Слезол Форте
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Слезол Форте
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
15 мл көз тамшы дәрісі
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 1 мг декстран 70, 3 мг гипромеллоза,
қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий хлориді, калий хлориді, натрий тетрабораты, натрий гидроксидінің ерітіндісі немесе хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз ерітінді
Фармакотерапиялық тобы
Жасанды көз жасы және басқа да индифферентті препараттар
АТХ коды S01XA20
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Слезол жүйелі қан ағысына өтпейді, жергілікті қолдануға арналған.
Фармакодинамикасы
Офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған зат. Гипромеллоза мөлдір қабық эпителийінің протекторы болып табылады, жағынды және жұмсартатын әсері бар, ерітіндінің мөлдір қабықпен жанасу ұзақтығын арттыратын жоғары тұтқырлыққа ие. Ерітіндінің сыну көрсеткіші табиғи көз жасына ұқсас. Көз жасы үлбірінің қайта қалпына келуіне, тұрақтылығына және оптикалық сипатының қайта жаңғыруына ықпал етеді. Слезол Форте құрамында көз жасы үлбірінің тұрақтылығын жоғарылататын табиғи көз жасы сұйықтығымен үйлесетін декстран бар. Препарат көз жасы сұйықтығы тапшылығының орнын толтырады және мөлдір қабықтың ылғалдануын жақсартады.
Қолданылуы
- құрғақ көз синдромында
- мөлдір қабықтық синдромды жеңілдетуге (оның ішінде жайсыздық, шымдылдатып ашыту, бөгде затты сезіну)
Қолдану тәсілі және дозалары
Тек жергілікті қолдануға арналған.
Препаратты қажеттілігіне қарай зақымданған көздің (көздердің) конъюнктивальді қапшығына 1 – 2 тамшыдан тамызады.
Емдеуді бастағаннан кейін 3 күн ішінде әсері болмаса, препаратты қолдануды тоқтату керек.
Қабаққа немесе көзге тамшылатқыш ұшын тигізуге болмайды.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
- көрудің бұлыңғырлануы, уақытша тітіркену (гиперемия)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттерінің қандай да біріне асқын сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа жергілікті офтальмологиялық дәрілермен бір мезгілде пайдалану кезінде олардың инстилляциялау аралығы 10 - 15 минуттан кем болмау керек.
Айрықша нұсқаулар
Препарат құрамында бензалконий хлориді бар, ол көздің тітіркенуін туғызуы және жұмсақ жанаспалы линзаның түсін өзгертуі мүмкін. Жанаспалы линзаны пайдаланатын емделушілер, препаратты тамызардың алдында оларды шешіп қойып, препаратты қолданғаннан кейін 15 минуттан соң қайта тағу керек.
Кез келген асқын сезімталдық белгілері пайда болған кезде препаратты қодануды тоқтату керек.
Педиатрияда қолдану
Препарат құрамында бензалконий хлориді болғандықтан 8 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті әйелдерде және бала емізетін аналарда талапқа сай және бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Инстилляциядан кейін бірден көру анық болмауы мүмкін, ол көлікті басқаруда және механизмдермен жұмыс жасау кезінде қиындық туғызуы мүмкін. Инстилляциядан кейін 15 минут өткен соң жұмыс жасау ұсынылады.
Артық дозалануы
Слезол Форте препаратының артық дозалануы жөнінде деректер жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Сақтандырғыш сақинасымен жабдықталған, бұралып жабылатын қорғағыш қалпақшасы және тамшылатқыш-тығыны бар пластик құтыға препарат 15 мл-ден құйылған.
1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препаратты 4 апта ішінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Е.И.П.Ко», Египет, Тенс ов Рамадан Сити, Бірінші өндірістік аудан В1, а/ж 149 Тенс
Сауда белгісінің және тіркеу сертификатының иесі УОРЛД МЕДИЦИН ОФТАЛЬМИКС компаниясы болып табылыды, ҰЛЫБРИТАНИЯ
Тіркеу куәлігінің иесі
«УОРЛД МЕДИЦИН ОФТАЛЬМИКС», Ұлыбритания
Тұтынушылардан Қазақстан Республикасы аумағында өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
ҚР, Алматы қ. Түрксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222б,
Тел/факс: 8 (7272) 529090