Циклодол Гриндекс (Trihexyphenidyl)

МНН: Тригексифенидил
Производитель: Гриндекс АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Trihexyphenidyl
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011004
Информация о регистрации в РК: 31.08.2017 - 31.08.2022
Номер регистрации в РБ: 6902/04/05/07/09/14/19
Информация о регистрации в РБ: 13.02.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 4.81 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Циклодол Гриндекс

Халықаралық патентелмеген атауы

Тригексифенидил

Дәрілік түрі

2 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 2 мг тригексифенидил гидрохлориді,

қосымша заттар: сахароза, картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Беті жалпақ цилиндр тәрізді, дөңгелек пішінді, ойығы бар ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Паркинсон ауруына қарсы препараттар. Орталықтық холин бөгегіштері

АТХ коды N04AA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қабылдағаннан кейін тригексифенидил ас қорыту жолында жылдам және толықтай сіңеді. Плазма ақуыздарымен байланысуы 90% шамасында. Әсері бір сағаттың ішінде басталады. Жартылай шығарылу кезеңі 5-10 сағат. Тригексифенидил жоғары липотроптыққа ие, ол гематоэнцефалдық және плаценталық бөгеттер арқылы жақсы өтеді.

Тригексифенидил тіндерде алкоголь мен органикалық қышқылдарға спецификалық емес эстеразалардың әсерінен гидролизденеді, тригексифенидилдің аздаған бөлігі өзгермеген күйінде бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Циклодол Гриндекс синтетикалық холинбөгегіш болып табылады, ол паркинсонизмге тән дірілді, бұлшықеттердің ригидтілігін және брадикинезиясын азайтады. Циклодол Гриндекс күшті м-холинбөгегіштік және әлсіз н-холинбөгегіштік әсерге ие. Әсер ету механизмі постсинапстық жарғақшадағы ацетилхолинмен бәсекелесу қабілеттілігіне негізделген.

Қолданылуы

- паркинсонизмде, Паркинсон ауруында

- нейролептик дәрілер мен әсері ұқсас препараттардан туындаған экстрапирамидалық бұзылуларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалануы жекелей таңдалады. Препаратты тамақтануға дейін қабылдау қажет.

Қабылдауды – тәулігіне 1 мг дозадан бастайды. Дозасын біртіндеп, әр 3-5 күн сайын 2 мг ұлғайтып отырады. Әдеттегі демеуші дозасы - тәулігіне 3-4 қабылдауға бөлінген 6-10 мг. Ауыр жағдайларда дозасын тәулігіне 3-4 қабылдауға бөліп 12-16 мг дейін ұлғайту қажеттілігі туындауы мүмкін. Ең жоғары бір реттік дозасы -10 мг, тәуліктік дозасы – 20мг тригексифенидилді құрайды. Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер әр емделуші үшін ауруының ауырлығына қарай жеке айқындайды.

Емдеуді аяқтағаннан кейін немесе балама ем жүргізу басталған жағдайда Циклодол Гриндекстің дозасын біртіндеп азайту керек.

Егде емделушілер бұл препаратқа анағұрлым сезімтал, сондықтан оларға азғантай дозаларын пайдалану керек.

Педиатриялық тәжірибеде қолданылмайды.

Жағымсыз әсері

- бас ауыруы, ашушаңдық, сандырақтау, елестеулер, психикалық бағдарсыздық (көбіне атеросклерозы бар емделушілерде).

Антихолинергиялық белсенділіктен болатын әсерлер: ауыз қуысы шырышты қабығының құрғауы, көрудің бұзылулары, көз іші қысымының жоғарылауы, іш қату, несеп шығаруда қиналу, тахикардия.

- тері бөртпесі, тері гиперемиясы.

Басқа да: іріңді паротит (ксеростомияның салдарынан).

Жиі

- мидриаз, аккомодацияның бұзылуы, фотофобия

- ауыздың кеберсуі, тер бөлінуінің азаюы, іш қату

- асқазанның ауыруы, жүрек айнуы

Жиі емес

- несеп шығарудың іркілуі

- тахикардия

- жоғары сезімталдық

Сирек

- жабық бұрышты глаукома, бұл көзішілік қысымның жоғарылауымен байланысты, сондықтан көзішілік қысымды тұрақты бақылаған жөн

- шаршау, ұйқышылдық, бас айналуы, ашушаңдық, ұйқысыздық, есте сақтаудың нашарлауы

Өте сирек

- брадикардия

Үлкен дозаларын қолданған кезде немесе бейімділік факторлары (атеросклерозы, егде жастағы немесе қандай да бір дәрілік препаратқа идосинкрозиясы) бар емделушілерді емдегенде мыналар пайда болуы мүмкін:

- сананың бұлыңғырлануы және психиканың басқа да бұзылулары

- көңіл-күйдің орынсыз көтерілуі, қозу, ашуланшақтық

- құсу

Бұл жағдайда емдеуді тоқтату керек. Дозаны азайтқанда немесе емдеуді тоқтатқанда жағымсыз әсерлері жойылады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тригексифенидилге және/немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- несеп шығарудың емделмеген іркілісі

- несеп шығарудың іркілуімен қуық түбі безінің қатерсіз гипертрофиясы

- жабық бұрышты глаукома

- ас қорыту жолының тарылуы

- ішектің жүрмей қалуы

- өкпе ісінуі

- тахиаритмия

- алкогольмен, психотроптық дәрілермен немесе апиындармен жедел улану

- жедел делирий және мания

- психоз, деменция

- кешеуілдеген дискинезия (tardive dyskinesia) – патологиялық қозғалыстар – антипсихотикалық дәрілік заттарды ұзақ қолданудан болатын жағымсыз әсерлер

- бүйрек пен бауырдың ауыр аурулары

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қасиеттері ұқсас басқа холинбөгегіш препараттармен (мысалы, амантадинмен, кейбір гистаминобөгегіштермен, фенотиазин туындыларымен, трициклдық антидепрессанттармен және басқаларымен) және моноаминоксидазалар тежегіштерімен бірге қолданғанда (олар дәрілік препараттарды метаболиздейтін энзимдерді тежейді) Циклодол Гриндекстің әсері күшеюі мүмкін. Аталған дәрілік препараттармен бірге қолданған кезде мынадай жағымсыз әсерлері: ауыздың кеберсуі, көрудің бұлдырауы, несеп шығарудың іркілуі мен іш қату пайда болуы мүмкін.

Циклодол Гриндекс пен парасимпатомиметиктер антагонистік әсер етеді.

Циклодол Гриндекспен бір мезгілде қолданған кезде (ауыздың кеберсу салдарынан) тіл астына салып қолданатын нитраттардың әсері азаяды.

Циклодол Гриндекстің ішек моторикасын тежеуі басқа дәрілік препараттардың сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Циклодол Гриндекс метоклопрамид пен домперидонның ас қорыту жолына әсерін әлсіретеді.

Циклодол Гриндекспен бірге қолданған кезде алкоголь мен басқадай дәрілік препараттардың депрессияға әкелетін әсері күшеюі мүмкін.

Леводопамен бірге қолданған кезде екі препараттың да дозасын азайту керек. Әдетте бұл жағдайда Циклодол Гриндексті екі қабылдауға бөлінген, тәулігіне 3-6 мг қабылдау жеткілікті болады.

Айрықша нұсқаулар

Циклодол Гриндексті егде науқастарға, жүрек-қан тамыр аурулары, бауыры мен бүйрек қызметінің бұзылулары бар науқастарға аса сақтықпен қолдану керек.

Мына жағдайларда: өмірге қауіп төндіретін тахикардия туындататын ауруларда, кәрілікке байланысты ақыл кемістігі синдромында, миастенияда, қуық толық босайтын қуық түбі безінің гипертрофиясында сақ болу қажет.

Әсіресе психиатриялық емделушілердің (галлюцинациялық және эйфориялық әсеріне байланысты) тригексифенидилді артық пайдаланғаны туралы жағдайлар белгілі.

Дәрілік тәуелділіктің дамуы мүмкін екенін ескеру қажет. Емдеуді күрт тоқтатуға болмайды.

Циклодол Гриндекс таблеткаларының құрамында сахароза бар. Бұл препаратты сирек кездесетін туа біткен фруктозаны көтере алмаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар емделушілерге қолданбаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат реакция жылдамдығына әсер ететіндіктен, сақ болу керек.

 

Артық дозалануы

Симптомдары: Циклодол Гриндекстің үлкен дозалары парасимпатикалық жүйке жүйесінің постганглионарлық ұштарының бөгелісін туындатады, уыттану көрінісі, іс жүзінде атропинмен улануға сәйкес келеді (мидриаз, шырышты қабықтардың кеберсуі, тахикардия, ішектің және өт жолдарының атониясы, дене қызуының көтерілуі мен т.б.).

Циклодол Гриндекс сонымен бірге орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылуларды (ашушаңдықты, сананың шатасуын, дереализацияның және психиканың басқа бұзылуларын) туғызады. Едәуір ауыр улануда кома немесе тыныс алу орталығының салдануы туындауы мүмкін.

Емі - симптоматикалық: суық компрестер, мол су ішу. Холинэстераза тежегіштерін (мысалы, физостигмин) қолдануға болады, жүректің асқынуларын емдеу үшін натрий бикарбонаты немесе натрий лактаты, құрысуларда – диазепам, делирийде - физостигмин сәтті пайдаланылған.

Арнайы у қайтарғысы жоқ. Дәрілік препараттың сіңуін азайту үшін асқазанды шаюды және басқа ықтимал тәсілдерді (құстыратын дәрілерді тағайындау және жоғары клизма қою) қолданады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 мг таблеткалар

Поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 25 таблеткадан.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Гриндекс» АҚ. Крустпилс к-сі 53, Рига, LV-1057, Латвия.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Гриндекс» АҚ, Латвия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Гриндекс» АҚ Өкілдігі

Алматы қ-сы, Достық д-лы, 63-65/13 Шевченко к-сі бұрышы

т./ф. 291-88-77, 291-13-84

эл. поштасы: grindeks.azia.kz@mail.ru

 

6

 

Прикрепленные файлы

610412491477976923_ru.doc 64 кб
665572521477978077_kz.doc 70.5 кб
6902_04_05_07_09_14_19_i.pdf 0.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ