Тобримед 5 мл (0,3%)

МНН: Тобрамицин
Производитель: Е.И.П.И.Ко.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tobramycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020400
Информация о регистрации в РК: 11.11.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 456.69 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Тобримед

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тобрамицин

Дәрілік түрі

Көз тамшы дәрісі 0,3 % 5 мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 3,0 мг тобрамицин,

қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, натрий дигидрофосфат моногидраты, сусыз динатрий фосфаты, натрий хлориді, сұйылтылған фосфор қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссізден ақшыл-сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Микробқа қарсы препараттар. Антибиотиктер. Тобрамицин.

АТХ коды S01АА12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданғанда жүйелік сіңуі төмен.

Тобрамицин несепке гломерулярлық сүзіліс жолымен жылдам және экстенсивті шығарылады, негізінен өзгермеген дәрі түрінде. Плазмадан 0,04 л/сағ/кг клиренспен және 0,26 л/кг таралу көлемімен Т1/2 шамамен 2 сағат. Плазма протеиндерінің тобрамицинмен байланысуы 10% аз.

Фармакодинамикасы

Тобримед - аминогликозидтер тобының кең ауқымда әсер ететін антибиотигі. Төмен концентрацияларда бактериостатикалық әсер етеді (рибосома 30S субъбірліктерін бөгейді және ақуыз синтезін бұзады), ал жоғарылау концентрацияларында – бактерицидті.

Staphylococcus spp. (оның ішінде Staphylococcus aureus, Staphylococcus epidermidis /коагулаза-теріс және коагулаза-оң/, сондай-ақ пенициллинге төзімді штаммдар); Streptococcus spp. (оның ішінде а-b-гемолитикалық түрлері, кейбір гемолитикалық емес түрлері, Streptococcus pneumoniae); Pseudomonas aeruginosa, Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Serratia spp., Providencia spp., Shigella spp., Citrobacter spp., Enterobacter aerogenes, Proteus mirabilis (индол-теріс) және индол-оң түрлері Proteus spp., Hemophilius influenzae, Hemophilius aegyptius, Moraxella lacunata, Acinetobacter calcoaceticus (Herellea vaginacola), Neisseria spp. (оның ішінде Neisseria gonorrhoeae) кейбір түрлеріне қатысты белсенділігі жоғары.

Қолданылуы

Тобримедке сезімтал қоздырғыштардан туындаған беткейлік бактериялық көз жұқпасын емдеуге:

- блефаритте

- конъюнктивитте

- кератоконъюнктивитте

- блефароконъюнктивитте, кератитте

- эндофтальмитте

- дакриоциститте

- мейбомитте

Офтальмологияда операциядан кейінгі жұқпалық асқынулардың алдын алуға.

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек жергілікті қолдануға арналған.

Ауыр емес жұқпалы үдерістерде препаратты зақымданған көздің конъюнктивалық қалтасына (немесе көзге) әрбір 4 сағат сайын 1-2 тамшыдан тамызады.

Жедел ауыр жұқпалық үдеріс даму жағдайында препаратты әрбір 30-60 мин. сайын тамызады. Емдеу курсы 7-10 күн.

Қабынудың азаюына қарай препарат инстилляциясы жиілігін азайтады.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті:

- конъюнктивалық ісіну, көз ауыруы

- көрудің бұлыңғырлануы, өтпелі жайсыздық

- қышыну

- қабақ ісінуі

- көз тітіркенуі

- конъюнктивалық эритема

- кератит, көрудің бұлыңғырлануы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тобрамицинге немесе басқа да аминогликозидтерге, болмаса препараттың басқа кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 8 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа антибиотик препараттары жағдайындағы сияқты, ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес организмдердің, оның ішінде зеңдердің күшейіп өсуіне соқтыруы мүмкін. Егер клиникалық нәтиже қанағаттанарлық болмаса емдеуге дейін және емнен кейін себінді жасау ұсынылады.

Тобримед көз тамшы дәрісін жүйелік аминогликозидтік антибиотиктермен бір уақытқа тағайындаған жағдайда жүйелік сипаттағы (нефроуыттылық, отоуыттылық әсері, минерал алмасуы бұзылуы және гемопоэза) жағымсыз әсерлер күшеюі мүмкін.

Тобримедті басқа көз тамшы дәрілерімен бірге тағайындағанда кемінде 10-15 минут болатын тамызу аралығын сақтау керек.

Айрықша нұсқаулар

Тобримед қолдану кезеңінде жанаспалы линза кию ұсынылмайды.

Препаратқа сезімтал емес микроорганизмдердің көбею қаупінен ұзақ қолданудан абай болу керек.

Жүктілік және лактация

Тобримедті жүкті әйелдерге тек жедел қажет болған жағдайда ғана, емнің тиімділігі болжамды қауіпті ақтаған жағдайда ғана тағайындау керек.

Тобримед көз тамшы дәрісін жоғары дозаларда немесе ұзақ уақыт емге қолданғанда бала емізу кезеңінде емді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану көздің көруінің уақытша бұзылуын туындатуы мүмкін, сондықтан препараттың инстилляциясынан кейін дереу автокөлік жүргізу және механизмдерді басқарудан бас тарту ұсынылады.

Артық дозалануы

Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.

Емі: көзді мол мөлшердегі жылы сумен жуу керек.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан сақтандырғыш сақинамен жабдықталған, тығын-тамшылатқышы және бұралып бекітілетін қорғағыш қалпақшасы бар пластик құтыға құйылады.

1 құтыдан қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қолдану кезеңі құтыны ашқаннан кейін 1 ай.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Сауда белгісінің және тіркеу куәлігінің иесі «УОРЛД МЕДИЦИН ОФТАЛЬМИКС» компаниясы болып табылады, Ұлыбритания

Өндіруші

Е.И.П.И. Ко., Мысыр,

Тенс ов Рамадан Сити, Бірінші өнеркәсіптік аймақ В1, а/ж 149 Тенс

(«E.I.P.I.CO.» Egypt, Tenth of Ramadan City, First Industrial Area B1, P.O. box: 149 Tenth)

Тіркеу куәлігінің иесі

«УОРЛД МЕДИЦИН ОФТАЛЬМИКС», Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, Алматы, Түрксиб ауданы, Сүйінбай даңғылы, 222б

Тел/факс: 8 (7272) 529090

 

Прикрепленные файлы

625286731477976769_ru.doc 47 кб
936555231477977934_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники