Велпанат (400 мг/100 мг)

МНН: Софосбувир+Велпатасвир
Производитель: Natco Pharma Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противовирусные препараты для лечения ВИЧ инфекции
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024329
Информация о регистрации в РК: 09.10.2019 - 09.02.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Велпанат

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мг/100 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді заттар - 400,0 мг софосбувир

100,0 мг велпатасвир

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты;

қабығының құрамы: опадрай II көк 85F505153 (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль, тальк, FD&C көк#1/Бриллиантты көк FCF алюминий лагы (Е 133)), тазартылған су.

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, көгілдір түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «S» және екінші жағында «V» таңбасы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. С гепатиті вирусын емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар.

АТХ коды J05AР

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Софосбувир мен велпатасвирді ішу арқылы қабылдағанда, софосбувир жылдамырақ сіңіріледі және препараттың қан плазмасындағы концентрациясының орташа ең жоғарғысы қабылдағаннан кейін 1 сағатты құрайды. Велпатасвир концентрациясының орташа ең жоғарғысы ішу арқылы қабылдағанннан кейін 3 сағат болып табылады.

Таралуы

Софосбувир адамның қан плазмасы ақуыздарымен шамамен 61-65%-ға байланысады және бұл байланысуы дәрілік препараттың 1 мкг/мл-ден 20 мкг/мл дейінгі аралықтағы концентрациясына тәуелді емес. Белсенді емес метаболиті (GS-331007) адамның қан плазмасы ақуыздарымен өте аз дәрежеде байланысады.

Велпатасвир қан плазмасы ақуыздарымен 99.5%-дан артыққа байланысады, байланысуы препараттың 0.09 мкг/мл-ден 1.8 мкг/мл көлеміндегі концентрациясына тәуелді емес.

Биоөзгерісі

Софосбувир бауырда нуклеозид аналогының фармакологиялық белсенді түрі трифосфат GS-461203 түзе отырып қарқынды метаболизденеді. Метаболикалық белсенділену жолы карбон қышқылының күрделі эфирінің адамдағы катепсин А (CatA) немесе карбоксилэстераза 1 (CES1) арқылы катализденетін бір бөлігінің бірізді гидролизін, және гистидиндік триадалармен (HINT1) нуклеотид-байланыстырғыш 1 ақуыздың көмегімен фосфорамидаттың ыдырауын, кейіннен пиримидиндік нуклеотидтердің биосинтезі жолы бойымен фосфорлануын қамтиды. Велпатасвир CYP2B6, CYP2C8 және CYP3A4 айналымы баяу субстраты болып табылады.

Организмнен шығарылуы

400 мг софосбувирді бір рет ішу арқылы қабылдағаннан кейін, радиоактивті дозасының орташа жалпы шығарылуы 92%-дан артықты құрайды, сонымен қатар, шамамен 80%, 14% және 2,5%-ы сәйкесінше бүйрек, ішек және өкпе арқылы шығарылады. Софосбувирдің бүйрек арқылы шығарылатын дозасының көп бөлігі 78% белсенді емес метаболит (GS-331007) болып табылады, ал 3,5%-ы софосбувир түрінде шығарылады. Софосбувир мен белсенді емес метаболитінің (GS-331007) жартылай шығарылуының орташа кезеңі сәйкесінше 0,4 сағатты және 27 сағатты құрайды.

100 мг велпатасвирді ішу арқылы бір рет қолданғаннан кейін, дозасының орташа қалпына келуі 95%-дан астамды құрайды, бүйрек арқылы шығарыуы шамамен 94% және ішек арқылы 0,4 %. Бастапқы дәрілік заттың билиарлық экскрециясы велпатасвирдің организмнен шығарылуының негізгі жолы болып табылады. Софосбувир мен велпатасвирді қолданғанда, велпатасвирдің жартылай шығарылуының орташа ақырғы кезеңі шамамен 15 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Софосбувир СГВ (С гепатиті вирусының) вирус репликациясы үшін қажетті NS5B (құрылымдық емес ақуыздың) РНҚ-тәуелді РНҚ-полимеразасының пан-генотиптік тежегіші болып табылады. Софосбувир нуклеотидтік ізашар дәрі болып табылады, ол фармакологиялық белсенді аналогы уридин трифосфат (GS-461203) түзе отырып, жасушаішілік метаболизмге ұшырайды. NS5B-полимеразасы көмегімен GS-461203 СГВ РНҚ тізбегінің ішіне орналасуы және сол арқылы тізбектің үзілуін туғызуы мүмкін.

Велпатасвир СГВ NS5A ақуызымен байланысқан СГВ тежегіші болып табылады, ол РНҚ репликациясы үшін де, СГВ вириондарын жинақтау үшін де қажет.

Вирусқа қарсы белсенділігі

СГВ репликондарын пайдаланып жүргізілген зерттеулерде  софосбувир мен велпатасвирдің тиімді концентрацияларының мәндері 1a, 1b, 2a, 3a және 4a генотиптерінің толық өлшемді репликондарына қарсы (ЕС50) сәйкесінше 0.04, 0.11, 0.05, 0.05 және 0.04 мкмоль құрады, ал софосбувир мен велпатасвирдің 1b генотипі 2b, 5а немесе 6а генотипінің клиникалық изоляттарынан NS5B бірізділігін тарататын химерлік репликондарына қарсы ЕС50 мәндері 0,014 - 0,015 мкмоль құрады. Софосбувир мен велпатасвирдің клиникалық изоляттардан NS5B бірізділігін тарататын химерлік репликондарына қатысты ЕС50±SD орташа мәні 1а генотипі үшін 0,068 ± 0,024 мкмоль, 1b генотипі үшін 0,11 ± 0,029 мкмоль, 2 генотипі үшін 0,035 ± 0,018 мкмоль және генотипі үшін 0,085 ± 0,034 мкмоль құрады. Софосбувир мен велпатасвирдің кездесу жиілігі аз 4, 5 және 6 генотиптеріне қатысты in vitro  вирусқа қарсы белсенділігі софосбувир мен велпатасвирдің 1, 2 және 3 генотиптеріне қатысты белсенділігіне ұқсас болды.

Резистенттілігі

Жасушалар өсіріндісінде

Жасушалар өсіріндісінде cофосбувирге сезімталдығы төмен СГВ репликондарының 1b, 2a, 2b, 3а, 4а, 5а және 6а қоса бірнеше генотиптері зерттелді.

Софосбувирге сезімталдықтың төмендеуі NS5B-де СГВ репликондарының зерттелген барлық генотиптерінің (lb, 2а, 2b, За, 4а, 5а және 6а) S282T бастапқы мутациясымен астасты. Сайт-бағытты мутагенезі, 8 генотипінің репликондарындағы S282T мутациясы софосбувирге сезімталдықтың 2-18 есе төмендеуіне және вирустың репликацияға қабілеттілігінің сәйкесінше жабайы типті вируспен салыстырғанда 89-99%-ға азаюына жауапты екендігін растады. lb, 2а, За және 4а генотиптеріндегі S282T алмасуын экспрессиялайтын рекомбинантты NS5B полимераза, вирустың жабайы штамдарының осы сияқты полимеразаларымен салыстырғанда, софосбувирдің белсенді метаболитіне (GS-461203) сезімталдығының төмен екендігін көрсетті.

Велпатасвирге сезімталдығы төмен СГВ репликондарының in vitro таңдалуы жасуша өсіріндісінде 1a, 1b, 2a, 3a, 4a, 5a және 6a қоса, көптеген генотиптері үшін жүргізілді. Нұсқалары NS5A-ға төзімді 24, 28, 30, 31, 32, 58, 92 және 93 позицияларында таңдалды. 2 немесе одан үлкен генотиптерінен таңдап алынған, қарсыласуы бойынша салыстырылған нұсқалары (ҚСН) F28S, L31I/V және Y93H болды. Белгілі ҚСН NSVA сайт-бағытты мутагенезі, велпатасвир сезімталдығының > 100 есе төмендеуі тән орынбасулары 1a генотипінде M28G, A92K және Y93H / N / R / W, 1b генотипінде A92K, 2b генотипінде C92T және Y93H / N, 3 генотипінде Y93H және 6 генотипінде L31V және P32A / L / Q / R болып табылатынын көрсетті. 2a, 4a немесе 5a генотиптерінде тестіленген ешбір жеке-дара алмасулары велпатасвир сезімталдығының > 100 есе төмендеуін берген жоқ. Аталған нұсқаларының біріктірілімдері, дара ҚСН қарағанда, велпатасвирге сезімталдығының көбірек төмендегенін көрсеткен.

Айқаспалы резистенттілігі

In vitro мәліметтер, ледипасвир мен даклатасвирге төзімділікті туғызатын NS5A ҚСН көпшілігі велпатасвирге сезімтал болып қалатындығын көрсетіп отыр. Велпатасвир софосбувир-резистентті S282T NS5B-ға алмасуына қарсы белсенді болды, ал барлық велпатасвир-резистентті NS5A-ға алмасуларымен байланыстылары софосбувирге толықтай сезімтал болды. Софосбувир мен велпатасвир вирусқа қарсы тікелей әсер ететін, әсер ету механизмдері әр түрлі NSKB-ненуклеозидтік тежегіштер және NS3-протеаза тежегіштері сияқты препараттардың басқа кластарына резистенттілігімен байланысты орынбасуларына қатысты толығымен белсенді болды.

Қолданылуы

- ересектердегі созылмалы вирустық С гепатитін емдеу үшін вирусқа қарсы біріктірілген емнің құрамында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеуді созылмалы С гепатитін емдеуде тәжірибесі бар дәрігер тағайындауы тиіс.

Велпанаттың 1 таблеткасын тәулігіне бір рет, ас ішу кезінде немесе ас ішкеннен кейін ішке қабылдау керек. Таблетканы тұтастай, сумен ішіп жұту қажет. Шайнамаған немесе үгітпеген дұрыс, ащы дәмі бар.

1 кесте: С гепатиті вирусының барлық генотиптері үшін ұсынылатын ем және ұзақтығы

Пациенттердің популяциясы а

Емі және ұзақтығы

Циррозсыз пациенттер және компенсацияланған циррозы бар пациенттер

Софосбувир және велпатасвир препараттары 12 апта бойы

3 генотипімен, компенсацияланған циррозы бар пациенттер үшін рибавиринді қосуды қарастыруға болады.

Декомпенсацияланған циррозы бар пациенттер

Софосбувир мен велпатасвир + рибавирин 12 апта бойы

a. Адамның иммунтапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясын бір мезгілде жұқтырған пациенттерді, және С гепатиті вирусынан кейін бауыр трансплантациясы қайталанатын пациенттерді қамтиды.

Дозасын түзету

2 кесте: Декомпенсацияланған циррозы бар пациенттерге софосбувирмен және велпатасвирмен қолданғанда рибавиринді дозалау жөніндегі ұсынымдар

Пациент

Рибавириннің дозасы

Чайлд-Пью-Туркотта (СРТ) трансплантацияға дейінгі B класты цирроз

Дене салмағы <75 кг пациенттер үшін күніне 1000 мг және дене салмағы ≥ 75 кг пациенттер үшін 1200 мг

CPT трансплантацияға дейінгі C класты цирроз

CPT трансплантациядан кейінгі B немесе C класты цирроз

Бастапқы 600 мг дозасы, көтерімділігі жақсы болса оны ең жоғарғы 1000/1200 мг (дене салмағы <75 кг пациенттер үшін 1000 мг және дене салмағы >75 кг пациенттер үшін 1200 мг) дейін арттыруға болады. Егер бастапқы дозасының көтерімділігі нашар болса, дозасын клиникалық көрсетілімдеріне сәйкес, гемоглобин деңгейінің негізінде азайту керек.

Егер рибавиринді 3 генотипін жұқтырған және компенсацияланған циррозы бар пациенттер (трансплантацияға дейін немесе кейін) қабылдаса, рибавириннің ұсынылатын дозасы 1000/1200 мг (дене салмағы <75 кг пациенттер үшін 1000 мг және дене салмағы > 75 кг пациенттер үшін 1200 мг) құрайды.

Пациенттерге, егер дозасын қабылдағаннан кейін 3 сағат ішінде құсу туындаса, Велпанаттың қосымша таблеткасын қабылдау керектігін ескерту керек. Егер құсу препаратты қолданғаннан кейін 3 сағат өткен соң орын алса, ары қарай Велпанаттың дозасы қажет емес.

Егер Велпанатты қолдану уақыты 18 сағат ішінде өтіп бара жатса, таблетканы барынша тезірек қабылдау керек. Келесі таблеткасы әдеттегі уақытында қабылданады.

Егер қабылдаудың кешіктірілуі 18 сағаттан асып кетсе (соңғы таблеткасын қабылдаған сәттен бергі уақыт аралығы 42 сағаттан көп болса), онда оны өткізіп жберу және Велпанаттың дозасын әдеттегі уақытында қабылдау керек.

Велпанаттың екі есе дозасын қолданбау керек.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйректің жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін софосбувир мен велпатасвирдің дозасын түзету қажет емес. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (есептелген шумақтық сүзіліс жылдамдығы еШСЖ] <30 мл / мин / 1,73 м2) немесе бүйректің гемодиализді қажет ететін терминальді созылмалы жеткіліксіздігі (БТСЖ) бар пациенттерде софосбувир мен велпатасвирдің қауіпсіздігі мен тиімділігі бағаланған жоқ.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауырдың жеңіл, орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд—Пью шкаласы бойынша A, B немесе C класы) бар пациенттерде софосбувир мен велпатасвирдің дозасын түзету қажет емес. Софосбувир мен велпатасвирдің қауіпсіздігі мен тиімділігі Чайлд—Пью шкаласы бойынша B класты циррозы бар пациенттерде бағаланған, бірақ C класты циррозы бар пациенттерде бағаланбаған.

Балалар жасындағы пациенттер

Софосбувир мен велпатасвирдің балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі әлі анықталмаған. Мәліметтер жоқ.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыруы, шаршау және жүрек айнуы

- рибавиринмен біріктірілгенде гемоглобин мөлшері төмендеуі мүмкін.

Жекелеген жағымсыз реакцияларының сипаттамасы.

Жүрек аритмиялары

Ауыр брадикардия мен жүрек блокадасы жағдайлары, софосбувир мен велпатасвир амиодаронмен және / немесе жүректің жиырылу жиілігін азайтатын басқа дәрілік заттармен бірге пайдаланылған кезде байқалған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- софосбувир мен велпатасвирге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аритмияға қарсы дәрілермен пайдаланылуы.

Амиодаронды софосбувирмен және велпатасвирмен тек, аритмияға қарсы емнің басқа баламалы әдістері көтерімсіз немесе қарсы көрсетілімді болған жағдайда ғана қолдану керек. Егер амиодаронды бір мезгілде пайдалану қажет деп есептелсе, курсты дәрігердің мұқият қадағалауымен өткеру ұсынылады.

Амиодаронның жартылай шығарылу кезеңі ұзақ болғандықтан, оны қолдануды бірнеше ай бойы тоқтатқан пациенттер, софосбувир және велпатасвир курсын бастаудың алдында тексеруден өтуі қажет.

Күшті гликопротеиндермен және цитохром индукторларымен пайдаланылуы.

Күшті P-гликопротеиндер (P-gp) немесе P450 (CYP) цитохромының күшті индукторлары болып табылатын дәрілік заттармен (рифампицин, рифабутин, шайқурай (Hypericum perforatum), карбамазепин, фенобарбитал және фенитоин) бірге қолдану софосбувир мен велпатасвирдің плазмадағы концентрациясын едәуір төмендетеді және софосбувир мен велпатасвир тиімділігінің жоғалуына алып келуі мүмкін.

Велпатасвир P-гликопротеин тасымалдағышының және сүт безі обырының резистенттілігі ақуызының (СБОРА) тежегіші, органикалық аниондардың тасымалдағыш полипептиді ОАТП1B1 және ОАТП1B3 болып табылады. Софосбувир мен велпатасвирді осы тасымалдағыштардың субстраттары болып табылатын дәрілік препараттармен бірге қолдану аталған дәрілік препараттарға әсерін арттыруы мүмкін. 3 кестеде сезімтал субстраттар P-гликопротеинмен (дигоксин), СБОРА (розувастатин) және ОАТП-мен (правастатин) өзара әрекеттесулерінің мысалдары келтірілген.

3 кесте: Софосбувир мен велпатасвирдің басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Емдеу салаларында пайдаланылған/өзара әрекеттесу механизмі болуы мүмкін дәрілік препарат

Дәрілік заттың деңгейлеріне ықпалы. Орташа мәні (90% сенімді аралық) a,б

Софосбувир және велпатасвир препаратын бірге қолдану жөніндегі ұсынымдар

Белсенді

Cmax

AUC

Cmin

ҚЫШҚЫЛДЫЛЫҚТЫ ТӨМЕНДЕТЕТІН ЗАТТАР

Велпатасвирдің ерігіштігі қышқылдылықтың жоғарылауына қарай азаяды. Асқазанның қышқылдылығын арттыратын дәрілік препараттар велпатасвир концентрациясын азайтады деп шамаланады.

Антацидтер

мысалы, алюминий немесе магний гидроксиді; кальций карбонаты (Асқазандағы қышқылдылықтың жоғарылауы)

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Күтілетіні:

↔ Софосбувир

↓ Велпатасвир

Антацидтің софосбувирмен және велпатасвирмен қабылдануының арасын 4 сағатқа созу ұсынылады.

Н2-гистаминдік рецепторлардың антагонисі

Фамотидин

(бір реттік 40 мг дозасы)/ софосбувир/велпатасвир (бір реттік 400/100 мг дозасы) в

Софосбувир

Н2-гистаминдік рецепторлардың антагонисін бір мезгілде енгізуге немесе софосбувирмен және кезектестіріп күніне екі рет 40 мг фамотидинмен салыстырмалы дозасынан аспайтын дозада қабылдауға болады.

Фамотидин софосбувир және велпатасвир препараттарымен бір мезгілде дозаланады г

Циметидин д Низатидин д Ранитидин д

(Асқазандағы қышқылдылықтың жоғарылауы)

Велпатасвир

↓ 0.80

(0.70,

0.91)

↓ 0.81

(0.71,

0.91)

Фамотидин

(бір реттік 40 мг дозасы)/ софосбувир/велпатасвир (бір реттік 400/100 мг дозасы) в

Софосбувир

0,77

(0.68,

0.87)

0,80

(0.73,

0.88)

Фамотидин софосбувир мен велпатасвирді қабылдағанға дейін 12 сағат бұрын дозаланған г

(Асқазандағы қышқылдылықтың жоғарылауы)

Велпатасвир

Протондық сорғы тежегіштері

Омепразол

(20 мг күніне бір рет)/ софосбувир/велпатсвир (400/100 мг бір реттік дозасы, диета сақтаумен) в

Софосбувир

↓ 0.66

(0.55,

0.78)

↓ 0.71

(0.60,

0.83)

Протондық сорғы тежегіштерімен бірге қабылдау ұсынылмайды. Егер бірге қолдану қажет деп есептелсе, онда софосбувир мен велпатасвир препараттарын 20 мг омепразолмен салыстырмалы ең жоғарғы дозаларындағы протондық сорғы тежегішіне дейін 4 сағат бұрын тамақпен бірге қабылдау керек.

Омепразол дозировали софосбувир және велпатасвир препараттарымен бір мезгілде дозаланғанг

Лансопразол д Рабепразол д Пантопразол д Эзомепразол д (Асқазандағы қышқылдылықтың жоғарылауы)

Велпатасвир

↓ 0.63

(0.50,

0.78)

↓ 0.64

(0.52,

0.79)

Омепразол

(20 мг күніне бір рет)/ софосбувир/велпатасвир (400/100 мг бір реттік дозасы, ас ішкеннен кейін) в

Омепразол софосбувир және велпатасвир препараттарынан кейін 4 сағаттан соң дозаланған г (Асқазандағы қышқылдылықтың жоғарылауы)

Софосбувир

↓ 0.79

(0.68,

0.92)

Велпатасвир

↓ 0.67

(0.58,

0.78)

↓ 0.74

(0.63,

0.86)

АРИТМИЯҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР

Амиодарон

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Амиодарон, велпатасвир және софосбувир концентрацияларына ықпалы белгісіз.

Егер басқа баламалы нұсқалары болмаса қолдануға жол беріледі. Егер бұл дәрілік препарат софосбувир және велпатасвир препараттарымен енгізілсе, мұқият қадағалау ұсынылады.

Дигоксин

Велпатасвирмен өзара әрекеттесуі ғана зерттелген

Күтілетіні:

↔ Софосбувир

Софосбувир және велпатасвир препараттарын дигоксинмен бірге қолдану дигоксиннің концентрациясын арттыруы мүмкін. Софосбувир және велпатасвир препараттарымен бірге қолданғанда сақтық таныту және дигоксин концентрациясына терапевтік бақылау жүргізу қажет.

Дигоксин (бір реттік 0,25 мг дозасы) е/ велпатасвир (бір реттік 100 мг дозасы)

(P-gp тежелуі)

Велпатасвирдің әсерінің ықпалы зерттелмеген

Күтілетіні:

↔ Велпатасвир

Байқалады:

Дигоксин

↑ 1.9

(1.7,

2.1)

↑ 1.3

(1.1,

1.6)

ҚҰРЫСУҒА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕР

Карбамазепин Фенитоин Фенобарбитал

(P-gp және CYP индукциясы)

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Күтілетіні:

↓ Софосбувир

Велпатасвир

Карбамазепинді, фенобарбиталды және фенитоинді қолданғанда, P-gp мен P450 цитохромы индукциясының күшейетіндігіне байланысты софосбувир және велпатасвир таблеткалары қарсы көрсетілімді.

Окскарбазепин

(P-gp және CYP индукциясы)

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Күтілетіні:

↓ Софосбувир

Велпатасвир

Софосбувир мен велпатасвирді окскарбазепинмен бір мезгілде қабылдау софосбувир мен велпатасвирдің концентрациясын азайтуы мүмкін деп күтіледі, бұл софосбувир мен велпатасвирдің емдік әсерінің төмендеуіне алып келеді. Бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

ЗЕҢГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕР

Кетоконазол

Велпатасвирмен өзара әрекеттесуі ғана зерттелген.

Күтілетіні:

↔ Софосбувир

Таблеткалар түріндегі софосбувир мен велпатасвирдің немесе Кетоконазолдың дозасын түзету қажет емес.

ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР

Рифампицин (600 мг күніне бір рет) / Софосбувир (бір реттік 400 мг дозасы)

P-gp және CYP индукциясы

Рифампициннің әсеріне ықпалы зерттелмеген.

Күтілетіні:

Рифампицин

Софосбувир және велпатасвир таблеткаларын P-gp және CYP индукциясының күшті индукторы болып табылатын рифампицинмен қабылдау қарсы көрсетілімді.

Байқалады:

Софосбувир

↓ 0.23

(0.19,

0.29)

↓ 0.28

(0.24,

0.32)

Рифампицин (600 мг күніне бір рет) / Велпатасвир (бір реттік 100 мг дозасы)

(P-gp және CYP индукциясы)

Рифампициннің әсеріне ықпалы зерттелмеген.

Күтілетіні:

Рифампицин

Байқалады:

Велпатасвир

↓ 0.29

(0.23,

0.37)

↓ 0.18

(0.15,

0.22)

Рифабутин Рифапентин

(P-gp және CYP индукциясы)

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Күтілетіні:

↓ Софосбувир

Велпатасвир

Софосбувир және велпатасвир таблеткаларын P-gp пен CYP күшті индукторы болып табылатын рифабутинмен қабылдау қарсы көрсетілімді.

Софосбувир мен велпатасвирді рифапентинмен бір мезгілде қабылдау софосбувир мен велпатасвир концентрациясын азайтатындығы күтіледі, бұл софосбувир және велпасвир таблеткаларының емдік әсерінің төмендеуіне алып келеді. Бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

АИТВ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРЕПАРАТТАР: КЕРІ ТРАНСКРИПТАЗА ТЕЖЕГІШТЕРІ

Тенофовир Дизопроксил

Фумараты

Софосбувир және велпатасвир таблеткалары тенофовирдің әсерін арттыратыны (P-gp тежелетіні) дәлелденген. АИТВ емдеудің түрлі кестелері аясында софосбувирмен, велпатасвирмен және тенофовир дисопроксил фумараты препараттарымен бір мезгілде емдегенде, тенофовир әсерінің (AUC пен Сmax) жоғарылауы 40-80%-ға жуықты құраған.

Софосбувир

Велпатасвир

Софосбувир

Велпатасвир

ӨСІМДІК ТЕКТЕС ҚОСПАЛАР

Шайқурай (P-gp мен CYP индукциясы)

Өзара әрекеттесуі зерттелмеген.

Күтілетіні:

↓ Софосбувир

Велпатасвир

Софосбувир мен велпатасвирді P-gp мен CYP күшті индукторы болып табылатын шайқурай препараттарымен бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді.

3-ГИДРОКСИ-3-МЕТИЛГЛЮТАРИЛ-КОФЕРМЕНТ А РЕДУКТАЗА

Розувастатин

Өзара әрекеттеседі

Күтілетіні:

Софосбувир

Софосбувир мен велпатасвирді розувастатинмен бір мезгілде қолдану розувастатиннің концентрациясын арттырады, бұл рабдомиолизді қоса, миопатия қаупінің жоғарылауымен байланысты.

Розувастатинді 10 мг аспайтын дозасында софосбувирмен және велпатасвирмен қолдануға болады.

Розувастатин (бір реттік 10 мг дозасы) / Велпатасвир (күніне бір рет 100 мг)в г

Байқалады:

Розувастин

↑ 2.6

(2.3,

2.9)

↑ 2.7

(2.5,

2.9)

а. Бірге тағайындалатын дәрілік препараттар фармакокинетикасының бөлек немесе біріктірілген орташа арақатынасы (90% СА). Әсерінсіз = 1,00.

б. Өзара әрекеттесуін барлық зерттеулер дені сау еріктілерге жүргізілген.

в. Софосбувир және велпатасвир таблеткасы түрінде енгізіледі

г. Фармакокинетикасының өзара әрекеттесуінің болмауы 70-143%.

д. Бұл ондай көріністердің болуы болжануы мүмкін класқа жататын дәрілік заттар.

е. Биобаламалылығының / баламалылығының шегі 80-125%.

ж.Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуінің болмауы 50-200%-бен шектеледі.

Айрықша нұсқаулар

Софосбувир мен велпатасвирді құрамында софосбувир бар басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданбау керек.

Чайлд—Пью шкаласы бойынша С класты цирроз.

Чайлд—Пью шкаласы бойынша C класты циррозы бар пациенттерде софосбувир мен велпатасвирдің қауіпсіздігі мен тиімділігі бағаланған жоқ.

Бауыр трансплантациясын бастан өткерген пациенттер

Бауыр трансплантациясын бастан өткерген пациенттерде софосбувир мен велпатасвирдің С гепатиті вирусын емдеудегі қауіпсіздігі мен тиімділігі бағаланған жоқ. Софосбувир мен велпатасвирдің негізінде, дозалау жөніндегі ұсынымдарға сәйкес емдеу жеке бір пациент үшін ықтимал артықшылықтары мен қауіптерінің бағалануына негізделуі тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдануға болмайды.

Балалар

Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Софосбувир мен велпатасвирдің құжатқа түсірілген ең жоғары дозалары сәйкесінше бір реттік 1200 мг дозасымен және бір реттік 500 мг дозасымен берілген. Аталған зерттеулерде дені сау еріктілерде дозасының аталған деңгейлерінде байқалған ешқандай теріс әсерлері болмаған. Жоғарырақ дозаларының / экспозициясының әсерлері белгісіз.

Софосбувирмен және велпатасвирмен артық дозалануды емдеу өмірлік маңызы бар симптомдарды бақылауды, сондай-ақ, пациенттің клиникалық статусын қадағалауды қоса, жалпылама қосымша шаралардан құралады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған, бұралып жабылатын қақпағы бар құтыда 28 таблеткадан. Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Natco Pharma Limited

Kothur-509228

Rangareddy District

Telangana, Үндістан.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«APC Healthcare Limited» өкілдігі, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«APC Healthcare Limited» өкілдігі

050040, Алматы қ., Попов к-сі 19, 301 кеңсе

Тел: (8727) 260-84-33, факс: (8727) 386-82-25

E-mail: rahulsingh@apchealthcare.com

Прикрепленные файлы

ИМП_Велпанат_109862.doc 0.16 кб
Велпанат_каз_ок_13.08_.19_.doc 0.19 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту