Тайлол®

МНН: Парацетамол
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Paracetamol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010808
Информация о регистрации в РК: 05.09.2016 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 315.93 KZT
Предельная цена реализации в РК: 808.5 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ТАЙЛОЛ ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Парацетамол

Дәрілік түрі

Суспензия, 120 мг/5 мл

Құрамы

5 мл суспензияның құрамында

белсенді зат – 120.00 мг парацетамол,

қосымша заттар: алюминий магний силикат (тальк), авицел RС 591, натрий карбоксиметилцеллюлозасы 7 HOF, рафинадталған қант, глицерин, сорбитол 70%, лимон қышқылы моногидраты, натрий метилпарабені, натрий пропилпарабені, таңқурай хош иістендіргіші, тазартылған су.

Сипаттамасы

Таңқурай иісі бар ашық-сұрдан ақшыл сары түске дейінгі гомогенді суспензия

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер. Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол

АТХ коды N02BE01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қолданғанда әсер етуші зат асқазан-ішек жолынан тез және толық сіңеді. Қан плазмасындағы препараттың ең жоғары концентрациясы 1060 минуттан соң байқалады. Парацетамол, майлы тін мен жұлын сұйықтығын қоспағанда, тіндерде және негізінен организмнің сұйық орталарында кеңінен таралады. Ақуыздармен байланысуы 10%-дан азды құрайды және артық дозаланғанда мардымсыз артады. Жартылай шығарылу кезеңі 1,25-3 сағат құрайды, бауыр циррозына шалдыққан емделушілерде шығарылу кезеңі біршама ұзақ. Бауырда микросомалық-ферменттік жүйе арқылы метаболизденеді. Парацетамолдың ішуге тағайындалған дозасының 85%-ға жуығы 24 сағаттан соң бос және байланысқан түрде несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Парацетамол анальгетик-антипиретик болып табылады. Ол ауыруды басатын және ыстық түсіретін әсер көрсетеді, әсер ету механизмі простагландиндер синтезін тежеумен, гипоталамустағы жылуды реттеу орталығына басым ықпал етумен байланысты.

Қолданылуы

- тұмау және суық тию аурулары кезіндегі және вакцинациядан кейінгі қызба

- бас ауыру

- тіс ауыру

- жеңіл және орташа ауыру синдромы кезінде ауырғанды басатын дәрі ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат ішке қабылданады. 2-ден 3 айға дейінгі сәбилерде дәрігердің тағайындауымен ғана қолдануға болады.

Қолданар алдында құтының ішіндегісін жақсылап шайқау керек.

Қаптаманың ішіне салынған өлшегіш қасық препаратты дұрыс және ұтымды дозалауға мүмкіндік береді.

Препарат дозасы сәбидің жасы мен дене салмағына байланысты.

3 айдан асқан сәбилерде бір реттік дозасы тәулігіне 3-4 рет дене салмағына 10-15 мг/кг, ең жоғары тәуліктік дозасы дене салмағына 60 мг/кг-ден асырылмайды. Қажет болса, сәбиге ұсынылған дозаны әр 4-6 сағат сайын беріңіз, бірақ 24 сағат ішінде 4 дозадан көп емес.

Басқа жағдайлардың бәрінде Тайлол ® қабылдар алдында дәрігердің кеңесі қажет.

Дене салмағы (кг)

Жасы

Дозасы

Бір реттік

Ең жоғары тәуліктік

мл

мг

мл

мг

4,5-6

2-3 ай

Тек

дәрігер

тағайындауымен

6-8

3-6 ай

4,0

96

16

384

8-10

6-12 ай

5,0

120

20

480

10-13

1-2 жас

7,0

168

28

672

13-15

2-3 жас

9,0

216

36

864

15-21

3-6 жас

10,0

240

40

960

21-29

6-9 жас

14,0

336

56

1344

29-42

9-12 жас

20,0

480

80

1920

Дәрігер кеңесінсіз қабылдау ұзақтығы

- температураны түсіру үшін - 3 күннен көп емес.

- ауыруды басу үшін - 5 күннен көп емес.

Ұсынылған дозадан асыруға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айну, іштің ауыруы, құсу

- тері бөртпесі, есекжем, ангионевроздық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы

Сирек

- Квинке ісінуі, анафилаксиялық реакциялар

- бауыр функциясының бұзылуы

- бүйрек функциясының бұзылуы

- анемия, агранулоцитоз, тромбоцитопения, лейкопения

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- парацетамолға және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылуы

- ауыр қан аурулары (ауыр анемия, лейкопения, тромбоцитопения)

- глюкоза – 6 – фосфатдегидрогеназа ферментінің тапшылығы

- қант диабеті

- 2 айға дейінгі сәбилерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты бір мезгілде қолданғанда:

- барбитураттармен, құрысуға қарсы дәрілермен, рифампицинмен,

алкогольмен – гепатоуытты әсер ету қаупі едәуір артады

- метоклопрамидпен – парацетамол сіңірілуі артуы мүмкін

- пробенецидпенқан плазмасындағы парацетамол экскрециясы мен концентрациясы өзгеруі мүмкін

- кумарин туындыларымен аздаған гипопротромбинемия дамуы мүмкін

Колестирамин қолданғанда парацетамол қабылдағаннан кейін 1 сағаттан аз кезең ішінде соңғысының аз сіңірілуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты құрамында парацетамол бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Бауыр, бүйрек, жүрек және өкпе патологиясы, анемиясы бар пациенттер препаратты қолданған жағдайда дәрігердің бақылауында болуы тиіс.

Парацетамол несептегі 5-гидроксииндолацетил қышқылының жалған оң нәтижелеріне әкелуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде тағайындағанда ана үшін күтілетін пайдасын және ұрық пен балаға төнетін әлеуетті қатерін тиянақты таразылау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, метгемоглобинемия, терінің және тырнақ пластиналарының цианозы; ауыр жағдайларда - орталық жүйке жүйесінің қозуы, ал артынан бәсеңдеуі, мелшию, гипотермия, тахипноэ; жүректің жиі соғуы, төмен артериялық қысым, қан айналу жеткіліксіздігі, кома, гепатит, сарғаю, өтпелі азотемия, бүйректік өзекшелік некроз, гипогликемия, метаболизмдік ацидоз және ми ісінуі.

Емі: артық дозаланудан күдіктенгенде науқас дереу ауруханаға жатқызылуы тиіс. Симптоматикалық емдеу.

Егер дәрі таяуда қабылданса, құстыру, асқазанды шаю қажет. Антидот ретінде 16 сағаттан кешіктірмей ацетилцистеин қолдану ұсынылады. Белсенділендірілген көмір және іш жүргізгіш дәрілер қолдануға болмайды, өйткені олар ішке қабылданған ацетилцистеин сіңімділігін төмендетеді. Су-электролит теңгерімін қалпына келтіріп, егер бар болса, гипогликемияны түзету керек. Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі дамыған жағдайда зертханалық көрсеткіштер қалпына келгенше емдеу шараларын жалғастырған жөн. Гемодиализ жасау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препарат алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпағы бар күңгірт шыны құтыға салынады.

Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырады.

1 құты өлшеуіш қасығымен немесе өлшеуіш стақанымен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада, құрғақ, жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны бірінші рет ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі 1 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

053116231477976133_ru.doc 72 кб
893417511477977476_kz.doc 28.7 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники