Тригрим (10 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Тригрим
Халықаралық патенттелмеген атауы
Торасемид
Дәрілік түрі
2.5 мг, 5 мг немесе 10 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 2.5 мг, 5 мг немесе 10 мг торасемид
қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Сипаттамасы
Ақ түсті, дөңгелек, екі беті дөңес, диаметрі 4.9 – 5.3 мм таблеткалар (2.5 мг доза үшін).
Ақ түсті, дөңгелек, тегіс, сызығы бар, диаметрі 6.9 – 7.3 мм таблеткалар (5 мг доза үшін)
Ақ түсті, дөңгелек, тегіс, сызығы бар, диаметрі 8.9 – 9.3 мм таблеткалар (10 мг доза үшін)
Фармакотерапиялық тобы
Диуретиктер. «Ілмектік» диуретиктер. Сульфаниламидтік диуретиктер. Торасемид.
АТХ коды С03С А04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдаған соң, торасемид тез әрі мүлдем толық сіңеді. Плазмадағы ең жоғары концентрациясына қабылдаудан соң 1‑2 сағат өткеннен кейін қол жеткізіледі. Торасемидтің 99%-ы ақуыз плазмасымен байланысады. Таралу көлемі 16 литрді құрайды. Торасемид сатылы тотығу, гидроксилдену және үш метаболит: M1, M3 және M5 құра отырып, сақинаның гидроксилденуі арқылы биологиялық өзгеріске ұшырайды. Торасемид пен оның метаболиттерінің жартылай шығарылу кезеңі дені сау адамдарда 3 – 4 сағатты құрайды. Торасемидтердің жалпы клиренсі 40 мл/мин-ты құраса, ал бүйрек клиренсі шамамен 10 мл/мин-қа теңеседі. Енгізілген дозаның шамамен 80%-ы өзгермеген күйінде бүйрек өзекшелері арқылы шығарылады: торасемид 24%, метаболиттер түрінде M1 - 12%, M3 - 3%, M5 - 41%. Бүйрек жеткіліксіздігінде торасемидтің жартылай шығарылу кезеңі өзгермейді.
Фармакодинамикасы
Торасемид ілмекті диуретик болып табылады. Алайда, төмен дозаларда оның фармакодинамикалық бейіні, диурездің деңгейі мен ұзақтығы тұрғысынан, тиазидті диуретиктерді еске түсіреді. Жоғары дозаларда торасемид дозаға байланысты диурезді күшейтеді.
Диурездік әсердің негізгі механизмі Генле ілмегінің өрлемелі бөлігінің жуан сегментінің апикальды жарғақшасында Na+/2Cl-/K+ котасымалдағышымен қайтымды байланысуы анықтайтын, соның салдарынан Генле ілмегінің өрлемелі бөлігінде натрий мен хлор иондарының ренальді реарбсорбциясы толығымен басылады немесе төмендейді, жасуша ішіндегі сұйықтықтың осмостық қысымы мен судың реарбсобциясы азаяды. 5 – 100 мг доза ауқымында диурездің ұлғаюы дозаның логарифміне теңеседі. Диурездің ұлғаюы басқа да несеп айдайтын препараттар (мысалы, тиазидтер) жеткілікті әсер бермегенде, мысалы, бүйректің шектеулі функциясы жағдайында да туындайды. Ісінуді жояды, антигипертензивті әсер береді, бұл артерияның бұлшықет қабаты жасушаларында еркін кальций мөлшерінің азаюы және бұзылған электролиттік баланстың қалыпқа келуі есебінен тамырлардың шеткергі қарсылығы азаюымен байланысты. Соның салдарынан организмнің өзіндік процессорлық заттарына, атап айтқанда катехоламиндерге тамырлардың контрактильділігі мен реакциясы төмендейді. Алдыңғы және кейінгі жүктемелердің азаюы әсерінен жүректің жұмыс жағдайы жақсарады. Пероральді қабылдаудан соң барынша диуретиктік әсері 1 - 3 сағат жалғасады, ал диуретиктік әсері 12 сағатқа жуық сақталады. Препараттың гипотензивті әсері біртіндеп алғашқы аптаның ішінде дамып, 12 аптадан кешікпей ең жоғары деңгейіне жетеді.
Қолданылуы
- Іркілген жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі ісіну синдромында, шығу тегі бауырлық, өкпелік немесе бүйректік ісінулерде.
- Бастапқы артериялық гипертензияда (дәрілік препарат монотерапияда немесе басқа да антигипертензивті дәрілермен біріктірілімде қолданылады).
Қолдану тәсілі және дозалары
Дәрілік препарат ішке қолданылады.
Ересектер:
Бастапқы артериялық гипертензия:
Торасемидтің ұсынылатын дозасы ішке тәулігіне бір рет 2,5 мг құрайды. Қажет болғанда дозаны әсеріне қол жеткізгенге дейін тәулігіне бір рет 5 мг дейін арттыруға болады. Тәулігіне 5 мг асатын дозалар артериялық қысымның одан әрі төмендеуіне әкеледі. Ең жоғары әсеріне шамамен үздіксіз емдеудің он екінші аптасынан соң қол жеткізіледі.
Ісінулер:
Әдетте тәулігіне бір рет 5 мг-ден қолданады, 5 мг доза тиімсіз болғанда препаратты тәулігіне бір рет 10 мг дозада қолданған жөн, қажет болғанда талапқа сай диурездік әсеріне қол жеткізгенше дозаны тәулігіне бір рет 20 мг дейін арттыруға болады. Жекелей жағдайларда дозаны тәулігіне 40 мг дейін тағайындайды.
Жасы ұлғайған емделушілер дозаны айрықша таңдауды қажет етпейді.
Балалар
Торасемидті балаларға қолдануға қатысты қол жетімді деректер жоқ.
Жағымсыз әсерлері
- сулы және электролитті тепе-теңдіктің бұзылуы (гиповолемия, гипокалиемия, гипонатриемия)
- гипокалиемия (әсіресе калий құрамы төмен емдәм жағдайында немесе құсқанда, диареяда немесе іш жүргізетін дәрілік препараттарды шамадан тыс пайдаланғанда, сондай-ақ бауыр жеткіліксіздігінде)
- бас ауыруы, бас айналуы, әлсіздік, ұйқышылдық, сананың шатасуы
- артериялық гипотензия
- құрысулар
- плазмада несеп қышқылының, глюкоза және липидтер деңгейінің жоғарылауы
- метаболизмдік алкалоз
- бауырдың кейбір ферменттері белсенділігінің жоғарылауы
- несеп шығару жолдары тарылған емделушілерде несеп шығуының іркілуі
- плазмада мочевина және креатинин деңгейінің жоғарылауы
Сирек < 1/10 000
- аяқ-қолдың парестезиясы
- ауыздың кеберсуі, тәбеттің болмауы
- тромбоэмболиялық асқынулар, қан тұтқырлығының жоғарылауымен байланысты қан айналымының бұзылуы
- полиурия, никтурия, несеп шығару жиілігінің артуы
- экстрасистолия, тахикардия, гипотония
- беттің қызаруы
Жекелеген жағдайларда
- аллергиялық реакциялар: тері қышымасы, бөртпе және фотосенсибилизация
- көрудің бұзылуы, құлақтағы шуыл және естудің төмендеуі
- эритропения, лейкопения және тромбоцитопения
- панкреатит
- полидипсия, жүрек айну, құсу, метеоризм, іштің ауыруы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- торасемидке немесе препараттың қосымша компоненттеріне және басқа сульфонилмочевина туындыларына жоғары сезімталдық
- ануриямен қатар жүретін бүйрек жеткіліксіздігі
- бауыр комасы, кома алдындағы жағдай
- артериялық гипотензия
- аритмия (синоатриальдік немесе ІІ немесе ІІІ дәрежедегі атриовентрикулярлық бөгет)
- жүктілік және лактация кезеңі
- гиповолемия, гипонатриемия, гипокалиемия
- несеп шығарудың айқын бұзылуы, мысалы, қуық асты безі гипертрофиясы нәтижесінде
- 18 жасқа дейінгі балалар
- аминогликозидтік антибиотиктер немесе цефалоспориндерді бір мезгілде қабылдау немесе бүйрек зақымдануын туындатқан басқа да дәрілік препараттарды қолданудан кейінгі бүйрек жеткіліксіздігі.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қабылдағанда, калий және/немесе магнийдің тапшылығы осы дәрілік препараттарға миокардтың сезімталдығын арттыруы мүмкін. Минералдардың және глюкокортикостероидтердің калийуретикалық әсерінің, сондай-ақ іш жүргізетін дәрілердің күшеюі мүмкін.
Тригрим, әсіресе, жоғары дозаларда, аминогликозидтердің, платина препараттарының уытты әсерін, цефалоспориндердің нефроуытты әсерін, сондай-ақ литийдің, кураре тәрізді миорелаксанттар мен теофилиннің кардио- және нейроуытты әсерін күшейтуі мүмкін. Салицилаттардың жоғары дозасын қабылдап жүрген емделушілерде Тригрим олардың уытылығын арттыруы мүмкін. Тригрим гипогликемиялық препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін.
Тригрим антигипертензивті дәрілік заттардың әсіресе, АӨФ тежегіштерінің әсерін күшейтеді, бұл артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуін тудыруы мүмкін. АӨФ тежегішінің бастапқы дозасын төмендете және/немесе Тригрим қабылдаудан уақытша бас тарта отырып, осы әсерді азайтуға болады. Тригрим артериялардың прессорлық факторларға, мысалы, адреналин мен норадреналинге сезімталдығын төмендетуі мүмкін.
Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (мысалы, индометацин) мен пробенецид Тригримнің диуретикалық және гипотензивті әсерін әлсіретуі мүмкін.
Холестираминмен біріктіріп емдегенде, ішке енгізілген торасемидтің сіңуі төмендейді деп болжанады.
Айрықша нұсқаулар
Емдеуді бастағанған дейін гипокалиемияны, гипонатриемияны және несеп шығарудың бұзылуын компенсациялау қажет.
Тригриммен ұзақ емдегенде, қандағы электролиттер, глюкоза, несеп қышқылы, креатинин және липидтер деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу ұсынылады.
Гиперурикемия және несеп қышқылды диатезге бейім емделушілерге мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. Сондай-ақ қант диабетінің жасырын немесе манифестік түрінде көмірсулар метаболизмін бақылау керек.
Препаратты жүрек аритмиясы бар емделушілерге, айқын атеросклерозы бар егде жастағы науқастарға, жүрек гликозидтерімен ұзақ емдеу аясында сақтықпен тағайындаған жөн.
Қуық асты безі гипертрофиясы бар және несеп шығаруы бұзылған науқастарға сақтықпен тағайындау керек, өйткені қарқынды несеп бөлінісі несеп шығарудың кідіруіне және қуықтың созылуына әкелуі мүмкін.
Тригрим дәрілік препаратының құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза (Лапп) тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар емделушілерге бұл дәріні қолдануға болмайды.
Педиатрияда қолданылуы
Қауіпсіздігі жөнінде жеткілікті клиникалық деректер болмауына байланысты препарат балаларға тағайындалмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе жылдам психомоторлық реакцияларды және айрықша назар аударуды қажет ететін басқа да әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару кезінде, препаратты қолданбаған жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары: полиурия, гиповолемия және электролиттер деңгейінің төмендеуі, ол ұйқышылдыққа және сананың шатасуына, гипотензияға және жүрек-қантамыр коллапсына әкелуі мүмкін. Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар болуы ықтимал.
Емі: Арнайы у қайтарғысы жоқ. Артық дозалану симптомдары сұйықтық пен электролитті бір мезгілде қалпына келтіре отырып, торасемид дозасын төмендетуді немесе тоқтатуды қажет етеді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминй фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
"Польфарма" АҚ фармацевтикалық зауыты, Польша
Пельплиньска к. 19, 83-200 Старогард Гданьски
Тіркеу куәлігінің иесі
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81
Телефон нөмірі 7252 (561342)
Факс нөмірі 7252 (561342)
Электронды поштасы infomed@santo.kz