Трисоль (200 мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Трисоль
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инфузияға арналған 200 мл және 400 мл ерітінді
Құрамы
1 литр ерітіндінің құрамында
белсенді зат: натрий хлориді 5.0 г,
калий хлориді 1.0 г,
натрий гидрокарбонаты 4.0 г,
қосымша зат - инъекцияға арналған су 1 л-ге дейін
Теориялық осмолярлығы ~293 мосм/л
Сипаттамасы
Түссіз мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Плазма алмастырушы және перфузиялық ерітінділер
Көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділер
Сулы-электролитті теңгерімге әсер ететін ерітінділер.
Электролиттер
АТХ коды В05ВВ01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы. Трисоль ерітіндісін көктамырға енгізгеннен кейін ағзалар мен тіндерге қанмен бірге түседі, онда метаболизм үдерісіне қосылады.
Фармакодинамикасы. Трисоль ерітіндісі организмдегі қышқылдық-сілтілік ортаны анықтайтын су, электролиттер және сутек иондары концентрациясының мөлшерін түзетеді, қанның реологиялық қасиеттерін жақсартады, гиповолемияны азайтады, микроциркуляцияны жақсартады, диурезді ұлғайтады. Токсиндер деңгейін төмендету және диурезді ұлғайту есебінен дезинтоксикациялық әсер етеді.
Қолданылуы
- диареямен, құсумен, көп қан жоғалтумен, күйіктермен, хирургиялық араласулармен, тағамдық токсико-инфекциямен, тырысқақпен байланысты едәуір сұйықтық жоғалтудың салдарынан организмнің сусыздануында
- метаболизмдік ацидозда
- шығу тегі әр түрлі уыттануда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Көктамыр ішіне (сорғалатып немесе тамшылатып).
Трисоль минутына 40-120 тамшы жылдамдықпен көктамыр ішіне енгізіледі. Пайдаланар алдында ерітіндіні 36 – 38 °С дейін жылытады. Аурудың ауыр түрлерінде (гиповолемиялық жұқпалы-уытты шок, талапқа сай емес қылтамырлық перфузия, қалпына келмейтін метаболизмдік ацидоз, олигурия) препаратты тамшылатып енгізеді. Кезек күттірмейтін дерегидратациялық емде ерітіндіні бастапқыда сорғалатып енгізеді, одан әрі ерітіндіні сорғалатып енгізуді тамшылатумен алмастырып, қажет болғанда дозалауды минутына 40-120 тамшы жылдамдықпен 24-48 сағат бойы жүргізеді. Препаратты қан электролиттері мен айналымдағы қан көлемінің зертханалық көрсеткіштерін бақылай отырып, қолданады. Енгізілетін ерітіндінің жалпы мөлшері сұйықтық пен тұз жоғалтуды (диарея кезіндегі сұйық нәжіспен, полиурияда, қатты тер бөлінуде) ескере отырып есептеледі. Жоғалған сұйықтық пен енгізілген ерітіндінің теңгерімі әрбір 6 сағат сайын анықталады.
Жағымсыз әсерлері
- ісінулер
- тахикардия
сирек
- гиперкалиемия
- гипернатриемия
- алкалоз
- гипергидратация
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- аса жоғары сезімталдық
- бүйректің шығару функциясының едәуір бұзылуы
- гиперкалиемия
- алкалоз
- мидың, өкпенің ісінуі
- жүрек жеткіліксіздігі
- гипернатриемия, гипергидратация немесе олардың даму қаупі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты дәрілік заттар еріткіші ретінде қолданады.
Коллоидты ерітінділермен үйлестіре қолдануға болады (декстран препараттары, Калий хлориді+ Кальций хлориді + Магний хлориді + Натрий гидрокарбонаты + Натрий хлориді + Повидон – 8мың.&, Желатин& және т.б.); сондай-ақ донор қанымен, эритромассамен, плазмамен және т.б. қан препараттарымен үйлесімді. Әдетте қолданылатын шокқа қарсы дәрілік заттарды, оның ішінде нейролептанальгезияға арналған препараттарды (фентанил, дроперидол), бензодиазепиндерді (диазепам және т.б.), сондай-ақ миорелаксанттарды (суксаметоний және т.б.), протеолиз тежегіштерін (апротинин) және альфа-адреностимуляторларды (допамин, эпинефрин) тағайындауға кедергі болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Қолданар алдында препаратты 36-38 °С дейін жылытып алады, қан электролиттері мөлшерін, қанның қышқылды-сілтілі теңгерімін зертханалық зерттеулермен бақылай отырып, қолданады.
Жүктілік және лактация
Ерітінді жүкті әйелдерге өмірлік көрсетілімі бойынша дәрігердің бақылауымен енгізіледі.
Автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқарғанда реакция жылдамдығына әсер етуге қабілеттілігі
Препарат стационар жағдайында ғана қолданылатындықтан деректер жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: ерітіндіні көп мөлшерде енгізу бүйрек функциясы бұзылуына, гиперволиемияға, гиперкалиемияға, гипернатриемияға, гипергидратацияға, ми ісінуіне әкелуі мүмкін.
Емі: глюкоза ерітінділерін, құрамында натрий, кальций бикарбонаты бар ерітінділерді енгізу. Препарат гемодиализ арқылы шығарылады.
Гипергидратация несеп айдайтын препараттарды, фуросемидтің жоғары дозаларын (тәулігіне 100 мг дейін парентеральді) тағайындаумен қандағы электролиттер мөлшерін үнемі бақылай отырып, қайтарылады.
Шығарылу түрі және қаптамасы
200 мл немесе 400 мл-ден қанға, инфузиялық және трансфузиялық препараттарға арналған сыйымдылығы тиісінше 250 мл немесе 450 мл, резеңке тығынмен тығындалған және алюминий қалпақшамен қаусырылған шыны бөтелкелерде.
Сыйымдылығы 250 мл 24, 28 бөтелке және сыйымдылығы 450 мл 12, 15 бөтелке гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге, бөтелке санына сәйкес медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен қоса салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Бөтелкелердің ішкі бетінің ылғалданбайтыны препараттың қолданылуына қарсы көрсетілім болып табылмайды.
Препаратты тасымалдаған кезде қатыруға болмайды.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Биохимик» ААҚ, Ресей Федерациясы, 430030, Саранск қ., Васенко к-сі,
15А,
Тел./факс (8342) 47-36-48, 47-36-78.
Тіркеу куәлігінің иесі
"Биохимик" ААҚ, Ресей Федерациясы, Саранск қ.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«ЦентрАзияФарм» ЖШС, 050030, Қазақстан Республикасы Алматы қ., Сүйінбай д-лы, 290
тел. 727 290 27 80, 727 385 04 00, e-mail: register@caph.kz