Биоселак
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Биоселак
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Қынаптық капсулалар
Фармакотерапиялық тобы
Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар.
АТХ коды G02CX
Қолданылуы
Биоселак бактерияға қарсы, трихомонацидті және зеңге қарсы дәрілік заттармен спецификалық және спецификалық емес қынаптық инфекцияларды емдегеннен кейін әйелдер мен 16 жастан асқан қыздарға қынаптың қалыпты микрофлорасын қалпына келтіру және демеу үшін қолданылады.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Иммундық жүйенің елеулі бұзылуы жағдайында Биоселак препаратын сақтықпен қолдану қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Биоселакты пациенттер бактерияға қарсы, трихомонацидтік немесе зеңге қарсы дәрілік заттармен (метронидазол мен ко-тримоксазолды қоспағанда) бір мезгілде пайдаланбауы тиіс, өйткені бұл дәрілер Lactobacillus rhamnosus 573 таяқшаларын жоюы немесе олардың өсуін тежеуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде препарат емдеуші дәрігердің нұсқауы бойынша тағайындалуы мүмкін.
Фертильділік
Препараттың фертильділікке әсері бағаланбаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Биоселак көлік құралдарын басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз ғана әсер етеді.
Артық дозалануы
Препараттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Егер дәрігер басқаша тағайындамаса, Биоселакты тәулігіне 1-2 капсуладан (біреуін таңертең және біреуін кешке ұйықтар алдында) 7 күн бойы пайдаланады.
Қажет болса, емдеу курсын қайталау керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Жергілікті қолдану үшін (қынап ішіне). Капсуланы жеке гигиенаның барлық ережелерін сақтай отырып, қынапқа терең енгізу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу бойынша ұсынымдар
Препаратты қолданар алдында қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз.
Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге қаралыңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Жағымсыз реакциялар жиілігінің параметрлері былайша анықталады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, бірақ < 1/10); сирек (≥ 1/1000, бірақ < 1/100); сирек (≥ 1/10000, бірақ < 1/1000); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Енгізу орнындағы жалпы бұзылыстар мен бұзылулар: өте сирек - жергілікті жағымсыз реакциялар (қышыну, күйдіру сезімі, қынап секрециясының ұлғаюы).
Препарат жағымдылығы жақсы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға күтілетін реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Бір капсула құрамында
белсенді зат - Lactobacillus rhamnosus 573 таяқшалары 1010 жуық (108 КТБ кем емес)
қосымша заттар: майсыз ұнтақ тәрізді сүт, сахароза, натрий L-глутаматы, картоп крахмалы, магний стеараты, маннитол.
Капсула құрамы: титанның қостотығы (E171), желатин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті капсулалар.
Капсуланың ішіндегісі: сарғыш-крем түсті біртекті ұнтақ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 капсула бромбутилкаучук тығынмен және алюминий қалпақшамен жабылған шыны құтыда. 1 шыны құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
10 капсула поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
2 ºC-ден 8ºС-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта) сақтау керек.
25ºC-ден аспайтын сақтау температурасында препараттың жарамдылық мерзімі 4 аптаны құрайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші туралы мәліметтер
«БИОМЕД С.А. сарысулар және вакциналар биотехнология институты»
«ИБСС БИОМЕД С.А.», Ал. Соснова, 8; 30-224 Краков, Польша.
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«РОТАФАРМ»
Граунд Фло, Гадд Хаус, Аркадиа Авеню, Финчли, N3 2JU Лондон қ., Ұлыбритания
Тел.: +44 0 845 0 66 77 00
Факс: +44 0 845 0 66 77 01
Электронды пошта: info@rotapharm.co.uk
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік зат бойынша шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«WM Pharma Alliance» ЖШС, ҚР, Алматы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай даңғ, 222 б
Тел / факс: 8 (7272) 529090
е-mail: wm_pharma@mail.ru
Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы, Сүйінбай даңғ. 222-б
Ұялы тел +7 701 786 33 98.
е-mail: pvpharma@worldmedicine.kz