Вимизим® (1 мг/мл)

МНН: Элосульфаза альфа
Производитель: Веттер Фарма-Фертигунг ГмбХ и Ко.КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Элосульфаза альфа
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024088
Информация о регистрации в РК: 25.04.2019 - 25.04.2024

Инструкция

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық

ВИМИЗИМ®

▼ Осы дәрілік препарат қосымша мониторингтеуге жатады. Бұл қауіпсіздік  бойынша жаңа ақпаратты жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау саласы мамандарына кез  келген болжамды жағымсыз реакциялар туралы хабарлау ұсынылады.

Препараттың саудалық атауы

Вимизим®

Халықаралық патенттелмеген атауы 

Элосульфаза альфа

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 1 мг/мл

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - 5 мг элосульфаза альфа*,

қосымша заттар: натрий ацетат тригидраты, натрий дигидрофосфат дигидраты, L- аргинин гидрохлориді, D- сорбит, полисорбат 20, инъекцияға арналған су.

*Элосульфаза альфа- адам N-ацетилгалактозамин-6-сульфатазасының рекомбинантты түрі (rhGALNS), сүтқоректілердің жасушалық линиясында – қытай атжалманы анабез жасушасында (CHO) рекомбинантты ДНҚ- технология көмегімен өндірілген

Сипаттамасы 

Мөлдір немесе жеңіл бозаңданатын, түссіз немесе ақшыл-сары ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы  

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Асқазан-ішек жолы ауруларын және зат алмасу бұзылуларын емдеуге арналған препараттар. Ферменттік препараттар. Элосульфаза альфа.

АТХ коды   A16AB12

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Элосульфаза альфа фармакокинетикасы 22 апта бойына 4 сағаттық инфузия жолымен 2 мг/кг дозада элосульфаза альфа қабылдаған IVA типті (МПС IVA) мукополисахаридозы бар 23 пациентте зерттелген, бұл арада 0-ші және 22-ші аптадағы көрсеткіштері салыстырылады. 22-ші аптада AUC0-t және Cmax орташа мәні 0-ші аптамен салыстырғанда тиісінше 181% және 192%-ға артқан.

 1 кесте. Фармакокинетикалық қасиеттері

Фармакокинетикалық көрсеткіштері

 

0-ші апта

Орташа мәні (стандартты ауытқу)

22-ші апта

Орташа мәні (стандартты ауытқу)

AUC0-t, минут • мкг/мл*

238 (100)

577 (416)

Cmax, мкг/мл†

1,49 (0,534)

4,04 (3,24)

CL, мл/мин/кг‡

10,0 (3,73)

7,08 (13,0)

t1/2, минут§

7,52 (5,48)

35,9 (21,5)

Tmax, минут¶

172 (75,3)

202 (90,8)

* AUC0-t, уақыттың 0-сәтіндегіден мөлшерлік анықтауға мүмкін болатын соңғы концентрацияға жеткен уақытына дейінгі концентрацияға тәуелді қисық астындағы ауданы;

† Cmax, препараттың плазмада бақыланытын ең жоғары концентрациясы;

‡ CL, вена ішіне енгізуден кейінгі элосульфаза альфаның жалпы клиренсі;

§ t1/2, жартылай шығарылу кезеңі;

¶ Tmax, препараттың плазмадағы нөлден ең жоғары концентрацияға дейінгі уақыты.

 

Биотрансформациясы

Элосульфаза альфа ақуыз болып табылады, осыған байланысты ыдыраудың күтілетін метаболизмдік жолы пептидті гидролиз арқылы жүреді. Сондықтан бауыр функциясының бұзылуы элосульфаза альфаның фармакокинетикалық параметрлеріне әсер етпеуге тиіс.

Шығарылуы

Элосульфаза альфаның бүйрекпен шығарылуы клиренсте елеусіз рөлге ғана ие. Орташа жартылай шығарылу кезеңі (t1/2) 0-ші аптадағы 7,52 минуттан 22-ші аптадағы 35,9 минутқа дейін ұлғайған. Элосульфаза альфа клиренсі ер және әйел жынысты пациенттерде салыстырмалы мәнде болды және жасына немесе 22-ші аптадағы дене салмағына байланысты өзгерген жоқ. Антиденелердің элосульфаза альфа фармакокинетикасына әсері бағаланған. Антиденелердің жалпы титрі мен элосульфазаның клиренсі арасында айқын байланыс анықталмаған. Алайда бейтараптандыратын антиденелерге оң жауабы бар пациенттерде клиренстің жалпы мәні төмен, ал t1/2 – ұзынырақ болды. Фармакокинетикалық бейінінің өзгерістеріне қарамастан, бейтараптандыратын антиденелердің болуы препараттың фармакодинамикасына немесе элосульфаза альфамен ем алған пациенттерде оны қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігіне әсер етпеген. Апта сайын енгізгеннен кейін қан плазмасында элосульфаза альфаның айқын жиналуы байқалмады.

Клиникаға дейінгі қауіпсіздік туралы деректер

Препаратты егеуқұйрықтарға және маймылдарға бір рет және қайталап енгізгенде орталық жүйке, респираторлық және жүрек-қан тамырлары жүйесін, уыттылығын немесе егеуқұйрықтардың немесе үй қояндарының фертильділігі және эмбриофетальді дамуын бағалаумен фармакологиялық қауіпсіздігін тексеру бойынша стандартты зерттеулер негізінде алынған клиникаға дейінгі деректер адам үшін ерекше қаупін анықтамады. Егеуқұйрықтардың перинатальді және постнатальді дамуын зерттеуді бағалау дифенгидраминді кейіннен енгізуге байланысты қиынырақ және сондықтан актуальділігі шектеулі.

Элосульфаза альфаның канцерогендік және  мутагендік потенциалын бағалау үшін жануарларда ұзақ мерзімді зерттеу жүргізілмеген. Егеуқұйрықтарда ұрпақ өрбітуіне зерттеулер адамға ұсынылатын дозадан 10 есе асатын дозаларда жүргізілген және фертильділігінің немесе ұрпақ өрбіту жүйесінің бұзылуы белгілерін анықтамады.

Фармакодинамикасы

Вимизим® тегі биологиялық түпнұсқалық орфандық дәрілік  препарат болып табылады.

Әсер ету механизмі. Мукополисахаридоздар – гликозаминогликандар (ГАГ) катаболизмі үшін талап етілетін, спецификалық лизосомальді ферменттер тапшылығынан болатын лизосома аурулары жинақталуы тобы. IVA типті (МПС IVA) мукополисахаридоз N‑ацетилгалактозамин-6-сульфатаза болмауымен немесе белсенділігінің елеулі төмендеуімен сипатталады. Сульфатазаның белсенділігінің жеткіліксіздігінің бүкіл организмде жасушалардың лизосомальді бөліктерінде ГАГ субстраттары, кератансульфаты (KS) және хондроитин-6-сульфатының (C6S) жинақталуын туындатады. Жинақталуы жасушалық, тіндік және органдық жайылған дисфункцияға әкеледі. Элосульфаза альфа тағайындау - N‑ацетилгалактозамин-6-сульфатаза экзогенді ферментінің лизосомаға түсуін және ГАГ, KS және C6S катаболизмін күшейтуді қамтамасыз етеді. Ферменттің лизосомаға өтуі және жасушаның қармап алуы катион-тәуелді емес маннозо-6-фосфатты рецепторлар қатысуымен жүзеге асады, бұл N-ацетилгалактозамин-6-сульфатаза (GALNS) белсенділігінің және KS және C6S клиренсінің қалпына келуіне әкеледі.

Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі

Вимизим® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі IVA МПС бар 235 пациент қатысуымен жүргізілген алты клиникалық зерттеуде бағаланды, бұл арада төзімділігін, тыныс алу функциясын, бой өсуінің қарқынын және қозғалғыштығын, сондай-ақ несепте KS болуын қоса, әр түрлі аумақтарда IVA типті (IVA МПС) мукополисахаридоздың жүйелік білінуіне емнің әсері зерттелген. Вимизим® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі жасы 5-тен 57 жасқа дейінгі жастағы IVA типті МПС бар 176 пациент қатысқан рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын клиникалық  III фаза зерттеулерінде бағаланды. Пациенттердің көпшілігінің бойы ұзын болмаған, олардың төзімділігі төмендегені және тірек-қимыл аппараты тарапынан симптомдар бақыланды. Зерттеулерге тексеру басында 6 минуттық жаяу жүруде (6MWT) 30 метрден астамды жүріп өте алған, бірақ зерттеуге қосылған сәтте 325 метрден кем емес жүріп өте алған пациенттер қосылған. Пациенттер апта сайын 2 мг/кг (n = 58) немесе әр екі аптада (n= 59) 2 мг/кг элосульфаза альфа немесе жалпы жиынтығы 24 апта болатын плацебо (n = 59) қабылдаған. Әр инфузияның алдында барлық пациенттер антигистаминдік препараттар қабылдаған. Алғашқы ақырғы нүкте зерттеу басында 6MWT тестін өткен пациенттерді бастапқы арақашықтығының 24-ші аптада плацебо қабылдағандармен салыстырудың өзгерісі болды. Екінші ақырғы нүкте баспалдақпен көтерілудегі 3 минуттық тесттің (MSCT) нәтижесінің бастапқы мәніне және 24-ші аптадағы несептегі KS деңгейіне қатысты өзгерісі болды. Одан әрі қарай зерттеу үшін апта сайын 2 мг/кг элосульфаза альфа немесе әр екі аптада 2 мг/кг қабылдаған жалпы алғанда 173 пациент таңдап алынды, осыдан кейін барлық пациенттер 24-ші аптада нәтиже алынатын апта сайын 2 мг/кг дозада препарат енгізуге ауыстырылды. Элосульфаза альфа қабылдаған пациенттерде 24-ші аптада жүрудің 6 минуттық тесттінде (6 MWT) және баспалдақпен көтерілудегі 3 минуттық тесттің орташа мәнінің артқаны, сондай-ақ негізгі линиямен плацебо алған пациенттермен салыстырғанда несепте КС деңгейінің төмендегені бақыланды. Біріншілік және екіншілік  ақырғы нүктелер (2 кестені қараңыз) 24-ші аптада бағаланды. Аптасына 2 мг/кг сызбасы бойынша ем қабылдаған пациенттер үшін 6 минутта жүріп өтетін қашықтыққа қатысты емнің модельденген әсері плацебо қабылдағандармен салыстырғанда 22,5 м (95% СА: 4,0; 40,9; p=0,0174) құрады. Аптасына 2 мг/кг сызбасы бойынша ем қабылдаған пациенттер үшін 1 минутта жүріп өтетін баспалдақтар санына қатысты  емнің модельденген әсері плацебо қабылдағандармен салыстырғанда 1,1 баспалдақ/мин (95% СА: -2,1; 4,4; p=0,4935) құрады.  Аптасына 2 мг/кг сызбасы бойынша ем қабылдаған пациенттер үшін несепте КС деңгейінің пайыздағы өзгерістеріне қатысты емнің модельденген әсері плацебо қабылдағандармен салыстырғанда -40,7% (95% СА: -49,0; -32,4; p<0,0001) құрады.  Барлық ақырғы нүктелер үшін ең үлкен айырмашылық препаратты апта сайын алған топтар мен плацебо қабылдаған топтар арасында анықталды. Әр екі аптада зерттелетін препарат енгізілетін емдеу тобында 6 минутта жүріп өтетін қашықтық, және 1 минутта жүріп өтетін баспалдақтар саны плацебо  тобының нәтижесімен салыстырарлық болды.

 

2 кесте. Зерттелетін препаратты аптасына 2 мг/кг дозада енгізумен плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулер нәтижесі

 

 

Вимизим®

Плацебо

Плацебомен салыстырылған Вимизим®

Зерттеу басында

24- ші апта

Өзге-ріс

Зерттеу басында

24-ші апта

Өзге-ріс

Өзгерген мәндер

арасындағы айырмашылық

N

58

57*

57

59

59

59

Жүрумен 6-минуттық тест (метр)

Орташа мәні ± стандартты ауытқу

203,9

±76,32

 

 

243,3

±83,53

 

 

36,5

±58,49

 

 

211,9

±69,88

 

 

225,4

±83,22

 

 

13,5

±50,63

 

 

 

 

 

Модельге негізделген орташа мәні‡

(95% СА)

 p мәні

22,5

(95% СА:
4,0; 40,9)

(p = 0,0174)

Баспалдақпен көтерілудің 3 минуттық тесті (сатысы/мин)

Орташа мәні ± стандартты ауытқу

29,6

±16,44

 

34,9 

±18,39

 

 

4,8 

±8,06

 

 

30,0 

±14,05

 

 

33,6

±18,36

 

 

3,6 

±8,51

 

 

 

 

 

Модельге негізделген орташа мәні ‡

(95% СА)

p мәні

1,1

(95% СА:
-2,1; 4,4)

(p = 0,4935)

* Вимизим®  қабылдаған топтағы бір пациент 1 инфузиядан кейін шығып қалған

‡ Зерттеу басындағы нәтижелерге түзету енгізумен Вимизим® препаратын және плацебоны салыстырудың моделі негізінде есептелген орташа мәні

 

Апта сайын 2 мг/кг дозада элосульфаза альфа қабылдаған пациенттердегі қосымша ұзартылған зерттеулерде 156 аптаға дейінгі кезең бойына несепте KS деңгейінің тұрақты төмендеуі мен  шыдамдылығына қатысты бастапқы жақсаруы сақталғаны анықталды.

Балалық жастағы пациенттер  

Емді мүмкін болғанша ерте бастау маңызды.

Вимизим® препаратын қабылдаған пациенттердің көпшілігі балалық және жасөспірімдік кезеңде (5 жастан 17 жасқа дейінгі) болды. Ашық клиникалық зерттеуге IVA МПС бар 9 айлықтан 5 жасқа дейінгі жастағы, 52 апта бойына  аптасына бір рет 2 мг/кг Вимизим® препаратын  қабылдаған 15 пациент қатыстырылды. Пациенттерді бақылау ең кемі тағы 52 апта бойына жалғастырылды, зерттеу жалпы алғанда 104 апта жүргізілді. Бұл пациенттердегі фармакодинамиканы және қауіпсіздігін бағалау нәтижелері алғашқы 52 аптада алынған нәтижелерге сәйкес келеді.

 

Қолданылуы

  • кез келген жастағы пациенттерде IVA типті (IVA МПС, А типті Моркио синдромы) мукополисахаридозды емдеу       

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Вимизим® препаратымен емдеуді IVA типті (IVA МПС) мукополисахаридоз немесе басқа тұқым қуалайтын метаболизмдік аурулары бар пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар  дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізу керек. Вимизим® препаратын енгізуді шұғыл медициналық көмек көрсетуде дағдысы бар арнайы үйретілген медициналық қызметкер жүзеге асыруы тиіс. Инфузияның жағымдылығы жақсы пациенттер үшін Вимизим® препаратын біліктілігі бар медицина қызметкері бақылауымен үй жағдайында енгізу қарастырылуы мүмкін.

Дозалануы

Элосульфаза альфа препаратының ұсынылатын дозасы аптасына бір рет енгізілетін дене салмағына қарай  2 мг/кг құрайды. Инфузияның жалпы көлемін шамамен 4 сағат ішінде енгізу керек (3 кесте).

Элосульфаза альфа препаратына аса жоғары сезімталдық реакциясы болуының ықтималдығын ескере отырып, инфузия басталар алдында 30-60 минут  ішінде пациенттер антипиретиктермен немесе онсыз антигистаминдік дәрілер қабылдауы тиіс.

Енгізу тәсілі

Тек вена ішіне (инфузиялық) енгізуге арналған.

Дене салмағы 25 кг төмен пациенттерге инфузияның жалпы көлемі 100 мл құрауы тиіс. Егер препарат 100 мл сұйылтылса, инфузияның бастапқы жылдамдығы сағатына 3 мл құрауы тиіс. Егер пациентке инфузия жағымды болса,  жылдамдығын әр 15 минут сайын төмендегіше түрде ұлғайтуға болады: басында жылдамдығы сағатына 6 мл дейін, содан кейін әр 15 минут сайын - сағатына 6 мл дейін, ең жоғары жылдамдығы сағатына 36 мл қол жеткенше  ұлғайтады. Дене салмағы 25 кг төмен пациентке енгізу үшін Вимизим® препаратын дайындағанда препаратты 100 мл аспайтын инфузиялық пакетте ерітеді.

Дене салмағы 25 кг және одан асатын пациенттерге инфузияның жалпы көлемі 250 мл құрауы тиіс. Егер препарат 250 мл сұйылтылса, инфузияның бастапқы жылдамдығы сағатына 6 мл құрауы тиіс.  Егер пациентке инфузия жағымды болса, жылдамдығын әр 15 минут сайын келесі түрде ұлғайтуға болады: басында жылдамдығы сағатына 12 мл дейін, содан кейін әр 15 минут сайын - сағатына 12 мл дейін, ең жоғары жылдамдығы сағатына 72 мл қол жеткенше  ұлғайтады.

3 кесте . Ұсынылатын көлемі және инфузия жылдамдығы*

Пациенттің дене салмағы(кг)

Инфузияның жалпы көлемі  (мл)

1 Қадам

Инфузияның бастапқы жылдамдығы
0–15 минут (мл/сағ)

2 Қадам

 

15–30 минут

(мл/ сағ)

3 Қадам

 

30–45 минут

(мл/ сағ)

4 Қадам

 

45-60 минут

(мл/ сағ)

5 Қадам

 

60-75 минут

(мл/ сағ)

6 Қадам

 

75-90 минут

(мл/ сағ)

7 Қадам

 

90+ минут

(мл/ сағ)

< 25

100

3

6

12

18

24

30

36

≥ 25

250

6

12

24

36

48

60

72

*Егер пациентке жағымды болса инфузия жылдамдығын арттыруға болады.

 

Вимизим® препаратының әр құтысы бір рет қолдануға арналған. Вимизим® препаратын асептика ережелерін сақтай отырып, натрий хлоридінің 9 мг/мл (0,9%) ерітіндісімен сұйылту керек. Сұйылтылған ерітінді пациентке инфузияға арналған жүйе көмегімен енгізіледі. Диаметр тесігі 0,2 мкм фильтр қондырылған жүйені пайдалануға болады.

Пайдаланылмаған препарат немесе қаптаушы материал ішкі нормативтік талаптарға сәйкес  утилизациялануы тиіс.

Вимизим® препаратын инфузияға дайындау:

Асептика ережелерін сақтау керек.

Вимизим® препаратын енгізу алдында сұйылту керек.

Сұйылтылуы керек құтының мөлшері нақты пациенттің дене салмағына байланысты. Ұсынылатын доза 2 мг/кг құрайды.

  1. Нақты пациенттің дене салмағына және ұсынылатын 2 мг/кг дозаға байланысты сұйылтылуы керек құтының мөлшерін келесі есеп бойынша анықтайды:
  • Пациенттің дене салмағы (кг) х 2 (мг/кг) = пациентке арналған доза (мг)
  • Пациентке арналған доза (мг): 1 (Вимизим® препаратының мг/мл концентраты) = Вимизим® миллилитрінің жалпы мөлшері
  •  Вимизим®  жалпы мөлшері (мл):  5 мл құтыда = құтының жалпы мөлшері
  1. Құтының есептелген жалпы мөлшері келесі бүтін құтыға дейін шамамен есептеледі. Тоңазытқыштан құтының қажетті мөлшерін шығарады. Құтыны қыздыруға немесе микротолқынды пешке салуға тыйым салынады. Құтыны сілкуге тыйым салынады.
  2. Инфузияға арналған натрий хлоридінің 9 мг/мл (0,9 %) ерітіндісі бар пакет вена ішіне енгізуге арналған препарат үшін жарамды саналады. Инфузияның жалпы көлемі пациенттің дене салмағымен анықталады.
  • Дене салмағы 25 кг төмен пациенттерге ерітіндіні 100 мл жалпы көлемде енгізу керек.
  • Дене салмағы 25 кг және одан көп пациенттерге ерітіндіні 250 мл жалпы көлемде енгізу керек.
  1. Вимизим® препаратын құтыдан шығармас бұрын, әр құтыда қатты бөлшектер және бояуының өзгерісі жоқтығын тексеріңіз. Бұл ақуызды ерітінді болғандықтан, елеусіз флокуляция (жартылай мөлдір жіңішке талшық жинақталып түзілуі) болуы мүмкін. Вимизим® препаратының ерітіндісі мөлдір немесе сәл бұлыңғырланатын және түссіз немесе сәл сары болуы тиіс. Ерітіндіні оның түсі өзгерген болса немесе онда қатты бөлшектер пайда болса пайдаланбаңыз.
  2. Ішінде натрий хлоридінің ерітіндісі 9 мг/мл (0,9%) бар инфузиялық пакеттен қосылатын инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған Вимизим® препаратының  концентраты көлеміне тең  натрий хлоридінің ерітіндісін шығарып алу және жою керек.  
  3. Вимизим® препаратының есептелген көлемін құтылардың тиісті санынан шамадан тыс шайқалуын болдырмау үшін баяу және сақтықпен алады.
  4. Шайқалуын болдырмас үшін, сақтықпен Вимизим® препаратын инфузиялық пакетке баяу қосады.
  5. Препараттың біркелкі таралуын қамтамасыз ету үшін инфузиялық пакетті сақтықпен бұрыңыз. Ерітіндіні сілкуге тыйым салынған.
  6. Ерітілген ерітінді пациентке инфузияға арналған жүйе көмегімен енгізіледі. Тесігі 0,2 мкм өлшемді қондырылған фильтрмен жабдықталған инфузияға арналған жүйені пайдалануға болады.

Вимизим® препаратын еріткеннен кейін дереу пайдалану керек. Егер ерітіндіні дереу пайдалану мүмкін болмаса, 2–8 °C температурада 24 сағат ішінде, содан кейін 23–27 °C температурада 24 сағатқа дейін  қолданылғанда химиялық және физикалық тұрақтылығы расталғандығын ескеру керек. Инфузиялық ерітіндіні дайындағаннан кейін Вимизим® препаратын енгізуді 48 сағат ішінде аяқтау керек.

Микробиологиялық қауіпсіздік тұрғысынан ерітілген ерітіндіні дереу пайдалану керек. Егер әдетте 2–8 °C температурада 24 сағаттан асырмай енгізілетін,  23–27 °C температурада 24 сағаттан кешіктірмей кейіннен енгізілетін ерітінді дереу пайдаланылмаса тұтынушы сақтау шарттары мен сақтау мерзіміне жауапты болады.

 

Жағымсыз реакциялар

Жағымсыз реакциялардың көпшілігін инфузия басталғаннан кейін және инфузиядан кейінгі күннің аяғына дейін туындайтын реакциялар ретінде саналатын инфузиялық реакциялар құрады. Күрделі инфузиялық реакцияларға анафилаксия, аса жоғары сезімталдық және құсу жатады. Инфузиялық реакциялардың жиілігі көбірек симптомдары бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, пирексия, қалтырау және іштің ауыруы болды. Көп жағдайларда инфузиялық реакциялардың ауырлығы жеңіл немесе орташа болды және уақыт өте келе жиілігі төмендеу үдерісімен емнің алғашқы 12 аптасы ішінде жиі бақыланған.

Жағымсыз реакциялар туындау жиілігі бойынша жіктелген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10 000), белгісіз жиілікпен (қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес). Әр топтағы жағымсыз реакциялардың жиілігі олардың клиникалық мәніне (күрделілігіне) қарай дәрежесі азаюы тәртібімен берілген.

Вимизим® қабылдаған пациенттердегі жағымсыз реакциялар

MedDRA

Мүшелер жүйесінің класы

MedDRA

басымдығы бар термині

Жиілігі

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

  • анафилаксия

жиі емес

  • аса жоғары сезімталдық

жиі

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

бас ауыруы

өте жиі

бас айналуы

өте жиі

Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірек ортасы мүшелерінің тарапынан бұзылулар

  • ентігу

өте жиі

Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар

  • диарея, құсу, ауыз-жұтқыншақтағы ауыру, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, іштің ауыруы, жүрек айнуы

өте жиі

Қаңқа-бұлшық ет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар

  • миалгия

жиі

Қалтырау

өте жиі

Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы реакциялар

  • пирексия

өте жиі

 

Қолдануға болмайтын жағдайлар 

  • әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне өмірге қауіпті аса жоғары сезімталдық реакциясы (анафилаксиялық реакция)

 

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі 

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілмеген.

 

Айрықша нұсқаулар 

Орфанды препараттың зерттеу бағдарламасының нәтижесі бойынша «пайда-қаупінің» арақатынасын қайта бағалау жүзе асырылады.

Анафилаксия және ауыр аллергиялық реакциялар

Вимизим® инфузиясы кезінде анафилаксия және ауыр аллергиялық реакциялар жағдайлары тіркелген. Элосульфаза альфа енгізгенде тиісінше қажетті медициналық көмекті жылдам көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ету керек. Егер бұндай реакциялар туындаса инфузияны дереу тоқтату және тиісті емді бастау керек. Шұғыл медициналық көмекте қолданыстағы стандартын жасауды сақтау керек. Препаратты инфузиясы кезінде аллергиялық реакциялар дамыған пациенттерге қайталап енгізгенде ерекше сақ болу керек.

Инфузиялық реакциялар

Инфузиялық реакциялар көбірек жиілікпен бақыланатын жағымсыз реакциялар болып табылады. Инфузиялық реакцияларға аллергиялық реакциялар да жатуы мүмкін. Пациенттер инфузия алдында антипиретиктері бар немесе онсыз антигистаминдік дәрілер алуы тиіс. Инфузиялық реакцияларды емдеу реакция ауырлығымен анықталады және оған инфузияны және/немесе қосымша антигистаминдік дәрілерді, антипиретиктерді және/немесе кортикостероидтарды енгізуді баяулату немесе уақытша тоқтату жатады. Ауыр инфузиялық реакциялар туындаған жағдайда инфузияны дереу тоқтату және тиісінше емді бастау керек. Ауыр реакциялардан кейін препаратты қайталап енгізуді сақтықпен және емдеуші дәрігер бақылауымен жүргізу керек.

Жұлынның немесе жұлынның мойын бөлігінің компрессиясы

Жұлынның/жұлынның мойын бөлігінің компрессиясы Вимизим®  препаратымен ем алған пациенттерде, сондай-ақ плацебо алғандарда да бақыланды, сондықтан  жұлынның/жұлынның мойын бөлігінің компрессиясының белгілері мен симптомдарын (оның ішінде арқаның ауыруын, компрессия деңгейінен төмен аяқ-қолдың салдануын, несепті және нәжісті ірке алмауды) қадағалау керек және қажетті клиникалық көмек көрсету керек.

Иммуногенділігі

Клиникалық зерттеулердегі барлық пациенттерде элосульфаза альфаға антиденелер түзілді. Шамамен 80%-да элосульфаза альфаның катион-тәуелсіз маннозо-6-фосфатты рецептормен  байланысуын тежеуге ықпалды бейтараптандыратын антиденелер өндірілгені анықталды. Барлық зерттеулерде  элосульфаза альфа антиденелері болуына қарамастан, уақыт өте келе тиімділігінің көрсеткіштері тұрақты жақсаруы және несептегі кератансульфат (KS) концентрациясының төмендеуі анықталды. Антиденелердің жоғары титрі мен бейтараптандыратын антиденелердің болуының және тиімділігі төмендеуінің немесе анафилаксия және аса жоғары сезімталдықтың басқа да реакциялары дамуының арасындағы байланыс байқалмады. Элосульфаза альфа қарсы IgE  антиделері ем алған пациенттердің ≤ 10% анықталды, және ол барлық уақытта анафилаксиямен немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа  реакцияларымен және/немесе емді тоқтатумен байланысты болмады. 

Натрий мөлшері шектелетін диета

Бұл дәрілік препараттың құрамында әр құтыда 8 мг натрий болады, бұл ересек адам үшін күнделікті қолданатын 2 г натрий ДДҰ ең жоғары 0,4% ұсынылымына баламалы, және инфузияға арналған натрий хлоридінің ерітіндісінде 9 мг/мл (0,9%)  енгізіледі (қолдану тәсілі және дозалары бөлімі).

Сорбитол

Әр құтыдағы дәрілік препарат құрамында 100 мг сорбит бар, ол 40 мг/кг баламалы. Тұқым қуалайтын фруктоза жағымсыздығы (ТҚФЖ) бар пациенттерге тек егер бұл өте қатаң түрде қажет болмаса, Вимизим® препаратын тағайындауға болмайды. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жағымсыздығы бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс.

Нәрестелерде және кішкентай сәбилерде (2 жасқа дейінгі) тұқым қуалайтын фруктоза жағымсыздығы (ТҚФЖ) диагностикаланбауы мүмкін. Вена ішіне енгізілетін, құрамында сорбитол / фруктоза бар дәрілік өнімдер өмірге қауіпті болуы мүмкін. Ем басталғанға дейін препарат қолданудың болжамды пайдасының күтілетін астасқан қаупіне арақатынасына бағалау жүргізу керек. ТҚФЖ симптомдарына қатысты егжей-тегжейлі деректер әр пациент үшін дәрілік препаратты алғанға дейін жиналуы тиіс.

Егде жастағы пациенттер

Вимизим® препаратының 65 жастан үлкен жастағы пациенттердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, осы топтағы пациенттерде баламалы режимде дозалау ұсынылу мүмкіндігі жоқ. Жас пациенттерге қарағанда егде жастағы пациенттердің препарат енгізуге реакциясы белгісіз.

Балалар

Балалар жасындағы пациенттер үшін дозалау ересектердегі сияқты. 5 жасқа дейінгі жастағы аптасына 2 мг/кг қабылдайтын пациенттерде Вимизим® препараты қауіпсіздігінің жалпы бейіні препарат қауіпсіздігінің үлкен жастағы балаларда бақыланатын бейініне сәйкес.

Жүктілік және лактация кезеңі

Вимизим® препаратын жүкті әйелдерде пайдаланудың деректері жоқ. Сақтық шаралары ретінде, бұл өте қажет жағдайларды қоспағанда, Вимизим® препаратын жүктілік кезінде қолданудан аулақ болу керек.

Вимизим® препаратын бала емізетін әйелдерге егер сәби үшін потенциалды пайдасы потенциалды қаупінен астам болған жағдайда ғана тағайындауға болады.

Ұрпақ өрбітуге ықпалы

Элосульфаза альфа препаратының клиникаға дейінгі зерттеулерінде фертильділігі бұзылуы байқалмады.

Дәрілік препараттың автокөлік  және қауіптілігі зор механизмдерді басқару жылдамдығына әсер ету ерекшеліктері

Вимизим® автокөлік басқаруға және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне елеусіз әсер етеді. Вимизим® препаратының инфузиясы кезінде бас айналуының жағдайлары туралы хабарланды. Егер инфузиядан кейін басы айналса бұл автокөлік басқаруға және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін.

 

Артық дозалануы 

Элосульфаза альфа аптасына 4 мг/кг дейінгі дозада клиникалық зерттеулерде қолданылды, және ешбір спецификалық белгілері немесе симптомдары анықталмады. Қауіпсіздік бейінінде ешбір айырмашылық бақыланбады.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы 

Бутилкаучуктан жасалған тығыны және полипропиленді қақпағы бар flip off алюминий қалпақшамен қаусырылған боросиликат шыны (I типті) құтыда 5 мл препараттан.

Препараты бар 1 құты мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салынады.

 

Сақтау шарттары 

2 °C-ден 8 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Жарықтан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

 

Дәріханалардан босатылу шарттары 

Рецепт арқылы

 

Өндіруші

Веттер Фарма-Фертигунг ГмбХ және Ко. КГ,

Муссвайсен 2, 88214 Равенсбург, Германия

 

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы және қаптаушы 

Биомарин Интернэшнл Лимитед, Ирландия

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«ВИВА ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, 050030, Алматы қ., Дегдар к-сі, 33

Тел.: +7 (7273) 837 463 Факс: +7 (7273) 837 456, Эл. пошта: pv@viva

Прикрепленные файлы

ВИМИЗИМ_ИМП_27.03_.2019_ЗоБ_.docx 0.05 кб
ВИМИЗИМ_ИМП_kaz_11.04_.2019_.doc 0.17 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту