Хумалог® (100 МЕ/мл)

МНН: Инсулин лизпро
Производитель: Элай Лилли Италия С.п.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Insulin lispro
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121946
Информация о регистрации в РК: 24.07.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 2 458.63 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Хумалог®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Инсулин лизпро

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 100 ХБ/мл 3 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - инсулин лизпро 100 ХБ/мл (3.5 мг)

қосымша заттар: метакрезол, глицерин, мырыш тотығы, натрий гидрофосфат гептанидраты, рН түзету үшін 10 % хлорсутегі қышқылы, рН түзету үшін 10 % натрий гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған препараттар. Инсулиндер. Инсулиндер және жылдам әсерлі аналогтары. Лизпроинсулин

АТХ коды А10АВ04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Инсулин лизпроның фармакокинетикасы жылдам сіңірілумен және тері астылық инъекцияны жасағаннан кейін 30-70 минуттан соң қандағы ең жоғарғы деңгейлерге жетумен байқалады. Егер осындай кинетикалық қасиеттердің клиникалық маңызын қарастырса, онда глюкозаны пайдалану қисығын зерттеу дұрыстау болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде адам тектес инсулинмен салыстырғанда инсулин лизпроның сіңірілуі жылдамырақ. 2-типті диабеті бар пациенттерде бүйрек функциясының кең ауқымдағы көрсеткіштерінде фармакокинетикалық қасиеттер жағынан әдетте инсулин лизпро мен адам текті еритін инсулин арасында айырмашылықтар белгіленді, олар бүйрек функциясына байланысты емес екенін көрсетті. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қатысты инсулин лизпро адам текті еритін инсулинмен салыстырғанда жылдамырақ сіңірілу және организмнен шығарылу кезеңіне иеленген.

Фармакодинамикасы

Инсулин лизпроның негізгі әсері глюкоза метаболизмін реттеу. Оған қоса, инсулиндер организмнің түрлі тіндеріне анаболизмдік және катаболизмге қарсы әсерге ие. Бұлшықет тінінде гликоген, май қышқылдары, глицерол мөлшерінің ұлғаюы, ақуыз синтезінің күшеюі және амин қышқылдарын тұтынудың ұлғаюы жүреді, бірақ бұл ретте гликогенолиздің, глюконеогенездің, кетогенездің, липолиздің, ақуыз катаболизмінің және амин қышқылдарының босап шығуы төмендейді. Инсулин лизпро әсердің жылдам (шамамен 15 минут ішінде) басталуымен сипатталады, бұл Хумулин® Регулярмен (асқа дейін 30 - 45 минут бұрын) салыстырғанда оны ас қабылдау уақытына жақын (асқа дейін нөлден 15 минут ішінде) қолдануға мүмкіндік береді. Инсулин лизпро жылдам әсер етеді және Хумулин® Регулярмен салыстырғанда әсер ету ұзақтығы төмен (2-ден 5 сағатқа дейін). 1 және 2 типті диабеті бар пациенттерге қатысты жүргізілген клиникалық зерттеулер адам текті еритін инсулинмен салыстырғанда инсулин лизпроны қолдану кезінде постпрандиальді гипергликемияның төмендегенін көрсетті. Инсулин лизпроның әсер ету ұзақтығы, барлық басқа инсулиндік препараттар сияқты түрлі пациенттер арасында немесе бір ғана пациентте түрлі уақытта айырмашылықтар болуы және дозаға, препаратты қолдану орнына, қанмен қамтамасыз етілуіне, температураға және дене белсенділігіне байланысты болуы мүмкін. Әрі қарай теріастылық инъекциядан кейін әсер етуінің үлгілік бейіні келтіріледі.

Гипогликемиялық белсенділік

 

инсулин лизпро

Хумулин® Регуляр

 

Уақыт (сағат бойынша)

 

Жоғарыда келтірілген графикте аш қарындағы деңгейіне жақын қандағы глюкозаның жалпы концентрацияларын ұстап тұру үшін уақыттың түрлі кезеңдерінде қажет глюкозаның қатысты мөлшері көрсетілген және бұл график осы инсулиндердің глюкоза метаболизміне уақыт өте әсер етуінің индикаторы болып табылады.

Балаларға (2-ден 11 жасқа дейінгі 61 пациент) және балалар мен жасөспірімдерге (9-ден 19 жасқа дейінгі 481 пациент) қатысты клиникалық зерттеулер жүргізілді, онда инсулин лизпро адам текті еритін инсулинмен салыстырылды. Инсулин лизпроның балалардағы фармакодинамикалық бейіні ересектерде белгіленгенге ұқсас болды.

Сульфонилмочевина туындыларының ең жоғарғы дозаларын қабылдаған 2-типті диабеті бар пациенттерде зерттеулер инсулин лизпроны қосу сульфонилмочевина туындылары ғана қолданылған жағдайлармен салыстырғанда HbA1с мәні біршама төмендейтінін көрсетті. HbA1с мәндерінің төмендеуі де еритін инсулиндер және изофан-инсулиндер сияқты өзге де инсулиндік препараттарды қолданғанда болжанады.

1 және 2 типті диабеті бар пациенттерге қатысты жүргізілген клиникалық зерттеулер адам текті еритін инсулинмен салыстырғанда инсулин лизпроны қолданғанда түнгі гипогликемия эпизодтарының аздығын көрсетті. Кейбір зерттеулерде түнгі гипогликемия жиілігінің төмендеуі гипогликемия эпизодтарының күндізгі уақытта ұлғаюымен астасқан.

Инсулин лизпроны қолдануға глюкодинамикалық жауапқа бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы ықпал етпейді. Клэмп-тест кезінде белгілінген инсулин лизпро мен еритін адам инсулині арасындағы глюкодинамикалық айырмашылықтар бүйрек функциясы көрсеткіштерінің кең диапазонында ұсталып тұрды.

Инсулин лизпро өзін молярлық негіздегі адам текті инсулинге қатысты тең екенін көрсетті, алайда, ол жылдамырақ әсер ете бастайды және әсер ету ұзақтығы азырақ.

Қолданылуы

  • глюкозаның қалыпты гомеостазын демеу үшін инсулинотерапия жүргізу керек болған ересектер мен 2 жастан асқан балалардағы қант диабеті

  • қант диабетін бастапқы сатыда тұрақтандыру

Қолдану тәсілі және дозалары

Хумалог® дозаларын пациенттің жағдайына байланысты дәрігер анықтайды. Науқастардың экзогендік инсулинге сезімталдығы әр түрлі, тері астына енгізілген инсулиннің 1 ӘБ 2-ден 5 г-ге дейін глюкоза сіңірілуіне ықпал етеді. Хумалогты® тамақтанар алдындағы 15 минуттан ерте емес немесе тәулігіне 4-6 рет (монотерапия) немесе ұзағырақ әсер ететін инсулинмен біріктірілімде тәулігіне 3 рет тағам қабылдаудан кейін бірден енгізу ұсынылады. Енгізілетін препарат бөлме температурасында болуы тиіс.

Хумалогтың® әсер ету ұзақтығы құрамында инсулин бар барлық басқа препараттар сияқты дозаға, қолдану орнына, қанмен қамтамасыз етілуіне, температураға және дене белсенділігіне байланысты болып табылады.

Хумалогты® балалар мен ересектерге енгізу режимі әркімде жеке! Бір реттік және тәуліктік дозалар глюкозаның қандағы және несептегі құрамын бір күн ішінде қайта зерттеулерінің нәтижелері бойынша және пациенттің метаболизмдік қажеттіліктеріне байланысты түзетіледі.

Хумалогқа® жалпы тәуліктік қажеттілік түрленіп отыруы мүмкін және әдетте күніне 0,5-1,0 ХБ/кг құрайды.

Хумалогты® көктамыр ішіне енгізу кәдімгі көктамырішілік инъекция ретінде жүргізіледі. Хумалогтың® көктамыр ішіне енгізуді кетоацидозда, жедел ауруларда, немесе операция уақытында және операциядан кейінгі кезеңде қандағы глюкоза деңгейін бақылау мақсатында жүргізуге болады. Бұл ретте қандағы глюкоза деңгейін жиі бақылап отыру керек. Хумалогтың® 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісіндегі немесе 5% декстрозадағы концентрациясы 0,1 ХБ/мл және 1 ХБ/мл дейінгі инфузияға арналған жүйелері бөлме температурасында 48 сағат бойы тұрақты.

Хумалогтың® тері астына инфузиясында инсулиндік помпаның көмегімен помпаға тіркелген нұсқаулықты қатаң қадағалау қажет. Инфузияға арналған жүйелерді әр 48 сағат сайын ауыстырады. Гипогликемия дамыған жағдайда инфузияны тоқтатады. Помпаны қолдану кезінде Хумалог® басқа инсулиндермен араластырмаған жөн.

Тері астылық инъекцияларды иыққа, жамбасқа, бөксеге немесе ішке жасау керек. Инъекция орындарын бір жасалған орын айына шамамен бір реттен жиі пайдаланылмайтындай кезектестіру қажет. Хумалогты® тері астына енгізгенде инъекция қан жүретін тамырға түсіп кетпеуі үшін сақтық таныту қажет. Инъекциядан кейін енгізу орнын уқалау керек емес. Пациенттер инсулинді енгізудің дұрыс техникасын оқып-үйренуі тиіс.

Хумалогты® инсулиндік помпаның көмегімен қолдану.

Инсулин лизпро инфузиясы үшін тек белгілі бір инсулиндік помпаларды қолдануға болады (препараттың нақты помпаға жарайтындығын растау мақсатында өндірушілердің нұсқаулықтарымен танысу керек). Инсулиндік помпаларға тіркелген нұсқаулықты қатаң қадағалау қажет. Инсулинлік помпа үшін тиісті резервуарды және катетерді пайдалану керек. Инфузиялық жинақты (түтік және катетер) инсулиндік помпаға тіркелген бұйым туралы ақпаратта келтірілген нұсқаулықтарға сәйкес ауыстыру керек. Гипогликемиялық эпизод пайда болғанда инфузияны эпизод өткенше тоқтату керек. Қайталанғанда немесе глюкозаның қандағы төмен деңгейлері пайда болғанда емдеуші дәрігерге қаралу және инсулин инфузиясын төмендету немесе тоқтату қажеттілігін қарастыру керек. Инсулиндік помпа жұмысының ақауы немесе инфузиялық жүйеде бітеулердің туындауы глюкоза деңгейінің жылдам жоғарылауына әкелуі мүмкін. Инсулин ағынының үзілуіне күдік пайда болғанда препарат туралы мәліметтерде келтірілген нұсқаулықтарды ұстану керек және қажет жағдайда емдеуші дәрігерге хабарлау керек. Препаратты инсулиннің инсулиндік помпасының көмегімен енгізгенде Хумалогты® басқа инсулинмен араластырмаған жөн.

Дозаны дайындау

Хумалог® ерітіндісін тексеру керек – ол мөлдір және түссіз болуы тиіс. Егер ол бұлыңғыр, қою, аздап боялған немесе онда қатты бөлшектер жүрсе Хумалогты® пайдаланбаңыз.

Препаратта үлпектер болса пайдаланбаңыз. Картридждердің құрылғысы олардың ішіндегісін тікелей картридждің өзінде басқа инсулиндермен араласуына жол бермейді. Картридждер қайта толтыруға арналмаған. Картриджді толтыру, инені бекіту және инсулин инъекциясын жүргізу кезінде әрбір жеке еккішке қатысты өндірушінің нұсқаулығын қадағалау қажет.

Өз картриджіңізді немесе инелерді басқа адамдарға бермеңіз. Осылайша, сіз күрделі инфекция тарату немесе қабылдау қаупіне тап боласыз. Инелер мен қаламдар тек жеке пайдалануға арналған.

Хумалог® картриджі құрылғы өндірушісі ұсынған ақпаратта ұсынылғандай СЕ таңбасы бар қаламдармен пайдаланылуы тиіс.

Дозаны енгізу

  • Қолыңызды жуыңыз.

  • Инъекция салатын орынды таңдаңыз.

  • Терідегі инъекция орнын спиртті мақта тампонмен сүртіңіз.

  • Инеден сыртқы қорғағыш қалпақшаны алып тастаңыз.

  • Үлкен қатпар етіп жинап немесе оны тартып теріні белгілеңіз.

  • Инені енгізіп, инъекцияны орындаңыз.

  • Инені шығарып алыңыз және инъекция орнын мақта тампонмен бірнеше секунд бойы абайлап қысып тұрыңыз. Инъекция орнын уқаламаңыз.

  • Иненің сыртқы қорғағыш қалпақшасын пайдаланып, препаратты енгізгеннен кейін бірден инені бұрап шығарыңыз және оны қауіпсіз орынға қойыңыз.

  • Препаратты инъекциялау орнын бір жерге айына шамамен бір реттен жиі пайдаланылмайтындай кезектестіру қажет.

  • Құтылардағы инсулин ерітіндісін картридждердегі инсулинмен араластырмаңыз.

Жағымсыз әсерлері

Жекелеген жағдайларға қарағанда жиі кездесетін жағымсыз реакциялар келесі градацияға сәйкес тізілген: өте жиі (≥ 10%), жиі (≥ 1%, < 10%), кейде (> 0,1%, < 1%), сирек (> 0,01%, < 0,1%), өте сирек (< 0,01%).

Өте жиі

  • гипогликемия инсулин препараттарын, оған қоса Хумалогты® енгізгенде туындайтын ең жиі жағымсыз әсер болып табылады. Ауыр гипогликемия естен тануға, кей жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.

Жиі

  • жергілікті аллергиялық реакциялар (қызару, ісіну немесе инъекция орнының қышуы) әдетте бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін кетеді. Көбінесе бұл реакциялар инсулинмен байланысты емес себептерден, мысалы, терінің тазалағыш агенттен тітіркенуінен немесе инъекцияны дұрыс жүргізбеуден туындайды.

Кейде

  • препаратты енгізу орнындағы липодистрофия.

Сирек

  • жүйелі аллергиялық реакциялар (жайылған қышыну, тыныс алудың қиындауы, ентігу, артериялық қысымның төмендеуі, пульстің жиілеуі, қатты тершеңдік) сирек туындайды, бірақ өмірге қауіп төндіретін болуы мүмкін. Хумалогқа® ауыр аллергия дамуының сирек жағдайларында мамандандырылған медициналық көмек талап етіледі. Инсулинді алмастыру немесе десенсибилизация жүргізу қажет болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • инсулин лизпроға немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • гипогликемия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Хумалогтың® гипогликемиялық әсерін

төмендетеді: пероральді контрацептивтер, кортикостероидтар, қалқанша без гормондарының препараттары, даназол, бета-2-стимуляторлар (ритодрин, сальбутамол, тербуталин).

Хумалогтың® гипогликемиялық әсерін

күшейтеді: пероральді гипогликемиялық препараттар, салицилаттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы), сульфаниламидтер, моноаминоксидаза (МАО) тежегіштері, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер, ангиотензин өзгертуші ферменттің белгілі тежегіштері (каптоприл, эналаприл), ангиотензин II рецепторларының бөгегіштері, бета-адреноблокаторлар, октреотид және алкоголь.

Бета-адреноблокаторлар, клофелин, резерпин гипогликемия симптомдарының пайда болуын бүркемелеуі мүмкін. Қант диабетінің, белсенді инсулинотерапияның, диабеттік нейропатияның ұзақ ағымында гипогликемия симптомдары өзгеруі немесе айқындығы төмен болуы мүмкін.

Үйлесімсіздігі

Адам инсулинін жануар текті инсулинмен немесе басқа өндірушілер шығаратын адам инсулинімен араластырғандағы әсер зерттелмеді. Хумалогпен® қатар басқа препараттарды пайдаланғанда дәрігермен кеңесу қажет.

Хумалогты® пиоглитазонмен біріктіру

Пиоглитазонды инсулинмен, әсіресе жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупі факторлары бар пациенттер біріктіріп қолдану кезінде жүрек жеткіліксіздігінің даму жағдайлары туралы хабарланды. Мұндай қауіп туралы пиоглитазон мен Хумалогтың® бірігуі орын алатын емді қарастыру кезінде ұмытпау керек. Біріктірілген емді қолдану кезінде пациенттер жүрек жеткіліксіздігінің, салмақ ұлғаюының белгілері мен симптомдарының және ісінудің пайда болуына қатысты бақылануы тиіс. Жүрек тарапынан болатын симптомтар өршігенде пиоглитазон қолдануды тоқтату керек.

Айрықша нұсқаулар

Хумалог® басқа инсулиндерден ерекшеленеді, өйткені оның құрылымы бірегей, әсердің өте жылдам басталуын және төмен әсер ету ұзақтығын қамтамасыз етеді, сондықтан науқасқа бұрын басқа инсулиндерді қабылдағанда қолданылған дозаны өзгерту қажет болуы мүмкін.

Инсулинді ауыстыру тек дәрігердің қадағалауымен жүргізілуі тиіс! Инсулин белсенділігінің, инсулин типінің (мысалы, Регуляр, НПХ және т.б.), тегінің (жануар тектес инсулин, адам инсулині, адам инсулинінің аналогы) және/немесе өндіріс тәсілінің (ДНҚ-рекомбинантты инсулин немесе жануар тектес инсулин) өзгеруі дозаны түзету қажеттілігіне әкелуі мүмкін. Жылдам әсер ететін инсулиндер мен базальді инсулинді бір уақытта қолданғанда пациентке күні бойы, оның ішінде түнде және аш қарында глюкозаның бақылануына қол жеткізу үшін инсулиннің екі типінің де дозаларын оңтайландыру қажет.

Түрлі аурулар кезінде немесе эмоциялық ширығулар кезінде инсулинге қажеттілік ұлғаюы мүмкін.

Инсулинге қажеттілік бүйрекүсті бездері, гипофиз немесе қалқанша без функциясының жеткіліксіздігінде, бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігінде төмендеуі мүмкін. Алайда, созылмалы бауыр жеткіліксіздігінде инсулинге төзімділіктің артуы инсулинге қажеттіліктің ұлғаюына әкелуі мүмкін.

Дозаны өзгерту дене белсенділігінің жоғарылауында немесе әдеттегі диетаны өзгерту кезінде талап етілуі мүмкін. Тамақ ішкеннен кейін бірден дене жаттығулары гипогликемияның даму қаупін ұлғайтуы мүмкін.

Түзетілмеген гипо- немесе гипергликемиялық реакциялар естен тануға, комаға немесе өлімге әкелуі мүмкін. Инсулиннің дұрыс емес дозаларын пайдалану немесе емді тоқтату, әсіресе инсулинге тәуелді пациенттерде потенциальді өлім жағдайлары болып табылатын гипергликемияның дамуына және диабеттік кетоацидозға әкелуі мүмкін.

При применении у детей предпочтение должно отдаваться Хумалогу® по сравнению с растворимым инсулином только в том случае, когда требуется быстрое начало действия инсулина.

Еритін инсулинмен салыстырғанда Хумалогты® артық деп инсулин әсерінің жылдам басталуын талап ететін жағдайда ғана санау керек.

Пациенттерде дене белсенділігі жоғарылағанда немесе өзінің күнделікті тағамына өзгерістер енгізген жағдайда дозаны түзету талап етілуі мүмкін. Тамақ ішкеннен кейін бірден жасалған дене жаттығулары гипогликемияның даму қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Өз картриджіңізді немесе инені басқа адамдарға бермеңіз. Осылайша, сіз күрделі инфекция тарату немесе қабылдау қаупіне тап боласыз. Инелер мен қаламдар тек жеке пайдалануға арналған.

Хумалог® картридждері өндіруші ұсынған құрылғының ақпаратында ұсынылғандай СЕ таңбасы бар қаламмен пайдаланылуы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңінде инсулинмен ем қабылдайтын пациенттерді дұрыс бақылау аса маңызды. Инсулинге қажеттілік әдетте алғашқы триместр кезінде төмендейді және екінші және үшінші триместрлер кезінде ұлғаяды. Қант диабеті бар науқастарға жүктілік немесе жүктілікті жоспарлағаны туралы өз дәрігеріне хабарлау ұсынылады. Жүктілік кезеңінде қант диабетімен ауыратын науқастарға қандағы глюкоза деңгейіне және жалпы денсаулық жағдайына мұқият мониторинг жүргізу қажет. Қант диабеті бар науқастарға бала емізу кезеңінде Хумалог® дозасын, диетаны немесе екеуін де түзету керек болуы мүмкін.

Балалар. 2 жастан кіші 1-типті қант диабеті және 2-типті қант диабеті бар балаларда қолданылуы зерттелмеді.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Гипогликемия кезінде науқаста зейін шоғырландыру және психомоторлық реакциялар жылдамдығы төмендеуі мүмкін. Бұл автомобиль жүргізу немесе механизмдерді басқару кезінде қауіп төндіруі мүмкін.

Науқастарға автомобиль жүргізу кезінде гипогликемия дамуына жол бермеу үшін сақтық шараларын қабылдауы тиіс. Бұл әсіресе айқындығы төмен немесе ізашар симптомдары жоқ гипогликемиясы бар пациенттер үшін немесе гипогликемия жиі дамыған кезде маңызды. Мұндай жағдайларда дәрігер пациенттің автомобиль жүргізуінің жөндігін бағалауы тиіс.

Артық дозалануы

Инсулин препараттарында артық дозаланудың спецификалық анықталуы жоқ, өйткені глюкозаның қан сарысуындағы концентрациясы инсулин, глюкоза деңгейлері мен басқа метаболизмдік үдерістер арасындағы кешенді өзара әрекеттесу нәтижесі болып табылады. Гипогликемия инсулин белсенділігінің тағам қабылдауға, энергия шығындауға немесе екеуіне де қатысты артуы нәтижесінде туындауы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда, мысалы, қант диабетінің аса ұзақтығында немесе қарқындылығында гипогликемияның ізашар-симптомдары өзгеруі мүмкін.

Симптомдары: гипогликемия келесі симптомдармен қатар жүруі мүмкін: сылбырлық, сананың шатасуы, жүрек қағуы, бас ауыруы, тершеңдік және құсу.

Емі: Гипогликемияның жеңіл жағдайларын әдетте глюкозаны немесе қантты пероральді енгізумен басуға болады. Инсулин дозасын, диетаны немесе дене белсенділігін түзету қажет болуы мүмкін. Орташа ауыр гипогликемияны көмірсуларды ішке қабылдаумен жалғасатын глюкагонды бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізу арқылы түзетуге болады. Комамен, құрысулармен немесе неврологиялық бұзылыстармен қатар жүретін гипогликемияның ауыр жағдайларын глюкагонды бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізумен немесе концентрацияланған глюкоза ерітіндісін көктамыр ішіне енгізумен басады. Ақыл-есі қалпына келгеннен кейін науқасқа гипогликемияның қайта дамуына жол бермеу үшін көмірсуларға бай тағам беру қажет. Көмірсуларды ұзақ қабылдау және қадағалау сырт көзге байқалған клиникалық сауығудан кейін гипогликемияның қайта даму мүмкіндігіне байланысты қажет болуы мүмкін. Ауыр гипогликемиялық жағдайлар пациентті шұғыл ауруханаға жатқызылуды қажет етеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

3 мл препараттан мөлдір, түссіз шыныдан жасалған картридждерге салынады. Картридж бір жағынан резеңке тығынмен тығындалады және алюминий қалпақшамен қапсырылады, екінші жағынан плунжермен қапсырылады.

5 картриджден поливинилхлорид үлбірден және оған дәнекерленген алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

Әрбір картриджге өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады. Пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Тікелей түсетін күн сәулесінен және қыздырудан қорғау керек, 2ºС-ден 8ºС-ге дейінгі температурада. Мұздатып қатыруға болмайды!

Қолданылудағы картриджды бөлме температурасында 15 ºС-ден 30ºС-ге дейінгі температурада 28 күннен асырмай сақтау керек!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

Элай Лилли Италия С.п.А., Италия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Элай Лилли Восток С.А., Швейцария

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Элай Лилли Италия С.п.А., Италия

Орталық Азия және Монғолия елдері аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Элай Лилли Восток С.А.» компаниясының өкілдігі

Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ-сы, Иванилов к-сі 21.

тел: 8 (727) 2 447 447

факс: 8 (727) 2 442 851

Lilly_Safety_CARAGA@Lilly.com

Прикрепленные файлы

943044721477976316_ru.doc 124 кб
336088121477977558_kz.doc 104.75 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники