Амизон® МАКС

МНН: Энисамия йодид
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противовирусные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020273
Информация о регистрации в РК: 20.07.2018 - 20.07.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Амизон® МАКС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Энисамий йодиді

Дәрілік түрі

0,5 г капсулалар

Құрамы

1 капсуланың құрамында

белсенді зат - 0,5 г амизон® (энисамий йодиді),

қосымша зат - магний стеараты,

желатинді капсуланың құрамы: хинолинді сары (Е104), эритрозин FD&C қызыл 3 (Е127), титанның қостотығы (Е171), желатин.

Сипаттамасы

Цилиндр пішінді № 1 немесе № 0, сары түсті корпусы мен қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – сары немесе жасыл-сары түсті кристалл ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Басқа да вирусқа қарсы препараттар.

ATХ коды J05AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін Амизон® қанға тез түседі, оның қандағы ең жоғарғы концентрациясы қабылдағаннан кейін 2-2,5 сағаттан соң байқалады. Амизон® мен оның метаболиттері қан ағысы арнасында ұзақ айналымда ұзақ болады (жартылай шығарылу кезеңі 13,5-14 сағатты құрайды), бауырда метаболизденеді, бірақ тіндерден тез шығарылады (жартылай шығарылу кезеңі 2-3 сағатты құрайды). Организмнен 90-95 %-ы несеппен метаболиттер түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Амизон® – изоникотин қышқылының туындысы. Тұмау вирустарына тежегіштік әсер етеді, интерфероногендік қасиеттері бар, организмнің вирустық жұқпаларға төзімділігін арттырады, қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін және ауыруды басатын әсер береді.

Амизонның® вирусқа қарсы әсері оның тұмау вирусының гемагглютининдеріне тікелей әсерімен байланысты, соның салдарынан вирион ары қарай репликациялану үшін нысана жасушаларға қосылу қабілетін жоғалтады.

Қабынуға қарсы әсері жасушалық және лизосомалық жарғақшаларының тұрақтануының, базофилдердің дегрануляциясының баяулауының, антиоксиданттық әсерінің, қабыну ошағындағы простагландиндердің, циклдік нуклеотидтер деңгейінің қалыпқа түсуінің және энергетикалық алмасудың нәтижесі болып табылады. Бұл дәрінің ыстықты түсіретін әсеріне мидың жылуды реттегіш орталықтарына әсері түрткі болады. Препараттың ауыруды басатын әсері ми діңінің ретикулярлық формациясы арқылы жүзеге асады.

Амизон® қан плазмасындағы эндогендік интерферон деңгейін 3-4 есе арттыру, лизоцимді және жұқпа қоздырғыштарына антиденелер титрін, сондай-ақ жасушалық иммунитетті – Т-лимфоциттер мен макрофагтардың функционалдық белсенділігін көтермелеудің есебінен арттыру арқылы персистирленетін иммунитетті күшейтеді. Бұл дәрі эндогендік интерферонның күшті индукторы болып табылады.

Қолданылуы

- тұмау мен ЖРВЖ емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Амизон® МАКСты шайнамай, тамақтан кейін ішке қабылдайды.

Ересектерге 5-7 күн бойы тәулігіне 2-4 рет 1 капсуладан тағайындайды.

Ең төменгі бір реттік дозасы – 1 г, тәуліктік – 2 г.

Жағымсыз әсерлері

  • тері бөртпелерін, есекжемді, ангионевротикалық ісінуді, қышынуды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары

  • ауыздың құрғауы және ащы дәм білінуі, ауыз қуысының шырышты қабығының ісінуі, гиперсаливация, тілдің сарғаюы, жүрек айнуы, құсу, қыжыл, іштің ауыруы, оң жақ қабырға астының ауыр тартуы, іш өтуі, іштің кебуі

  • ентігу, тамақтағы күйдіру сезімі

  • бас ауыруы, бас айналуы, әлсіздік, артериялық қысымның ауытқуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • йод препараттарына және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • сыртартқыдағы аллерген табиғатына байланыссыз аллергиялық реакциялардың болуы
  • бауыр мен бүйректің ауыр органикалық зақымданулары
  • жүктіліктің бірінші триместрі

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Амизон® МАКС бактерияға қарсы және иммунмодуляциялаушы дәрілердің әсерін күшейтеді. Бұл препаратты аскорбин қышқылымен және басқа да витаминдермен біріктіру дұрыс болып табылады. Сондай-ақ Амизон® МАКСты рекомбинантты интерферонды қолданумен бір мезгілде тағайындауға болады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қалқанша без аурулары бар емделушілерге, әсіресе гипертиреоз кезінде сақтықпен тағайындау керек.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолданылуы

Препарат жүктіліктің бірінші триместрінде қолдануға қарсы көрсетілімді. Екінші және үшінші триместрде тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолдануға болады. Препаратты бала емізетін әйелдерге қолдануға қатысты деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Амизон® МАКС препаратын қабылдау автокөлік басқару және басқа механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Амизон® МАКСпен артық дозаланған жағдайлар туралы хабарланбаған. Артық дозаланған кезде жағымсыз реакциялар көріністері күшеюі мүмкін: шырышты қабықтардың қоңыр түске өзгеруі, рефлекторлық құсу, іштің ауыруы және диарея. Ісінулер, эритема, безеу тәрізді және буллёздік бөртпелер, қызба дамуы мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, белгілеріне қарай емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті түссіз үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

“Фармак” ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Фармак” ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050009 Алматы қ., Абай к-сі 157, 5 кеңсе

Тел/факс: +7 (727) 250 66 23, электронды поштасы: Djatlova88@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

246418391477976784_ru.doc 62.5 кб
727638491477977940_kz.doc 71.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники