Флуконазол-ТК (50 мг)

МНН: Флуконазол
Производитель: ТК Фарм Актобе ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fluconazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020817
Информация о регистрации в РК: 10.03.2021 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Флуконазол-ТК

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флуконазол

Дәрілік түрі, дозасы

Капсулалар, 50 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Триазол туындылары. Флуконазол.

АТХ коды J02AC01

Қолданылуы

- жүйелі кандидоз

- диссеминацияланған кандидоз (созылмалы түрі), оның ішінде нейтропения аясында

- кандидозды инфекциялардың үдемелі түрлері (құрсақ қуысы, эндокард, тыныс алу және несеп шығару жолдарының инфекциялары)

- кандидурия

- ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозын, оның ішінде АИТВ-инфекциясын жұқтырған пациенттерде немесе иммун тапшылығының басқа түрлерінде

- қатерлі жаңа түзілімдері бар адамдардағы кандидоз, сондай-ақ цитостатикалық және иммунодепрессиялық дәрілер қабылдап жүрген пациенттерде, және қарқынды емдеу бөліміндегі пациенттерде

- қынаптық кандидоз (жедел немесе қайталанатын)

- криптококкозда, криптококктік менингитті және басқа да жерлерге (өкпеге, теріге) орныққан зақымдануларды қоса

- дерматомикоздар

- тері және шырышты қабықтардың кандидозы: орофарингеальді, эзофагофарингеальді кандидоз

- табан эпидермофитиясы, тегіс тері дерматомикозы, кебекті теміреткі және дерматофиттерден және кандидоздық инфекциялардан туындаған инфекциялар

- кандидоз профилактикасы және діңдік қан түзетін жасушалардың трансплантациясы алдындағы пациенттердегі, химиялық немесе сәулелік ем жүргізілетін, қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттердегі зең ауруларын емдеу

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- флуконазолға, препараттың басқа да компоненттеріне немесе құрылымы флуконазолға ұқсас азольді заттарға жоғары сезімталдық

- Флуконазол-ТК тәулігіне 400 мг және одан көп дозаларда бірнеше рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау

- QT аралығын ұзартатын және Р-450 CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін, мысалы, цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин, эритромицин сияқты дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдау

- галактоза жақпаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясының сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар науқастар

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Сақтықпен

- Флуконазолды қолдану аясында бауыр функциясы көрсеткіштерінің бұзылуы;

- беткейлік зең инфекциясы және инвазиялық/жүйелі зең инфекциялары бар пациенттерде флуконазолды қолдану аясында бөртпенің пайда болуы;

- терфенадин мен флуконазолды тәулігіне 400 мг-ден аз дозада бір мезгілде қолдану;

- көптеген қауіп факторлары бар пациенттердегі әлеуетті аритмияға ізашар жағдайлар (жүректің органикалық аурулары, электролиттік теңгерімнің бұзылуы және мұндай бұзылулардың дамуына ықпал ететін қатарлас ем).

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды:

Цизаприд: флуконазол мен цизапридті бір мезгілде қолданғанда жүрек тарапынан жағымсыз реакциялар, оның ішінде «пируэт» типті қарыншалық тахисистолалық аритмияның (torsade de pointеs) дамуы мүмкін. 200 мг флуконазолды тәулігіне 1 рет және 20 мг цизапридті тәулігіне 4 рет қолдану цизапридтің плазмалық деңгейінің айқын жоғарылауына және ЭКГ-де QТ аралығының ұзаруына әкеледі. Цизаприд пен флуконазолды бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Терфенадин: терфенадинді және азол туындыларын бірге қолданған кезде QТ аралығының ұзаруымен қатар жүретін жүрек ырғағының ауыр бұзылуы байқалғандықтан, терфенадин мен флуконазолдың бірлескен әсеріне сынақ жүргізілді. Флуконазолды 200 мг дозада қолданған бір сынақта QТ аралығының ұзаруы дәлелденген жоқ. Флуконазолды 400 мг және 800 мг дозаларда қолданған басқа сынақта, 400 мг және одан жоғары дозадағы флуконазол бір мезгілде қолданылған терфенадиннің қан плазмасындағы концентрациясын айқын түрде жоғарылататыны дәлелденді. Терфенадинді 400 мг және одан жоғары дозадағы флуконазолмен бірге қолдануға болмайды. Терфенадинді 400 мг-ден төмен дозадағы флуконазолмен бірге қолданған кезде науқасты қатаң түрде бақылау қажет.

Астемизол: флуконазолды астемизолмен немесе басқа Р450 цитохром жүйесі арқылы метаболизденетін препараттармен бір мезгілде қолдану осы дәрілердің сарысулық концентрацияларының жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін. Қан плазмасында астемизол концентрациясының жоғарылауы QТ аралығының ұзаруына және кейбір жағдайларда «пируэт» типті қарыншалық тахисистолалық аритмияның (torsade de pointеs) дамуына әкелуі мүмкін. Астемизол мен флуконазолды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Пимозид: in vitro немесе in vivo зерттеулер жүргізілмегеніне қарамастан, флуконазол мен пимозидті бірге қабылдау пимозидтің метаболизмін тежеуі мүмкін. Пимозидтің қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауы QТ аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда torsade de pointes дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Флуконазол мен пимозидті бір мезгілде қолдануға болмайды.

Хинидин: in vitro немесе in vivo зерттеулер жүргізілмегеніне қарамастан, флуконазол мен хинидинді бірге қабылдау хинидиннің метаболизмін тежеуі мүмкін. Хинидинді қолдану QТ аралығының ұзаруымен және torsade de pointes дамуының сирек жағдайларымен қатар жүрді. Флуконазолды хинидинмен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Эритромицин: флуконазол мен эритромицинді бірге қабылдау кардиоуыттылықтың қаупін арттыруы (QТ аралығының ұзаруы, torsades de pointes), соның салдарынан кенет коронарлық өлуге әкелуі мүмкін. Флуконазол мен эритромицинді бірге қабылдауға болмайды.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:

Галофантрин: CYP3A4 ферментіне тежегіштік әсер беретіндігіне байланысты, флуконазол галофантриннің плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылықтың ықтимал қаупін (QT аралығының ұзаруы, көп формалы қарыншалық пароксизмалық тахикардия) арттырады және соның салдары ретінде, кенеттен жүрек аурынан болатын өлімді арттырады. Бұл біріктірілімнен аулақ болған жөн.

Келесі дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану сақтықты және олардың дозасын түзетуді қажет етеді:

Флуконазолдың метаболизміне ықпал ететін препараттар:

Рифампицин: Флуконазол мен рифампицинді бір мезгілде қолдану флуконазолдың AUC мәндерінің 25 %-ға төмендеуіне және жартылай шығарылу кезеңінің 20 %-ға қысқаруына алып келеді. Рифампицинді бірге қабылдап жүрген пациенттерге флуконазолдың дозасын арттыру керек.

Өзара әрекеттесулерін зерттеулер, флуконазолды тамақпен, циметидинмен, антацидтермен және кейіннен, сүйек кемігін ауыстырып қондыру кезінде организмді жаппай сәулелендірумен бірге ішу арқылы қабылдау флуконазолдың сіңірілуінің клиникалық тұрғыдан елеулі нашарлауына әкелмейтінін көрсетті.

Флуконазолдың басқа препараттар метаболизміне әсері:

Флуконазол Р450 цитохромы изоферментінің, CYP 2C9 әсерін елеулі дәрежеде және СYР 3А4 азырақ дәрежеде бөгейді. Сондай-ақ флуконазол СYР2С19 ферментінің тежегішіне де жатады.

Сондықтан да, аталған интеракциялардан бөлек, флуконазолмен бір мезгілде қолданған кезде СYР2С9 немесе СYР3А4 ферменттерімен метаболизденетін (мысалы: қастауыш алкалоидтары, хинидин) басқа дәрілердің плазмадағы концентрациясының жоғарылауы байқалуы мүмкін. Сол себептен, бұл препараттарды бірге қолданғанда сақтық қажет және науқастарды бақылау қажет.

Флуконазолдың ферменттерді бәсеңдетуші әсері емдеу курсын тоқтатқаннан кейін оның жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығына байланысты тағы да 4-5 күн бойы байқалуы мүмкін.

Алфентанил: Флуконазол-ТК (400 мг) және вена ішіне альфентанилді (20 мкг/кг) бір мезгілде қолданған кезде дені сау еріктілерде алфентанилдің АUС10 2 есе жоғарылайды, бұл СYР3А4 тежелуінен болуы ықтимал. Альфентанилдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Амитриптилин, нортриптилин: флуконазол амитриптилиннің және нортриптилиннің әсерін күшейтеді: 5-нортриптилин және/немесе S-амитриптилин біріктірілген емнің басында және бір аптадан кейін өлшенуі мүмкін. Қажет болса амитриптилиннің/нортриптилиннің дозасын түзету керек.

Амфотерицин Б: Флуконазол мен амфотерицин B бір мезгілде қолдану келесі нәтижелерді көрсетеді: C. albicans-тен туындаған жүйелі инфекциялар кезіндегі зеңге қарсы әлсіз аддитивтік әсері, Cryptococcus neoformans-тен туындаған бассүйекішілік инфекция кезінде өзара әрекеттесудің мүлде жоқтығы, Aspergillus fumigatus-тен туындаған жүйелі инфекция кезіндегі екі препараттың антагонизмі.

Мұның клиникалық мәні белгісіз.

Антикоагулянттар. Басқа да зеңге қарсы азольдік дәрілерді қолдану кезіндегідей, флуконазол мен варфаринді бір мезгілде қабылдаған кезде протромбин уақытының ұлғаюымен ұштасқан қан кетулердің дамуы туралы (қанталаулар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) хабарланған. Флуконазол мен варфаринді бір мезгілде қолданған кезде протромбин уақытының екі есе ұлғаюы байқалған, бұл СYР2С9 арқылы варфариннің метаболизмінің бәсеңдеуі салдарынан болуы ықтимал. Кумарин қатарындағы антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде протромбин уақытын мұқият бақылау керек. Варфариннің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Бензодиазепиндер (қысқа әсерлі) (CYP 3A4 ферментінің субстраты), мысалы мидазолам, триазолам: мидазоламды ішу арқылы қабылдаудан кейін Флуконазол мидазолам концентрациясының елеулі жоғарылауына және психомоторлы әсерлерге әкеледі. 200 мг Флуконазолды және 7,5 мг мидазоламды бір мезгілде ішу арқылы қабылдау мидазоламның AUC мәндерінің жоғарылауына және жартылай шығарылу кезеңінің 3,7 және 2,2 есеге ұзаруына әкеледі. 200 мг Флуконазолды 0,25 мг триазоламмен бірге күн сайын ішу арқылы қабылдау триазоламның AUC мәндерінің және жартылай шығарылу кезеңінің 4,4 және 2,3 есеге жоғарылауына әкеледі. Флуконазолды және триазоламды бір мезгілде қолданғанда триазолам әсерінің күшеюі және созылуы байқалады. Флуконазол қабылдап жүрген пациенттерді бензодиазепинмен қатар емдеу қажет болған жағдайда бензодиазепиннің дозасын азайту және пациенттерге тиісінше бақылау жүргізу керек.

Карбамазепин: флуконазол карбамазепиннің метаболизмін тежейді және соңғысының сарысудағы концентрациясын 30%-ға арттырады. Карбамазепиндік уыттылықтың даму қаупі бар. Концентрациясын/әсерін өлшеуге байланысты карбамазепиннің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кальций өзекшелерінің блокаторлары (кальций антагонисті) (CYP 3A4 ферментінің субстраты): кейбір кальций антагонистері, дигидропиридиндер туындылары (нифедипин, израдипин, верапамил, амлодипин және фелодипин) СҮР3А4 ферментімен метаболизденеді. Флуконазол кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелі әсерін едәуір арттыруы мүмкін. Препараттардың жағымсыз әсерлерін жиі бақылау ұсынылады.

Целекоксиб: бір клиникалық сынақта, 200 мг целекоксиб пен 200 мг флуконазолды бірге қолданғанда целекоксибтің ең жоғарғы концентрациясының 68-ға ұлғаюы және қисық астындағы ауданының 134-ға ұлғаюы байқалды. Бұл өзара әрекеттесу CYP 2C9 ферментінің әсерін бөгеуден, осылайша, целекоксибтің ыдырауының азаюымен білінді. Бұл препараттарды бірге қолданған кезде целекоксиб дозасын 50% төмендету қажет.

Циклофосфамид: циклофосфамидті және флуконазолды біріктіріп емдеу қан сарысуында билирубин және креатинин деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Біріктірілім қан сарысуындағы билирубин және креатинин деңгейлерінің арту қаупі пайда болғанша пайдаланылуы мүмкін.

Фентанил: фентанил мен флуконазолдың өзара әрекеттесуінен туындауы мүмкін бір өлім жағдайы тіркелген. Бұған қоса, дені сау он екі еріктімен рандомизацияланған айқаспалы зерттеуде флуконазол фентанилдің шығарылуын едәуір баяулататыны көрсетілді. Фентанил концентрациясының жоғарылауы тыныс алу жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін, сондықтан пациенттер тыныс тарылуының ықтимал қаупіне орай мұқият қадағалануы тиіс. Фентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

A-редуктазаның гидроксиметилглутарил-коферментінің (ГМГ-КоA-редуктазаның) тежегіштері: Флуконазол ГМГ-КоA-редуктазаның CYP3A4 арқылы метаболизденетін, аторвастатин және симвастатин сияқты немесе CYP2C9 арқылы метаболизденетін флувастатин сияқты тежегіштерімен бір мезгілде тағайындалған кезде, миопатияның және қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозының (рабдомиолиз) пайда болу қаупі артады. Егер қатарлас ем қажет болса, науқас миопатия және рабдомиолиз симптомдарының пайда болуына бақылануы тиіс, сондай-ақ креатинкиназа деңгейіне бақылау жүргізілуі тиіс. ГМГ-КоA-редуктаза тежегіштерін қабылдауды, егер креатинкиназа деңгейінің едәуір жоғарылауы байқалса немесе егер миопатия/рабдомиолиздің пайда болғаны анықталса немесе оған күдік бар болса, тоқтатқан жөн.

Ибрутиниб: флуконазол сияқты орташа CYP3A4 тежегіштері плазмадағы Ибрутиниб концентрациясын арттырады және уыттылық қаупін арттыруы мүмкін. Егер препараттарды біріктіріп қолдануды болдырмау мүмкін болмаса, тежегіштерді қолдану кезеңінде тәулігіне бір рет (2 капсула) 280 мг-ға дейін Ибрутиниб дозасын азайту және мұқият клиникалық мониторингті қамтамасыз ету қажет.

Иммунодепрессанттар (циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус):

Циклоспорин: флуконазол циклоспориннің концентрациясы мен AUC мәнін едәуір жоғарылатады. Флуконазолмен (тәулігіне 200 мг дозада) және циклоспоринмен (тәулігіне 2,7 мг/кг дозада) бір мезгілде емдегенде, циклоспориннің AUC мәнінің 1,8 есе жоғарылағаны байқалды. Препараттардың бұл біріктірілімін, циклоспориннің дозасын концентрациясына байланысты азайта отырып пайдалануға болады.

Эверолимус: CYP3A4 ферментін тежеуіне байланысты, флуконазол эверолимустың қан сарысуындағы концентрациясын арттыруы мүмкін.

Сиролимус: флуконазол сиролимустың плазмадағы концентрациясын арттырады, бұл сиролимус метаболизмнің CYP3A4 пен Р-гликопротеиннің қатысуымен тежелуі арқылы жүруі мүмкін. Бұл біріктірілімін сиролимустың дозасын әсері мен концентрациясы көрсеткіштеріне байланысты түзету кезінде пайдалануға болады.

Такролимус: Ішектегі CYP3A4 ферментінің тежелуі салдарынан, такролимус метаболизмінің тежелуіне байланысты, флуконазол ішу арқылы 5 ретке дейін қолданғанда такролимустың қан сарысуындағы концентрациясын арттыруы мүмкін. Такролимусты вена ішіне қолданғанда елеулі фармакокинетикалық өзгерістер байқалған жоқ. Такролимус деңгейлерінің жоғарылауы нефроуыттылықтың дамуына алып келді. Ішу арқылы қолданғанда такролимустың дозасын оның концентрациясына байланысты азайту керек.

Лозартан: флуконазол лозартанның, лозартанмен емдеу кезінде орын алатын ангиотензин II рецепторлары антагонизмінің көп бөлігіне жауапты белсенді метаболитіне (Е-3174) метаболизденуін тежейді. Пациенттер артериялық қысымын үнемі бақылап отыруы тиіс.

Метадон: флуконазол метадонның сарысудағы концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Метадонның дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): Флуконазолмен бір мезгілде тағайындағанда, флурбипрофеннің Cmax және AUC мәндері тиісінше 23%-ға және 81%-ға артады. Осыған ұқсас, Флуконазол рацемиялық ибупрофенмен (400 мг) бір мезгілде тағайындалғанда, фармакологиялық тұрғыдан белсенді изомердің [S-(+)-ибупрофен] Cmax және AUC мәндері тиісінше 15%-ға және 82%-ға артты.

Арнайы зертеулер жүргізілмесе де, флуконазол CYP2C9 қатысуымен метаболизденетін басқа ҚҚСД жүйелі әсерлерін де арттыруы мүмкін (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак). ҚҚСД-мен байланысты жағымсыз реакциялары мен уыттылығына жиі мониторинг жүргізу ұсынылады. ҚҚСД дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Фенитоин: флуконазол фенитоиннің бауырлық метаболизмін тежейді. Флуконазолды 200 мг дозасында және фенитоинді 250 мг дозасында бір мезгілде вена ішіне бірнеше рет қолдану фенитоиннің AUC24 мәнінің 75 %-ға және Cmin мәнінің 128 %-ға жоғарылауына алып келді. Бір мезгілде қолданғанда, фенитоиннің уыттылық көрністерін болдырмау үшін, фенитоиннің қан сарысуындағы концентрациясының деңгейлері тексерілуі тиіс.

Преднизон: бауыр трансплантациясынан кейін, преднизонмен ем қабылдаған пациентте, флуконазолмен үш айлық емді тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті бездері қыртысының жедел жеткіліксіздігі дамыған жағдай анықталды. Флуконазолды тоқтату CYP3A4 ферменті белсенділігінің артуына алып келгені туралы болжам бар, бұл өз кезегінде преднизон метаболизмінің күшеюін туғызды. Флуконазолмен және преднизонмен ұзақ уақыт емделген пациенттерді, флуконазолды тоқтатқаннан кейін бүйрекүсті бездері қыртысының жедел жеткіліксіздігінің дамуына қатысты қадағалау керек.

Рифабутин: флуконазолмен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы рифабутиннің AUC шамасының 80 %-ға дейін жоғарылауына алып келеді. Флуконазол мен рифабутин бір мезгілде тағайындалған пациенттерде увеит дамыған жағдайлар туралы хабарланды. Рифабутин мен флуконазолды бір мезгілде қабылдап жүрген пациентерде рифабутиннің уыттылық көріністерінің симптомдарын мұқият бақылау қажет.

Саквинавир: СYР3А4 ықпал ету және Р-гликопротеинді тежеу арқылы саквинавирдің бауырдағы метаболизмін тежеу нәтижесінде флуконазол саквинавирдің АUС шамамен 50% және саквинавирдің Сmах шамамен 55% жоғарылатады және оның клиренсін шамамен 50% төмендетеді. Саквинавирдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Сульфонилмочевина препараттары: Флуконазол сульфонилмочевинаның пероральді препараттарын (мысалы, хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) бір мезгілде қабылдағанда қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңін ұзартады. Қан глюкозасын жиі бақылау және сульфонилмочевина дозасын тиісінше азайтқан жөн.

Теофиллин: 200 мг-ден флуконазолды 14 күн бойы қабылдау теофиллин клиренсінің орташа жылдамдығының 18%-ға төмендеуіне әкеледі. Флуконазол мен теофиллинді жоғары дозаларда қабылдап жүрген пациенттерді немесе теофиллиннің уытты әсерінің қаупі жоғарылаған пациенттерді, теофиллиннің артық дозалану симптомдарын дер кезінде анықтау мақсатында, мұқият қадағалауға алу қажет; олар пайда болған жағдайда емдеуді тиісінше өзгерткен жөн.

Қабыршөп алкалоидтары: флуконазол қабыршөп алкалоидтарының (мысалы, винкристин және винбластин) плазмалық деңгейлерін арттыруы және CYP3A4 тежегіш әсеріне байланысты, нейроуыттылыққа әкеліп соғуы мүмкін.

А дәрумені: Транс - ретиной қышқылымен (A дәруменінің қышқылдық түрі) және флуконазолмен біріктіріп емдеуден толық өткен пациенттегі бір клиникалық жағдайдың сипаттамасында ОЖЖ тарапынан қатерсіз бассүйекішілік гипертензия түріндегі жағымсыз әсерлердің дамығаны байқалды, ол Флуконазолды тоқтатқаннан кейін жойылған. Бұл біріктірілімді пайдалануға болады, бірақ пациенттерді, ОЖЖ-мен байланысты жағымсыз әсерлерді анықтау мақсатында қадағалау керек.

Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші): пероральді вориконазолды (1-ші күні әрбір 12 сағат сайын 400 мг, содан кейін 2,5 күн бойы әрбір 12 сағат сайын 200 мг) және пероральді Флуконазолды (1-ші күні 400 мг, содан кейін 4 күн бойы әрбір 24 сағат сайын 200 мг) бір мезгілде қолдану вориконазол концентрациясының және AUC мәнінің, сәйкесінше, орта есеппен 57%-ға (90% C1: 20%, 107%) және 79%-ға (90% CI: 40%, 128%) артуына әкелді.

Вориконазол мен флуконазолдың дозасын және/немесе енгізу жиілігін осы әсерді жоққа шығаратындай етіп азайту анықталмаған. Вориконазолды флуконазолдан кейін бірден қолданғанда вориконазолдың әсеріне байланысты жағымсыз құбылыстарға бақылау жасау ұсынылады.

Зидовудин: флуконазол, пероральді түрде қабылданғанда зидовудин клиренсінің шамамен 45%-ға төмендеуіне байланысты, зидовудиннің Cmax және AUC мәндерін тиісінше 84%-ға және 74%-ға арттырады. Зидовудиннің жартылай шығарылу кезеңі флуконазолмен біріктіріп емдегеннен кейін шамамен 128%-ға ұзарады. Осы біріктірілімді қабылдап жүрген пациенттер, зидовудинді қабылдаумен байланысты жағымсыз реакцияларды анықтау мақсатында бақылануы тиіс. Зидовудин дозасын азайту қажет болуы мүмкін.

Азитромицин: ашық рандомизацияланған үш жақты айқаспалы зерттеуде 18 дені сау еріктіде азитромициннің 1200 мг дозада бір ішке қабылдау кезінде 800 мг дозада бір рет қабылдағандағы флуконазол фармакокинетикасына ықпал етуіне, сондай-ақ флуконазолдың азитромицин фармакокинетикасына ықпал етуіне баға берілді. Флуконазол мен азитромициннің арасында елеулі фармакинетикалық өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

Пероральді контрацептивтік дәрілер: дені сау әйелдерді зерттегенде 50 мг флуконазол пероральді бірікітірілген контрацептивтік дәрілердің әсер етуші заттарының деңгейіне ықпал еткен жоқ. 200 мг флуконазол этинилэстрадиолдың және левоноргестрелдің концентрация-уақыт қисығы астындағы ауданын (AUC) сәйкесінше 40 және 24% ұлғайтты. Алынған нәтижелердің негізінде флуконазолды көрсетілген дозалар деңгейінде көп рет енгізу біріктірілген пероральді контрацептивтерге ықпал ете қоймайды деп болжауға болады.

Арнайы ескертулер

Несеп шығару жүйесі: бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек.

Гепатобилиарлық жүйе. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек. Флуконазолды қолдану сирек жағдайларда әсіресе негізгі аурулары ауыр күйдегі пациенттерде өлімге ұшыратуды қоса, ауыр гепатоуыттылықтың туындауымен астасты. Гепатоуыттылықтың дамуы флуконазолды қолданумен астасқан жағдайларда, оның препараттың жалпы тәуліктік дозасына, емнің ұзақтығына, пациенттің жасына немесе жынысына байланыстылығы белгіленбеген. Әдетте флуконазолдан туындаған гепатоуыттылық қайтымды болады, ал оның көріністері емді тоқтатқаннан кейін жойылады.

Флуконазолды қолданған кезде бауырдың функционалдық сынамаларының нәтижесінде ауытқулар байқалған пациенттерді бауырдың бұдан да ауыр зақымдалуының дамуына қатысты мұқият бақылау керек.

Бауырға маңызды әсерді аңғартатын сиптомдар (оның ішінде, астения, тәбеттің болмауы, ұдайы жүрек айнуы, құсу және сарғаю) туралы пациентке мәлімделуі тиіс. Мұндай жағдайда флуконазолды қолдануды дереу тоқтатып, дәрігермен кеңесу қажет.

Жүрек-қантамыр жүйесі: кейбір азолдар, оның ішінде флуконазол да, электрокардиограммада QТ аралығының ұзаруымен астасады. Флуконазолды қолданған кезде QТ аралығы ұзаруының және «пируэт» типті пароксизмдік қарыншалық тахикардияның өте сирек жағдайлары туралы хабарланған. Мұндай хабарлар жүректің құрылымдық аурулары, электролиттік алмасудың бұзылуы және QТ аралығына ықпал ететін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану сияқты маңызды қауіп факторлары бар ауыр науқасты пациенттерге қатысты болды.

Препаратты аритмияның даму қаупі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. QТс аралығын ұзартатын және Р450 цитохромының СYР3А4 ферментінің көмегімен метаболизденетін дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Галофантрин: галофантрин СYР3А4 ферментінің субстраты болып табылады және ұсынылған емдік дозаларда қолданған кезде QТс аралығын ұзартады. Галофантрин мен флуконазолды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Дерматологиялық реакциялар: флуконазолды қолданғанда Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты эксфолиативтік тері реакцияларының дамуы туралы сирек хабарланған. ЖИТС-пен ауыратын пациенттер көптеген дәрілік заттарды қолданған кезде ауыр тері реакцияларының дамуына неғұрлым бейім болады. Егер беткейлік зеңдік инфекциялы пациентте флуконазолды қолданумен астасуы мүмкін бөртпелер пайда болса, препаратты әрі қарай қабылдауды тоқтату керек. Егер инвазиялық/жүйелі зеңдік инфекциялы пациентте терідегі бөртпелер пайда болса, оның жай-күйін мұқият бақылау керек, ал буллездік бөртпелер дамыған жағдайда немесе мультиформалы эритемада флуконазолды қолдануды тоқтату қажет.

Аса жоғары сезімталдық: сирек жағдайларда анафилаксиялық реакциялардың дамығаны туралы хабарланған.

Р450 цитохромы: флуконазол СYР2С9 ферментінің күшті тежегіші және СYР3А4 ферментінің орташа тежегіші болып табылады. Сондай-ақ флуконазол СYР2С19 ферментінің де тежегішіне жатады. Флуконазолды және СYР2С9, СYР2С19 және СYР3А4 қатысуымен метаболизденетін емдік аясы тар препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің жай-күйін бақылау керек.

Терфенадин: терфенадин мен флуконазолды тәулігіне 400 мг-ден аз дозада бір мезгілде қолданған кезде пациенттің жай-күйін мұқият бақылау керек.

Қосымша заттар: Капсулалардың құрамында лактоза моногидраты бар. Галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты тұқым қуалайтын сирек аурулары бар пациенттер бұл препаратты қабылдамағаны жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі: бірнеше жүз жүкті әйелдерде жүктіліктің І триместрі кезінде флуконазолды әдеттегі дозаларда (< 200 мг/тәулік) бір рет немесе қайталап қолданғанда алынған деректер шаранаға қолайсыз ықпалды көрсеткен жоқ. Аналары кокцидиоидозды емдеу үшін флуконазолды жоғары дозаларда (400-800 мг/тәулік) 3 ай бойы немесе одан көп уақыт қабылдаған жаңа туған нәрестелердегі көптеген туа біткен патологиялар туралы хабарланды (брадифренияны, құлақ қалқанының дисплазиясын, алдыңғы еңбектің шектен тыс ұлғаюын, жамбастың қисаюын, иық-шынтақ синостозын қоса). Флуконазолды қолдану мен осы жағдайлардың арасындағы байланыс анықталған жоқ.

Флуконазолдың әдеттегі дозаларын және флуконазолмен емдеудің қысқа мерзімдік курстарын жүктілік кезеңінде, өте қажет болған кездерді қоспағанда, қолданбау керек.

Өмірге қауіп төндіретін инфекцияларды емдеуді қоспағанда, флуконазолды жоғары дозаларда және/немесе ұзақ курстармен жүктілік кезеңінде қолданбау керек.

Флуконазол-ТК емшек сүтіне өтеді және қан плазмасындағыға қарағанда неғұрлым төмен концентрацияға жетеді. Флуконазолдың 200 мг немесе одан аз болатын әдеттегі дозасын бір рет қолданғаннан кейін емшек емізуді жалғастыруға болады.

Флуконазолды көп рет немесе жоғары дозаларда қолданған кезде емшек емізу ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Автокөлікті басқарғанда немесе техниканы пайдаланғанда сақ болған жөн, өйткені бас айналу немесе құрысулар пайда болуы мүмкін.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Тәуліктік дозасы зеңді инфекцияның табиғаты мен ауырлығына байланысты және әр адамда жекелей анықталады. Емдеу ұзақтығы клиникалық және микологиялық әсеріне байланысты.

Ересектер

  • криптококктік инфекцияларда алғашқы күні, әдеттегідей, 400 мг (8 капсула), тағайындайды, ал содан кейін емдеуді 200-400 мг (4-8 капсула) дозада тәулігіне бір реттен жалғастырады. Емдеу ұзақтығы әдетте 6-8 аптаны құрайды. ЖИТС-ке шалдыққан науқастарда криптококктік менингиттің қайталануының профилактикасы үшін (алғашқы емнің толық курсын аяқтағаннан кейін) флуконазолмен емдеуді өте ұзақ уақыт бойы 200 мг (4 капсула) дозада жалғастыруға болады;

  • кандидозды инфекцияларда доза алғашқы тәуліктерде 400 мг (8 капсула), содан кейін тәулігіне 200 мг (4 капсула) құрайды, қажет болған кезде доза тәулігіне 400 мг дейін арттырылуы (8 капсула) мүмкін. Емдеу ұзақтығы клиникалық тиімділігіне байланысты болады;

  • орофарингеальді кандидозда – 7-14 күн бойы тәулігіне бір рет 0,050– 150 мг-нан (1-3 капсула) немесе қажет болған кезде одан да ұзағырақ уақытты құрайды. Ауыз қуысының шырышты қабығының атрофиялық кандидозында әдетте 14 күн бойы тәулігіне бір рет 100 мг (2 капсула) доза тағайындайды, шырышты қабықтардың басқа кандидозды инфекцияларында (қынаптық кандидозды қоспағанда) емдеу ұзақтығы 14-30 күн болғанда тиімді доза әдетте 100 мг (2 капсула) құрайды;

  • қынаптық кандидозда және баланитте флуконазолды бір рет 150 мг (3 капсула) дозада қабылдайды;

  • иммунитет функциясы төмендеген науқастарда зеңді инфекциялардың профилактикасы үшін, науқас қауіпті топқа жатқан кезде, доза тәулігіне бір рет 100 мг (2 капсула) құрайды;

  • тері инфекцияларында, табан, шап аймағы терісінің микозын қоса, және кандидозды инфекцияларда ұсынылатын доза аптасына бір рет 150 мг (3 капсула) немесе тәулігіне бір рет 100 мг (2 капсула) дозаны құрайды. Емдеу ұзақтығы әдетте 2-4 апта, алайда табан микозында өте ұзақ емдеу (6 аптаға дейін) қажет болуы мүмкін. Кеуекті теміреткіде ұсынылатын доза 2-4 апта бойы тәулігіне бір рет 100 мг (2 капсула) құрайды. Онихомикозда аптасына бір рет ұсынылатын доза 150 мг (3 капсула) құрайды. Емдеуді инфекцияланған тырнақ алмасқанға дейін (инфекциясы жоқ тырнақ өскенге дейін) жалғастырған жөн.

Егде жастағы пациенттер:

Бүйрек жеткіліксіздігінің белгілері жоқ болған кезде препаратты әдеттегі дозада қолданады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттер үшін бір рет қабылдаған кезде дозаны өзгертудің қажеті жоқ. Қайталап қабылдаған кезде препаратты бастапқы 100-ден 400 мг (2-8 капсула) дейінгі дозада тағайындайды. Осыдан кейін тәуліктік дозаны (креатинин клиренсінің көрсеткіштеріне байланысты) мына кесте бойынша белгілейді:

Креатинин клиренсі, мл/мин Ұсынылатын доза пайызы

> 50

100%

11–50

50%

Диализ жүйелі жасалатын науқастар

Әрбір диализден кейін бір доза

Емдеу теріс гемокультура алғаннан кейін немесе ауру көріністері жоғалғаннан кейін кем дегенде 2 апта жалғастырылуға тиіс. Аурудың алғашқы көріністерінде емдеу 7–14 күн бойына, ал иммунитет тапшылығы бар науқастарда 3 аптаға жалғастырылады. Өте ауыр жағдайларда 30 күндік ем жүргізу қажет. Криптококктік менингитті емдеу ұзақтығы — 6–8 апта, дерматомикоздарда — 2–4 апта, табан дерматофитиясында — 6 апта бойы.

Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, аса ауыр жағдайларда — құрысулар.

Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем. Флуконазол негізінен несеппен бірге шығарылады, сондықтан қарқынды диурез препараттың шығуын тездетуі мүмкін. 3 сағаттық гемодиализ сеансы плазмадағы Флуконазол деңгейін шамамен 50%-ға төмендетеді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Бүкіл қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз. Егер Сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болса, медицина қызметкерінің кеңесіне жүгінуді ұсынамыз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Жиі

- бас ауыру

- іштің ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу

- аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің ұлғаюы, аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе

Жиі емес

- анемия

- тәбеттің төмендеуі

- ұйқысыздық, ұйқышылдық

- құрысулар, бас айналу, парестезия, дәмнің өзгеруі

- вертиго

- диспепсия, метеоризм, ауыз ішінің құрғауы

- холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы

- қышыну, дәрілік бөртпе (тұрақты дәрі-дәрмектік бөртпені қоса), есекжем, қатты терлеу

- миалгия

- шаршау, дімкәстік, әлсіздік, дене температурасының көтерілуі

Сирек

- агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

- анафилаксия, ангионевроздық ісіну

- гипертриглицеридемия, гиперхолестеринемия, гипокалиемия

- тремор

- екі бағытты ұршық тәрізді қарыншалық тахикардия,

QT аралығының ұзаруы

- бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымданулар

- уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жайылған жедел экзантематозды пустулез, эксфолиативті дерматит, беттің ісінуі, алопеция

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат50 мг флуконазол

қосымша заттар: лактоза моногидраты, аэросил (коллоидты кремнийдің қостотығы), магний стеараты.

қақпақшаның құрамы: темірдің қара тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), желатин;

корпустың құрамы: титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары (Е 104), қан қызыл (Е 124), патенттелген көк (Е 131), бриллиантты қара (Е 151), желатин.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Корпусы жасыл және қақпақшасы сұр түсті, өлшемі №4, қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішінде – ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті ұнтақ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 капсуладан пішінді ұяшықты каптамада.

Бір пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Тұтынушының келісімі бойынша пішінді ұяшықты қаптамаларды қорапшаға салмай, қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен бірге топтық ыдысқа қаптауға жол беріледі.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15

Электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15

Электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, ҚР, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ-сы, Астана ауд., Шестихатка а., Шестихатка т.а., ғимарат № 467, тел.: 8 (7132) 21 72 15

Электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru

Прикрепленные файлы

Флуконазол_каз.doc 0.15 кб
Флуконазол_рус.docx 0.08 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники