Салициловая кислота (20 мг/мл) (Salicylic acid)

МНН: Салициловая кислота
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019697
Информация о регистрации в РК: 02.02.2018 - 02.02.2023
Номер регистрации в РБ: 18/05/341
Информация о регистрации в РБ: 24.05.2018 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 47.45 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Салицил қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

20 мг/мл сыртқа қолдануға арналған спиртті ерітінді

Құрамы

25 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: 500 мг салицил қышқылы

қосымша зат: 70% этил спирті

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз спирт иісті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және басқа да зарарсыздандыратын препараттар.

АТХ коды D08AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Кератопластикалық, антисептикалық, жергілікті тітіркендіргіш және қабынуға қарсы әсер етеді. Мүйізді қабаттың жұмсаруына және ажырауына ықпал етеді. Сыртқа қолданғанда жүйелік сіңуі мүмкін.

Қолданылуы

  • майлы себорея

  • кәдімгі безеу

  • созылмалы экзема

  • кебек тәріздес (түрлі түсті) теміреткі

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Препаратпен терінің зақымданған беткейін, ысқыламай, мақта тампонмен алақан мөлшеріндегі учаскеге 5 мл есебімен, тәулігіне 2-3 рет өңдейді.

Ересектер үшін ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 0,2 г салицил қышқылы (10 мл), балалар үшін - 0,02 г салицил қышқылы ( 1 мл ).

Емдеу курсы - 1 аптадан асырмай.

Жағымсыз әселері

Жекелеген көтере алмаушылық болуы мүмкін

Сирек

  • қышыну, күйдіру, терінің бөртуі, терінің қызаруы түрінде жергілікті реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • салицил қышқылына жоғары сезімталдық

  • 12 жасқа дейінгі балалар

  • салицил қышқылының туындыларына жоғары сезімталдықпен бронх демікпесінің атопиялық түрі

  • бүйрек жеткіліксіздігі

  • жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Салицил қышқылы жергілікті қолданылатын басқа дәрілік заттар үшін терінің өткізгіштігін жақсарту мүмкіндігіне байланысты, олардың сіңірілуін күшейтеді. Сіңірілген салицил қышқылы метотрексаттың және ауыз арқылы қабылданатын гипогликемиялық ДЗ, сульфонилмочевина туындыларының жағымсыз әсерлерін күшейтуі мүмкін. Ерітінді резорцинмен (ерітетін қоспалар түзеді) және мырыш оксидімен (ерімейтін мырыш салицилаты) фармацевтикалық тұрғыдан сыйымсыз.

Айрықша нұсқаулар

Балаларды емдеген кезде терінің біраз аумағын біруақытта өңдеуге болмайды.

Препараттың автокөлікті немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқаруда әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозаланғануы

Жергілікті қолданғанда артық дозалануы неғайбіл.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл-ден бұралып жабылатын қақпақтары және тығыздайтын элементтері бар тығынмен тығындалған, ФС типті ОС-1 маркалы шыныдан жасалған құтыларда.

Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге пәшкеге салынбаған құтылар картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27

тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы.

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік

қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27, тел/факс 8-(10375177) 744280 Электрондық поштасы market@borimed.com

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

910381421477976933_ru.doc 54.5 кб
798042511477978094_kz.doc 49.5 кб
18_05_341_p.pdf 0.19 кб
18_05_341_s.pdf 0.17 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ