Репаглид® (1 мг)

МНН: Репаглинид
Производитель: Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Repaglinide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018188
Информация о регистрации в РК: 15.10.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 44.37 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Репаглид®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Репаглинид

Дәрілік түрі

0,5 мг, 1 мг, 2 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 0,5 мг, 1,0 мг, 2,0 мг репаглинид,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, картоп крахмалы, кальций гидрофосфаты, полакрилин, повидон К-30, глицерин, полоксамер 188, магний немесе кальций стеараты, 1 мг доза үшін темірдің сары тотығы (Е 172), 2 мг доза үшін темірдің қызыл тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті (0.5 мг доза үшін), ашық сарыдан сары түске дейінгі (1.0 мг доза үшін), ашық қызғылттан қызғылт түске дейінгі (2.0 мг доза үшін), екі жақ беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Пероральді түрде қабылдауға арналған, қантты төмендететін препараттар. Қантты төмендететін басқа да препараттар. Репаглинид.

АТХ коды A10ВХ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Репаглинид асқазан-ішек жолы тарапынан тез сіңірілді, бұл оның плазмадағы концентрациясының тез жоғарылауымен қатар жүреді. Қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде репаглинид плазмада ең жоғары концентрацияға жетеді.

Тура тамақтанар алдында, тамақтанудан 15 минут немесе 30 минут бұрын немесе ашқарынға қабылдағанда репаглинидтің фармакокинетикасы арасында клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар байқалған жоқ.

Репаглинидтің фармакокинетикасы 63%-ға тең орташа абсолютті биожетімділігімен сипатталады (өзгергіштік коэффициенті (CV) 11%-ға тең).

Клиникалық зерттеулерде плазмадағы репаглинид концентрациясының жекелей аралық жоғары өзгергіштігі (60%) анықталды. Ішкі жекелей өзгергіштігі төменнен орташаға дейінгі шекте (35%) болады. Репаглинид дозасының титрациясы пациенттің клиникалық жауабына байланысты жүргізілетін болғандықтан, жекелей аралық өзгергіштігі емнің тиімділігіне ықпалын тигізбейді.

Таралуы

Репаглинидтің фармакокинетикасы таралу көлемінің төмендігімен 30 л (жасушаішілік сұйықтықта таралуына сәйкес), сондай-ақ адамның плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесінің жоғарылығымен (98%-дан астам) сипатталады.

Шығарылуы

Ең жоғары концентрацияға (Cmax) жеткеннен кейін плазмадағы мөлшері тез төмендейді. Препараттың жартылай шығарылу кезеңі (t½) шамамен бір сағатты құрайды. Репаглинид организмнен 4-6 сағат ішінде толық шығарылады. Репаглинид көбіне CYP2С8 изоферментімен, бірақ сондай-ақ, аз дәрежеде болса да CYP3А4 изоферментімен толық метаболизденеді, және мұндайда клиникалық тұрғыдан маңызды гипогликемиялық әсер ететін метаболиттермен теңескен жоқ.

Репаглинидтің метаболиттері көбіне ішек арқылы шығарылады, мұндайда препараттың 1%-дан азы нәжісте өзгермеген күйінде табылады. Енгізілген дозаның аздаған бөлігі (шамамен 8%) несептен, көбіне метаболиттер түрінде табылады.

Пациенттердің ерекше топтары

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде және 2 типті қант диабеті бар егде жастағы пациенттерде репаглинидтің экспозициясы жоғарылайды. AUC (SD) мәндері 2 мг препаратты (бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде 4 мг) бір реттік қабылдаудан кейін дені сау еріктілерде 31,4 нг/мл x сағ. (28,3), бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде 304,9 нг/мл x сағ. (228,0) және 2 типті қант диабеті бар пациенттерде 117,9 нг/мл x сағ. (83,8) болды.

Репаглинидпен (2 мг x тәулігіне 3 рет) 5 күн емдегеннен кейін бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі: 20-39 мл/мин) пациенттерде (AUC) экспозициясы мәндерінің және жартылай шығарылу кезеңінің (t1/2), бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, айтарлықтай 2 есе жоғарылағаны байқалды.

Педиатриялық популяция

Деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Репаглид® - қысқа әсер ететін пероральді гипогликемиялық препарат. Қанда глюкозаның мөлшерін тез төмендетіп, ұйқы безімен инсулиннің бөлініп шығуын стимуляциялайды. Жарғақшада β-жасушалардың осы препаратқа тән ақуыз-рецепторымен байланысады. Бұл АТФ-тәуелді калий өзекшелерінің бөгелуіне және жасушалық жарғақшаның деполяризациясына әкеледі, ол өз кезегінде, кальций өзекшелерінің ашылуына мүмкіндік береді. Кальцийдің -жасушалар ішіне түсуі инсулиннің секрециясын стимуляциялайды.

2 типті қант диабеті бар науқастарда препаратты ішке қабылдағаннан кейін 30 минут ішінде инсулинтроптық реакция байқалады. Бұл тамақ ішудің бүкіл кезеңі ішінде қанда глюкоза деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етеді. Мұндайда плазмадағы репаглинид деңгейі тез төмендейді, және препаратты қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң 2 типті қант диабеті бар пациенттердің плазмасында препарат төмен концентрацияларда табылады.

Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі

Репаглинидті 0.5-тен 4 мг-ге дейінгі дозалар ауқымында тағайындағанда 2 типті қант диабеті бар пациенттердің қанындағы глюкоза деңгейінің дозаға байланысты төмендегені байқалады. Клиникалық зерттеу деректері репаглинидті тамақ ішер алдында қабылдаған жөн екендігін көрсетті (препрандиальді доза).

Қолданылуы

- 2 типті қант диабетінде диетотерапия, дене салмағын және дене жүктемесін төмендету тиімсіз болғанда

- 2 типті қант диабетінде метформинмен монотерапия жәрдемімен гликемияны қанағаттанарлықтай бақылауға қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда метформинмен біріктіріп.

Емді қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін диетотерапияға және дене жүктемесіне қосымша дәрі ретінде тағайындаған жөн.

Қолдану тәсілі және дозалары

Репаглинид препрандиальді түрде тағайындалады. Дозаны таңдау гликемиялық бақылауды оптимизациялау үшін жекелей негізде жүзеге асырылады. Пациенттің қандағы және несептегі глюкоза деңгейіне әдеттегідей өздігінен мониторингісіне қосымша, глюкоза деңгейін бақылауды дәрігер пациент үшін тиімді ең төмен дозаны анықтау үшін жүргізуі тиіс. Гликозилденген гемоглобиннің концентрациясы да пациенттің емге жауабының көрсеткіші болып табылады. Глюкозаның концентрациясын мезгіл-мезгіл бақылау репаглинидті ұсынылған ең жоғары дозада (яғни пациентте «алғашқы резистенттілік» бар болғанда), сондай-ақ бұрын жүргізілген тиімді емнен кейін гипогликемиялық жауабының бәсеңдегенін анықтау мақсатында (яғни пациентте «салдарлық резистенттіліктің» бар екендігін) алғаш тағайындағанда қанда глюкоза концентрациясының талапқа сай емес төмендегенін анықтау қажет.

Репаглинидті қысқа мерзімдік қолдану әдетте жақсы бақыланатын диетадағы, 2 типті қант диабеті бар пациенттерде бақылауды өткінші жоғалту кезеңі кезінде жеткілікті болуы мүмкін.

Бастапқы дозасы

Препарат дозасын дәрігер қандағы глюкоза деңгейіне байланысты белгілейді.

Бұрын ешқашан басқа пероральді гипогликемиялық препараттарды қабылдамаған пациенттер үшін негізгі тамақты ішер алдында қабылдауға ұсынылатын бастапқы доза 0.5 мг құрайды. Дозаны түзету аптасына 1 рет немесе 2 аптада 1 рет жүргізіледі (мұндайда емге жауабының көрсеткіші ретінде қандағы глюкоза концентрациясына бағытталады). Егер пациент басқа пероральді гипогликемиялық дәріден Репаглид® препаратымен емдеуге ауысса, онда негізгі тамақты ішер алдында қабылдауға ұсынылатын бастапқы доза 1 мг болуы тиіс.

Демеуші ем

Негізгі тамақты ішер алдында қабылдауға ұсынылатын ең жоғары бір реттік доза 4 мг құрайды. Ең жоғары жиынтық тәуліктік доза 16 мг-ден аспауы тиіс.

Ерекше популяциялар

Егде жастағылар

75 жастан асқан пациенттерде клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек функцияларының бұзылулары репаглинидтің шығарылуына ықпалын тигізбейді. Репаглинидтің қабылданған бір реттік дозасының 8%-ы бүйрек арқылы шығарылады және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде өнімнің жалпы плазмалық клиренсі төмендейді. Қант диабеті бар пациенттерде бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде инсулинге сезімталдықтың жоғарылауына байланысты, мұндай пациенттерде дозаны таңдағанда сақ болған жөн.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Әлсізденген және жүдеген пациенттер

Әлсізденген және жүдеген пациенттерде бастапқы және демеуші дозалар консервативтік болуы тиіс. Гипогликемияның дамуына жол бермеу үшін дозаларды таңдаған кезде сақтық таныту қажет.

Бұрын пероральді гипогликемиялық препараттарды қабылдаған пациенттер

Пациенттерді басқа пероральді гипогликемиялық препараттармен емдеуден репаглинидмен емдеуге ауыстыруды бірден жүзеге асыруға болады. Сонымен бірге, репаглинидтің дозасы мен басқа гипогликемиялық препараттар арасындағы дәл арақатынас анықталған жоқ. Репаглинидке ауысатын пациенттер үшін ұсынылатын ең жоғары бастапқы доза әрбір негізгі тамақты қабылдар алдында қабылданатын 1 мг құрайды.

Репаглинид метформинмен монотерапияда қандағы глюкоза деңгейін талапқа сай емес бақылаған жағдайда метформинмен біріктіріп тағайындалуы мүмкін. Мұндай жағдайда метформиннің дозасы сақталады, ал репаглинид қатар қолданылатын препарат ретінде қосылады. Репаглинидтің бастапқы дозасы тамақ ішкенге дейін қабылданатын 0,5 мг құрайды. Дозаны таңдауды монотерапия кезіндегідей қандағы глюкоза деңгейіне сәйкес жүргізген жөн.

Педиатриялық популяция

Репаглинидпен емдеудің тиімділігі мен қауіпсіздігі 18 жасқа толмаған адамдарда зерттелген жоқ. Деректер жоқ.

Репаглид® препаратын негізгі тамақты ішкенге дейін қабылдаған жөн (соның ішінде препрандиальді түрде). Дозаны әдетте тамақтан соң 15 минут ішінде қабылдайды, алайда бұл уақыт 30 минуттан бастап тамақ ішуге дейін өзгеруі мүмкін (соның ішінде күніне 2, 3 және 4 қабылдау). Тамақ ішуді өткізіп алған (немесе қосымша тамақтанғанда) пациенттер осы тамақтануға қатысты дозаны өткізіп алғанын (немесе қосқанын) айтқаны жөн.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі жағымсыз әсерлер қандағы глюкоза концентрациясының өзгеруі, яғни гипогликемия болып табылады. Мұндай реакциялардың жиілігі қант диабетін емдеудің кез келген түрін қолдану кезіндегідей, тамақтану дағдылары, препарат дозасы, дене жүктемесі және стресс сияқты жекелей факторларға да байланысты.

Төменде репаглинидті және басқа да пероральді гипогликемиялық дәрілерді қолданған кезде байқалған жағымсыз әсерлері берілген. Барлық жағымсыз әсерлері былайша белгіленген даму жиілігіне сай топ бойынша орналастырылған: жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1,000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10,000 <1/1,000 дейін); өте сирек (<1/10,000) және белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес).

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Өте сирек

- аллергиялық реакциялар

Жайылған аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакция) немесе васкулиттер сияқты иммунологиялық реакциялар байқалуы мүмкін.

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Жиі

- гипогликемия

Белгісіз

- гипогликемиялық кома, естен тану болатын гипогликемия

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

Өте сирек

- көру бұзылыстары

Қандағы глюкоза концентрацияларының өзгеруі, әсіресе гипогликемиялық препараттармен емдеудің бастапқы кезеңінде көрудің бұзылыстарына әкелуі мүмкін. Алайда, әдетте бұл өзгерулер өткінші сипатта болады.

Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- іштің ауыруы, диарея

Өте сирек

- құсу, іш қату

Белгісіз

- жүректің айнуы

Ас қорыту тарапынан шағымдар – іштің ауыруы, диарея, жүректің айнуы, құсу және іш қату клиникалық зерттеулер барысында байқалды. Алайда осы симптомдардың жиілігі мен ауырлығы инсулиннің секрециясын стимуляциялайтын басқа пероральді препараттарды қолданған кездегіден айырмашылығы болған жоқ.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Өте сирек

- бауыр функциясының бұзылулары

Өте сирек жағдайларда бауыр функциясының ауыр бұзылулары жөнінде мәлімделді, алайда репаглинидпен себеп-салдарлық байланысы анықталмады.

- «бауыр ферменттері» белсенділігінің жоғарылауы.

Көптеген жағдайларда бұл жоғарылаулар мардымсыз және өткінші сипатта болды, және пациенттердің тек аздаған бөлігі ғана «бауыр ферменттері» белсенділігінің жоғарылауына байланысты, емдеуді тоқтатты.

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Белгісіз

- аса жоғары сезімталдық

Аллергиялық реакциялар:

Аса жоғары сезімталдықтың жайылған реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакция), немесе васкулиттер сияқты иммунологиялық реакциялар.

Рефракцияның бұзылулары

Глюкозаның плазмалық деңгейінің өзгерулері, әсіресе емнің бас кезінде көзбен көрінетін бұзылыстарға әкеп соғуы мүмкін. Осындай бұзылу жағдайлары жөнінде кейбір жағдайларда репаглинидпен емдеуді бастаған кезде мәлімделді. Ұқсас бұзылулардың дамуы клиникалық зерттеулерде емдеуді тоқтатуға әкелген жоқ.

Бауыр функциясының ауытқулары, бауыр ферменттерінің жоғарылауы

Репаглинидпен емдеу кезінде бауыр ферменттері деңгейі жоғарылаған жекелеген жағдайлар жөнінде мәлімделді. Көптеген жағдайларда осындай құбылыстар жеңіл және өткінші болды, тек аздаған пациенттер ғана бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы салдарынан емдеуді тоқтатты. Өте сирек жағдайларда бауырдың ауыр дисфункциясы дамыды.

Аса жоғары сезімталдық

Терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары эритема, тітіркену, бөртпе және есекжем түрінде көрініс беруі мүмкін. Химиялық құрылымының әртүрлі болуы салдарынан сульфонилмочевина препараттарымен айқаспалы резистенттіліктің дамуы күтілмейді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • репаглинидке немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

  • 1 типті қант диабеті, жағымсыз С-пептид

  • диабеттік кетоацидоз; команың дамуымен немесе онсыз

  • бауыр функциясының ауыр бұзылулары

  • гемфиброзилді қатарластыра қабылдау

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • жүктілік және лактация кезеңі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Репаглинидтің метаболизміне ықпалын тигізетін бірқатар препараттар бар. Дәрігер ықтимал өзара әрекеттесулерді ескеруі тиіс.

In vitro: Репаглинид көбіне CYP2С8 және CYP3А4 изоферменттерінің әсер етуімен метаболизденеді. Дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулер репаглинидтің метаболизміне қатысатын өте маңызды изофермент CYP2С8 болып табылатынын, ал CYP3А4 аз рөл атқаратындығын көрсетті, алайда оның біршама үлес қосуы CYP2С8 изоферменті тежелген жағдайларда жоғарылауы мүмкін. Демек, репаглинидтің метаболизмі де, және осылайша, репаглинидтің клиренсі де Р-450 цитохромының изоферменттерін тежей немесе индукциялай отырып, ықпал ететін препараттардың әсер етуімен өзгеруі мүмкін. Репаглинидмен бірге CYP2С8 және CYP3А4 изоферменттерінің тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда айрықша сақтық танытқан жөн.

Іn vitro және in vivo деректерін негізге алсақ, репаглинид бауырға (анион-тасымалдаушы ақуыз ОАТР1В1) белсенді түрде сіңеді. ОАТР1В1 тежегіштері де (мысалы, циклоспорин) плазмадағы репаглинидтің концентрациясын арттыруы мүмкін.

Келесі дәрілік заттар репаглинидтің гипогликемиялық әсерін күшейтуі және/немесе ұзартуы мүмкін:

гемфиброзил, триметоприм, рифампицин, кларитромицин, кетоконазол, итраконазол, циклоспорин, басқа да гипогликемиялық препараттар, моноаминооксидаза тежегіштері, селективті емес бета-адреноблокаторлар, ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштері, салицилаттар, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, октреотид, алкоголь және анаболиялық стероидтар.

Дені сау еріктілерде дәрілік өзара әрекеттесу бойынша жүргізілген зерттеулер гемфиброзилді (тәулігіне 2 рет 600 мг) – CYP2С8 изоферментінің тежегіші және ОАТР1В1, және репаглинидті (бір реттік 0.25 мг доза) бір мезгілде қолдану репаглинидтің AUC мәндерінің 8.1 есе, Cmax мәндерінің 2.4 есе артуына әкелгенін, сондай-ақ t½ мәнінің 1.3-тен 3.7 сағатқа дейін артатындығын көрсетті, бұл репаглинидтің гипогликемиялық әсерінің күшеюіне және ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, қан плазмасындағы репаглинид концентрациясы едәуір жоғарылайтын болғандықтан, гемфиброзил мен репаглинидті бір мезгілде қолдануға болмайды.

Триметопримді (тәулігіне 2 рет 160 мг) - CYP2С8 изоферментінің әлсіз тежегішін, және репаглинидті (бір реттік, 0.25 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда AUC, Cmax және t½ мәндерінің аздап жоғарылағаны (сәйкесінше, 1.6 есе, 1.4 есе және 1.2 есе) білінді, бірақ мұндайда қандағы глюкоза концентрациясына статистикалық тұрғыдан маңызды әсері тіркелген жоқ. Алайда фармакодинамикалық әсерінің осыған ұқсас болмауы репаглинидтің субтерапиялық дозаларында байқалды. Репаглинидтің 0.25 мг-ден және триметопримнің 320 мг-ден асатын дозаларында осындай біріктірілімнің қауіпсіздік бейініне баға берілмегендіктен, осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда сақтық танытқан жөн. Егер осы препараттарды бәрібір бір мезгілде қолдану қажеттілігі туындаса, қандағы гюкоза концентрациясына мұқият бақылау жүргізуді, сондай-ақ клиникалық бақылауды жүзеге асыру керек.

CYP3А4 изоферментінің күшті индукторы, сондай-ақ CYP2С8 изоферментінің индукторы болып табылатын рифампицин бір мезгілде репаглинид метаболизмінің индукторы және тежегіші болып табылады. Зерттеулер барысында пациенттер алдымен 7 күн ішінде рифампицин (600 мг) қабылдаған, ал содан кейін 7-ші күні емге репаглинид (4 мг бір рет) қосқан кезде AUC мәнінің 50%-ға төмендегені тіркелді (индукциясы мен тежелуінің бірігуі салдарынан). Репаглинид рифампициннің соңғы дозасынан кейін 24 сағаттан соң тағайындалған жағдайда, репаглинидтің AUC мәнінің 80%-ға төмендегені тіркелді (яғни тек индукциялайтын ықпалын көрсеткен).

Рифампицинді және репаглинидті бір мезгілде қолданғанда репаглинидтің дозасын түзету қажет болуы мүмкін, ол қандағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылау нәтижелеріне негізделуі тиіс; бақылау рифампицинмен емдеудің басында (жедел тежелу); дозаны енгізгеннен кейін (аралас әсер – тежеу және индукция); содан кейін рифампицинді тоқтатқанда (тек индукция), және, соңында, шамамен рифампициннің индукциялайтын әсері көрініс бермейтін кезде рифампицинді тоқтатқаннан кейін бір аптадан соң жүргізілуі тиіс. Басқа индукторлардың, мысалы, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шілтерлі шайқурайдың осыған ұқсас әсер көрсетуі мүмкін екендігі жоққа шығарылған жоқ.

CYP3А4 изоферментінің күшті тежегішінің прототипі болып табылатын кетоконазолдың репаглинидтің фармакокинетикасына ықпалы дені сау еріктілерде зерттелді. Кетоконазолды (тәулігіне 200 мг-ден) репаглинидпен (бір рет 4 мг дозада) бір мезгілде тағайындағанда репаглинидтің орташа жүйелік әсерінің (AUC және Cmax) 1,2 есе артқаны тіркелді, мұндайда қандағы глюкоза концентрациясы 8%-ден азға өзгерді.

100 мг дозадағы итраконазолмен (CYP3А4 изоферментінің тежегішімен) өзара әрекеттесуі сондай-ақ дені сау еріктілерде де зерттелді, және AUC мәнінің 1.4 есе артқаны көрсетілді. Мұндайда дені сау еріктілерде глюкозаның концентрациясына қандай да болсын қаншалықты айтарлықтай әсері байқалған жоқ.

Дені сау еріктілерге жүргізілген зерттеулерде әсер ету механизмі жағынан CYP3А4 изоферментінің күшті тежегіші болып табылатын кларитромицинді 250 мг дозада бірге қолданғанда репаглинидтің жүйелік әсерінің аздаған артуы байқалды (AUC 1.4 есеге, ал Cmax 1.7 есеге артты), мұндайда сарысудағы инсулиннің AUC орташа мәні 1.5 есеге, ал Cmax 1.6 есеге артты. Осы өзара әрекеттесулердің дәл механизмі анық емес.

Циклоспорин (100 мг), CYP3А4 изоферментінің тежегіші және ОАТР1В1 күшті тежегіші дені сау еріктілерде репаглинидтің Cmax мәнін (0.25 мг бір рет) 1.8 есеге және AUC мәнін 2.5 есеге арттырды.

Препараттардың өзара әрекеттесуінде 0.25 мг-ден аспайтын дозалардағы репаглинид үшін баға берілмегендіктен, циклоспорин мен репаглинидті бір мезгілде тағайындауға жол бермеу ұсынылады. Егер бәрібір осы препараттарды бір мезгілде қолдануға қажеттілік туындаса, қандағы глюкоза концентрацияларын мұқият бақылауды, сондай-ақ пациенттерді клиникалық бақылауды жүзеге асырған жөн («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Дені сау еріктілерде өзара әрекеттесулерге жүргізілген зерттеулер CYP2C8 және CYP3A4 әлсіз тежегіші болып табылатын деферазироксті (күніне 30 мг/кг, 4 күн) және репаглинидті (бір рет, 0.5 мг) бірге тағайындау репаглинидтің жүйелік әсерінің артуына әкелді (AUC 2.3 есеге, ал Cmax 62%-ға артты); мұндайда қандағы глюкоза концентрациясы аздап, бірақ маңызды түрде төмендеді. Деферазирокс пен репаглинидті бір мезгілде тағайындағанда репаглинидтің дозасын азайтуды қарастыру және қандағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылауды жүзеге асыру қажет.

β-Адреноблокаторлар гипогликемияның симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Циметидинді, нифедипті, эстрогендерді немесе симвастатинді (осы препараттардың барлығы CYP3А4 изоферментінің субстраттары болып табылады) репаглинидпен бір мезгілде қолдану репаглинидтің фармакокинетикалық параметрлеріне маңызды ықпалын тигізген жоқ.

Дені сау еріктілерге қолданғанда тұрақты жағдайда репаглинид дигоксиннің, теофиллиннің немесе варфариннің фармакокинетикалық қасиеттеріне клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалын тигізбейді. Осылайша, оларды репаглинидпен бірге қолданғанда осы дәрілік препараттардың дозаларын түзетудің қажеттілігі жоқ.

Келесі заттар репаглинидтің гипогликемиялық әсерін бәсеңдетуі мүмкін:

пероральді контрацептивтер, рифампицин, барбитуратар, карбамазепин, тиазид туындылары, глюкокортикостероидтар, даназол, қалқанша без гормондары және симпатомиметиктер.

Пероральді контрацептивтерді (этинилэстрадиол/ левоноргестрел) бірге қолдану репаглинидті ең жоғары концентрацияларына ерте жеткізсе де, репаглинидтің жалпы биожетімділігінің клиникалық тұрғыдан маңызды өзгеруіне әкелген жоқ. Осыған байланысты, осы препараттарды қолдану немесе тоқтату кезеңінде репаглинидті қабылдап жүрген пациенттер гликемиялық бақылаудың бұзылуын дер кезінде анықтау үшін мұқият бақылауда болуы тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Репаглинид гликемияны бақылау қанағаттанарлық болмағанда және диетамен емдеу, дене жаттығулары және дене салмағын азайту аясында қант диабетінің симптомдары сақталғанда қолданылады.

Қандай да болсын гипогликемиялық препараттың жәрдемімен қалпына келтірілген қант диабетімен пациенттерде қандай да болсын стресс факторының, мысалы, қызбаның, жарақаттардың, инфекциялардың, немесе хирургиялық араласымдардың әсері гликемияны бақылаудың нашарлауына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда репаглинидті тоқтату және инсулинмен емдеуді уақытша тағайындау қажет болуы мүмкін.

Гипогликемия

Репаглинид, инсулиннің секрециясын стимуляциялайтын басқа да препараттар сияқты, гипогликемияны туындатуға қабілетті.

Инсулиннің секрециясын стимуляциялайтын басқа препараттармен біріктірілімі

Көптеген пациенттерде пероральді гипогликемиялық препараттардың гипогликемиялық әсері уақыты келгенде бәсеңдейді. Бұл қант диабеті барысының үдеуімен де, сонымен қатар препаратқа жауабының бәсеңдеуімен де жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл феномен «салдарлық резистенттілік» ретінде белгілі, және оны препарат нақты пациентке алғаш тағайындағанда-ақ тиімсіз болып шыққан «алғашқы резистенттіліктен» айыра білген жөн. Пациентте «салдарлық резистенттілік» жағдайына баға берер алдында дозаға түзету жүргізу, сондай-ақ пациенттің диета және дене жүктемелері бойынша нұсқауларын анық орындап жүргенін де тексеру керек.

Репаглинид β-жасушалардың әртүрлі жерлеріне қысқа әсер ету арқылы ықпалын тигізеді. Клиникалық зерттеулерде инсулин секрециясына стимуляторлардың әсер етуіне салдарлық резистенттілік дамыған жағдайда репаглинидті қолдануға зерттеу жүргізілген жоқ. Инсулиннің секрециясын стимуляциялайтын препараттармен басқа біріктірілімдерді білуге зерттеулер жүргізілмеді.

НПХ-инсулинмен немесе тиазолидиндиондармен біріктірілімі

НПХ-инсулинмен немесе тиазолидиндиондармен біріктірілген емге зерттеулер жүргізілді. Алайда, басқа препараттармен біріктірілімін қолданғанда пайда-қаупіне баға берген жөн.

Метформинмен біріктірілімі

Метформинмен біріктірілген ем гипогликемияның дамуының жоғары қаупімен байланысты.

Жедел коронарлық синдром

Репаглинидті қолдану жедел коронарлық синдромның (мысалы, миокард инфарктісі) даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін.

Қатарластыра қолдану

Репаглинидті сақтықпен қолданған немесе репаглинидтің метаболизміне ықпалын тигізетін препараттарды қабылдауға жол бермеген жөн. Егер бірге қабылдауға жол бермеуге мүмкіндік болмаса, глюкоза деңгейіне және клиникалық жағдайына мұқият мониторинг жүргізу қажет.

Пациенттердің ерекше топтары

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде репаглинидтің әдеттегі дозаларын тағайындау, бауыр функциясы қалыпты пациенттердегіге қарағанда, бауыр функциясы бұзылған пациенттерде плазмада репаглинидтің және оның метаболиттерінің өте жоғары концентрацияларына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты, репаглинидті бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге тағайындамаған жөн («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз), ал бауыр функциясының басқа да бұзылулары бар пациенттерге репаглинидті сақтықпен тағайындаған жөн. Емдеуге толық шамада баға беру үшін дозаларды түзету аралықтарын ұзартқан жөн («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Репаглинид концентрациясы мен креатинин клиренсі арасында тек әлсіз байланыс байқалса да, бүйрегі ауыр зақымданған пациенттерде плазмадағы препараттардың жалпы клиренсі төмендейді. Қант диабеті бар және бауыры зақымданған пациенттерде инсулинге сезімталдық жоғарылағандықтан, мұндай пациенттерге дозаны таңдауды сақтықпен жүргізген жөн («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).

Клиникаға дейінгі қауіпсіздігі жөнінде деректер

Фармакологиялық қауіпсіздігін, қайталанған дозалардың уыттылығын, геноуыттылығын және канцерогендік потенциалын зерттеуге негізделген клиникаға дейінгі зерттеу деректері адам үшін қандай да болсын қауіптілікті байқаған жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер

репаглинидтің тератогендік әсер бермейтіндігін көрсетті. Аяқ-қолдың дамуында тератогендік сипаттағы ақаулар буаз кезеңнің соңғы үштен бірінде және лактация кезеңінде репаглинидтің жоғары дозаларын қабылдаған ұрғашы егеуқұйрықтың эмбриондарында және жаңа туған балаларында байқалды.

Репаглинид жануарлардың сүтінен табылды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерге және бала емізу кезеңіндегі әйелдерге зерттеулер жүргізілген жоқ. Сондықтан жүкті әйелдерге және бала емізу кезеңіндегі әйелдерге репаглинидті қолданудың қауіпсіздігі зерттелмеді.

Жануарларда репаглинидтің репродукциялық уыттылығына жүргізілген зерттеулер жөніндегі ақпарат Фармакокинетикасы бөлімінде берілген.

Педиатриялық популяция

Деректер жоқ.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттардың ықпал ету ерекшеліктері

Пациенттердің зейінді жұмылдыру және реакция жылдамдығына қабілеті гипогликемия кезінде бұзылуы мүмкін, бұл осы қабілет аса қажет болған кезде (мысалы, көлік құралдарын басқарғанда немесе механизмдермен жұмыс жасағанда) қауіп тудыруы мүмкін. Пациенттерге көлік құралдарын басқарған және механизмдермен жұмыс жасаған кезде гипогликемияның дамуына жол бермеу үшін шаралар қолдануды ұсыну қажет. Бұл гипогликемияның дамуының ізашар симптомдары айқындылығы жоқ немесе төмендеген немесе гипогликемияның жиі көріністері бар пациенттер үшін аса маңызды. Мұндай жағдайларда осыған ұқсас жұмыстарды орындаудың мақсат сай болуын қарастырған жөн.

Артық дозалануы

Репаглинид апталық аралықпен 6 апта бойы тәулігіне 4 рет 4-20 мг ауқымда тағайындалды. Препараттың қауіпсіздігіне қатысты себептер туындаған жоқ. Осы зерттеуде гипогликемия құбылысының калорияны үлкен мөлшерде қабылдаумен байланыстылығы күмәнді болғандықтан, осыған ұқсас артық дозалану глюкозаның күшті төмендеу әсеріне әкеліп, гипогликемиялық симптомдарды (бас айналу, тершеңдік, тремор, бас ауыру және т.б.) дамытуы мүмкін. Осындай симптомдар дамыған кезде глюкоза деңгейі төмен болғанда тиісті шараларды қолдану (көмірсуларды пероральді түрде қабылдау) қажет. Құрысу, естен тану немесе кома дамитын өте күрделі симптомдарда глюкозаны көктамыр ішіне енгізген жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын тепературада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282

тел.: +7 (727) 232-44-85

Тіркеу куәлігінің иесі

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,

электронды поштасы: info@aigp.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85, электронды поштасы: info@aigp.kz

 

 

 

Прикрепленные файлы

522536531477976655_ru.doc 107 кб
891548621477977809_kz.doc 164.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники