Фобос (150 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Фобос
Халықаралық патенттелмеген атауы
Флуконазол
Дәрілік түрі
50 мг, 150 мг және 200 мг капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – 50 мг, 150 мг және 200 мг флуконазол,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты,
қабығы: желатин, патенттелген көк V (Е131), хинолинді сары (Е104), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) сары тотығы (Е172) (50 мг доза үшін),
қабығы: желатин, титанның қостотығы (Е171) (150 мг доза үшін),
қабығы: желатин, титанның қостотығы (Е171) (200 мг доза үшін).
Сипаттамасы
Өлшемі №2, корпусы және күңгірт-жасыл түсті қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар (50 мг доза үшін).
Өлшемі №1, корпусы және ақ түсті қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар (150 мг доза үшін).
Өлшемі №0, корпусы және ақ түсті қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар (200 мг доза үшін).
Капсуланың ішінде - ақ гомогенді ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Зеңге қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар. Триазол туындылары. Флуконазол.
АТХ коды J02AC01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Флуконазолдың фармакокинетикалық қасиеттері вена ішіне енгізгенде немесе ішу арқылы қабылдағанда ұқсас.
Сіңуі
Асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді (ас ішу сіңу жылдамдығына әсер етпейді), биожетімділігі – 90 %. Аш қарынға 150 мг ішке қабылдағаннан кейін ең жоғары концентрациясына (Сmax) жету уақыты – 0,5-1,5 сағат. Қан плазмасындағы концентрациясы дозаға тікелей пропорционалды тәуелділікте болады. Тепе-тең концентрациясына қабылдаудың 4-5 күніне қарай жетеді.
Таралуы
Болжамды таралу көлемі организмдегі судың жалпы көлеміне жақын болады. Ақуыздармен байланысуы – 11-12 %. Организмнің барлық сұйықтықтарына жақсы өтеді. Емшек сүтінде, буын сұйықтығында, сілекейде, қақырықта және перитонеальді сұйықтықтағы белсенді зат концентрациясы плазмадағы осындаймен ұқсас болады. Қынап сөліндегі тұрақты мәндеріне ішке қабылдағаннан кейін 8 сағаттан соң жетеді және осы деңгейде кемінде 24 сағат ұсталады. Зеңді менингитте жұлын сұйықтығындағы концентрациясы плазмадағысының 80% жуығын құрайды. Тер сұйықтығында, эпидермисте және мүйізгекті қабатында (селективті жиналу) сарысудағысынан асып кететін концентрацияларына жетеді.
Күніне бір рет 50 мг дозада қабылдағанда флуконазол концентрациясы 12 күннен кейін 73 мкг/г, ал ем тоқтатқаннан кейін 7 күннен кейін - 5,8 мкг/г құрады. Ішке 150 мг қабылдағаннан кейін 7 күні дерманың мүйізгекті қабатындағы концентрациясы – 23,4 мкг/г, ал екінші дозасын қабылдағаннан кейін апта өткенде – 7,1 мкг/г құрайды. Аптасына 1 рет 150 мг дозада 4 ай қолданғаннан кейінгі концентрациясы сау тырнақтарда – 4,05 мкг/г және зақымданған тырнақтарда – 1,8 мкг/г.
Биотрансформациясы
Флуконазол елеусіз дәрежеде ғана метаболизденеді. Радиоактивті доза енгізгенде тек 11% ғана несеппен өзгермеген түрде шығарылады. Флуконазол CYP2C9 және CYP3A4 изоферменттерінің селективті тежегіші болып табылады, сондай-ақ ол CYP2C19 изоферментінің тежегіші болып табылады.
Элиминация
Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) – 30 сағат. Көбінесе бүйрекпен шығарылады, 80% - өзгермеген күйде. Флуконазол клиренсі креатинин клиренсіне (КК) пропорционал. Флуконазол фармакокинетикасы бүйректің функциялық жағдайына елеулі тәуелденеді, осы орайда Т1/2 және КК арасында кері пропорционалды байланыс бар. Гемодиализден кейін 3 сағат ішінде қан плазмасындағы флуконазол концентрациясы 50% төмендейді.
Қынаптық кандидозды емдегенде ұзақ жартылай шығарылу кезеңі бір реттік доза қолдануға және басқа көрсетілімдер бойынша емдегенде препаратты күніне бір рет немесе аптасына бір рет қабылдауға мүмкіндік береді.
Бүйрек жеткіліксіздігіндегі фармакокинетикасы
Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда (ШСЖ <20 мл / мин) жартылай шығарылу кезеңі 30-дан 98 сағатқа дейін ұзарады, тиісінше доза төмендету талап етілмейді. Флуконазол гемодиализ көмегімен шығарылады және аз дәрежеде перитонеальді диализ көмегімен шығарылады. Гемодиализдің үш сағат сеансынан кейін қаннан 50%-ға жуық флуконазол шығарылады.
Егде жастағылардағы фармакокинетика
Фармакокинетикалық зерттеулер 65 жас және одан үлкен жастағы ішу арқылы қабылданатын флуконазолдың бір дозасын - 50 мг қабылдаған 22 адамның (олардың ішінде он пациент бір мезгілде диуретиктер алған) қатысуымен жүргізілді. Флуконазолдың Cmax дозаны қабылдағаннан кейін 1,3 сағат ішінде 1,54 мкг/мл құрады. AUC орташа мәні 76,4 ± 20,3 мкг·сағат/мл құрады, ал орташа ақырғы жартылай шығарылу кезеңі 46,2 сағат құрады. Фармакокинетикалық параметрлердің бұл мәндері дені сау жас ерікті ерлердегі ұқсас мәндерден жоғары болды. Диуретиктермен бірге тағайындау флуконазолдың AUC немесе Cmax елеулі өзгертпейді, бұдан басқа креатинин клиренсі 74 мл/мин, өзгермеген дәрілік препараттың несеппен шығарылу пайызы (0-24 сағат, 22%) құрады. Егде адамдардағы флуконазолдың бүйрек клиренсі (0,124 мл/мин/кг), әдетте, жас еріктілердегіге қарағанда төмен. Осылайша егде жастағыларда флуконазол шығарылу жылдамдығындағы өзгерістер шамамен бүйрек функциясы нашарлауымен байланысты болды.
Фармакодинамикасы
Зеңге қарсы дәрі. Р450 цитохромына тәуелді зеңді ферменттер белсенділігін тежейді; зеңді жасуша ланостеролының жарғақшалық липид – эргостеролға айналуын тоқтатады. Соның нәтижесінде жасуша жарғақшасының өткізгішітігі артады, оның өсуі мен репликациясы бұзылады.
Флуконазол күніне 50 мг дозада 28 күнге дейін қабылдағанда еркектерде плазмадағы тестостерон концентрациясына және фертильді жастағы әйелдерде стероид концентрациясына әсер етпеген. Флуконазол тәулігіне 200 мг–ден 400 мг дейінгі дозада ерікті дені сау еркектерде эндогендік стероидтар деңгейіне немесе стимуляцияланған АКТГ реакциясына клиникалық елеулі әсер етпеген. Антипиринмен өзара әрекеттесулерін зерттеу 50 мг флуконазолдың бір немесе бірнеше дозасы оның метаболизміне әсер етпейді.
Пробиркадағы сезімталдығын зерттеу
Пробиркада флуконазол клиникалық кең таралған Candida (C. Albicans, С. parapsilosis, С. tropicalis қоса) түрлерінің көпшілігіне қарсы зеңге қарсы белсенділігін көрсетеді. С. glabrata сезімталдықтың ауқымды диапазонын көрсетеді, бұл арада С. krusei флуконазолға төзімді.
Флуконазол сондай-ақ пробиркада Cryptococcus neoformans және Cryptococcus. Gattii, сондай-ақ эндемиялық түрлері Blastomyces dermatiditis, Coccidioides, Histoplasma capsulatum және Paracoccidioides Brasiliensis қарсы белсенділік көрсетеді.
Фармакокинетикалық / фармакодинамикалық тәуелділігі
Жануарлардағы зерттеулерде бәсеңдетуші концентрациясының ең жоғары мәндері мен Candida SPP тобының іс-тәжірибелік микоздарға қарсы тиімділігінің арасында өзара байланыс бар. Клиникалық зерттеулерде AUC және флуконазол дозасы арасында дозаға тәуелділік (1: 1 дерлік) бар. Сондай-ақ оральді кандидозды емдегенде және аз дәрежеде кандидемияда AUC/дозасының және оң нәтижелі клиникалық жауап арасында жетілмеген болса да, тікелей байланыс бар (ол флуконазолдың ең жоғары бәсеңдеткіш концентрациясы бар штаммдарынан туындаған инфекцияға аз сипатта).
Резистенттілік механизмі
Кандида SPP зеңге қарсы азол препараттарына бірқатар резистенттілік механизмі бар. Зеңдік штаммдарда төзімділік механизмінің бір немесе бірнешеуі бар, клиникалық және табиғи жағдайлардағы тиімділігіне теріс әсер ететін, флуконазолға ең төмен тежегіш концентрацияға (ЕТТК) иеленген.
Candida басқа түрлерімен (C. Albicans емес) асқын инфекциясы туралы хабарламалар бар, олардың флуконазолға сезімтал болмауы жиі кездеседі (мысалы, Candida krusei). Бұндай жағдайларда баламалы зеңге қарсы ем талап етілуі мүмкін.
Қолданылуы
- иммундық жауабы қалыпты науқастардағы, сондай-ақ иммуносупрессияның әр алуан түрлеріне шалдыққан науқастардағы (соның ішінде ЖИТС-пен науқастарда, ағзалар трансплантациясында) криптококкоз, криптококкты менингит пен басқа жерге шоғырланған инфекцияны (соның ішінде өкпеде, теріде) қоса; препаратты ЖИТС-пен науқастардағы криптококк инфекциясының профилактикасы үшін пайдалануға болады
- жайылған кандидоз, кандидемияны қоса, диссеминацияланған кандидоз және инвазиялық кандидозды инфекцияның (соның ішінде ішперде, эндокард, көз, тыныс алу және несеп шығару жолдарының инфекциялары) басқа түрлері. Емдеуді қатерлі жаңа түзілімдері бар науқастарда, қарқынды ем бөлімдерінің науқастарында, цитоуытты немесе иммуносупрессиялық дәрілер алатын науқастарда, cондай-ақ кандидоздың дамуына бейім басқа факторлар болғанда жүргізуге болады
- шырышты қабықтардың, соның ішінде ауыз қуысы мен жұтқыншақтың (тіс протездерін тағумен байланысты ауыз қуысының атрофиялық кандидозын қоса), өңештің кандидозы, инвазиялық емес бронх-өкпе инфекциялары, кандидурия, тері кандидоздары; ЖИТС-пен науқастарда орофарингеальді кандидоз қайталануының профилактикасында
- генитальді кандидозда: қынаптық кандидоз (жедел және созылмалы қайталанатын), қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін азайту мақсатында профилактикасы үшін қолдану (жылына 3 және одан көп көрініс); кандидозды баланитте (жергілікті ем тиімсіз болғанда)
- цитоуытты химиялық ем немесе сәулемен емдеу нәтижесінде осындай инфекцияларға бейім болып келетін қатерлі жаңа түзілімдері бар науқастардағы зеңді инфекциялардың профилактикасында
- тері микоздары, табан, дене, шап аумағының микоздарын қоса, кебек тәрізді теміреткі, онихомикоз және терінің кандидозды инфекцияларында
- иммунитеті қалыпты науқастардағы терең эндемиялық микоздар, кокцидиоидомикоз, паракокцидиоидомикоз, споротрихоз және гистоплазмозда
Қолдану тәсілі және дозалары
Фобос препараты ересектерде қолданылады, капсулаларды тамақ ішуге байланыссыз, ішке қабылдау керек (тұтас жұту керек).
Доза таңдағанда зеңдік инфекцияның түрін және ауырлығын ескеру керек. Көп реттік доза қабылдауды талап ететін инфекцияны емдеуді зеңдік инфекция белсенділігі төмендегені туралы қорытынды (клиникалық деректер немесе зертханалық зерттеулер көрсеткіштері негізінде) жасау мүмкін болғанға дейін жалғастыру керек. Емнің ұзақтығы жеткіліксіз болуы аурудың қайталануына әкелуі мүмкін.
Ересектер
Қолданылуы
Егде пациенттер
Дозалау бүйрек функциясын ескере отырып, түзетілуі тиіс
(«Бүйрек функциясы бұзылуы" бөлімін қараңыз).
Бүйрек жеткіліксіздігі
Препараттың бір реттік дозасын түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясы бұзылуы бар Фобос препаратын көп рет қабылдау қажет пациенттерде осы көрсетілім үшін ұсынылатын тәуліктік дозаға байланысты 50 мг-ден 400 мг дейінгі бастапқы доза таңдалады. Бастапқы жүктеме дозаны қабылдағаннан кейін одан әрі қолдануға арналған тәуліктік доза (көрсетілімге сәйкес анықталады) және қажет болғанда креатинин клиренсіне сәйкес түзетілуі тиіс, төмендегі кестені қараңыз.
Креатинин клиренсі (мл/мин) |
Ұсынылатын дозаның пайызы |
>50 |
100% |
≤50 (диализсіз) |
50% |
Жүйелі диализ |
100% диализдің әр сеансынан кейін |
Жүйелі диализ қабылдайтын пациенттер диализдің әр сеансынан кейін ұсынылатын дозаның 100% алуы тиіс; бірақ диализ алмайтын күндері пациенттер олардың креатинин клиренсіне сәйкес азайтылған дозасын алуы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерде препаратты қолдану туралы шектеулі деректер бар, сондықтан бауыр функциясы бұзылуы бар пациенттерге Фобос препаратын сақтықпен тағайындау керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- флуконазолға, препараттың басқа компоненттеріне немесе флуконазолға ұқсас құрылымы бар азольді заттарға жоғары сезімталдық
- Фобосты тәулігіне 400 мг және одан артық дозада көп рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау
- QT аралығын ұзартатын және цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин, амиодарон және эритромицин сияқты CYP3A4 ферменті арқылы метаболизденетін дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- жүктілік және лактация кезеңі
- балаларға және18 жасқа дейінгі жасөспірімдік жас
Жағымсыз әсерлері
Бас ауыруы, іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу, қанда аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, сілтілік фосфатаза жоғарылауы, бөртпе сияқты жағымсыз реакциялар туралы көбірек жиілікпен (> 1/10) хабарланды. Флуконазолмен ем уақытында келесі жағымсыз реакциялар төмендегі жиілікпен бақыланды: өте жиі (≥1 / 10); жиі (≥1 / 100 - <1/10 дейін); жиі емес (≥1 / 1000 - <1/100 дейін); сирек (≥1 / 10000 - <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша баға беру мүмкін емес).
Жиі (≥1/100- ≤1/10)
- бас ауыруы
-
жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея
-
сілтілік фосфатаза, сарысулық аминотрансферазалардың (АЛТ және АСТ) деңгейінің жоғарылауы, анемия
-
бөртпе
Жиі емес (≥1/1,000-нан ≤1/100-ге дейін)
- ұйқысыздық, ұйқышылдық
- құрысулар, бас айналу, парестезия, дәм сезудің өзгеруі
- вертиго
- диспепсия, метеоризм, ауыздың кеберсуі, тәбеттің төмендеуі
- холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы
- қышыну, дәрілік бөртпе (тұрақты дәрі-дәрмектік бөртпені қоса), токсидермия, есекжем, қатты терлеу,
- миалгия
- шаршау, дімкәстану, әлсіздік, қызба
Сирек ( ≥1/10,000-нан ≤1/1,000-ға дейін)
- агранулоцитоз, лейкопения, нейропатия, тромбоцитопения
- анафилаксия
- гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия
- тремор
- тахикардия, қарыншалардың жыпылықтауы/дірілдеуі, QT аралығының ұзаруы
- диспепсия, метеоризм, ауыздың кеберсуі
- гепатоуыттылық, өліммен аяқталатын сирек жағдайларды қоса, бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымданулар
- уытты эпидермальді некролиз, Стивен-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эксфолиативті дерматит, ангионевротикалық ісіну, беттің ісінуі, алопеция.
- ЖИТС-пен немесе қатерлі жаңа түзілімдермен науқастарда флуконазолмен және оған ұқсас препараттармен емделгенде қан көрсеткіштерінің, бүйрек және бауыр функциясының өзгеруі байқалды, дегенмен осы өзгерістердің клиникалық мәні және олардың дәрілік препаратты қолданумен байланысы анықталмаған.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Төменде келтірілген дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде
Амиодарон: амиодаронмен бір мезгілде қолдану амиодарон метаболизмінің баяулауына әкелуі және QT аралығының ұзаруын туындатуы мүмкін. Фобос препаратын және амиодаронды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімде («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Цизаприд: флуконазол және цизапридті бір мезгілде қабылдаған пациенттерде QT аралығының ұзаруын қоса, жүрек-қантамыр бұзылулары туралы хабарламалар түскен. Бақыланатын зерттеулердің нәтижелері флуконазолды тәулігіне 200 мг және күніне төрт рет цизапридті 20 мг дозада бір мезгілде қолдану цизапридтің плазмадағы концентрациясының елеулі ұлғаюын және QT аралығының ұзаруын туындататынын көрсетеді. Флуконазолмен және цизапридпен қатарлас емдеу қарсы көрсетілімде.
Терфенадин: өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілген және имидазол азолын терфенадинмен үйлесімде қабылдайтын пациенттерде QTc аралығының ұзаруына байланысты күрделі жүрек аритмиясы дамығаны анықталды.
Флуконазолдың тәуліктік 200 мг дозасында қолданған бір зерттеуде QTc аралығының ұзаруы анықталмады. Флуконазолды тәулігіне 400 мг және 800 мг дозада пайдаланылған басқа зерттеулерде флуконазолды тәулігіне 400 мг және одан астам дозада бір мезгілде қабылдағанда терфенадиннің қан плазмасындағы деңгейін елеулі жоғарылататыны анықталды. Флуконазолды 400 мг немесе одан астам дозада терфенадинмен бірге қолдану қарсы көрсетілімде. Күніне 400 мг төмен дозаларда флуконазолды терфенадинмен бірге қолдануды мұқият бақылау керек.
Астемизол: флуконазолды астемизолмен бір мезгілде қолдану астемизол клиренсін төмендетуі мүмкін, ал қан плазмасындағы астемизол концентрациясының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына және сирек болса да өмірге қауіпті аритмияға әкелуі мүмкін. Фобос препаратын және астемизолды бірге қолдану қарсы көрсетілімде.
Пимозид: берілген өзара әрекеттесулер табиғи жағдайларда немесе пробиркада зерттелмесе де, Фобос препаратын және пимозидті бірге қолдану пимозид метаболизмі баяулауына әкелуі мүмкін. Қан плазмасындағы Пимозид концентрациясы жоғарылауы QT аралығының ұзаруына және өмірге қауіпті аритмияның сирек білінулеріне әкелуі мүмкін, осыған байланысты Фобос препаратын және пимозидті бірге қолдану қарсы көрсетілімде.
Хинидин: берілген өзара әрекеттесулер табиғи жағдайларда немесе пробиркада зерттелмесе де, флуконазол препаратын және хинидинді бір уақытта қолдану хинидин метаболизмі баяулауына әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде QT аралығының ұзаруын және сирек жағдайларда өмірге қауіпті аритмияның пайда болуын туындатуы мүмкін. Фобос препаратын және хинидинді бір уақытта қолдану қарсы көрсетілімде.
Эритромицин: флуконазол және эритромицинді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылығы қаупін ұлғайтуы (QT аралығының ұзаруы, қарыншалардың дірілдеу/жыпылықтауы) және соның салдарынан жүрек тоқтауынан кенет болатын өлімге әкелуі мүмкін. Флуконазол және эритромицинді бірге қолдану қарсы көрсетілімде.
Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды
Галофантрин: флуконазол плазмада, CYP3A4-те бәсеңдеткіш әсеріне байланысты, галофантриннің концентрациясын арттыруы мүмкін.
Флуконазолды (Фобос препаратын) және галофантринді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылығын (QT аралығын ұзарту, дірілдеу/жыпылықтау) жоғарылатуы мүмкін, соның салдарынан жүрек тоқтауынан кенет болатын өлімге ұшыратады. Бұндай үйлесімнен аулақ болу керек.
Бір мезгілде қолдану сақтық шараларын және қажет болғанда Фобос препаратының дозасын түзетуді талап ететін дәрілік препараттар
Гидрохлоротиазид: гидрохлоротиазидті және флуконазолды бір мезгілде қолдану плазмада флуконазол концентрациясын 40%-ға арттырады, алайда
бұл арттырудың әсері диуретиктерді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде Фобос препаратының дозасын өзгертуді қажет етпейді.
Рифампицин: флуконазол мен рифампицинді бір мезгілде қолдану AUC (концентрация-уақыт қисығы астындағы аудан) мәнінің 25%-ға төмендеуіне және флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңінің 20%-ға төмендеуіне әкеледі. Рифампицинмен қатарлас ем қабылдап жүрген науқастарда Фобос препаратының дозасын арттыру талап етілуі мүмкін.
Флуконазолдың ішуге арналған түрлерінің өзара әрекеттесуін зерттеу оны ас ішумен, циметидинмен, антацидтермен бір мезгілде қабылдағанда, сондай-ақ сүйек кемігін ауыстырып салудағы денені жаппай сәулеге шалдықтырудан кейін осы факторлардың флуконазолдың (Фобос препаратының) сіңуіне клиникалық елеулі ықпал етпейтінін көрсетті.
Фобос препаратының басқа дәрілік препараттарға ықпалы
Флуконазол P450 (CYP) 2C9 цитохромы изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 ферментінің орташа тежегіші болады, бұдан басқа ол сондай-ақ CYP2C19 изоферментінің тежегіші болып табылады. Төменде көрсетілген өзара әрекеттесуден басқа, Фобос препаратымен бір мезгілде қолданғанда CYP2C9 және CYP3A4 ферменттерімен метаболизденетін басқа да препараттардың плазмалық концентрацияларының жоғарылау қаупі бар, сондықтан, осы біріктірілімдерді пайдаланғанда сақтық танытқан жөн, ал пациенттерді мұқият бақылауға алу қажет. Жартылай шығарылу кезеңінің ұзақ болуына байланысты, флуконазол препаратының фермент жүйесіне бәсеңдеткіш әсері, оны қабылдауды тоқтатқаннан кейін 4-5 күн сақталады.
Альфентанил: Фобос препаратымен бір мезгілде емдегенде клиренсінің және таралу көлемінің төмендегені, сондай-ақ альфентанилдің T½ (жартылай шығарылу кезеңі) ұзарғаны байқалады. Әсер етуінің ықтимал механизмі CYP3A4 ферментін флуконазолмен тежеу болып табылады, осыған байланысты альфентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Амитриптилин, нортриптилин: флуконазол амитриптилиннің және нортриптилиннің әсерін күшейтеді. 5-нортриптилин және/немесе S-амитриптилин біріктірілген емнің басында және ем басталғаннан кейін бір аптадан кейін өлшенуі мүмкін. Қажет болса, амитриптилин/нортриптилин дозалары түзетілуі тиіс.
Амфотерицин В: флуконазол мен амфотерицин В иммунитеті қалыпты және әлсіреген, жұқпа жұқтырған тышқандарға бір мезгілде қолдану келесі нәтижелерді көрсетті: C. Albicans әсерінен болған жүйелік инфекцияларда зеңге қарсы аздаған қосымша әсер, Cryptococcus neoformans әсерінен болған бассүйекішілік инфекцияларда ешқандай өзара әрекеттесулер, A. fumigatus әсерінен болған жүйелік инфекцияларда екі препараттың антагонизмі. Осы зерттеулерде алынған клиникалық тұрғыдан маңызды нәтижелер белгісіз.
Антикоагулянттар: флуконазол варфаринмен бір мезгілде қолданғанда протромбин уақытын 12%-ға арттырады. Постмаркетингтік зерттеуде, басқа да зеңге қарсы азольді препараттар қолданғандағы сияқты, варфаринмен бір мезгілде флуконазол алған науқастарда протромбин уақытының ұзаруымен байланысты қан кету көріністері (гематомалар, мұрыннан қан кетулер, асқазан-ішектік қан кетулер, гематурия және мелена) хабарланды, сондықтан кумариндік қатар антикоагулянттарын қабылдайтын науқастарда протромбин уақытын мұқият бақылау қажет (сондай-ақ варфарин дозасын түзету қажет болуы мүмкін).
Бензодиазепиндер (қысқа әсерлі), яғни мидазолам, триазолам: мидазоламды ішу арқылы қабылдағаннан кейін флуконазол психомоторлы әсерлер түрінде білінетін мидазолам концентрациясының елеулі артуын туындатты. 200 мг флуконазолды және 7,5 мг мидазоламды бір мезгілде ішу арқылы қабылдау мидазоламның AUC- 3,7 есеге, ал оның жартылай ыдырау кезеңін 2,2 есеге жоғарылатады. Флуконазолды күнделікті 200 мг дозада алуды триазоламның 0,25 мг дозасымен ішу арқылы бір уақытта қабылдағанда, триазоламның AUC - 4,4 есеге, ал жартылай шығарылу кезеңі - 2,3 есеге жоғарылаған. Триазолам әсерінің күшеюі және уақыты ұзаруы оның флуконазолмен бір мезгілдегі емінде бақыланды. Флуконазол қабылдайтын пациенттерде бензодиазепиндермен бір мезгілде қолданғанда бензодиазепиндер дозасын азайту мүмкіндігін қарастырған дұрыс, пациенттер тиісті бақылауда болуы керек.
Карбамазепин: флуконазол карбамазепиннің метаболизмін бәсеңдетеді және соңғысының қан сарысуындағы концентрациясын 30%-ға арттырады. Осыған байланысты карбамазепиндік уыттану қаупі бар және оның концентрациясына/әсеріне қарай, карбамазепин дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кальций өзекшелерінің кейбір антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферментімен метаболизденеді. Флуконазол кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелік әсерін едәуір арттыруы мүмкін, сондықтан емдеу кезеңінде препараттардың жағымсыз әсеріне жиі мониторинг керек.
Целекоксиб: Фобос препаратымен (тәулігіне 200 мг) және 200 мг дозадағы целекоксибпен бір уақытта емдеу кезінде, целекоксибтің Cmax 68%-ға және AUC 134%-ға жоғарылағаны анықталды. Осыны ескере отырып, Фобос препаратымен біріктірілген целекоксибтің дозасын 2 есе азайту қажет болуы мүмкін.
Циклофосфамид: циклофосфамид және флуконазолдың біріктірілген емі қан сарысуында билирубин және креатинин деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Бұл біріктірілім қан сарысуындағы билирубин және креатинин деңгейлерін қатаң бақылауда ғана пайдаланылуы мүмкін.
Фентанил: фентанил және флуконазол арасында өзара әрекеттесулер дамуы мүмкіндігінен фентанилден уланудан бір өлім жағдайы анықталды. Бұдан басқа дені сау еріктілерде флуконазолдың фентанил шығарылуын елеулі баяулататыны көрсетілген. Фентанил концентрациясының жоғарылауы тыныс алу қызметінің бәсеңдеуіне әкеп соғуы мүмкін, бұны ескеру керек және тыныс алу бәсеңдеуінің белгілерін уақытында анықтау үшін пациенттерді мұқият бақылау керек, сондай-ақ фентанил дозалануын түзету талап етілуі мүмкін..
A-редуктаза гидроксиметилглутарил-коферментінің (ГМГ-КоA-редуктазаның) тежегіштері: флуконазол CYP3A4, немесе CYP2C9 (флувастатин) арқылы метаболизденетін ГМГ-КоA-редуктаза (аторвастатин, симвастатин) тежегіштерімен бір мезгілде қолданылғанда
миопатия және қаңқа бұлшықеттері жедел некрозының (рабдомиолиз) даму қаупі артады. Егер осы препараттармен бір уақыттағы ем қажет болса, пациент миопатия мен рабдомиолиз симптомдарының болуын мезгілінде анықтау үшін қадағалуда болуы тиіс, сондай-ақ креатинкиназа деңгейіне бақылау жүргізілуі тиіс. Егер креатинкиназа деңгейінің елеулі жоғарылауы байқалса немесе егер миопатия/рабдомиолиз дамуы диагностикаланса немесе күдік тудырса, ГМГ-КоA-редуктаза тежегіштерін қабылдауды тоқтату керек.
Иммунодепрессанттар (циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус және т.б.)
Циклоспорин: флуконазол циклоспориннің плазмадағы концентрациясын және AUC мәнін едәуір арттырады. Күніне 200 мг дозада флуконазол және циклоспоринмен ( тәулігіне 2,7 мг/кг) бір мезгілде емдегенде циклоспорин AUC 1,8-есеге ұлғайғаны анықталды. Бұл үйлесім тек циклоспориннің дозасын, оның қан плазмасындағы концентрациясына байланысты, төмендеткен жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
Эверолимус: өзара әрекеттесу деректері табиғи жағдайларда немесе пробиркада зерттелмесе де, флуконазол CYP3A4 бәсеңдету жолымен сарысудағы эверолимус концентрациясын жоғарылатуы мүмкін.
Сиролимус: флуконазол сиролимустың плазмалық концентрациясын, шамамен, сиролимус метаболизмін CYP3A4 және Р-гликопротеин фермент жүйелері қатысуымен бәсеңдету арқылы арттырады. Бұл біріктірілім, егер тиімділігі/концентрациясы көрсеткіштеріне байланысты сиролимус дозасына түзету жүргізілсе қолданылуы мүмкін.
Такролимус:. флуконазолды ішу арқылы қабылдағанда такролимустың қан сарысуындағы концентрациясын, CYP3A4 арқылы ішекте метаболизмін тежеу есебінен, 5 есеге дейін арттыруы мүмкін. Такролимусты вена ішіне енгізгенде ешқандай елеулі фармакокинетикалық өзгерулер байқалған жоқ (такролимус деңгейінің жоғары болуы оның нефроуыттылық көріністеріне байланысты). Ішу арқылы қабылданған такролимустың дозасын оның қандағы концентрациясына байланысты төмендету керек.
Лозартан: флуконазол лозартанның және ангиотензин ІІ рецепторлары антагонизміне жауапты оның белсенді метаболитінің (Е-31 74) метаболизмін бәсеңдетеді, сондықтан пациенттер емдеу кезеңінде артериялық қысымды ұдайы бақылап отыруы керек.
Метадон: флуконазол қан сарысуында метадонның концентрациясын арттырады, сондықтан метадонның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): Флуконазолмен бір мезгілде тағайындағанда (флурбипрофеннің өзімен ғана емдеумен салыстырғанда), флурбипрофеннің Cmax және AUC мәндері, тиісінше, 23%-ға және 81%-ға артады. Осыған ұқсас, флуконазол ибупрофеннің рацемиялық қоспасымен бір мезгілде (400 мг) тағайындалғанда, ибупрофеннің монотерапиясымен салыстырғанда, фармакологиялық тұрғыдан белсенді изомердің [S-(+)-ибупрофен] Cmax және AUC мәндері тиісінше 15%-ға және 82%-ға артты.
Фобос CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелік әсерін күшейтуі мүмкін. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз әсер мен уыттылыққа жиі мониторинг жүргізу ұсынылады, сондай-ақ ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Фенитоин: флуконазол фенитоиннің бауырлық метаболизмін бәсеңдетеді. 200 мг флуконазолды және 250 мг фенитоинді вена ішіне қатарлас қайталап енгізу фенитоиннің AUC24 -75%-ға және C min - 128%-ға ұлғаюын туындатты. Бір мезгілде қолданғанда, уыттану белгілеріне жол бермеу үшін, фенитоин концентрациясының сарысудағы деңгейі тексерілуі тиіс.
Преднизолон : преднизон және флуконазолмен бір уақытта ұзақ емдеудің жағдайы (бауыр трансплантациясынан кейін) тіркелген, соның нәтижесінде үш ай емнен кейін, флуконазолды тоқтатқан соң бүйрек үсті безі қыртысының жедел жеткіліксіздігі дамыған. Флуконазол қабылдауды тоқтату болжам бойынша CYP3A4 белсенділігінің жоғарылауын туындатты, бұл преднизолон метаболизмінің күшеюіне әкелді. Флуконазолмен және преднизолонмен ұзақ уақыт ем алатын науқастарға флуконазол қабылдауды тоқтатқан соң бүйрек үсті безі қыртысының функциясын мұқият бақылау керек.
Рифабутин: флуконазолмен бір мезгілде қолдану қан сарысуында рифабутин деңгейінің 80%-ға дейін жоғарылауына әкеледі. Флуконазол мен рифабутин бір мезгілде тағайындалған пациенттерде увеит дамуы жағдайлары жөнінде мәлімделді. Фобос және рифабутин препаратын бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттердің жағдайын мұқият бақылау қажет.
Саквинавир: CYP3A4 қатысуымен саквинавирдің бауырлық метаболизмін бәсеңдету және Р-гликопротеинді тежеу есебінен флуконазол саквинавирдің AUC мәнін шамамен 50%-ға, Cmax шамамен 55%-ға арттырады және саквинавир клиренсін шамамен 50%-ға азайтады.
Фобос препаратымен бір мезгілде қолдану жағдайында, саквинавир дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Сульфонилмочевина: флуконазол сульфонилмочевинаның пероральді препараттарын (мысалы, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) бір мезгілде қабылдағанда сарысудан жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Қан глюкозасы деңгейін жиі бақылау және сульфонилмочевина дозасын тиісінше азайту керек.
Теофиллин: Фобос пен теофиллинді жоғары дозаларда қабылдап жүрген пациенттерді, немесе теофиллиннің уытты әсерінің қаупі жоғары пациенттерді, теофиллиннің артық дозалану симптомдарын дер кезінде анықтау мақсатында, мұқият қадағалауға алу қажет (олар пайда болған жағдайда емдеуді тиісінше түзеткен жөн).
Қабіршөп алкалоидтары: флуконазол қабіршөп алкалоидтарының (мысалы, винкристин және винбластин) плазмалық деңгейлерін арттыруы және, CYP3A4 тежегіш әсеріне байланысты, нейроуыттылыққа әкеп соғуы мүмкін.
А витамині: ОЖЖ байланысты (жалған ісік) қолайсыз жағымсыз әсер дамыған, флуконазол емін тоқтатқан соң басылған, транс-ретиной қышқылымен (А витаминінің қышқылды түрімен) және флуконазолмен біріктірілген ем алған пациенттен түскен мәлімдеме бар.
Бұл біріктірілімді пайдалануға болады, бірақ ОЖЖ байланысты қолайсыз жағымсыз әсерлер туындау мүмкіндігін ескеру керек.
Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші): ішу арқылы қабылданатын вориконазолды (1-ші тәулікте әрбір 12 сағат сайын 400 мг, содан кейін 2,5 күн бойы әрбір 12 сағат сайын 200 мг) және пероральді флуконазол препаратын (1-ші күні 400 мг, содан кейін 4 күн бойы әрбір 24 сағат сайын 200 мг) бір мезгілде қолдану вориконазол концентрациясының және AUC мәнінің орта есеппен тиісінше 57%-ға (90% C1: 20%, 107%) және 79%-ға (90% CI: 40%, 128%) артуына әкеледі. Бұл әсерді жоюға мүмкіндік беретін вориконазолдың немесе или флуконазолдың дозасының және/немесе қабылдау жиілігінің азаюы анықталмады. Егер вориконазол флуконазолдан кейін тағайындалса қолайсыз жағымсыз әсерлерді мезгілінде анықтау үшін мониторинг жүргізу ұсынылады.
Зидовудин: Флуконазол, ішу арқылы қабылданғанда зидовудин клиренсінің (шамамен 45%-ға) төмендеуіне байланысты, зидовудиннің Cmax және AUC мәндерін тиісінше 84%-ға және 74%-ға арттырады. Зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі флуконазолмен біріктіріп емдегеннен кейін 128%-ға ұзарады. Осы біріктірілімді қабылдап жүрген науқастар, зидовудинді қабылдаумен байланысты, жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында бақылануы тиіс (кейбір жағдайларда зидовудин дозасын азайту талап етілуі мүмкін).
Азитромицин: флуконазол мен азитромицин арасында ешқандай елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ.
Пероральді контрацептивтер: флуконазол препаратының 50 мг дозасының гормондар деңгейіне ешқандай елеулі ықпалы анықталған жоқ, сол кезде тәуліктік 200 мг дозадағыдай, этинилэстрадиол мен левоноргестрелдің AUC (концентрация-уақыт қисығы астындағы аудан), тиісінше, 40%-ға және 24%-ға ұлғаюын туындатты. Осылайша, Фобос препаратын осындай дозаларда көп рет қолданудың ұрықтануға қарсы біріктірілген ішу арқылы қабылданатын препараттардың тиімділігіне ықпалын тигізуі екіталай.
Ивакафтор: муковисцидозда жарғақша аралық өткізгіштікті күшейтуді реттеуші ивакафтормен бір мезгілде қолдану оның экспозициясын 3 есе, ал оның метаболиті гидроксиметил- ивакафторды 1.9 есе жоғарылатады. Флуконазол және эритромицин сияқты CYP3A орташа тежегіштерімен қатарлас ем алатын пациенттер үшін ивакафтор дозасын күніне бір рет 150 мг дейін азайту ұсынылады.
Тофаситиниб: тофаситинибті CYP3А4 орташа бәсеңдеуіне және CYP2С9 (флуконазол) күшті бәсеңдеуіне әкелетін дәрілермен бір мезгілде қабылдағанда әсері жоғарылайды.
Айрықша нұсқаулар
Белдемелі теміреткі
Балалардағы құрғақ теміреткі емінде флуконазол қолдану тәжірибесі бар. Оның тиімділігі жағынан гризеофульвиннен артықшылығы жоғы анықталды (тиімділігінің жалпы көрсеткіші 20% азды құрайды), сондықтан
флуконазол капсулаларда құрғақ теміреткіні емдеу үшін қолданылмауы тиіс.
Криптококкоз
Орналасуы басқа криптококкозды емдегенде (мысалы, өкпе және терінің криптококкозы) флуконазол тиімділігінің айғағы шектеулі, бұл препаратты дозалау бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндік бермейді.
Терең эндемиялық микоздар
Паракокцидиомикоз, лимфоцитоз, споротрихоз және гистоплазмоздың терілік түрі сияқты эндемиялық микоздардың басқа түрлерін емдегенде флуконазол тиімділігінің айғағы шектеулі, бұл дозалау бойынша нақты ұсыныстар беруге мүмкіндік бермейді.
Бүйрек жүйесі
Фобос препаратын бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Гепатобилиарлық жүйе
Фобос препаратын бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Флуконазолды капсулаларда қолдану, бірінші кезекте қатарлас күрделі аурулары бар науқастарда күрделі бауыр уыттылығының сирек жағдайын (тіпті өліммен аяқталу жағдайын) туындатты.
Флуконазолдың гепатоуыттылығының қолда бар жағдайларының жалпы тәуліктік дозамен, ем ұзақтығымен, жынысына немесе пациент жасына нақты байланысы жоқ. Флуконазолдың гепатоуыттылығы әдетте ем тоқтатқаннан кейін қайтымды болды. Флуконазолмен ем кезеңінде бауыр функциясын сипаттайтын тесттерде ауытқуы бар пациенттерді бауырдың ауырырақ зақымдануының алдын алу үшін мұқият бақылау керек. Пациент бауырдың ауыр зақымдануының симптомдары (астения, анорексия, тұрақты жүрек айнуы, құсу және сарғаю) туралы хабардар болуы тиіс. Бұндай жағдайларда Фобос препаратымен ем дереу тоқтатылуы тиіс және
пациент дәрігерге қаралуы тиіс.
Жүрек-қан тамырлары жүйесі
Флуконазолды қоса, кейбір азолдар электрокардиограммадағы QТ аралығының ұзаруын туындатуы мүмкін. Маркетингтен кейінгі бақылау кезеңінде жүректің органикалық аурулары бар, электролиттік теңгерімі бұзылуы сияқты көптеген қауіп факторлары бар пациенттерде QT аралығы ұзаруының және қарыншалық жыпылықтау/дірілдеуінің өте сирек жағдайлары және осыған ұқсас бұзылулар дамуына ықпал ететін қатарлас ем анықталған. Проаритмиялық жай-күйі мүмкіндігі ықтимал пациенттерде Фобос препаратын сақтықпен қолдану керек.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Галофантрин
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Дерматологиялық реакциялар
Фобос сирек жағдайларда анафилаксиялық реакциялар туғызуы мүмкін.
Флуконазолен емделу кезінде науқастарда сирек жағдайларда Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамыды. ЖИТС-пен науқастар көп препаратты қолданған кезде ауыр тері реакцияларының дамуына көбірек бейім. Науқаста Фобос қолданумен байланыстыруға болатын беткейлік зеңді бөртпе инфекциясын емдеу кезінде препаратты тоқтату керек. Инвазиялық/жүйелі зеңді инфекцияларға шалдыққан науқастарда бөртпе пайда болғанда оларды мұқият бақылауға алып және буллезді зақымданулар немесе көптүрлі эритема білінгенде Фобос препаратын тоқтату керек.
Жоғары сезімталдық
Анафилаксия дамуы туралы сирек жағдайларда хабарланған (4.3 бөлімін қараңыз).
P450 цитохромы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Терфенадин
Терфенадинді флуконазолмен күніне 400 мг төмен дозада бірге қолдануды мұқият бақылау керек (4.3 және 4.5 бөлімдерін қараңыз).
Бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі
Кетоконазол, бұрыннан белгілі болғандай, бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігін туындатады және бұны сирек болса да флуконазолға қатысты деуге болады.
Преднизолонмен қатарлас емге байланысты бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі 4.5 бөлімде сипатталған.
Қосымша заттар
Препарат құрамында лактоза моногидраты бар, сондықтан сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығымен, дефицитом Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозды мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
Қынаптық кандидоз себебінен Фобос 150 мг қолданғанда пациенттерге симптомдарының жақсаруы әдетте 24 сағаттан кейін байқалатыны туралы, бірақ олардың толық жойылуы үшін кейде бірнеше күн қажет болатындығын ескерту керек. Бірнеше күн бойына симптомдары сақталғанда дәрігерге қаралу керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Аналары кокцидиоидомикоздан флуконазолмен (күн сайын үлкен дозаларда - 400-800 мг) үш ай бойына немесе одан да көп айлар ем алған емшектегі балаларда көптеген туа біткен аномалиялар (оның ішінде брахицефалия, құлақтың дисплазиясы, алдыңғы алып еңбегі, сан сүйегінің қисаюы және радио-иық синостозы) туралы хабарламалар бар. Флуконазол қабылдау мен осы оқиғалар арасындағы байланыс түсініксіз.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер ұрпақ өрбітуге уыттылығы барын көрсетпеген.
Жүктіліктің бірінші триместрінде бір реттік немесе көп реттік доза түрінде енгізілетін флуконазолдың стандартты дозасын (тәулігіне <200 мг ) алған бірнеше жүз жүкті әйелдердің деректері шаранада жағымсыз әсерлері дамуының жоғары қаупін көрсетпеген, алайда қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша қолда бар деректердің жеткіліксіздігіне байланысты Фобос препаратын жүктілікте қолдануға болмайды.
Флуконазол емшек сүтіне өтеді және қан плазмасындағыдан төмен концентрацияға жетеді. Бала емізуді Фобос препаратының стандартты дозасын 200 мг (немесе одан аз) бір рет қабылдағаннан кейін жалғастыруға болады.
Фобос препаратын көп рет қабылдау немесе үлкен дозасын қабылдау қажет болғанда бала емізуді жалғастыру ұсынылмайды. Флуконазол егеуқұйрықтардың аталықтарының немесе аналықтарының фертильділігіне әсер етпейді.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Бас айналу немесе құрысулар болуы мүмкіндігінен, автокөлік басқарғанда немесе техника пайдаланғанда сақтық шарасын қадағалау керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: елестеулер, параноидтық мінез-құлық.
Емі: симптоматикалық, асқазан шаю, қарқынды диурез. Гемодиализ 3 сағат ішінде плазмадағы концентрацияны шамамен 50 % төмендетеді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
7 капсуладан (50 мг және 200 мг доза үшін) немесе 1 капсуладан (150 мг доза үшін) поливинилхлорид/поливинилиденхлорид үлбірінен және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Реплек Фарм Лтд., Македония Республикасы
Скопье, Козле к-сі 188, Скопье
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Vegapharm, Лондон, Ұлыбритания
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды поштасы):
«Cepheus Medical» (Цефей Медикал) ЖШС: 050000, ҚР,
Алматы қ., Панфилов к-сі 98, «OLD SQUARE» БО, кеңсе 807,
телефон: +7 (727) 300 69 71, эл. поштасы: cepheusmedical@gmail.com.