Парацетамол (ФАРМАПРИМ ООО, 250 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Парацетамол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Парацетамол
Дәрілік түрі
125 және 250 мг ректальді суппозиторийлер
Құрамы
1 суппозиторийдің құрамында
белсенді зат 125 немесе 250 мг парацетамол,
қосымша заттар: суппозиторийлердің негізі Суппоцир (жартылай синтетикалық глицеридтер) (Hard fat) – 1 г дейін.
Сипаттамасы
Ақ немесе ақшыл сары түсті цилиндрлі конус тәрізді суппозиторийлер. Қимасында ауа және кеуекті өзек пен ұңғыма тәрізді шұңқырдың болуына жол беріледі
Фармакотерапиялық тобы
Анальгетиктер, антипиретиктер. Анилидтер.
АТЖ коды N02BE01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тез және толық сіңеді. Ректальді свечаларды пайдаланғаннан кейін парацетамол қан сарысуында ең жоғарғы концентрациясына 0,5 – 2 сағаттан кейін жетеді. Ағзаның биологиялық сұйықтықтарына және көпшілік тіндерге енеді. Емшек сүтіне және плацентарлы тосқауыл арқылы өтеді. Қан сарысуы ақуызымен байланысуы әлсіз – 10 – 15%. Парацетамолдың негізгі бөлігі глюкуронидтік және сульфаттық жолдары арқылы белсенді емес метаболиттердің құрылуымен бауырда метаболизденеді, кішкене бөлігі (5%- дайы) гидроксилирлену барысында N-ацетил-р-аминобензохинон реактивті метаболитін құрады (бұл биологиялық өзгеріс бауырда және бүйректе болады), ол өз кезегінде глутатитонмен белсенсіздендіреді. Метаболит түрінде несеппен шығарылады, парацетамолдың 5%-дан төмен бөлігі өзгермей шығады. Ректальді свечаларды пайдаланғаннан кейін парацетамолдың жартылай шығу мерзімі 1-4 сағат аралығын құрайды.
Егде жастағы науқастарда препарат клиренсі төмендейді және жартылай шығу мерзімі ұзарады.
Фармакодинамикасы
Қызуды басатын, ауыруды басатын және қабынуға қарсы әлсіз әсері бар. Парацетамол ауырсыну және термореттеу орталықтарына ықпал ете отырып Орталық жүйке жүйесіндегі ЦОГ-1 және ЦОГ-2-ні бөгейді. Қабынуға ұшыраған тіндердегі жасушалық пероксидазалары парацетамолдың ЦОГ-қа әсерін бейтараптандырады, бұл оның қабынуға қарсы әлсіз әсерінің барлығын түсіндіреді. Перифериялық тіндердегі простагландин синтезін бөгейтін ықпалының жоқ болуы, оның су-тұз алмасуына және асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығына теріс әсерінің жоқтығын ескертеді. Асқазан-ішек жолдарында жақсы сіңеді. Бауырда метаболизденеді. Бүйрекпен шығарылады.
Қолдану көрсетілімдері
- қарқындылығы әр түрлі генездік бір қалыпты және әлсіз ауыру синдромында:
артралгия, миалгия, невралгия, мигрень, бас және тіс ауруы, альгодисменорея, және т.б.
- шығутегі әртүрлі қызба синдромында
- жедел респираторлық вирусты аррулар, тұмау, балалар жұқпалары , жұқпалы-қабыну аурулары және т.б.
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ректальді.
Балаларға: бір реттік доза – 15мг/кг дене салмағына; ең жоғарғы тәуліктік доза – 60мг/кг дене салмағына
6 айдан 1жылға дейінгі жас аралығына (8-ден 10кг-дейін): бір реттік доза 60мг-нан 120мг-дейін. Керек жағдайда қабылдау аралығы 4-6сағат сайын тәулігіне 2-3 рет қабылданады.
1 жастан 3 жасқа дейін (10-нан 15кг-дейін): бір реттік доза – 125мг. Керек жағдайда қабылдау аралығы 4-6 сағат сайын тәулігіне 4 рет қабылданады.
3 жастан 6 жасқа дейін (16-дан 21кг-дейін): бір реттік доза – 250 мг. Керек жағдайда қабылдау аралығы 4-6 сағат сайын тәулігіне 2-3 рет қабылданады.
6 жастан 12 жасқа дейін (21-ден 35кг-дейін):бір реттік доза – 250мг. Керек жағдайда қабылдау аралығы 4-6 сағат сайын тәулігіне 3-4 рет қабылданады.
Ересектерге және 12 жастан үлкен жасөспірімдерге (дене салмағы 60кг-нан үлкендерге): ең төмен бір реттік доза – 500 мг, ең жоғарғы бір реттік доза – 1 г. Тәуліктегі қабылдау аралығы 4-6 сағат сайын тәулігіне 4 рет. Ең жоғарғы тәуліктік доза – 4г.
Емдеу ұзақтығы қызу басатын дәрі ретінде 3 күн, ал анальгетик ретінде 5 күн
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- анемия, тромбоцитопения, метгемоглобинемия, агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, панцитопения
- тері бөртпесі, қышынуы, есекжем, Квинке ісігі, анафилаксиялық реакциялар және шок.
- көп дозада ұзақ уақыт қолдану барысында гепатоуытты және нефроуытты болу мүмкін
- тік ішектің шырышты қабығының тітіркенуі, тенезмдер.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- парацетамолға немесе препаратың кез келген ингредиенттеріне деген жоғары сезімталдықта
- құрамында парацетамолы бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға
- жақын арадағы тік ішектен қан кету немесе қабынуы ( енгізу жолдарына қатысты қарсы көрсетілімдер)
- бүйрек және/немесе бауыр қызметтерінің айқын бұзылуы
- глюкозо-6 фосфатдегидрогеназа ферментінің тапшылығы
- қан ауруылары
- проктит
- 6 айға дейінгі балаларға (125 мг доза үшін)
- 3 жасқа дейінгі балаларға (250 мг доза үшін)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Парацетамол антикоагулянттардың әсерін күшейтеді.
Салицилаттармен бір уақытта қабылдау нефроуытты әсерінің жоғарылау қаупін төндіреді.
Гепатоуытты препараттармен (барбитураттар, құрысуға қарсы дәрілер, трицикликалық антидепрессанттар, рифампицин, изониазид, бутадион, этанол) және микросомалды тотығу индукторларымен бір уақытта қабылдау препараттың гепатоуытты әсерінің жоғарылау қаупін төндіреді.
Метоклопрамидпен бір уақытта қабылдау парацетамолдың сіңуін жоғарылатады
Пробенецидпен бір уақытта қабылдау парацетамолдың клиренсін төмендетіп, жартылай шығу мезгілін ұзартады.
Колестираминмен бірге пайдалану барысында парацетамолды қабылдағаннан кейін 1 сағат арасында парацетамолдың сіңуі төмендейді.
Левомицетинмен бір уақытта қабылдау, алдыңғы дәрінің уыттылық қасиетін күшейтеді.
Ерекше нұсқаулар
Қатерсіз гипербилирубинемияда (оның ішіндегі Жильбер синдромы), бүйрек және бауыр (оның ішіндегі алкогольді зақымдану) ауруларында, сонымен қатар егде жастағы науқастарға сақтықпен пайдалану керек.
Парацетамолды қабылдау, қан плазмасындағы мочевина қышқылының және глюкозаның сандық деңгейінің мөлшерін анықтау кезіндегі зертханалық зерттеулердің көрсеткіштерін бұрмалауы мүмкін. Препаратты 7 күннен артық қабылдағаннан кейін бауырдың функционалдық жағдайын және шеткергі қан көрінісін бақылау қажет.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде сақтықпен қабылдау керек.
Дәрілік заттың көлік құралдары немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Белгілері: тері жабынының бозаруы, анорексия, жүрек айнуы, лоқсу, іштің ауруы, қан сарысуында бауырлық трансаминазалардың жоғарылауы, протромбин уақытының ұлғаюы, кешірек бауыр аймағының ауыруы, глюкозаның метаболизмінің бұзылуы, метаболикалық ацидоз байқалады. Ауыр жағдайларда бауыр жетіспеушілігі, гепатонекроз, энцефалопатия және коматоздық жағдай дамиды. Панкреатит.
Емі: SH-тобының донаторлары мен глутатион синтезінің ізашарлары – метионинді артық дозалаудан кейін 10 сағат өткенде ішке және N-ацетилцистеинді артық дозалаудан 8 сағат өткенде көк тамырға енгізу (бірден 150 мг/кг, одан кейін әр 4 сағат сайын 50 мг/кг және 100 мг/кг 16 сағат барысында); симптоматикалық терапия; ауыр интоксикацияларда гемодиализ жасалынады
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтиленмен ламинатталған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 6 суппозиторийден.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулығымен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарты
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15˚С-ден 25˚С-ге дейінгі температурада сақтау қажет.
Баллардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
ФАРМАПРИМ ЖШҚ
МD-2028, Молдова Республикасы,
Кишинэу қаласы, Г. Тудор көшесі, 3
Тіркелу куәлігі иесінің атауы мен елі
ФАРМАПРИМ ЖШҚ, Молдова Республикасы
Тұтынушылардың өнім сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Фирманың өкілі, Абулхаирова Татьяна
Алматы қаласы, м/р Айнабулақ-1, 20 үй, 67 пәтер
Телефон/факс: 252-64-13, 8-777-242-46-49
Email: tissa@indox.ru