Хумалог® Джуниор КвикПен®

МНН: Инсулин лизпро
Производитель: Лилли Франс С.А.С.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Insulin lispro
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023865
Информация о регистрации в РК: 23.10.2018 - 23.10.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Хумалог® Джуниор КвикПен®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Инсулин лизпро

Дәрілік түрі, дозалануы

Инъекцияға арналған 100 ХБ/мл, 3 мл ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Диабет кезінде қолданылатын дәрілік препараттар. Инсулиндер және аналогтары. Инсулин және жылдам әсер ететін инъекцияға арналған аналогтары. Инсулин лизпро.

АТХ коды А10АВ04

Қолданылуы

- глюкозаның қалыпты гомеостазын сақтау үшін инсулинотерапия жүргізу көрсетілген балалар мен ересектердегі қант диабеті;

- қант диабетін бастапқы сатыда тұрақтандыруда.

Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- гипогликемия.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

- инфекцияның жұғуын болдырмау үшін, тіпті, құрылғыдағы ине ауыстырылса да, әрбір картриджді тек бір пациент пайдалануы тиіс. Пациенттер әрбір инъекциядан кейін инені жойып жіберуі керек;

- Хумалог® Джуниор КвикПен® препараты құрамында консерванттары бар, мөлдір, түссіз стерильді сулы ерітінді болып табылады. Егер ол бұлыңғыр, қою, аздап боялған немесе онда қатты бөлшектер жүрсе Хумалог® Джуниор КвикПен® препаратын пайдаланбаңыз;

- пациент түрлі дозаларын, сондай-ақ, басқа инсулин препараттарын байқаусызда шатастырып алмау үшін әрбір инъекция алдында инсулиннің заттаңбасын әрдайым тексеріп отыру қажеттілігінен хабардар болуы тиіс;

- биологиялық дәрілік препараттарды қадағалап отыруды жақсарту мақсатында, тағайындалған препараттың атауы мен серия нөмірі анықтап жазып алынуы тиіс;

- пациенттер шприц-қаламның доза есептегішінде орнатылған бірліктер санын көзбен қарап тексеруі тиіс. Сондықтан, инъекцияны өз бетінше жүргізген жағдайда, пациент өзінің шприц-қаламның доза есептегішінде көрсетіліп тұрған санды көріп тұрғандығына міндетті түрде көз жеткізуі тиіс. Соқыр немесе нашар көретін пациенттерге, әрдайым көзі жақсы көретін, және инсулинді енгізуге арналған құрылғыны пайдалануды оқып үйренген адамның көмегіне/атсалысуына жүгінуі қажеттілігін айту керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

- гипергликемиялық әсері бар препараттарды қолданғанда инсулин қажеттілігі жоғарылауы мүмкін: пероральды контрацептивтер, кортикостероидтар, қалқанша без гормондарының препараттары, даназол, бета-2-адреномиметиктер (ритодрин, сальбутамол, тербуталин).

- гипогликемиялық әсері бар препараттарды қолданғанда инсулин қажеттілігі төмендеуі мүмкін: пероральды гипогликемиялық препараттар, салицилаттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы), сульфаниламидтер, белгілі бір антидепрессанттар (моноаминоксидаза тежегіштері (МАО), серотонинді кері қармаудың селективтік тежегіштері), ангиотензин өзгертетін ферменттің белгілі бір тежегіштері (каптоприл, эналаприл), II ангиотензин рецепторларының блокаторлары, бета-адреноблокаторлар, октреотид және алкоголь.

- Хумалог® Джуниор КвикПен® препаратына қосымша препараттар қабылданатын жағдайда, емдеуші дәрігердің кеңесі қажет.

Арнайы сақтандырулар

Инсулинді ауыстыру дәрігердің қатаң қадағалауымен жүргізілуі тиіс.

Инсулин белсенділігінің, брендінің (өндіруші), инсулиннің типінің (мысалы, Регуляр/еритін, НПХ/изофан және т.б.), түрінің (жануарлардан алынған инсулин, адамнан алынған инсулин, адамнан алынған инсулиннің аналогы) және/немесе өндірілу әдісінің (ДНК-рекомбинантты инсулин немесе жануарлардан алынған инсулин) өзгеруі дозасын түзету қажеттілігіне алып келуі мүмкін. Жылдам әсер ететін инсулиндер мен базальді инсулинді бір мезгілде қолданған кезде, глюкозаның күні бойына, соның ішінде түнде және аш қарында бақылануына қол жеткізу үшін пациентке инсулиннің екі типінің де дозаларын оңтайландыру қажет;

Гипогликемия және гипергликемия

Диабетті ұзақ уақыт емдеген, инсулинмен емдеуді қарқындандырған, қант диабеті кезіндегі жүйке жүйесінің аурулары немесе дәрілік препараттар (мысалы, бета-адреноблокаторлар) қабылданған кезде гипогликемияның бастапқы симптомдары өзгеруі немесе айқындығы аз болуы мүмкін;

- кейбір пациенттерде адамнан алынған инсулинді енгізу аясындағы гипогликемияның хабаршы симптомдарының айқындығы азырақ болуы немесе жануарлардан алынған инсулинді енгізу аясында байқалғандардан өзгеше болуы мүмкін. Түзетілмеген гипо- немесе гипергликемиялық реакциялар естен тануға, комаға немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін;

- инсулиннің талапқа сай келмейтін дозаларын пайдалану немесе емдеуді тоқтату, әсіресе, инсулинге тәуелді пациенттерде, гипергликемияның дамуына және диабеттік кетоацидозға алып келуі мүмкін, олар өлімге соқтыруы ықтимал;

- пациенттерге терінің липодистрофиясы мен амилоидозын дамыту қаупін азайту үшін инъекция орнын үнемі өзгерту қажеттілігі туралы ескерту қажет. Осы реакциялар болатын жерлерде инсулинді енгізгеннен кейін инсулиннің кешігуі және гликемиялық бақылаудың төмен болуы мүмкін. Инъекция аймағын терінің зақымданбаған жерлеріне ауыстыру гипогликемияға алып келеді деп хабарлады. Инъекция орнын өзгерткеннен кейін қандағы глюкоза деңгейін бақылау ұсынылады, және антидиабетикалық препараттардың дозасын түзетуді ескеруге болады.

Инсулин қажеттілігі және дозасын түзету

- түрлі аурулар немесе эмоционалдық бұзылыстар жағдайларында инсулин қажеттілігі арта түсуі мүмкін;

- дене жүктемесі артқан немесе әдеттегі диета өзгерген кезде де дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін. Ас ішкен бойда жасалатын дене жаттығулары гипогликемияның туындау қаупін арттыруы мүмкін. Әсері қысқа инсулин аналогтары фармакодинамикасының ерекшелігі, инъекциядан кейін гипогликемия туындаған жағдайда, оның адамнан алынған еритін инсулинді қолданғандағыдан ертерек көрініс беретіндігінде;

- пиоглитазонды инсулинмен біріктіріп, әсіресе, жүрек жеткіліксіздігі дамуының қауіп факторлары бар пациенттер қолданғанда, жүрек жеткіліксіздігі дамыған жағдайлар туралы хабарланған. Пиоглитазон мен Хумалог® Джуниор КвикПен® препаратының біріктірілуі орын алатын емді қарастырған кезде ондай қауіп туралы ұмытпау керек. Біріктірілген емді қолданғанда пациенттер жүрек жеткіліксіздігінің, салмақ жоғарылауы мен ісінудің пайда болуының белгілері мен симптомдарының пайда болуына қатысты бақылауда болуы тиіс. Жүрек тарапынан симптомдар өршіген жағдайда, пиоглитазонды қолдануды тоқтату керек.

Пациенттердің ерекше топтары

- бүйрек жеткіліксіздігі кезінде инсулин қажеттілігі төмендеуі мүмкін;

- глюконеогенездің төмендейтіндігіне және инсулин ыдырауының төмендейтіндігіне байланысты, бауыр жеткіліксіздігі кезінде инсулин қажеттілігі төмендеуі мүмкін. Алайда, бауырдың созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде инсулинге резистентіліктің жоғарылауы оның қажеттілігінің артуына алып келуі мүмкін;

Қосымша заттарына қатысты айрықша нұсқаулар

- бұл медициналық өнімнің құрамында бір дозасында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни, іс жүзінде «натрийсіз» деп есептеуге болады.

Педиатрияда қолдану

- Хумалог® Джуниор КвикПен® препаратын жасөспірімдер мен балаларда қолдануға болады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

- инсулин лизпроның жүктілік кезінде қолданылуы зерттелген жағдайлардың көп деректері инсулин лизпроның жүктілікке немесе шарананың/жаңа туған нәрестенің денсаулығына қандай-да бір қолайсыз ықпалының бар екендігін көрсетпейді.

- жүктілік кезінде, әсіресе, инсулинмен ем қабылдап жүрген (инсулинге тәуелді немесе гестациялық диабеті бар) пациенттерді бақылауың жақсы жүргізілуі маңызды. Әдетте, инсулин қажеттілігі бірінші триместрі кезіне төмендейді және екінші және үшінші триместрлері кезінде жоғарылай түседі. Қант диабеті бар пациенттерге жүктілігі немесе жүктілікті жоспарлап жүргендігі туралы емдеуші дәрігеріне айтуы ұсынылады. Жүктілік кезінде қант диабеті бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейіне және жалпы денсаулық жағдайына мұқият мониторинг жүргізілуі қажет;

- қант диабеті бар пациенттерде бала емізу кезінде Хумалог® Джуниор КвикПен® препаратының дозасын, диетаны немесе екеуін де түзету қажет болуы мүмкін.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

- гипогликемия кезінде пациентте зейін қою және психомоторлық реакциялар жылдамдығы төмендеуі мүмкін. Бұл автомобиль жүргізу немесе механизмдерді басқару кезінде қауіп төндіруі мүмкін;

- пациенттер автомобиль жүргізу кезінде гипогликемия дамуына жол бермеу үшін сақтық шараларын қабылдауы тиіс. Бұл әсіресе айқындығы төмен немесе ізашар симптомдары жоқ гипогликемиясы бар пациенттер үшін немесе гипогликемия жиі дамыған кезде маңызды. Мұндай жағдайларда дәрігер пациенттің автомобиль жүргізуінің жөндігін бағалауы тиіс.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Хумалог® Джуниор КвикПен® дозаларын пациенттің жағдайына қарай дәрігер белгілейді. Хумалог® Джуниор КвикПен® препараты доза түзету мүмкіндігі артық болып табылатын пациенттер үшін қолайлы.

Хумалог® Джуниор КвикПен® препаратын дәл тамақ ішу алдында, қажет болғанда – тамақ ішкеннен кейін дереу енгізуге болады. Хумалог® Джуниор КвикПен® препаратын тері астына енгізгенде әсерінің тез басталатыны бақыланды және еритін инсулинмен салыстырғанда белсенділігінің ұзақтығы аздау (2-5 сағат). Бұл ерекшелігі Хумалог® Джуниор КвикПен® препаратын тамақ ішуге жақын уақытта қабылдауға мүмкіндік береді. Препараттың әсер ету уақыты әртүрлі адамдарда және бір адамда әртүрлі уақытта елеулі айырмашылықта болуы мүмкін. Еритін инсулинмен салыстырғанда Хумалог® Джуниор КвикПен® препаратының әсерінің жылдамырақ басталуы инъекция орнына байланыссыз сақталады. Хумалог® Джуниор КвикПен® препаратының әсер ету ұзақтығы құрамында инсулин бар барлық басқа препараттар сияқты дозаға, инъекция орнына, қанмен қамтамасыз етілуіне, температураға және дене белсенділігіне байланысты болып табылады.

Дәрігер ұсынысы бойынша Хумалог® Джуниор КвикПен® әсері ұзағырақ инсулинмен немесе пероральді сульфонилмочевина туындыларымен үйлесімде пайдаланылуы мүмкін.

Хумалог® Джуниор КвикПен® әр инъекцияда 0.5 бірлік қадаммен 0.5 – 30 бірлікті жеткізеді. Инсулин бірлігінің мөлшері концентрацияға байланыссыз доза терезесінде көрінеді. Пациент жаңа концентрацияға немесе дозалау қадамы басқа қаламға ауысқанда дозасын өзгертудің қажеті жоқ.

Енгізу әдісі мен жолы

Хумалог® Джуниор КвикПен® препараты тек тері астылық инъекцияға арналған.

Тері астылық инъекцияларды іш қабырғасына, жамбасқа, иыққа, дельтатәрізді бұлшықетке немесе бөксеге ішке жасау керек. Липодистрофиясы мен амилоидозының пайда болу қаупін азайту үшін инъекция орындарын әрдайым бір аймақта кезектестіру қажет.

Хумалог® Джуниор КвикПен® препаратын тері астына енгізгенде инъекция қан жүретін тамырға түсіп кетпеуі үшін сақтық таныту қажет. Инъекциядан кейін инъекция орнын уқалау керек емес. Пациенттер инсулин инъекциясын жүргізудің дұрыс техникасын оқып-үйренуі тиіс.

Дозаны дайындау

Пайдалану алдында Хумалог® Джуниор КвикПен® шприц-қаламды пайдалану бойынша нұсқаулықпен танысу керек. Хумалог® Джуниор КвикПен® шприц қаламын қолданған кезде, сіз Хумалог® Джуниор КвикПен® шприц қаламын пайдалану нұсқаулығындағы нұсқауларды орындауыңыз керек.

Инъекцияны дайындау және жүргізу туралы толығырақ ақпаратты шприц-қаламды медициналық қолдану бойынша нұсқаулықтан табуға болады. Төменде жалпы сипаттамасы берілген.

Егер шприц-қаламның қандай да бір бөлігі сынған немесе зақымданған болып көрінсе Хумалог® Джуниор КвикПен® пайдалануға болмайды.

Дозаны енгізу

  • Қолыңызды жуыңыз.

  • Инъекцияға арналған орынды таңдаңыз.

  • Инъекция орнындағы теріні нұсқауларға сәйкес дезинфекциялаңыз.

  • Теріні тартып және үлкен етіп жиырып алып, қысып ұстаңыз. Инені енгізіңіз және инъекцияны орындаңыз

  • Инені шығарып алыңыз және инъекция орнын бірнеше секунд бойы басып тұрыңыз. Инъекция орнын ысқыламаңыз.

  • Иненің сыртқы қорғағыш қалпақшасын пайдалана отырып, инені кері бұрап шығарыңыз және оны қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жойыңыз.

  • Препараттың инъекциясы орындарын, бір бөлік айына бір реттен жиі пайдаланылмайтындай етіп кезектестіру қажет.

  • Пайдаланылмаған препаратты немесе шығын материалын жергілікті талаптарға сәйкес жою керек.

    Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

    Инсулин препараттарында артық дозаланудың спецификалық анықталуы жоқ, өйткені глюкозаның қан сарысуындағы концентрациясы инсулин, глюкоза деңгейлері мен басқа метаболизмдік үдерістер арасындағы кешенді өзара әрекеттесу нәтижесі болып табылады. Гипогликемия инсулин белсенділігінің тағам қабылдауға, энергия шығындауға қатысты артуы нәтижесінде туындауы мүмкін.

    Гипогликемияның симптомдары: сылбырлық, сананың шатасуы, жүрек қағуы, бас ауыру, тершеңдік және құсу.

    Емі. Гипогликемияның жеңіл жағдайларын, әдетте, глюкозаны немесе қант немесе құрамында қант бар өнімдерді ішке қабылдаумен басуға болады.

    Ауырлығы орташа гипогликемияны түзетуді пациент жеткілікті деңгейде қалпына келгеннен кейін ішке көмірсулар қабылдаумен бұлшықет ішіне немесе тері астына глюкагон енгізу арқылы жүргізуге болады. Глюкагонмен емге жауап бермеген пациенттерге глюкоза ерітіндісін вена ішіне енгізу керек.

    Пациент коматозды жай-күйде болған жағдайда глюкагон бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізілуі тиіс. Алайда глюкагон болмаған жағдайда немесе глюкагон енгізуге реакция болмаған жағдайда глюкоза ерітіндісін вена ішіне енгізу керек. Гипогликемия дамуының қайталауынан аулақ болу үшін пациенттің есі қалпына келгеннен кейін көмірсулары мол тамақ беру керек.

    Ұзақ уақыт көмірсулар қабылдау және қадағалау көзге көрінетін клиникалық сауығудан соң туындауы мүмкін гипогликемияның қайта дамуының алдын алу үшін қажет болуы мүмкін.

    Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

    Препаратты қолдану бойынша сауалдар туындаса, емдеуші дәрігерге қаралыңыз.

    ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

    Жағымсыз әсерлері туындау жиліктерін көрсете отырып, келесі ережеге сәйкес атап келтірілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, бірақ <1/10), жиі емес (≥1/1 000, бірақ <1/100), сирек (≥1/10 000, бірақ <1/1 000), өте сирек (<1/10 000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).

    Жиі

    - Гипогликемия

    - Жергілікті аллергиялық реакциялар

    Кейде

    - Липодистрофия

    Сирек

    – Жүйелі аллергиялық реакциялар

    Белгісіз

    - Тері амилоидозы

    Гипогликемия қант диабеті бар пациенттерде туындайтын, инсулинмен емдеудің анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз әсері болып табылады. Ауыр гипогликемия естен тануға, және бірен-саран жағдайларда, өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Гипогликемия үшін спецификалық туындау жиілігі жоқ, өйткені гипогликемия инсулиннің енгізілген дозасының, сондай-ақ, дене белсенділігі және әрбір жеке пациенттің тамақтану режимі сияқты басқа факторлардың нәтижесі болып табылады.

    Жергілікті аллергиялық реакциялар пациенттерде жиі кездеседі. Инъекция орнында қызару, ісіну және қышыну туындауы мүмкін. Әдетте, ондай құбылыстар бірнеше күннен бірнеше аптаға дейінгі уақыт ішінде тыйылады. Кей жағдайларда, ондай реакциялар инсулинмен байланыссыз себептерден, мысалы, терінің тазартқыш агенттен тітіркенуінен немесе инъекцияның дұрыс жүргізілмеуінен туындайды.

    Жүйелі аллергиялық реакциялар сирек туындайды, бірақ ауырырақ болуы ықтимал. Олар жайылған бөртпені, тыныстың тарылуын, ентігуді, артериялық қысымның төмендеуін, тамыр соғысының жиілеуін немесе тершеңдікті туғызуы мүмкін. Жүйелі аллергиялық реакцияның ауыр жағдайлары өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

    Липодистрофия және тері амилоидоз инъекция орнында пайда болуы мүмкін және инсулиннің жергілікті сіңуін кешіктіреді. Берілген аймаққа инъекция енгізу аймағын үнемі өзгертіп отыру бұл реакцияны азайтуға немесе болдырмауға көмектеседі.

    Инсулинмен емдеу кезінде, әсіресе, осының алдындағы метаболизм бақылануы нашар болған, оның орны инсулинмен емдеуді қарқындандырудың көмегімен толтырылған жағдайда, ісінулер туындаған жағдайлар туралы хабарланған.

    Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

    http://www.ndda.kz

    Қосымша мәліметтер

    Дәрілік препарат құрамы

    Бір мл препараттың құрамы

    белсенді зат - инсулин лизпро, 100 ХБ

    қосымша заттар – метакрезол, глицерин, мырыш тотығы (Zn++ шаққанда), натрий гидрофосфат гептагидраты, рН түзету үшін 10 % хлорсутек қышқылы, рН түзету үшін 10 % натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

    Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

    Мөлдір, түссіз, құрамында консерванттары бар, стерильді сулы ерітінді.

    Шығарылу түрі мен қаптамасы

    3 мл препараттан мөлдір, түссіз шыныдан жасалған картридждерге салынады. Картридж бір жағынан тығынмен тығындалады және алюминий қалпақшамен, екінші жағынан плунжермен қапсырылады және шприц-қалам орнатылады. Шприц-қаламға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады.

    5 шприц-қаламнан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

    Сақтау мерзімі

    3 жыл

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

    Сақтау шарттары

    Тікелей түсетін күн сәулесінен және қыздырудан қорғау керек, 2ºС-ден 8ºС-ге дейінгі температурада тоңазытқышта сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

    Шприц-қаламды ашқаннан кейін қолдану кезеңі: 30°C-ден аспайтын температурада 28 күннен асырмай.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы

    Өндіруші туралы мәліметтер

    Лилли Франс С.А.С., Франция

    Мекенжайы: 24, boulevard Vital Bouhot, CS 50004, 92521 Neuilly-Sur-Seine Cedex

    Телефон: +1 (317) 276-2000

    www.lilly.com

    Тіркеу куәлігінің иесі

    Элай Лилли Восток С.А., Швейцария

    Мекенжайы: Air Centre 16, Ch.Des Coquelicots P.O. Box 580 OH-1214, Вернье/Женева

    Телефон: +41 (0)22 306 03 33

    www.lilly.com

    Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «Элай Лилли Восток С.А.» компаниясының өкілдігі

    Мекенжайы: Алматы қ., 050059, Иванилов к-сі, 21

    Тел: 8 727 2447 447

    Факс: 8 727 2442 851

    lilly_safety_caraga@lilly.com

    Шприц-қаламды пайдалану бойынша нұсқаулық

    ӨТІНІШ, ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА БЕРІЛГЕН НҰСҚАУЛЫҚТЫ ОҚЫҢЫЗ

    Хумалог® Джуниор КвикПен® препаратын бірінші қолдану алдында және шприц-қаламды әр келесі қолдану алдында осы Нұсқаулықты оқыңыз. Ақпарат жаңаруы мүмкін. Бұл нұсқау Сіздің жай-күйіңізге немесе емдеуіңізге қатысты Сіздің емдеуші дәрігеріңіздің кеңесін алмастыра алмайды.

    Хумалог® Джуниор КвикПен® ішінде инъекцияға арналған 3 мл (300 ХБ, 100 ХБ/мл) инсулин лизпро ерітіндісі бар бір реттік алдын ала толтырылған шприц-қалам. Бір шприц-қалам ішінде инсулин лизпро доза мөлшері көп реттік инъекцияға арналған.

    • Сіздің емдеуші дәрігеріңіз Сізге доза ретінде қанша бірлік енгізу керек болатыны және жазып берілген инсулин лизпроны қалай енгізу туралы кеңес береді.

    • Шприц-қалам бір қадамда жарты бірлік жинайды (0,5 бірлік). Сіз бір инъекцияда 0,5-тен 30 бірлікке дейін енгізе аласыз.

    • Сіз дұрыс доза қойғаныңызға көз жеткізуіңіз үшін жинап алынған дозаны доза индикаторы терезесінен әркез тексеріңіз.

    • Егер сіздің дозаңыз 30 бірліктен астам болса, Сізге бір инъекциядан көп енгізу керек болады.

    • Әр инъекцияда поршень аздаған арақашықтыққа жылжиды, сондықтан Сіз оның қозғалысын байқамауыңыз мүмкін. Поршень картридж түбіне жеткенде бұл Сіздің шприц-қаламдағы 300 бірліктің бәрін пайдаланғаныңызды білдіреді.

    Өз шприц-қаламыңызды тіпті ине алмастырғаннан кейін де басқа тұлғаларға беруге болмайды. Инені қайталап пайдаланбаңыз және оларды басқа тұлғаларға бермеңіз. Беру арқылы Сіз инфекция жұқтыруыңыз немесе өзіңіз жұқтырып алуыңыз мүмкін.

    Шприц-қаламды көру қабілеті толық жоғалған немесе көру қабілеті нашарлаған пациенттерге Хумалог® Джуниор КвикПен® шприц-қаламын тиісінше қолдануды оқып үйренген адамдардың көмегінсіз пайдалану ұсынылмайды.

    Хумалог® Джуниор КвикПен® шприц-қаламның бөлігі

    Хумалог® Джуниор КвикПен® шприц-қаламының ерекшеленетін белгілері:

    • Шприц-қаламның түсі: Көк

    • Доза енгізу түймесі: Көк, ұшында немесе бүйірінде көтеріңкі дөңесі бар.

    • Заттаңба: Қызғылт сары жолақты ақ және қою қоңыр қызыл жолақты қызғылт сары

    Инъекцияға қажетті заттар:

    • Хумалог® Джуниор КвикПен®

    • Хумалог® Джуниор КвикПен® препаратымен үйлесімдегі ине (Becton, Dickinson and Company өндірген инсулин инелерін пайдалану ұсынылады

    • Тампон

    Ине және тампон қамтылмаған.

    Шприц-қаламды дайындау

    • Қолды сабынмен жуыңыз.

    Сіз инсулиннің дұрыс типін таңдағаныңызға көз жеткізу үшін шприц-қаламды тексеріңіз. Егер сіз бір типтен астам инсулин пайдалансаңыз бұл аса маңызды.

    • Заттаңбада таңбаланып көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін немесе шприц-қаламды бірінші пайдаланудан 28 күн өткен соң шприц-қаламды пайдалануға болмайды.

    • Инфекцияның профилактикасы үшін және ине ластанып қалмау үшін әр инъекцияда үнемі жаңа ине пайдаланыңыз. ___________________

    1 саты:

      • Қалпақшаны шешіп алыңыз.

        • Шприц-қаламнан заттаңбаны алып тастамаңыз.

      • Резеңке дискіні тампонмен сүртіңіз.

    ______________________

    Хумалог® Джуниор КвикПен® мөлдір және түссіз болуы тиіс. Препараттың бұлыңғыр, қоюланған немесе әлсіз боялған ерітіндісін немесе онда көрінетін қатты бөлшектер табылса пайдалануға болмайды.

    ______________________

    2 саты:

    • Жаңа инені алыңыз.

    • Иненің сыртқы қорғағыш қалпақшасынан қағаз заттаңбаны алып тастаңыз.

    _______________________

    3 саты:

    • Қалпақшамен жабылған инені шприц-қаламға тіке жалғаңыз және инені шприц-қаламға тығыз жалғанып тұратын етіп бұраңыз.

    _____________________

    4 саты:

    • Инеден сыртқы қорғағыш қалпақшасын шешіңіз. Оны тастауға болмайды.

    • Инеден ішкі қорғағыш қалпақшасын шешіңіз және оны тастаңыз.

    Шприц-қаламнан инсулин түсуін тексеру

    Әр инъекция алдында шприц-қаламнан инсулин түсуін тексеріңіз.

    • Шприц-қаламнан инсулин түсуін тексергенде инесінен және картриджден әдеттегі пайдалануда жиналуы мүмкін ауа шығарылады. Оның дұрыс жұмыс істеуіне көз жеткізу үшін шприц-қаламнан инсулин түсуін тексеру маңызды.

    • Егер әр инъекция алдында шприц-қаламнан инсулин түсуіне тексеру жүргізілмесе, аса көп немесе тым аз инсулин енгізілуі мүмкін.

    5 саты:

    • Шприц-қаламнан инсулин түсуін тексеру үшін 2 бірлік қойылатын етіп доза енгізу түймесін айналдырыңыз.

    6 саты:

    • Шприц-қаламды инесін жоғары қаратып ұстаңыз. Картридждің жоғарғы бөлігіне ауа көпіршіктері жиналуы үшін картриджге саусақпен абайлап шертіңіз

    7 саты:

    Шприц-қаламды инесін жоғары қаратып ұстауды жалғастырыңыз. Доза енгізу түймесін доза индикаторы терезесінде «0» пайда болғанша түбіне дейін басыңыз. Доза енгізу түймесін ұстап тұрыңыз және баяу 5 дейін санаңыз.

    Сіз ине ұшынан инсулин тамшысын көруге тиіссіз.

    - Егер Сіз инсулин көрмесеңіз, шприц-қаламнан инсулин түсуінің тексеру сатыларын қайталаңыз, бірақ 4 реттен асырмаңыз.

    - Егер Сіз әлі де инсулин көрмесеңіз, инені алмастырыңыз және шприц-қаламнан инсулин түсуінің тексеру сатыларын қайталаңыз.

    Ауаның майда көпіршіктері болуы қалыпты жағдай және дозаға әсер етпейді.

    Доза таңдау

    • Сіз бір инъекцияда жартыдан (0,5) 30 бірлікке дейін енгізе аласыз.

    Сіз дұрыс доза қойғаныңызға көз жеткізу үшін доза индикаторы терезесіндегі цифрды үнемі тексеріңіз керек.

    • Егер сіздің дозаңыз 30 бірліктен астам болса, сізден бірден көп инъекция енгізу талап етіледі.

    - Дозаны қалай енгізу туралы Сіз емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

    - Әр инъекция алдында жаңа ине орнатыңыз және шприц-қаламнан инсулин түсуін тексеріңіз.

    8 саты:

      • Сіз енгізуге тиесілі бірлік мөлшерін таңдау үшін доза енгізу түймесін бұрыңыз. Доза индикаторы Сіздің дозаңызды көрсетуі тиіс.

    - Шприц-қалам дозаны жарты бірлікке (0,5 бірлік) дейінгі дәлдікпен орнатады.

    - Доза енгізу түймесін бұрау сыртылмен бірге жүреді.

    - Өз дозаңызды сыртыл есептеу жолымен ҚОЙМАҢЫЗ, өйткені сіз дұрыс емес доза қоюыңыз мүмкін.

    - Доза енгізу түймесін доза индикаторы терезесінде қажетті доза пайда болғанға дейін кез келген бағытта айналдыра отырып, дозаны түзетуге болады.

    - Доза есептегіште бүтін бірлік мөлшері шығарылады.

    - Жарты бірлік бүтін бірліктер арасындағы линия ретінде белгіленеді.

    • Сіз дұрыс доза қойғаныңызға көз жеткізу үшін доза индикаторы терезесіндегі цифрды үнемі тексеріңіз керек.

    ______________________

    Үлгісі: доза индикаторының терезесінде 4 бірлік

    Үлгісі: доза индикаторы терезесінде 10 ½ (10,5) бірлік көрсетілген

    • Шприц-қаламда қалған бірлік мөлшерінен асатын дозаны орнатуға шприц-қалам мүмкіндік бермейді.

    • Егер Сізге шприц-қаламда қалған бірлік мөлшерінен асатын дозаны енгізу қажет болса, Сіз мынаны орындайсыз:

    - қолдағы шприц-қаламда қалған инсулинді енгізесіз, содан кейін қажетті дозаны енгізуді аяқтау үшін жаңа қалам пайдаланасыз, немесе

    - жаңа шприц-қалам пайдалана отырып, барлық қажетті дозаны енгізесіз.

    • Сіз енгізе алмайтын, шприц-қаламда қалатын инсулиннің аздаған мөлшері қалыпты жағдай болып табылады.

    Доза енгізу

    • Сіз инсулинді емдеуші дәрігеріңіздің нұсқауына сәйкес енгізіңіз.

    • Инъекцияға арналған орынды алмастырып отырыңыз.

    • Инъекция жүргізу барысында инсулин дозасын өзгертуге талаптанбаңыз.

    9 саты:

    • Инъекцияға арналған орынды таңдаңыз.

    Хумалог® Джуниор КвикПен® іш, бөксе, сан немесе иық аумағына тері астына енгізіледі.

    • Теріні тампонмен сүртіңіз және оны инсулин дозасын енгізу алдында кептіріп алыңыз.

    10 саты:

      • Инені теріге енгізіңіз.

      • Дозаны енгізетін түймені басыңыз.

      • Доза енгізетін түймені басуды жалғастыра отырып, инені суырып алмас бұрын 5-ке дейін баяу санаңыз.

    Доза енгізетін түймені айналдыру жолымен инсулин енгізуге талаптанбаңыз. Сіз инсулин дозасын доза енгізетін түймені айналдыру жолымен енгізе алмайсыз.

    11 саты:

    • Инені теріден шығарып алыңыз.

    Ине ұшында инсулин тамшысы болуы қалыпты жағдай болып табылады.

    Бұл сіздің дозаңызға әсер етпейді.

    • Доза индикаторы терезесіндегі цифрды тексеріңіз

    • Егер Сіз доза индикаторы терезесінде «О» көрсеңіз, бұл Сіздің Өзіңіз тапсырған мөлшерді толық алғаныңыз.

    • Егер Сіз доза индикаторы терезесінде «О» көрмесеңіз, бұл Сіздің тапсырған мөлшерді толық алмағаныңыз. Жаңа доза анықтамаңыз. Инені теріге енгізіңіз және инъекцияны аяқтаңыз.

    • Егер Сіз әлі де енгізуге арналған толық дозаны алғаныңызға сенімсіз болсаңыз, инъек- цияны қайтадан бастамаңыз немесе бұл инъекцияны қайталамаңыз. Қандағы глюкоза деңгейін өлшеңіз және әрі қарай нұсқау алу үшін Сіз өз дәрігеріңізден нұсқау алуға дәрігерге қаралыңыз.

    Әр инъекцияда поршень тек сәл ғана қозғалады және Сіз оның қозғалысын байқай алмайсыз.

    Егер Сіз инені теріден алғаннан кейін қан көрсеңіз инъекция орнын дәке бөлігімен немесе тампонмен сәл қысыңыз. Инъекция орнын уқалауға болмайды.

    Инъекциядан кейін

    12 саты:

    • Иненің сыртқы қорғағыш қалпақшасын сақтықпен кигізіңіз

    13 саты:

    • Қалпақшамен жабылған инені оны айналдыра отырып ажыратыңыз, және оны төменде сипатталғандай утилизациялаңыз (Шприц-қаламды және инені утилизациялауды қараңыз).

    • Инсулин ағып кетуін, ине ластануын және ауа көпіршіктерінің шприц-қаламға түсуін болдырмау үшін шприц-қаламды өзіне бекітілген инемен сақтамаңыз.

    14 саты:

    • Шприц-қалам қалпақшасын клипсты доза индикаторына қарай бағыттаумен орнатыңыз және қалпақшаны басыңыз.

    Шприц-қалам және инені утилизациялау

    • Пайдаланылған инені үшкір және кесетін құралдарға арналған контейнерге немесе тығыз жабылатын қорғағыш қақпағы бар қатты пластик контейнерге тастау керек. Инені жай қоқыс шелегіне тастауға болмайды.

    • Пайдаланылған шприц-қаламды инесін ажыратқаннан кейін тұрмыс қалдықтарымен утилизациялауға болады.

    • Үшкір медициналық қалдықтарға арналған толық контейнерлерді қайталап пайдалануға болмайды.

    • Сіз емдеуші дәрігеріңізден инелерге арналған контейнерлерді дұрыс утилизациялау тәсілдерін сұраңыз.

    • Инені қолдану бойынша нұсқаулар жергілікті ережелерді, медициналық қызметкерлердің ұсыныстарын немесе емдеу мекемелерінің нормаларын алмастыруға арналмаған.

    Шприц-қаламды сақтау

    Пайдаланылмаған шприц-қалам

    • 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада тоңазытқышта сақтау, жарықтан, тікелей түсетін күн сәулесінен және қыздырудан қорғау керек.

    • Хумалог® Джуниор КвикПен® препаратын мұздатып қатыруға жол бермеңіз. Егер препарат мұздатып қатырылған болса пайдаланбаңыз.

    • Пайдаланылмаған шприц-қаламды егер шприц-қалам тоңазытқышта сақталса, заттаңбасында көрсетілген жарамдылық мерзіміне дейін пайдалануға болады.

    Пайдаланудағы қалам

    • Қолданыстағы шприц-қаламды, 30 °C аспайтын температурада 28 күннен асырмай сақтау керек.

    • Егер оның ішінде инсулин қалса да, 28 күн пайдаланудан кейін шприц-қаламды тастау керек.

    Шприц-қаламды қауіпсіз және тиімді қолдану бойынша жалпы ақпарат

    • Шприц-қаламды және инені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

    • Егер шприц-қаламның қандай да бір бөлігі сынған немесе бүлінген болып көрінсе оны пайдаланбаңыз.

    • Сізде шприц-қалам жоғалуы немесе бүлінуі жағдайында өзіңізбен бірге басы артық шприц-қаламыңыз болуы тиіс.

    Бұзылулардың анықталуы және оларды жою

    • Егер Сіз шприц-қалам қалпақшасын шешіп ала алмасаңыз, қалпақшаны кейін және алдыға қарай абайлап айналдырыңыз және содан соң қалпақшаны шешіп алыңыз.

    • Егер доза енгізу түймесі жеңіл басылмаса:

    • Түймені баяу басу препарат енгізуді жеңілдетеді.

    • Сіздің инеңіз ластанып қалуы мүмкін. Жаңа ине орнатыңыз және шприц-қаламнан инсулин түсуіне тексеру жүргізіңіз.

    • Шприц-қаламға шаң, тамақ немесе сұйықтық түсіп кетуі мүмкін. Шприц-қаламды тастаңыз және оны жаңасымен алмастырыңыз.

    Егер Сізде Хумалог® Джуниор КвикПен® шприц-қаламын пайдалануға байланысты қандай да бір сұрақ немесе мәселелер туындаса Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге немесе Лилли компаниясының жергілікті филиалына көмек үшін жүгінііңз.

    Прикрепленные файлы

    Хумалог_Джуниор_КвикПен_листок-вкладыш_рус.docx 1.14 кб
    Хумалог_Джуниор_КвикПен_листок-вкладыш_каз.doc 1.28 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту