ПАРАЦЕТАМОЛ (Синтез ОАО, 120 мг/5 мл)

МНН: Парацетамол
Производитель: Синтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Paracetamol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018925
Информация о регистрации в РК: 26.04.2018 - 26.04.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 329.86 KZT
Предельная цена реализации в РК: 420.58 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ПАРАЦЕТАМОЛ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Парацетамол

Дәрілік түрі

Ішуге арналған 120 мг/5мл, 100 мл суспензия

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат – 2,4 г парацетамол,

қосымша заттар – метилпарогидроксибензоат, сұйық сорбитол, глицерол, ксантан шайыры, құлпынай хош иістендіргіші, сахароза, 100 мл дейін тазартылған су

Сипаттамасы

Құлпынайдың иісі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті біркелкі суспензия. Суспензия құрамында кристалдар бар.

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер-антипиретиктер. Парацетамол.

АТЖ коды N02BE01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі – жоғары, ең жоғары концентрациясына жету уақыты (TСmax) – 0.5-2 сағ; ең жоғарғы концентрациясы (Сmax) – 5-20 мкг/мл. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 15%. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Парацетамол плазмадағы тиімді емдік концентрациясына оны 10-15 мг/кг дозада тағайындағанда жетеді.

Бауырда метаболизденеді (90-95%): белсенді емес метаболиттер түзе отырып глюкурон қышқылы және сульфаттармен 80% конъюгация реакциясына түседі; 17 %-ы белсенді емес метаболиттер түзе отырып глутатионмен конъюгацияланатын 8 белсенді метаболит түзе отырып гидроксилденуге ұшырайды. Глутатион жеткіліксіз болғанда, бұл метаболиттері гепатоциттердің ферменттік жүйелерін бөгеуі және олардың некрозын тудыруы мүмкін. Препараттың метаболизміне CYP2E1 изоферменті де қатысады. Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) – 1-4 сағат. Бүйрекпен метаболиттер, көбінесе конъюгаттар түрінде, тек 3 %-ы өзгеріссіз күйде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Парацетамол – есірткілік емес анальгетик, ауру орталықтары мен термореттелулерге әсер ете отырып, көбінесе орталық жүйке жүйесіндегі 1 циклооксигеназаны (ЦОГ) және ЦОГ 2 бөгейді. Қабынған тіндерде жасушалық периоксидазалар парацетамолдың ЦОГ-қа әсерін бейтараптандырады, бұл онда су-тұз алмасуы (натрий мен судың кідіруі) мен асқазан-ішек жолының шырышты қабығына теріс әсерінің мүлдем дерлік жоқ екендігімен түсіндіріледі.

Парацетамолдың ыстықты түсіретін, ауыруды басатын әсері бар.

Қолданылуы

- суық тию ауруларында, тұмауда, балалардағы жұқпалы ауруларда (желшешекте, қызамықта, көкжөтелде скарлатина және эпидемиялық паротит- свинкада) ыстықты түсіретін дәрі ретінде

- тіс жарғанда, тіс ауырғанда, отит кезінде құлақ ауырғанда, тамақ ауырғанда ауыруды басатын дәрі ретінде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ішке, ас ішкенге дейін сұйылтылмаған күйінде, тәулігіне 3-4 рет 4-6 сағат аралықпен сумен ішіп қабылдайды. Пайдаланар алдында құтының ішіндегісін жақсылап шайқау керек.

Қолайлы және дәл дозалау үшін екіжақты қасықты пайдалануды ұсынамыз: үлкен қасықта 5 мл (120 мг парацетамол), кішісінде – 2.5 мл (60 мг парацетамол).

Препараттың дозасы баланың жасы мен дене салмағына байланысты.

Препараттың бір реттік дозасы дене салмағына 10-15 мг/кг құрайды. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – баланың дене салмағына 60 мг/кг аспайды.

Жас шамасына байланысты препаратты мына бір реттік дозаларда тағайындайды:

2- 3 айда –2 мл жуық суспензия тек дәрігердің тағайындауы бойынша (50 мг жуық парацетамол),

3 айдан 1 бір жасқа дейін – 2.5-5 мл суспензия (1/2 – 1 ш.қ.) (60-120 мг парацетамол),

1 жастан 6 жасқа дейін – 5-10 мл суспензия (1 – 2 ш.қ.) (120-240 мг парацетамол),

6 жастан 14 жасқа дейін – 10-20 мл суспензия (2 – 4 ш.қ.) (240-480 мг парацетамол).

Дәрігердің кеңесінсіз ең жоғары емдеу ұзақтығы ыстық түсіретін дәрі ретінде 3 күннен артық емес және 5 күннен асырмай – ауыруды басатын дәрі ретінде.

Препаратпен емдеуді дәрігермен кеңескеннен кейін жалғастыруға болады.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы

- тері бөртпесі, қышу, есекжем, Квинке ісінуі түріндегі аллергиялық реакциялар

Сирек

  • гемолитикалық анемия, апластикалық анемия, метгемоглобинемия, панцитопения

- гепатоуытты және нефроуытты әсер

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- парацетамолға немесе препараттың басқа компоненттеріне асқын сезімталдық

- бауыр мен бүйрек қызметінің айқын бұзылулары

- тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз

- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның генетикалық болмауы

- жаңа туға сәбилер (2 айға дейінгі)

- препаратты құрысуға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдануға болмайды

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Парацетамолды барбитураттармен, дифенинмен, құрысуға қарсы дәрілермен, рифампицинмен, бутадионмен пайдаланғанда гепатоуытты әсерінің қаупі артуы мүмкін.

Левомицетинмен бір мезгілде қабылданғанда (хлорамфениколмен) соңғысының уыттылығы артуы мүмкін.

Варфарин мен кумариннің басқа туындыларының антикоагулянттық әсері парацетамолды ұзақ уақыт ұдайы қабылдау аясында күшеюі мүмкін, бұл қан кету қаупін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен: бауыр мен бүйрек қызметтерінің бұзылулары, қатерсіз гипербилирубинемиялар (соның ішінде Жильбер синдромы), вирустық гепатит, қант диабеті.

2 айдан 3айға дейінгі балаларда тек педиатр дәрігердің тағайындауы бойынша ыстықты түсіретін дәрі ретінде қолдануға болады.

Парацетамолдың құрамында парацетамол бар басқа препараттармен бір мезгілде қолданылуын болдырмау керек, өйткені бұл парацетамолдың артық дозалануын тудыруы мүмкін.

Парацетамолды ұзаққа созылған қызба синдромында 3 күннен артық және ауыру синдромында 5 күннен артық қабылдау аясында дәрігердің кеңесі қажет. Препаратты қабылдағанда плазмадағы глюкоза мен несеп қышқылын сандық анықтаудағы зертханалық зерттеулердің көрсеткіштері бұрмаланады.

Препаратты 7 күннен артық қабылдағанда шеткергі қан көрінісін және бауырдың функционалдық жағдайын бақылау қажет.

Суспензияның 1 мл құрамында 0.04 ХБ сахароза бар, мұны қант диабеті бар емделушілерді емдегенде ескеру керек.

Артық дозалануы

Белгілері: қабылдағаннан кейін бастапқы 24 сағат ішінде – тері жабындарының бозаруы, жүрек айнуы, құсу, анорексия, абдоминальді ауыру; глюкоза метаболизмінің бұзылуы, метаболикалық ацидоз. Бауыр қызметі бұзылуының белгілері артық дозаланғаннан кейін 12-48 сағаттан соң пайда болуы мүмкін. Ауыр артық дозалануда – энцефалопатияның үдеуімен бауыр жеткіліксіздігі, кома, өлу; тубулярлық некрозбен бүйректің жедел жеткіліксіздігі (соның ішінде бауырдың ауыр зақымдануы болмағанда); аритмия, панкреатит.

Емі: уланғаннан кейін 4 сағаттан кешіктірмей асқазанды шаю, адсорбент қабылдау (белсенділендірілген көмір). SH тобының донаторларын және глутатион синтезі ізашарларын енгізу – метионинді артық дозаланғаннан кейін 8-9 сағаттан соң және ацетилцистеинді – 12 сағаттан соң. Қосымша емдеу шараларын жүргізу қажеттілігі (метионинді әрі қарай енгізу, ацетилцистеинді көктамыр ішіне енгізу) парацетамолдың қандағы концентрациясына, сондай-ақ оны қабылдағаннан кейінгі өткен уақытқа байланысты анықталады.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

100 мл-ден бұрандалы мойны бар, оралатын оймалы және бірінші ашылуы бақыланатын алюминий қалпақшамен тығындалған күңгірт шыныдан жасалған бөтелкелерде.

Әр бөтелкені мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен және дозалағыш дәріханалық қасықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны ашқаннан кейін 1 ай ішінде пайдалану керек

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Синтез» ААҚ.

Ресей, 640008, Қорған қ-сы, Конституция даңғылы, 7.

тел./факс (3522) 48-16-89

Тіркеу куәлігінің иесі

«Синтез» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,

Қостанай облысы, Қостанай қ-сы, Орал к-сі, 14

тел. 714 228 01 79

 

Прикрепленные файлы

969966191477977106_ru.doc 58.5 кб
177148941477978271_kz.doc 62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники