Спирт этиловый

МНН: Этанол
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ethanol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№001469
Информация о регистрации в РК: 03.04.2021 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 39.9 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Этил спирті

Халықаралық патенттелмеген атауы

Этанол

Дәрілік түрі, дозалануы

Ерітінді, 90 %

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфициялық препараттар. Антисептиктер және басқа да дезинфициялық препараттар. Этанол.

ATХ коды D08AX08

Қолдану көрсетімдері

хирургтың қолын, операция жасалатын аумақты, медициналық құралдарды өңдеу үшін

төсек тартып жатқан науқастарда тесілулерді профилактикалау

Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейін қажет болатын мәліметтер тізбесі:

Қарсы көрсетілімдер

препаратқа жоғары сезімталдылық

Қолдану кезіндегі қажет болатын сақтық шаралары

Анықталмаған.

Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу түрлері

Анықталмаған.

Арнайы ескертулер

Хирургиялық құралдарды стерилизациялауға сұйылтылмаған 95 % спирт пайдаланылады.

Педиатрияда қолдану

Балалар жасындағыларда компресс жасау үшін 1:4 (спирт пен суды) сұйылтып қолданылуы мүмкін.

Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану

Сақтықпен қолдану керек

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты сыртқа қолдану көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Қолдану бойынша ұсынымдар:

Дозалау режимі

Қатысты емес

Енгізу әдісі және жолы

Сыртқа сүрту үшін - мақта тампонының, сүрткінің көмегімен теріге жағылады. Компресстер жасайды.

Емдеу ұзақтығы

Анықталмаған .

Шамадан тыс дозалану жағдайында қабылдауға қажетті шаралар

Анықталмаған.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласу бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану алдында дәрігерден немесе фармацевттен кеңес алыңыз.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде туындауы мүмкін жағымсыз реакцияларды және осындай жағдайда қабылдау қажет шараларды сипаттау

аллергиялық реакциялар

теріні, шырышты қабықты және тыныс алу жолдарын тітіркендіру және күйдіру

резорбтивті жалпы уытты әсер етуі мүмкін

ОЖЖ бәсеңсіту

Дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары туындаған кезде, дәрілік препараттардың жағымсыз реакциялары (әрекеттері) туралы, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы ақпаратты қосқанда, медицина қызметкерімен, фармацевтика қызметкерімен немесе тікелей ақпарат базасымен байланысыңыз. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер:

Дәрілік препараттың құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат этил спирті 96 % - 91,3 мл

қосымша зат тазартылған су

Сыртқы түрінің сипаттамасы

Спиртке тән иісі бар, түссіз, мөлдір сұйықтық

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 мл, 50 мл, 60 мл, 90 мл полиэтиленнен жасалған тығынмен және бұрандалы қақпақпен тығындалған мойны бұрандалы шыны қызыл-сары құтыда немесе мойны бұрандалы полимер құтыда.

Құтылар қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен қораптық картоннан жасалған қораптарға немесе орама қағазбен қапталған бумаларға қапталады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жақсы жабылған құтыда, жарықтан қорғалған жерде, оттан қашықта, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Булкушева к-сі, 4 Е

тел./факс +7727233-27-58

э-пошта: farm-4@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушы

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Булкушева к-сі, 4 Е

тел./факс +7727233-27-58

э-пошта: farm-4@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекен-жайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Булкушева к-сі, 4 Е

тел./факс +7727233-27-58

э-пошта: farm-4@mail.ru

Прикрепленные файлы

Спирт_этиловый_90%_doc_каз.docx 0.04 кб
Спирт_этиловый_90%_doc_рус.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники