Терфалин® (спрей 1%) (Terbinafine)

МНН: Тербинафин гидрохлорид
Производитель: Нобел Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Terbinafine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012729
Информация о регистрации в РК: 26.04.2017 - 26.04.2022
Номер регистрации в РБ: 8305/07/12/17
Информация о регистрации в РБ: 06.09.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 1 532.71 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ТЕРФАЛИН ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тербинафин

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған 1 % спрей

Құрамы

Бір құтының құрамында

белсенді зат - 0,3 г тербинафин гидрохлориді,

қосымша заттар: 96 % этанол, макрогол (Eumulgin B2), пропиленгликоль (монопропиленгликоль), тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Жергілікті қолдануға арналған зеңге қарсы басқа да препараттар. Тербинафиндер.

АТЖ коды D01АЕ15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолдануда дозаның (5%-дан кем) өте аз мөлшері тері арқылы сіңіріледі, тиісінше жүйелі сіңуі де шамалы. Тербинафин терінің дермальді қабатына жылдам өтеді және липофильді мүйізгек қабатында жинақталады.

Жоғары концентрациялары шаш фолликулалары мен шашта болады, қолданғаннан кейін бірнеше аптадан соң тырнақ пластинкаларына да өтеді,

терінің мүйізгек қабатында (250 мг қабылдағаннан кейін 2-ші күні концентрациясы 10 есе, 12-ші күні - 70 есе артады) және тырнақта (диффузия жылдамдығы тырнақ өсуінен де жоғары болады) фунгицидті әсерін қамтамасыз ететін концентрацияларда жиналады. Бауырда белсенді емес метаболиттер түзе отырып метаболизденеді. T1/2 - 16-18 сағат. Терминальді фазаның T1/2 - 200-400 сағат. Тері арқылы, бүйрекпен метаболиттер түрінде (70%) шығарылады. Жинақталмайды. Ана сүтімен бөлінеді. Егер емдеу 1-ден 7 күнге дейін жалғастырылатын болса, тербинафиннің мүйізгек қабаттан жартылай шығарылуы 3 есе жоғарылайды.

Фармакодинамикасы

ТЕРФАЛИН ® спрейі аллиламиннің зеңге қарсы кең ауқымды әсері бар синтетикалық туындысы болып табылады.

Тербинафин әсері зеңнің жасушалық жарғақшасындағы орналасқан скваленэпоксидаза ферментінің тежелуі арқылы жүзеге асады, зең жасушасында болатын стеролдар синтезінің ерте кезеңін спецификалық түрде басады, бұл эргостерол тапшылығына, скваленнің жасуша ішіне жинақталуы мен зең жасушаларының жойылуына әкеп соқтырады.

ТЕРФАЛИН ® спрейі аз мөлшердегі концентрацияларда дерматофиттерге (Trychophyton rubrum, T.mentagrophytes, T.verrucosum, T.violaceum, T.tonsurans, Microsporum canis, Epidermophyton floccosum), өңездік зеңдерге (негізінен C.albicans) және белгілі бір диморфты зеңдерге (Pityrosporum orbiculare) қатысты фунгицидті әсер етеді. Ашытқы зеңдеріне қатысты белсенділігі түріне байланысты фунгицидті немесе фунгистатикалық болуы мүмкін. Тербинафин адамдағы Р450 цитохром жүйесіне, тиісінше гормондар немесе басқа дәрілік препараттар метаболизміне әсер етпейді.

Қолданылуы

Терінің зеңді жұқпаларының алдын алу және оларды емдеу:

  • Табан (табан «зеңдері») және ірі қатпарлар (tinea cruris) дерматомикоздарында, Trichophyton (оның ішінде T.rubrum, T.mentagrophytes, Т.verrucosum, T.violaceum), Microsporum canis және Epidermophyton floccosum сияқты дерматофиттер туындататын дененің тегіс терісінің зеңдік зақымдануында (tinea corporis);

  • Pityrosporum orbiculare (сондай-ақ Malassezia furfur атауымен де белгілі) туындатқан түрлі-түсті теміреткіде (Pityriasis versicolor).

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты күніне бір немесе екі рет көрсетілімдеріне қарай қолданады. Емдеудің ұзақтығы жұқпаның көрсетілімдеріне және ауырлығына сәйкес өзгеріп отырады. Қолданар алдында зақымданған бөліктерді мұқият тазалап, құрғату қажет. Препаратты зақымданған жерге толық ылғалданатын мөлшерде бүркеді, оған қоса зақымданған бөліктің айналасына да, интактілі теріге де жағады.

Емнің ұсынылатын ұзақтығы:

Тегіс тері және ірі қатпарлар дерматомикозында: 1 апта, тәулігіне 1 рет. Табан дерматомикозында: 1 апта, тәулігіне 2 рет.

Түрлі-түсті теміреткіде: 1 апта, тәулігіне 2 рет.

Клиникалық жақсаруы бірнеше күннен кейін байқалады. Тұрақты емделмегенде немесе оны уақытынан бұрын тоқтатқанда жұқпаның қайталану қаупі бар. Егер бір аптадан кейін жақсару белгілері байқалмаса, ауру қоздырғышын және оның препаратқа сезімталдығын қайтадан анықтау керек.

Егде жастағы емделушілер үшін дозалау режимін өзгертудің қажеті жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: препарат жаққан орынның қызаруы, қышуы немесе күйдіруі мүмкін

Сирек: аллергиялық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың қандай да бір компоненттеріне асқын сезімталдықта

- лактация кезеңінде

- балаларға 12 жасқа дейінгі

- бауырдың созылмалы немесе белсенді ауруларында, СБЖ (КК минутына 50 мл кем).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тербинафиннің жергілікті қолдануға қатысты дәрілермен өзара әрекеттестігі жайлы деректері жоқ.

Айрықша нұсқаулар

ТЕРФАЛИН® жергілікті қолдануға арналған 1 % спрей тек сыртқа қолдануға арналған, оны ішке, интраназальді қолдануға, офтальмологиялық практикада және қынап ішіне қолдануға болмайды.

Препаратты көздің шырышты қабығына тигізіп алмау керек. Препарат көзге түскен жағдайда оны тез арада ағын сумен шаю керек және қажет болса, дәрігермен кеңесу керек.

Тітіркенген жағдайда, аллергиялық реакцияларда немес нашар сезінгенде препаратты қолдануды тоқтатып, тиісті ем тағайындау керек.

Спирт тітіркенуді туындататындықтан терінің зақымданған жерлеріне препаратты сақтықпен жағады.

Егде жастағы адамдарға препарат дозасын өзгертуге немесе олардағы жағымсыз әсерлер жас емделушілердікінен ерекшеленеді деуге негіз жоқ. Препаратты осы жас тобындағыларға қолданғанда бауыр немесе бүйрек қызметінің бұзылуы қатар жүруі мүмкін екендігін ескерген жөн.

Жұқпаланған дене бөліктері болғанда денеге жабысып тұратын тар киім киюге болмайды.

Аяғында жұқпасы бар науқастар лайықты және ауа кіретін аяқ-киім киюлері керек. Аяқ-киім және қысқа шұлықты кем дегенде күніне бір рет ауыстыру керек.

Жақсы клиникалық әсерге жету үшін емдеудің ұсынылған ұзақтығын орындау керек.

Дененің жұқпа жұқтырған жерлерінен басқа жерлеріне таралуын болдырмас үшін әрбір қолданғаннан кейін қолды жуу керек.

Жүктілік және лактация

Жүкті әйелдерге тиісті және жақсы бақыланатын сынақтар жүргізілген жоқ. Жүктілік кезінде сақтықпен және қатаң көрсетілім болғанда ғана қолданылуы керек. Емдеу кезінде бала емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Артық дозалағанда

Тек кездейсоқ ішке қабылдаған кезде ғана болуы мүмкін.

Симптомдары: бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, іш тұсының ауыруы, бөртпе, жиі несеп шығару. Сондай-ақ, препарат құрамында этил спирті бар (28,7 % этил спирті) екендігін ескерген жөн.

Емі: белсенділендірілген көмірді қабылдау, симптоматикалық және демеуші ем жүргізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл препараттан пластик қақпағы бар бүріккіш құрылғымен жабдықталған жоғары тығыздықтағы ақ түсті полиэтиленнен жасалған құтыға салады.

Құтыға жабысатын заттаңба желімделеді.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«НОБЕЛ Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш.», Түркия

Қаптаушы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қаласы, Шевченко көшесі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Шевченко көшесі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

243073131477977074_ru.doc 61.5 кб
279164631477978240_kz.doc 64.5 кб
8305_07_12_17_p.pdf 0.23 кб
8305_07_12_17_s.pdf 0.25 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ