Феркайл®

МНН: Железа (III) гидроксид декстран
Производитель: Лабораториес Стероп С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Железа оксид декстран комплекс
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№007850
Информация о регистрации в РК: 23.09.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 130.49 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Феркайл®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді

Құрамы

белсенді зат: темірге (III) баламалы темір декстраны 50,0 мг/мл

қосымша зат: инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Қара-қоңыр түсті ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Гемопоэз стимуляторлары. Темір препараттары. Парентеральді түрде қолдануға арналған үш валентті темір препараттары. Темір тотығы декстран кешені.

АТХ коды В03АС06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бұлшықет ішіне енгізген кезде темір декстраны инъекция жасалған жерде лимфалық жүйе арқылы сіңеді. Таралуы былайша жүреді: темір декстранының көп бөлігі инъекциядан кейін 72 сағат ішінде сіңеді. Темір декстранының қалған бөлігі 3-4 апта ішінде сіңеді.

Темір декстранының осындай фармакокинетикасы темірдің өзінің қорына тез тасымалдануы клиникалық қажеттілікте, сондай-ақ пероральді түрде қолданылатын темір препараттарының тиімсіздігінде немесе асқазан-ішек жолында сіңуі мүмкін болмағанда осы препаратты қолдануға себепші болады. Темірдің аз мөлшері нәжіспен және несеппен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Темір әртүрлі геминдік және геминдік емес субстраттардың: оттегіні тасымалдауға, бос-радикалды реакциялар үдерісінде түзілетін тіндік тыныс және асқын тотықтарды жоюға қатысатын гемоглобиннің, миоглобиннің, цитохромдардың, пероксидазалардың және каталазалардың функцияларын қалыпты атқаруы үшін қажет. Темірдің талапқа сай мөлшерлері тиімді эритропоэз – эритробласттардың гемоглобинизациясы үшін қажет. Темірдің әбден жетілген эритроциттерге жеткізілуі негізінен жарғақша-ізашардағы рецепторлар аймағында трансферритиннен босап шығуы арқылы жүреді.

«Феркайл®» препаратының құрамында темір декстраны бар, ол темірдің физиологиялық түрі - ферритиннің баламасы (ақуыздық гидроксид-темір-фосфатты кешен) болып табылады. Темір ионды емес, суда еритін түрде қол жетімді. Ретикулоэндотелиальді жүйенің (РЭЖ) жасушалары темірді баяу босатып шығарады, ол темір декстранын оның компоненттеріне – темірге және декстранға бөледі. Темір бірден ақуыз жіпшелерімен байланысып, темірдің физиологиялық түрлерін – гемосидеринді немесе ферритинді, немесе аз дәрежеде трансферринді түзеді. Физиологиялық бақылаудан өткен бұл темір гемоглобинді арттырады және темірдің таусылған қорын толықтырады.

Оны (ауто)иммундық бұзылулары немесе қабыну үдерістері (мысалы, жүйелік қызыл жегі, ревматоидты артрит) бар науқастарға тағайындау ІІІ типті аллергиялық реакцияны туындатуы мүмкін.

Қолданылуы

- ересектер мен балаларда генезі әртүрлі теміртапшылықты анемияны емдеуге және профилактикасында

- жүктілік, лактация, донорлық кезінде, балалардың, жасөспірімдердің белсенді өсуі кезеңінде организмнің темірді қажетсінуі артқанда

- темірдің тамақпен бірге түсуі жеткіліксіз болғанда

- асқазан-ішек жолынан темірдің сіңуі бұзылғанда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге: бұлшықет ішіне қолданылатын жалпы доза дене салмағына және гемоглобиннің бастапқы деңгейіне байланысты келесі формула бойынша анықталуы тиіс: доза (мл) = 0,0476 х Р х (14,8-Н) + 1 мл, науқастың дене салмағының әрбір 5 кг шаққанда (ең жоғарысы 14 мл), мұнда

Р – науқастың дене салмағы, кг

14,8 – гемоглобиннің қалыпты концентрациясы

Н – гемоглобиннің бақыланатын концентрациясы (г/100 мл)

Бұл формула гемоглобиннің қалыпты концентрациясын қалпына келтіру үшін (теңдеудің 1-ші мүшесі: 0,0476 х Р х (14,8 – Н)) және организмде темір қорларын қалпына келтіру үшін (теңдеудің 2-ші мүшесі: науқастың дене салмағының әрбір 5 кг шаққанда 1 мл, ең жоғары дегенде 14 мл) «Феркайл®» (мл) дозасын есептеу үшін қолданылады. 0,0476 санына «Феркайл®» препаратындағы темірдің мөлшері (50 мг/мл), гемоглобиндегі темірдің мөлшері (0,34%) және қан көлемі (дене салмағының 7%-ы) кіреді.

Балаларға (4 айлықтан бастап): салмағы 15 кг-ден астам балалар үшін ересектерге арналған доза тағайындалады. Салмағы 15 кг-ге дейінгі балаларға бұлшықет ішіне енгізілетін жалпы доза келесі формула бойынша есептеледі: доза (мл) = 0,0476 х Р х (12-Н) + 1 мл-ден, науқастың дене салмағының әрбір 5 кг шаққанда.

Күнделікті инъекцияға шаққанда қолданылатын жалпы дозасы, келесі:

- салмағы 5 кг-ге дейінгі балаларға - 0,5 мл

- салмағы 5-тен 10 кг-ге дейінгі балаларға - 1 мл

- салмағы 15 кг-ден жоғары балаларға және ересектерге - 2 мл.

Емдеу курсын белгілеу ыңғайлы болуы үшін кесте жасалды.

Препараттың курстық дозасы дене салмағына және бастапқы гемоглобиннің миллилитрлік деңгейіне байланысты белгіленеді. Препараттың әрбір ампуласында 2 мл ерітінді бар болғандықтан, емдеу курсындағы ампула саны курстық дозаны 2 мл-ге бөлу арқылы анықталады. Препаратты тәулігіне бір рет бұлшықет ішіне терең етіп енгізеді. Препараттың негізгі дозасын енгізер алдында дозаға тест жүргізу қажет.

САЛМАҚҚА ЖӘНЕ ГЕМОГЛОБИННІҢ БАСТАПҚЫ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ «ФЕРКАЙЛ®» ПРЕПАРАТЫНЫҢ КУРСТЫҚ ДОЗАСЫ, МЛ*

НВ (г/100 мл)

М (кг)

12,0

11,0

10,0

9,0

8,0

7,0

6,0

5,0

4,0

3,0

5

1,2

1,5

1,7

2,0

2,2

3,4

4,7

6,0

7,2

8,4

10

2,5

2,9

3,4

3,9

4,4

4,9

5,4

5,8

6,3

6,8

15

3,7

4,4

5,1

5,85

6,6

7,3

8,0

8,7

9,4

10,1

20

4,95

5,9

6,9

7,8

8,8

9,7

10,7

11,6

12,6

13,5

25

6,2

7,4

8,6

9,8

11,0

12,1

13,3

14,5

15,7

16,9

30

7,4

8,9

10,3

11,7

13,2

14,6

16,0

17,4

18,9

20,3

35

8,7

10,3

12,0

13,7

15,4

17,0

18,7

20,4

22,0

23,7

40

9

12

14

16

17

19

21

23

25

27

50

12

15

17

19

21,5

24

26

28

31

33

60

15

18

21

24

26,5

29

32

35

38

41

70

17

21

24

27

30,5

34

37

40

44

47

80

20

23

27

31

35

39

43

46

50

54

90

22

27

31

35

39,5

44

48

52

57

61

100

25

30

34

39

44

49

54

58

63

68

*емделетін күн саны курстық дозадан 2 есе аз

Жағымсыз әсерлері

- темір препараттарына жекелей жақпаушылығында және оған жоғары сезімталдықта науқаста жағымсыз құбылыстар және асқынулар пайда болуы мүмкін

- тері бөртпесі және қышыну түріндегі аса жоғары сезімталдық сирек болуы мүмкін

- буындардың ауыруы, бұлшықеттің ауыруы және шығу тегі белгісіз қызба. Ауыру инъекциядан кейін бірнеше сағаттан бастап бірнеше күнге дейінгі кезең ішінде білінуі мүмкін, ол ауыруды басатын дәрілерді тағайындағаннан кейін қайтады. Ревматизмдік артриті бар пациенттерде буындық симптомдар нашарлауы мүмкін

- анафилактоидтық реакциялар өте сирек кездеседі және тыныс алудың қиындауы түрінде және қан қысымының төмендеуімен байқалуы мүмкін. Симптомдар инъекциядан кейін бірнеше минуттан соң пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда «Феркайл®» препаратын қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- темір препараттарына асқын сезімталдық және асқыну сатысындағы демікпелік немесе алллергиялық жағдайлар

- ревматоидты артрит

- бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі

- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

- темір тапшылығынан туындамаған анемия (мысалы, гемолитикалық анемия)

- темірдің артық мөлшері немесе оның шығарылуының бұзылулары (гемохроматоз, гемосидероз).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармацевтикалық: артық дозалану орын алуы мүмкін болғандықтан, «Феркайл®» препаратын құрамында темірі бар пероральді препараттармен немесе қоспалармен бір мезгілде қолдану қажет емес.

Инъекцияға арналған «Феркайл®» ерітіндісінің құрамында тұрақты декстран кешеніндегі темір болады, ол темірдің физиологиялық түрлеріне, ферритинге ұқсас. Стерильді ерітіндісі шамамен 5,2 – 6,5 болатын бейтарап рН-қа ие. Ерітіндіде консерванттар жоқ. Парентеральді түрде енгізуге арналған темірдің декстранды кешені өзінің тұрақтылығымен және сарысуда босап шығу жылдамдығымен ерекшеленеді.

Фармакодинамикалық: «Феркайл®» инъекциясын пероральді түрде қабылданатын темірдің басқа препараттарымен қатар тағайындамаған жөн, бұл пероральді темірдің сіңуін төмендетуі мүмкін. Пероральді түрде қабылданатын темір препараттарын қабылдау «Феркайл®» препаратының соңғы инъекциясын қабылдағаннан кейін кем дегенде бес күннен кейін басталуы тиіс. Темір препараттары мен «Феркайл®» препаратын бір мезгілде қолданғанда синергизм көрініс беруі мүмкін. Сіз өзіңіз қолданып жүрген немесе жақын арада қолданған кез келген басқа дәрілік препараттар жөнінде, тіпті оны өзіңіз сатып алсаңыз да, ем жүргізетін дәрігеріңізді және/немесе фармацевтті дер кезінде хабардар етіңіз.

Фармакокинетикалық: организмде темір декстранын көп (5 мл және одан көбірек) дозаларда қолдану препаратты қабылдағаннан кейін төрт сағаттан соң алынатын қан сынамасында сарысуға қоңыр түс беруі мүмкін. Дәрі қан сарысуында қателіктен билирубин мөлшерінің жоғарылауына және кальций мөлшерінің төмендеуіне себеп болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпалы жөнінде деректер жоқ.

Ескерту: препаратпен емделу кезеңінде алкогольді пайдаланудан бас тарту қажет.

Артық дозалануы

Орын алған жоқ

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мг/2 мл ерітінді қоңыр шыныдан жасалған ампулаларда 2 мл-ден №5, 2 мл-ден №10х10.

Ампулаларға арналған контейнердегі 5 немесе 10х10 ампула қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамада.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, +18°С-ден +25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткен препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Laboratories STEROP s.a.» компаниясы, Бельгия

«Laboratories STEROP s.a.» av. De Scheut 46-50 Scheutlaan Brussel 1070 Bruxelles

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы: «Интер Глоуб» ЖШС, Алматы обл., Қарасай ауданы,

б/с «Жайлау», 8

телефон 8(727)2932240, факс 8 (727)2931595 interglobe_aty@mail.ru

Прикрепленные файлы

439130511477976725_ru.doc 67 кб
639792791477977882_kz.doc 81.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники