Пантенол-Тева
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Пантенол-Тева
Халықаралық патенттелмеген атауы
Декспантенол
Дәрілік түрі
5% 35 г және 100 г крем
Құрамы
100 г препараттың құрамында
белсенді зат - 5 г декспантенол,
қосымша заттар: калий сорбаты, ланолин спирті, ланолин, ақ жұмсақ парафин, изооктадеканолдиглицерол сукцинаты (Имвитор 780 К), орта тізбекті триглицеридтер, натрий цитраты, лимон қышқылының моногидраты, тазартылған су.
Сипаттамасы
Ақ немесе сарғыш, ланолинге тән иісі бар гомогенді крем
Фармакотерапиялық тобы
Жаралар мен ойылуларды емдеуге арналған препараттар. Асқын тыртықтануды емдеуге арналған препараттар. Асқын тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар. Декспантенол.
АТХ коды D03AХ03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тритиймен таңбаланған пантенол зерттеулерінің деректері бойынша субстанция терімен сіңеді. Тері мен шырышты қабықтардағы метаболизмнің барынша толық зерттеулері жоқ.
Фармакодинамикасы
Декспантенол – бұл пантотен қышқылының спиртті аналогы, пантотен қышқылы сияқты биологиялық белсенділікке ие. Ол оң айналымдағы D-конфигурациясымен байланысты. Пантотен қышқылы, сондай-ақ оның тұздары суда еритін витаминдерге жатады, ол А коферменті ретінде көптеген зат алмасу үдерістеріне қатысады және фибробласттар пролиферациясын көтермелеу және эпителизацияны жеделдету арқылы терінің зақымдануын емдеуде басты рөл атқарады.
Қолданылуы
- шығу тегі әртүрлі тері зақымдануларында (сызаттарда, сыдырылуларда, тері тітіркенулерінде, тері құрғақтанғанда, жеңіл дәрежелі күюлерде).
Қолдану тәсілі және дозалары
Терінің зақымданған бөліктеріне күніне бір немесе бірнеше рет жұқалап жағылады. Емдеу ұзақтығы клиникалық көрсетілімге байланысты болады.
Педиатрияда қолданылуы. Шектеулер жоқ.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- жоғары қабылдағыштық реакциялары (терінің аллергиялық реакциялары).
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді ингредиентке немесе компоненттердің біріне жоғары сезімталдық.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулары
Ланолин және калий сорбаты жергілікті тері реакцияларына (жанаспалы дерматитке) ықпал етуі мүмкін.
Жүктілік және емшек емізу
Қолдануда шектеулер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
35 г немесе 100 г препараттан ішкі беткейі литографирленіп лакталған, ашылуы бақыланатын жарғақшасы, ашу құрылғысымен бұрандалы, полимер қалпақшасы бар алюминий сықпада.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Сықпаны ашқаннан кейін қолдану мерзімі – 12 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Меркле ГмбХ», Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
«ратиофарм ГмбХ», Германия
Қаптаушы
«Меркле ГмбХ», Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
050040, Алматы қ., әл-Фараби д-лы 19,
Нұрлы тау БО, 1Б, 603 кеңсе
Телефон: (727)3110915; факс: (727)3110734
e-mail: Safety.Kazakhstan@tevapharm.com
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
050040, Алматы қ., әл-Фараби д-лы 19,
Нұрлы тау БО, 1Б, 603 кеңсе
Телефон: (727)3110708, Факс: (727)3110734
e-mail: Dina.Baimakova@tevapharm.com
4