Бартизар (3,5 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Бартизар
Халықаралық патенттелмеген атауы
Бортезомиб
Дәрілік түрі
Вена ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған
3.5 мг лиофилизат
Бір құтыдағы құрамы
белсенді зат:
үш өлшемді бороксин түріндегі бортезомиб 3.336 мг
мономер түріндегі бортезомибке шаққанда 3.5 мг қосымша зат: маннитол 35.0 мг
Сипаттамасы
Түсі ақ немесе ақ дерлік лиофилизацияланған масса немесе ұнтақ
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы препараттар. Ісікке қарсы басқа препараттар. Ісікке қарсы басқа да препараттар. Бортезомиб.
АТХ коды L01XX32
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңірілуі
Бортезомибті 1.0 мг/м2 және 1.3 мг/м2 дозаларда вена ішіне сорғалатып енгізгеннен кейін көптеген миеломасы бар, креатинин клиренсінің мәні минутына 50 мл-ден көбірек болған пациенттерде алғашқы дозаны енгізгеннен кейін қан плазмасында бортезомибтің орташа ең жоғары концентрациясы (Cmax), сәйкесінше, 57 нг/мл және 112 нг/мл құрады. Бортезомибтің кейінгі дозаларын енгізгеннен кейін қан плазмасындағы орташа ең жоғары концентрациялары 1.0 мг/м2 дозада 67-ден 106 нг/мл-ге дейінгі және 1.3 мг/м2 дозада 89-дан 120 нг/мл-ге дейінгі ауқымда болды.
Бортезомибті 1.3 мг/м2 дозаларда вена ішіне сорғалатып немесе тері астына енгізгеннен кейін көптеген миеломасы бар пациенттерде, препаратты қайталап енгізгеннен кейінгі жалпы жүйелік концентрациясы (AUClast) тері астына және вена ішіне енгізгеннен кейін баламалы болды. Тері астына енгізгеннен кейінгі Cmax (20.4 нг/мл), вена ішіне енгізгеннен кейінгі Cmax шамасынан төмен (223 нг/мл) болды. Орташа геометриялық AUClast мәндеріне қатынасы 0.99 тең болды.
Таралуы
Көптеген миеломасы бар пациенттерде препаратты 1.0 мг/м2 немесе 1.3 мг/м2 дозада вена ішіне бір реттік немесе қайталап енгізуден кейін бортезомибтің орташа таралу көлемі (Vd) 1659 л-ден 3294 л-ге дейінгі ауқымда болды, яғни бортезомиб шеткері тіндерге кеңінен таралады. Бортезомибтің 0.01-ден 1.0 мкг/мл-ге дейінгі ауқымдағы концентрациясында адамның қан плазмасындағы ақуыздармен байланысуы in vitro орта есеппен 82,9% құрады. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысқан бортезомиб фракциясының шамасы концентрацияға тәуелді болған жоқ.
Биотрансформациясы
Адам бауырының микросомаларына және ДНҚ-ға экспрессияланатын адам Р450 цитохромының изоферменттеріне жүргізілген in vitro зерттеулер бортезомибтің көбіне P450 3A4, 2C19 және 1A2 цитохромының ферменттері арқылы тотығу метаболизміне ұшырайтынын көрсетеді. Негізгі метаболизмдік жолы бор атомдарының деборонирленген екі метаболит түзе отырып ыдырауы болып табылады, осының салдарынан олар бірнеше метаболиттерге дейін гидроксилденуге ұшырайды. Деборонирленген метаболиттер 26S протеасомасының тежелуіне қатысты белсенді емес.
Шығарылуы
Көп реттік енгізуден кейін бортезомибтің орташа жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) 40-тан 193 сағатқа дейінгі ауқымда болады. Бортезомиб алғашқы дозаны енгізуден кейін, препаратты кейінгі енгізулермен салыстырғанда, тезірек шығарылады. Препаратты 1.0 мг/м2 және 1.3 мг/м2 дозаларда алғашқы енгізуден кейін бортезомибтің орташа жалпы клиренсі, сәйкесінше, сағатына 102 және 112 л құрады, және 1.0 мг/м2 және 1.3 мг/м2 дозаларда кейінгі енгізулерден кейін, сәйкесінше, сағатына 15-тен 32 л-ге дейінді және 18-ден 32 л-ге дейінді құрады.
Пациенттердің ерекше топтары
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының орташа және ауыр дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде, бауыр функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, бортезомиб AUC 60% ұлғаюы байқалады. Бауыр функциясының орташа немесе ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеуді өте төмен дозадан бастау ұсынылады, және осы пациенттер қалтқысыз бақылауда болуы тиіс. Бауыр функциясының жеңіл бұзылулары бортезомиб фармакокинетикасына ықпал етпейді.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Диализде жүрген пациенттерді қоса, бүйрек функциясының жеңіл, орташа немесе ауыр бұзылулары бар науқастарда аптасына екі рет 0.7-1.3 мг/м2 дозаларда вена ішіне қолданғанда бортезомиб фармакокинетикасы бауыр функциясы қалыпты науқастардағы препарат фармакокинетикасымен салыстырмалы.
Фармакодинамикасы
Бортезомиб протеасомалардың тежегіші болып табылады. Ол сүт қоректілердің жасушаларында химотрипсинге ұқсас 26S протеасома белсенділігін тежегіш ретінде арнайы жасалған. 26S протеасома убиквитинирленген ақуыздарды ыдырататын ірі ақуыз кешені болып табылады. Убиквитин-протеасомалы жол спецификалық ақуыздардың алмасуын реттеуде маңызды рөл атқарады, сонысымен жасушалардағы гомеостазды демейді. 26S протеасоманың тежелуі осы протеолизге кедергі жасайды және жасуша ішінде көптеген дабыл каскадтарына ықпалын тигізіп, ақырында обыр жасушаларының жойылуына әкеледі. Бортезомибтің протеасомаға қатысты жоғары іріктелген әсері бар. 10 мкМ концентрацияларда бортезомиб зерттелген рецепторлар мен протеазалардың кең ауқымының бірде-біреуін тежемейді және протеасомаға қатысты, осы көрсеткіш бойынша келесі ферментке қатыстысына қарағанда, 1500 еседен көп іріктелген.
Протеасоманы тежеу кинетикасына in vitro баға берілді және бортезомиб протеасомадан Т1/2 20 минут бөлектенетіні, яғни протеасоманың бортезомибпен тежелуі қайтымды болып табылатыны анықталды.
Қолданылуы
үдемелі көптеген миеломасы бар, кем дегенде, 1 курс ем қабылдаған және гемопоэздік дің жасушаларына трансплантация жүргізілген немесе осы транплантация жарамайтын ересек пациенттерді емдеу үшін монотерапия ретінде немесе пегилирленген липосомальді доксорубицинмен немесе дексаметазонмен біріктіріп
көптеген миеломасы бар, бұрын ем қабылдамаған және гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялаумен жоғары дозадағы химиотерапия қабылдай алмайтын ересек пациенттерді емдеу үшін мелфаланмен және преднизолонмен біріктіріп
көптеген миеломасы бар, бұрын ем қабылдамаған, қан түзетін дің жасушаларын трансплантациялаумен жоғары дозалы химиотерапия қабылдай алатын ересек пациенттерге индукциялық ем жүргізу үшін дексаметазонмен біріктіріп
бұрын ем қабылдамаған, мантиялы-жасушалық лимфомасы бар, гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау көрсетілмеген ересек пациенттерде ритуксимабпен, циклофосфамидпен, доксорубицинмен және преднизолонмен біріктіріп қолданады
Қолдану тәсілі және дозалары
Бартизарды 3.5 мг дозада вена ішіне енгізуге және тері астына енгізуге болады.
Интратекальді енгізу кезінде өлім жағдайлары тіркелген.
Вена ішіне енгізген кезде ерітіндінің концентрациясы 1 мг/мл құрауы тиіс. Тері астына енгізген кезде ерітіндінің концентрациясы 2.5 мг/мл құрауы тиіс.
Ерітіндінің концентрациясы вена ішіне енгізуге арналған ерітіндінің және тері астына енгізуге арналған ерітіндінің концентрацияларында айырмашылық болуына байланысты өте мұқият есептелуі тиіс.
Үдемелі көптеген миелома кезінде дозалау режимі (осының алдында кемінде 1 ем қабылдаған пациенттер)
Монотерапия
Бартизар вена ішіне (в/і) сорғалатып 3-5 секунд бойы немесе тері астына (т/а) енгізіледі.
Бартизар, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3.5 мг препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 1.3 мг/м2 құрайды, ол 21 күндік емдеу циклында 1, 4, 8 және 11 күндері 2 апта бойы аптасына екі рет вена ішіне немесе тері астына салатын инъекциялар арқылы енгізіледі. Осы 3 апталық кезең емдеу циклы болып саналады. Толық клиникалық жауапқа жеткен соң Бартизар препаратымен 2 емдеу циклын жүргізу ұсынылады. Клиникалық жауапқа жеткен, бірақ толық ремиссияға жетпеген пациенттерге жалпы жиынтығы Бартизар препаратымен 8 емдеу циклына дейін жүргізу ұсынылады. Бартизар препаратын бірізді енгізулер арасында кемінде 72 сағат уақыт өтуі тиіс.
Бартизар препаратымен монотерапияда емделу және емдеуді қайта бастау кезінде дозаны түзету жөніндегі нұсқаулар
Нейропатияны қоспағанда, 4-ші дәрежедегі гематологиялық уыттану немесе кез келген 3-ші дәрежедегі гематологиялық емес уытты әсері дамығанда Бартизар препаратымен емдеуді тоқтата тұру керек. Уыттану симптомдары басылған соң препаратпен емдеуді 25% азайтылған дозамен жаңғыртуға болады (1.3 мг/м2 дозаны 1.0 мг/м2дейін азайтады; 1.0 мг/м2 дозаны 0.7 мг/м2 дейін азайтады). Егер уыттану симптомдары жойылмаса немесе олар азайтылған дозада қайта білінсе, тек оны қолдану артықшылықтары әлеуетті қауіптен едәуір басым түскенде болмаса, Бартизар препаратын тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
Нейропатиялық ауыру және/немесе шеткері нейропатия
Бартизар препаратын қолданумен байланысты нейропатиялық ауыру және/немесе шеткері сенсорлы нейропатия білінгенде препарат дозасын 1-ші кестеге сәйкес өзгертеді. Анамнезінде ауыр нейропатиясы бар науқастарда Бартизарды қауіп/пайда арақатынасын мұқият бағалаудан кейін ғана қолдануға болады.
1-кесте. Бартизар препараты туғызған нейропатиялық ауыру және/немесе шеткері сенсорлық немесе қозғалыс нейропатиясының дамуында ұсынылатын дозаны өзгерту
Шеткері нейропатия ауырлығы* |
Дозаны және енгізу жиілігін өзгерту |
1-ші дәреже (симптомсыз, терең сіңірлік рефлексті жоғалту немесе парестезия) ауырусыз немесе функцияны жоғалтусыз |
Доза және енгізу режимі түзетуді талап етпейді. |
Ауырумен 1-ші дәреже немесе 2-ші дәреже (орташа-айқын симптомдар, күнделікті өмірде аспаптық белсенділік шкаласы бойынша төмендеу)** |
Дозаны 1.0 мг/м2 дейін азайту немесе Бартизар препаратын енгізу режимін аптасына 1 рет 1.3 мг/м2 өзгерту. |
Ауырумен 2-ші дәреже немесе 3-ші дәреже (ауыр симптомдар, өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша элементарлық әрекеттер шектеулері)*** |
Бартизар препаратын қолдануды уыттану симптомдары басылғанша тоқтата тұру. Одан кейін препарат дозасын аптасына бір рет 0.7 мг/м2 дейін төмендетіп және енгізу жиілігін аптасына бір ретке дейін азайтып, емдеуді жаңғырту. |
4-ші дәреже (өмірге қауіпті асқынулар, шұғыл араласу талап етіледі) және/немесе ауыр вегетативті нейропатия |
Бартизар препаратын қолдануды тоқтату |
* - Жіктеу NCI (Ұлттық обыр институты) СТСАЕ v.4 (Жағымсыз құбылыстарды белгілеу терминологиясының жалпы критерийлері) жалпы уыттану критерийлеріне негізделген.
** Күнделікті өмірдегі аспаптық белсенділік: ас әзірлеу, азық-түлік және киім сатып алу, телефонды пайдалану, ақша жарату қабілеті және т.б.;
*** Күнделікті өзіне-өзі қызмет көрсету белсенділіктері: өздігінен шомылу, киімін кию және шешу, ас ішу, дәретхананы пайдалану, дәрілік препараттар қабылдау және төсекке таңылып жатпау қабілеті.
Пегилденген липосомалық доксорубицинмен біріктірілген ем
Бартизар препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейіне 1.3 мг/м2 құрайды, ол 21 күндік емдеу циклында 1, 4, 8 және 11 күндері 2 апта бойы аптасына екі рет в/і немесе т/а инъекциялар арқылы енгізіледі. Осы 3 апталық кезең емдеу циклы болып саналады. Бартизар препаратын бірізді енгізулер арасындағы үзіліс 72 сағаттан кем болмауы тиіс.
Пегилденген липосомалық доксорубицин дозалануы 30 мг/м2 құрайды, ол Бартизар препаратымен 21 күндік емдеу циклының 4-ші күні Бартизар препараты инъекциясынан кейін енгізілген 1 сағаттық в/і инфузия түрінде енгізіледі.
Егер пациентте аурудың үдеуі байқалмаса, және ол емдеуді жақсы көтерсе, 8 циклге дейін біріктірілген ем жүргізуге болады. Толық емдік жауапқа жеткен пациенттер емдеуді жалғастырып, егер тіпті оған 8 емдеу циклынан көп қажет болса да, толық жауап бірінші расталған соң кем дегенде тағы 2 емдеу циклын қабылдай алады. Парапротеин деңгейлерінің төмендеуі 8 циклдан соң жалғасатын пациенттердің ем пациентке жағымды болатын және клиникалық жауап байқалатын сәтке дейін емделуді жалғастыруына болады. Пегилденген липосомалық доксорубицинге қатысты қосымша ақпарат алу үшін осы препараттың медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығына жүгінген жөн.
Дексаметазонмен біріктірілген ем
Бартизар препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейіне 1.3 мг/м2 құрайды, ол 21 күндік емдеу циклында 1, 4, 8 және 11 күндері 2 апта бойы аптасына екі рет в/і немесе т/а инъекциялар арқылы енгізіледі. Осы 3 апталық кезең емдеу циклы болып саналады. Бартизар препаратын бірізді енгізулер арасындағы үзіліс 72 сағаттан кем болмауы тиіс.
Дексаметазон дозалануы Бартизар препаратымен 21 күндік емдеу циклында 1, 2, 4, 5, 8, 9, 11 және 12 күндері ішу арқылы қабылданатын 20 мг құрайды.
Осы біріктірілген емнің 4 циклынан кейін жауапқа және аурудың тұрақтануына жеткен пациенттер көп дегенде 4 қосымша цикл бойы дәл осы біріктірілімді қабылдауды жалғастыра алады.
Дексаметазон қолдануға қатысты қосымша ақпарат алу үшін осы препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа жүгінген жөн.
Үдемелі көптеген миеломасы бар пациенттерде біріктірілген ем кезінде дозаны түзету
Біріктірілген ем кезінде дозаларды түзету үшін монотерапиядағы жоғарыда сипатталуына сәйкес дозаларды түзету жөніндегі нұсқаулықты қадағалау қажет.
Бұрын ем қабылдамаған және қан түзетін дің жасушаларын трансплантациялауға жарамайтын пациенттерде дозалау режимі
Мелфаланмен және преднизонмен біріктірілімде ұсынылатын дозалануы Бартизарды ішке қабылданатын мелфаланмен және преднизонмен біріктіріп 3-5 секунд бойы вена ішіне сорғалатып немесе тері астына енгізеді. 6 апталық тоғыз цикл жүргізеді, 1-4 циклдарда Бартизар аптасына 2 рет (1, 4, 8, 11, 22, 25, 29 және 32 күндері) қолданылады, ал 5-9 циклдарда – аптасына 1 рет (1, 8, 22 және 29 күндері) қолданылады, 2-кесте. Бартизар препаратын бірізді енгізулер арасындағы үзіліс 72 сағаттан кем болмауы тиіс.
Мелфалан және преднизон Бартизар препаратымен әр емдеу циклының алғашқы аптасының 1, 2, 3 және 4 күндері ішу арқылы қабылданады.
Осы біріктірілген емнің тоғыз емдеу циклы қолданылады.
2-кесте. Дің жасушаларын трансплатациялау көрсетілмеген, бұрын емделмеген көптеген миеломасы бар пациенттерде мелфаланмен және преднизонмен біріктірілімде қолданылатын Бартизар препаратын дозалаудың ұсынылатын сызбасы.
Бартизар аптасына 2 рет (1-4 циклдар) |
||||||||||||
Апта |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
||||||
Бартизар (1.3 мг/м2) |
1 күн |
-- |
-- |
4 күн |
8 күн |
11 күн |
демалу кезеңі |
22 күн |
25 күн |
29 күн |
32 күн |
демалу кезеңі |
Мелфалан (9 мг/м2) + Пpеднизон (60 мг/м2) |
1 күн |
2 күн |
3 күн |
4 күн |
Демалу |
кезеңі |
Бартизар аптасына 1 рет (5-9 циклдар) |
|||||||||
Апта |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|||
Бартизар 1.3 мг/м2 |
күн 1 |
- |
- |
- |
8 күн |
Демалу кезеңі |
22 күн |
29 күн |
Демалу кезеңі |
Мелфалан 9 мг/м2 + преднизон 60 мг/м2 |
1 күн |
2 күн |
3 күн |
4 күн |
Демалу кезеңі |
Мелфаланмен және преднизонмен қайта біріктірілген ем кезінде және оны бастар алдында дозаны түзетуге нұсқаулар
Жаңа емдеу циклын бастар алдында:
тромбоциттер мөлшері >70000/мкл болуы тиіс,
нейтрофилдердің абсолютті мөлшері (НАМ) >1000/мкл,
гематологиялық емес уыттану 1 дәрежеге дейін немесе бастапқы деңгейге дейін азайтылуы тиіс.
3-кесте. Мелфаланмен және преднизонмен біріктірілген Бартизар препаратымен емдеудің келесі циклдарында дозаны түзету
Уыттану |
Дозаны түзету немесе кейінге шегеру |
Алдыңғы цикл барысындағы гематологиялық уыттану: |
|
- ұзаққа созылатын нейтропения немесе 4-ші дәрежедегі тромбоцитопения, немесе алдыңғы циклда қан кетумен болатын тромбоцитопения |
Келесі циклда мелфалан дозасын 25%-ға азайту керек |
- Бартизар препараты енгізілетін күнгі (1 күннен басқа) тромбоциттердің 30000/мкл немесе НАМ 750/мкл мөлшері |
Бартизар препаратын енгізуді кейінге шегеру |
- Бартизар препаратын енгізуді бір циклде бірнеше рет кейінге шегеру (аптасына 2 рет енгізу кезеңінде ≥ 3 рет немесе аптасына 1 рет енгізу кезеңінде ≥ 2 рет) |
Бартизар препаратының дозасы 1 саты азайтылады (1.3 мг/м2 шамасынан 1.0 мг/м2дейін; 1.0 мг/м2 шамасынан 0.7 мг/м2 дейін). |
≥ 3 дәрежедегі гематологиялық емес уыттану |
Бартизар препаратын қолдану гематологиялық емес уыттану 1 дәрежеге дейін немесе бастапқы деңгейге дейін төмендегенше кейінге шегеріледі. Осыдан соң препаратпен емдеуді 1 сатыға азайтылған дозада жаңғыртуға болады (1.3 мг/м2 шамасынан 1.0 мг/м2дейін; 1.0 мг/м2 шамасынан 0.7 мг/м2 дейін). Бартизар препаратын қолданумен байланысты нейропатиялық ауыру және/немесе шеткері нейропатия дамығанда кезекті дозаны енгізу кейінге шегеріледі және/немесе доза 1 кестеде сипатталғандай түзетіледі. |
Мелфалан мен преднизон туралы қосымша ақпарат осы препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда берілген.
Дің жасушаларын трансплантациялау мүмкін болатын бұрын емделмеген көптеген миеломасы бар пациенттер үшін Бартизар препаратын дозалауға ұсынылатын сызба (индукциялық ем)
Дексаметазонмен біріктірілген ем
Бартизар препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейіне 1.3 мг/м2 құрайды, ол 21 күндік емдеу циклында 1, 4, 8 және 11 күндері 2 апта бойы аптасына екі рет вена ішіне немесе тері астына инъекциялар арқылы енгізіледі. Осы 3 апталық кезең емдеу циклы болып саналады. Бартизар препаратын бірізді енгізулер арасындағы үзіліс 72 сағаттан кем болмауы тиіс.
Дексаметазон дозалануы Бартизар препаратымен 21күндік емдеу циклында 1, 2, 3, 4, 8, 9, 10 және 11 күндері ішу арқылы қабылданатын 40 мг құрайды.
Осы біріктірілген емнің 4 циклы жүргізіледі.
4-кесте. Қан түзетін дің жасушаларын трансплантациялауға жарамды бұрын емделмеген көптеген миеломасы бар пациенттерде Бартизар препаратымен біріктірілген ем кезіндегі дозалау режимі |
|||
1-4 циклдер |
|||
Апта |
1 |
2 |
3 |
Бартизар 1.3 мг/м2 |
1, 4 күн |
8, 11 күн |
демалу кезеңі |
Дексаметазон 40 мг |
1, 2, 3, 4 күн |
8, 9, 10, 11 күн |
- |
Трансплантациялау мүмкін болатын пациенттер үшін дозаны түзету
Дің жасушаларын трансплантациялау көрсетілген пациенттерде дозасын түзетуді 1-кестеде сипатталған нұсқауларға сәйкес жүргізу қажет.
Басқа химиялық емдік дәрілік препараттармен біріктірілген Бартизар препаратымен ем кезінде уыттану реакциялары дамыған жағдайда медициналық қолдану жөніндегі нұсқауларға сәйкес осы препараттар үшін дозаны тиісінше азайтуды қарастыру керек.
Бұрын емделмеген мантий-жасушалы лимфомасы бар пациенттерде ұсынылатын Бартизар препаратын дозалау сызбасы
Ритуксимаб, циклофосфамид, доксорубицин және преднизонмен біріктіріп қолданғанда ұсынылатын доза
Бартизар, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3.5 мг препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 1.3 мг/м2 құрайды, ол 1-ші, 4-ші, 8-ші және 11-ші күндері 2 апта бойы аптасына екі рет в/і инъекция арқылы енгізіліп, 12 және 21 күн аралығында 10 күндік демалыс кезеңіне ұласады. Осы 3 апталық кезең емдеу циклы болып саналады. Бартизар препаратымен алты емдеу циклын жүргізу ұсынылады, ал 6 циклда клиникалық жауапты алғаш алған пациенттерге Бартизар препаратымен екі қосымша емдеу циклын тағайындауға болады. Бартизар препаратын бірізді енгізулер арасындағы үзіліс 72 сағаттан кем болмауы тиіс.
Келесі дәрілік заттар Бартизар препаратымен әр 3 апталық емдеу циклының 1-ші күні в/і инфузиялар арқылы енгізіледі: ритуксимаб 375 мг/м2, циклофосфамид 750 мг/м2 және доксорубицин 50 мг/м2 дозада.
Преднизон Бартизар препаратымен әр емдеу циклының 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші және 5-ші күні 100 мг/м2 дозада ішу арқылы тағайындалады.
Бұрын емделмеген мантий-жасушалы лимфоманы емдеу кезінде дозаны түзету
Жаңа емдеу циклы басталар алдында:
тромбоциттер мөлшері ≥100000/мкл және нейтрофилдердің абсолютті мөлшері (НАМ) ≥1500 /мкл құрауы тиіс
сүйек кемігінің инфильтрациясы немесе көкбауыр секвестрациясы бар пациенттерде тромбоциттер саны ≥75000 жасуша/мкл құрауы тиіс
гемоглобин концентрациясы ≥8 г/дл (≥ 4.96 ммоль/л) болуы тиіс
гематологиялық емес уыттану 1-ші дәрежеге немесе бастапқы деңгейге дейін төмендеуі тиіс.
Бартизар препаратымен емдеуді 3-ші дәрежедегі гематологиялық уыттану немесе нейропатияны қоспағанда 3-ші дәрежедегі кез келген гематологиялық емес уыттану туындағанда тоқтата тұру керек. Дозаны түзету нұсқаулары 5-кесте берілген.
Гематологиялық уыттануды емдеу үшін қолданылатын стандартты тәжірибеге сәйкес гранулоцитарлы колония стимуляциялау факторын енгізуге болады. Емдеу циклдарын жүргізуде бірнеше рет болған кідірістер жағдайында гранулоцитарлы колония стимуляциялау факторларын профилактикалық қолдануды қарастыру керек. Тромбоцитопенияны емдеу үшін клиникалық көрсетілімдерге сәйкес тромбоциттер құю қажеттілігін қарастыру керек.
5-кесте. Бұрын емделмеген мантий-жасушалы лимфомасы бар пациенттерді емдеу кезінде дозаны түзету
Уыттану |
Дозаны түзету немесе кейінге шегеру |
Гематологиялық уыттану |
|
-қызбамен ≥3 дәрежедегі нейтропения немесе 7 күннен көпке созылған 4-ші дәрежедегі нейтропения, тромбоциттер мөлшері ≤ 10000/мкл |
Бартизар препаратымен емдеу пациентте мынадай көрсеткіштер байқалғанға дейін, 2 аптаға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы тиіс: НАС ≥ 750/мкл, тромбоциттер мөлшері ≥ 25000/мкл - егер емді тоқтата тұрғаннан кейін уыттылық жоғарыдағы көрсеткіштерге дейін басылмаса, онда емді толық тоқтату қажет - егер уыттылық мына көрсеткіштерге дейін түссе: НАС ≥ 750/мкл, тромбоциттер мөлшері ≥ 25000/мкл, онда Бартизар препаратының дозасы 1 саты төмендетілуі тиіс (1.3 мг/м2 шамасынан 1,0 мг/м2 дейін немесе 1,0 мг/м2 шамасынан 0.7 мг/м2 дейін) |
- Бартизар препаратын енгізу күні тромбоциттер мөлшері < 25000/мкл немесе НАС < 750/мкл (1 күннен басқа) |
Бартизар препаратымен емдеуді кейінге шегеру керек. |
≥3 дәрежедегі гематологиялық емес уыттану |
Бартизар препаратын қолдануды гематологиялық емес уыттану 2-ші дәрежеге дейін немесе одан төмен азайғанша кейінге шегереді. Осыдан кейін препаратпен емдеуді бір сатыға төмендетілген дозада жаңғыртуға болады (1.3 мг/м2 шамасынан 1 мг/м2 дейін немесе 1 мг/м2 шамасынан 0.7 мг/м2 дейін). Бартизар препаратын қолданумен байланысты нейропатиялық ауыру және/немесе шеткері нейропатия білінгенде кезекті дозасын енгізуді кейінге қалдырады және/немесе дозаны 1-кестеде сипатталғандай түзетеді. |
Бұдан бөлек, егер Бартизар препараты басқа химиялық емдік дәрілік заттармен біріктіріп қолданылса, уыттану білінген жағдайда осы дәрілік заттар дозасын дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы ұсынымдарға сәйкес тиісінше азайтуды қарастыру қажет.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттерде қолдану
65 жастан асқан пациенттерде дозаны түзету қажеттілігіне дәлелдер жоқ.
Бартизар препаратын бұрын көптеген миеломадан емделмеген және қан түзетін дің жасушаларын трансплантациялаумен жоғары дозаларда химиялық емдеуге жарамды егде жастағы пациенттерде пайдалануға зерттеу жүргізілмеген. Осыған байланысты, пациенттердің осы тобы үшін дозалау жөнінде нұсқаулар жоқ.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясының бұзылу дәрежесі Бартизар препаратының фармакокинетикасына ықпал етпейді. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Диализ қандағы бортезомиб концентрациясын азайтуы мүмкін, сондықтан Бартизарды диализ емшарасы жүргізілгеннен кейін енгізген жөн.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған пациенттерде бастапқы дозаны өзгерту талап етілмейді. Ұсынылған дозаны тағайындау керек. Бауыр функциясы орташа және ауыр дәрежеде бұзылған пациенттерге Бартизарды азайтылған дозада тағайындау керек (6-кесте).
6-кесте. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Бартизар препаратының бастапқы дозасын өзгертуге ұсыныстар
Бауыр функциясы бұзылуының ауырлық дәрежесі |
Билирубин концентрациясы |
ACT белсендігі* |
Бастапқы дозаны өзгерту |
Жеңіл |
≤ 1.0хЖҚШ** |
> ЖҚШ |
Қажет емес |
> 1.0-1.5хЖҚШ |
Кел келген |
Қажет емес |
|
Орташа |
> 1.5-3хЖҚШ |
Кел келген |
Бартизарды бірінші цикл кезінде 0.7 мг/м2 азайтылған дозада тағайындау қажет. Келесі циклдерде, пациентке жағымдылығына қарай, Бартизар препаратының дозасын 1.0 мг/м2 дейін арттыруға немесе 0.5 мг/м2 дейін азайтуға болады |
Ауыр |
> 3хЖҚШ |
Кел келген |
*ACT = аспартатаминотрансфераза
**ЖҚШ = жоғарғы қалып шегі
Балалар
Бартизар препаратын 18 жасқа толмаған пациенттерде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Бартизар препаратының ерітіндісін дайындау және енгізу тәсілі
Бартизар препаратын дайындауды және енгізуді цитотоуытты препараттармен қауіпсіз жұмыс істеу ережелеріне үйретілген медицина қызметкері жүзеге асыруы тиіс. Препаратпен тікелей жанасуды болдырмау үшін жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажет (халат, қолғаптар, бетперде және т.б.).
Препаратты 0.9 % натрий хлориді ерітіндісінен басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды. Бартизар препаратының ерітіндісі мөлдір және түссіз болуы тиіс. Механикалық қосындылар немесе түсі өзергені анықталса дайындалған ерітіндіні пайдалануға болмайды.
Вена ішіне енгізу үшін
Бартизар құтысының ішіндегісін (құтыда 3.5 мг бортезомиб) 3.5 мл 0.9 % натрий хлориді ерітіндісінде ерітеді.
В/і енгізу үшін дайындалған ерітіндінің концентрациясы – 1.0 мг/мл.
Алынған ерітіндіні шеткері немесе орталық веналық катетер арқылы 3-5 секундтық в/і инъекция жолымен енгізеді, содан кейін оны инъекцияға арналған 0.9 % натрий хлориді ерітіндісімен шаяды.
Тері астына енгізу үшін
Бартизар құтысының ішіндегісін (құтыда 3.5 мг бортезомиб) 1,4 мл 0.9 % натрий хлориді ерітіндісінде ерітеді. Т/а енгізу үшін дайындалған ерітіндінің концентрациясы – 2.5 мг/мл.
Алынған ерітіндіні сан аймағына (оң немесе сол жақ) немесе іш тұсына (оң жақтан немесе сол жақтан) т/а енгізеді. Препаратты енгізу орнын ұдайы өзгертіп тұру керек. Әрбір келесі инъекция алдыңғы инъекция орнынан кем дегенде 2.5 см қашық жерден енгізілуі тиіс. Препаратты сезімтал аймақтарға, зақымданған аймақтарға (қызарған, көгерген), сондай-ақ инені енгізуді қиындататын аймақтарға енгізбеу керек.
Бартизар препаратын т/а енгізу аймағында жергілікті реакциялар туындаған жағдайда т/а енгізілетін концентрациясы азырақ ерітіндіні (2.5 мг/мл орнына 1.0 мг/мл) пайдалануға немесе препаратты в/і енгізуге көшуге болады.
Жағымсыз әсерлері
Бортезомибпен ем кезінде «жиі емес» санатына жататын: жүрек жеткіліксіздігі, ісік лизисі синдромы, өкпе гипертензиясы, қайтымды артқы энцефалопатия синдромы, жедел диффуздық инфильтрациялық өкпе аурулары және «сирек» санатындағы – вегетативті нейропатияны қамтитын күрделі жағымсыз реакциялар байқалды. Бортезомибпен ем кезінде білінген ең жиі жағымсыз реакциялар: жүрек айну, диарея, іш қату, құсу, шаршау, қызба, тромбоцитопения, анемия, нейтропения, шеткері нейропатия (сенсорлы түрін қоса), бас ауыру, парестезия, тәбет төмендеуі, ентігу, бөртпе, белдемелі теміреткі және миалгия болды.
Жағымсыз әсерлер пайда болу жиілігіне қарай топтастырылған: өте жиі (> 1/10), жиі (≥ 1/100 - < 1/10), жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000), өте сирек (< 1/10000), жиілігі белгісіз.
Көптеген миелома
7-кестеде кешенді мәліметтерге негізделген және бортезомибті қолданумен кем дегенде болуы мүмкін немесе ықтимал себеп-салдарлық байланысы бар жағымсыз реакциялар келтірілген.
7-кесте. Монотерапияда немесе басқа дәрілік препараттармен біріктіріп бортезомибпен ем қабылдаған көптеген миеломасы бар пациенттердегі жағымсыз әсерлер
Ағзалар жүйесі класы |
Жиілігі |
Жағымсыз реакция |
Инфекциялық және паразиттік аурулар |
Жиі |
zoster герпесі (жайылған және офтальмологиялық түрін қоса), пневмония*, қарапайым герпес*, зең аурулары |
Жиі емес |
инфекциялар*, бактериялық инфекциялар*, вирустық инфекциялар*, сепсис (сепсистік шок)*, бронхопневмония, герпес вирусы инфекциясы*, герпестік менингоэнцефалит#, бактериемия (стафилококкты түрін қоса), теріскен, тұмау, целлюлит, бұйыммен байланысты инфекциялар, тері инфекциялары*, құлақ инфекциялары*, стафилококкты инфекциялар, тіс инфекциялары* |
|
Сирек |
менингит (бактериялық түрін қоса), Epstein-Barr вирустық инфекциясы, генитальді герпес, тонзиллит, мастоидит, вирустан кейінгі шаршау синдромы |
|
Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (соның ішінде кисталар мен полиптер) |
Сирек |
қатерлі жаңа түзілім, плазма-жасушалық лейкемия, бүйрек-жасушалық карцинома, жаңа түзілім, микоз, қатерсіз жаңа түзілім |
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар |
Өте жиі |
тромбоцитопения*, нейтропения*, анемия* |
Жиі |
лейкопения*, лимфопения* |
|
Жиі емес |
панцитопения*, фебрильді нейтропения, коагулопатия*, лейкоцитоз*, лимфаденопатия, гемолиздік анемия# |
|
Сирек |
диссеминацияланған тамырішілік ұю, тромбоцитоз*, жоғары тұтқырлық синдромы, тромбоциттер тарапынан бұзылу (ҚНЖ), тромбоцитопениялық пурпура, қан ауруы (ҚНЖ), геморрагиялық диатез, лимфоцитарлы инфильтрация |
|
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
ангионевроздық ісіну# (Квинке ісінуі), аса жоғары сезімталдық* |
Сирек |
анафилаксиялық шок, амилоидоз, III типті иммундық кешен арқылы жүретін реакция |
|
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
Кушинг синдромы*, гипертиреоидизм*, диурезге қарсы гормон өндірілуінің талапқа сай болмауы |
Сирек |
гипотиреоидизм |
|
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар |
Өте жиі |
тәбеттің төмендеуі |
Жиі |
сусыздану, гипокалиемия*, гипонатриемия*, қандағы глюкоза концентрациясының бұзылуы*, гипокальциемия*, ферменттік аномалиялар |
|
Жиі емес |
ісік лизисі синдромы, дененің даму кідірісі*, гипомагниемия*, гипофосфатемия*, гиперкалиемия*, гиперкальциемия *, гипернатриемия*, несеп қышқылы концентрациясының бұзылуы*, қант диабеті*, сұйықтық іркілісі |
|
Сирек |
гипермагниемия*, ацидоз, электролиттік теңгерімсіздік*, гиперволемия, гипохлоремия*, гиповолемия, гиперхлоремия*, гиперфосфатемия*, зат алмасудың бұзылуы, В тобы дәрумендерінің тапшылығы, B12 дәруменінің тапшылығы, подагра, тәбеттің артуы, алкоголь жақпаушылығы |
|
Психиатриялық бұзылыстар |
Жиі |
көңіл-күй бұзылыстары және бұзылуы*, үрейлі бұзылыстар, ұйқы бұзылыстары және бұзылуы * |
Жиі емес |
ментальді бұзылыстар*, елестеулер*, психикалық бұзылыс*, абыржу*, мазасыздық |
|
Сирек |
суицидтік ойлар*, дағдыланудың нашарлауы, сандырақтау, либидо төмендеуі |
|
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар |
Өте жиі |
нейропатия*, шеткері сенсорлы нейропатия, дизестезия*, невралгия* |
Жиі |
қозғалыс нейропатиясы*, естен тану (естен тануды қоса), бас айналу*, дәм сезудің бұзылуы*, летаргия, бас ауыру |
|
Жиі емес |
тремор, шеткері сенсомоторлы нейропатия, дискинезия*, церебеллярлы үйлесім мен тепе-теңдік бұзылуы*, есте сақтай алмау (деменцияны қоспағанда)*, энцефалопатия*, қайтымды артқы энцефалопатия синдромы #, нейроуыттану, эпилепсия*, герпестен кейінгі невралгия, сөйлеу бұзылыстары*, шаршаған аяқ синдромы, бас сақинасы, ишиас, зейіннің нашарлауы, аномальді рефлекстер*, паросмия |
|
Сирек |
миға қан құйылу*, бассүйекішілік қан кету (субарахноидальді түрін қоса)*, ми ісінуі, транзиторлы ишемиялық шабуыл, кома, вегетативті жүйке жүйесінің теңгерімсіздігі, вегетативті нейропатия, бассүйек жүйкелерінің салдануы*, салдану*, парез*, естен тану алдындағы күй, ми діңінің зақымдану синдромы, ми қан айналымының бұзылуы, жүйке түбіршектерінің зақымдануы, психомоторлы аса жоғары белсенділік, жұлындық ми компрессиясы, когнитивті бұзылыс (ҚНЖ), қозғалыс дисфункциясы, жүйке жүйесінің бұзылыстары (ҚНЖ), радикулит, сілекей ағуы, гипотония |
|
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар |
Жиі |
көздің ісінуі*, көрудің нашарлауы*, конъюнктивит* |
Жиі емес |
көзге қан құйылу*, қабақ инфекциялары*, көздің қабынуы*, диплопия, көздің құрғауы*, көздің тітіркенуі*, көз ауруы, сілекейдің көп ағуы, көзден бөліністер |
|
Сирек |
мөлдір қабық зақымдануы*, экзофтальм, ретинит, скотома, көз функциясының бұзылуы (қабақ бұзылуын қоса) (ҚНЖ), жүре пайда болған көз жасы безінің қабынуы, көздің қарығуы, фотопсия, оптикалық нейропатия#, әртүрлі дәрежеде көрудің бұзылуы (соқырлыққа дейін)* |
|
Есту мүшесі және лабиринт тарапынан бұзылулар |
Жиі |
вертиго* |
Жиі емес |
дизакузия (құлақтың шуылдауын қоса)*, естудің нашарлауы (кереңдікті қоса), құлақтың жайсыздануы* |
|
Сирек |
құлақтан қан кету, вестибулярлы нейронит, есту мүшесі тарапынан бұзылулар (ҚНЖ) |
|
Жүрек тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
жүрек тампонадасы#, тыныс алудың және жүрек қызметінің тоқтап қалуы*, жыпылықтағыш аритмия (жүрекшелер аритмиясын қоса), жүрек жеткіліксіздігі (сол жақ және оң жақ қарыншаларды қоса)*, аритмиялар*, тахикардия*, жүректің соғуын сезіну, стенокардия, перикардит (перикардиальді экссудатты қоса)*, кардиомиопатия*, қарынша дисфункциясы*, брадикардия |
Сирек |
жүрекшелер дірілдеуі, миокард инфарктісі*, атриовентрикулярлы бөгеліс*, жүрек-қантамырлық бұзылулар (кардиогенді шокты қоса), Torsade de pointes типті аритмиялар, тұрақсыз стенокардия, жүрек клапандарының зақымдануы*, коронарлық жеткіліксіздік, синустық түйіннің істен шығуы |
|
Тамыр жүйесі тарапынан бұзылулар |
Жиі |
гипотензия*, ортостаздық гипотензия, гипертензия* |
Жиі емес |
ми қан айналымының жедел бұзылуы#, терең веналар тромбозы*, қан құйылу*, тромбофлебит (беткейлік түрін қоса), тамырлық коллапс (гиповолемиялық шокты қоса), флебит, терінің қызаруы*, гематома (периренальді түрін қоса), шеткері қан айналым жеткіліксіздігі*, васкулит, гиперемия (көздікін қоса)* |
|
Сирек |
шеткері эмболия, лимфа ісінуі, бозару, эритромелалагия, тамырлар кеңеюі, веналар түсінің өзгеруі, вена жеткіліксіздігі |
|
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар |
Жиі |
ентігу*, мұрыннан қан кету, жоғарғы/төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы*, жөтел* |
Жиі емес |
өкпе артериясының эмболиясы, плевралық жалқық, өкпе ісінуі (жедел түрін қоса), өкпедегі альвеолярлы қан құйылу#, бронх түйілу, созылмалы обструкциялық өкпе ауруы*, гипоксемия*, тыныс жолдарының бітелісі*, гипоксия, плеврит*, ықылықтау, ринорея, дисфония, бронх-өкпе обструкциясы |
|
Сирек |
тыныс алу жеткіліксіздігі, жедел респираторлық дистресс-синдром, апноэ, пневмоторакс, өкпе ателектазы, өкпе гипертензиясы, қан түкіру, асқын желдетілу, ортопноэ, пневмонит, респираторлық алкалоз, тахипноэ, өкпе фиброзы, бронх бұзылулары*, гипокапния*, интерстициальді өкпе ауруы, өкпе инфильтрациясы, тамақтағы қысылу сезімі, тамақтың құрғауы, жоғарғы тыныс жолдары секрециясының артуы, тамақтың тітіркенуі, жоғарғы тыныс жолдарының жөтел синдромы |
|
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар |
Өте жиі |
жүрек айну және құсу*, іш өту*, іш қату |
Жиі |
асқазан-ішектен қан кету (шырышты қабықтан қан кетуді қоса)*, диспепсия, стоматит*, іштің кебуі, орофарингеальді ауыру *, іштің ауыруы (асқазан-ішектің және көкбауыр аумағының ауыруы)*, ауыз қуысының бұзылулары*, метеоризм |
|
Жиі емес |
панкреатит (созылмалы түрін қоса)*, қан аралас құсу, еріннің ісінуі*, асқазан-ішек обструкциясы (ішек бітелісі)*, іштің жайсыздануы, ауыз қуысының ойық жаралары*, энтерит*, гастрит*, қызыл иектен қан кету, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы*, колит (Сlostridium difficile туғызған түрі)*, ишемиялық колит#, асқазан-ішек жолының қабынуы*, дисфагия, тітіркенген жуан ішек синдромы, асқазан-ішек бұзылыстары (ҚНЖ), өңезденген тіл синдромы, асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылуы*, сілекей безі функциясының бұзылуы |
|
Сирек |
жедел панкреатит, перитонит*, тілдің ісінуі*, асцит, эзофагит, хейлит, нәжісті ұстай алмау, анальді сфинктер атониясы, фекалома*, асқазан-ішек жолының ойық жаралануы және тесілуі*, қызыл иек гипертрофиясы, мегаколон, тік ішектен бөліністер, ауыз-жұтқыншақ аумағында күлдіреуіктер түзілуі*, еріннің ауыруы, периодонтит, анальді өтіс сызаты, дефекация ырғағының өзгеруі, прокталгия, аномальді нәжістер |
|
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар |
Жиі |
бауыр ферменттері тарапынан бұзылулар* |
Жиі емес |
гепатоуыттану (бауыр функциясы бұзылуларын қоса), гепатит*, холестаз |
|
Сирек |
бауыр жеткіліксіздігі, гепатомегалия, Бадд-Киари синдромы, цитомегаловирусты гепатит, бауырдан қан кету, өт-тас ауыруы |
|
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар |
Жиі |
бөртпе*, қышыну*, эритема, терінің құрғауы |
Жиі емес |
көп формалы эритема, есекжем, жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз, уытты тері бөртпесі, уытты эпидермалық некролиз#, Стивенс-Джонсон синдромы #, дерматит*, шаш тарапынан бұзылулар*, петехиялар, экхимоз, терінің зақымдануы, геморрагиялық бөртпе, терінің жаңа түзілімдері*, псориаз, гипергидроз, түнгі тершеңдік, ойылулар#, акне*, күлдіреуіктер түзілуі*, пигментацияның бұзылуы |
|
Сирек |
тері реакциясы, Джесснер лимфоцитарлы инфильтрациясы, алақан-табан эритродизестезиясы, тері астына қан құйылулар, терінің торланып мәрмәрлануы, папулалар, аса жоғары сезімталдық реакциялары, себорея, суық тер, тері зақымданулары (ҚНЖ) эритродермия, терінің ойық жаралануы, тырнақтардың зақымдануы |
|
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар |
Өте жиі |
қаңқа-бұлшықет ауыруы* |
Жиі |
бұлшықеттің түйілуі*, аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықет әлсіздігі |
|
Жиі емес |
бұлшықеттердің құрысуы, буынның ісіп кетуі, артрит*, буындардың қимыл шектелісі, миопатиялар*, ауырлық сезімі |
|
Сирек |
рабдомиолиз, самай-төменгі жақсүйек буыны синдромы, жыланкөздер, буын жалқығы, жақсүйек ауыруы, сүйек бұзылулары, қаңқа-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін инфекциялары және қабынуы*, синовиальді киста |
|
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар |
Жиі |
бүйрек тарапынан бұзылулар* |
Жиі емес |
жедел бүйрек жеткіліксіздігі, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі*, несеп шығару жолдары инфекциялары*, несеп шығару жолдары тарапынан болатын белгілер мен симптомдар*, гематурия*, несеп іркілісі, несеп шығару бұзылысы*, протеинурия, азотемия, олигурия *, поллакиурия |
|
Сирек |
қуықтың тітіркенуі |
|
Жыныс ағзалары және сүт безі тарапынан бұзылулар |
Жиі емес |
қынаптан қан кетулер, гениталий ауыруы*, эректильді дисфункция |
Сирек |
тестикулярлы бұзылулар*, простатит, әйелдердегі сүт бездері тарапынан бұзылулар, аталық без қосалқысының ауырсынуы, аталық без қосалқысының қабынуы, жамбас ауыруы, вульваның ойық жаралануы |
|
Туа біткен, отбасылық және генетикалық аурулар |
Сирек |
аплазия, асқазан-ішек жолының даму кемістігі, ихтиоз |
Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізген жердегі реакциялар |
Өте жиі |
гипертермия*, шаршау, астения |
Жиі |
ісінулер (шеткері түрін қоса), қалтырау, ауыру*, дімкәстану* |
|
Жиі емес |
дене саулығының жалпы нашарлауы*, бет ісінуі*, инъекция орнындағы реакция*, шырышты қабық тарапынан бұзылулар*, кеуденің ауыруы, жүріс-тұрыстың бұзылуы, суықты сезіну, экстравазация*, катетермен байланысты асқыну*, шөлді сезіну өзгерістері*, кеуде қуысының жайсыздануы, дене температурасы өзгеруін сезіну*, инъекция орнындағы ауыру* |
|
Сирек |
өлім (кенеттен болатынын қоса), көп ағзалы жеткіліксіздік, инъекция салған жерден қан кету*, жарық (өңеш саңылауы жарығын қоса)*, жазылудың нашарлауы*, қабыну, инъекция орнындағы флебит*, ауырсыну, ойық жара, тітіркену, кеуденің кардиологиялық емес ауыруы, катетер енгізген жердің ауыруы, бөгде денені сезіну |
|
Зертханалық зерттеулер |
Жиі |
салмақ төмендеуі |
Жиі емес |
гипербилирубинемия*, қалып шегіне сәйкессіз ақуыз талдауы*, салмақтың артуы, қалып шегіне сәйкессіз қан талдауы*, С-реактивті ақуыздың көбеюі |
|
Сирек |
қалып шегіне сәйкессіз қан газдары*, электрокардиограммадағы ауытқулар (QT аралығының ұзаруын қоса)*, халықаралық қалыптасқан қатынас ауытқулары*, асқазан рН төмендеуі, тромбоциттер агрегациясының жоғарылауы, тропонин I артуы, вирусты сәйкестендіру және серология*, несеп талдауының ауытқулары |
|
Жарақаттар, уланулар және енгізу емшарасымен байланысты асқынулар |
Жиі емес |
құлап қалу, контузия |
Сирек |
құю реакциялары, сынулар*, сіресу*, бет жарақаттары, буынның зақымдануы*, күйіктер, жараның жыртылуы, енгізу емшарасымен байланысты ауыру, радиациялық зақымдану |
|
Хирургиялық және медициналық емшаралар |
Сирек |
макрофагтар белсенділенуі (хирургиялық және медициналық емшаралар жүргізумен байланысты) |
ҚНЖ = қосымша нақтылануы жоқ
* біреуден көп дұрыс MedDRA терминін топтастыру
# постмаркетингтік деректерден алынған жағымсыз реакция
Мантий-жасушалы лимфомасы бар пациенттер
Бортезомиб препаратының бұл пациенттердегі қауіпсіздік көрсеткіштері көптеген миеломасы бар пациенттердегі сәйкес көрсеткіштерге ұқсас. Пациенттердің екі тобы арасындағы елеулі айырмашылықтар сол, тромбоцитопения, нейтропения, анемия, жүрек айну, құсу және дене температурасының көтерілуі мантий-жасушалы лимфомасы бар пациенттермен салыстырғанда көптеген миеломасы бар пациенттерде, ал шеткері нейропатия, бөртпе және қышыну – мантий-жасушалы лимфомасы бар пациенттерде жиірек байқалды.
8-кесте. Ритуксимабпен, циклофосфамидпен, доксорубицинмен және преднизонмен біріктірілген ем қабылдаған мантий-жасушалы лимфомасы бар пациенттердегі жағымсыз реакциялар
Ағзалар жүйесі класы |
Жиілігі |
Жағымсыз реакция |
Инфекциялар және инфестациялар |
өте жиі |
пневмония* |
жиі |
сепсис (сепсистік шокты қоса)*, Herpes zoster (диссеминацияланған және офтальмологиялық түрін қоса), герпевирустық инфекция*, бактериялық инфекциялар*, жоғарғы/төменгі тыныс жолдарының инфекциялары*, зеңдік инфекция*, Herpes simplex* |
|
жиі емес |
В гепатиті инфекциясы*, бронхопневмония |
|
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар |
өте жиі |
тромбоцитопения*, фебрильді нейтропения, нейтропения*, лейкопения*, анемия, лимфопения* |
жиі емес |
панцитопения * |
|
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар |
жиі |
жоғары сезімталдық* |
жиі емес |
анафилаксиялық реакциялар |
|
Зат алмасу және тамақтану бұзылулары |
өте жиі |
тәбет төмендеуі |
жиі |
гипокалиемия*, глюкоза деңгейінің бұзылуы*, гипонатриемия*, қант диабеті*, сұйықтық іркілісі |
|
жиі емес |
ісік лизисі синдромы |
|
Психика бұзылулары |
жиі |
ұйқы бұзылыстары және бұзылуы* |
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар |
өте жиі |
шеткері сенсорлы нейропатия, дизестезия*, невралгия* |
жиі |
нейропатиялар* қозғалыс нейропатиясы*, санадан айрылу (естен тануды қоса), энцефалопатия*, шеткері сенсорлы қозғалыс нейропатиясы, бас айналу*, дәм сезудің бұрмалануы*, автономды нейропатия |
|
жиі емес |
вегетативті жүйке жүйесі теңгерімсіздігі |
|
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар |
жиі |
көрудің нашарлауы* |
Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар |
жиі |
дизакузия (құлақтың шуылдауын қоса)* |
жиі емес |
вертиго*, естудің нашарлауы (кереңдікке дейін апаратын) |
|
Жүрек тарапынан бұзылулар |
жиі |
жүрек фибрилляциясы (жүрекше фибрилляциясын қоса), аритмия*, жүрек жеткіліксіздігі (сол жақ және оң жақ қарынша жеткіліксіздігін қоса)*, миокардиальді ишемия, қарынша дисфункциясы* |
жиі емес |
жүрек-қантамыр бұзылулары (кардиогенді шокты қоса) |
|
Тамырлар тарапынан бұзылулар |
жиі |
гипертония*, гипотония*, ортостаздық гипотензия |
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар |
жиі |
ентігу*, жөтел*, ықылықтау |
жиі емес |
жедел респираторлық дистресс-синдром, өкпе артериясының эмболиясы, пневмония, өкпе артериясының гипертензиясы, өкпе ісінуі (жедел ісінуді қоса) |
|
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар |
Өте жиі |
жүрек айну және құсу симптомдары*, диарея*, стоматит*, іш қату |
Жиі |
асқазан-ішектен қан кетулер (шырышты қабықтан қан кетуді қоса)*, іштің кебуі, диспепсия, ларингофарингеальді ауыру*, гастрит*, ауыз қуысының ойық жаралары*, іштің жайсыздануы, дисфагия, асқазан-ішек жолының қабынуы*, іштің ауыруы (соның ішінде, асқазан-ішек және көкбауыр ауырулары)*, ауыз қуысының бұзылыстары* |
|
жиі емес |
колит (clostridium difficile қоса)* |
|
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар |
жиі |
гепатоуыттану (бауыр тарапынан болатын бұзылуларды қоса) |
жиі емес |
бауыр жеткіліксіздігі |
|
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар |
өте жиі |
шаш аурулары* |
жиі |
қышыну*, дерматит *, бөртпе* |
|
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар |
жиі |
бұлшықеттердің түйілуі*, қаңқа-бұлшықет ауырулары*, аяқ-қолдың ауыруы |
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар |
жиі |
несеп шығару жолдарының инфекциясы* |
Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізген жердегі реакциялар |
өте жиі |
гипертермия*, шаршау, астения |
жиі |
ісінулер (шеткері түрін қоса), қалтырау, препаратты енгізген жердегі реакция*, дімкәстану* |
|
Зертханалық және аспаптық деректер |
жиі |
гипербилирубинемия*, атипиялық ақуыз талдауы*, салмақтың кемуі, салмақ артуы |
* біреуден көп дұрыс MedDRA терминін топтастыру
Қолдануға болмайтын жағдайлар
бортезомибке, борға және маннитолға жоғары сезімталдық
жедел диффуздық инфильтративтік өкпе аурулары
перикардтың зақымдануы
жүктілік және емшек емізу кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (қолдану тәжірибесі жоқ)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бортезомиб Р450 цитохромы 1А2, 2С9, 2С19, 2D6 және 3А4 изоферменттерінің әлсіз тежегіші қасиеттерін танытады. Бортезомиб метаболизміне CYP2D6 изоферментінің мардымсыз үлесі (7%) бойынша, осы изофермент белсенділігі төмен адамдарда препараттың жалпы таралу өзгерісі күтілмейді.
CYP3A4 изоферментінің күшті тежегіші – кетоконазолдың бортезомиб фармакокинетикасына дәрілік өзара әрекеттесуінің ықпалын зерттеу бортезомиб АUC («концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы) орташа мәндерінің, орта есеппен, 35% артуын көрсетті. Сондықтан бортезомиб пен CYP3A4 изоферментінің күшті тежегішін (кетоконазол, ритонавир) қолданатын пациенттерді мұқият қадағалау керек.
CYP2C19 изоферментінің күшті тежегіші – омепразолдың бортезомиб фармакокинетикасына дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеуде бортезомиб фармакокинетикасының елеулі өзгерісі анықталмаған.
CYP3A4 изоферментінің күшті индукторы – рифампицинмен дәрілік өзара әрекеттесуінің бортезомиб фармакокинетикасына ықпалын зерттеу бортезомиб үшін АUC орташа мәндерінің, орта есеппен, 45% төмендеуін көрсетті. Сондықтан Бартизар препаратын CYP3A4 күшті индукторларымен бірге қолдану ұсынылмайды, өйткені ем тиімділігі төмендеуі мүмкін. CYP3A4 индукторларына рифампицин, карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал және шілтерлі шайқурай жатады.
Сол зерттеуде CYP3A4 әлсіздеу индукторы – дексаметазон әсері бағаланды. Зерттеу нәтижелеріне қарай, бортезомиб фармакокинетикасының (вена ішіне енгізгенде) елеулі өзгерістері анықталмаған.
Мелфалан-преднизон біріктірілімімен дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеу бортезомиб АUC орташа мәндерінің, орта есеппен, 17% артуын көрсетті. Бұл өзгеріс клиникалық мәнді болып саналмайды.
Ішуге арналған гипогликемиялық препараттар қабылдаған қант диабеті бар пациенттерде гипогликемия және гипергликемия жағдайлары тіркелді. Ішуге арналған гипогликемиялық препараттарды бір мезгілде қабылдаған науқастарда Бартизар препаратын қолданғанда қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылауға алып, қажет болса, гипогликемиялық препараттар дозасын түзету керек.
Айрықша нұсқаулар
Бартизар препаратымен емдеуді ісікке қарсы химиялық ем қолдану тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен ғана жүргізу керек.
Интратекальді енгізу
БОРТЕЗОМИБТІ БАЙҚАУСЫЗДА ИНТРАТЕКАЛЬДІ ЕНГІЗУДЕН ӨЛІММЕН АЯҚТАЛҒАН ЖАҒДАЙ ОРЫН АЛДЫ.
Бартизар, вена ішіне немесе тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3,5 мг препараты тек вена ішіне немесе тері астына енгізуге ғана арналған. Интратекальді түрде енгізуге болмайды.
Асқазан-ішек жолы тарапынан уыттылық
Жүректің айнуы, диарея, құсу және іш қатулар бортезомибпен емдеу аясында өте жиі байқалады. Сирек жағдайларда ішек бітелісінің дамуы жөнінде мәлімделді. Ішек бітелісінің даму мүмкіндігіне байланысты іш қатудан зардап шегіп жүрген пациенттерді динамикалы бақылаған жөн.
Гематологиялық уыттылық
Бортезомибпен емдеу гематологиялық уыттыну құбылыстарымен (тромбоцитопения, нейтропения және анемия) өте жиі қатар жүрді. Зерттеулерде бортезомибпен ем қабылдаған, көптеген миеломасы қайталанған пациенттерде, және бұрын ем қабылдамаған мантий-жасушалы лимфомасы бар, бортезомибті ритуксимабпен, циклофосфамидпен, доксорубицинмен және преднизолонмен біріктіріп қабылдаған пациенттерде гематологиялық уыттылықтың өте жиі құбылыстарының бірі өткінші тромбоцитопения болды. Тромбоциттер деңгейі бортезомибпен емдеудің әрбір циклінің 11 күні өте төмен болған және әдетте келесі циклдің басында бастапқы қалпына оралған. Тромбоцитопенияның жиналу белгілері болған жоқ. Тромбоциттер саны < 25000/мкл төмендегенде немесе мелфаланмен және преднизолонмен бір мезгілде қолданғанда, тромбоциттер саны ≤ 30000/мкл болғанда, Бартизар препаратымен емді тоқтата тұру керек. Тромбоциттер саны қалпына келген кезде емдеуді азайтылған дозаларда емнің ықтимал пайдасы мен қаупін мұқият салыстыра отырып жалғастыру керек. Гематологиялық уыттылықты емдеу үшін колония стимуляциялайтын факторларды, тромбоцитарлық және эритроцитарлық массаларды құюды қолдануға болады.
Әрбір ем циклі басталғанға дейін және ем кезінде лейкоцитарлық формуланы және тромбоциттер санын есептей отырып қанға толық талдау жүргізу қажет.
Herpes zoster вирусының қайта белсенділенуі
Емдеуші дәрігерлер Бартизар препаратымен ем қабылдайтын пациенттерде вирусқа қарсы профилактика жүргізу мүмкіндігін қарастыруы керек. Бортезомибпен, мелфаланмен және преднизонмен ем қабылдайтын пациенттерде Herpes zoster вирусының қайта белсенділену жиілігі мелфаланмен және преднизонмен ем қабылдайтын пациенттермен салыстырғанда көбірек болды (сәйкесінше 14 % және 4 %). Вирусқа қарсы профилактика жүргізу Herpes zoster вирусының қайта белсенділену жиілігін сенімді түрде төмендетеді.
В гепатиті вирусының (ВГВ) қайта белсенділенуі және ВГВ әсерінен туындаған инфекция
Ритуксимаб бортезомибпен біріктіріп қолданылған кезде, ВГВ-мен инфекциялану қаупі бар пациенттерді емдеу алдында ВГВ-ге әрдайым скрининг жүргізу қажет. В гепатиті вирусын тасымалдаушыларды және анамнезінде В гепатиті бар пациенттерді ритуксимабпен біріктірілген бортезомибпен емдеу кезінде және біріктіріп емдеуден кейін ВГВ әсерінен туындаған инфекциялар белсенділігінің клиникалық және зертханалық белгілері тұрғысынан мұқият бақылауға алған жөн. Вирусқа қарсы профилактика жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек. Қосымша ақпарат алу үшін ритуксимабтың медициналық қолдану жөніндегі Нұсқаулығын қараңыз.
Үдемелі көпфокальді лейкоэнцефалопатия (ҮКЛ)
Бортезомиб қабылдаған пациенттерде, Джон Каннингем (JC) вирусынан туындаған, себеп-салдарлық байланысы анықталмаған ҮКЛ-ге және өлімге әкелетін вирустан туындаған вирустық инфекцияның өте сирек жағдайлары тіркелді. ҮКЛ диагностикаланған пациенттер бұрын немесе бір мезгілде иммуносупрессивтік ем қабылдаған. Көптеген жағдайларда ҮКЛ бортезомибтің алғашқы дозасын енгізген сәттен бастап 12 ай ішінде диагностикаланды. Пациенттерді ОЖЖ тарапынан дифференциалды диагностика шегінде, ҮКЛ дамуы мүмкін дейтін жаңа симптомдардың пайда болуы немесе бұрыннан бар неврологиялық симптомдардың нашарлауы тұрғысынан ұдайы тексерген жөн. ҮКЛ диагнозына күдіктенген жағдайда пациенттер ҮКЛ-ді емдейтін маманға жіберілуі тиіс, оларға ҮКЛ анықтау үшін тиісті диагностикалық шаралар жүргізуді бастау керек. ҮКЛ диагнозы айғақталған жағдайда бортезомиб қабылдауды тоқтату қажет.
Шеткері нейропатия
Бортезомибпен емдеу көбіне сенсорлы болып табылатын шеткері нейропатияның дамуымен өте жиі байланысты. Алайда сенсорлы шеткері нейропатиялы немесе онсыз ауыр моторлы нейропатия жағдайлары жөнінде мәлімделді. Шеткері нейропатияның даму жиілігі емнің басында артады және ең жоғары шегіне 5 цикл кезінде жетеді.
Пациенттерді күйдіру, гиперестезия, парестезия, гипестезия, жайсыздық, нейропатиялық ауыру немесе бұлшықеттің әлсіздігі сияқты нейропатия симптомдары тұрғысынан мұқият бақылау ұсынылады.
Жаңа шеткері нейропатия пайда болған немесе бұрыннан бар шеткері нейропатия құбылысы нашарлаған кезде неврологиялық тексерілуден өту қажет, бортезомиб дозасын немесе тері астына инъекциямен енгізу жолын өзгерту немесе емдеуді тоқтату қажет етілуі мүмкін. Нейропатия демеуші еммен немесе басқа да әдістермен емделеді.
Нейропатияның пайда болуына жағдай жасайтын басқа препараттармен бірге бортезомибпен ем қабылдайтын (оның ішінде талидомидті бір мезгілде қабылдау) пациенттердің жай-күйін ұдайы бақылау қажет.
Шеткері невропатияға қосымша, вегетативтік нейропатия жағымсыз реакциялардың (постуральді гипотензия және ішек бітелісі болатын ауыр іш қату) дамуында рөл атқаруы мүмкін. Вегетативтік нейропатия және оның осы жағымсыз әсерлердің дамуындағы үлесі жөнінде ақпарат шектеулі.
Құрысулар
Анамнезінде құрысулар немесе эпилепсия жоқ пациенттерде құрысулар дамуының жиі емес жағдайлары сипатталған. Құрысулар дамуының қандай да бір қауіп факторлары бар пациенттерді емдеген кезде ерекше сақтық қажет.
Гипотензия
Бортезомидпен емдеу ортостатикалық/постуральді гипотензиямен жиі байланысты. Көптеген жағымсыз реакциялардың ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейін болды және емдеудің бүкіл кезеңі бойы байқалды. Бортезомибпен емдеу (вена ішіне енгізу) аясында ортостатикалық гипотензия дамыған пациенттерде бортезомибпен емдеуді бастағанға дейін ортостатикалық гипотензия белгілері болған жоқ. Ортостатикалық гипотензиясы бар пациенттердің көпшілігі емдеуді қажет етті. Ортостатикалық гипотензиясы бар паценттердің аздаған бөлігінде естен тану құбылыстары байқалды. Ортостатикалық/постуральді гипотензия бортезомибті сорғалатып енгізумен тікелей байланысты болған жоқ.
Даму компоненттері вегетативтік нейропатиямен байланысты болуы мүмкін болса да, осы құбылыстың механизмі белгісіз. Вегетативтік нейропатия бортезомибпен байланысты болуы мүмкін, немесе бортезомиб диабеттік немесе амилоидотикалық нейропатия сияқты бұрыннан бар жағдайды өршітуі мүмкін. Гипотензияны туындататын дәрілік заттарды қабылдап жүрген пациенттерді; сондай-ақ диареяның немесе құсудың қайталану себебінен сусыздану орын алған пациенттерді емдеген кезде сақтық танытқан жөн. Ортостатикалық/постуральді гипотензияны емдеу гипотензивтік препараттардың дозасын түзетуді, регидратацияны немесе минералокортикоидтарды және/немесе симпатомиметиктерді енгізуді қамтуы мүмкін. Пациенттер бас айналу симптомдары, естен тану алдындағы жағдайлар дамыған немесе естен танған жағдайда дәрігерге қаралу керектігінен хабардар болуы тиіс.
Қайтымды артқы энцефалопатия синдромы (PRES)
Бортезомиб қабылдап жүрген пациенттерде PRES дамығаны жөнінде мәлімделді. PRES сирек, жиі қайтымды, тез дамитын неврологиялық жағдай болып табылады, ол құрысулар, гипертензия, бас ауыру, әлсіздік, сананың шатасуы, соқырлық және көрудің басқа да бұзылыстары және неврологиялық бұзылулар болып табылады. Диагнозды айғақтау үшін миды көзбен шолып тексеру әдісі, дұрысы магнитті-резонансты томография (МРТ) пайдаланылады. PRES дамыған пациенттерде бортезомиб қолдануды тоқтатқан жөн.
Жүрек қызметінің бұзылуы
Бортезомибпен емдеген кезде жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігінің жедел дамуы немесе өршуі және/немесе сол жақ қарынша лықсуы фракциясының алғаш дами бастаған төмендеуі байқалды. Сұйықтықтың іркілуі жүрек функциясы жеткіліксіздігі белгілері мен симптомдарының дамуына бейім ететін фактор болуы мүмкін. Қауіп факторы бар немесе анамнезінде жүрек аурулары бар пациенттерді мұқият бақылау талап етіледі.
Электрокардиограмма зерттеулері
Клиникалық зерттеулерде QT аралығы ұзаруының жекелеген жағдайлары байқалды; себептік байланысы анықталған жоқ.
Өкпе функциясының бұзылулары
Сирек жағдайларда бортезомиб қабылдау кезінде пневмонит, интерстициальді пневмония, өкпе инфильтрациясы сияқты этиологиясы белгісіз өкпенің жедел диффузды инфильтрациялық аурулары және жедел тыныс алу жеткіліксіздігі синдромы байқалды. Осы жай-күйлердің кейбіреулері өліммен аяқталған. Емдеуден кейін пайда болатын әлеуетті өкпелік өзгерулерді емдеген кезде оны негіз ретінде пайдалану үшін емдеуді бастағанға дейін кеуде қуысына рентгенография жүргізу ұсынылады.
Өкпе тарапынан жаңа симптомдар дамыған немесе бұрыннан бар симптомдар (мысалы, жөтелу, ентігу) нашарлаған жағдайда пациенттерге дереу диагностикалық зерттеу жүргізу және тиісті ем тағайындау керек. Бортезомибпен емдеуді жалғастыру үшін пайда/қаупі арақатынасына баға берген жөн.
Бортезомибті цитарабиннің жоғары дозаларын (күніне 2 г/м2) бір мезгілде қолдана отырып 24 сағат бойы үздіксіз инфузия жолымен емдеу сызбасы ұсынылмайды (өліммен аяқталуы мүмкін).
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек тарапынан асқынулар көптеген миеломалары бар пациенттерде байқалады. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерді мұқият бақылаған жөн.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының бұзылу симптомдары бар пациенттерге препаратты төменірек бастапқы дозаларда тағайындау, және уыттылықтың пайда болуына мониторинг жүргізу керек, өйткені бортезомиб «бауырлық» ферменттермен метаболизденеді және оның концентрациясы бауыр функциясының орташа және ауыр дәрежеде бұзылуы кезінде ұлғаюы мүмкін.
Бауыр тарапынан реакциялар
Бортезомибпен емдеу аясында бір мезгілде қатар жүретін ем ретінде басқа препараттарды қабылдаған пациенттерде жедел бауыр жеткіліксіздігінің пайда болу жағдайлары сипатталған. «Бауыр» ферменттері белсенділігінің артуы, гипербилирубинемия немесе гепатит сияқты бауыр функциясы бұзылуының белгілері, әдетте бортезомибті тоқтатқан кезде басылған.
Ісік лизисі синдромы
Бортезомиб цитоуытты препарат әрі қатерлі плазмалық жасушаларды және мантиялы-жасушалы лимфома жасушаларын тез жоятын болғандықтан, пациентте ісіктердің лизисі синдромы сияқты асқыну пайда болуы мүмкін. Ісіктердің лизисі синдромы дамуының жоғары қаупі емге дейін ісік жүктемесі жоғары болған пациенттерде байқалады. Бұл пациенттер тиісті сақтық шараларын қолдана отырып, мұқият бақылануы тиіс.
Қатар жүргізілетін дәрі-дәрмектік ем
Бортезомибті CYP3A4 күшті тежегіштерімен біріктіріп қолданған кезде пациенттер қалтқысыз бақылауда болуы тиіс. Бортезомибті CYP3A4 немесе CYP2C19 субстраттарымен біріктіріп қолданған кезде сақтық танытқан жөн.
Қандағы глюкоза деңгейін төмендететін пероральді препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде бауыр тарапынан ауытқулардың жоқтығына көз жеткізген жөн, емдеу сақтықпен жүргізілуі тиіс.
Иммунды кешен әлеуетті түрде түрткі болатын реакциялар
Сирек жағдайларда сарысу құю ауруы, бөртпелі полиартрит және пролиферациялық гломерулонефрит сияқты потенциалды иммунокешенді реакциялардың дамуы жөнінде мәлімделді. Күрделі реакциялар дамыған жағдайда бортезомиб қолдану тоқтатылуы тиіс.
Фертильділік, жүктілік және лактация кезеңі
Еркектер мен әйелдердегі контрацепция
Бала тудыра алатын еркек және әйел пациенттер емделу кезінде және оны аяқтағаннан кейін 3 ай бойы контрацепцияның тиімді тәсілдерін пайдалануы тиіс.
Жүктілік
Жүктілік кезінде бортезомибті қолдану жөнінде клиникалық деректер жоқ. Бортезомибтің тератогендік потенциалы аяғына дейін зерттелген жоқ.
Бортезомибті жүктілік кезінде, әйелдің клиникалық жағдайы бортезомибпен емдеуді қажет ететін жағдайлардан басқасында, қолданбаған жөн. Егер бортезомиб жүктілік кезінде қолданылса немесе егер жүктілік осы дәрілік препаратпен емделу кезінде басталса, ұрық үшін ықтимал қаупінен пациентті хабардар ету керек.
Емшек емізу
Бортезомибтің ана сүтіне бөлініп шығатыны жөнінде деректер жоқ. Бортезомибпен емдеу кезінде емшектегі балаларда ауыр жағымсыз реакциялар дамуы мүмкін болғандықтан, емшек емізуді тоқтатқан жөн.
Фертильділік
Бортезомибтің фертильділікке ықпалы туралы клиникалық деректер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Бортезомибпен емдеу кезінде бас айналу, естен тану, көру бұзылыстары және басқа жағымсыз құбылыстар пайда болуы мүмкін, олар көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне теріс ықпал етуі мүмкін. Аталған жағымсыз құбылыстар пайда болған жағдайда мұндай әрекет түрлерін орындаудан тартына тұру керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: ұсынылатын дозадан 2 еседен көп асып кететін артық дозалану өліммен аяқталатын артериялық қысымның жедел төмендеуі мен тромбоцитопениясы бар науқастарда қатар жүрген.
Емі: пациенттің өмірлік маңызды функциялар көрсеткіштерін және дене температурасын бақылап, артериялық қысымды ұстап тұру үшін тиісті ем (инфузиялық ем, тамыр тарылтатын және/немесе инотропты препараттар) жүргізген жөн. Арнайы антидоты белгісіз.
Шығарылу түрі
38.336 мг препараттан (3.5 мг бортезомибке сәйкес келеді) түссіз шыныдан жасалған, резеңке тығындармен тұмшаланған және серия нөмірі жазылған алюминий қалпақшалармен қаусырылған, «FLIP OFF» жазуы бар пластмасса қақпақшалармен қамтамасыз етілген құтыларда.
1 құты қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Қолдану жөніндегі екі нұсқаулық салынуына жол беріледі: мемлекеттік және орыс тілдерінде.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
0.9 % натрий хлориді ерітіндісімен сұйылтқаннан кейін құтыда немесе шприцте 25 оС-тен аспайтын температурада 8 сағаттан асырмай сақтауға жол беріледі.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
онкомед мэньюфэкчуринг а.с., Карасек 2229/lb, будова 02, 621 00 Брно-Речковице, Чех Республикасы
Қаптаушы
«Рафарма» АҚ, Ресей
Тіркеу куәлігінің иесі
«ФармФирма «Сотекс» ЖАҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
ЖК «Tipkey» 050004, ҚР, Алматы, Абылай хан даңғылы 60, 720-кеңсе.
Тел.: +7 705 286 18 04