Таксим-О-Форте
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Таксим-О Форте
Халықаралық патенттелмеген атауы
Цефиксим
Дәрінің түрі
Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған 100 мг/5мл ұнтақ
Құрамы
5 мл суспензияның құрамында
белсенді зат - 100 мг цефиксим (цефиксим тригидраты түрінде)
қосымша заттар: сахароза, ксантан шайыры, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий бензоаты, лимон дәмді хош иістендіргіш.
Сипаттамасы
Түсі ақ дерлік сусымалы түйіршіктелген ұнтақ. Су қосқаннан кейін лимон дәмі бар түсі ақ дерлік біртекті суспензия түзіледі.
Фармакотерапиялық тобы
Микробтарға қарсы жүйелі пайдалануға арналған препараттар. Үшінші буындағы цефалоспориндер.
АТЖ коды J01DD08
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Цефиксим ішке қабылданғаннан кейін тамақтануға байланыссыз 40-50% сіңеді. Плазмалық концентрация шыңына ішу арқылы қабылдаудан 2-6 сағаттан кейін жетеді.
Таралуы
Цефиксимнің организм тіндерінде таралуы жөніндегі мәліметтер шектеулі. Препарат плацента арқылы өтеді. Жоғары концентрациясына салыстырмалы түрде өтте және несепте жетуі мүмкін.
Метаболизм және шығарылуы
Цефиксим негізінен өзгермеген түрде 50% жуығы 24 сағат бойы несеппен, 10% жуығы өтпен шығарылады. Сарысу ақуыздармен байланысуы шамамен 65% құрайды.
Жартылай шығарылу кезеңі 2-4 сағат. Жартылай шығарылу кезеңі дозаға байланысты емес және бүйрек қызметінің бұзылуымен емделушілерде ұлғая түседі.
Фармакодинамикасы
Таксим-О Форте бактериялар жасуша қабырғалары синтезін бәсеңдету есебінен бактерицидті әсер береді. Таксим-О Фортенің бета-лактамазалар әсеріне төзімділігі жоғары болады.
Таксим-О Форте келесі микроорганизмдердің көптеген штаммдарына қатысты белсенді:
Грамоң микроорганизмдер: Streptococcus pneumonia, Streptococcus pyogenes, Streptococcus agalactiae
Грамтеріс микроорганизмдер: Haemophilus influenza (бета-лактамаза өндіретін және өндірмейтін штаммдар), Moraxella (Branhamella) catarrhalis (көпшілігі бета-лактамаза өндіретін), Escherichia coli, Proteus mirabilis, Neisseria gonorrhoeae (пенициллиназа өндіретін және өндірмейтін штаммдарды қоса), Haemophilus parainfluenzae (беталактазма өндіретін және өндірмейтін штаммдар), Proteus vulgaris, Klebsiella pneumonia, Klebsiella oxytoca, Pasteurella multocida, Providencia spp., Salmonella spp., Shigella spp., Citrobacter amalonaticus., Citrobacter diversus., Serratia marcescens.
Қолданылуы
-
ортаңғы отитте, фарингитте, тонзиллитте
-
жедел бронхитте, созылмалы бронхиттің өршуінде
-
несеп шығару жолдарының асқынбаған жұқпаларында
-
асқынбаған созды (несеп шығару өзегі және жатыр мойны) амбулаторлы емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер және дене салмағы 50 кг астам 12 жастан үлкен балалар үшін:
400 мг күнделікті бір реттік доза түрінде немесе 200 мг тәулігіне 2 рет. Несеп шығару өзегі және жатыр мойнының асқынбаған созы кезінде ішу арқылы қабылданатын бір реттік 400 мг доза тағайындалады.
Балалар:
Суспензияның ұсынылатын дозасы тәулігіне 8 мг/кг құрайды. Мұны тәуліктік дозада бір мәрте немесе 2 қабылдауға, яғни әр 12 сағат сайын 4 мг/кг-ден қолдануға болады.
Емделушінің салмағы Тәуліктік доза Тәуліктік доза
(кг) (мл) (мг) (шай қасық)
6.25 50 2.5 0.5
12.5 100 5.0 1.0
18.75 150 7.5 1.5
25 200 10.0 2.0
Балаларға арналған бір реттік доза 12 жасқа дейін дене салмағына 4-8 мг/кг, тәуліктік 8 мг/кг.
Емдеу курсының орташа ұзақтығы 7-10 күн.
Суспензияны дайындау жөніндегі нұсқаулар:
Құтыдағы құрғақ ұнтаққа жаңа қайнатылған суды қосып, толық ерігенге дейін жақсылып шайқау керек. Қайтадан құтыдағы белгінің төменгі шегіне дейін мөлшері 30 мл болғанша су қосады. Суспензияны дайындалғаннан кейін 4 күн ішінде пайдалану керек. Қолданар алдында шайқау қажет.
Бүйрек қызметінің бұзылуы кезінде дозалануы:
- Креатинин клиренсі 21-ден 60 мл/мин дейінгі емделушілерге және бүйрек гемодиализінде жүрген емделушілерге стандартты аралықты сақтай отырып, стандартты дозаның 75%-ын тағайындайды.
- Креатинин клиренсі 20мл/мин аздау және ұзақ перитонеальды диализдегі емделушілерге стандартты аралықты сақтай отырып, стандартты дозаның жартысын тағайындайды.
Жағымсыз әсерлері
-
анорексия, ауыздың кеберсуі, диарея, іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия, метеоризм, бауыр ферменттерінің артуы, сарғаю
-
төзімді микроорганизмдердің артық өсуі, кандидоз
-
жалғанжарғақшалы колит
-
анафилактикалық шок, есекжем, тері гиперемиясы, тері қышымасы, жыныс мүшелері аумағының қышуы, эозинофилия, қызба, мультиформды экссудативті эритема (оның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)
-
бауыр қызметінің бұзылуы, холестаз
-
бүйрек қызметінің бұзылуы, уытты нефропатия, интерстициальді нефрит
-
апластикалық анемия, гемолитикалық анемия, геморрагиялар, лейкопения, тромбоцитопения, агронулоцитоз
-
құрысулар, бас айналу, бас ауыру
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
цефалоспориндерге, пенициллиндерге және препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
6 жасқа дейінгі балаларға
-
спецификалық емес ойық жаралы колит
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Цефиксимді антикоагулянттар қабылдайтын емделушілерге тағайындағанда сақтық танытқан жөн, өйткені цефиксим протромбин уақытын ұзартады. Антацидтер, магний немесе алюминий гидроксидінің қосылыстары цефиксимнің сіңуін баяулатады.
Айрықша нұсқаулар
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметі бұзылған, сондай-ақ ұзақ уақыт амбулаторлы перитониальді диализде немесе гемодиализде жүрген емделушілерде цефиксимнің дозасын түзету қажет және қатаң бақылауға алынады.
Жүктілік және лактация кезеңі
Цефиксимді жүктілік кезінде тек өте қажет жағдайда ғана тағайындайды. Препараттың емшек сүтімен бөлінетін-бөлінбейтіні белгісіз. Цефиксиммен емдеу қажет болғанда емшек емізуді уақытша тоқтата тұрған жөн.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етуі туралы хабарланбаған.
Артық дозаланғанда
Симптомдары: диарея, дәреттің сұйық және жиі болуы, іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия, метеоризм, төзімді микроорганизмдердің артық өсуі, жалғанжарғақшалы колит, анафилактикалық шок, уытты, эпидермальді некролиз, асқын жұқпа, бүйрек қызметінің бұзылуы, уытты нефропатия, бауыр қызметінің бұзылуы, холестаз, апластикалық анемия, гемолитиялық анемия, геморрагиялар, құрысулар.
Емі – симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
32 г бұрандалы алюминий қақпақпен тығындалған қызғылт сары шыны құтыға салынады. Құтыға ПВХ жасалған дозалағыш қалпақша қоса ұсынылады.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Дайындалғаннан кейін 7 тәуліктен асырмай пайдалану керек.
Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Alkem Laboratorіes Ltd
Mumbaі – 400 013, Үндістан
Тіркеу куәлігінің иесі
«Alkem Laboratories Ltd», Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Алкем Лабораториз Лимитед» өкілдігі
Алматы қ., Мәметова к-сі 67
Телефон нөмірі (727) 266-39-90
Факса нөмірі (727) 266-39-90
Электронды поштасы dubeysand@yahoo.com
5