Прадакса® (75 мг)

МНН: Дабигатрана этексилат
Производитель: Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ и Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dabigatran etexilate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014829
Информация о регистрации в РК: 04.03.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Прадакса®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Дабигатран этексилаты

Дәрілік түрі

75 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – 86,48 мг дабигатран этексилаты месилаты, 75 мг дабигатран этексилатының бос негізіне сәйкес,

қосымша заттар: шайыр, ірі түйіршікті шарап қышқылы; шарап қышқылы ұнтақ, кристалды шарап қышқылы, гипромеллоза, диметикон, тальк, гидроксипропилцеллюлоза,

капсула қабығының құрамы: каррагинан (Е407), калий хлориді, титанның қостотығы (Е171), индигокармин (Е132), сары сансет бояғышы (Е110), гипромеллоза, тазартылған су,

қара сия құрамы: шеллак, бутил спирті, изопропил спирті, темірдің қара тотығы бояғышы (Е172), тазартылған су, пропиленгликоль, сусыз этил спирті, калий гидроксиді, концентрацияланған аммиак ерітіндісі.

Сипаттамасы

Өлшемі № 2, мөлдір емес көгілдір түсті қақпақшасы мен мөлдір емес крем түсті корпусы бар, қақпақшасында қара сиямен Берингер Ингельхайм компаниясының логотипі және корпусында «R 75» деген жазуы бар ұзынша пішінді капсулалар.

Капсуланың ішінде – сарғыш түйіршіктер.

Фармакотерапиялық тобы

Антикоагулянттар. Тромбиннің тікелей (тура) тежегіштері.

Дабигатран этексилаты.

АТХ коды В01АЕ07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қолданудан кейін дабигатран этексилаты қан плазмасындағы заттың белсенді түрі болып табылатын дабигатранға тез және толық айналады. Гидролиз арқылы эстеразалармен белсенді дабигатранға катализденетін дабигатран этексилатының белсенді түр ізашарының түзілуі негізгі метаболизм реакциясы болып табылады. ПРАДАКСА препаратын ішке қабылдау кезінде дабигатран этексилатының абсолютті биожетімділігі 6,5% жуық құрайды. Ішке қабылдаудан кейін дені сау еріктілердің қан плазмасындағы дабигатран этексилатының фармакокинетикалық бейіні концентрациясының тез ұлғайып, 0.5-2.0 сағат шегінде ең жоғары концентрацияға (Cmax) жетуімен сипатталады.

Сіңуі. Плазмадағы жоғары шекті концентрацияларына препаратты қолданудан кейін 6 сағаттан соң жетеді. Анестезия, асқазан-ішектің салдануы және операциялық араласулар сияқты факторлар ішке қабылданатын түріне қарамастан баяу сіңуін туындатуы мүмкін. Баяу сіңуі, әдетте, тек операция күні ғана білінеді. Келесі күндері дабигатран сіңуі тез жүріп, плазмадағы жоғары шекті концентрацияларына препаратты қолданудан кейін 2 сағат өткенде жетеді. Ас ішу препарат биожетімділігіне әсер етпейді, бірақ плазмадағы жоғары шекті концентрациясына жету уақытын 2 сағат кідіртеді. Капсула қабығынсыз дабигатран этексилатын қабылдағанда, капсуладағы дәрілік түрмен салыстырғанда, биожетімділігі 75% артуы мүмкін. Осыған орай, препаратты қолданғанда дабигатран этексилаты биожетімділігінің көздеусіз артуын болдырмас үшін капсулаларды үнемі бүтін күйде сақтау керек. Сондықтан пациенттерге капсуланы ашпауға және оның ішіндегісін таза түрде (мысалы, оны тамаққа немесе сусынға себуге) қолданбауға кеңес беріледі.

Таралуы. Дабигатранның плазма ақуыздарымен байланысу қабілеті препарат концентрациясына тәуелденусіз төмен (34-35%). Дабигатран таралу көлемі 60-70 л құрады, бұл организмдегі сұйықтықтың жалпы көлемінен асып кетіп, оның тіндерде орташа таралатынын көрсетті.

Cmax және «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC) дозаға пропорционалды. Cmax мәніне жеткен соң дабигатран этексилатының плазмадағы концентрациясы биоэкспоненциальді төмендейді. Жасы үлкен топтардағы дені сау еріктілерде жартылай шығарылу кезеңі, орта есеппен, 11 сағатқа жуық құрайды. Бірнеше рет қолданудан кейін соңғы жартылай шығарылу кезеңі шамамен 12-14 сағат құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі дозаға байланысты емес және бүйрек функциясының бұзылуында ұзарады (1- кесте).

1 кесте. Дені сау сыналушылардағы және бүйрек функциясы бұзылған пациенттердегі дабигатранның жартылай шығарылу кезеңі

Шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШС)

Жартылай шығарылу кезеңінің геометриялық орта шамасы (gCV%; диапазон)

[мл/мин]

[сағат]

> 80

13,4 (25,7%; 11,0-21,6)

>50 - < 80

15,3 (42,7%;11,7-34,1)

> 30 - < 50

18,4 (18,5%;13,3-23,0)

< 30

27,2 (15,3%; 21,6-35,0)

Биотрансформациясы. Дабигатран метаболизмі мен шығарылуы дені сау ерлерде радиобелсенді таңбаланған дабигатранның бір реттік вена ішілік дозасын енгізуден кейін зерттелген. Дозаны вена ішіне енгізгеннен кейін радиобелсенді таңбаланған дабигатран көбінесе бүйрек арқылы шығарылды (85%). Ішек арқылы экскрециясы енгізілген дозаның 6% жуығын құрады. Препарат радиобелсенділігінің шығарылу деңгейі оны қабылдаудан кейін 168 сағат өткен соң дозаның 88-94% бөлігін құрады.

Дабигатран фармакологиялық белсенді 4 изомер – 1-O, 2-O, 3-O, 4-O ацилглюкуронидтерін түзумен конъюгацияланады, олардың әрқайсысы плазмадағы дабигатранның жалпы мөлшерінен 10-дан аз құрайды. Басқа метаболиттерінің іздері сезімталдығы жоғары талдамалық әдістерді пайдаланғанда ғана анықталған. Дабигатран негізінен бүйрек арқылы өзгеріссіз күйде шығарылады. Шығарылу жылдамдығы шамамен 100 мл/мин құрайды, бұл шумақтық сүзілу жылдамдығына сәйкес келеді.

Пациенттердің ерекше топтары.

Бүйрек функциясының бұзылуы: бүйрек функциясының орташа бұзылуында (креатинин клиренсі [КК] 30-50 мл/мин) дабигатран АUС мәні ішке қабылдағаннан кейін бүйрек функциясы қалыпты кездегіден шамамен 2,7 есе жоғары.

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі 10-30 мл/мин) дабигатран АUС мәні 6 есе артады, жартылай шығарылу кезеңі бүйрек жеткіліксіздігі жоқ тұлғалармен салыстырғанда шамамен 2 есе ұзарады.

Бауыр жеткіліксіздігі: Бауыр функциясының бұзылуы орташа (Чайлд-Пью бойынша В сатысы) пациенттерде, бақылау тобымен салыстырғанда, дабигатран мөлшерінде өзгерістер анықталмаған.

Дене салмағы: Дене салмағы >100 кг пациенттерде дабигатранның қалдықтық концентрациялары салмағы 50-100 кг пациенттермен салыстырғанда шамамен 20% төмен болды. Дене салмағы 50-ден 100 кг дейінгі пациенттердің көпшілігінде (80,8%) өзгерістер анықталмаған. Дене салмағы < 50 кг пациенттер жөніндегі деректер шектеулі.

Демографиялық ерекшеліктері: Жас пациенттермен салыстырғанда, егде жастағы пациенттерде АUС мәні 40-60, ал Cmax 25-дан аса жоғары. Байқалған өзгерістері креатинин клиренсінің жасқа байланысты төмендеуімен өзара байланысты болды.

Дабигатран әсеріне жас шамасының ықпал етуі RE-LY зерттеуінде расталған. ≥75 жастағы пациенттерде қалдық концентрациясы шамамен 31% жоғары, ал <65 жастағыларда 65-75 жастағы пациенттердегіден шамамен 22% төмен болды.

Әйелдерде препарат мөлшері 40-50% жоғары, алайда бұл деректердің клиникалық мәні жоқ.

Нәсілдік тегі дабигатран фармакокинетикасына клиникалық мәнді ықпалын тигізбеген.

Фармакодинамикасы

Дабигатран этексилаты фармакологиялық белсенділігі жоқ дабигатранның белсенді түрінің төмен молекулалы ізашары болып табылады. Ішке қабылдағаннан кейін дабигатран этексилаты тез сіңеді және гидролиз арқылы қан плазмасында және бауырда эстеразалармен катализденетін дабигатранға айналады. Дабигатран қан плазмасындағы негізгі белсенді зат - тромбиннің белсенді, бәсекелес, қайтымды тікелей тежегіші болып табылады.

Тромбин (серинді протеаза) коагуляциялық каскад үдерісінде фибриногеннің фибринге айналуын қамтамасыз ететіндіктен, оның тежелісі тромб түзілуін кедергілейді.

Дабигатран бос тромбинді, фибринмен байланысқан тромбинді және тромбинмен индукцияланған тромбоциттер агрегациясын тежейді.

Қан плазмасындағы дабигатран концентрациясы мен антикоагуляциялық әсер дәрежесінің арасында тікелей өзара байланыс анықталды.

ПРАДАКСА ішінара белсендірілген тромбопластин уақытын (ІБТУ), тромбин уақытын (ТУ) және экариндік ұйынды уақытын (ЭҰУ) ұзартады.

ІБТУ тестісі кең қолданыста және дабигатранның антикоагуляциялық әсер ету қарқындылығының шамамен бағалануын қамтамасыз етеді. Дегенмен де, ІБТУ тестісінің сезімталдығы шектеулі және, әсіресе, плазмадағы дабигатранның жоғары концентрацияларында антикоагуляциялық әсерін сандық тұрғыда дәл анықтауға сай келмейді.

ТУ тестісінде қан плазмасында дабигатранның күтілетін концентрациясымен салыстырылатын қан плазмасындағы дабигатран концентрациясы бағаланады.

ЭҰУ тромбиннің тура тежегіштері белсенділігінің тікелей анықталуын қамтамасыз етеді.

Жорамалды түрде, осы антикоагулянттық белсенділікті өлшеу шамалары дабигатран концентрациясын көріністейді және қан кету қаупін бағалауға арналған нұсқау қызметін атқарады (мысалы, ІБТУ талдауы ең төмен концентрациясында жоғары қан кету қаупімен астасады).

RE-MODEL (тізе буынын алмастыру) және RE-NOVATE (ұршық буынын алмастыру) клиникалық зерттеулерінің нәтижелері күніне бір рет қолданылатын дабигатран этексилатының екі дозасының да (150 мг немесе 220 мг) тромбозға қарсы тиімділігін растаған.

Қатар топтардағы рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеуде дабигатран этексилаты 75 мг немесе 110 мг дозаларда (операциядан кейін 1-4 сағат ішінде) кейіннен 150 мг немесе 220 мг қабылдаумен тізе және ұршық буындарын түгелдей жоспарлы эндопротездеуден кейінгі келесі күні қолданылды. Дабигатран этексилатының әсері мен препарат дозасының арасында тығыз өзара байланыс анықталған, сондай-ақ дабигатран этексилатының қауіпсіздік бейіні расталған.

Қолданылуы

- ұршық немесе тізе буындарын түгелдей эндопротездеу бойынша жоспарлы операциялардан кейін науқастардағы вена тромбоэмболияларының бастапқы профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

ПРАДАКСА препаратын ас ішуге байланыссыз қабылдау керек. Капсуланы бір стақан сумен ішіп, бүтіндей ішке қабылдау қажет.

Капсуланы ашуға рұқсат етілмейді!

Капсулаларды қаптамадан босату кезіндегі айрықша нұсқаулар

– капсулаларды пішінді қаптаманың фольгасы арқылы қыспаңыз,

– пішінді қаптаманың бір ұяшығын тесу сызығы бойымен бөліп алыңыз (1),

– фольганы ажыратып, ұяшықтан капсуланы шығарып алыңыз (фольганың ажыратылатын жері мен бағыты бағыттағыштармен көрсетілген) (2),

– тікелей қолданар алдында, капсуланы шығарып алу қажет болса ғана, фольганы пішінді қаптамадан ажыратыңыз.

Ортопедиялық хирургияда веналық тромбоэмболияның бастапқы профилактикасы (Ортопедиялық хирургиядағы ВТЭ БП)

Тізе буынының эндопротезделуінен кейінгі ВТЭ профилактикасы: ПРАДАКСА препаратының ұсынылатын дозасы – тәулігіне бір рет 220 мг, яғни 110 мг-ден 2 капсула. ПРАДАКСА препаратымен емдеуді операция аяқталғаннан кейін 1-4 сағаттан соң бір капсула (110 мг) қабылдаудан бастау керек, кейіннен доза 10 күн бойы тәулігіне бір рет 2 капсулаға дейін арттырылады. Егер гемостаз көрсеткіштері тұрақсыз болса, емдеуді кейінге қалдыру керек. Егер емдеу операция күні басталмаса, емді тәулігіне бір рет 2 капсуладан бастаған дұрыс.

Ұршық буынының эндопротезделуінен кейінгі ВТЭ профилактикасы: ПРАДАКСА препаратының ұсынылатын дозасы – тәулігіне бір рет 220 мг, яғни 110 мг-ден 2 капсула. ПРАДАКСА препаратымен емдеуді операция аяқталғаннан кейін 1-4 сағаттан соң бір капсула (110 мг) қабылдаудан бастау керек, кейіннен доза 28-35 күн бойы тәулігіне бір рет 2 капсулаға дейін арттырылады. Егер гемостаз тұрақсыз болса, емдеуді кейінге қалдыру керек. Егер емдеу операция күні басталмаса, емді тәулігіне бір рет 2 капсуладан бастаған дұрыс.

Пациенттердің келесі топтарына ұсынылатын ПРАДАКСА препаратының тәуліктік дозасы тәулігіне бір рет 150 мг құрайды (75 мг-ден 2 капсула):

- бүйрек жеткіліксіздігі орташа пациенттер [КК 30-50 мл/мин]

- верапамил, амиодарон, хинидин препараттарымен қатарлас ем алған пациенттер

- 75 жастағы және одан асқан пациенттер.

Емдеуді операция аяқталғаннан кейін 1-4 сағаттан соң 75 мг бір капсула қабылдаудан бастау керек, кейіннен доза 10 күн бойы (тізе буынын эндопротездеу) немесе 28-35 күн бойы (ұршық буынын эндопротездеу) тәулігіне бір рет 2 капсулаға дейін арттырылады.

Бүйрек фунуциясын бағалау (ортопедиялық операциялардан кейінгі ВТЭ кезінде):

ПРАДАКСА препаратын қабылдау басталғанша дәрілік заттың бүйрек функциясының бұзылуы ауыр (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттерге тағайындалуына жол бермеу үшін креатинин клиренсін есептеу қажет. ПРАДАКСА препараты ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы (мысалы, гиповолемия, дегидратация, кейбір дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау) күдік тудырғанда емделу кезінде бүйрек функциясын бағалау қажет.

Бүйрек функциясын (КК, мл/мин) бағалағанда, клиникалық зерттеулер кезінде Кокрофт-Голт әдісі пайдаланылып, төмендегідей формулалар қолданылды:

Креатининді µмоль/л анықтау үшін:

1.23  (140-жас [жыл])  дене салмағы[кг] ( 0.85, әйелдер үшін) сарысу креатинині [µмоль/л]

Креатининді мг/дл анықтау үшін:

(140-жас [жыл])  дене салмағы [кг] ( 0.85 әйелдер үшін)

72 х сарысу креатинині [мг/дл]

Бұл әдіс ПРАДАКСА препаратымен емдеуге дейін және емдеу кезіндегі пациенттердің КК бағалау үшін ұсынылған.

Пациенттердің ерекше топтары.

Бүйрек функциясының бұзылуы (Ортопедиялық хирургиядағы ВТЭ БП). Бүйрек функциясы ауыр бұзылған (КК < 30 мл/мин) пациенттерге ПРАДАКСА препаратымен ем қолдануға болмайды. Препаратты бүйрек функциясы орташа бұзылған (КК 30- 50 мл/мин) пациенттерге қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі. Мұндай пациенттерге емді сақтықпен жүргізу керек. Ұсынылатын доза – тәулігіне бір рет 150 мг (75 мг-ден 2 капсула).

ПРАДАКСА препаратын әлсіз немесе орташа Р гликопротеин (P-gp) тежегіштерімен, яғни амиодаронмен, хинидинмен немесе верапамилмен бір уақытта қолдану (ортопедиялық хирургиядағы ВТЭ БП). Дабигатран этексилатын амиодаронмен, хинидинмен немесе верапамилмен бір уақытта алатын пациенттерге ПРАДАКСА препаратының дозасын тәулігіне бір рет 150 мг (75 мг-ден 2 капсула) дейін азайту керек. Мұндай жағдайларда ПРАДАКСА препаратын осы препараттармен бір уақытта қабылдау керек.

Дабигатран этексилатын верапамилмен бір уақытта алатын бүйрек функциясы орташа бұзылған пациенттер үшін ПРАДАКСА препаратының дозасын тәулігіне 75 мг дейін азайту мәселесін қарастыру керек.

Егде жастағы пациенттер (ортопедиялық хирургиядағы ВТЭ БП).

Егде жастағы пациенттер (> 75 жас) препаратты клиникалық деректердің жеткіліксіздігіне байланысты сақтықпен қолдануы тиіс. Ұсынылатын доза күніне бір рет 150 мг (75 мг-ден 2 капсула) құрайды. Бүйрек жеткіліксіздігінің жиілігі жаспен бірге ұлғаятындықтан, ПРАДАКСА препаратымен емді бастағанға дейін егде жастағы пациенттер ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (КК 30 мл/мин азырақ) жоқ екенін білуі үшін бүйрек функциясын тексеруден (креатинин клиренсі бойынша) өтуі тиіс. Әрі қарай ПРАДАКСА препаратын алатын пациенттерде бүйрек функциясын белгілі бір клиникалық жағдайларда, оның төмендеуіне немесе нашарлауына күдік туған кезде (мысалы, гиповолемияда, сусыздануда, сондай-ақ кейбір препараттарды бір уақытта қабылдағанда, т.с.с.) тексеру керек. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамыған пациенттер ПРАДАКСА препаратын қабылдауды тоқтатуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі (ортопедиялық хирургиядағы ВТЭ БП).

Бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылаған (қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 2 еседен астам жоғары) пациенттер ұршық немесе тізе буынын эндопротездеудің жоспарлы операциясынан кейін ВТЭ профилактикасының клиникалық зерттеулерінен алынып тасталды. ПРАДАКСА препаратын мұндай пациенттерге қолдану тәжірибесі жоқ, соған байланысты мұндай пациенттерге препаратты қолдану ұсынылмайды. Препаратты бауыр жеткіліксіздігінде, сондай-ақ тіршілік қабілетіне ықпал ете алатын бауыр ауруларында қолдануға болмайды.

Дене салмағы (Ортопедиялық хирургиядағы ВТЭ БП). Препаратты дене салмағы < 50 кг немесе > 110 кг болатын пациенттерге ұсынылған дозаларда қолданудың клиникалық тәжірибесі барынша шектеулі. Қолда бар клиникалық және кинетикалық деректерге сәйкес дозаны түзету талап етілмейді, алайда мұқият клиникалық бақылау ұсынылады.

Жыныс (ортопедиялық хирургиядағы ВТЭ БП). Қолда бар клиникалық және кинетикалық деректерге сәйкес дозалау режимін түзету талап етілмейді.

Препаратты ауыстыру

ПРАДАКСА препаратынан парентеральді антикоагулянттарға ауысу. Антикоагулянттарды парентеральді енгізуді ПРАДАКСА препаратының соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 24 сағаттан соң бастау керек.

Парентеральді антикоагулянттармен емдеуден ПРАДАКСА препаратына ауысу. ПРАДАКСА препаратын қабылдауды баламалы емнің келесі дозасын қолдану мерзіміне дейін 0-2 сағат ішінде немесе тұрақты емді тоқтатумен бір мезгілде (мысалы, вена ішіне фракцияланбаған гепарин (ФГ) қолдану) бастау керек.

Балалар (ортопедиялық хирургиядағы ВТЭ БП). Ұршық немесе тізе буынын толықтай эндопротездеудің жоспарлы операциясынан кейін науқастарда веналық тромбоэмболияның бастапқы профилактикасының көрсеткіштері бойынша балаларға ПРАДАКСА препаратын қолданудың мәнді тәжірибесі жоқ.

Өткізіп алған доза. ПРАДАКСА препаратының өткізіп алған дозасын келесі күні әдеттегі уақытта қабылдау ұсынылады. Жекелеген дозаларын өткізіп алған жағдайда препараттың екі есе дозасын қабылдауға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз құбылыстар тізе немесе ұршық буындарына жоспарлы хирургиялық операциялар жасалған шамамен 9% пациентте байқалды.

Қан кету ПРАДАКСА препаратының ең маңызды жағымсыз құбылысы болып табылады. Көрсетілімдеріне қарай, әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі қан кету шамамен 14% пациентте болды, бұл орайда ауқымды қан кету (соның ішінде, жарақаттан қан кету) 2%-дан аз.

Клиникалық зерттеулерде аталған ауқымды немесе күрделі қан кету жиілігінің көп еместігіне қарамастан, олар орналасқан жеріне қарамастан еңбекке жарамдылықтан айрылуға, өмірге қатерлі немесе өліммен аяқталатын нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Төменде, 2 кестеде жағымсыз әсерлер беріліп, мына жіктеу пайдаланылады: өте жиі ≥1/10, жиі ≥1/100-ден <1/10 дейін, жиі емес ≥1/1000-нан <1/100 дейін, сирек ≥1/10000-нан <1/1000 дейін, өте сирек <10000.

2 кесте. Клиникалық зерттеулер нәтижесінде білінген жағымсыз әсерлер

Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар

 

гемоглобин төмендеуі

жиі

 

анемия

жиі емес

 

гематокрит төмендеуі

жиі емес

 

тромбоцитопения

сирек

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

 

аса жоғары сезімталдық

жиі емес

 

анафилаксиялық реакция

сирек

 

ангионевроздық ісіну

сирек

 

есекжем

сирек

 

бөртпе

сирек

 

қышыну

сирек

 

бронх түйілуі

белгісіз

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

 

бассүйекішілік қан кету

сирек

Тамырлар тарапынан бұзылулар

 

гематома

жиі емес

 

жарақаттан қан кету

жиі емес

 

қан кету

сирек

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысының ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар

 

мұрыннан қан кету

жиі емес

 

қан түкіру

сирек

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

 

асқазан-ішектен қан кету

жиі емес

 

ректальді қан кету

жиі емес

 

геморройлық қан кету

жиі емес

 

диарея

жиі емес

 

жүрек айну

жиі емес

 

құсу

жиі емес

 

асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, эзофагитті қоса

сирек

 

гастроэзофагит

сирек

 

гастроэзофагеальді рефлюкс

сирек

 

абдоминальді ауырулар

сирек

 

диспепсия

сирек

 

дисфагия

сирек

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

 

бауыр функциясының бұзылуы/функционалдық бауыр сынамаларының ауытқулары

жиі

 

АЛТ жоғарылауы

жиі емес

 

АСТ жоғарылауы

жиі емес

 

бауыр ферменттерінің жоғарылауы

жиі емес

 

гипербилирубинемия

жиі емес

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

 

тері геморрагиялары

жиі емес

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

 

гемартроз

жиі емес

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

 

урогенитальді қан кету, гематурияны қоса

жиі емес

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар

 

инъекция орнынан қан ету

сирек

 

катетер қойған жерден қан кету

сирек

 

қан аралас бөліністер

сирек

Жарақаттар, уыттанулар және манипуляциялар асқынулары

 

жарақаттан кейінгі қан кету

жиі емес

 

операциядан кейінгі гематома

жиі емес

 

операциядан кейінгі қан кету

жиі емес

 

операциядан кейінгі бөліністер

жиі емес

 

жарақаттан бөліністер

жиі емес

 

кесілген жерден қан кету

сирек

 

операциядан кейінгі анемия

сирек

Хирургиялық және емдік манипуляциялар

 

жарақатты дренаждау

сирек

 

операциядан кейінгі дренаж

сирек

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– препараттың белсенді затына немесе қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

– ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (КК < 30 мл/мин аз)

– клиникалық мәні бар белсенді қан кету

– ауқымды қан кетудің елеулі қаупімен байланысты жай-күй: бұрыннан бар немесе таяуда өткерген асқазан-ішек жолының ойық жарасы, қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімдердің болуы, таяуда өткерген ми немесе омыртқа бағанының жарақаты, миға немесе жұлынға жуырда жасалған хирургиялық операция немесе офтальмологиялық операция, таяуда өткерген бассүйекішілік қан құйылу, өңеш веналарының белгілі немесе күдік тудыратын варикозды кеңеюі, артериялық-веналық мальформациялар, тамырлық аневризмалар немесе ірі омыртқаішілік немесе миішілік тамырлар аномалиялары

– геморрагиялық синдром (геморрагиялық диатез, өздігінен болған немесе дәрілер әсерінен бұзылған гемостаз)

– клиникалық мәнді қан кету нәтижесінде ішкі ағзалардың зақымдануы,

соңғы 6 ай ішіндегі геморрагиялық инсультті қоса

– жұлын-ми өзегіне немесе эпидуральді кеңістікте катетер қойғанда және оны алып тастаған соң алғашқы сағат ішінде

– пациентте протезделген жүрек клапанының болуы

– кез келген басқа антикоагулянттарды, соның ішінде, фракцияланбаған гепаринді, төмен молекулалы гепариндерді (ТМГ) (эноксапарин, дальтепарин және т.б.), гепарин туындыларын (фондапаринукс және т.б.), ішуге арналған антикоагулянттарды (варфарин, ривароксабан, апиксабан және т.б.) бір мезгілде қолдану, ПРАДАКСА препаратынан немесе сол препаратқа ауысу жағдайларын қоспағанда немесе орталық веналық немесе артериялық катетерді ұстап тұруға қажетті дозаларда фракцияланбаған гепарин қолданылған жағдайда

– Бауыр жеткіліксіздігі немесе тіршілік қабілетіне ықпал етуі мүмкін бауыр аурулары немесе бауыр ферменттерінің қалыптың жоғарғы шегінен 2 есе және одан көп жоғарылауы

– бір мезгілде кетоконазол, циклоспорин, интраконазол, дронедаронды жүйелі қолдану

– жүктілік және лактация кезеңі

– 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антикоагулянттар және антиагреганттар. ПРАДАКСА препаратын мына препараттармен бірге қолдану зерттелмеген және бұл қан кету қаупін арттыруы мүмкін: антикоагулянттар: фракцияланбаған гепариндер (ФГ), төмен молекулалы гепариндер, гепарин туындылары (фондапаринукс, дезирудин), тромболитикалық дәрілер, К дәруменінің антагонистері, ривароксабан немесе ішуге арналған басқа антикоагулянттар; антиагреганттар - IIb/IIIa гликопротеин рецепторларының антагонистері, тиклопидин, прасугрел, тикагрелор, декстран және сульфинпиразон.

Дабигатран этексилаты мен дабигатран P450 циотохромы жүйесінің қатысуымен метаболизденбейді және адамның P450 цитохромы ферменттеріне in vitro ықпалын тигізбейді. Сондықтан дабигатран этексилатын немесе дабигатранды тиісті препараттармен бірге қолданған жағдайда дәрілік өзара әрекеттесу күтілмейді.

Фракцияланбаған гепаринді орталық веналық немесе артериялық катетерді ашық күйде ұстап тұруға қажетті дозаларда қолдануға болады.

Клопидогрел: Дабигатран этексилаты мен клопидогрелді бір мезгілде қолдану, клопидогрел монотерапиясымен салыстырғанда, қылтамырдан қан кету уақытының әріқарай ұзаруына әкелмейді. Бұдан басқа, дабигатран AUCτ,ss және Cmax,ss мәндері, дабигатран әсеріне байланысты қан ұю параметрлері немесе клопидогрелдің әсер ету дәрежесі ретіндегі тромбоциттер агрегациясының тежелісі, біріктірілген емді сәйкесті монотерапиямен салыстырғанда, мүлде өзгеріссіз қалды. Клопидогрелдің 300 мг немесе 600 мг жүктеме дозаларын қабылдағанда дабигатран AUC және Cmax шамамен 1,3-1,4 есе (30 - 40 %) есе жоғарылады.

Ацетилсалицил қышқылы: Қан кету қаупі, дабигатран этексилаты мен ацетилсалицил қышқылын бірге қабылдаудың әсері ретінде, жүрекшелер фибрилляциясы бар пациенттерде зерттелді, олар ацетилсалицил қышқылын рандомизацияланып қабылдады. Талдау ацетилсалицил қышқылы мен 150 мг дабигатран этексилатын тәулігіне екі рет бірге қолданудың кез келген қан кету қаупін 12%-дан 18% дейін және ацетилсалицил қышқылын 81 мг және 325 мг қабылдағанда, тиісінше, 24% арттыруы мүмкін екенін көріністеді.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): операцияның алдында қысқа мерзімді ауыруды басу үшін бірге ҚҚСП қолдану қан кетудің даму қаупінің жоғарылауына әкелмейді. Ұзақ уақыт ҚҚСП қолданғанда қан кету қаупі шамамен 50% артады. Осылайша, қан кетудің даму қаупіне байланысты, әсіресе, 12 сағаттан көп жартылай шығарылу кезеңімен ҚҚСП қабылдау кезінде қан кету белгілерін мұқият бақылау қажет.

Төмен молекулалы гепариндер: бір мезгілде төмен молекулалы гепариндер, мысалы, эноксапарин мен дабигатран этексилатын қолдану арнайы зерттелмеген. Тері астына тәулігіне бір рет 40 мг эноксапаринді 3-күндік қолданудан ауысқанда эноксапариннің соңғы дозасынан кейін 24 сағаттан соң дабигатран әсері тек 220 мг дабигатран этексилатын бір рет қабылдаудан кейінгіден аздап төмен болды. Алдын ала эноксапарин енгізумен дабигатран этексилатын қолданудан кейін, дабигатран этексилатының монотерапиясымен салыстырғанда, едәуір жоғары анти-FXa/FIIa белсенділігі байқалды. Мұны эноксапарин қолданудан кейінгі әсерімен түсіндіруге болады және клиникалық мәнді болып табылмайды. Дабигатран қолданумен байланысты басқа антикоагуляциялық тестілер эноксапарин алдын ала енгізілгенде елеулі өзгермеген.

P-гликопротеинмен өзара әрекеттесуі

P-гликопротеин (P-gp) тежегіштері: дабигатран этексилаты – P-gp эффлюксті тасымалдағышына тән субстрат. Бір мезгілде амиодарон, верапамил, хинидин, кетоконазол, дронедарон, тикагрелор, кларитромицин сияқты P-gp тежегіштерін қабылдау плазмалық дабигатран концентрацияларының ұлғаюына әкелуі мүмкін.

Жүйелі қолданылатын кетоконазолмен бір мезгілде циклоспорин, итраконазол, дронедарон қолдану қарсы көрсетілімді! Бір мезгілде такролимус қолдану ұсынылмайды. Басқа P-gp тежегіштерін (мысалы, амиодарон, позаконазол, хинидин немесе верапамил) қабылдау кезінде сақ болу керек.

Кетоконазол: бір реттік 400 мг дозасын қабылдағанда дабигатранның AUC0-∞ және Cmax мәндері, тиісінше, 138 % және 135 %, ал кетоконазолды тәулігіне бір рет 400 мг дозада бірнеше рет қабылдаудан кейін, тиісінше, 153 % және 149 % артады. Кетоконазол жоғары шекті концентрациясына жетуге дейінгі уақытта дабигатранның жартылай шығарылу кезеңіне және оның организмде орташа ұсталу уақытына әсерін тигізбейді. Жүйелі қолданылатын кетоконазолды бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді!

Дронедарон. Бір мезгілде дабигатран этексилаты мен дронедаронды тәулігіне екі рет 400 мг-ден бірнеше рет қабылдағанда дабигатран AUC0-∞ және Cmax мәндері, тиісінше, 2,4 және 2,3 есе (+136% және 125%); 400 мг дронедаронды бір рет қабылдаудан кейін, тиісінше, 2,1 және 1,9 есе (+114% және 87%) ұлғаяды. Дронедарон дабигатранның соңғы жартылай шығарылу кезеңіне және бүйрек клиренсіне ықпалын тигізбейді. Дабигатран этексилатынан кейін 2 сағаттан соң дронедаронды бір рет және бірнеше рет қабылдағанда дабигатран AUC0-∞, тиісінше, 1,3 және 1,6 есе ұлғаяды. Дронедаронды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді.

Амиодарон: бір мезгілде ПРАДАКСА препараты мен амиодарон 600 мг дозада ішу арқылы бір рет қолданылғанда амиодарон мен оның белсенді метаболитінің сіңу дәрежесі мен жылдамдығы елеулі өзгермейді. Дабигатран AUC0-∞ және Cmax, тиісінше, 60 және 50 жоғарылады. Осы өзара әрекеттесу механизмі соңына дейін түсіндірілмеген. Амиодаронның жартылай шығарылу кезеңінің ұзаққа созылуына орай, дәрілік заттар арасындағы өзара әрекеттесу мүмкіндігі амиодарон қабылдауды тоқтатқаннан кейін бірнеше апта бойы сақталуы мүмкін.

Хинидин: хинидин 200 мг дозада әр 2 сағат сайын жалпы 1000 мг дозаға дейін қабылданды. Дабигатран этексилаты 3 күн бойы тәулігіне екі рет, үшінші күні хинидинмен немесе онсыз қабылданды. Хинидинмен бір мезгілде қабылдағанда дабигатран AUCτ,ss және Cmax,ss, тиісінше, 53 % және 56 % жоғарылады.

Дабигатран этексилатын амиодаронмен және хинидинмен біріктіріп қабылдағанда, әсіресе, жоғары қан кету қаупінде, сондай-ақ ауырлығы жеңіл және орташа дәрежеде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде мұқият клиникалық қадағалау ұсынылады.

Верапамил: ПРАДАКСА препараты (150 мг) мен верапамилді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде дабигатран Сmax және AUC верапамилдің дәрілік түріне және қабылдау уақытына қарай жоғарылайды. Дабигатран этексилатын қабылдауға дейін бір сағат бұрын дереу босап шығатын верапамилдің бірінші дозасын қабылдағанда дабигатран әсерінің ең көп артуы байқалады (дабигатран Сmax және AUC, тиісінше, 180% және 150% ұлғайған). Ұзақ әсер ететін дәрілік түрін қабылдағанда (дабигатран Cmax және AUC, тиісінше, 90% және 70% ұлғайған) немесе верапамилдің бірнеше реттік дозаларын қабылдағанда (дабигатран Cmax және AUC, тиісінше, 60% және 50% ұлғайған) әсері біртіндеп азаяды. Дабигатран этексилатын верапамилмен біріктіріп қабылдау кезінде мұқият клиникалық бақылау ұсынылады (қан кету немесе анемия белгілері).

Дабигатран этексилатынан кейін 2 сағаттан соң верапамил қабылдау кезінде елеулі өзара әрекеттесуі байқалмаған (дабигатран Cmax және AUC, тиісінше, 10% және 20% ұлғайған). Бұл дабигатран сіңуінің 2 сағаттан соң аяқталуымен түсіндіріледі.

Кларитромицин: ПРАДАКСА препараты мен кларитромицинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде дабигатран концентрациясы 19 дейін жоғарылайды. пациенттерге, әсіресе, жоғары қан кету қаупінде, сондай-ақ ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуында мұқият клиникалық бақылау ұсынылады.

Тикагрелор: бір реттік 75 мг дозадағы дабигатран этексилаты мен 180 мг тикагрелордың екпінді дозасын бір мезгілде қолданғанда дабигатран AUC және Cmax, тиісінше, 1,73 және 1,95 есе (+73 және 95) жоғарылады. Тәулігіне екі рет 90 мг тикагрелорды бірнеше рет қабылдаудан кейін дабигатран Смакс және AUC, тиісінше, 1,56 немесе 1,46 есе (+56% немесе 46%) жоғарылады.

180 мг тикагрелордың және 110 мг дабигатран этексилатының екпінді дозасы бір мезгілде тағайындалғанда (стационар жағдайында) дабигатран AUCτ,ss және Cmax,ss, дабигатран этексилатының монотерапиясымен салыстырғанда, тиісінше, 1,49 және 1,65 (+49% және 65%) есе ұлғайды. 110 мг дабигатран этексилатынан кейін 2 сағаттан соң 180 мг тикагрелордың екпінді дозасын қабылдағанда (стационар жағдайында) дабигатран AUCτ,ss және Cmax,ss, дабигатран этексилатының монотерапиясымен салыстырғанда, тиісінше, 1,27 және 1,23 (+27% және 23%) есе төмендеген. Күніне екі рет 90 мг тикагрелор (демеуші доза) мен 110 мг дабигатран этексилатын бір мезгілде қабылдау, дабигатран этексилатының монотерапиясымен салыстырғанда, дабигатран AUCτ,ss және Cmax,ss мәндерін, тиісінше, 1,26 және 1,29 есе арттырды.

Клиникалық жағдайларда итраконазол, такролимус және циклоспорин сияқты P-гликопротеин (P-gp) қуатты тежегіштері зерттелмеген, бірақ in vitro алынған нәтижелер негізінде олардың кетоконазолмен ұқсас әсерін күтуге болады. Бұл препараттарды дабигатран этексилатымен бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді.

Позаконазол біршама дәрежеде P-гликопротеинді тежейді, алайда оның әсері клиникалық тұрғыда зерттелмеген. ПРАДАКСА препаратын позаконазолмен бір мезгілде абайлап қолдану керек.

P-гликопротеин (P-gp) индукторлары: ПРАДАКСА препаратын P-гликопротеинді индукторларымен (мысалы, рифампицин, шайқурай препараттары (Hypericum perforatum), карбамазепин немесе фенитоин) бір мезгілде қолданбау керек, өйткені аталған біріктірілімдер қан плазмасындағы дабигатран концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Рифампицин: рифампицинді 600 мг дозада 7 күн бойы тәулігіне бір рет алдын ала қабылдау дабигатранның жалпы жоғары шегі мен жалпы әсерін, тиісінше, 65,5 және 67% азайтады. Индуктор әсері азаяды, нәтижесінде дабигатран әсері рифампицинмен емдеуді тоқтатқаннан кейін 7-ші күні қалпына келеді. Әріқарай биожетімділігінің артуы 7 күн өткен соң байқалмайды.

Р гликопротеинге (P-gp) әсер етуші өзге дәрілік заттар: протеаза тежегіштері, соның ішінде ритонавир және оның басқа протеаза тежегіштерімен біріктірілімдері не тежеуші, не индукциялаушы әсерін көрсете отырып, P-gp-ге ықпал етеді. Бұл препараттар зерттелмеген, сондықтан оларды ПРАДАКСА препаратымен бірге қабылдау ұсынылмайды.

Р гликопротеин (P-gp) субстраты

Дигоксин. Дабигатран этексилатын дигоксинмен бір мезгілде қолданғанда фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі байқалмаған. Дабигатран да, дабигатран этексилаты да клиникалық мәнді P-gp тежегіштері болып табылмайды.

Серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ).

ПРАДАКСА препараты мен СКҚСТ немесе норадреналинді кері қармайтын селективті тежегіштерді (НКҚСТ) бір мезгілде қолданғанда қан кету қаупі артады.

Асқазан сөлі рН-ын арттыратын препараттар.

Пантопразол: ПРАДАКСА препараты мен пантопразол бірге қолданылғанда дабигатранның «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының шамамен 30 төмендеуі анықталған. Пантопразол немесе протон сорғысының басқа тежегіштері мен ПРАДАКСА препараты біріктірілімінің қан кетудің дамуына немесе салыстырылатын дәрілердің фармакологиялық әсерлеріне ықпалы анықталмаған.

Ранитидин: бір мезгілде ранитидин қабылдау ПРАДАКСА препаратының сіңу дәрежесіне ықпал етпейді.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр функциясының бұзылуы. Бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылаған (ҚЖШ 2 еседен астам жоғары) пациенттер ұршық немесе тізе буынын эндопротездеудің жоспарлы операцияларынан кейін ВТЭ профилактика-сының бақыланатын клиникалық зерттеулерінен алынып тасталды. ПРАДАКСА препаратын мұндай пациенттерге қолдану тәжірибесі жоқ, соған байланысты мұндай пациенттерге препаратты қолдану ұсынылмайды.

Қан кетудің даму қаупі. ПРАДАКСА препараты, барлық антикоагулянттар сияқты, қан кету қаупінің жоғарылауымен сипатталатын жағдайларда, сондай-ақ тромбоциттердің агрегациясын тежеу арқылы гемостазға ықпал ететін дәрілік препараттарды бір уақытта қолданған жағдайларда сақтықпен қолданылуы тиіс. Мынадай факторлар: ≥ 75 жас, бүйрек функциясының төмендеуі (КК 30-50 мл/мин), < 50 кг дене салмағы немесе әлсіз немесе орташа P-gp тежегіштерімен (мысалы, амиодаронмен, хинидинмен немесе верапамилмен) бір уақытта жүргізілетін ем, қан плазмасында дабигатран деңгейінің жоғарылауымен ұштасады.

Тикагрелорды бір уақытта қабылдаған кезде дабигатранның организмге ықпал ету дәрежесі артады және препараттардың фармакодинамикалық өзара әрекеттесуі мүмкін, соның нәтижесінде қан кету қаупі жоғарылауы мүмкін.

Ацетилсалицил қышқылын (АСҚ), клопидогрельді немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қолданғанда, сондай-ақ эзофагит, гастрит немесе гастроэзофагеальді рефлюкс болған кезде асқазан-ішек қан кетулерінің қаупі жоғарылайды. Асқазан-ішек қан кетулерінің профилактикасы үшін ППТ қабылдау мәселесі қарастырылуы мүмкін.

Қан кету қаупі серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштермен (СКҚСТ) немесе серотонин-норэпинефринді кері қармайтын селективті тежегіштермен (СНКҚСТ) емді бір уақытта алатын пациенттерде жоғарылауы мүмкін.

ПРАДАКСА препаратымен ем кезінде шығу тегі әртүрлі қан кетуі болуы мүмкін. Гемоглобиннің және/немесе гематокриттің немесе артериялық қысымның түсініксіз төмендеуінде қан кетудің шығу тегін іздестіру қажет және емдеуді тоқтату керек.

ПРАДАКСА препаратымен емдеуде антикоагуляциялық мониторинг жасау қажет емес. ХҚҚ тестісі ПРАДАКСА препаратын қабылдап жүрген пациенттердің сенімді деректерін қамтамасыз етпейді, әрі жалған оң нәтиже беруі мүмкін. Дабигатранның шектен тыс белсенділігі тромбин уақыты (TУ), экариндік ұйынды уақыты (ЭҰУ) және ішінара белсендірілген тромбопластин уақыты (ІБТУ) сияқты антикоагуляттық белсенділік тестілерінің көмегімен бағаланады.

Дабигатран антикоагулянттық белсенділігін ЭҰУ немесе TУ тестілерімен бағалауға болады. Егер олар қолжетімді болмаса, дабигатран антикоагулянттық белсенділігіне жуық шамада баға беретін ІБТУ тестісі ұсынылады. 3 кестеде қан кетудің жоғары даму қаупімен астасуы мүмкін препараттың ең төмен концентрацияларында антикоагулянттық белсенділікті анықтау нәтижелері беріледі.

3 кесте. Препараттың ең төмен концентрациясында антикоагуляциялық белсенділікті анықтау нәтижелері

Тест (ең төмен мән)

 

ТУ (нг/мл)

> 67

ЭҰУ (қалыптың жоғарғы шегінен асу, бір рет)

Деректер жоқ

ІБТУ(қалыптың жоғарғы шегінен асу, бір рет)

> 1,3

ХҚҚ

Өткізу керек емес

Жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамитын пациенттер ПРАДАКСА препаратын қабылдауды тоқтатуы тиіс.

Қан кету қаупін арттыруы мүмкін дәрілік заттар бір мезгілде қабылданбауы тиіс немесе ПРАДАКСА препаратымен абайлап қабылдануы тиіс.

Жедел ишемиялық инсультті емдеуге фибринолитикалық дәрілерді қолдану: Егер пациенттің ТУ, ЭҰУ немесе ІБТУ көрсеткіштері жоғарғы қалып шегінен асып кетпесе, жедел ишемиялық инсультті емдеуге фибринолитикалық дәрілерді қолдануға болады.

P-gp индукторларымен өзара әрекеттесуі. P-gp индукторларын (мысалы, рифампицинді, шілтерлі шайқурайды (Hypericum perforatum), карбамазепинді немесе дифенинді) ПРАДАКСА препаратымен бір уақытта қолданған кезде қан плазмасындағы дабигатранның концентрациясы төмендеуі күтіледі, соған байланысты мұндай біріктірілімдерден тартыну керек.

Хирургиялық операциялар мен араласулар. Қан кетудің даму қаупінің артуымен байланысты ПРАДАКСА препаратын қабылдау инвазиялық емшаралар немесе хирургиялық операциялар өткізу алдында уақытша тоқтатылуы тиіс. Операциялық араласулармен байланысты емдеу уақытша тоқтатылғанда сақ болу керек, ондай жағдайларда антикоагулянттық емге мониторинг жасау ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде

дабигатран клиренсі артуы мүмкін, оны кез келген емшара тағайындалғанда ескеру қажет. Гемостаздың бұзылуын анықтау антикоагулянттық белсенділікті анықтауға көмектесе алады.

Операция алдындағы кезең. ПРАДАКСА препаратын қабылдау хирургиялық араласулар немесе операциялар жасаудан, кем дегенде, 12 сағат бұрын тоқтатылуы тиіс. Қан кету қаупі жоғары пациенттерде немесе толық гемостаз талап етілетін ауқымды операция жасалар алдында ПРАДАКСА препаратын қабылдауды операцияға дейін 2-4 күн бұрын тоқтату ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дабигатран клиренсі артуы мүмкін. Оны кез келген емшараның алдында ескеру керек. 4 кестеде инвазиялық емшаралар немесе хирургиялық операциялар жасау алдында емді тоқтату ережелеріне шолу берілген.

4-кесте. Инвазиялық емшаралар немесе хирургиялық операциялар жасау алдында емді тоқтату ережелеріне шолу

Бүйрек функциясы (КК мл/мин)

Жартылай шығарылуының жуық кезеңі

(сағат)

Хирургиялық араласулар алдында дабигатран этексилатын қабылдауды тоқтату

Қан кетудің жоғары қаупі немесе ауқымды операциялық араласу

Стандартты қауіп

≥ 80

~ 13

2 күн бұрын

24 сағат бұрын

≥ 50‑< 80

~ 15

2‑3 күн бұрын

1-2 күн бұрын

≥ 30‑< 50

~ 18

4 күн бұрын

2‑3 күн бұрын (> 48 сағат)

Шұғыл араласу жағдайында, дабигатран этексилатымен емді уақытша тоқтату керек. Операцияны немесе араласуды мүмкіндігінше препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 12 сағаттан кем емес уақыт өткенге дейін кейінге қалдыра тұрған жөн. Егер операцияны кешіктіруге болмайтын болса, қан кету қаупі жоғарылауы мүмкін. Қан кету қаупін араласудың шұғылдық дәрежесімен салыстыру керек.

Жұлын анестезиясы/Эпидуральді анестезия/Люмбальді пункция: Жұлын анестезиясы сияқты ем-шараларды жүргізу үшін гемостаздық функцияның толық қалпына келуі қажет. Жарақаттайтын немесе қайталанған пункциялар жағдайларында, сондай-ақ операциядан кейін эпидуральді катетер ұзақ уақыт пайдаланылғанда жұлындық немесе эпидуральді гематоманың даму қаупі арта түседі. ПРАДАКСА препаратының алғашқы дозасын катетерді алып тастағаннан кейін 2 сағат өткен соң барып қабылдауға болады. Мұндай жағдайларда жұлын немесе эпидуралдық гематоманың субъективті неврологиялық белгілерін анықтау үшін пациенттердің жай-күйін жиі бақылау талап етіледі.

Қан кету қаупі жоғары операциялардан кейінгі пациенттер.

Қан кетудің даму қаупі бар пациенттерге немесе дабигатран әсерінің жоғарылау қаупі бар пациенттерге, әсіресе, ауырлығы орташа дәрежеде бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі 30-50 мл/мин) пациенттерге ПРАДАКСА препаратын сақтықпен тағайындау керек. Емдеу гемостазға жетуден соң жаңғыртылады.

Операция кезінде өліммен аяқталу қаупі жоғары және тромбоэмболиялық асқынулардың қауіп факторлары бар пациенттер. Мұндай пациенттер үшін дабигатран тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты деректер шектеулі, ПРАДАКСА препаратын сақтықпен тағайындау керек.

Жамбас сынуы кезіндегі операциялар. Жамбас сынуы кезінде операция жасалған пациенттердеПРАДАКСА препаратын қолдану жөнінде деректер жоқ. ПРАДАКСА препаратын қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер: жас ұлғаюымен бүйрек функциясының төмендеуі байқалатын егде жастағы (>75 жас) пациенттерде организмдегі препарат мөлшерінің артуы анықталған. Бүйрек жеткіліксіздігінің жиілігі жас ұлғаюымен артатындықтан, ПРАДАКСА препаратымен ем басталғанша егде жастағы пациенттер ауыр бүйрек жеткіліксіздігінің бар-жоғын анықтау үшін (КК 30 мл/мин аз) бүйрек функциясын тексеруден (креатинин клиренсі бойынша) өткізуі тиіс. Әріқарай ПРАДАКСА препаратын алатын пациенттерде, егер бүйрек функциясының нашарлауы (гиповолемия, сусыздану) күдік тудырса, жылына 1 реттен сирек емес немесе одан жиірек бүйрек функциясын тексерту керек.

Жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамитын пациенттер ПРАДАКСА препаратын қабылдауды тоқтатуы тиіс.

Жасанды жүрек клапандары бар пациенттер. Жүрек клапандары протезделген пациенттерде ПРАДАКСА препаратын қолдану тиімділігі және қауіпсіздігі анықталмаған. Сол себепті ПРАДАКСА препаратын пациенттердің осы тобында қолдануға болмайды

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер. ПРАДАКСА препаратын қабылдау басталғанша дәрілік заттың бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттерге тағайындалуына жол бермеу үшін креатинин клиренсін есептеу қажет. Бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы (мысалы, гиповолемия, дегидратация, кейбір дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдау) күдік тудырғанда емделу кезінде бүйрек функциясын бағалау қажет.

Ауырлығы орташа дәрежеде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсі 30-50 мл/мин) ұршық және тізе буындарын түгелдей эндопротездеу бойынша жоспарлы операциялар жасалғанда вена тромбоэмболиясының бастапқы профилактикасы үшін дабигатранды клиникалық қолдану тәжірибесі шектеулі. Ондай пациенттерді абайлап емдеу керек. Ұсынылатын дозасы – тәулігіне бір рет 150 мг (75 мг-лік 2 капсула).

Бір мезгілде ПРАДАКСА препараты мен Р-гликопротеин тежегіштерін, мысалы, амиодарон, хинидин немесе верапамил қолдану. Амиодарон немесе хинидин бір мезгілде қабылданғанда дозалау режимін түзету қажет емес. Ұршық және тізе буындарын түгелдей эндопротездеу бойынша жоспарлы операциядан кейін бір мезгілде дабигатран этексилаты мен амиодарон, хинидин немесе верапамил қабылдайтын пациенттерге ПРАДАКСА препаратының дозасын тәулігіне 150 мг дейін (75 мг-лік 2 капсула) азайту керек.

Дене салмағы. Қолда бар клиникалық және кинетикалық деректерге сай, дозалау режимін түзету қажет емес. Дене салмағы 50 кг-ден аз пациенттерге мұқият клиникалық бақылау ұсынылады.

Жынысы. Қолда бар клиникалық және кинетикалық деректерге сай, дозалау режимін түзету қажет емес.

Бояғыш. Капсула құрамында аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін сары сансет қосымша заты бар.

Бала туу жасындағы әйелдер ПРАДАКСА препаратын қолдану кезінде жүкті болып қалмауы тиіс.

Жүктілік. Жүктілік кезінде дабигатран этексилатын қолдану туралы деректер жеткіліксіз.

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде препараттың тұқым өрбіту функциясына уытты әсері анықталды. Адамға зор қаупі белгісіз. Егер бұның айқын қажеттілігі болмаса, ПРАДАКСА препаратын жүктілік кезінде қолданбау керек.

Жүктілік басталған жағдайда, ПРАДАКСА препаратын қолдану ұсынылмайды.

Емшек емізу. Клиникалық деректер жоқ. ПРАДАКСА препаратын қолданған жағдайда, емшекпен қоректендіруді тоқтату керек.

Фертильділік. Клиникалық деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде әйел жынысты дарақтардағы тұқым өрбіту қабілетіне ықпалы имплантация санының азаюы және 70 мг/кг дозада (бұл адамда қолданылатын қан плазмасындағы әсер етуші заттың концентрация деңгейінің 5 есе артуына сәйкес келеді) ұрықтардың имплантация алдындағы өлу жағдайлары санының ұлғаюы түрінде байқалды. Әйел жынысты дарақтардағы тұқым өрбіту қабілетіне басқа ықпалдары байқалған жоқ. Ер жынысты дарақтардағы тұқым өрбіту қабылетіне ықпалы байқалған жоқ. Препаратты ана үшін уытты (адамда жасалатын қан плазмасындағы әсер етуші заттың концентрация деңгейінің 5-10 есе артуына сәйкес келетін) дозаларда қолданған кезде, егеуқұйрықтар мен үй қояндарында ұрықтың дене салмағының және ұрық пен шарананың тіршілікке қабілеттілігінің төмендеуі, сондай-ақ ұрық дамуындағы ауытқулар санының ұлғаюы байқалды. Пре- және постнатальдік зерттеулерде препаратты ұрғашыларға уытты (адамда жасалатын қан плазмасындағы әсер етуші заттың концентрация деңгейінің 5-10 есе артуын қамтамасыз ететін) дозаларда қолдану кезінде фетальдік өлімнің артуы тіркелді.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері. ПРАДАКСА препараты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етпейді немесе елеусіз ықпал етеді.

Артық дозалануы

Дабигатран этаксилатын ұсынылғаннан асатын дозаларда қолданған кезде пациентте қан кету қаупі жоғарылайды.

Артық дозалануға күдік туған кезде қан кету қаупінің дәрежесін қанның ұйығыштығын зертханалық зерттеулер арқылы анықтауға болады. Сұйылтылған тромбин уақытын (сТУ) калибрленген мөлшерлік тест көмегімен немесе қайталап өлшеу жолымен анықтау, оның ішінде қосымша шараларды қабылдаған жағдайларда, мысалы диализ жүргізгенде дабигатранның концентрациясының белгілі деңгейлерге жету уақытын болжауға мүмкіндік береді.

Антикоагуляция дәрежесі шектен асқанда ПРАДАКСА препаратын қолдануды тоқтату талап етілуі мүмкін. Дабигатранға арнайы антидот жоқ.

Қан кетуге байланысты геморрагиялық асқынулар туындаған жағдайда емді тоқтатып, қан кетудің шығу тегін анықтау қажет. Дабигатран көбінесе бүйрекпен шығарылатындықтан, талапқа сай диурезді қамтамасыз ету қажет. Емді тағайындаушы дәрігердің қалауы бойынша, тиісті демеуші ем жүргізу керек, мысалы, хирургиялық гемостаз немесе айналымдағы қан көлемін толықтыру.

Протромбинді кешеннің (мысалы, FEIBA), рекомбинантты VIIа факторының белсендірілген концентраттарын немесе қан ұюының II, IX және X факторларының концентраттарын қолдану жөн болуы мүмкін.

Бұл дәрілік препараттар дабигатранның антикоагулянттық әсерін жоюға қабылетті екенін көрсететін тәжірибелік деректер бар, алайда олардың клиникалық жағдайлардағы тиімділігі, сондай-ақ тромбоэмболияның қайталану қаупінің мүмкін екені туралы деректер өте аз. Антикоагулянттық әсердің регресін қамтамасыз ететін ұсынылған дәрілік препараттарды енгізу қанның ұйығыштығын зертханалық зерттеу нәтижелерінің сенімділігіне теріс ықпал етуі мүмкін. Мұндай зерттеулердің нәтижелерін сақтықпен түсіндіру керек. Тромбоцитопенияда, сондай-ақ ұзақ әсер ететін антиагреганттық препараттарды қолданғаннан кейін тромбоконцентраттарды енгізу қажеттілігі туралы мәселені де қарастырған жөн. Симптоматикалық емнің барлығы дәрігердің қалауы бойынша таңдалады.

Ауқымды қан кетулерде қанның ұйығыштығы жөнінде маманның кеңесін алған дұрыс (ондай бар болса).

Дабигатранның ақуыздармен байланысу деңгейі төмен болуының арқасында оны диализдеу мүмкін болады, алайда бұл тәсілді клиникалық зерттеулер аясында қолданудың дұрыстығын көрсететін клиникалық тәжірибе барынша шектеулі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Баспалы күңгірт лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаларға 10 капсуладан салады.

Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ және Ко.КГ,

Бингер Штрассе 173, 55216 Ингельхайм, Германия.

Тіркеу куәлігінің иесі

Берингер Ингельхайм Интернешнл ГмбХ, Германия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Берингер Ингельхайм Фарма Геселлшафт мбХ» ҚР филиалы

Мекенжайы: Алматы қ., 050008, Абай даңғылы 52.

«Innova Tower» бизнес орталығы, 7-ші қабат

тел: +7 (727) 250 00 77

факс: +7 (727) 244 51 77

e-mail: PV_local_Kazakhstan@boehringer-ingelheim.com

 

Прикрепленные файлы

573618811477976575_ru.doc 261 кб
107677081477977728_kz.doc 93.38 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники