Ноксафил® (40 мг/мл)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Ноксафил
Халықаралық патенттелмеген атауы
Позаконазол
Дәрілік түрі
Ішуге арналған суспензия 40 мг/мл, 105 мл
Құрамы
1 мл суспензияның құрамында
белсенді зат – 40 мг микрондалған позаконазол бар,
қосымша заттар: полисорбат-80, симетикон, натрий бензоаты (Е211), натрий цитрат дигидраты, лимон қышқылының моногидраты, глицерин, ксантан шайыры, глюкоза ерітіндісі, титанның қостотығы (Е171), шиенің жасанды хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сипаттамасы
Ақ немесе ақ түсті дерлік суспензия. Ішінде жартылай мөлдірден ақ түске дейінгі жартылай қатты бөлшектер болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Зеңге қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Триазол туындылары. Позаконазол
АТХ коды J02AC04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі
Позаконазол орташа есеппен алғанда 3-тен 5 сағатқа дейін сіңеді. 800 мг-ға дейінгі дозаларда бір рет немесе бірнеше рет қолданған кезде позаконазолдың фармакокинетикасы дозаға байланысты болады. Позаконазолды тәулігіне 800 мг-нан астам дозада қолданған кезде оның экспозициясының жоғарылағаны байқалмайды. рН-ң өзгергені позаконазолдың сіңуіне ықпалын тигізбейді.
Позаконазолдың жалпы тәуліктік дозасын (800 мг) 400 мг-ден күніне екі рет қабылдауға бөлу, бір рет енгізумен салыстырғанда, экспозициясының 184-ға жоғарылауына әкеледі.
Ас қабылдаудың сіңуге ықпалы. Калориясы төмен, майсыз тағаммен (май 14 грамм) бірге қабылдаған кезде позаконазолдың орташа концентрациясы шамамен 2.6 есе және май мөлшері жоғары тағаммен (май ~ 50 грамм) бірге қабылдаған кезде 4 есе жоғары болды. Позаконазолды тағаммен бірге қабылдаған жөн.
Таралуы.
Позаконазолдың таралу көлемі шамамен үлкен (1774 л), препараттың шеткергі тіндерге экстентсивті енетіндігі болжанады. Препараттың 98-дан астамы қан плазмасы ақуыздарымен, негізінен альбуминмен, байланысады.
Метаболизмі.
Позаконазолдың айналымда маңызды метаболиттері жоқ және оның концентрациясы СҮР450 цитохромы тежегіштерінің әсерімен өзгеру мүмкіндігі шамалы. Айналымдағы метаболиттердің ішінен негізгі массаны позаконазолдың глюкуронидтік конъюгаттары және аздаған бөлігін тотыққан (СҮР450 арқылы) метаболиттер құрайды. Метаболиттердің несеппен және нәжіспен бірге шығарылуы енгізілген дозаның шамамен 17-ын құрайды.
Шығарылуы.
Позаконазол организмнен баяу шығарылады. Жартылай шығарылудың орташа кезеңі - 35 сағат (20-дан 66 сағатқа дейін), ал жалпы клиренсі – сағатына 32 л. Препарат көбінесе нәжіспен (радиоизотоппен таңбаланған енгізілген дозаның 77-ы) бірге, мұнда негізгі бөлігі (66) өзгермеген күйінде шығарылады. Бүйректік клиренсі қабылданған дозаның шамамен 14-ын құрайды, несеппен бірге ( 0.2 - өзгермеген күйінде) шығарылады. Тепе-тең концентрацияға препаратты көп рет қолданғаннан кейін 7-10 күннен соң жетеді.
Емделушілердің ерекше категорияларындағы фармакокинетикасы
Балалар
Позаконазолды бірнеше қабылдауға бөлінген 800 мг тәуліктік дозада қолданғаннан кейін 8-17 жастағы (776 нг/мл) науқастарда препараттың қан плазмасындағы орташа концентрациясы 18-64 жастағы (817 нг/мл) емделушілердегі осы көрсеткіштерге ұқсас болады. Позаконазолдың жасөспірімдердегі (13-17 жас) орташа тепе-тең концентрациясының мәні ересектердегі (18 жас) осындаймен ұқсас келеді.
8 жасқа толмаған балалар үшін фармакокинетикалық деректер жоқ.
Жынысы
Позаконазолдың еркектер мен әйелдердегі фармакокинетикасында айырмашылықтар жоқ.
Егде жастағы емделушілер (65 жас)
Егде жастағы емделушілерде, 18-45 жастағыларға қарағанда, қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясының Сmах (26-ға) және АUС мәнінің (29-ға) артқаны білінді. Емделушінің жасы позаконазолдың фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. Позаконазолдың қауіпсіздік профилі жас адамдар мен егде жастағы адамдарда бірдей. Сондықтан дозаны егде жас тобындағы емделушілер үшін түзетудің керегі жоқ.
Нәсілі
Қара нәсілді емделушілерде позаконазолдың AUC және Cmax елеусіз төмендегені жөнінде деректер бар, кез келген нәсілді адамдар үшін дозаны түзету қажет емес.
Дене салмағы
Позаконазолдың шығарылуы дене салмағы 120 кг-нан асатын емделушілерде біршама төмен. Мұндай емделушілерді емдеген кезде, зеңді жұқпалардың таралуының мүмкін болуына байланысты, емдеу тиімділігін мұқият бақылау қажет.
Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметінің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі КК 20 мл/мин/1,73 м2) позаконазолдың фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді, сондықтан дозаны түзетудің керегі жоқ.
Бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан (КК 20 мл/мин/1,73 м2) емделушілерде, бүйрек жеткіліксіздігінің айқындылығы азырақ емделушілермен (өзгеру коэффициенті - < 40) салыстырғанда позаконазолдың концентрациясы күшті өзгереді (өзгеру коэффициенті - 96). Позаконазолдың бүйректік клиренсі мардымсыз болғандықтан, дозаны түзету керек емес. Бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде позаконазолдың шығарылуы тұрақты емес. Мұндай емделушілерді емдеген кезде, зеңді жұқпаның таралуы мүмкін екендігіне байланысты, емдеу тиімділігін өте мұқият қадағалау қажет.
Позаконазол гемодиализ кезінде шығарылмайды.
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің Чайлд-Пью бойынша А, В немесе С класының жеткіліксіздігі бар емделушілерде (шектеулі зерттеулер n=12) Сmах мәні (жеңіл, орташа және ауыр дәрежелілер үшін, тиісінше, 545, 414 және 347 нг/мл) бауыр қызметінің бұзылуына сәйкес азаяды, онда бауыр қызметінің жеткіліксіздігіне шалдықпаған емделушілердегі Сmах мәніне (орта есеппен 508 нг/мл) салыстырарлық. Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерде, бауыр қызметі қалыпты емделушілермен салыстырғанда (22.1 сағат), жартылай шығарылу кезеңінің артқаны (тиісінше, жеңіл, орташа және ауыр дәрежелілер үшін 26.6; 35.3 және 46.1 сағат) байқалады. Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерде фармакокинетикалық деректер жеткіліксіз болғандықтан, препарат дозасына түзету енгізуге нұсқаулар қарастырылмаған.
Фармакодинамикасы
Ноксафилдің белсенді заты позаконазол эргостерол биосинтезінің маңызды сатысын катализдейтін ланостерол 14-деметилаза ферментінің тежегіші болып табылады. Осының салдарынан позаконазолдың ашытқы және зеңді саңырауқұлақтарға, Candida түрінің саңырауқұлақтарына (соның ішінде флуконазолға, вориконазолға және итраконазолға төзімді C.albicans штаммдарын, флуконазолға сезімталдығы аз C. krusei және C.glabrata штаммдарын, В амфотерицинге сезімталдығы аз C.lusitaniae штаммдарын), Aspergillus (оның ішінде флуконазолға, вориконазолға, итраконазолға және В амфотерицинге төзімді штаммдарды қоса есептегенде) және азолдарға сезімтал емес деп саналатындарға, мысалы зигомицеттер (мысалы, Absidia, Mucor, Rhizopus және Rhizomucor штаммдары) саңырауқұлақтарға қарсы белсенділігінің өрісі кең ауқымды. In vitro позаконазолдың Aspergillus штаммдарына қарсы, диморфты саңырауқұлақтарға (Blastomyces dermatitidis, Histoplasma capsulatum, Penicillium marneffei және Coccidioides immitis) қарсы және Candida түрінің кейбір саңырауқұлақтарына фунгицидтік әсер ететіндігі анықталды.
Бұдан басқа мыналарға қарсы белсенді: Aspergillus spp. (A.fumigatus, A.flаvиs, A.terreus, A.nidulаns, A.niger, A.ustus, A.ochraceus), Candida spp. (C.albicans, C.glabrata, C.krusei, C.parapsilosis), Cryptococcus neoformans, Coccidioides immitis, Fonsecaea pedrosoi, Histoplasma capsulatum, Pseudallescheria boydii, Alternaria spp., Exophiala spp., Fusarium spp., Ramichloridium spp., Rhizomucor spp., Mucor spp., Rhizopus spp.; Candida dubliniensis, C.famata, C.guilliermondii, C.lusitaniae, C.kefуr, C.rugosa, C.tropicalis, C.zeylanoides, C.inconspicua, C.lipolytica, C.norvegensis, C.pseudotropicalis, Cryptococcus laurentii, Kluyveromyces marxianus, Saccharomyces cerevisiae, Yarrowia lipolytica, Pichia spp., Trichosporоn spp., Aspergillus sydowii, Bjerkandera adusta, Blastomyces dermatitidis, Epidermophyton floccosum, Paracoccidioides brasiliensis, Scedosporium apiospermum, Sporothrix schenckii, Wangiella dermatitidis, Absidia spp., Apophysomyces spp., Bipolaris spp., Curvularia spp., Microsporum spp., Paecilomyces spp., Penicillium spp., Trichophyton spp.
Ноксафил® азолдарға төзімді немесе аз сезімтал мына ашытқы саңырауқұлақтардың және зеңді саңырауқұлақтардың ауқымды өрісіне қатысты белсенді:
-
Candida түрлері (флуконазолға, вориконазолға және итраконазолға төзімді C. albicans қоса есептегенде);
-
флуконазолға аз сезімтал C. krusei және C. Glabrata;
-
В амфотерицинге аз сезімтал C. Lusitaniae);
-
Aspergillus (флуконазолға, вориконазолға, итраконазолға және В амфотерицинге сезімтал емес штаммдарды қоса есептегенде);
-
зигомицеттер (Absidia, Mucor, Rhizopus және Rhizomucor).
Зертханалық жағдайларда Ноксафил® келесі түрлерге қарсы фунгицидтік белсенділік көрсетті:
-
Aspergillus,
-
диморфты саңырауқұлақтар (Blastomyces dermatitidis, Histoplasma capsulatum, Penicillium marneffei,
-
Coccidioides immitis
-
Candida кейбір түрлері.
Қолданылуы
-
ересектерде және 13 жастан асқан балаларда зеңді жұқпаларды емдеуге
-
орофарингеальді кандидозда, соның ішінде итраконазолға және флуконазолға төзімділігі бар емделушілерге
-
В амфотерицинге, итраконазолға немесе вориконазолға төзімді емделушілердегі немесе осы препараттар жақпайтын емделушілердегі инвазиялық аспергиллезде
-
В амфотерицинге, флуконазолға немесе итраконазолға төзімді емделушілердегі немесе осы препараттар жақпайтын емделушілердегі өңеш кандидозында немесе кандидемияда
-
фузариозда
-
зигомикозда
-
криптококкозда
-
хромобластомикозда
-
мицетомада
-
кокцидидомикозда
-
ересектерде және 13 жастан асқан балаларда ашытқы немесе зеңді саңырауқұлақтардан пайда болған, осындай жұқпалардың пайда болу қаупі жоғарылаған емделушілерде, нейтропениясы ұзаққа созылған емделушілерде немесе қан түзуші бағана жасушалары трансплантатталған реципиенттерде инвазиялық зең жұқпаларының алдын алуға.
Қолдану тәсілі және дозалары
Тамақтану кезінде ішуге немесе 240 мл сұйық нутрицевтиктермен (энтеральді тамақтану) бірге қолданылады. Қолданар алдында ішінде суспензиясы бар құтыны жақсылап сілкілеп араластыру қажет.
Дозалауға ыңғайлы болу үшін градуирленген дозатор-қасық қоса берілген. Әрбір қолданыстан кейін қасықты ағынды сумен шаю керек.
1-кесте. Көрсетілімдері бойынша ұсынылған дозалар
Қолданылуы
Ноксафилдің® дозасын тәулігіне 800 мг-нан астамға арттыру емдеу тиімділігін арттырмайды.
Төзімділігі зеңге қарсы дәрілерді, кем дегенде, 7 күн бойы емдік дозаларда қолданудан әсерінің жоқтығымен немесе жұқпаның өршуімен анықталады.
Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылуы: Бүйрек қызметі бұзылғанда дозаны түзетудің қажеті жоқ, бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесінде позаконазолдың фармакокинетикасы елеулі өзгеріске ұшырамайды.
Бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылуы: бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерге қатысты фармакокинетикалық деректер шектеулі; дозаны өзгертуге қатысты бекітілген нұсқаулар жоқ.
Педиатрияда қолданылуы: Жасөспірімдерге және 13 жасқа толмаған балаларға қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.
Жағымсыз әсерлері
Жиі (>1/100, <1/10)
-
нейтропения
-
анорексия, электролиттік теңгерімнің бұзылуы, гипокалиемия
-
бас айналу, бас ауыру, парестезия, ұйқышылдық
-
іштің ауыруы, ауыз ішінің құрғауы, жүректің айнуы, құсу, диарея, диспепсия, іштің кебуі, іш қату
-
бауыр қызметі (АЛаТ, АСаТ, сілтілік фосфатазаның, гамма-глутамилтрансферазаның, билирубин) көрсеткіштерінің жоғарылауы
-
бөртпе, қышыну
-
астения, қажығыштық, қызба
Клиникалық зерттеулер бойынша жағымсыз әсерлер
Жиі (≥1/100,<1/10)
-
билирубинемия, бауыр энзимдері мөлшерінің жоғарылауы, гепатоцеллюлярлы бұзылулар
Жиі емес (≥1/1000 <1/100)
-
бүйрекүсті безі қызметінің жеткіліксіздігі
-
аллергиялық реакция және/немесе асқын сезімталдық реакциясы
Сирек (≥1/10000 <1/1000)
-
пируэтті қарыншалық тахикардияның (torsades de poіntes) пайда болуы
-
гемолитикалық-уремиялық синдром
-
тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (негізінен трансплантаттың ажырауын немесе «иесіне қарсы трансплантат» реакциясын бақылау үшін циклоспоринді немесе такролимусты қатарластыра қабылдаған емделушілер арасында)
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
позаконазолға немесе препараттың қандай да бір компонентіне жоғары сезімталдық
-
мыналармен бір мезгілде қолданғанда:
СҮР3A4 субстраттарымен – терфенадинмен, астемиозолмен, цизапридпен, пимозидпен немесе хинидинмен бірге (өйткені осы дәрілік заттардың плазмалық концентрацияларының жоғарылауы QТ аралығының ұзаруына және өте сирек – пируэтті қарыншалық тахикардияның (torsades depointes) пайда болуына әкеп соғуы мүмкін);
CYP3A4 ферментімен метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен бірге (қанда ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері концентрациясының жоғарылауы рабдомиолиздің дамуына әкеп соғуы мүмкін);
қастауыш алкалоидтарымен бірге (қан плазмасында қастауыш алкалоидтары концентрацияларының жоғарылау және эрготизмнің пайда болу қаупіне байланысты).
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Позаконазол УДФ глюкурондау арқылы метаболизденеді (ферментативтік реакцияның ІІ сатысы) және р-гликопротеинді (Р-gр) шығаруға арналған субстрат болып табылады. Демек, тазартудың осындай тежегіштері немесе индукторлары қан плазмасында позаконазолдың концентрациясына әсер етуі мүмкін.
Рифабутин (тәулігіне 1 рет 300 мг) позаконазолдың Сmах (қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясын) және АUС («концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданды), тиісінше, 43 және 49-ға төмендетеді. Егер қолданғанда емделуші үшін артықшылығы қауіптен артпайтын болса, позаконазолды және рифабутинді бір мезгілде қолданбаған жөн.
Фенитоин (тәулігіне 1 рет 200 мг) позаконазолдың Сmах және АUС мәндерін, тиісінше, 41-ға және 50-ға төмендетті. Егер қолданғанда емделуші үшін артықшылығы қауіптен артпайтын болса, позаконазолды және фенитоинді бір мезгілде қолданбаған жөн.
Гистаминдік H2 рецепторының антагонистері, протонды сорғы тежегіштері (PPIs) және антацидтер.
Циметидин (тәулігіне 2 рет 400 мг) позаконазолдың (тәулігіне 200 мг) Сmах және АUС мәндерінің әрқайсысын 39-ға төмендетті. Егер қолданғанда емделуші үшін артықшылығы қауіптен артпайтын болса, позаконазолды және циметидинді бір мезгілде қолданбаған жөн.
Эзомепразол (күніне 40 мг) Cmax мәнін 46%-ға және AUC мәнін 32%-ға төмендетеді, позаконазолды протонды сорғы тежегіштерімен бірге қабылдамаған жөн.
Ішектің моторикасын жақсартатын дәрілер
Метоклопрамид позаконазолмен бірге қабылданғанда қан плазмасында позаконазол концентрациясын төмендетеді. Метоклопрамидпен бірге қабылдағанда, зеңді жұқпаның таралуы мүмкін болғандықтан, емдеу тиімділігін өте мұқият қадағалау қажет.
Лорепрамид плазмадағы позаконазолдың концентрациясына ықпалын тигізбейді. Позаконазолды лорепрамидпен бірге қолданғанда дозаны түзетудің қажеті жоқ.
Глипизид (бір реттік дозасы 10 мг) позаконазолдың Cmax және AUC мәніне клиникалық тұрғыдан маңызды әсер етпейді.
Эфавиренц (тәулігіне 1 рет 400 мг) позаконазолдың Сmах және АUС мәндерін, тиісінше, 45-ға 50-ға төмендетті. Егер қолданғанда емделуші үшін артықшылығы қауіптен артпайтын болса, позаконазолды және эфавиренцті бір мезгілде қолданбаған жөн.
Фосампренавир. Фосампренавирді позаконазолмен біріктіру позаконазолдың плазмадағы концентрациясын төмендетуі мүмкін. Фосампренавирді позаконазолмен бірге қолдану қажет болған жағдайда, зеңді жұқпаның таралуы мүмкін болғандықтан, емдеу тиімділігін өте мұқият қадағалау қажет.
Фосампренавир (10 күн бойы күніне екі рет 700 мг) дозасын қайталап енгізу позаконазолдың (1-ші күні 200 мг QD, екінші күні 200 мг күніне екі рет, содан кейін 400 мг күніне екі рет x 8 күн) Cmax және AUC, тиісінше, 21%-ға және 23%-ға төмендетеді.
Позаконазолдың басқа дәрілік заттарға ықпалы.
Позаконазол Р450 цитохромы жүйесінің ферменттерімен метаболизденбейді (клиникалық мәні тұрғысынан), бірақ СҮР3А4 тежегіші болып табылады, сондықтан осы ферменттер арқылы метаболизденетін дәрілік заттардың плазмалық концентрациялары позаконазолмен бірге қолданған кезде жоғарылауы мүмкін.
Қастауыш алкалоидтары. Позаконазол қастауыш алкалоидтарының (эрготамин және дигидроэрготамин) плазмалық концентрациясын арттырады, ол эрготизмді тудыруы мүмкін. Қастауыш алкалоидтарын және позаконазолды бір мезгілде қолдануға болмайды.
Қабіршөп алкалоидтары. Позаконазол қабіршөп алкалоидтарының (мысалы, винкристиннің және винбластиннің) плазмалық концентрацияларын арттырады, ол нейроуытты реакцияларды тудыруы мүмкін. Сондықтан егер емделушілер үшін жиынтық емнің артықшылығы қауіптен артпайтын болса, позаконазол мен қабіршөп алкалоидтарын бір мезгілде қолданбаған жөн. Осы препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болған кезде қабіршөп алкалоидтарының дозасын түзету керек.
Циклоспорин. Жүрегін ауыстырып салған және циклоспориннің тұрақты дозаларын қолданған емделушілерде позаконазолды тәулігіне 1 рет 200 мг дозада қолдану қанда циклоспориннің концентрациясын арттырады, ол соңғысының дозасын төмендетуді қажет етеді. Позаконазолды циклоспорин қабылдаған емделушілерге қолданар алдында соңғысының дозасын төмендеткен жөн (мысалы, нақты ¾ дозаға дейін). Позаконазолмен емделу және оны аяқтау барысында, қажет болса циклоспориннің дозасын түзете отырып, циклоспориннің қандағы концентрациясын мұқият қадағалаған жөн.
Такролимус. Позаконазол такролимустың (бір реттік доза - әр кг дене салмағына шаққанда 0.05 мг) Сmах және АUС мәндерін, тиісінше, 121-ға және 358-ға арттырды. Госпитализациялауды және/немесе позаконазолды қолдануды тоқтатуды қажет ететін, клиникалық тұрғыдан маңызды дәрілік өзара әрекеттесудің пайда болу жағдайлары белгілі. Позаконазолды такролимус қабылдап жүрген емделушілерге қолданар алдында соңғысының дозасын төмендеткен жөн (мысалы, нақты 1/3 дозаға дейін). Позаконазолмен емделу және оны аяқтау барысында, қажет болса такролимустың дозасын түзете отырып, циклоспориннің қандағы концентрациясын мұқият қадағалаған жөн.
Сиролимус. Позаконазолды (16 күн бойы тәулігіне 2 рет 400 мг) қабылдаған кезде сиролимустың (бір реттік доза - 2 мг) Сmах және АUС мәндері, тиісінше, орта есеппен алғанда 6.7 есеге және 8.9 есеге артады. Сиролимусты қабылдап жүрген емделушілерге позаконазолды тағайындаған кезде соңғысының дозасын азайтқан (мысалы, нақты 1/10 дозаға дейін) және сиролимустың қандағы концентрациясын жиі қадағалаған жөн. Сиролимустің қандағы концентрациясын позаконазолмен емді бастар алдында, емдеу кезінде және емді аяқтағаннан кейін, қажет болған кезде сиролимус дозасын түзете отырып, бақылау керек.
Рифабутин. Позаконазол рифабутиннің Сmах және АUС, тиісінше 31-ға және 72-ға арттырады. Егер оларды қолданғанда емделуші үшін артықшылығы қауіптен артпайтын болса, позаконазол мен рифабутинді бір мезгілде қолданбаған жөн. Осы препараттарды бір мезгілде қолданған кезде қан формуласын және рифабутиннің концентрациясының артуына байланысты болатын жағымсыз әсерлердің (мысалы, увеиттің) пайда болуын мұқият қадағалау керек.
Мидазолам. Позакоанзолдың (7 күн бойы тәулігіне 2 рет 200 мг) дозасын қайталап енгізу мидазоламның (бір реттік доза - көктамыр ішіне 0.4 мг) Сmах және АUС мәндерін, тиісінше, орта есеппен алғанда 1.3 және 4.6 есеге арттырады. Позаконазолды 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 400 мг дозада қолдану мидазоламның Сmах және АUС мәндерін (көктамыр ішіне енгізген кезде), тиісінше, орта есеппен алғанда 1.6 және 6.2 есеге арттырады. Позаконазолды дозалаудың екі режимі де мидазоламның (ішке бір реттік доза - 2 мг) Сmах және АUС мәндерін, тиісінше, орта есеппен алғанда 2.2 және 4.5 есеге арттырады. Позаконазолды 200 мг немесе 400 мг дозада (ішке) қолданған кезде мидазоламның жартылай шығарылу кезеңі шамамен 3-4 сағаттан 8-10 сағатқа дейін ұзарады. Позаконазолмен бір мезгілде қолданған кезде СҮР3A4 изоферментімен метаболизденетін бензодиазепиндердің дозасын түзету керек.
Зидовудин (AZT), Ламивудин (3TC), Индинавир. Позаконазолмен бірге енгізген кезде зидовудинге, ламивудинге, индинавирге клиникалық тұрғыдан маңызды әсер байқалған жоқ; демек, осы препараттарды бір мезгілде енгізген кезде дозаны түзетудің қажеті жоқ.
АИВ-протеаза тежегіштері. АИВ протеаза тежегіштері CYP3A4 субстраты болып табылатындықтан, позаконазол плазмада АИВ протеаза тежегіштері мөлшерінің деңгейін арттырады деп күтіледі. Позаконазолды (7 күн бойы тәулігіне 2 рет 400 мг) қолдану атазанавирдің (7 күн бойы тәулігіне 1 рет 300 мг) Сmах және АUС мәндерін, тиісінше, орта есеппен 2.6 және 3.7 есеге арттырады. Позаконазолды (7 күн бойы тәулігіне 2 рет 400 мг) жылдамдатылған режимде ритонавирмен бірге бір мезгілде (7 күн бойы тәулігіне 1 рет 300 мг атазанавир + 100 мг ритонавир) қолданған кезде аз дәрежеде атазанавирдің Сmах және АUС мәндерін, тиісінше, орта есеппен алғанда 1.5 және 2.5 есеге арттырады. СҮР3A4 цитохромдары арқылы метаболизденетін антиретровирусты препараттарды позаконазолмен бірге қолданған жағдайда мүмкін болатын жағымсыз және/немесе уытты реакцияларды мезгілінде анықтау үшін, мұқият қадағалау керек.
СҮР3A4 арқылы алғаш метаболизденетін HMG-СоА-редуктаза тежегіштері. Позаконазолдың пероральді дозасын (50, 100 және 200 мг күніне бір рет 13 күн бойы) қайталап енгізу симвастатиннің (бір реттік доза 40 мг) Cmax және AUC мәндерін, тиісінше, орта есеппен 7.4 – 11.4 есе және 5.7- 10.6 есе арттырады. НМG-CoA редуктаза тежегіштерінің плазмадағы жоғары концентрациясы рабдомиолизбен байланысты болуы мүмкін. Позаконазолды және CYP3A4 арқылы алғаш метаболизденетін НМG-CoA редуктаза тежегіштерін бірге енгізуге болмайды.
СҮР3A4 изоферменттерімен метаболизденетін кальций өзекшелерінің бөгегіштері. Позаконазолмен бір мезгілде қолданған кезде кальций өзекшелерінің блокаторларын қолданумен байланысты жағымсыз және/немесе уытты реакцияларға жиі мониторинг керек, және қажет болған кезде олардың дозасын түзету қажет.
Айрықша нұсқаулар
Асқын сезімталдық
Позаконазолды басқа азолдарға асқын сезімталдығы бар емделушілерге қолданған кезде сақ болған жөн.
Гепатоуыттылығы. Бауыр тарапынан болатын реакциялар (мысалы, АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза белсенділігінің, қан сарысуында жалпы билирубин мөлшерінің әлсіз немесе орташа жоғарылауы, және/немесе клиникалық тұрғыдан айқын гепатит) емдеуді тоқтатқаннан кейін әдетте қайтымды. Кейбір жағдайларда қызмет көрсеткіштерінің қалыпқа келуі емді тоқтатпай-ақ болады және тек бірлі-жарым жағдайларда ғана емдеуді тоқтату қажет. Позаконазолды қолданған кезде негізгі ауруы ауыр (мысалы, қанның қатерлі ауруы) емделушілерде бауыр тарапынан, холестазды немесе бауыр қызметінің жеткіліксіздігін қоса есептегенде, болатын ауыр бұзылулар өте сирек пайда болады.
QТ аралығының ұзаруы. Позаконазолды QТ аралығын ұзартатын және/немесе СҮР3A4 субстраттары болып табылатын препараттармен бірге қолданбаған жөн.
Ноксафилді® жүрек ырғағының бұзылу қаупі жоғары, атап айтқанда төмендегідей болатын, емделушілерге қолданған кезде сақ болған жөн:
-
QT аралығының іштен туа бітті немесе жүре пайда болған ұзаруында,
-
кардиомиопатияда, әсіресе жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар болғанда
-
синустық брадикардияда
-
симтоматикалық аритмиясы анықталған жағдайда.
Электролиттік теңгерімді, әсіресе қан сарысуындағы калий, магний және кальций мөлшерін, бақылап отырған жөн және қажет болған кезде позаконазолмен емді бастар алдында және емдеу кезінде тиісті түзету жүргізу керек.
Жүктілік және лактация
Позаконазол жүктілік кезінде тек ана үшін күтілетін пайдасы ұрық үшін мүмкін болатын қауіптен басым болған кезде ғана қолданылуы мүмкін.
Позаконазол бала емізетін әйелдерге тек оны қолданудан күтілетін пайдасы нәресте үшін мүмкін болатын қауіптен басым болғанда ғана қолданылады.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Ұсынылған дозаларда Ноксафил® көлікті немесе күрделі техникалық құралдарды басқару қабілетіне ықпал етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары – байқамай артық дозалану препаратты 3 күн бойы тәулігіне 2 рет 1200 мг-нан қабылдаған бір емделушіде тіркелді.
Артық дозаланған кезде жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.
Емі – артық дозалану құбылыстары пайда болған кезде симптоматикалық және демеуші ем керек. Асқазаннан сіңіп үлгермеген препараттың қалдықтарын шығарудың стандартты шаралары қолданылады: асқазанды шаю, ұнтақталған белсенділендірілген көмірді сумен ішу керек. Препарат гемодиализ арқылы шығарылмайды. Шұғыл жәрдем көрсетілгеннен кейін емделуші дәрігердің бақылауында болуы тиіс.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Балалардың ашуынан қорғалған, КР-1020 маркалы полипропиленнен жасалған қақпағы бар, янтарь шыныдан (АҚШФ бойынша ІІІ типті немесе ЕФ бойынша IV типті) жасалған құтыларға 105 мл препараттан құйылған.
1 құты, дозалаушы қасық медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Құтының алғашқы ашудан кейінгі қолдану кезеңі – 30 күн.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Патеон Инк., Канада
Қаптаушы
Шеринг-Плау, Франция
Тіркеу куәлігінің иесі
Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ, Швейцария
Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстандағы Шеринг-Плау Сентрал Ист АГ компаниясының өкілдігі,
Алматы, Достық д-лы, 38, "Кең Дала" бизнес орталығы, 5-қабат
тел. +7 (727)330-42-66
факс +7 (727)321-60-47
e-mail: dpoccis2@merck.com