Пустырника настойка (25 мл, Фармация 2010 ТОО)

МНН: Пустырника трава
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003142
Информация о регистрации в РК: 13.01.2021 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Сасықшөп тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Тұндырма

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі. Психолептиктер. Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер. Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да препараттар.

АТХ коды N 05 CM

Қолданылуы

- жүрек-қантамыр неврозында

- вегетативті қантамырлық дистонияда

- жүйкенің жоғары қозғыштығында

- ұйқысыздықпен, қобалжушылықты және жоғары реактивтілікті сезінумен қатар жүретін психоастенияда және неврастенияда,

- кешенді ем құрамында артериялық гипертензияда

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- кез келген қосымша затқа немесе әсер етуші затқа аса жоғары сезімталдық

- асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы

- эрозивті гастрит (асқыну фазасы)

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- жүктілік және емізу кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Дәрілік затты қабылдау алдында дәрігердің кеңесі қажет. Егер дәрілік затты қабылдау кезінде симптомдар сақталса немесе жай-күйі нашарласа, дәрігерге жүгіну қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ұйықтататын және ауыруды басатын дәрілердің әсерiн күшейтедi.

Арнайы ескертулер

Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Бауыр аурулары бар науқастарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, балаларға, эпилепсияға, алкоголизмнен зардап шегетін науқастарға препарат қарсы көрсетіледі.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Дәрілік препараттың құрамында этил спирті бар, жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды. Сасықшөп шөбі жатырдың тонусын жоғарылатуға және етеккір цикліне әсер етуге қабілетті.

Препаратты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезінде автокөлік басқарғанда және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылданғанда сақтық таныту қажет.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ішке тағам қабылдағанға дейін күніне 30 тамшыдан 3 - 4 рет. Енгізу тәсілі және жолы

Ішуге арналған

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы 30 күн.

Артық дозаланғанда қолданатын шаралар

Байқалған жоқ

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт бойы препаратты қолдануға болмайды.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

- тері бөртпесі, қышыну

- диспепсия

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат – сасықшөп шөбі 20 г

қосымша зат –70 % этанол 100 мл-ге дейін

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ащы дәмі және өзіне тән иісі бар көкшіл-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұрандалы қақпағы бар немесе нығыздағыш элементі бар полиэтиленді қақпақпен тығындалған тамшылатқыш құтыда, бұрандалы мойны бар шыны массадан жасалған құтыда.

Құтыға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған немесе өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

Құтылар саны сәйкесінше медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

Пустырника_каз.docx 0.05 кб
Пустырника_рус.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники