатпай) сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды. Картриджді жарықтан қорғау үшін картон пәшкеде сақтау керек.

Ашылған картридждер үшін: 30 ºС-ден аспайтын температурада 6 апта бойы сақтауға болады. Тоңазытқышта сақтауға болмайды. Шамадан тыс жылудың және жарықтың әсерінен қорғау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2.5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Ново Нордиск А/C», Дания

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ново Нордиск А/C», Дания

Қаптаушы

«Ново Нордиск А/C», Дания

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Орталық Азиядағы және Қазақстандағы Ново Нордиск А/С компаниясының өкілдігі

Мекенжайы: 050022, Алматы қ-сы, Сейфуллин д-лы, 534, пәт. 29

Телефон нөмірі: +7 (727) 261 56 06

Факс нөмірі: +7 (727) 261 08 04

Электрондық поштасы: botb@novonordisk.com

© 2012

Ново Нордиск A/C. Дания

 

Прикрепленные файлы

957155801477977076_ru.doc 88.5 кб
334933651477978241_kz.doc 109 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники