Неотон

МНН: Фосфокреатин
Производитель: Альфа Вассерманн С.п.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Fosfocreatine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020551
Информация о регистрации в РК: 26.08.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Неотон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фосфокреатин

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ еріткішімен (инъекцияға арналған су) жиынтықта, 1 г

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - фосфокреатиннің натрий тұзы 1.0 г,

еріткіш – инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Ақ немесе сарғыш түсті кристалды ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Басқа да кардиотоникалық препараттар. Фосфокреатин

АТХ коды С01ЕВ06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Таралуы. Бір рет көктамыр ішіне инфузиялауда препараттың қандағы ең жоғары концентрациясы 1-3 минутта туындайды.

Препараттың көбірек мөлшері қаңқалық бұлшықеттерде, миокардта және мида жиналады. Бауыр және өкпе тіндерінде препарат жинақталуы елеусіз.

Шығарылуы. Бір рет енгізуде фосфокреатин қаннан жылдам шығарылады.

Фосфокреатинның шығарылуы екі фазалы («жылдам» және «баяу» фаза). «Жылдам» фазадағы жартылай шығарылу кезеңі  4-6 мин құрайды және плазмадағы фосфокреатин концентрациясының бастапқы мәнінен 10-20 %-ға дейін төмендеуімен сипатталады; «баяу» фазадағы жартылай шығарылу кезеңі 30-40 мин құрайды. Экзогендік фосфокреатиннің метаболизмі дегеніміз креатиннің ферментативті дефосфорилденуі, креатиннің креатининге циклизациясы және оның несеппен экскрециялануы болып табылады.

Фармакодинамикасы

Неотон – миокардтың және бұлшықет тіндерінің метаболизмін жақсартатын препарат. Кардиопротекторлық, жарғақша тұрақтандырғыш, антиаритмиялық, метаболизмдік әсер береді. Химиялық құрылымы бойынша макроэргиялық эндогендік фосфокреатинге ұқсас. Ишемияланған кардиомиоцитттер сарколеммасының және миоциттердің деструкциясы үдерісін тежейді, энергиясының жасушаішілік тасымалын қамтамасыз етеді. Микроциркуляцияның жақсаруы есебінен препарат некроздың және ишемия аймағының мөлшерін азайтады. Ишемияда және ишемиядан кейінгі реперфузия антиаритмиялық әсер туындатады, бұл қарыншаның эктопиялық белсенділігінің төмендеуіне және Пуркинье талшығы жасушасының физиологиялық функциясын сақтауына байланысты.

Қолданылуы

Төмендегілерде кешенді емде:

  • жедел миокард инфарктісінде

  • созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде

  • интраоперациялық миокард ишемиясында

  • интраоперациялық аяқ-қол ишемиясында

  • ми қан айналымының жедел бұзылуында

  • спорт медицинасында: дененің артық ширығу синдромы дамуының алдын алу үшін және экстремальді дене жүктемесіне бейімделуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жедел миокард инфарктісінде 1-ші тәуліктерде көктамыр ішіне сорғалатып 2-4 г-ден, соңынан тамшылататын инфузиямен 8-16 г -ден 200 мл 5% глюкоза ерітіндісінде 2 сағат бойына енгізеді. 2-ші тәулікте: көктамыр ішіне 2-4 г-ден тамшылатып тәулігіне 2 рет. 3-ші тәулікте: 2 г-ден көктамыр ішіне тамшылатып тәулігіне 2 рет.

Инфузия курсы қажет болғанда препаратты 2 г-ден тәулігіне 2 рет 6 тәулік бойына жүргізуге болады.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде көктамыр ішіне тамшылатып 1-2 г-ден тәулігіне 2 рет 10-14 тәулік бойына енгізеді.

Интраоперациялық миокард ишемиясында препаратты 1 литрге 3 г мөлшерінде әдеттегі кардиоплегиялық ерітінді құрамында енгізеді. Неотонды ерітінді құрамына дәл енгізер алдында қосады. Препарат инфузиясы курсын 2 г-ден тәулігіне 2 рет хирургиялық араласулардың алдындағы 3-5 тәулік бойына, және операциядан соң 1-2 тәулік бойына жүргізу ұсынылады.

Интраоперациялық аяқ-қол ишемиясы дамуы мүмкіндігінде 2-4 г препараттан операцияға дейін көктамыр ішіне сорғалатып енгізу, соңынан 8-10 г инфузиямен 5% глюкоза ерітіндісінде операция бойында және реперфузия кезеңінде енгізу ұсынылады.

Жедел ишемиялық инсультте, препаратты симптомдар пайда болғаннан кейін 8 сағат бойына көктамыр ішіне енгізеді. Бастапқыда 10 минут бойына 2 г-ден, соңынан 8 г-ден 2сағат бойына 4 г/сағ жылдамдықпен көктамыр ішіне; осыдан кейін 8 сағат бойына 4 г-ден көктамыр ішіне 4 г/сағ жылдамдықпен. Жалпы доза 34 г, 3 тәулік ішінде енгізеді.

Спорт медицинасында: дененің артық ширығу синдромы дамуының алдын алу үшін және экстремальді жаттығулар көп болғанда стресске бейімделуде күнделікті 1-2 г-ден көктамыр ішіне (30 минут бойы) 3-4 апта бойына.

Жағымсыз әсерлері

- артериялық қысымның төмен түсуі (көктамыр ішіне жылдам енгізуде)

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (4 г фосфокреатиннен асатын дозада)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кешенді ем құрамында қолданғанда Неотон антиаритмиялық, антиангиналдық препараттардың, сондай-ақ миокардтың инотроптық функциясына оң әсер беретін препараттардың тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.

Айрықша нұсқаулар

1 г фосфокреатиннен асатын доза көктамырішілік жылдам инъекция артериялық қысымның төмендеуін туындатуы мүмкін.

Препаратты ишемия белгілері білінген сәттен бастап өте қысқа мерзімде енгізу керек, бұл ауру туралы жақсы болжамдар жасауды қамтамасыз етеді.

Неотон жүрек қызметінің бұзылуын шұғыл түзету үшін қолданылмайды.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ. Дегенмен фосфокреатиннің жануарлардың ұрпақ өрбіту сипатына және құрсақішілік дамуына уыттылық әсер бермейтіні белгілі. Неотонды жүктілікте ана денсаулығы үшін болжамды пайдасы ұрыққа төнетін зор қауіптен артық болатын жағдайларда қолдануға болады.

Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда бала емізуді тоқтату керек.

Педиатрияда қолданылуы

Неотон препаратын қолданудың нәтижелері туа біткен жүрек ақауына байланысты жүрекке жасалатын ашық хирургиялық операциялар барысында, жүректің ишемиялық ауруын емдеуде және туғаннан 9 күндігінен бастап 13 жасқа дейінгі балалардағы метаболизм синдромын емдеуде анықталды.

Реперфузиядан кейін, синустық ырғақтың өздігінен қалпына келтіру жағдайларының нақты көбірек саны, атриовентрикулярлық блокада жағдайларының саны нақты азаюы, сондай-ақ операциядан кейінгі аритмия анықталған. Реперфузия үдерісінде синустық ырғақты қалпына келтіру үшін электрлік кардиоверсия жүргізу қажеттігі жағдайы санын төмендетумен сондай-ақ вентрикулярлық фибрилляция жағдайы нақты аз жиілікпен байқалды.

Креатинфосфатты пайдаланғанда инотропты препараттардың төмендеу дозасын қолдану талап етілді.

Зерттеулер кардиоплегиялық ерітіндіге креатинфосфат қосу миокардқа қорғаныш әсерін, функционалдық және гемодинамикалық жай-күй жақсаруын қамтамасыз ететінін көрсетті.

Неотон препаратын 6 айлықтан бастап 13 жасқа дейінгі балаларда миокардитті емдеуде қолданудың клиникалық нәтижелеріне талдау жүргізуде зерттеулер Неотонның жүрек жеткіліксіздігін, аритмияны бақылаудың тиімділігін жақсырақ қамтамасыз ететінін, сондай-ақ симптомдар қарқындылығын төмендетуде және емделушілерді қиналыстан салыстырмалы түрде қысқалау мерзімде арылтатынын көрсетті.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Теріс әсері анықталмаған

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 г препараттан иілгіш тығынмен және алюминий қалпақшамен тығындалған бейтарап түссіз шыныдан жасалған құтыға салынған.

50 мл еріткіштен (инъекцияға арналған су) иілгіш тығынмен және алюминий қалпақшамен тығындалған бейтарап түссіз шыныдан жасалған құтыға құйылған.

Препараты бар 1 құтыдан, 1 құты еріткішімен, инфузиялық ерітінді құюға арналған 1 бір реттік жүйе медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Препараты бар 4 құтыдан, 1 құты еріткішімен, инфузиялық ерітінді құюға арналған 1 бір реттік жүйе медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

Препарат: 3 жыл

Еріткіш: 5 жыл

Дайындалған ерітіндінің қолдану кезеңін 24 сағаттан асырмау керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

«Альфа Вассерманн С.п.А.»

Виа Энрико Ферми, 1 - 65020 Аланно (Пескара), Италия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Альфа Вассерманн С.п.А.»

Виа Энрико Ферми, 1 - 65020 Аланно (Пескара), Италия

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

«Альфа Вассерманн С.п.А.»

Виа Энрико Ферми, 1 - 65020 Аланно (Пескара), Италия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасы, 050011, Алматы қ., Париж коммунасы к-сі, 27А-8. Электрондық поштасы: translate-gm77@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

284519461477976730_ru.doc 58 кб
988478611477977885_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники