Поллезин® (капли)

МНН: Левоцетиризин
Производитель: ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Levocetirizine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016542
Информация о регистрации в РК: 20.08.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 2 388.76 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Поллезин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Левоцетиризин

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар, 20 мл

Құрамы

20 мл ерітінді құрамында

белсенді зат: 0,100 г левоцетиризин дигидрохлориді (0,084 г левоцетиризинге баламалы),

қосымша заттар: глицерин 85%, пропиленгликоль, натрий сахаринаты, натрий ацетаты тригидраты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, мұздатылған сірке қышқылы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссіз немесе түссіз дерлік, тұнбасыз, дәмі тәтті, сірке қышқылының әлсіз иісі бар сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелік әсер ететін гистаминге қарсы препараттар. Пиперазин туындылары. Левоцетиризин.

АТХ коды R06AE09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін левоцетиризин асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Қан плазмасында ең жоғары концентрацияға ішке бір рет қабылдағаннан кейін 0,9 сағаттан соң жетеді. Тепе-тең жағдайға 2 күннен кейін жетеді. Бір рет және қайталап (күн сайын 5 мг) енгізгеннен кейін ең жоғары концентрациясы, тиісінше, 270 нг/мл және 308 нг/мл құрайды. Сіңірілу дәрежесі дозаға байланысты және ас қабылдауға байланысты емес, бірақ ас қабылдағанда, ең жоғары концентрациясы төмендейді және кейінірек пайда болады.

Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы - 90%. Препараттың тіндерге таралуы және гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтуі жөнінде деректер жоқ. Таралу көлемі әр кг дене салмағына шаққанда 0,4 л құрайды. Енгізілген дозаның 14%-дан азы бауырда ароматты сақинаның тотығуы, N- және O-деалкилдену және тауринмен коньюгация арқылы метаболизденеді. Деалкилдену көбінесе CYP 3A4 арқылы катализденеді, ал ароматты сақинаның тотығуына CYP изоформасы қатысады. Левоцетиризин 5 мг-ды ішіп қабылдаған кезде ең жоғары концентрациядан көп артып кететін концентрацияларда CYP IA2, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 3A4 изоферменттерінің белсенділігіне ықпалын тигізбейді. Аздаған метаболизм салдарынан және метаболизмдік бәсеңдету жоқтығынан левоцетиризиннің басқа заттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігі аз. Жартылай шығарылу кезеңі 7,9 ± 1,9 сағатты құрайды. Жалпы клиренсі 0,63 мл/мин/кг құрайды. Левоцетиризин және оның метаболиті көбіне бүйректер арқылы (қабылданған дозаның 85,4%-ы), шумақтық сүзілу және белсенді өзекшелік секреция жолымен шығарылады. Ішек арқылы шығарылуы 12,9% құрайды. Емшек сүтіне өтеді. Левоцетиризиннің фармакокинетикасы сызықты, дозаға және уақытқа байланысты емес және әртүрлі зерттелушілерде аздаған айырмашылығы бар. Жалғыз жеке энантиомердің және цетиризиннің фармакокинетикалық бейіндері ұқсас. Сіңген немесе шығарылған кезде хиральді инверсия болмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Левоцетиризиннің организмнен көрінетін клиренсі креатинин клиренсімен өзара байланысады. Сондықтан бүйрек функциясының бұзылуы орташа немесе айқын емделушілерде креатинин клиренсінің негізінде левоцетиризинді қабылдау арасындағы аралықты нақтылап алу керек. Бүйрек ауруларының несеп шықпай қалу сатысында бүкіл организмнен жалпы клиренсі, дені сау адамдардікімен салыстырғанда, шамамен 80%-ға төмендейді. 4 сағаттық гемодиализдің стандартты емшарасында левоцетиризиннің 10%-дан азы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Поллезин препаратының белсенді заты - левоцетиризин, (R) цетиризин энантиомері, шеткергі H1-рецепторлардың күшті іріктелген антагонисі болып табылады.

Левоцетиризиннің (Ki = 3,2 нмоль/л) гистаминді H1-рецептормен ұқсастығы цетиризиндікінен (Ki = 6,3 нмоль/л) 2 есе жоғары. Левоцетиризин 115 ± 38 минут жартылай шығарылу кезеңімен Н1-рецепторлармен диссоциаланады. Бір рет қабылдағаннан кейін, 4 сағаттан кейін левоцетиризин рецепторлардың 90%, ал 24 сағаттан кейін – 57% орнын алады. Дені сау адамдарда фармакокинетикасын зерттеу дозаның жартысын мұрынның шырышты қабығына және теріге тамызған кезде левоцетиризиннің белсенділігі цетиризиндегіге ұқсас болатындығын көрсетті. 5 мг дозадағы левоцетиризин әсерін 5 мг дезлоратадин және плацебо әсерімен салыстырғанда гистаминге қабыну-эксудативті реакциясын (ісіну мен терінің қызаруы дамуын) басуға бағытталған зерттеуде левоцетиризин алғашқы 12 сағат ішінде айқын болған және 24 сағат бойы сақталған (p<0.001) қабыну-эксудативті реакцияның плацебо және дезлоратадинмен салыстырғанда, статистикалық сенімді толық басылуына алып келеді. Левоцетиризин тері және өкпе жасушаларында эозинофилдердің эотаксин-индуцирленген трансэндотелиальді миграциясының белсенділігін басады. Фармакодинамикалық зерттеулер тозаңдықпен байланысқаннан кейін алғашқы 6 сағатта 5 мг доза девоцетиризиннің үш негізгі басым әсерін көрсетті: vcaм-1 шығарудың бәсеңдеуі, тамыр өткізгішінің өзгеруі және эозинофилдер белсенділігінің азаюы. Цетиризиндегідей, гистамин-индуцирленген тері реакцияларына қатысты әсері препараттың плазмалық концентрациясына байланысты болмайды.

Аллергиялық реакциялардың дамуына жол бермейді және барысын жеңілдетеді, антиэкссудативті, қышуға қарсы әсер етеді; антихолинергиялық және антисеротониндік әсер етпейді.

Левоцетиризин 5 мг дозада, 10 мг дозадағы цетиризиндегідей, гистаминге қабыну-экссудативті реакциялардың бәсеңдеуіне мүмкіндік береді. ЭКГ левоцетиризиннің QT аралығына елеулі әсерін көрсеткен жоқ.

Қолданылуы

- аллергиялық ринитті (оның ішінде персистирленген аллергиялық ринитті) симптоматикалық емдеуге

- созылмалы идиопатиялық есекжемде

Қолдану тәсілі және дозалары

Тамшының қажетті мөлшерін тамызғыштың жәрдемімен ас қасыққа немесе стақан суға тамызып өлшеген жөн. Тамшыларды ас қабылдауға қарамай-ақ сұйылту бойына ішке дереу қабылдаған жөн.

6 жастан асқан балалар және ересектер: тәуліктік дозасы 5 мг (20 тамшы) құрайды.

Егде жастағы емделушілерге бүйрек функциясының бұзылуы орташа немесе айқын болған кезде дозаны нақтылау ұсынылады.

2 - 6 жастағы балалар: күн сайынғы ұсынылған доза 1,25 мг тең дозада екі рет қабылдау үшін 2,5 мг тең (2 рет 0,25 мл тамшыдан = 2 5 тамшы тамызғыштан).

Препаратты 2 жасқа дейінгі балаларға, препаратты енгізу жөнінде деректер жеткіліксіз болғандықтан, тағайындамаған жөн.

Бүйрек функциясы бұзылған науқастарда енгізу мерзімін бүйрек функциясына сәйкес жекелей белгілеген жөн. Төменде келтірілген кестеде дозаның қажетті өзгертулері көрсетілген. Осы кестені қолдану үшін емделушілердің (мл/мин) креатинин клиренсіне (Clcr) баға берген жөн. Қан сарысуының креатинин деңгейін (мг/ұз) анықтағаннан кейін Clcr (мл/мин) мәнін келесі формула бойынша бағалауға болады:

Еркектер үшін: [140 – жасы(жыл)] салмағы (кг)

Clcr = ———————————————

0,82 сарысу креатинині (мкмоль/л)

Әйелдер үшін: алынған мән 0,85

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде дозаны түзету:

Тобы

Креатинин

клиренсі

(мл/мин)

Дозасы және қабылдау жиілігі

Бүйрек функциясы қалыпты

Прикрепленные файлы

518719441477976421_ru.doc 71.5 кб
308371801477977617_kz.doc 82 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники