Экансия® (500 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Экансия®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Капецитабин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 150 мг, 500 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 150 мг немесе 500 мг капецитабин
қосымша заттар: сусыз лактоза, микрокристалды целлюлоза (РН-101), натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза (Е-5), магний стеараты,
қабықтың құрамы: гипромеллоза (6cps), тальк, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172)
Сипаттамасы
Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «150» таңбасы және және екінші жағы тегіс, ашық шабдалы түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (150 мг доза үшін).
Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «500» таңбасы және және екінші жағы тегіс, шабдалы түстес үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (500 мг доза үшін).
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы препараттар. Антиметаболиттер. Пиримидин аналогтары. Капецитабин
АТХ коды L01ВC06
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағаннан кейін капецитабин жылдам және толығымен сіңеді, содан кейін оның 5'-дезокси-5-фторцитидин (5'-ДФЦТ) және 5'-дезокси-5-фторуридин (5'-ДФУР) метаболиттеріне өзгеруі жүреді. Бір мезгілде ас ішу капецитабиннің сіңу жылдамдығын азайтады, алайда 5'-ДФУР және келесі метаболиті, 5-фторурацилдің (5-ФУ) «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының (AUC) шамасына әсері елеусіз. Препаратты ас ішкеннен кейін 1250 мг/м2 дозада тағайындағанда 14-ші күні капецитабиннің, 5'-ДФЦР, 5'-ДФУР, 5-ФУ және альфа–фтор-бета-аланиннің (ФБАЛ) ең жоғарғы концентрациясы Смакс сәйкесінше 4,67, 3,05, 12,1, 0,95 және 5,46 мкг/мл құраған. Ең жоғарғы концентрацияларына жету уақыты Tmax сәйкесінше 1,50, 2,00, 2,00, 2.00 және 3,34 сағатқа, ал AUC – 7,75, 7,24, 24,6, 2,03 және 36,3 мкг*сағат/мл-ге тең болған.
Капецитабин, 5'-ДФЦТ, 5'-ДФУР және 5-ФУ ақуыздармен (негізінен, альбуминмен), сәйкесінше 54%, 10%, 62% және 10%-ға байланысады.
Бауыр карбоксилэстеразасы капецитабиннің 5'-ДФЦТ-ға алғашқы метаболиттік өзгеруін жүзеге асырады, сосын ол негізінен бауырда және ісік тіндерінде болатын цитидиндезаминазаның әсерімен 5'-ДФУР-ға өзгереді. 5-ФУ үшін AUC, 5-ФУ 600мг/м2 дозада көктамыр ішіне сорғалатып енгізгеннен кейінгіге қарағанда 6-22 есе аз. Капецитабиннің метаболиттері 5-ФУ және 5-ФУ анаболиттеріне өзгергеннен кейін ғана цитоуытты бола түседі. Одан әрі 5-ФУ белсенді емес метаболиттері – дигидро-5-фторурацил (ФУН2), 5-фторуреидопропион қышқылы (ФУПҚ) және альфа–фтор-бета-аланин (ФБАЛ) түзе отырып катаболизденеді; бұл үдеріс белсенділігі реакция жылдамдығын шектейтін дигидропиримидиндегидрогеназаның (ДПД) әсерінен жүзеге асады.
Капецитабиннің, 5'-ДФЦР, 5'-ДФУР, 5-ФУ және ФБАЛ жартылай шығарылу кезеңі T ½ сәйкесінше 0,85, 1,11, 0,66, 0,76 және 3,23 сағатты құрайды. Капецитабиннің, 5'-ДФЦТ, 5'-ДФУР фармакокинетикалық параметрлерінде 1-ші және 14-ші күні айырмашылық болмаған. 5-ФУ AUC 14-ші күнге қарай 30-35%-ға артады және одан артық жоғарыламайды. Емдік дозалары ауқымында 5-ФУ қоспағанда, капецитабин мен оның метаболиттерінің фармакокинетикалық параметрлері дозаға тәуелді сипатта болады. Несеппен экскрециялануы – 95,5%, нәжіспен – 2,6%. Несептегі негізгі метаболиті ФБАЛ болып табылады, оған қабылданған дозасының 57%-ы келеді. Қабылданған дозасының 3%-ға жуығы несеппен өзгеріссіз күйде шығарылады.
Емделушілердің жекелеген топтарындағы фармакокинетикасы
Жынысы, емдеу басталғанға дейін бауырда метастаздардың болуы немесе болмауы, Карновский индексі, жалпы билирубин, сарысу альбуминінің концентрациясы, АЛТ және АСТ белсенділігі тоқ ішек обырымен науқастарда 5'-ДФУР, 5-ФУ және ФБАЛ фармакокинетикасына нақты әсер етпейді.
Бауырдың метастазданған зақымдануы бар науқастар: бауыр функциясының метастаздардан болған жеңіл және орташа дәрежелі бұзылуы бар науқастарда, капецитабин фармакокинетикасында клиникалық маңызды өзгерістер болмайды. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар науқастардағы фармакокинетикасы жөніндегі мәліметтер жоқ.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастар: өзгеріссіз препараттың және 5-ФУ фармакокинетикасы КК-ге тәуелді емес. КК 5'-ДФУР AUC шамасына әсер етеді (КК 50%-ға төмендегенде - AUC 35%-ға артуы) және ФБАЛ (КК 50%-ға төмендегенде AUC 114%-ға артуы). ФБАЛ –антипролиферативтік белсенділігі жоқ метаболит; 5'-ДФУР –5-ФУ тікелей ізашары.
Егде жастағы науқастар: жас шамасы 5'-ДФУР және 5-ФУ фармакокинетикасына әсер етпейді. ФБАЛ AUC 65 жастағы және одан үлкен науқастарда жоғарылаған (жастың 20%-ға артуы ФБАЛ AUC 15%-ға артуымен қатар жүрген), бұл бүйрек функциясының өзгеруінен болуы ықтимал.
Нәсіл: негроид нәсілді науқастардағы капецитабиннің фармакокинетикасының европеоид нәсілді науқастардағы осындайдан өзгешелігі жоқ.
Фармакодинамикасы
Капецитабин – фторпиримидин карбаматының туындысы, ісік тінінде белсенділенетін және оған селективті цитоуытты әсер беретін пероральді цитостатик. In vitro капецитабиннің цитоуыттылық әсері жоқ, ал in vivo 5-ФУ-ға өзгереді, ол ары қарай метаболизмге ұшырайды. 5-ФУ түзілуі ісік тінінде ісіктің ангиогендік факторы - тимидинфосфорилазаның (дТдФазаның) әсерінен жүзеге асады, бұл 5-ФУ организмнің сау тіндеріне жүйелі әсерін төмендетеді. Капецитабиннің 5-ФУ-ға бірізді ферменттік биоөзгерісі айналасындағы сау тіндерге қарағанда, препараттың ісік тіндерінде жоғарырақ концентрацияларын қалыптастырады. Капецитабинді тоқ ішек обырымен науқастарға пероральді тағайындағаннан кейін ісік тініндегі 5-ФУ концентрациясы айналасындағы сау тіндерге қарағанда 3,2 есе жоғары болған. Ісік тініндегі және плазмадағы 5-ФУ концентрациясының арақатынасы – орташа алғанда 21,4 (3,9-59,9), оның сау тіндердегі және плазмадағы концентрацияларының арақатынасы – 8,9 (3,0 – 25,8). Біріншілік колоректальді ісіктегі тимидинфосфорилаза белсенділігі айналасындағы сау тінерге қарағанда 4 есе жоғары.
Сүт безінің, асқазанның, тоқ ішектің, жатыр мойнының және аналық бездердің обырымен науқастардағы ісік жасушаларында 5'-ДФУР (5'-дезокси-5-фторуридин) 5-ФУ-ға айналдыруға қабілетті тимидинфосфорилаза сәйкесінше сау тіндерге қарағанда көп болады.
Сау жасушалар да, ісік жасушалары да 5-ФУ-ды 5-фтор-2-дезоксиуридин монофосфат (ФдУМФ) пен 5-фторуридин трифосфатқа (ФУТФ) метаболиздейді. Бұл метаболиттер екі түрлі механизм арқылы жасушаларды зақымдайды. Біріншіден, ФдУМФ және фолаттық кофактор N5-10-метилентетрагидрофолат тимидилатсинтазамен ковалентті байланысқан үшіншілік кешен түзе отырып байланысады. Бұл байланыс урацилден тимидилаттың түзілуін бәсеңдетеді. Тимидилат тимидин трифосфаттың қажетті ізашары болып табылады, ол өз кезегінде ДНҚ синтезі үшін аса маңызды, сондықтан бұл заттың жеткіліксіздігі жасушалық бөліністің бәсеңдеуіне алып келуі мүмкін. Екіншіден, РНҚ синтезі үдерісінде ядроның транскрипциялық ферменттері оған уридин трифосфаттың (УТФ) орнына қателесіп ФУТФ қосып жіберуі мүмкін. Бұл метаболитік «қате» РНҚ қайта жаңғыртылуы мен ақуыз синтезін бұзады.
Қолданылуы
Сүт безінің обыры
-
антрациклиндер қосылған химиотерапия тиімсіздігінен кейін жергілікті таралған немесе метастаздалатын сүт безі обырымен (СБО) науқастарды емдеу үшін доцетакселмен біріктіріліп қолданылады
-
таксандар мен антрациклиндер қосылған химиотерапия тиімсіздігінен кейін немесе антрациклиндер қарсы көрсетілімді болғандарда жергілікті таралған немесе метастаздалатын СБО (мСБО) емдеу үшін монотерапия түрінде
Колоректальді обыр
-
колоректальді обырмен (КРО) науқастарды емдеу үшін адъюванттық ем ретінде
-
метастаздалатын колоректальді обырмен науқастарды емдеу үшін монотерапияда және біріктірілген ем құрамында
Асқазан обыры
-
асқазанның жайылған обырымен науқастарды емдеу үшін бірінші желілі ем ретінде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Стандартты дозасы
Экансия® таблеткаларын ішке, тамақтан кейін 30 минуттан соң сумен ішіп қабылдайды.
Монотерапия
Экансияның® монотерапия үшін ұсынылатын дозасы 2 апта бойы таңертең және кешке 1250 мг/м2-тан 2 қабылдауға бөлінген тәулігіне 2500 мг/м2 құрайды, артынан 7 күндік үзіліс жасалады.
Доцетакселмен біріктіріп Экансияны® 2 апта бойы тәулігіне 2 рет 1250 мг/м2 дозада тағайындайды, артынан 7 күндік үзіліс жасайды. Доцетакселді 3 аптада 1 рет бір сағаттық көктамырішілік инфузия түрінде 75 мг/м2 дозада енгізеді. Премедикация доцетакселді Экансиямен® енгізер алдында доцетакселді қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
Цисплатинмен біріктіріліп Экансия® 1000 мг/м2 дозада 2 апта бойы тәулігіне 2 рет тағайындалады, артынан бір апталық үзіліс жасалады. Цисплатинді циклдың 1-ші күні 2 сағаттық көктамырішілік инфузия түрінде 3 аптада 1 рет 80 мг/м2 дозада енгізеді. Экансияның® алғашқы дозасы 1-ші күні кешкісін, және соңғысы – циклдың 15-ші күні таңертең қабылданады.
Премедикацияны гидратацияның талапқа сай деңгейін және антиэметикалық профилактиканы ұстап тұру үшін, Экансиямен® біріктіріп енгізу басталғанға дейін цисплатинді қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізеді.
Иринотеканмен біріктіргенде Экансияның® ұсынылатын бастапқы дозасы 14 күн бойы күніне екі рет 800 мг/м2 құрайды, артынан 7 күндік үзіліс жасалады. Иринотеканды циклдың 1-ші күні 200 мг/м2 дозада енгізеді.
Оксалиплатинмен және бевацизумабпен біріктіріліп Экансия® 2 апта бойы тәулігіне 2 рет 1000 мг/м2 дозада тағайындалады, артынан 7 күндік үзіліс жасалады. Экансияның® алғашқы дозасы 1-ші күні кешкісін, және соңғысы – 15-ші күні таңертең қабылданады. Бевацизумабты 3 аптада 1рет, 3 апталық циклдың 1-ші күні кг дене салмағына 7,5 мг дозада көктамырішілік инфузия түрінде 30-90 минут бойы енгізеді, сосын оксалиплатинді дене беткейіне 130 мг/м2 дозада 2 сағатттық көктамырішілік инфузия түрінде енгізеді. Гидратацияның талапқа сай деңгейін ұстап тұруға арналған премедикацияны және антиэметикалық профилактиканы Экансиямен® біріктіріп енгізу басталғанға дейін оксалиплатинді қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізеді.
Экансияның® дозасын дене беткейінің ауданына байланысты есептейді. Төменде келтірілген 1 және 2 кестелерде Экансияның® 1250 мг/м немесе 1000 мг/м2 дене беткейіне есептелген стандартты және азайтылған дозалары көрсетілген.
1 кесте. Капецитабиннің 1250 мг/м2 дене беткейіне есептелген стандартты және азайтылған дозалары
1250 мг/м2 дозасы (күніне екі рет) |
|||||
Толық дозасы 1250 мг/м2 |
1 қабылданатын 150 мг және/немесе 500 мг таблеткалар саны (таңертең және кешке) |
950 мг/м2 дозасының 75%-ы |
625 мг/м2 дозасының 50%-ы |
||
Дене беткейінің ауданы (м2) |
Қабылданатын дозасы (мг)* |
150мг |
500мг |
1 қабылданатын дозасы, мг |
1 қабылданатын дозасы, мг |
< 1,26 |
1500 |
- |
3 |
1150 |
800 |
1,27 - 1,38 |
1650 |
1 |
3 |
1300 |
800 |
1,39 - 1,52 |
1800 |
2 |
3 |
1450 |
950 |
1,53 - 1,66 |
2000 |
- |
4 |
1500 |
1000 |
1,67 - 1,78 |
2150 |
1 |
4 |
1650 |
1000 |
1,79 - 1,92 |
2300 |
2 |
4 |
1800 |
1150 |
1,93 - 2,06 |
2500 |
- |
5 |
1950 |
1300 |
2,07 - 2,18 |
2650 |
1 |
5 |
2000 |
1300 |
> 2,19 |
2800 |
2 |
5 |
2150 |
1450 |
2 кесте. Капецитабиннің 1000 мг/м2 дене беткейіне есептелген стандартты және азайтылған дозалары
1000 мг/м2 дозасы (күніне екі рет) |
|||||
Толық дозасы 1000 мг/м2 |
Таблеткалар саны 150 мг және/немесе 21 қабылдауға 500 мг (таңертең және кешке) |
750 мг/м2 дозасының 75%-ы |
500 мг/м2 дозасының 50%-ы |
||
Дене беткейінің ауданы (м2) |
Қабылданатын дозасы (мг)* |
150мг |
500мг |
1 рет қабылданатын дозасы, мг |
1 рет қабылданатын дозасы, мг |
< 1,26 |
1150 |
1 |
2 |
800 |
600 |
1,27 - 1,38 |
1300 |
2 |
2 |
1000 |
600 |
1,39 - 1,52 |
1450 |
3 |
2 |
1100 |
750 |
1,53 - 1,66 |
1600 |
4 |
2 |
1200 |
800 |
1,67 - 1,78 |
1750 |
5 |
2 |
1300 |
800 |
1,79 - 1,92 |
1800 |
2 |
3 |
1400 |
900 |
1,93 - 2,06 |
2000 |
- |
4 |
1500 |
1000 |
2,07 - 2,18 |
2150 |
1 |
4 |
1600 |
1050 |
> 2,19 |
2300 |
2 |
4 |
1750 |
1100 |
Емдеу үдерісінде дозасын түзету
Жалпы ережелер
Капецитабинмен емдеу кезіндегі уыттылық құбылыстарын белгілеріне қарай емдеудің және/немесе капецитабиннің дозасын өзгертудің көмегімен (емдеуді тоқтата отырып немесе препараттың дозасын азайта отырып) қайтаруға болады. Егер бірде капецитабиннің дозасын азайтуға тура келсе, онда келесіде оны арттырмау керек. Емдеуші дәрігер уыттылық симптомдары емделушінің өміріне қауіп төндірмейді немесе олардың дәрежесі ауыр емес деп санаған жағдайларда, капецитабинмен емдеуді бастапқы дозада, емдеуді үзбестен қайта жаңғыртуға болады.
1 дәрежелі уыттылық кезінде дозасын түзету керек емес. 2 және 3 дәрежелі уыттылық кезінде капецитабинді қабылдауды тоқтата тұру керек. Жағымсыз құбылыстар басылғаннан немесе олардың айқындығы 1 дәрежеге дейін азайғаннан кейін, капецитабинді қабылдауды толық дозасында немесе оны 3 кестеде келтірілген ұсынымдарға сәйкес түзете отырып қайта бастауға болады. 4 дәрежелі уыттылық белгілері дамыса, емдеуді тоқтату немесе симптоматикасы басылғанша немесе ауырлығы 1 дәрежеге дейін азайғанша уақытша тоқтату керек, содан кейін препаратты қолдануды бұрынғысының 50%-ын құрайтын дозада қайта жаңғыртуға болады. Егер уыттылық құбылыстарына байланысты капецитабинді бірнеше қабылдау өткізіліп алса, онда ол дозаларының орны толтырылмайды, тек жоспарлы емдеу циклдары жалғастырыла береді (3 кесте).
3 кесте. Уыттылық себебіне байланысты дозасын модификациялау жөніндегі ұсынымдар.
Критерийлерге сәйкес уыттылық дәрежесі* |
Емдеу циклы кезіндегі дозасының өзгерістері |
Келесі цикл үшін дозасын түзету (бастапқы дозасынан 5) |
1 дәрежесі |
Дозасын ұстап тұру керек |
Дозасын ұстап тұру керек |
2 дәрежесі |
||
1-ші рет |
Емдеуді симптомдары жоғалғанша немесе ауырлығы 1 дәрежеге дейін азайғанша тоқтата тұру керек. |
100 % |
2-ші рет |
75% |
|
3-ші рет |
50% |
|
4-ші рет |
Емдеуді мүлдем тоқтату керек |
Қолданылмайды |
3дәрежесі |
||
1-ші рет |
Емдеуді симптомдары жоғалғанша немесе ауырлығы 1 дәрежеге дейін азайғанша тоқтата тұру керек. |
75% |
2-ші рет |
50% |
|
3-ші рет |
Емдеуді мүлдем тоқтату керек |
Қолданылмайды |
4 дәрежесі |
||
1-ші рет |
Емдеуді тоқтату немесе егер емдеуші дәрігер мұны науқас үшін маңызды деп санаса, симптомдары жоғалғаннан немесе ауырлығы 1 дәрежеге дейін азайғаннан кейін қайта жаңғырту керек. |
50%
|
2-ші рет |
Емдеуді мүлдем тоқтату керек |
Қолданылмайды |
Айрықша нұсқаулар
Әдеттегі біріктірілген ем
Біріктіріп емдеу кезінде дами бастаған уыттылығы кезінде дозасын модификациялауды 3 кестедегі ұсынымдарға және капецитабинмен біріктіріп пайдаланылған препараттарды медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізу керек.
Циклдың басында: егер капецитабинді немесе химотерапиялық режимдегі басқа препаратты енгізуді кідірте тұру қажет болса, емдеу сызбасына кіретін барлық препараттарды енгізуді науқастың жағдайы капецитабинмен және таңдалған біріктірілімдегі басқа препараттармен емдеуді бастауға мүмкіндік беретін критерийлерді қанағаттандырарлық болғанша тоқтата тұру керек.
Цикл кезінде: егер біріктірілген химиотерапия циклын жүргізу кезінде емдеуші дәрігер капецитабинмен байланысты емес деп тапқан уыттылық белгілері (мысалы, нейроуыттылық, отоуыттылық, сенсорлық нейропатия, сұйықтықтың іркілуі, соның ішінде, плевралық немесе перикардиальді жалқық, асцит, сондай-ақ қан кету, асқананның немесе ішектің тесілуі, протеинурия, гипертнзия) пайда болса, онда капецитабинді қабылдауды жалғастыра беру, ал басқа препараттың дозасын оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес түзету керек.
Егер басқа препараттарды қолдану уыттылық себебіне байланысты тоқтатылуы тиіс болса, онда капецитабинмен емдеуді науқастың жағдайы капецитабинді қабылдауды жалғастыру үшін қанағаттанарлық болған кезде жалғастыра беруге болады.
Гематологиялық көрсеткіштер: егер науқаста нейтрофилдер мөлшері 1,5 х 109 /л аз және/немесе тромбоциттер мөлшері 100 х 109/л аз болса, капецитабинмен емдеуді бастамау керек. Егер химиотерапия курсы кезіндегі жоспардан тыс зертханалық зерттеуде 3 немесе 4 дәрежелі гематологиялық уыттылық анықталса, капецитабинді қабылдауды тоқтату керек.
Дозалау жөніндегі арнайы ұсынымдар
Бауырдың метастаздық зақымдалуы кезіндегі бауыр жеткіліксіздігі бар науқастар: емдеудің басында дозасын азайту қажет емес. Алайда мұндай емделушілер емдеу кезеңі бойына мұқият қадағалауды қажет етеді.
Бүйрек жеткіліксіздігі: Бүйрек жеткіліксіздігінің орташа дәрежесі бар емделушілерде препаратпен емдеудің басында дозасын 1250мг/ м2бастапқы дозасынан 75 %-ға дейін азайту ұсынылады. Орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде препаратпен емдеудің басында, егер ол 1000 мг/ м2 құраса, бастапқы дозасын азайту қажет емес. Жеңіл дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде (препаратты қабылдаудың басында КК 51-80 мл/мин) дозасын түзету қажет емес.
Егер емделушілерде 2-4 дәрежелі жағымсыз құбылыстар пайда болса, онда дереу оның жағдайын мұқият қадағалау шараларын қолдану керек, қажет болса – емдеуді тоқтату және ары қарай дозасын түзету 3 кестедегі ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі. Егер емдеу үдерісінде КК 30 мл/минуттан төмен түсіп кетсе, капецитабинді қабылдауды тоқтату керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда дозасын түзету жөніндегі ұсынымдар капецитабинмен монотерапияға да, біріктірілген емге де қатысты.
Егде жастағылар: капецитабинмен монотерапия кезінде дозасын түзету қажет емес. Алайда ауырлығы 3 және 4 дәрежелі жағымсыз құбылыстар 65 жастан асқан емделушілерде жас емделушілерге қарағанда жиірек туындайды.
Біріктіріп емдеу кезінде капецитабинді тоқтатуды қажет ететін 3 және 4 дәрежелі жағымсыз реакциялар егде жастағыларда (≥ 65 жас) жастарға қарағанда жиірек туындайды. Егде жастағы емделушілерді мұқият қадағалау ұсынылады.
Капецитабинмен доцетакселмен біріктіріп емдеу кезінде жағымсыз 3 және 4 дәрежелі реакциялар мен емдеумен нақты байланысты қолайсыз құбылыстардың жиілігі жастармен салыстырғанда 60 жастан асқан емделушілерде анағұрлым жоғары. Сондықтан 60 жастан асқан адамдарға, капецитабинді доцетакселмен біріктіргенде, бастапқы дозасын 75%-ға дейін (тәулігіне 2 рет 950 мг/м2) төмендету қажет. Егер капецитабиннің азайтылған бастапқы дозасымен докцетацелмен біріктіріп ем қабылдап жүрген ≥60 жас шамасындағы емделушілерде уыттылық белгілері байқалмаса, капецитабиннің дозасын күніне екі қайтара 1250 мг/ м2 дейін абайлап арттыруға болады.
Капецитабинмен иринотеканмен біріктіріп емдеу кезінде ≥ 65 жас шамасындағы емделушілер үшін, ұсынылатын бастапқы доза 800 мг/ м2 құрауы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі (> 10%)
-
алақан-табан эритродизестезиясы синдромы, дерматит
-
диарея, жүрек айнуы, құсу, стоматит, іштің ауыруы
-
анорексия
-
қажығыштық, летаргия
Жиі (>5%, <10%)
-
бөртпе, алопеция, эритема, терінің құрғауы
-
іштің қатуы, эпигастрийдің ауыруы, диспепсия, гипербилирубинемия
-
парестезия, дәм сезу бұқзылыстары, бас ауыруы, бас айналуы,
-
көзден қатты жас парлауы, конъюнктивит
-
дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік, астения
Жиі емес (<5%)
-
қышыну, оқшау эксфолиация, терінің гиперпигментациясы, тырнақтардың зақымдануы, фотосезімталдық реакциясы, радиациялық тоқтату синдромы
-
арқаның ауыруы, бұлшықеттердің, буындардың ауыруы
-
жөтел, ентігу
-
аяқтардың ісінуі, стенокардияны, кардиомиопатияны, миокард инфарктісін/ишемиясын қоса, жүрек тұсының ауыруы, жүрек жеткіліксіздігі, кенеттен болатын өлім, тахикардия, жүрекшелердің фибрилляциясын қоса, жүрекшелік аритмия, қарыншалық экстрасистолалар
-
ауыздың құрғауы, метеоризм, шырышты қабықтардың қабынуы /ойық жаралануы (эзофагиттер, гастриттер, дуодениттер, колиттер, қан кетулер)
-
бауыр жеткіліксіздігі, холестаздық гепатит
-
ұйқысыздық, сананың шатасуы, энцефалопатия, церебральді бұзылыстар: атаксия, дизартрия, тепе-теңдік пен қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, депрессия
-
сүйек кемігінің бәсеңдеуі: анемия, панцитопения
-
сүйек кемігінің бәсеңдеуінің салдары ретіндегі жұқпалар, иммундық жүйе бұзылыстары, жергілікті немесе жүйелі жұқпа (шығу тегі бактериялық, вирустық және зеңдік жұқпаларды қоса) көріністерінің нәтижесінде шырышты қабықтардың жарылуы, сепсис
Өте сирек (<1/10, 000)
– Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты ауыр тері реакциялары
Экансиямен® біріктіріп емдеу
Өте жиі (> 10%)
-
алопеция, тырнақ құрылымының бұзылулары
-
буындардың, бұлшықеттердің, аяқ-қолдардың ауыруы
-
жұтқыншақ дизестезиясы, тамақтың құрғауы
-
қантамырлар тромбозы/эмболиясы, гипертензия, аяқтардың ісінуі
-
тәбеттің төмендеуі
-
шеткергі сенсорлық нейропатия, шеткергі жүйкелердің нейропатиясы, дәм сезу бұзылыстары, дизестезия, бас ауыруы
-
көзден қатты жас парлау
-
нейтропения, анемия, фебрильді нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения
-
дене температурасының жоғарылауы, астения, әлсіздік
Жиі (>5%, <10%)
-
арқаның ауыруы
-
мұрыннан қан кету, дауыстың өзгеруі, тұмаурату
-
ауыздың құрғауы
-
гипокалиемия
-
дене салмағының төмендеуі
-
ұйқысыздық, гипэстезия
-
жұқпалар, ауыз қуысының шырышты қабығының кандидозы
-
қызба
Экансиямен® басқа химиопрепараттармен біріктіріп емдегенде аса жоғары сезімталдық реакциялары 2% жиілікпен, миокард инфарктісі мен стенокардия – 3% жиілікпен кездескен.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
капецитабинге немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
-
фторурацилге аса жоғары сезімталдық немесе фторопиримидиндермен емдеуге күрделі және күтпеген реакциялар
-
дигидропиримидиндегидрогеназа тапшылығы (ДПТ)
-
соривудинмен немесе оның химиялық аналогтарымен, мысалы, бривудинмен бір мезгілде қабылдау
-
бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (КК 30 мл/минуттан төмен).
Егер біріктірілген емдеу сызбасының кез-келген басқа препаратына қарсы көрсетілімдер болса, онда бұл препаратты қолдануға болмайды.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Капецитабинді кумарин туындылары тобына жататын варфарин немесе фенопрокумон сияқты антикоагулянттармен бір мезгілде қабылдағанда, коагуляция және/немесе қан кету параметрлерінің өзгергені білінген. Олар капецитабинді қабылдау басталғаннан бірнеше күннен бірнеше айға дейінгі кезеңде туындаған. Варфариннің 20 мг бір дозасын бір мезгілде қабылдау варфариннің экспозициясының (AUC) 57%-ға жоғарылауына және ХҚК (халықаралық қалыптастырылған көрсеткіш) 91%-ға жоғарылауына алып келгені анықталған. Капецитабин мен пероральді антикоагулянттарды – кумарин туындыларын бір мезгілде қабылдап жүрген науқастарда ұю көрсеткіштерін мұқият бақылау (протромбиндік уақыт) және антикоагулянттың дозасын тиісінше түзету қажет.
Капецитабин мен Р450 цитохромының 2С9 изоэнзимі арқылы метаболизденетін препараттардың өзара әрекеттесуін анықтап білуге арналған арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Сондықтан капецитабинмен бірге тағайындау сақтықты қажет етеді.
Капецитабинді фенитоинмен бір мезгілде пайдаланғанда оның қан плазмасындағы концентрациясының артқаны байқалады. Бұл өзара әрекеттесуінің механизмін, капецитабиннің Р450 цитохромының 2С9 изоэнзимдері жүйесін бәсеңдететіндігімен түсіндіруге болады. Егер емделуші фенитоинді капецитабинмен бір мезгілде қабылдаса, оларда фенитоиннің қан плазмасындағы концентрациясын бақылау керек.
Қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі барлық мәліметтер капецитабинді тамақтан кейін 30 минуттан соң қабылдаған зерттеуге қатысушыларынан алынғандықтан, бұл басқа емделушілер үшін де ұсынылады.
Құрамында алюминий және магний гидроксиді бар антацидтер, капецитабин мен оның бір метаболитінің (5'-ДФЦР) плазмадағы концентрацияларын болар-болмас арттырған; негізгі үш метаболитіне (5'-ДФУР, 5-ФУ және ФБАЛ) олар әсер етпеген.
Лейковорин Экансия® мен оның метаболиттерінің фармакокинетикасына әсер етпейді, бұл онкологиялық науқастарда капецитабинді лейковоринмен бірге қабылдау кезіндегі фармакокинетикасын зерттеуде расталған. Алайда лейковорин Экансиияның® фармакодинамикасына әсер етеді және оның уыттылығы лейковорин бар кезде күшеюі мүмкін.
Соривудиннің ДПТ бәсеңдетуінен туындайтын соривудин мен 5-ФУ арасындағы клиникалық маңызды өзара әрекеттесу фторпиримидиндердің уыттылығының фатальді күшеюіне алып келеді. Сондықтан Экансияны® соривудинмен немесе бривудин сияқты оның химиялық аналогтарымен бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Капецитабинмен және бевацизумабпен бірге оксалиплатинмен немесе онсыз біріктіріп емдеу кезінде, капецитабин мен оның метаболиттерінің, бос немесе байланысқан платинасының фармакокинетикасында өзгерістер байқалмаған.
Бевацизумабтың капецитабин мен оның метаболиттерінің фармакокинетикасы параметрлеріне клиникалық маңызды әсер жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Капецитабинді қабылдап жүрген емделушілер уыттылық белгілерінің анықталуына қатысты мұқият қадағадауды қажет етеді. Жағымсыз құбылыстардың көпшілігі қайтымды және емдеуді тоқтатуды қажет етпейді, бірақ бұл кезде дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.
Диарея
Капецитабин кейде ауыр дәрежелі диареяны туғызуы мүмкін. Ауыр диареямен науқастарды мұқият қадағалау керек, дегидратация жағдайында су және электролиттік теңгерімді қалпына келтіру үшін орынбасушы ем жүргізу керек. Сәйкесінше дәрі-дәрмектерді (лоперамид) мүмкіндігінше ертерек тағайындау керек. Егер қажет болса, дозасын төмендету қажет.
Дегидратация
Сусызданудың алдын алу, немесе туындаған жағдайда мүмкіндігінше ертерек ем жүргізу керек. Анорексиямен, астениямен, жүрек айнуымен немесе құсумен немесе диареямен науқастар дегидратацияға көбірек ұшырайды. Капецитабинді қабылдауды 2 дәрежелі (немесе одан жоғары) сусыздану кезінде дереу тоқтату керек. Су теңгерімі қалпына келмейінше және тромб түзілуінің кез-келген себебі жойылмайынша, емдеуді қайта бастамаған дұрыс. Қажет болса дозасын қан ұйығыштығының жоғарылауымен байланысты жағымсыз құбылыстарға қатысты түзеу керек.
Кардиоуыттылығы
Капецитабиннің кардиоуыттылық дәрежесі басқа фторпиримидиндерге ұқсас. Оған ЭКГ-дағы өзгерістер, миокард инфарктісі, стенокардия, аритмиялар, жүректің тоқтап қалуы және жүрек жеткіліксіздігі кіреді. Бұл жағымсыз құбылыстар сыртартқысында жүректің ишемиялық ауруы бар емделушілерге көбірек тән. Елеулі жүрек аурулары, аритмиясы және стенокардиясы бар емделушілерде капецитабинмен емдеуде сақтық таныту қажет.
Алақан-табан синдромы
Терідегі уыттылығының көрінісі ауырлығы 1-3 дәрежелі алақан-табан синдромының дамуы болып табылады (синонимдері: алақан-табан эритродизестезиясы немесе химиотерапиядан туындаған акральдік эритема). Дамуға дейінгі уақыты 11-ден 360 күнге дейін, орташа алғанда 79 күн.
Синдромның 1 дәрежесі ұюмен, дизестезиялармен және парестезиялармен, алақандардың және/немесе табандардың шаншуымен немесе қызаруымен, емделушінің күнделікті белсенділігіне нұқсан келтірмейтін жайсыздықпен көрініс береді.
Синдромның 2 дәрежесі саусақтардың және/немесе табандардың ауырсынумен жүретін қызаруымен және ісінуімен көрініс береді, және бұл симптомдардан туындайтын жайсыздық емделушінің күнделікті белсенділігіне нұқсан келтіреді.
Синдромның 3 дәрежесі ылғал десквамациямен, ойық жараланумен, күлдіреуіктердің түзілуімен және емделушіде қатты жайсыздық тудыратын саусақтардың және/немесе табандардың қатты ауыруымен сипатталады, бұндай кезде күнделікті белсенділіктің кез-келген түрі мүмкін болмай қалады.
2 немесе 3 дәрежелі алақан-табан синдромы дамыса капецитабинді қолдануды симптомдары жоғалғанша немес олар 1 дәрежеліге дейін азайғанша тоқтата тұру керек; синдромның бастапқы 3 дәрежесі кезінде капецитабиннің келесі дозаларын азайту керек. Капецитабинді цисплатинмен біріктіргенде, алақан-табан синдромы дамыған жағдайда, оны белгілеріне қарай емдеу немесе алдын алу үшін В6 витаминін (пиридоксинді) тағайындау ұсынылмайды, өйткені бұл цисплатиннің тиімділігіне әсер етуі мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дәрігерлер капецитабинді бүйрек функциясы бұзылған емделушілерге тағайындағанда сақ болуы тиіс. 5-ФУ қолдану тәжірибесі, емдеумен байланысты 3 және 4 дәрежелі жағымсыз реакциялар көбінесе орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар (КК 30-50 мл/мин) емделушілерде туындайтынын көрсеткен.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер капецитабинмен емдеуде мұқият қадағалауды қажет етеді. Бауырдағы обыр метастаздарымен байланыссыз бауыр функциясы бұзылуларының немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігінің капецитабин фармакодинамикасына әсері белгісіз.
Экансиямен® емдеу кезінде қандағы билирубин деңгейі жоғарылауы мүмкін. Егер билирубин деңгейі 3 еседен артық жоғары болса, бауыр аминотрансферазаларының белсенділігі (АЛТ, АСТ) жоғарғы қалып шегінен 2,5 еседен артық болса, Экансияны® қабылдауды тоқтату керек. Оны билирубин деңгейі мен бауыр трансаминазаларының белсенділігі көрсетілген шектерден төмендеген кезде қайта жаңғыртуға болады.
Ауыр тері реакциялары
Экансия® Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты күрделі тері реакцияларын туғызуы мүмкін. Емдеу кезінде ауыр тері реакцияларын бастан өткеретін емделушілерде Экансияны® қабылдауды тоқтату керек.
Қосымша заттары туралы маңызды ақпарат
Препараттың құрамында сусыз лактоза болғандықтан, сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Lappа лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар емделушілер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
Жүктілік
Егер капецитабин жүктілік кезінде қолданылса немесе емделуші әйел препаратты қабылдап жүрген кезде жүкті болып қалса, науқасты ұрық үшін қауіпті екендігінен хабардар ету керек. Бала көтеретін жастағы әйелдер Экансиямен® емдеу кезінде жүктіліктен сақтануы тиіс.
Лактация кезеңі
Капецитабинмен емдеу кезінде бала емізуді тоқтату керек.Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакция жылдамдығын қажет ететін жұмыстарды орындау қабілетін бұзуы мүмкін жағымсыз әсерлерінің даму мүмкіндігін ескеру керек.
Артық дозалануы
Жедел артық дозалануының симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, мукозит, асқазан-ішек жолының тітіркенуі және қан кету, сүйек кемігі қызметінің басылуы.
Емі: клиникалық симптомдарды түзетуге және олардың асқынуының алдын алуға бағытталған стандартты медициналық емдеу және демеу шаралары.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан алюминий фольгадан немесе поливинилхлоридті /поливинилдихлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
6 немесе 12 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
КРКА, д.д. Ново место, Словения
Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения
Тіркеу куәлігінің иесі
КРКА, д.д. Ново место, Словения
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы 19, 1б корпусы, 2-ші қабат, 207 кеңсе
тел.: +7 (727) 311 08 09
факс: +7 (727) 311 08 12
info.kz@krka.biz