Отирелакс

МНН: Феназон, лидокаина гидрохлорид
Производитель: К.О. Ромфарм Компани С.Р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020078
Информация о регистрации в РК: 28.12.2018 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Отирелакс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Құлақ тамшы дәрісі, 45.52 мг/11.38 мг/мл

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді заттар: 45.52 мг феназон, 11.38 мг лидокаин гидрохлориді,

қосымша заттар: натрий тиосульфаты, 96% этил спирті, натрий гидроксидінің 0.1 М ерітіндісі, глицерол, тазартылған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сарғыш ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Отологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Отологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Анальгетиктер және анестетиктер. Біріктірілген препараттар.

АТХ коды S02DA30

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Феназон ерітінділерінің лидокаинмен фармакокинетикасы зерттелген жоқ. Ерітіндінің жергілікті қолданылуын, сондай-ақ ортаңғы құлақтың морфологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып, дабыл жарғағы жарақаттанған емделушілерден басқасында, жүйелік қан ағысына түсу үшін тиісінше жүйелік сіңу орын алмайды деп болжам жасауға болады.

Фармакодинамикасы

Феназон қабынуға қарсы және ауыруды сездірмейтін әсері бар пиразолон туындысы болып табылады.

Лидокаин амид типті жергілікті анестетик болып табылады.

Отологияда жергілікті қолдануға арналған, компоненттерінің әсер ету синергизмі арқылы ауыруды сездірмейтін және қабынуға қарсы әсері бар біріктірілген препарат. Лидокаин жергілікті ауыруды сездірмейтін, ал феназон қабынуға қарсы әсер береді. Феназон лидокаиннің жергілікті ауыруды сездірмейтін әсерін күшейтеді. Феназон мен лидокаинді біріктіріп қолдану ауыруды сездірмейтін әсерінің басталу уақытын қысқартады, мұндайда оның айқындылығы және ұзақтығы артады, бұл отит кезінде ауыру синдромының тез жоғалуына мүмкіндік береді.

Дабыл жарғағындағы ауыру мен қабынудың азаюы оны тамызғаннан кейін шамамен бес минуттан соң басталады. Ауыру синдромы 15–30 минут ішінде толық дерлік жоғалады.

Қолданылуы

Дабыл жарғағы зақымданбаған емделушілердегі ортаңғы отит кезінде құлақтың ауыруына қосымша дәрі ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқы есту жолына тамызу керек. Ересектерге ұсынылатын дозасы – күніне 2-3 рет 4 тамшы.

Емдеу ұзақтығы 10 күннен аспауы тиіс.

Егер симптомдар 2-3 күн емдегеннен кейін жақсармаса, емдеу амалын қайта қарастыру қажет.

Есту жолына салқын ерітіндіні енгізуден болатын жағымсыз сезімге жол бермеу үшін, препаратты енгізер алдында құтыны дене температурасына дейін жылыту керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- жергілікті аллергиялық реакциялар, есту жолының тітіркенуі немесе қызаруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- феназонға, лидокаин гидрохлоридіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- пиразолон туындыларына (метамизол, изопропиламинофеназон, пропифеназон) жоғары сезімталдық

- дабыл жарғағының, шығу тегі жұқпалы немесе жарақаттан болатын, перфорациясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың өзара әрекеттесуі жөнінде деректер мәлімделген жоқ. Өзара әрекеттесу мүмкіндігі белсенді заттарды басқа жолмен бір мезгілде енгізгенде немесе, дабыл жарғағының перфорациясына байланысты, белсенді заттар жүйелік сіңген жағдайда пайда болады.

Айрықша нұсқаулар

Отирелакс дәрілік затын пайдаланбас бұрын дабыл жарғағының бүтіндігін тексеру керек. Дабыл жарғағы тесілген емделушілерде құлақ тамшыларын қолдану, ортаңғы құлақ құрылысы деңгейінде әсер етуі есебінен, жағымсыз әсерлерді туындатуы мүмкін.

Препараттың құрамында допинг-бақылау кезінде оң тест бере алатын белсенді зат бар.

Жүктілік және латация кезеңі

Қажет болғанда осы дәрі, дәрігерден кеңес алғаннан кейін, дабыл жарғағында тесік жоқ болған жағдайда, жүкті әйелдерге немесе емшек емізетін аналарға қолданылуы мүмкін.

Балаларға қолданылуы

Отирелакс препаратын балаларға қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары мәлімделген жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тығыз тұмшалануын қамтамасыз ететін қорғағыш сақинасы бар полиэтилен қақпақпен жабылған, тамызғыш-тығыны бар, сыйымдылығы 15 мл полиэтилен құтыда 17.1 г ± 10 % (15 мл) препараттан.

Бір құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жиналатын картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада, түпнұсқалық қаптамада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану мерзімін 4 аптадан асыруға болмайды.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Ромфарм Компани С.Р.Л., Румыния

Отопень, Ероилор 1А көшесі.

тел. +40 21 208 9743, +40 21 208 97 42, факс: +40 21 266 49 38

Тіркеу куәлігінің иесі

Ромфарм Компани С.Р.Л., Румыния

Отопень, Ероилор 1А көшесі,

тел. +40 21 208 9743, +40 21 208 97 42, факс: +40 21 266 49 38

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Ромфарм Компани» өкілдігі, Алматы қ-сы, Жандосов к-сі, 8А, 806 кеңсе, телефон/факс 8/7272/445126

 

Прикрепленные файлы

048699781477976783_ru.doc 42 кб
071819511477977940_kz.doc 50.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники