Оксалиплатин медак (50 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Оксалиплатин медак
Халықаралық патенттелмеген атауы
Оксалиплатин
Дәрілік түрі
Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 50 мг және 100 мг ұнтақ
Құрамы
белсенді зат – 50 мг немесе 100 мг оксалиплатин,
қосымша зат: лактоза моногидраты
Сипаттамасы
Ақ түсті лиофилизацияланған ұнтақ немесе ақ немесе ақшыл түсті жымдасқан масса.
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы препараттар. Ісікке қарсы басқа да препараттар. Платинасы бар препараттар. Оксалиплатин.
АТХ коды L01XA03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Препараттың белсенді метаболиттерінің спецификалық фармакокинетикалық қасиеттері анықталмаған. 2 сағаттық енгізу соңында платинаның 15-ы жүйелік қан ағысында болады, ал қалған 85-ы тіндерге тезірек таралады немесе несеппен бірге шығарылады. Эритроциттермен және қан плазмасымен қайтымсыз байланысуын тіршіліктің табиғи ағымына жақын ортадан эритроциттердің және қан плазмасы альбуминдерінің жартылай шығарылу кезеңімен анықтайды. 85 мг/м2 сызбада әрбір екі апта сайын және 130 мг/м2 сызбада әрбір үш апта сайын қанның үльтрасүзілген плазмасында препараттың айтарлықтай мөлшерде жиналып қалу жағдайы байқалған жоқ.
Биотрансформациясы
Оксалиплатин елеулі биотрансформацияға ұшырайды және екі сағаттық құйылу соңында қанның ультрасүзілген плазмасынан бастапқы препарат табылған жоқ. Кейбір, мысалы, монохлоро-, дихлоро- және екі сулы 1,2-диаминоциклогексан-платина сияқты цитоуытты метаболиттер жүйелік қан ағысында белсенді емес конъюгаттар қатарымен бірге өте кеш идентификацияланды.
Шығарылуы
Платина негізінен несеппен бірге, көбінесе препаратты енгізгеннен кейін алғашқы 48 сағаттың ішінде шығарылады.
Бесінші күні барлық дозаның 54-ға жуығы несептен және 3-дан азы нәжістен табылады.
Таралу көлемі статистикалық тұрғыдан жеткілікті түрде 330 40,9 л-ден 241 36,1 л-ге дейін азайған бүйрек функциясының жеткіліксіздігі кезінде клиренстің сағатына 17,6 2,18 л-ден сағатына 9,95 1,91 л-ге дейін едәуір төмендегені байқалды. Платинаның клиренсіне бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігінің ықпалы зерттелген жоқ.
Фармакодинамикасы
Оксалиплатин медак платина атомы оксалатпен және 1,2-диаминоциклогексанмен кешен түзетін платина туындыларының жаңа класына жататын ісікке қарсы препарат болып табылады. Оксалиплатин медак цис-[оксалато(транс-1-1-1,2-DACH)-платинаның] жалғыз ғана энантиомері болып табылады.
Оксалиплатин медактың цитоуыттылық та, сонымен қатар адамның колоректальды қатерлі ісігін қоса, ісікке қарсы белсенділік ретінде де, әсер ету ауқымы кең. Ол цисплатинге төзімділік кезінде де белсенділік танытады. 5-фторурацилмен біріктіргенде синергиялық цитоуыттық әсері байқалады. Оксалиплатин медактың әсер ету механизмі оксалиплатиннің биотрансформацияланған сулы туындыларымен байланысты, олар аралық және ішкі тартылыс көпірлерін түзу арқылы ДНҚ-мен өзара әрекеттесіп, ДНҚ синтезін басады, ол цитоуыттылыққа және ісікке қарсы әсерге әкеледі.
Қолданылуы
-
алғашқы ісіктің радикальді резекциясынан кейінгі ІІІ сатыдағы колоректальді обырда (5-фтороурацилмен және фолин қышқылымен біріктірілген адъювантты ем)
-
метастаздық колоректальді обырда (5-фторурацилмен және фолиний қышқылымен біріктірілген паллиативті ем).
Қолдану тәсілі және дозалары
Дозалары
Тек ересектерге ғана арналған.
Адъювантты ем кезіндегі оксалиплатин медак препаратының тиісті дозасы көктамыр ішіне енгізілетін 85 мг/м2 құрайды және 12 цикл (6 ай) ішінде әрбір екі апта сайын бір рет қайталанады.
Метастазтаздық колоректальді обырды емдеу кезіндегі оксалиплатин медак препаратының ұсынылатын дозасы екі аптада 1 рет көктамыр ішіне енгізілетін 85 мг/м2 құрайды.
Дозалау препараттың жағымдылығына қарай белгіленуге тиіс.
Оксалиплатин медак препаратын енгізу фторопиримидиндерді, оның ішінде 5-фторурацилді енгізуден әрдайым алда болуға тиіс.
Оксалиплатин медак әдетте препараттың кем дегенде 0,2 мг/мл және 0,7 мг/мл-ден аспайтын концентрациясы алынатын, 250-500 мл 5 глюкоза ерітіндісімен 2-6 сағаттық көктамырішілік инфузия түрінде қолданылады. 0,7 мг/мл концентрация 85 мг/м2 дозадағы оксалиплатин үшін рұқсат етілетін ең жоғары концентрация болып табылады.
Негізінен, оксалиплатин медак 5-фторурацилмен біріктіріп, оксалиплатин медак препаратынан кейін енгізіледі және әрі қарай инфузиялық үдеріс жалғастырылады.
Екі апта сайын қайталанатын химиялық емдеу курсы үшін болюсті түрде де, сонымен қатар үздіксіз инфузия түрінде де енгізілетін құрамында 5-фторурацилі бар негізгі біріктірілім қолданылады.
Бүйрек функциясы бұзылған науқастар
Оксалиплатин медакт препаратының әсері бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар науқастарда зерттелген жоқ. Бүйрек функциясының орташа бұзылуы бар науқастарда емдеу ұсынылған дозадан басталуы мүмкін («Енгізу тәсілі және дозаларын» қараңыз). Бүйрек функциясының жеңіл бұзылуы бар науқастар үшін дозаны түзетудің қажеттілігі жоқ.
Бауыр функциясы бұзылған науқастар
Бауыр функциясы бұзылған науқастар үшін препараттың дозасын спецификалық түзету қажет емес.
Егде жастағы науқастар
Жасы 65-тен асқан науқастарға оксалиплатин медак препаратын моноем режимінде немесе 5-фторурацилмен біріктіріп қолданған кезде оның уыттылығының күшеюі білінген жоқ. Демек, егде жастағы кісілерде дозаны түзетудің қажеті жоқ.
Қолдану тәсілдері
Сұйылту
Ұнтақты сұйылту үшін инъекцияға арналған су немесе глюкозаның 5 ерітіндісі (50 мг/мл) қолданылады:
-
5 мг/мл-ге тең оксалиплатин концентрациясын алу үшін ішінде 50 мг Оксалиплатин медак бар құтыға 10 мл еріткіш құяды.
-
5 мг/мл-ге тең оксалиплатин концентрациясын алу үшін ішінде 100 мг Оксалиплатин медак бар құтыға 20 мл еріткіш құяды.
-
Әрі қарай сұйылтар алдында препарат ерітіндісін көзбен қарап шығу керек. Ішінде қандай да болсын бөлшегі жоқ мөлдір ерітіндіні ғана пайдалану қажет.
Инфузиялық ерітіндіні дайындау
Алынған ерітіндіні, оксалиплатиннің 0,2 мг/мл-ден 0,7 мг/мл-ге дейінгі ауқымдағы концентрациясын алу үшін, көлемі 250-500 мл 5 глюкоза ерітіндісінде сұйылту керек. Концентрациялардың осы ауқымы оксалиплатин медак препаратының физикалық-химиялық тұрақтылығына кепіл бола алады. Шөгінді түзу белгілері байқалған дайын ерітіндіні жою қажет.
Ерітінділер тек бір рет енгізуге ғана арналған. Пайдаланылмаған ерітінділер уытты заттарды жою ережелеріне сай жойылуы тиіс.
Натрий хлориді ерітіндісін оксалиплатин медак препаратын алғаш рет те, сонымен қатар әрі қарай еріту үшін де ешқашан қолданбау керек.
Көктамырішілік инфузия әдісімен енгізген жөн.
Инфузиялық енгізу
Оксалиплатин медак препаратын енгізу алдын ала гидратация жасауды қажет етпейді.
Оксалиплатин медак ерітіндісі шеткергі көктамырларға немесе орталық көктамырға 2-6 сағат бойы енгізіледі. Оксалиплатин медак препаратын 5-фторурацилмен бірге енгізген жағдайда оксалиплатин медак 5-фторурацилдің алдында енгізілуге тиіс.
Фолиний қышқылымен бірге инфузиялық енгізу
85 мг/м2 доза оксалиплатин медак көктамыр ішіне енгізілер алдында көлемі 250-500 мл (50 мг/мл) 5 глюкоза ерітіндісінде сұйылтылады және 5 глюкоза ерітіндісінде сұйылтылған фолиний қышқылымен бір мезгілде, препаратты енгізердің тура алдында орналастырылатын Ү-пішінді жүйенің көмегімен 2-6 сағат бойы енгізіледі. Бұл екі препарат инфузияға арналған бір ыдыста араластырылмауы тиіс. Фолиний қышқылында қосымша зат ретінде трометамол болмауы тиіс және тек 5 глюкозаның изотониялық ерітіндісінде ғана ерітілуге тиіс, сілтісі бар ерітінділерді, натрий хлоридінің ерітінділерін, сондай-ақ құрамында хлоры бар басқа да ерітінділерді пайдалануға болмайды.
5-фторурацилмен бірге инфузиялық енгізу
Оксалиплатин медак препаратын енгізгеннен кейін жүйені жуып-шайып, содан кейін 5-фторурацилді енгізуді бастау қажет.
Медицина қызметкеріне арналған нұсқаулар
Медбикелік және дәрігерлік қызметкерлердің цитоуытты препараттармен жұмыс жасауы медқызметкерлерді және олардың айналасындағыларды қорғау үшін үлкен сақтықты қажет етеді.
Цитоуытты заттармен инъекция жасауға арналған ерітінділерді дайындауды, онымен жұмыс жасайтын қызметкердің денсаулығы және қоршаған ортаның қорғанышы қамтамасыз етілген жағдайларда ғана, пайдаланылатын препараттар жөнінде хабардар, үйретілген қызметкер жүргізуі тиіс. Осы препараттарды дайындау үшін бөлек, темекі тартуға тыйым салынған, тамақтануға немесе сұйықтық ішуге болмайтын бөлме қажет.
Қызметкер жеңі ұзын халатты қоса, тиісті қорғаныш киімді киюді, қорғаныш тұмылдырықты, бас киімді, қорғаныш көзілдірікті, стерильді бір реттік қолғапты, жұмыс столын қорғауға арналған стерильді жайма шүберекті, қалдықты жинауға арналған контейнерлерді және қалталарды қолдануы тиіс.
Экскременттермен және құсықтармен жұмыс жасағанда сақ болған жөн.
Жүкті әйелдерге оның қауіптілігі жөнінде алдын ала ескерткен жөн және оларға цитоуытты заттармен жұмыс жасауға рұқсат етпеу керек.
Сындырылған барлық контейнерлер ластанған қалдық деп есептелуі тиіс, олармен жұмыс жасағанда сақ болған жөн. Лас қалдықтарды тиісті заттаңбасы бар қатты контейнерлерде өртеу арқылы жою керек.
Концентрат немесе құюға арналған ерітінді теріге немесе шырышты қабыққа тиіп кеткен жағдайда, оны сумен дереу және мұқият шайған жөн.
Қалдықтарды жою
Препарат бір рет қолдануға арналған. Қолданылмаған ерітінді жойылуы тиіс.
Оксалиплатин медак препаратын еріту, сұйылту және енгізу үшін пайдаланылған барлық заттарға қатысты, уытты қалдықтарды жою жөнінде қолданыстағы заңдылықтар талаптарына сәйкес, цитоуытты заттарды жою жөніндегі стандартты ауруханалық шараларды қолданған жөн.
Қолдану кезіндегі айрықша сақтық шаралары
- құрамында алюминий бар инъекциялық құралдарды қолдану ұсынылмайды;
- сұйылтпай енгізбеген жөн;
- сұйылту үшін тек 5% глюкоза ерітіндісін қолдану ұсынылады. Инфузияға арналған ерітіндіні натрий хлориді ерітіндісінің немесе құрамында хлорид иондары бар ерітінділердің жәрдемімен сұйылтуға болмайды;
- басқа дәрілік заттармен белгілі бір инфузиялық ыдыста араластыру және сол инфузиялық жүйе арқылы бір мезгілде енгізу ұсынылмайды;
- cілтілік дәрілік препараттармен немесе ерітінділермен, әсіресе 5-фторурацилмен, құрамында қосымша зат ретінде трометамол бар фолиний қышқылының препараттарымен, басқа дәрілік препараттардың трометамол тұздарымен араластыруға болмайды. Құрамында сілті бар дәрілік заттар және ерітінділер Оксалиплатиннің тұрақтылығына теріс ықпалын тигізуі мүмкін.
Микробиологиялық және химиялық көзқарас тұрғысынан қалпына келтірілген ерітіндіні бірден 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылту қажет.
Пайдаланар алдында ерітіндіні мұқият қарап көру қажет – құрамында қоспалары жоқ мөлдір ерітінділерді ғана пайдаланған жөн.
Дәрілік препарат тек бір реттік қолдануға ғана арналған. Пайдаланылмаған концентраттың кез келген мөлшерін жою керек.
Егер препарат бірден қолданылмаса, қолданар алдында препараттың сақталу ұзақтығына және сақталу шарттарына жауапкершілік дәріні пайдаланушының мойнында болады; препаратты сақтау + 2 °С-ден + 8°С-ге дейінгі температурада 24 сағаттан аспауы тиіс, егер сұйылту асептика талаптары сақталған бақыланатын және валидацияланған жағдайларда жүргізілмесе; сондай-ақ препаратты пайдаланар алдында мұқият қарап шыққан жөн, өйткені тек мөлдір ерітінділерді ғана пайдалану керек.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі (1/10)
-
жұқпалар
-
анемия, нейтропения, тромбоцитопения, лейкопения, лимфопения
-
аллергиялық реакциялар+
-
анорексия, гипергликемия, гипокалиемия, гипернатриемия
-
шеткергі сенсорлы нейропатия, бас ауыру, сезімталдықтың бұзылуы, дәм сезімінің бұзылуы
-
мұрыннан қан кету, диспноэ, жөтел
-
жүректің айнуы, құсу, стоматит, мукозит, абдоминальді ауырулар, іш қату, диарея
-
сілтілік фосфатазаның, билирубиннің, лактатдегидрогеназаның, бауыр трансаминазаларының (АЛТ, АСТ) жоғарылауы
-
терілік бұзылулар, алопеция
-
арқаның ауыруы
-
қызба++, шаршау, астения, препаратты енгізген жерде ауырудың, қызарудың, ісінудің, тромбоздың пайда болу реакциялары. Экстравазация әсіресе оксалиплатин медак препаратын шеткергі көктамыр арқылы енгізгенде жергілікті, соның ішінде асқынудың, некроздың дамуына әкеп соғатын ауыр ауырсынумен және қабынумен көрініс береді.
-
дене салмағының артуы (адъювантты терапияда)
Жиі (1/100, <1/10)
-
фебрильді нейтропения
-
ринит, жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалары, нейтропения аясында сепсис
-
сусыздану
-
депрессия, ұйқысыздық
-
бас айналу, қимыл жүйкесінің невриттері, менингизм құбылыстары
-
конъюнктивит, көрудің нашарлауы
-
геморрагиялар, тереңдегі көктамырлар тромбозы, артериялық гипертензия, ыстықтың «құйылу» сезімі, өкпе артерияларының эмболиясы
-
ықылық, диспепсия, гастроэзофагеальді рефлюкс, асқазан-ішектік қан кетулер, геморроидальді қан кетулер
-
алақан-табан синдромы, эритематозды бөртпе, басқа да бөртпе, тершеңдіктің артуы, тырнақтардың өзгеруі
-
артралгиялар, сүйектердің ауыруы
-
гематурия, дизурия, несептің шығарылу жиілігінің бұзылуы
-
қан сарысуындағы креатининнің жоғарылауы
-
дене салмағының төмендеуі (метастазданатын обырды емдеу сызбасын қолданғанда)
Азырақ жиі (1/1000, <1/100)
-
метаболизмдік ацидоз
-
күйгелектік
-
отоуыттылық
-
салданған илеус, ішек бітелісі
Сирек (1/10000, <1/1000)
-
иммуноаллергиялық тромбоцитопения, гемолитикалық анемия
-
дизартрия, қайтымды лейкоэнцефалопатиялық синдром
-
көру өткірлігінің уақытша төмендеуі, көру өрісінің тарылуы, көру жүйкесінің невриті, емдеуді тоқтатқаннан кейін қалпына келетін көздің өткінші көрмей қалуы
-
кереңдік
-
өкпенің интерстициальді аурулары (кейде өлімге әкеп соғатын), өкпе фиброзы
-
панкреатит, клостридиялардан туындағандарын қоса, колиттер
Өте сирек (<1/10000)
-
синусоидальді бауыр обструкциясы синдромы, пелиозды гепатит, түйінді регенеративті гиперплазия, перисинусоидальді фиброз
-
жедел тубулярлы некроз, жедел интерстициальді нефрит, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі
Жиілігі белгісіз (жиілігін анықтау мүмкін емес):
-
гемолитикалық уремиялық синдром
-
конвульсиялар
+ Негізінен инфузия барысында пайда болатын аллергиялық реакциялар, кейде өліммен аяқталатын реакциялар өте жиі байқалады (тері бөртпелері, әсіресе есекжем болатын, коньюнктивит, ринит белгілері бар жиі аллергиялық реакциялар). Бронхтың түйілуін, ангионевротикалық ісінуді, артериялық гипотензияны және анафилактикалық шокты қоса, анафилактикалық сипаттағы реакциялар жиі.
++ Жұқпалар, сонымен қатар иммунологиялық генез салдарынан қалтырау (фебрильді нейтропениямен немесе онсыз) орын алатын қызба өте жиі байқалады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
оксалиплатинге немесе осы препараттың құрамындағы қосымша заттарға жоғары сезімталдық
-
жүктілік, лактация кезеңі
-
миелосупрессия химиотерапияның алғашқы курсын бастағанға дейін (нейтрофилдер саны 2 x 109/л және/немесе тромбоциттер саны 100 x 109/л)
-
химиотерапияның алғашқы курсын бастағанға дейін функциональді бұзылулары бар шеткергі сенсорлы нейропатия
-
бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 30 мл)
-
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге (препараттың қауіпсіздігі және тиімділігі осы топ емделушілерінде анықталған жоқ).
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Үйлесімсіздік
Табиғаты сілтілік ерітінділермен немесе дәрілік заттармен (әсіресе: 5-фторурацилмен, негізгі (фондық) ерітінділермен, трометамолмен және тасымалдағыш ретінде терматолмен бірге фолиний қышқылы бар препараттармен) біріктірмеу керек. Фолиний қышқылымен бірге Y-тәрізді инфузиялық жүйе жәрдемімен енгізеді.
Натрий хлоридінің ерітінділерінде немесе құрамында (кальций, калий немесе натрий хлоридін қоса) хлорид иондары бар кез келген басқа ерітінділерде ерітпеу және сұйылтпау керек.
Бір құтыда немесе парентеральді түрде енгізуге арналған жүйеде басқа препараттармен араластырмау керек (фолиний қышқылымен бір мезгілде қолданылуы жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).
Көктамыр ішіне құю үшін құрамында алюминий бар құралды қолданбау керек.
Панитумумабты құрамында оксалиплатин бар химиялық еммен біріктіріп тағайындамаған жөн.
Айрықша нұсқаулар
Оксалиплатин медак цитоуытты препараттарды қолдануға арналған мамандандырылған бөлімдерде ғана және аурухана жағдайында химиотерапиялық препараттарды қолдану тәжірибесі бар онкологтың қадағалауымен қолданылуға тиіс.
Бүйрек функциясының орташа бұзылуы бар науқастарға препараттың қауіпсіздігі мен жағымдылығына қатысты деректердің шектеулі болуына байланысты, препаратты қолданар алдында науқас үшін пайда/қаупін салыстырып көрген жөн; бүйрек функциясын қатаң түрде бақылаған, ал дозасын уыттылығына қарай түзеткен жөн.
Сыртартқысында платинаның басқа қосылыстарына аллергиялық реакциялары болғаны көрсетілген науқастарда аллергиялық белгілердің бар-жоқтығын қатаң бақылаған жөн. Анафилактикалыққа ұқсас реакциялар болған жағдайда құюды дереу тоқтатып, тиісті симптоматикалық ем тағайындаған жөн. Мұндай науқастарға оксалиплатин медак препаратын қолдануға қайтадан әрекеттер жасауға болмайды. Құрамында платина бар барлық компоненттерге, кейде өліммен аяқталатын, айқаспалы реакциялар жөнінде мәлімделді.
Экстравазация жағдайында құюды дереу тоқтатқан және жергілікті симптоматикалық ем тағайындаған жөн.
Оксалиплатин медак препаратының неврологиялық уыттылығы , әсіресе препараттың неврологиялық уыттылығы бар болса, қатаң түрде бақылануға тиіс. Әрбір енгізу алдында және мезгіл-мезгіл неврологиялық тексеру жүргізген жөн.
Инфузия барысында немесе екі сағаттық инфузиядан кейін бір сағат ішінде жедел ағымды ларинго-фаренгеальді дизестезия дамыған науқастарға келесі оксалиплатин медак инфузиясын алты сағаттан астам бойы жүргізген жөн.
Оксалиплатин медак дозасын неврологиялық симптомдардың (парестезия, дизестезия) ұзақтығына және ауырлығына байланысты түзету жөнінде нұсқаулар:
-
егер симптомдар жеті күннен астамға созылса және емделушіге зиянын тигізсе, оксалиплатин медак препаратының келесі дозасы 85-тен 65 мг/м2-ге дейін (метастаздық сызба) немесе 75 мг/м2-ге дейін (адъювантты емдеу сызбасы) төмендетілуге тиіс;
-
егер парестезия функциональді бұзылуларсыз емдеудің келесі айналымына дейін сақталса, оксалиплатин медак препаратының келесі дозасы 85-тен 65 мг/м2-ге (метастаздық сызба) немесе 75 мг/м2-ге (адъювантты ем үлгісі) төмендетілуге тиіс;
-
егер функциональді бұзылулары бар парестезия емдеудің келесі цикліне дейін сақталса, оксалиплатин медак препаратын қабылдау тоқтатылуы тиіс;
-
егер осы симптомдар оксалиплатин медак препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтса, емдеуді қайта жаңғырту мәселесін қарастыруға болады.
Науқастарды емдеу курсы аяқталғаннан кейін шеткергі сенсорлы нейропатия симптомдарының сақталуы мүмкін екендігінен хабардар еткен жөн. Жергілікті орташа парестезиялар немесе функциясы ауық-ауық бұзылып отыратын парестезиялар препаратты адъювантты қолдану сызбасы бойынша емдеуді аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде байқалуы мүмкін.
Препаратты енгізгеннен кейін бірнеше сағат ішінде немесе суықтың әсерімен жиі пайда болатын жедел нейросенсорлы көрініс жағдайлары тіркелді. Олар әдетте өткінші парестезия, дизестезия немесе гипоестезия типіндегі әртүрлі бұзылулар түрінде көрініс береді. Жедел көмей-жұтқыншақ дизестезиясының жедел синдромы науқастардың 1-2%-да кездеседі және респираторлы дистрестің (цианозсыз немесе гипоксиясыз), немесе ларингоспазм немесе бронхоспазмның (стридорсыз немесе ысқырып демалусыз) қандай да бір объективті белгілерінсіз дисфагияның немесе ентігудің (тұншығу сезімі) субъективті сезімдерімен сипатталады. Мұндай жағдайларда антигистаминдік препараттар және бронхты кеңейтетін дәрілер қолданылса да, симптомдар ем жүргізілмегеннің өзінде тез қайтымды болды. Құю емшарасы уақытын ұзарту осы синдромның жиілігін төмендетуге мүмкіндік береді. Кейде жақтың түйілуі, бұлшықеттің түйілулері, бұлшықеттердің еріксіз жиырылуы, миоклонус, қимыл үйлесімінің бұзылуы, жүріс мәнерінің бұзылуы, атаксия, тепе-теңдіктің бұзылуы, тамақта немесе кеуде қуысында кернеу сезімі, қысым, жайсыздық және ауыру сияқты симптомдар байқалды. Бұдан басқа, бассүйек-ми жүйкелері функциясының бұзылуы қатар жүруі немесе пальпебральді птоз, диплопия, афония, дисфония, сырылдау (кейде дауыс саңылауының салдануы ретінде сипатталатын), тілде патологиялық сезімдер немесе кейде афазия, үштік жүйкенің невралгиясы, беттің немесе көздің ауыруы, көру жітілігінің нашарлауы, көру ауқымының кемуі ретінде сипатталатын дизартрия ретінде жеке құбылыстар пайда болуы мүмкін.
Оксалиплатинмен емделу кезінде дизартрия, тереңдегі сіңір рефлекстерінің жоғалуы және Лермитт симптомы сияқты басқа да неврологиялық симптомдар тіркелді. Көру жүйкесі невритінің бірнеше жекелеген жағдайлары тіркелді.
Біріктірілген химиялық ем қабылдап жүрген емделушілерде сирек жағдайларда артериялық гипертензиямен, құрысу ұстамаларымен, бас ауырумен, сананың шатасуымен, соқырлықпен және басқа да көру және неврологиялық бұзылуларымен көрініс беретін қайтымды лейкоэнцефалопатиялық синдром дамуы мүмкін.
Оксалиплатин медактың асқазан-ішек жолына тигізетін жүректің айнуы және құсу түрінде білінетін уыттылығының алдын алу және/немесе емдеу шарасы ретінде құсуға қарсы дәрілерді қолдану керек деп болжанады. Дегидратация, салдану салдарынан ішек бітелісі немесе ішек обструкциясы, гипокалиемия, метаболизмдік ацидоз және бүйрек функциясының бұзылуы оксалиплатинді 5-фторурацилмен біріктіргенде ауыр диареядан немесе құсудан болуы мүмкін.
Гемолитикалық бұзылулар (нейтрофилдер саны 1,5 x 109/л және/немесе тромбоциттер саны 50 x 109/л) жағдайда зертханалық параметрлер қалпына келгенше емдеудің келесі курсын тағайындауды кейінге қалдырады. Қанды жалпы талдау емді бастағанға дейін және әрбір кейінгі курс алдында жүргізілуі тиіс.
Оксалиплатин медак пен 5-фторурацилді қолданғаннан кейін іш өту, құсу, мукозит/стоматит, сондай-ақ нейтропения пайда болған жағдайда, науқастарды қажетті ем алуы үшін дәрігерге шұғыл түрде қаралуы керектігінен міндетті түрде хабардар еткен жөн.
Егер нейтропениямен қатар жүретін немесе қатар жүрмейтін мукозит/стоматит байқалса, онда симптомдар басылғанға дейін немесе олар нейтропенияның 1-(жеңіл) дәрежесіне барынша азайтылғанша және/немесе нейтрофилдер саны 1,5 x 109/л-ден асатын мәнге дейін артқанша келесі емдеу курсын тағайындауды кейінге қалдыра тұрған жөн.
Егер оксалиплатин медак 5-фторурацилмен (фолиний қышқылымен немесе онсыз) біріктіріліп қолданылса, 5-фторурацилдің уыттылығына байланысты, соңғысының дозасын түзету керек.
4-дәрежедегі диареяда (ДДҰ), 3-4-дәрежелі нейтропенияда (нейтрофилдер саны 1 x 109/л) немесе 3-4-дәрежелі тромбоцитопенияда (тромбоциттер саны 50 x 109/л), екі жағдайда да 5-фторурацилді төмендетуге қосымша, оксалиплатин медак дозасы 85-тен 65 мг/м2-ге дейін (метастатикалық сызба) немесе 75 мг/м2-ге дейін (адъювантты емдеу сызбасы) төмендетілуге тиіс.
Өнімсіз жөтел, диспноэ, сырыл немесе рентгенограммаға салғанда көзге көрінетін өкпе инфильтраттары сияқты респираторлық симптомдар пайда болған кезде оксалиплатин медак препаратымен емдеуді кейінгі зерттеулерде интерстициальді пневмонит жойылғанша тоқтата тұрған жөн.
Бауыр функциясы бұзылуының зертханалық белгілері немесе бауырдағы метастаз салдары болып табылмайтын портальді гипертензия симптомдары пайда болғанда қантамырлардың генезі дәрілік өте сирек патологиясының дамуы мүмкін екендігі қарастырылуы тиіс.
Оксалиплатин медак препаратымен химиялық емдеу курсынан өтіп жүрген еркек емделушілерге емделу кезінде де, сонымен қатар емдеу аяқталғаннан кейін 6 ай бойына ұрықтандыруды тоқтата тұру ұсынылады. Сперматогенезге қайтымсыз жағымсыз ықпал етуі мүмкін болғандықтан, еркектерге оксалиплатин медак препаратымен химиялық ем жүргізудің алғашқы курсын бастағанға дейін спермасына консервация жасау керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік кезінде, сондай-ақ репродуктивті жастағы әйелдер ұрықтануға қарсы заттарды пайдаланбаса, оксалиплатин медак препаратын қолдануға болмайды.
Әйелдер емделу кезінде жүктілікке жол бермегені және контрацепцияның тиімді шараларын пайдаланғаны жөн. Ұрықтандыруға қарсы дәрілерді қабылдауды химиялық емдеу кезінде бастап, сонымен қатар оны аяқтағаннан кейін әйелдер 4 ай бойы және еркектер 6 ай бойы жалғастыруы қажет. Оксалиплатин медак антифертильді әсер беруі мүмкін.
Оксалиплатин медак препаратымен емделу кезінде бала емізуге болмайды.
Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттардың ықпал ету ерекшеліктері
Техниканы жүргізген немесе басқарған кезде бас айналу, жүректің айнуы, құсу немесе басқа да неврологиялық симптомдар, сондай-ақ көру мүшесі тарапынан симптомдар дамитын болғандықтан, оксалин медак препаратын қолданғанда сақ болған жөн.
Артық дозалануы
Өзіне тән арнайы у қайтарғысы жоқ.
Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: симптоматикалық, гематологиялық бақылау белгілеген жөн.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Хлорбутил тығынмен тығындалған және полипропиленді қақпағы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған, түссіз, І класты шыны құтыға препарат 50 немесе 100 мг-ден салынған.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дайындалған инфузиялық ерітіндіні 2 0С-ден 8 0С-ге дейінгі температурада 24 сағаттан асырмай сақтау керек.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Онкотек Фарма Продукцион ГмбХ, Германия
Қаптаушы және тіркеу куәлігінің иесі
медак ГмбХ, Германия
Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Сhemothera» (Хемотера) ЖШС, Алматы, 050060, Гагарин д-лы 258 В, «Азия» бизнес орталығы, 318 кеңсе, телефон, факс: +7 7273962037, эл.поштасы: a.tushakova@medac.de